9. Ойынның құрылымы
9.1. Жеребе тастау
Ойын алдында бірінші төреші бірінші доп беру мен бірінші кезеңдегі алаң жағын анықтау үшін жеребе тастау өткізеді. Шешуші 5-ші кезең алдында жаңа жеребе тастау өткізілуі тиіс.
9.1.1. Жеребе тастау екі команда капитандарының қатысуымен жүргізіледі.
9.1.2. Жеребе тастау жеңімпазы екеуінің кез-келгенін таңдайды.
9.1.3. Допты ойынға қосу және қабылдау құқығы немесе алаң жағын таңдау.
9.1.4. Тізбекті дене қыздыру жағдайында бірінші доп беретін команда, торда бірінші болып дене қыздырады.
9.2. Дене қыздыру.
9.2.1. Егер командалар қорғауында алдын-ала өз ойын алаңдары болса, онда әр команда ойын алдында торда 3 минут дене қыздырады, егер болмаса онда әр команда торда 5 минут дене қыздырады.
9.2.2. Егер екі капитан да торда бірге дене қыздыруға келіссе, командалар 9.2.1. ережеге сай 6 не 10 минут бірге дене қыздырады.
9.3. Команданы орналастыру
9.3.1. Ойында әрдайым әр командадан алты ойыншыдан қатысуы тиіс. Ойыншылардың алаңда ауысу тәртібін көрсетеді. Бұл тәртіп бүкіл кезеңдер бойы сақталуы тиіс.
9.3.2. Әр кезең басталар алдында жаттықтырушы өз командасының орналасу қағазында бастапқы орналасуын ұсынады. Тиісті дәрежеде толтырылған және қол қойылған қағаз екінші төрешіге немесе хатшыға тапсырылады.
9.3.3. Осы кезеңге бастапқы орналастыруға енбеген ойыншылар осы кезеңде қосалқы болып табылады.
9.3.4. Орналастыру қағазын екінші төрешіге немесе хатшыға тапсырғаннан кейін орналастыру кәдімгі алмастырусыз өзгертуге рұқсат етілмейді.
9.3.5. Ойыншылардың алаңдағы позициялары мен орналастыру қағаздары арасындағы айырмашылық
9.3.5.1. Кезең басталғанға дейін орналастыру қағазы мен ойыншылардың алаңдағы нақты позициялары орналастыру қағазына сай түзетілуі тиіс. Бұл үшін жаза берілмейді.
9.3.5.2. Егер жаттықтырушы осы жазылмаған ойыншыны алаңда қалдырғысы келсе, онда ол хаттамаға жазылатын кәдімгі алмастыруды сұрауға тиіс.
9.4. Позициялар
Доп ойынға қосылған кезде әр команданың ойыншылары өз алаңы шегінде және ауысу тәртібімен болуы тиіс.
9.4.1. Ойыншылардың позициялары төмендегідей нөмірленеді.
- тор бойындағы үш ойыншы алғы шеп ойыншылары болып табылады және 4 (алдыңғы-сол) 3 (алдыңғы-орталық) және 2 (алдыңғы- оң) позицияларында тұрады.
- басқа үш ойыншы артқы шеп ойыншылары болып табылады және 5 (артқы-сол) 6 (артқы-орталық) және 1 (артқы-оң) позицияларында тұрады.
9.4.2. Ойыншылар арасындағы тиісті позициялар.
9.4.2.1. Артқы шептің әрбір ойыншысы алғы шептің тиісті ойыншысына қарағанда, тордан әрі орналасуы тиіс.
9.4.2.2. Алғы шеп және артқы шеп ойыншылары, тиісінше горизонталь тәртіппен 9.4.1. ережеде көрсетілгендей орналасу керек.
9.4.3. Ойыншылардың қалыптары олардың табандарының алаң бетімен орналасуына сай анықталады.
9.4.3.1. Алдыңғы шептің әр ойыншысының ең болмағанда, табанының бөлігі артқы шептің тиісті ойыншысына қарағанда, ортаңғы сызыққа жақын болуы тиіс.
9.4.3.2. Әрбір оң қаптал ойыншысының ең болмағанда, табанының бөлігі оның сызығының орталық ойыншысы табанынан, оң қаптал сызығына жақын болуы тиіс.
9.4.4. Допты бергеннен кейін ойыншылар кез-келген орынға жылжи алады және өз алаңында бос аймақта да кез-келген орынға бара алады.
9.5. Қателік.
9.5.1. Егер кез-келген ойыншы допты ойынға қосқанда өзінің дұрыс позициясында болмаса, команда позициялық қателік жасайды.
9.5.2. Егер доп беруші оны орындау кезінде қателік жасаса, онда берушінің қателігі позициялық қатеден басым болады.
9.5.3. Егер доп беру соққыдан кейін қате болса, позициялық қате есептеледі.
9.5.4. Позициялық қате келесі зардаптарға әкеледі:
- команда ұтыстан ұтылумен жазаланады;
- ойыншылар өзінің дұрыс позицияларын алады.
9.6. Ауысу.
9.6.1. Команданың бастапқы орналасуы және беру тәртібімен және ойыншылар позициясымен бақыланатын, ауысу тәртібі, бүкіл кезеңде сақталады.
9.6.2. Қабылдаушы команда допты ойынға қосу құқығын алғанда, оның ойыншыларға сағат тілімен бір позицияға ауысады; 2 позиция ойыншысы беруге 1 позицияға, 1 позиция ойыншысы 6 позицияға ауысады т.с.с.
9.7. Ауысудағы қателіктер.
9.7.1. Допты ойынға қосу ауысу тәртібіне сай орындалмаса ауысқанда қате жасалған болып саналады. Бұл келесі зардаптарға әкеледі.
9.7.1.1. Команда ұтыстан ұтылумен жазаланады
9.7.1.2. Ойыншылардың ауысу тәртібі түзетіледі.
9.7.2. Хатшы қосымша, қатенің жасалған дәл кезеңін анықтауы тиіс және қате жасалғаннан кейін команда жинаған барлық ұпайлар күшін жоюға тиіс. Қарсыластың ұпайлары сақталады. Егер бұл кезең анықталмаса, ұпайлардың күші жойылмайды және бірден-бір санкция ұтыстан ұтылуы болып табылады.
10. Ойыншыларды алмастыру.
Алмасу-бұл хатшы жазба жасағаннан кейін алаңды тастап шығуға тиіс ойыншының орнына ойынға кірісетін басқа да ойыншы алмастыру төрешінің рұқсатын талап етеді.
10.1. Аламастыруды шектеу.
10.1.1. Командаға әр кезеңде ең көп 6 алмастыруға рұқсат беріледі. Бір мезгілде бір не одан көп ойыншыны алмастыруға болады.
10.1.2. Бастапқы орналастыру ойыншысы ойыннан шығып, бірақ кезеңге бір-ақ рет және оны алмастырған ойыншының позициясына ғана қайтып келе алады.
10.1.3. Алмастырушы ойыншы кезеңде бір-ақ рет бастапқы орналастыру ойыншы орнына ойынға кіре алады және оны алмастырған ойыншымен алмаса алады.
10.2. Ерекше алмастыру.
Ойынды жалғастыра алмайтын жарақаттанған ойыншы, алмастыру ережелеріне сай алмастырылуы тиіс. Егер ол мүмкін болмаса команда 10.1. ережелердегі шектеулерден тыс, ерекше алмастыру жасауға құқық беріледі.
Ерекше алмастыру дегеніміз жарақат кезінде алаңда болмаған кез-келген ойыншы, жарақаттанған ойыншыны алмастыра алады. Алмастырылған жарақаттанған ойыншыға ойынға қайтып баруға рұқсат етілмейді. Ерекше алмастыруда ешбір жағдай әдеттегі алмастыру болып есептелмейді.
10.3. Қуу немесе шеттетуде алмастыру.
Қуылған не шеттетілген ойыншы ойыншыларды алмастыру ережелері бойынша алмастырылуы тиіс. Егер ол мүмкін болмаса, онда команда толық емес болып жарияланады.
10.4. Дұрыс емес алмастыру
10.4.1. Егер ол 10.1. ережеде аталған шектеулерден асса, алмастыру дұрыс емес болып табылады.
10.4.2. Команда дұрыс емес алмастыру жүргізіп, ойын жаңғыртылса, келесі процедура жүзеге асырылуы тиіс:
- команда ұтыстан ұтылумен жазаланады;
- алмастыру түзетіледі;
- кінәлі команда қателік жасалғаннан кейін жинаған ұпайлары күшін жояды. Қарсыластың ұпайлары сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |