Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет72/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

7. Жаттықтырушы
7.1.1. Жаттықтырушы ойын алаңынан тысқары, ойын бойы өз командасының ойынына басшылық жасайды. Ол негізгі құрамдары мен орналастырулар, алмастыруларды анықтайды және минуттық үзілістер алады. Осы мәселелер бойынша ол екінші төрешімен байланыс жасайды.
7.1.2. Жаттықтырушы ойын алдында өз ойыншыларының тегі мен нөмірлерін жазады немесе хаттаманы тексереді, сосын оған қол қояды.
7.1.3. Жаттықтырушы ойын кезінде:
- әр кезең алдында хатшыға немесе екінші төрешіге тиісті дәрежеде толтырылған және қол қойылған орналастыру қағазын береді;
Команда орындығында хатшыға жақын отырады, бірақ оны уақытша тастап кете алады;
- минуттық үзілістер мен алмастырулар сұратады;
- ойыншыларға алаңда нұсқаулар бере алады. Жаттықтырушы бұл нұсқауларды командасының орындығынан дене қыздыру орнына дейінгі бос аймақтың шегінде, ойынға кедергі келтірмей және кідіртпей тұрып не қозғалып жүріп бере алады.
7.2. Жаттықтырушының көмекшісі
7.2.1. Жаттықтырушының көмекшісі команда орындығында отырады, бірақ ойынға араласуға құқығы жоқ.
7.2.2. Егер жаттықтырушы алаңды тастап кетіп қалса жаттықтырушының көмекшісі ойын капитанының өтініші бойынша және бірінші төрешінің рұқсатымен өзіне оның қызметтерін орындау міндетін ала алады.
8. Ұпай жинау, партия мен ойын ұтысы
8.1. Ұпай жинау
8.1.1. Ұпай
Команда ұпай жинайды.
8.1.2. Доп қарсыластың ойын алаңына табысты қонса;
8.1.3. Қарсылас команда қателік жасаса;
8.1.4. Ескерту алғанда
8.1.5. Қателік.
Әрдайым команда қателік жасаса, төрешілер оны тіркейді және осы Ережелерге сай жазалар анықталады.
8.1.6. Егер екі не одан көп қателіктер реттілікпен жасалса, онда бірінші қате ғана назарға алынады.
8.1.7. Егер екі не одан көп қателіктер қарсыластармен бір мезгілде жасалса, бұл екі жақты қате болып саналады, доп қайта ойналады.
8.1.8. Ұтысты доптың ұтысының зардаптары.
Доп ойыннан шыққанға дейін тастау соққысы кезінен бастап ойын қимылдары доптың ұтысы болып табылады.
8.2. Егер доп беретін команда доп ұтысын ұтса, онда ол ұпай алады да, доп беруге құқық алады.
8.3. Кезең ұтысы
8.3.1. Бірінші болып 2 ұпай басымдықпен кезеңде (5-ші шешуден өзге) жеңіске жетеді. Тең есеп 24-24 болған жағдайда, ойын 2 ұпай басымдыққа жеткенше жалғасады (26-24, 27-25...)
8.4. Ойын ұтысы
8.4.1. Үш кезеңді ұтқан команда ойын жеңімпазы болып табылады.
8.4.2. Кезең 2-2 болса, шешуші кезең ең аз басымдық 2 ұпаймен 15 ұпайға дейін ойналады.
8.5. Келмей қалу және толық емес команда
8.5.1. Егер команда ойнаудан бас тартса, ол келмей қалған болып жарияланады да, әр кезеңде 0-25 және 0-3 нәтижемен ойында жеңілген болып есептеледі.
8.5.2. Дәлелді себептерсіз ойын алаңына уақытылы шықпаған командаға уақытылы 8.5.1. ережедегідей нәтижемен келмей қалған болып жарияланады.
8.5.3. Кезеңде толық емес болып жарияланған команда, кезеңде ұтылады. Қарсылас командаға кезеңде ұпай берілмейді және жеңіліс алады. Толық емес команда бұған дейінгі өз ұпайлары сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет