Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет76/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

15. Допты ойынға қосу
Допты ойынға қосу-доп беру аймағындағы, артқы шептің оң ойыншысымен допты ойынға енгізу әрекеті.
15.1. Кезеңдегі бірінші допты ойынға қосу.
15.1.1. Бірінші кезеңдегі секілді, жеребемен допты ойынға қосу құқығын таңдаған командамен орындалады.
15.1.2. Басқа кезеңдерде, өткен кезеңде бірінші допты ойынға қоспаған команда береді.
15.2. Допты ойынға қосу тәртібі
15.2.1. Ойыншылар орналастыру қағазында жазылған допты ойынға қосу кезектілігін сақтауы тиіс.
15.2.2. Кезеңде бірінші допты ойынға қосқан соң, беруші ойыншы былайша анықталады:
- допты ойынға қосқан команда ұтысты ұтып алса, осыған дейін допты қосқан ойыншы қайтадан береді;
- қабылдаушы команда ұтысты ұтып алса, ол допты ойынға қосу құқығын алады, оның ойыншысы допты ойынға қосуға орындағанға дейін ауысады. Алдыңғы шептің оң позициясынан артқы шептің оң позициясына ауысқан ойыншы допты ойынға қосады.
15.3. Допты ойынға қосуға рұқсат
Бірінші төреші допты ойынға қосушыға допты игеруін және команданың ойнауға дайын екенін тексергеннен кейін, допты ойынға қосуға рұқсат береді.
15.4. Допты ойынға қосуды орындау
15.4.1. Допты ұру, ол көтере тастау не қолдан шығарылған соң бір білезікпен немесе қолдың кез-келген бөлігімен орындалады.
15.4.2. Допты ойынға қосу үшін бір-ақ рет көтере тастауға рұқсат етіледі. Допты ойынға қосу алдында допты еденге соғуға және қолмен ауыстыруға болады.
15.4.2. Допты ойынға қосқанда немесе қосуға секіргенде шектеу сызығын баспауы тиіс.
Соққыдан соң допты ойынға қосушы ойын аймағынан тыс немесе ойын алаңына кіруге не отыруға болады.
15.4.3. Допты ойынға қосушы бірінші төрешінің ысқырығынан соң 8 секунд ішінде допты ойынға қосуы тиіс.
15.4.4. Төреші ысқырғына дейін жасалған допты ойынға қосу саналмайды және қайталанады.
15.5. Тосқауыл.
15.5.1. Допты ойынға қосушы команда ойыншылары қарсыластың қабылдаушы ойыншыларына жеке не топтық тосқауыл көмегімен кедергі жасауға тиіс емес.
15.5.2. Допты ойынға қосушы команданың ойыншысы немесе ойыншылар тобы қолдарын сермеп, секіріп немесе жан-жаққа қозғалып, доп беру кезінде доптың ұшуын жасыру мақсатында топ құрып, тосқауыл жасайды.
15.6. Допты ойынға қосу кезінде жасалған қателер
15.6.1. Допты ойынға қосудағы қателер: егер қарсылас дұрыс емес орналасуда тұрса, допты ойынға қосуды ауыстыруға әкеледі.
Допты ойынға қосу:
- допты ойынға қосу кезегі бұзылса;
- допты ойынға қосу дұрыс орындамаса;
- допты ұрғаннан кейін допты ойынға қосудағы қателер;
Допты ойынға қосуды дұрыс орындағаннан кейін, ол қате болады. Егер доп:
- допты ойынға қосушы команда ойыншысына тисе немесе өту жазықтығы арқылы тордың вертикаль жазықтығын толық қиып өтпесе;
- «тысқары» шықса;
- тосқауыл үстінен өтсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет