Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет52/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Арнайы дене дайындық (АДД). Волейболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. АДД волейболшының қимыл-қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуында жетекші рөл алады және техниканың, ойын тактикасының, жарыс жүктемесі көрсеткіштерінің және техникалық шиеленушіліктің ерекшеліктеріне тікелей бағынышты болады. Ол волейболдағы дағдылар мен ептіліктерді меңгеру және жетілдірумен тығыз байланысты. Ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында қолдану сипаттары мен шарттарын ескере отырып іске асырылады. Машықтанудың қазіргі заманғы жүйесінде арнайы жаттығуларға үлкен мән беріледі. Олар волейболшыларға қажетті барлық қасиеттерді дамыту мәселесін шешуге көмектеседі.
АДД үдерісінде негізінен арнайы дайындық жаттығулары қолданылады. Жалпы дайындық жаттығуларына қарағанда, арнайы дайындық жаттығуларында волейболшы қимыл-қозғалысы құрылымы-ның ерекшеліктері мен талаптары ескерілуі қажет.
Сонымен қатар, арнайы жаттығуларды іріктегенде олардың тек тәсілдік-әдістік бағыттылық үлгісін жасап қана қоймай, олардың жарыстық ойын қарқындылығына сай келуін қарастырған жөн. Ал олардың қарқындылығын жүрек соғу жиілігін өлшеу арқылы тексеруге болады. Ойында рөлдері әртүрлі ойыншылардың орташа жүрек соғу жиілігі минутына 170-180-ге тең.
Яғни, жаттығулардың орындалу жағдайлары ойынға барынша ұқсас (ойыншылардың орын ауыстыру шапшаңдығы, қарсыластардың белсенді қарсылық көрсетуі және т.б.).
Волейболшының дене дайындығының төмен деңгейі оның техникалық-тактикалық тәсілдерді меңгерудегі және оны жетілдірудегі қабілеттерін көрсетеді. Мысалы: секіргіштігі жеткіліксіз дамыған волейболшы секіріп шабуылдаудың қазіргі уақыттағы техникасын меңгере алмайды және доп үшін күреске қатыса алмайды.
Жалпы және арнайы дайындықтар бір-бірімен өзара байланысты және бірін-бірі толықтырады. Бір жағынан дайындықтың бұл түрлері ойын ерекшеліктеріне бағынышты болады, екінші жағынан – жарыстағы волейболшы әрекеттерінің дәл мүмкіндіктерін анықтайды. Ойыншының дене дайындығының жоғары деңгейі психологиялық жоспардың негізгі факторы болатынын белгілеп кету қажет, атап айтқанда, күресте сенімділік береді, шиеленісті жағдайларда ең жоғарғы жігерлілік қасиеттердің көрінуіне себепші болады.
Волейболшының функционалды мүмкіндіктері оның дене дайындығының негізін құрайды. Олардың даму деңгейі спорттық жұмыс қабілеттілігінде нақты көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет