10. Ойынның ережелері және сабақтар өткізудің негізгі түрлері
Волейбол ойынының мәні, ол әрқайсысы 6 адамнан тұратын екі команда арасында тормен екіге бөлінген, тікбұрышты ұзындығы 18 м, ені 9 м алаңда өткізіледі. Бір команданың ойыншылары бір-біріне қолмен допты беріп, үшіншісі (ұрып не беріп) қолын тигізіп оны тор арқылы, допты қарсылас жағына түсіруге ұмтылады немесе қарсылас жауапты қимылда қате жіберуін қалайды. Команда партияда өзі доп бергенде ғана, қарсыластарының біреуі қате жібергенде ұпай алады. Егер де команда допты ойынға қосу барысында қате жіберсе, онда доп беру құқығынан айырылады.
Волейбол ойнауға өлшемі сәйкес келетін тегіс алаң таңдалады. Алаң тегіс және горизонталь алаңнан тысқары ені 3 м бос аймақ болуы тиіс. Ойын алаңы екі бүйір және екі бет сызықтармен шектеледі. Осыған орта, екі-үш метрлік сызықтар және доп беру аймағы салынады. Сызықтардың ені-5 см.
Алаңның шектеу сызықтары деңгейіне бүйірден торға көлденең екі мата жолақтар мен диаметрі 10 мм ұзындығы 1,8 м екі иілгіш «антенналар» ілінеді.
Шабуыл сызығы орта сызық және бүйір сызықтары арасында ораналасқан алаң бөлігі-шабуыл алаңы деп аталады. Бет сызығына перпендикуляр оң бүйір сызығынан 3 метр және бет сызықтан 20 см қашықтықта ұзындығы 15 см сызықтар жүргізеді. Мұндай сызықтарды алаңнан тыс оң бүйір сызықтың жалғасы ретінде жүргізеді. Осы сызықтар доп беру орнын анықтайды.
Команда таза, мұнтаздай, түсі бірдей спорттық киіммен ойнауы тиіс; жейде, шорты және жұмсақ өкшесіз спорттық аяқ киім (жалаңаяқ ойнауға рұқсат етіледі). Әр ойыншының жейдесінде нөмір (кеудесі мен арқасында), ал команда капитанының жейдесінің сол жағында-жейде түсінен айрықша тігілген нөмір болуы тиіс.
Команда құрамы 6-12 ойыншыдан тұрады. Негізгі құрамда 6 ойыншы болып есептеледі, олар әр партияда ойынды бастайды.
Ойын допты ойынға қосудан басталады. Допты ойынға қосу құқығы жеребе тастаумен анықталады. Оған төреші мен командалар капитандары қатысады. Жеребені ұтқан доп беруіне, екіншісі алаң таңдау құқығына ие болады. Егер доп шектеу таспалары немесе антенналарға тимей, тордың үстінен өтсе, беру дұрыс деп саналады. Допты ойынға қосу төреші ысқырығынан соң орындалады және оған 8 секунд уақыт беріледі. Команда допты ойынға қосу құқығынан төмендегідей жағдайда айырылады:
а) доп торға жетпей қалса, тор астынан ұшып кетсе, шектеу таспалары не антенналар шегінен тыс ұшса;
б) доп ойыншыға не бөгде затқа тисе;
в) доп алаңнан тыс жерге түссе;
г) доп беру орнынан емес, кезектен тыс, екі қолмен, қолдан, лақтырып орындалса.
Команда допты ойынға қосу құқығын жеңіп алған жағдайда, ойыншылар сағат тілімен ауысады. Егер ұпайды ұтып алса, ауысу жүргізілмейді, допты ойынға қосу қайтадан 1 аймақ ойыншысымен орындалады.
Допты қолмен үш реттен артық қайтаруға болмайды. Ұру, тәсілдер мен берулер үзілісті тигізумен орындалуы тиіс. Тор үстінен қол ауыстыру және мұнда доппен қарсылас жағында жанасу қате болып табылады (тосқауылдарды есептемегенде). Тосқауыл қоюшы қарсылас жағында, қарсы команда жағына допты бағыттағанға дейін, тигізуге құқығы жоқ. Допты ойынға қосқанда тосқауыл қоюға рұқсат етілмейді.
Егер доп шектеу таспалары шегінде торға тисе, ол дұрыс болып есептеледі де, ойында қалады. Ойыншының торға жанасуы-қате. Ойыншы орта сызықты баса алады, бірақ оны аттауға болмайды.
Артқы сызық ойыншылары допты қарсылас жағына соққы не берумен соға алады, және де соққыдан соң оларға шабуыл аймағына, осы аймақты шектейтін сызықты баспай жерге отыруға болады.
Командаға әр кезеңде негізгі ойыншыларды қосалқы ойыншылармен алмастыруға құқық беріледі. Команда әр кезеңде алты рет ойыншылар алмастыру жасай алады. Қосалқы ойыншы өзін алмастырған ойыншының орнына оралуы тиіс. Командаға әр кезеңде ұзақтығы 30 секунд екі үзіліс жасауға болады. Ойын барысында есеп 8 және 16 болғанда техникалық үзіліс беріледі. Техникалық үзілікстің ұзақтығы 60 секунд.
Ойын үш немесе бес кезеңмен өткізіледі, бұл ойыншылар келісімі немесе жарыстар туралы ережеге сай жүргізіледі. Әр кезеңде бірінші болып 25 ұпай алған команда жеңімпаз саналады. Егер кезеңде есеп 25:25 жетсе, онда ойын екі ұпай айырмашылығына жеткенге дейін жалғасады. (27:25, 29:27, 31:29 т.с.с.). Үш партиядан екі немесе бесеуден үшеуін жеңген команда жеңіске жетеді.
Ойын кезінде (одан кейін де) ойыншылар бір-бірімен және бәсекелестерімен де өздерін әдепті ұстауы тиіс. Төрешілер шешімдерімен таласуға немесе оларға ескертулер жасауға олардың құқығы жоқ.
Волейбол ойынына үйрету дене шынықтыру сабақтарында, мектеп спорт үйірмелерінде және тұрғылықты жері бойынша секцияларда, БЖСМ, тынығу лагерлерінде жүзеге асырылады. Мұнда мектеп оқушыларының өз бетімен дайындығының маңызы зор.
Мектептегі волейбол сабағы да үш бөлімнен тұрады. Сабақтың дайындық бөліміне (5-8 минут), сыныпты ұйымдастыру шаралары мен сабақтың негізгі міндеттерін орындауға оқушылардың денесін қыздыруға ықпал ететін жаттығулар кіреді. Оқу материалы негізгі бөлімнің материалымен тікелей байланысты болуы және сап және тәртіп жаттығулары, назар аудару жаттығулары, жүру, жүгіру, секірудің алуан тәсілдері, жалпы дамыту және саусақтар мен білек, иық, жіліншік, тізе буындарының арнайы жаттығуларды, қимыл-қозғалыс ойындары, эстафеталарды қамтуы тиіс.
Сабақтың негізгі бөлімінде (30-35 минут) өткен материалдар жетілдіріліп, жаңа техникалық-тактикалық жаттығулар үйретіледі. Орындалатын жұмыс волейбол ойынының тәсілдерін зерттеуге және жетілдіруге, дене қабілеті деңгейін арттыруға бағытталады. Жаттығулар мен олардың санын іріктеу сабақтың бағытын айқындайды.
Спорт үйірмесі жұмысының тиімділігін арттыру үшін оның мүшелеріне әр жылға нақты міндеттер тапсырған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |