2010-2013 жж. туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні
кесте 9
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
Кіру туризміндегі келушілер саны (резиденттер емес)
|
адам
|
1209
|
1492
|
1155
|
1290
|
Ішкі туризміндегі келушілер саны (резиденттер)
|
адам
|
53007
|
61551
|
69462
|
85138
|
Орналастыру орындарының саны
|
саны
|
42
|
48
|
54
|
65
|
Келушілерге қызмет көрсетілді
|
адам
|
54588
|
63603
|
70617
|
86428
|
Туристік нысандардың саны елеулі көбейді: 2010-2013т жылдары 14 туристік нысан ашылды (Шу ауданында – 3 қонақүй, Тараз қаласында –9 қонақүй және 1 демалыс орталығы, Т.Рысқұлов ауданында -1 аңшылық үйі, және т.б).
2014 жылы келушілерді орналастырумен шұғылданатын 67 кәсіпорын және жеке кәсіпкерлер бар. Орналастыру орындары 911 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1657 төсек-орынды құрады.
Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Сеул, Пекин, Лондон, Берлин, Токио, Мадрид қалаларында өткізілетін халықаралық туристік көрмелерде ұсынылады. Жылда аймақтың туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылады.
2010 жылдан бастап өткізілетін Халықаралық бизнес-форум шеңберінде туризм бойынша инвестициялық жобалар таныстырылады.
Жамбыл облысында балалар туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2010-2013 жыдары аралығында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
-
Дүниежүзілік туризм күніне арналған күздік туриадаға Тараз қаласы, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;
-
«Менің Отаным –Қазақстан» туристік облыстық экспедициясы өткізілді, оған Тараз қаласы, Меркі, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;
-
Астана қаласына екі күндік тур ұйымдастырылды, оған аудандар мен Тараз қаласының аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан орта мектеп оқушылары, жалпы білім пәндері бойынша өңірлік және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары және қатысушылары, 12-14 жастағы үздік оқушылар қатысты.
Жуалы ауданы Берікқара шатқалындағы орналасқан «Тау самалы» туристік кешенінде 7 жыл бойы «Балалар туризмі» жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан 1500 астам балаларды қабылдайды.
2013 жылдың қорытындысы бойынша «Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру» мақсаты «Ішкі туризмге келушілер саны» көрсеткішіне қол жеткізілмегендіктен орындалмады. Туристік және транспорттық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы себебінен қол жеткізілмеді.
Мәселелер:
Туристiк және көлiк инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы.
- Орналастыру нысандарының материалдық базаларының, атап айтқанда қонақ үйдің, үй мен демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай- курорттық мекемелердің моралдiқ және нақты тозуы жоғары дәрежеде сипатталады.
- Туристер үшiн туризмнің ауқымы, түрлері, сапасы және тұратын мекендердiң ұсынысы бүгiнгi күнде халықаралық талаптарға сәйкес келмейдi.
- Жамбыл жеріндегі Ұлы Жiбек жолы бөлігінде орналасқан маңызды тарихи орындарға жетуге жолдың қиын болуы мен сервистiң төмен деңгейiне байланысты шетелдiк және қазақстандық туристтердің жеткіліксіз тартылуы.
- Туристiк қызметтерi әлемдiк нарығында туристiк өнiмдерді халықаралық насихаттау және алға жылжыту жеткіліксіз деңгейде.
- мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің әлсіздігі, туризмнің қызмет көрсету саласында және индустрия нысандарында мамандандырылған мамандардың жоқтығы.
Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Облыста 8 саяси партиялардың, 645 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, 25 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестік, 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 317 діни бірлестік, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының облыстық кеңесі құрамына кіретін 1326 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.
Олардың көбісімен конструктивтік қарым-қатынас орнатылған.
Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.
Қоғамдық-саяси субъектілердің белсенділігі.
Облыста 8 республикалық партияның филиалдары жұмыс істеуде. Жалпы, олардың барлығымен іскерлік және серіктестік қарым-қатынас орнатылған.
Партиялар қатарынан тек «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы аймақтағы ең бұқаралық және жетекші саяси партия. Партия құрамында 11 аудандық пен қалалық филиалдары және 401 бастауыш ұйымдары бар. Нұротандықтардың 97,1%-ы барлық деңгейдегі мәслихаттарда қызмет етеді.
Жалпы, басқа саяси партиялардың филиалдары аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласпай, селқостық танытуда.
Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту.
Облыстық ақпараттық кеңістікте түрлі тақырыптағы 47 БАҚ, оның ішінде 46 баспа, 1 электронды БАҚ көрініс тапқан. Бұдан басқа, 3 кабельді оператор қызмет атқаруда («Аби ТВ», «АЛМА-ТВ», «DIGITAL-ТV»).
БАҚ-мен өзара байланыстың тиімді тетіктерінің бірі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс болып табылады, бұл жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары ретінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс көлемі 2014 жылы 485,3 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 30,2 млн. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 116,1 млн. теңгеге, 2011 жылғы деңгейімен салыстырғанда 174,2 млн.теңгеге артық.
Үкіметтік емес секторды дамыту.
Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.
Әділет министрлігіне қарасты жергілікті органдарының мәліметтері бойынша облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 645, оның ішінде 200-і 14 әлеуметтік-маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
2014 жылы облыстық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желілері бойынша 136 үкіметтік емес бірлестік (ҮЕБ) жалпы сомасы 186,2 млн.теңгеге әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырады (2011 жыл – 58 ҮЕБ, 2012 жыл – 48 ҮЕБ, 2013 жыл – 35 ҮЕБ). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көпсалалық ҮЕҰ Ресурстық орталығы және конструктивтік түрде облыстық Азаматтық Альянс өз қызметтерін атқаруда.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау және нығайту.
Облыста 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 317 діни бірлестік өз қызметтерін жалғастыруда. Олардың қатарында - 275 мұсылман діни бірлестіктері, 7 христиандық, 34 протестанттық және 1 католиктік приход қызмет атқаруда.
«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 6 миссионер қызмет етеді, оның ішінде 2-уі - Оңтүстік Корея, 3-уі – Германия, 1-уі – Египет Арабтық Республикасы елдерінің азаматтары.
Облыс әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес тиімді қызмет атқаруда.
Діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде облыста 5 ақпараттық-насихат топтарының қызметі қамтамасыз етілуде.
Дінаралық және халықаралық негізде қақтығыстар тіркелген емес.
Облыста 87 этнос өкілдері тұрып жатыр. 25 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бір этнос өкілдерінің көп шоғырланған жерлер - Қордай (дүнгендер, әзірбайжан), Талас, Сарысу (күрділер), Байзақ (түріктер) және Жамбыл ауданы (дүнгендер, күрділер, түріктер).
Сонымен қатар, аймақтың қоғамдық-саяси саласында бірқатар мәселелер бар.
Олар:
- жұмыс жасамайтын ҮЕҰ үлесінің көптігі;
- кәсіподақ мүшелілігімен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;
- мешіт имамдарының діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі;
- халықтың діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі.
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.
14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2010 жылы 297361 адамды, 2011 жылы 283217 адамды, 2012 жылы 286947 адамды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға азайды.
Облыста 75 жастар ұйымы, 11 жастар орталығы жұмыс істейді.
Жастар ұйымдары өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2011 жылы – 59-дан 2012 жылы 62-ге дейін, 2013 жылы - 70-ке дейін. Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2011 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 68000 адамды құраса, 2012 жылы 75000 адамды, 2013 жылы - 72000 адам құрады.
Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуы өсуде.2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 21 жастар ұйымы қатысса, 2012 жылы - 17, 2013 жылы - 24 ұйым қатысты.
Жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. 2011 жылы іс-шараларды іске асыруға 70600 адам, 2012 ж. - 75000 адам, 2013 жылы – 80000 (өсім – 11,3%) адам қатысты.
Сонымен бірге, жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарға қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 3 адам ғана бар, бұл облыс депутаттары жалпы санының 1,5% құрайды. (Облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады).
Барлық деңгейдегі әкімдіктердегі жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары болып табылады.
Мәселелер:
-
жастарды іс-шаралармен қамтудың төмен деңгейі;
-
аудан деңгейінде үкіметтік емес секторларды дамытудың төмен деңгейі;
-
мемлекеттік жастар саясаты саласында құрылымдық бөлімдермен әдістемелік жұмыс жүйесінің жоқтығы;
-
жұмыста жастармен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғары деңгейінің жетіспеушілігі;
Гендерлік саясат
Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2014 жылдың басына облыста 1084,5 мың адам тұрады, олардың 51,0% - әйелдер.
Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
2013 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 5109, оның ішінде 2196 әйелдер болып, бұл жалпы санның 43% құрады.
Жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде облыстық деңгейдегі 7 басқармада әйел басшылар, 3 әйел аудан және қала әкімінің орынбасарлары және 7 әйел селолық округтің әкімдері. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 30-ы әйелдер, оның ішінде 6-ы қалалық мәслихатта, 18 - аудандық, 6 - облыстық мәслихатта.
2013 жылы әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 2012 жылғы 9%-ға қарағанда 11,3 % артты және 2011 жылы 8,4%.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 2012 жылы 42,6%, 2013 жылы 43,1% құрайды.
Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 3 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.
Жамбыл облысы бойынша саясаткер әйелдер клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі мақсаты гендерлік білім беру, қоғамдық-саяси өмірге әйелдердің белсене араласуға, экономикада гендерлік теңдік және гендерлік сананы қалыптастыруға оқыту.
Клуб мүшелігіне облыстың қоғамдық-саяси саласына белсенді қатысатын әйелдер кіреді: барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жүрген қыз-келіншектер, барлығы - 25 әйел.
Облыста 120 дан астам үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс атқарады, аталған ұйымдардың 60%-ына әйелдер жетекшілік етеді. Облыс көлемінде 27 әлеуметтік жобаның 15-ін әйелдер іске асыруда.
Гендерлік теңдікті кең көлемде насихаттау мақсатында, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қаржыландыру тетігі қалыптастырылған.
2013 жылы гендерлік мәселелерді қамтыған мемлекеттік тапсырыстарға 3,5 млн. теңге бөлінді. (2011 жылы 3,0 млн.теңге, 2012 жылы – 2,7 млн. теңге бөлінген).
Гендерлік саясатты іске асырудың бір жолы ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімдерінің ашылуы.
2014 жылдың басынан ішкі істер органдарында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсету мақсатында қойылған 17 сенім телефондары арқылы 4 мыңға жуық қоңырау түсіп, тиісті шаралар қолданылды.
Үкіметтік емес ұйымдармен біріге отырып тұрмыс жағдайы төмен, отбасы-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдан-ала профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Осы бағытта 80 мыңнан аса ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар, бильбордтар, стендтер, брошюралар) тұрғын үйлер подъездерінде, сауда орындарында, көпшілік жиналатын жерлерде, мемлекеттік мекемелерде таратылды.
Мәселелер:
- қоғамның гендерлік мәдениетінің жеткіліксіздігі, өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің аздығы.
Құқықтық тәртіпті қорғау.
Қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес облыстың әлеуметтік дамуындағы маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады.
2009 жылы қауіпсіздікті нығайту мен қылмыспен күреске бағытталған ұйымдастыру іс жүзіндегі шаралардың нәтижесінде, облыстағы қылмыстылық көрсеткіші 3,2%-ға (4075-тен 3943 дейін) төмендеген. 2010 жылдан бастап қылмыстың деңгейі 8,5%-ға (3943-тен 4279 дейін), ал 2011 жылы - 88,1%-ға (4279-дан 8050 дейін) өскен. 2012 жылы қылмыстың деңгейінің өсімі 35,0%-ды құрады (8050-ден 10865-ке дейін), 2013 жылы – 45,8% (10865-тен 15836-ге дейін).
2009 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 5,1%-ға қысқаруы байқалады (649-дан до 616 дейін). 2010 жылы 28,2%-ға (616-дан 790 дейін), 2011 жылы 3,2 есе (790 дан 2595 дейін), 2012 жылы - 19,2% (2595-тен 3094-ке дейін), 2013 жылы – 49,1% (3094-тен 4612-ге дейін) өсуі байқалады.
2009 жылы жалпы қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі 38,7%, болса, 2010 жылы - 42,0%, 2011 жылы- 76,4%, 2012 жылы – 105,0%, 2013 жылы – 147%- ды құрады.
Қылмыстың ашылуы 2009 жылы 70,2%, оның ішінде ауыр түрі 78,4%, аса ауыр түрі - 94,5% құрады. 2010 жылы - 71,3%, оның ішінде ауыр түрі - 75,4%, аса ауыр түрі - 89,2%, 2011 жылы - 49,2%, оның ішінде ауыр түрі - 58,2% және аса ауыр түрі - 88,9% құраған. 2012 жылы 19,1%-ды құрады, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,1% және аса ауыр қылмыстар - 94,9%, 2013 жылы – 17,2%, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,5% және аса ауыр қылмыстар – 86,1%-ды құрады.
Қылмыс санының статистикалық өсуі және қылмыстың ашылуының төмендеуі алды ала болжамданған.
2011 жылғы қаңтарда ІІМ-нің кеңейтілген Алқа отырысында берілген, негізінен елдегі қылмыстың жай-күйі туралы шынайы статистика құру қажеттігі туралы саяси шешім болып табылатын Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, ІІМ және Бас прокуратурасымен бірлесіп қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламалардың толық және объективті тіркеуін қамтамасыз ету бойынша қатаң бағыт алынған.
Облыста жасалынған қылмыстар санының нақты статистикасы оларға қарсы адекватты шаралар қабылдауға, және сол шаралар арқылы қылмысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтарға Конституциямен кепілдендірілген сот әділеттілігінен қамтамасыз етеді. Қылмыс жөніндегі хабарламалар мен өтініштерді толық тіркеу осының алғы шарты болады.
Облыстағы құқықтық тәртіптің, азаматтарды қорғау жүйесінің, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық институттардың қылмыстық жағдайына маңыздылығы жағынан елеулі бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Жаhандық экономикалық кризиске байланысты экономикадағы қиыншылдықтар, халықтың, оның ішінде жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстың, оның ішінде пайдакүнемдік-зорлық қылмыстардың өсуіне ықпал ететін бірден-бір себеп болып табылады.
Жедел ахуалдың күрделенуіне әсер ететін фактордың бірі ұрлық болып табылады. Бірнеше жылдар бойы олар жалпы қылмыстың жартысын құрайды, ал әрбір екі ұрлықтың біреуі ашылмай қалады. Әрбір тіркелген ұрлықтың үшіншісі пәтер ұрлығы. Соңғы жылдары беделді автокөліктерді ұрлап кету және айдап кету фактілері жиіленіп кеткен.
Ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеу және анықтаудың бүгінгі жағдайы, облыстағы орын алған қылмыстардың 90%-нда сотқа дейінгі жеңілдетілген өндірістің кеңейтілген түрін қолдануы қажет етеді.
Бұл кеңейтілген түр 2010 жылдан бастап үлкен емес және орта дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады, ал 2011 жылдан бастап ауыр дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолдануда, аталған шара азаматтардың, қылмыстық іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға оң әсерін тигізеді.
Жамбыл облысында нашаның жабайы түрінің кең көлемде өсуі ахуалдың қиындауына және облыстың есірткі заттарын өндіру базасы болуына себеп болады.
2009 жылы 457 есірткі қылмысы, 2010 жылы – 452, 2011 жылы – 283, 2012 жылы – 279, 2013 жылы - 279 анықталды. Жалпы есірткі қылмысының төмендеуі қылмыстық заңнаманың енгізілуіне байланысты, атап айтқанда 259 баптың 1 бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өткен.
Сонымен қатар, жыл сайын есірткі затын сату фактілері өсуде. 2009 жылы 87 есірткі затын сату фактісі анықталған, 2010 жылы - 87, 2011 жылы – 116, 2012 жылы – 118, 2013 жылы - 116. Жыл сайын заңсыз айналымнан 11 тонна тәркіленіп, оның ішінде қомақты көлемі героин болып табылады.
Жылсайын халық арасында есірткі затын пайдалану деңгейі төмендеуде. 2009 жылы есепте 5536 адам тұрса, 2010 жылы – 5003, 2011 жылы – 4548, 2012 жылы – 2862, 2013 жылы - 2781 адам.
(10 мың қолданатын автокөлікке шаққанда), жол көлік оқиғасында қайтыс болғандардың (100 жарақат алғандарға) 30,2 ден 20,7 дейін қысқарған. 2010 жылы жол көлік оқиғасының деңгейі 42,6-дан 2011 жылы 41,4, 2012 жылы – 50,3, 2013 жылы – 82,3-ті құрады. Жол көлік оқиғасында жарақат алғандар 2010 жылы (10 мың адамға шаққанда) 8,3, 2011 жылы 8,6, 2012 жылы – 13,2, 2013 жылы – 26,6-ны құрайды.
Сонымен бірге, автокөлік кешені күрделі жағдайда жұмыс істеуде. Атомобиль паркінің және заманауи автокөліктердің жылдамдық көрсеткіштерінің өсуі көше-жол деңгейінің дамуына сәйкес келмейді. Республикалық маңызы бар жолдардың басым көпшілігі күрделі жөндеуді және жүру бөлігі кеңейтуді, бөлу қосалқыларымен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті жолдардың жағдайыда қанағатанарлық емес.
Мәселелер:
-
мақсатталған жедел-іздестіру іс-шаралар мен қылмысты ашу бойынша арнайы операциялардың жетіспеушілігі;
-
есірткі қылмысының жоғары деңгейі халықтың есірткі пайдалануы;
-
жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі.
Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау мақсатында облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.
Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.
Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, судан құтқару қызметі, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары, 112 құтқару қызметі, ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері, АҚ аумақтық және объектілік құрылымдары, сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу үшін 68754 адамдық жеке құрамды 3633 құрылымдар бар, оның ішінде: 1641 адамдық жеке құрамды 196 штаттық кәсіби авариядан құтқару құрылымдары; 10963 адамдық жеке құрамды 403 аумақтық құрылымдар; 55450 адамдық жеке құрамды 3023 объектілік құрылымдар.
Жамбыл облысы аумағының үлкен бөлігі жойқын 8 баллдық жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.
Облыс аумағының Жамбыл облысының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Қордай, Мойынқұм, Жуалы аудандары аумақтарындағы Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм және басқа аудандар аумақтарында омбы қарларға, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары аумағында Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қауіпі бар.
2009 жылы облыс аумағында 1018 төтенше жағдай тіркеліп, 634 адам зардап шекті, 62 адам қаза тапты, 291,9 млн. теңге залал келтірілді. 2010 жылы 851 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 458 адам зардап шекті, 93-ші қаза болды, 221,7 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 442 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 409). 2011 жылы 752 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан 458 - зардап шекті, 58 - қаза тапты, 79,3 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 348 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 404). 2012 жылы Жамбыл облысының аумағында 718 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 398 адам зардап шекті, соның 67-ші қаза болды, 172,6 млн.теңге залал келтірілді, 2013 жылы 807 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 476 адам зардап шекті, соның 103-ші қаза болды, 4602,3 млн.теңге залал келтірілді. 2013 жылы Жамбыл облысының аумағында 807 төтенше жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді. 476 адам зардап шекті, оның ішінде 103 адам қаза болды. Материалдық шығын 4602,3 млн. теңгені құрады.
Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.
Жергілікті деңгейде төтенше жағдайдарды жоюға қолда бар күштер мен құралдардың бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз
Осыған байланысты 2013 жылы 4.2.8. «Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» мақсаты және «Су басу мен тасқынының селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі» көрсеткішінің жоспарлаған мәніне қол жеткен жоқ.
Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40, АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Мәселелер:
- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыры-луының жеткіліксіз деңгейі;
- ғимараттарды сейсмокүшейту деңгейінің төмендігі;
- қазіргі заман талабына сай суда құтқару бекеттерінің, өрт деполары мен өрт сөндіру демеу пунктері санының жетіспеушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |