Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет74/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

11. Ойынның жағдайлары.
11.1. Доп ойында. Бірінші төреші рұқсат беріп доп ойынға қосылғаннан бастап доп ойында болады.
11.2. Доп ойыннан тыс төрешілердің бірінің ысқырығымен тіркелген қателік кезінен бастап доп ойыннан тыс болады.
11.3. Доп алаңда. Доп шектеу сызықтарын қосқанда, алаң бетіне тисе, алаңда болып саналады.
11.4. Доп «сыртында». Доп тысқары болып саналады:
- еденге тиген доп бөлігі толық шектеу сызықтардан тысқары болса;
- ол алаңнан тыс затқа, төбеге немесе ойынға қатыспайтын адамға тисе;
- ол антенна, баулар, тіреулер немесе қапталдағы таспалардан тысқары торға тисе;
- өту жазықтығы шегінде бүтіндей немесе ішінара болып, тордың вертикаль кеңістігін қиып өтсе;
- ол тор астындағы жазықтықты толық қиып өтсе.
12. Доппен ойнау.
Әрбір команда өзінің меншікті ойын алаңы мен кеңістігі шегінде ойнауға тиіс. Доп бос аймақтан тысқары жерден қайтарылуы мүмкін.
12.1. Команданың соққылары.
Командаға допты қайтару үшін соққыға құқық береді. Егер 3 соққыдан артық пайдаланса, команда «4 соққы» қатесін жасайды.
Ойыншылардың әдейі соққылары ғана емес, доппен қасақана емес жанасу да команда соққылары болып саналады.
12.1.1. Жүйелі тигізулер. Ойыншы екі рет қатарынан допты ұруға болмайды.
12.1.2. Бір мезгілде тигізулер. Екі не үш ойыншы допқа бір мезгілде қол тигізе алады.
12.1.2.1. Екі серіктес допқа бір мезгілде қол тигізсе, бұл екі соққы ретінде саналады. Егер олар допқа қол жеткізуге ұмтылып, бірақ біреуі ғана оған қолын тигізсе бір соққы есептеледі. Ойыншылардың қақтығысуы қателік болып саналмайды.
12.1.2.2. Екі қарсылас бір мезгілде тор үстінде допқа қол тигізсе және доп ойында қалса, онда допты қабылдаушы командаға тағы үш соққыға құқық беріледі. Егер мұндай доп тыс кетсе, онда бұл қарсы жақтағы команданың қатесі болып саналады.
12.1.2.3. Егер қарсыласпен бір мезгілде тигізу қапсыра ұстауға әкелсе, онда бұл екіжақты қате болып табылады да, ұтыс қайталанады.
12.1.3. Қолдау соққысы
Ойыншыға ойын алаңы шегінде команда серіктесін немесе кез-келген құрылғы затты допқа жету үшін қолдауға пайдалануға рұқсат етілмейді. Алайда қате жасау шегінде тұрған ойыншы команда серіктесімен тоқтатылады немесе қолдау көрсетіледі.
12.2. Соққы сипаттамасы.
12.2.1. Допты дененің кез-келген бөлігіне тигізуге болады.
12.2.2. Доп соғылуы тиіс, тартып алу не лақтыруға болмайды. Ол кез-келген бағытқа тасталады.
12.2.3. Доп дененің әр түрлі бөліктеріне тиеді, бірақ жанасу бір мезгілде жүреді.
12.2.3.1. Тосқауылдауда тізбекті жанасулар бір не одан көп тосқауылдаушылармен жасалады, жанасулар бір қимыл кезінде болуы тиіс.
12.2.3.2. Команданың бірінші соққысында доп дененің әртүрлі бөліктеріне кезекпен тиюі мүмкін, бұл тигізу бір қимыл кезінде болған жағдайда.
12.3. Доппен ойнауда қателіктер.
12.3.1. Төрт соққы команда допты қарсылас жағына қайтару үшін оған 4 рет тигізеді.
12.3.2. Қолдаудағы соққы: ойыншы допқа жету үшін командадағы серіктес қолдауын пайдаланады немесе ойын алаңы шегінде кез-келген құрылғы затты ұстайды.
12.3.3. Қапсыра ұстау: ойыншы допты ұрмайды, және доп қапсыра ұсталады не лақтырылады.
12.3.4. Екі рет тигізу: ойыншы допты екі рет қатарынан ұрады немесе доп оның денесінің әртүрлі бөлігіне кезекпен тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет