БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



жүктеу 3.42 Mb.
бет16/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.42 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18



1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 ж.ж.):

Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу мақсатында келесі шаралар қарастырылуда:

- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жәрдемімен азаматтарды жұмысқа орналастыру, «Еңбек рыногы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тираждау, еңбек нарығында қажетті мамандықтардың мониторингі.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылғандар және жұмыссыздар, жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруда жұмыс беруші үшін келісім шарт жасау кезінде мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөнінде міндетті түрде орындалуы тиіс шарты қарастырылған .

- халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарды, әйелдер мен жастарды қоғамдық жұмысқа тарту.

- кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша келісім-шарттар жасау.

Осы іс-шаралар жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу (2014-2015 жж.): Халық табысын арттыруды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру үшін келесі шаралар қарастырылады:

  • аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету (АӘЖ, БМЖ, тұрғын-үй жәрдемақысы).

  • аз қамтамасыз етілген халықтың еңбек әлеуетін іске асыру негізінде масылдықтың алдын алу және кедейлік шеңберінен шығуды ынталандыру.

  • кәсіптік даяралауға және қайта даярлауға бағыттау арқылы еңбек рыногындағы халықтың мақсатты топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

  • ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету.

  • жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

  • шарттық ақшалай көмек бере отыра әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту.


3-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Мүгедектерге, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қарастырылады:

  • психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, медико-әлеуметтік мекемелердегі қарттарға және мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталығында тірек-қозғалыс аппараты ауратын және психоневрологиялық патологиясы бар балаларға және ересек мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге ҮЕҰ тарту, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектерді тасымалдау.

  • жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда тіркелген инвалидтерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

  • санаторлық-курорттық емдеудеумен, техникалық қосымша құралдармен және арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, жеке көмекші және ымдау тілі маманы әлеуметтік қызметін ұсыну арқылы мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау және көмек көрсету.

  • Тараз қаласында 300 орындық психоневрологиялық интернат үйін және «№2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» ММ бу қазандығын, монша және кір жуу корпусын және 101 төсек орындық мүгедек балалар үшін оңалту және бейімделу облыстық орталығын салу есебінен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің деңгейін арттыру.

  • әлеуметтік маңызы бар нысандарды толық бейімдеуге бөлінген қаржының көлемін көбейту.

4-ші міндет бойынша қол жеткізу (2014-2015 жж.):

Азаматтардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету алдағы уақытта Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қарым-қатынастарының негізгі субъектілерін реттеу және олардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру іске асырылатын болады.

Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция жұмысы бизнестегі кедерілерді төмендетуді жүзеге асыратын болады. ҚР Елбасының тапсырмасына сәйкес СОР құқықбұзушылықты алдын-алуға, өндірістегі қолайсыз жағдай қаупіне ерекше назар аудару қажет.
Мақсат 4.2.4: Мәдениетті және тілді дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014

2015

1000 адамға мәдениет мекемелеріне келушілердің орта саны

Бірл.
















кітапхана




х

х

233,0

233,8

234,6

театрлар




х

х

63,2

63,3

63,5

музейлер




х

х

31,0

31,2

31,3

2. Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі


%

89

90,32

94

95

98

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері


Қол жеткізу жолдары (2014-2015 жж.):

Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейін жақсарту мақсатында ұлттық тарих және мәдениет үшін ерекше маңызы бар аймақтарда археологиялық, ғылыми зерттеу және реэкспозициялық жұмыстар жүргізу, аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер жиынтығын шығару, кітапханалар жүйесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу, ақпараттардың электрондық базасын құру, компьютерлендіру, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысуын қамтамасыз ету, клуб, мәдениет үйлерінде клуб құрылымдарының өсуін, театрларда жаңа қойылымдарды сахналау және жаңа концерттік бағдарламалар дайындау, сондай-ақ, мәдениет нысандарының өсуі мен материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарлануда. Мәдениет саласындағы білікті мамандарды ауылды елді мекендерге тарту.

Облыстағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге, мемлекеттік қызметкерлерді, облыстың есейген тұрғындарды - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мемлекеттік және басқа тілдерді облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы үйірмелер мен курстарда оқыту, халыққа тілдерді үйрететін мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Облыс аумағындағы тілдік ахуалды зерделеу бойынша әр-түрлі топтарда социологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

- мемлекеттік тілдің және және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдама зерттеулер өткізу;

- қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстөлдер» өткізу;

- Қазақстан халқының тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу.


Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014

2015

1. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту


%

18,5

19,3

21,7

21,9

22,1

Міндет 4.2.5.1. Бұқаралық спортты дамыту

2. Дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған нысандар саны

бірлік

-

73

73

263

300



Міндет 4.2.5.2. Туризмді дамыту

2.1. Ішкі туризмге келушілер санының санының өсуі


қат. саны мың адам

61,5

69,5

85,1

85,5

86,0

2.2. Кірме туризмге келушілер санының өсуі


қат. саны адам

1492

1155

1290

1340

1400

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармалары


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жж.):

2014-2015 жылдары көрсеткіштер бойынша жетістікке жетуді қамтамасыз ету және анықталған мәселелерді шешу мақсатында келесілер қарастырылады: Аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық кешендер құрылысы, сондай-ақ жасанды төсеніштері бар шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңшаларының құрылыстары жалғасады.

2014 жылы Мойынқұм ауданындағы № 19 БЖСМ-не, Жуалы ауданындағы № 12 БЖСМ-не арналған спорт залдарының, Тараз қаласындағы кіші футбол мен баскетболға арналған әмбебап алаңшаларының және № 2 мен № 3 ОМБЖСМ-не арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстары жоспарланған.

2015 жылға облыстық бюджеттен Тараз қаласындағы № 2 ОМБЖСМ-не және Байзақ ауданындағы № 9 БЖСМ-не, «Тараз волейбол клубына» арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Меркі ауданындағы № 17 БЖСМ-не ангарлық типті спорт зал құрылыстары жоспарланған. 2015 жылдары Меркі ауданында облыс құрама командалары спортшыларына арналған оқу-жаттығу кешенінің, Т.Рысқұлов ауданындағы №21 БЖСМ-не арналған спорт залының, Шу ауданындағы №32 БЖСМ-не арналған спорт залының, Қордай ауданындағы №14 БЖСМ-не арналған спорт залының Тараз қаласында ангарлық типтегі 3 спорт залдың, Қордай ауданында 320 орындық және Т.Рысқұлов ауданында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстарына ЖСҚ әзірлеу қарастырылған. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін ашу, спорт мекемелерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу Орталығын ашу мәселесі қарастырылуда.

Әралуан спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын, сондай-ақ облыстық (қалалық, аудандық) бұқаралық-спорттық жарыстардың санын арттыру қарастырылған.

Спортшылардың біліктілік сапасын арттыру мақсатында атақты спортшылармен кездесулер, оқу-жаттығу жиындары мен шеберлік сабақтарын жиі өткізу жоспарланып отыр.

Спорт мектептерін қажет мамандармен қамтамасыз ету қарастырылып отыр (спорт жөніндегі инструктор-әдіскер және спорт дәрігерлері және т.б.).

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жж.):

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында Жамбыл облысының 5 аудандары елді мекендерін құрылыспен қамту жоспарланып отыр:



- Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылы;

- Меркі ауданы Актоған поселкесі;

- Т. Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылы Жақсылык ауылы ортасында;

- Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы;

- Жуалы ауданы Ақсай а/о.

2014 жылы аталмыш кешендердің құрылысы үшін халықаралық талаптарға сәйкес типтік жобалар әзірленетін болады, олар төмендегі нысандарды қамтитын болады.

«В» санаты: қонақ үйлер, мейрамханалар/кафелер, дүкендер, қоғамдық кәріздер, қоғамдық душтар, жанар-жағар май құятын стансалар, жүк және жеңіл көліктер тұратын қатты төсенішті тұрақтар, автожөндеу шеберханалар, ақпараттық туристік орталықтар.

«С» санаты: дүкендер, қоғамдық тамақтану пунктері, қоғамдық душтар, қоғамдық кәріздер, жанар-жағар май құятын стансалар, жүк және жеңіл көліктер тұратын қатты төсенішті тұрақтар, жұк және жеңіл көліктерге шеберханалар немесе эстадакалар.

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ірі туристік нысандарға жеткізетін жол құрылысы жоспарланған. Жамбыл ауданы Ақыртас кешені сарайына жеткізетін жол құрылысына (8 км) және Жуалы ауданы «Тау самалы» туристік кешеніне (4 км) инвестициялық ұсыныстар әзірленген.

Қонақ үйлер базаларының, демалыс үйлер мен демалыс базаларының, санаторлық-курорттық мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын жаңарту көзделген.

2014 жылы облыста «Көне Тараз» бірегей археологиялық саябағын жүзеге асыру басталды. Тараз қаласының орталығында археологиялық зерттеулер жүргізілуде, инвестормен сауда-ойын сауық кешенінің құрылысы басталды, Бүкіләлемдік мәдениет мұрасы ЮНЕСКО тізіміне қосылу жұмыстары жүргізілуде.

«ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы жәрмеңке өткізу шеңберінде туризмнің ішкі және сырттан келетін туристер санын кеңейту жоспарланып отыр, сонымен қатар облыс аудандары тұрғындарының жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Туристік сала мамандарының дайындық деңгейін жақсарту мақсатында жыл сайын олардың өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізіп тұру жоспарланған.

Облысқа туристерді тарту мақсатында өңірдегі туристік әлеует Қазақстан Республикасы индустрия министрлігінің www.visitkazakhstan.kz, сондай-ақ облыс әкімі мен облыстық басқарманың веб-сайтында ұсынылған.

Сонымен қатар, туристік ақпараттық орталықты құру және бөлек абоненттік номерлермен туризм жөнінде желіні қолдауды қамтамасыз ету жоспарда бар.

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және 2015 жылы 1,4 мың адамға дейін сырттан келетін туристер, 86,0 мың адамға дейін ішкі туристер санын арттыруға ықпал етеді.


Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

%

76,6

57,6

60,7

61,7

62,7

2. Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылар-дың талап ету деңгейін арттыру

%

79,6

73,6

58,5

59,5

60,5

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Міндет 4.2.6.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту,

1.1. Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

92,9

90,1

75,8

76,8

77,8

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасы

1.2. Этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

94,7

91,2

80,9

81,9

82,9

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Мемлекеттің даму стратегиясын, этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын жоғары тұрғындардың үлесі, аймақтың ішкі саяси ахуалының тұрақтылығы, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарының тиімділігі келесі шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

- Қазақстандық патриотизмді, қоғамдық позитивтік көңіл-күйді, облыс тұрғындарының, оның ішінде әсіресе жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі форматтағы қоғамдық маңызды шаралар арқылы жүзеге асырылады;

- этносаралық және конфессияаралық келісімді жүргізу, әлеуметтік еңбек қақтығыстарын алдын-алу, Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтарын насиаттау бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарында инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- саяси партиялар мен қоғамның азаматтық институттарымен конструктивтік диалогты ұйымдастыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру арқылы жүзеге асырылады.



Гендерлік саясат

ІІ кезеңдерде (2014-2015 ж.ж.): Қоғамның гендерлік мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағарту науқандарын өткізу тәжірибесі жалғасады.

Тұрақты негізде семинарлар, тренингтер, әйелдерді билік органдарына тарту бойынша оқыту курстары өткізіледі, әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқандарына қатысуы жандандырылады, олардың бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысуына ықпал етіледі.

Әсіресе ауылдық жерлерде әйелдерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал ету. Шағын және орта бизнесте әйелдерді қолдау.
Мақсат 4.2.7. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014

2015

1. 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі

%

70

71

72

73

74

15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі, % (NEET – ағылшын тілінде - Not in Education, Employment or Training)

%

8,8

10,4

8,6

8,5

8,4

4.2.7.1. Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

1.1. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі

%

25,5

23

24

24,5

25

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін шешу мақсатында келесі шаралар қарастырылады:



  • жастар акциясын және ғылыми практикалық конференция ұйымдастыру, әскери спорттық ойындар және әскер қатарына шақырылатын жастағы жастар акциясы, жастар саясатын насихаттайтын және түсіндіретін форумдар мен конкурстар ұйымдастыру.

  • аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған ақпараттық- анықтамалық әдебиет шығару.

  • жастар орталығындағы жас қызметкерлерге және жастарға тренинг, семинарлар ұйымдастыру.

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды бар жобаларды конкурстық негізде жүзеге асыру, жастардың үкіметтік емес ұйымдарының бизнес-идея жәрмеңкесін ұйымдастыру.

  • жастар саясаты сұрақтары бойынша облыстық басқармада веб сайтта жұмыс жүргізу және жас блоггерлер клубын құру.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет