Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет56/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Ептілік дене қабілетін тәрбиелеу. Өзгермелі жағдай кезінде күрделі үйлесімді қозғалыс әрекеттерін тез жүзеге асыруға бейімділік. Сонымен қатар күрделі қозғалыс міндеттерін тең және дәл шешу, өзгерген жағдайға байланысты қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайта құру қабілеттілігі.
Ептілік дене қабілеті үш дәрежеге бөлінеді. 1-дәреже – бұл кеңістіктегі дәлдігі және жалпы қимыл үйлесімділігі. 2-дәреже – қысқа уақыт аралығында кеңістік дәлдігі мен қимыл үйлесімділігінің орындалуы. 3-дәреже – қысқа уақыт аралығында өзгертілген жағдайларда кеңістік дәлдігі мен қимыл үйлесімділігінің орындалуы. Волейболда ең маңыздысы үшіншісі – ол ойыншыға қозғалыс техникасын меңгеруге көмектеседі, қимыл дағдылары мен ептіліктерін шұғыл өзгерген ойын жағдайларында дәл әрі тез қолдануға, өзінің әрекеттерін тиімді қайта құруына көмектеседі. Спортта ойын техникасын жетілдіру мен үйренуде ептілік өте маңызды рөл атқарады. Жаңа қимылдарды тез және дәл меңгеру қабілеттілігі волейболшының жинаған қимыл дағдылары мен функционалды мүмкіндіктерінің қорына байланысты болады.
Техниканың жаңа тәсілдерін меңгеру үдерісінде қозғалыс элементтерінің қоры олардың күрделі қимыл дағдыларына бірігуіне себепші болады. Сондықтан, ептілікті дамытудың негізгі амалдарының бірі – үйлестірілген қиындықтарды жеңумен байланысты жаңа элементтері бар жаттығу болып табылады.
Ептіліктің даму деңгейін қозғалыстың дәлдігі, үнемділігі мен тиімділігі бойынша анықтайды.
Ептілік қозғалыс үйлесімділігіне жоғары талап қойылатын барлық ойын тәсілдерінде ерекше мазмұнға ие. Оның дамуын оқушының өзгермелі ойын жағдайында күрделі ойын тәсілдерін, оның орындалу дәлдігін барынша тез меңгеруіне қарап бағалайды.
Ептілікті дамытудың басты міндеті – жаңа жан-жақты қимыл дағдыларын меңгеру болуы тиіс. Ептіліктің деңгейі барлық дене қабілеттерімен тікелей байланысты.
Ептілікті дамыту кезінде мына әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алған жөн:
1) сабақты түрлендіріп отыру, оларға үнемі жаңа дене жаттығуларын түрлі нұсқада үйлестіре отырып енгізу;
2) сабаққа сәйкес күш салу мен шарттылықтарды қолдана отырып, жаңа нұсқа табу;
3) ағзаға түсетін ауыртпалықты қозғалыс дәлдігінің нашарлауының алғашқы белгілері бойынша реттеу;
4) жекелеген тапсырмаларды қайталау аралығындағы демалыстың жеткіліктілігін тамыр соғуының қалыпқа келу көрсеткіші бойынша анықтау.
Ептілікті жетілдіруді жасөспірім кезеңнен бастаған дұрыс, өйткені, баланың бұл қабілеті 7-10 жас аралығында белсенді дамиды. Кіші жастағы оқушылар күрделі дене жаттығуларының техникасын барынша тез қағып алады, қозғалыстың үйлесімділігі қиын әрекеттерін тез әрі дәл меңгереді.
Балалардың ептілігін дамыту үшін мүмкіндігі бар түрлі дене жаттығулары, өзгермелі жағдайларда бір қозғалыс әрекетінен тез басқа әрекетке көшуді және ойыншылардан бірлесе ойнауды талап ететін қозғалмалы ойындар, ойын техникасы мен тактикасына байланысты жаттығулар қолданылады. Мұндайда, әсіресе, үйлесімділік пен кеңістіктік міндеттерді шешуді қажет ететін гимнастикалық және акробатикалық жаттығулардың орны ерекше. Ептілікті тәрбиелеудің ең көп тараған амалдары акробатика мен гимнастика элементтері, спорттық ойындар болып табылады. Олар қимыл дағдыларының түрлену өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ептілік қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінің бас кезінде аз мөлшерде жүргізіледі. Олар жаңа элементтермен толығып отыруы қажет, өйткені, бұрын меңгерілген және үнемі қайталана беретін элементтер баланың ептілігін жетілдіруге кедергі жасайды.
Баланың жыныстық жетілуі кезінде ептіліктің даму көрсеткіші нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет