БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


БАҒЫТ 4.4. «Елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау»



бет18/18
Дата09.06.2016
өлшемі4.25 Mb.
#124875
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

БАҒЫТ 4.4. «Елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау»
Мақсат 4.4.1.: Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру

бірлік

55

55

90

90

90

Міндет 4.4.1.1. Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау

қызметінің сапасын жақсарту

1.1. Ауылға білім беру саласындағы мамандарды тарту

бірлік

121

114

162

170

120

1.2. Ауылға денсаулық сақтау саласындағы мамандарды тарту

бірлік

61

114

74

88

80

Міндет 4.4.1.2. Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту

2.1. Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту

бірлік

2

1

1

1

2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар): Білім беру және денсаулық сақтау салаларының мамандарын ауылға тарту ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарын ауылға тарту, қолданыстағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеумен қамтамасыз ету «Аумақтарды дамыту» және «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Ауылдық дәрігерлердің біліктілігін арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінің материалдық-техникалық негізін күшейту, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу, ауылдық мектептерді бітірушілерге медициналық ЖОО оқу үшін гранттар беру, ауылдық жерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға көтерме ақы төлеу қамтамасыз етіледі.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Облыста ауылдық, оның ішінде тіректі елді мекендердің, аудан орталықтарының, ауылдық округ орталықтарының және шекаралық аймақтың халықтарының өмір сүру жағдайын және еңбек етуін жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстар қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарда шағын орталықтардың ашылуы, білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамту нысандарының құрылысы және оларды жаңғырту, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік және қаржылық қызмет көрсету жұмыстары жалғасады.

2014 жылы индустриаландыру Картасының аясында «БиномСтройДеталь» ЖШС-і Жамбыл ауданының Бектөбе елді мекенінде құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй салу комбинатының құрылысын жоспарлауда, құны – 500,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 19500 м³, 100 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Аталған жұмыс келесі жылдарда да жалғасатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа заманауи кешендерді және фермаларды пайдалануға енгізу, жемдік базаны және асыл тұқымды малды жақсарту, өндірістің тиімді инновациялық технологиясын енгізу және саланы индустриалдық даму жолына ауыстыру қарастырылуда. Сүтті және етті өңдіру бойынша қосымша стационарлық пунктерді ашу, өнім ассортиментін кеңейту жоспарлануда.




Мақсат 4.4.2.: Қоршаған ортаны, жер ресурстарын тұрақтандыру және сапасын жақсарту



Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014

2015

Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын зиянды заттардың шығарылымы

тонна

80575

97922

97197

98097

98097

Міндет 4.4.2.1. Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту

Жергілікті бюджетке қоршаған ортаға эмиссиядан түсетін кірістен экологиялық шараларға бағытталған шығындардың үлесі

%

78,7

71,3

27,3

47,6

48,0

Қатты тұрмыстық қалдықтың жалпы қалдығынан қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдеудегі үлесі

%

-

-

0

0,3

0,7

Міндет 4.4.2.2. Ормандарды қорғау, өсімін молайту, орман өсіру және жер ресурстары

Ормандарды қайта өсіру мен орман шаруашылығының алаңы

га

6500

6500

6500

6500

5000

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайту

%

0,6

1,7

1,2

1,4

1,7

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалуны реттеу басқармасы, жер қатынастар басқармасы



1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014 -2015 жж.): Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен: Жамбыл ауданындағы психоневрологиялық интернат үйінің ағынды суларын биологиялық тазарту кешенінің құрылысы, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында, Меркі ауданының Меркі ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы жоспарланған.

Облыстың ірі кәсіпорындарымен өз қаражаттары есебінен қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету бойынша табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарланған.

«Казфосфат» ЖШС, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС- і» АҚ облыстың аса ірі кәсіпорындары болып табылады.

«Қазфосфат» ЖШС – тазалау жобалық режимде УГ -115, 230 электр-фильтрлерінің жұмысын қалпына келтіруді және «№6 пештегі пештік газды қайта пайдаға асыру» жобасы құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

Облыстағы автокөлік кәсіпорындары 2011 жылдан бастап автокөлік парктерін жаңартып Евро-3 стандарттарына сәйкес жаңа автобустар сатып алуда.

2014 жылы Жамбыл ауданы Қызыл таң ауылында, Меркі ауданында Қызылтаң ауылында жергілікті бюджет есебінен тазарту кешенінің құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылында, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында және Мойынқұм ауданында қатты тұрмыстық полигондар құрылысы жоспарлануда.

Тараз қаласында қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жоспарланған, облыс аумағында жеке кәсіпкерлермен қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде (шыны, пластик, қағаз).

ҚТҚ-ды кәдеге асыру және қайта өңдеу мақсатында, Тараз қаласында 2014-2015 жылдары ҚТҚ-ды қайта өңдеу негізінде жұмыс істейтін, ҚТҚ-ды жинау және қайта өңдеу орталығы, сондай-ақ биогаз электростанциясын салу инвестициялық жобасы жоспарлануда. Жобаны жүргізуге құрылтайшысы Нидерландиялық «Energy Emissions BV» компаниясы болып табылатын, «Recowaste» ЖШС-гі ынта білдіруде. Жоба бойынша Тараз қаласында қуаттылығы 50000-100000 тоннаға дейін, құны 32 млн. АҚШ доллар болатын ҚТҚ-ды жинау және қайта өңдеу орталығын салу және қуаттылығы 5 МВт дейін жететін, құны 23 млн. АҚШ доллар болатын биогаз электростанциясын салу қарастырылған. Жобаны іске асыру үшін Тараз қаласынан жер телімін бөлу қажет.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014 -2015 жж.): Екпе ағаштарды орманмен көмкерілген жерлерге аудару және табиғи өсу есебінен жыл сайын 1800-2000 гектарды орманды жерлерге қосу жоспарлануда. Сонымен қатар 6500 га жерге көшет егу және тұқым себу, сондай-ақ 2013 жылы - 1300 гектар көшет егу, 5200 гектар - тұқым себу; 2014 жылы - 1400 гектар көшет егу, 5100 гектар - тұқым себу жоспарлануда.

Орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен қамтамасыз ету нормаларына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қантардағы №53 Қаулысын орындау барысында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық қамтылуы 2009 жылғы 30 пайыз, 2012 жылы 48 пайызға, 2013 жылы 56 пайызға және 2014 жылы 65 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

Табиғи өрттермен күресу, ғарыштық мониторинг мәліметтерін дер кезінде пайдалану және орман қорын әуеден күзету бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде орман өртінің орташа алаңын қысқарту жоспарлануда.

Биыл алғаш рет, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі №781 қаулысын орындау мақсатында биыл 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жанынан алғаш рет мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі ұйымдастырылды. Өртке қарсы қызмет мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» №949 Қаулысының талабы негізінде жүзеге асырылуда.

Орман шаруашылығы мекемелері жанынан құрылған мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрамында әр орман шаруашылығы мекемесінде 9 адамнан, барлығы 126 бірлік штат бекітілді. 2013 жылы Үкімет қаулысын жүзеге асыру негізінде алдыңғы жылдары орман шаруашылығы мекемелеріне «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-н 8 өрт автомашиналар алынды. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2014 жылы техникалар алуға қаралған қаржы есебінен 6 өрт сөндіру автомашиналарын сатып алуға 44,0 млн теңге қаржы қарастырылды.

2014 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жалпы алаңы 1,3 млн. га Тараз қаласы және Шу, Қордай аудандарында жүргізу жоспарлануда.



БАҒЫТ 4.5. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру»


Мақсат 4.5.1.: Мемлекеттік қызметті дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

2013

2014

2015

1.Халықтың қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

%

-

65

74

76

78

Міндет 4.5.1.1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

1.1. ЖАО көрсетілетін қызметтер санынан электрондық форматқа көшірілген санының ұлғаюы

%

8

58

100

3,7

10


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.):

Қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында қызметтерді кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде (жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік – маңызы бар 12 қызметтің ішінде 1 қызмет 2011 жылы электрондық түрге көшірілген, 6 қызметті 2012 жылы және 5 қызмет түрі 2013 жылы көшірілген). Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын жергілікті атқарушы органдар тарапынан жергілікті бюджет есебінен, атап айтқанда байланыс арналарымен қамтамасыз ету үшін, автоматандырылған жұмыс орындары (АЖО) (типтік АЖО АЖ ЭҮАШ, «Е-әкімдік» деректер қоры) бағдарламаларын ықпалдастыру және мәліметтерді шұғыл беру мақсатында компьютерлендіруге қаржылар бөлінуде.

Мемлекеттік қызметті автаматтандыру және оңтайландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі «Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қаулысына сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі күні аталған іс-шараларды іске асыру үшін барлық бағдарламалар әкімшілері «Жаңа ақпараттық технологиялар» АҚ –мен келісім -шарттар жасап, қаржылар бөлуде.

2013-2016 жылдардағы халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін бағалау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық көрқарас» зерттеу институты арасында ү.ж. III тоқсанында кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізуге арналған келісім-шарт жасалды, бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасына анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ, қала әкімі, аудандар мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызмет көрсететін құрылымдық бөлімдерінің қатысуымен келесі іс-шаралар көзделуде:

- сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану бойынша жұмыстар жүргізу;

- сауалнама жүргізу арқылы (карточка) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану бойынша жұмыстар жүргізуді жалғастыру;

- бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, семинар, дөңгелек үстел өткізу;

- әкімдіктіктің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру;

- электронды форматтағы қызм

еттердің санын ұлғайту.


Мұрағат

Қол жеткізу жолдары: (2012-2015 ж.ж.): Өңірдің Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына қол жетімділікті жақсарту мақсатында мұрағат мекемелерін жұмысқа қажетті жабдықпен жарақтандыру жақсартылады, Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарымен толықтыру қамтамасыз етіледі.

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

млн.теңге



 

Бағыт

I кезең

II кезең

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы

х

8688,5

30239,8

49446,1



7983,3

2

Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

х

44604,3

54672,9

43934



44474,4

3

Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету

х

22460,6

15282,8

70474,15



49416,3

4

Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау

х

1430,9

1072,7

1193



1250,8

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру

х

17,2

-

-

-

 

Бағдарлама бойынша барлығы:

97186,7

77201,5

101268,2

165047,3

103148

Ескерту – қаржыландыру көлемдері Іс-шаралар жоспарына нақтыланған бюджет параметрлеріне сәйкес өзгертулер енгізілгеннен кейін нақтыланады.



6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Жамбыл облысының аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үрдісі келесі сатылардан тұрады:

мониторинг;

бағалау;

бақылау.


Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына жыл қорытындысы бойынша 1 рет жүзеге асырылады.

Аумақтарды дамыту бағдарламасына жыл қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу үшін:

-құжатты іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

-облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы органдар ұсынған ақпарат негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолы қойылған веб-порталға орналастырады.

Мониторинг « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөлімінде берілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаларды іске асыруға қатысатын әртүрлі жақтардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы ортаның әсерін талдауды ескере отырып дайындалған көкейкесті қорытындылар және жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мониторингтің нәтижесі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет