Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Волейболшылардың секіру қабілеттерін дамыту жаттығулары



бет59/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

10.1 Волейболшылардың секіру қабілеттерін дамыту жаттығулары

Секіруді дамыту мен жақсарту үшін төмендегідей жаттығуларды қолдануға байланысты негізгі 3 тенденция айқындалады:


- ең жоғарғы күшті дамытуға бағытталған жаттығулар;
- қозғалыс жылдамдығының реакциясына, қозғалыс жылдамдығына бағытталған жаттығулар;
- күш пен қозғалыс жылдамдығын бір уақытта дамытуға бағытталған жаттығулар:
Секіруді дамыту мен жақсарту үшін басты назарды күштің дамуына бөлу керек, бірақ оны спецификалық бағытта, яғни қозғалыстың құрылымы және секірудің әр түріндегі жүйке-бұлшық әрекетіне қарай дамыту қажет. Ғылыми тұрғыдан алғанда аяқты бүгуді дамытуға күш салу қажет.
Спортшылардың секіру қабілетін дамыту үшін қосымша ауырлықты қолдану төмендегіні көрсетеді:
- ең жоғарғы күшті ең жоғарғы жүктемеде дамытуға болады.
- секіру биіктігі жоғарланған сайын ауырлық азаяды, биіктікке секіруде бұлшық еттердің жиырылу жылдамдығының өсуі шыққан энергияның көбеюімен бірге жүреді, бұл бұлшық еттердің кедергісін көбейтуге байланысты осындай жағдайда орнынан секіру биіктігі 12 аптада 6,2-8,2 см көбейеді. Мақсатты жаттығуда жақсы дайындалған спортшылардың секіргіштігін жақсартудағы басты мәселе оларды арнайы дайындау болып табылады: секіруде негізгі жүктемені атқаратын бұлшық еттердің 3 тобын нығайту – бүгу бұлшық еттері, тізе, бөксе, сіңірлері және тобықты ию.
Спорттың теориясы мен әдістемесінің мамандары күш пен секіргіштікті дамытуға бағытталған 3 негізгі жаттығулар тобын айқындайды.
1-топ – жоғарғы ауырлықтағы жалпы әсер ету жаттығулары;
2-топ – күшке бағытталған жалпы әсер ету жаттығулары, бірақ ауырлығы аз және өте жылдам жасалатын;
3-топ – жарыстағы секіруге негізделген секіру жаттығулары.
Секіруді дамыту үшін тізе мен бөксе бұлшық еттерінің жиырылуының жылдамдығын дамытуға бағытталған қайталап (сериялы) секіруді қолдану қажет және қозғалыс құрылымын өзгертпейтін аз ауырлықтағы секіруді қолдану керек.
Секіруді дамытуда шешуші маңызға ие біріншіден динамикалық күштің қажетті деңгейін бұлшық еттердің айқындау мүмкіндігі;
Екіншіден, спортшының жүйке-бұлшық ет аппараттарының жоғарғы жылдамдықтағы мүмкіндігі, бұлшық еттердің жеңілу жұмыстарынан жеңуге жылдам бағытталғандығы. Осыдан секіру дайындығының негізгі бағыты шығады: басында динамикалық күш дамиды, сонан соң бұлшық ет талшықтарының жиырылу жылдамдығы дамиды. Жылдамдық-күш дайындығы екі дене сапасының пайда болуын біріктіретіндіктен, жаттығуды жалпы әдістемелік аспектіде қарастыру қажет.
Бұлшық еттердің базалық және спорттық жаттығусыз сапалы, мақсатты спорттық күш дайындығы болуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет