БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



жүктеу 3.42 Mb.
бет10/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.42 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


Инновациялық белсенділік


Облыстың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

2009 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,4% құрады (2008 жылы – 6,0%). Инновациялық өнімнің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге төмендеген және 2190,4 млн.теңгені құрған, 382,5 млн.теңге сомасында инновациялық қызмет көрсетілген. 2009 жылы статистика бойынша облыста 13 инновациялық-белсенді кәсіпорындар бар. Жаңа технологияларды, құрал-жабдықтарды, материалдарды, ғылыми-зерттеу қызметті енгізу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу олардың қызметінің негізгі түрлері болып саналады.

2010 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,8%-ды құрайды және республика өңірлері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады, 2011 жылы – 10,2%.

2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 70,5%-ға өсіп, 19181,2 млн.теңгені құрады, 841,3 млн.теңгеге инновациялық қызметті көрсетілді. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің аяқталған инновацияның технологиясы бар негізгі түрлері жаңа технологияларды енгізу, жабдықтауды, материалдарды - 68%, ғылыми-зерттеу қызметін - 12%, инновациянын басқа түрлерін - 14% енгізу болып табылады.

Инновациялық өнім көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 12,1 %-ға артып, 21495,7 млн теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 1188,5 млн. теңге көлемінде сақталды.

Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған жалпы шығындар 16901 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, кәсіпорындардың өзіндік қаражатынан жұмсалған шығындар көлемі 9962,2 млн. теңгені құрады, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың 59% құрайды.

Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші ірі кәсіпорындар арасында байқалып, 14,9% құрады. Азық-түлік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 10,2%-ды, азық-түлік және үдерістік инновациялар бойынша - 4,3% құрайды.


2013 жылы аяқталған инновацияларды көрсеткен кәсіпорындар
1 кесте



Кәсіпорындар атауы

Технологиялар атауы



М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Саланы зерттеу және су шаруашылығында басқару шешімін қолдаудың және қабылдаудың ақпараттық бөлінген жүйесін құру. Шағын қуаттылығы бар мобильді жел энергетикалық құрылғыны әзірлеу



«Тараз құбыр зауыты» ЖШС

Жоғары қысымды полиэтиленді және тамшымен суғаратын құбырлар өндіретін зауыт құрлысы



«SUPER PHARM» ЖШС

Бір рет пайдаланылатын медициналық бұйымдарды өндіру



Шу локомотив пайдалану депосы

Локомотивтік бригадаларды электровоздың борттық KZ4AC компьтерімен қалай қолдану керектігі жөніндегі стенд



«Камкор локомотив» ЖШС филиалы

Жеткізу құрамының арбаларының үрдірлі кертпесін механикалық өңдеуге арналған ферезерлік модуль

Облыстың жоғары оқу орындарындарында, оның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту қолданбалы ғылым мен өндірісті біріктіруге, ЖОО-ның ғылымын экономикалық және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулерге қайта бағыттауға, ғылымға сыйымды технологиялар енгізуге бағытталған. Аграрлық ғылым Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен («ҚазСШҒЗИ» ЖШС), Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринарлық станцияларымен, Меркі жеміс-жидек шаруашылығымен ұсынылады, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын түрінде жұмыс істейді. Облыс кәсіпорындарының 6 – ауыл шаруашылығы дақылдарының асыл тұқымдарын өндірумен, 89 – асыл тұқымды мал шаруашылығымен, қой, шошқа, жылқы, түйе шаруашылығымен, 1 – жеміс-жидек дақылдарын отырғызуда сақтаумен және қамтамасыз етумен айналысады.

«Академик К.И. Скрябин атындағы Жамбылдық ветеринарлық ғылыми-зерттеу станциясы» ӨМҚК тиімділігі жағынан практикада қоладынылып жүрген импорттық аналогтарынан кем түспейтін және арзандылығымен ерекшеленетін бірқатар жаңа антигельминттік құралдарды ұсынды. «Облыстық тәжірибелік станциясы» жоғары сапалы тұқымды өндіру мен іске асырумен айналысады.

ҮИИД бағдарламасының шеңберінде инновациялық құрылымы бар, пайдалануға берілетін өндірістерге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл цемент зауыты («Мыңарал Тас компани» ЖШС), онда цементті құрғақ әдіспен өндіру игерілген. Сонымен қатар, онда шикізат өңдеуден, оны тұтынушыларға дайын өнім ретінде жеткізуге дейін өндірістің толық циклі жалға қойылған. Басқа да Ақбақай кластері («АК Алтыналмас» АҚ) маңызды жобасын пайдалануға беру кенорындардың өндірісін «Доре» қойыртпасында жаңа инновациялық технология бойынша жылына 2,8 тонна алтын балқыта отырып, он есеге ұлғайтады. Кең спектрлі пайдаланылатын жарық диодты шамдар зауытында («Энерджи Тараз» ЖШС) - ауыспалы технологияларды пайдалану электр қуатын пайдалануды 70%ға үнемдейді. Жоғары сапалы жүннен тоқыма тоқуға арналған шикізат – ТОПС-ты өндіру бойынша Қазақстан бойынша бір ғана кәсіпорын («Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС) Италиядан зертхналық зерттеуден өтіп, осы өнімді өндірушілердің әлемдік тізіміне енгізілді. «Жасулан и К» ЖШС жобасы бойынша жарық беретін пленканы пайдаланумен қатар өндірістік негізде гүлдерді өсіруде жаңа технологиялар пайдаланылды.



Мәселелер:

  • тек кейбір кәсіпорындардың ғана, тәуекелге бара отырып, жеке қаражаттарын өндірісті жаңарту және технологиялық инновацияны енгізу үшін жұмсауға мумкіншілігі бар;

  • білікті мамандардың болмауы, оларды қайта оқыту және біліктілігін арттыруға қосымша шығындарды талап етеді.


Қазақстандық үлес

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық үлесті арттыруға ықпал ету болып табылады.

2010 жылы қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасты. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары 2010 жылы жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгеге 27347 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық үлес тауарларды сатып алуда 80,5%, жұмыс пен қызмет көрсетуді – 93,9%.

2011 жылы қазақстандық үлестің және «NADLoC» АҚ тиісті мәліметтерінің айсайынғы мониторингісіне жататын кәсіпорындардың есепті мәліметтері бойынша жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алу көлемі 31,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде отандық тауар өндірушілерде – 15,9 млрд. теңге, қазақстандық үлес 50,7% құрады. 23,7 млрд. теңгеге (37,7%) тауарлар сатып алынды, 1,7 млрд. теңгеге (99,6%) жұмыстар, 5,9 млрд. теңгеге (88,5%) қызметтер орындалған. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы 43,2 млрд. теңге сомасында 18487 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық үлес 81%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 71,3%, жұмыс пен қызмет көрсетуде – 89,7%.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №366 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №745 қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1 тамызынан бастап мониторингке келесі кәсіпорындар жатады: «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразКожОбувь» ЖШС.

2012 жылы 4 жүйе құрушы кәсіпорын бойынша жалпы сатып алу көлемі 1452,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде отандық өнім өндірушілерден – 950,4 млн. теңге, қазақстандық қамтудың үлесі 65,5 % құрап отыр. 834,4 млн. теңгеге тауар сатып алынды (41,9%), 617,6 млн. теңгеге қызмет көрсетілді (97,3%). Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер тарапынан (жұмыстар мен қызмет көрсетуді) 2012 жылы 65,3 млрд. теңгені құрайтын 22, 7 мың мемлекеттік сатып алу жүргізілді, ондағы қазақстандық үлесі 82,9%-ды құрады, оның ішінде тауар сатып алуда 72,0%-ды, жұмыстар мен қызметтерде 91,2 %-ды құраған. Мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындарда тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алудағы қазақстандық үлес 78,1%-ды құрады.

Астана қаласында өткен «Қазақстандық қамту - 2012» форумында облысымыздың 10 кәсіпорны қатысты («Казфосфат» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «Мынарал Тас Компани» ЖШС, «Энерджи» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Жасулан-Флора» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «ТҚЗ» ЖШС, «Ырыс Бахыт» ЖШС, «Супер Фарм» ЖШС).

«Тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық үлесті дамытуға мониторинг жасауға жататын мекемелердің тізімін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы ҚР Үкіметінің №366 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №554 қаулысына сәйкес, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық қамтуды дамытуды мониторингілеуге жататын мекемелердің тізімі бекітілді. Жамбыл облысы бойынша келесі тізім анықталды. «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС және «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС.

2013 жылы 5 жүйе құрушы кәсіпорын бойынша жалпы сатып алу көлемі 1 572,0 млн. теңгені құрады, қазақстандық қамтудың үлесі 58,9% құрап отыр. Тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі – 45,3%, қызметтер мен жұмыстар 100%;

2013 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер тарапынан (жұмыстар мен қызмет көрсету) 74761,3 млн. теңгені құрайтын 56,1 мың мемлекеттік сатып алу жүргізілді, ондағы қазақстандық үлесі (90,1%) пайызды құрады, оның ішінде тауар сатып алуда 81,1%-ды, жұмыстар мен қызметтерде 92,5%-ды құраған.

2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы қазақстандық үлес 79,7% құрап отыр.

СТ-KZ сертификатын беру міндеттерін облыстық сауда-өнеркәсіп палатасына (2012 жылдың 1 қаңтары) берілуіне байланысты аталған сертификатты беру рәсімі жеңілдетілді, осының арқасында сертификатты алған кәсіпорындар саны және сәйкесінше өз өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі артты.

Облыста отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстар атқарылуда, олар:


  • тиянақты түрде облыс жүйе құраушы кәсіпорындарында қазақстандық қамтуды арттыру жөнінде жоспарлар әзірленіп, әрбір тоқсан сайын атқарылған жұмыстар бойынша ҚР ИЖТМ – не есеп беріледі.

  • облысымыздағы отандық тауар өндірушілердің каталогы жасалып, ол облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының сайтына орналастырылған, каталог үнемі жаңартылып және қосымша ақпараттар енгізіліп тұрады, сондай-ақ республикамыздың басқа өңірлеріне «NADLoC» АҚ, ірі компаниялар мен кәсіпорындарға жолданды.

  • Ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен көрмелер, кездесілер семинарлар ұйымдастыру;

  • 2013 жылдың 30 мамырында «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурсында 57 кәсіпорын қатысты. Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттары 2013 жылдың желтоқсанында өсткен республикалық байқауға қатысады.

  • облысымызда орналасқан ірі кәсіпорындардың («Казфосфат», «ТМЗ» және «Еврохим-Тыңайтқыштар» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС, «Алтыналмас АК» АҚ) 2013 жылға арналған сатып алу жөніндегі жоспары жасалынып, аймақтың және республикадағы кәсіпкерлері мен тауар өндірушілеріне жолданды.

  • облыс кәсіпорындарын жыл сайын өткізілетін «Қазақстандық қамту» республикалық форумына қатысуын қамтамасыз ету.

Әлемдік қаржылық дағдарыстың салдары, тұрақты дамуға жету үшін шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты дамыту қажет екендігін көрсетті. ШОБ субъектілерінің өнім көлемін арттыру мақсатында ұлттық компаниялар тарапынан жергілікті өнім өндірушілерден тапсырыстар көлемін ұлғайту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Осы тұста нақты шаралардың бірі ірі жүйе құраушы компаниялардың маңында шағын және орта бизнесті дамыту болып (Әріптестік бағдарламасы) табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әріптестік бағдарламаны дамыту бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында, 2013 жылдың ақпанында «Казфосфат», «Еврохим Удобрения», «Talas Investment Company» ЖШС-нің басшылары, Сарысу және Талас ауданы әкімдері сонымен қатар, кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен «Казфосфат» арасында шағын және орта бизнесті қолдаудағы іскерлік байланыс орнату жөнінде Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 2013 жылдың наурызында облыстық әкімдікте құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен облыстың құрылыс мекемелерімен Әріптестік бағдарламаны іске асыру жөнінде кеңес өткізілді.

Тараз қаласында 2013 жылдың 7 қарашасында өткен Мемлекеттік бизнесті қолдау мәселесі бойынша өңіраралық конференцияда 13 меморандумға және ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері арасында келісімдерге қол қойылды.

Облыста сертификаттары бар тауар өндірушілердің тізілімі әзірленіп, таратылған, кәсіпорындармен және републиканың басқа да өңірлерімен меморандумдарға қол қойылған. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және әрі қарай алға басуы, ҮИИДМБ жаңа технологияларды пайдаланумен қатар облыстағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіруге және жаңа өндірістерді құруға бағытталған шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімді шығаруды қамтамасыз етеді.


2.2.2 Әлеуметтік сала
Білім беру

Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептердің материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қолжетімділікті арттырады. Дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде оқығысы келетіндердің саны артуда. Бұл білім беру қызметтерінің деңгейіне және қазіргі заманғы талаптарға сай жағдайлар жасауға деген сұраныстың артқандығының белгісі.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін және олардың санын, онда оқитын оқушылар санын арттыру экономиканың түрлі салаларын білікті мамандармен қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Кәсіби лицейлер мен колледждерді бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейнің артуы жұмыссыздық деңгейін және өңірдегі халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын қысқартуға мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, қолда бар әлеуетті толық пайдалануға және экономиканың дамуына кедергі келтіретін кемшіліктер де бар, олар балалардың мектепке дейінгі білім берумен, оқушылардың қосымша техникалық және кәсіби біліммен қамтылуының төмен деңгейі. Білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық тұрғыдан барынша ескіргендігі 65-70%-ды құрайды, мектептердің 39%-ы ыңғайластырылған жайларда орналасқан, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі талаптар мен стандарттарға сай емес.



Педогогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығы беделін арттыру.

Педагогикалық кадрларды ауылда бекітуге немесе орнықтыруға мұғалімдерге әлеуметтік қолдау мен оларға материалдық ынталандыру жүзеге асырылады. Ауылдық аймақтар педагогикалық кадрларды тарту мақсатында жыл сайын әлеуметтік қолдауға бюджеттен қаражат қарастырады. Ауылдық білім мекемелеріне келген жас мамандардың тұрмыс-тіршілігі жағдайын қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешілуде. ЖОО бітірген және ауылда жұмыс істеу мен тұруға қайтып келген жас мамандардың саны ұлғаюда; оқу орындарындағы түлектер мен білімгерлердің, мектеп оқушыларының санынан ауыл шаруашылығы үшін кадрлық әлеуеттер құрылуда; ауыл шаруашылық өндірісі мен ауылдағы әлеуметтік сала жүйесінің маңызды бөлігіне білікті кадрларды бекіту мен олардың ағымдылығын төмендету үшін жағдайлар жасалуда.



Жоғары білім алған педагогтар санының өсуі байқалуда. Егер 2009 жылы облыс мектептерінде жұмыс істейтін педагогтардың саны 21759 адамды құрайтын болса, оның ішінде 86%-ы (2007-82,7%) жоғары білімді, онда 2011 жылы жоғары білімді педагогтар үлесі 87,4%-ды, 2012 жылы 88,9%-ды, 2013 жылы 89,8%-ды құрайды.

Егер 2009 жылы жоғары және бірінші категориялы мұғалімдер үлесі 42,2%-ды құраған болса, 2011 жылы педагогтардың шеберлігі мен біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруі есебінен 44,0%-ға, ал 2012 жылы 47,5%-ға өсті, 2013 жылы – 48,4% құрады.

2011 жылы 5024 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2012 жылы «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы Жамбыл филиалында 1054 педагогтар оқытылды (2 деңгейде – 110 адамның еңбекақысы 70%-ға, 3 деңгейде – 1044 адамның еңбекақысы 30%-ға өскен). Бұдан басқа, мектептердің 157 басшысы (директорлар, олардың орынбасарлары) біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2013 жылы "Назарбаев интеллектуалды мектебі" педагогтық шеберлілік орталығында 1100 педагог жаңа форматтағы деңгейлік курсттан өтті: 1-ші деңгейден 250 педагог (100%-ға еңбекақысы жоғарылатылды), 2-ші деңгейден 155 педагог (70%-ға), 3-ші деңгейден 695 педагог (30%-ға) өтті.

Бұдан басқа, 111 мектеп басшылары (директорлар, орынбасарлар) біліктілікті арттыру кусртарынан өтті.

Ауылдық мұғалімдердің деңгейлерін жоғарылату және сапалы білім беруге біріңғай қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2011-2016 жылдары 10 тіректі мектептер (ресурстық орталықтар) ашу қарастырылған, оның ішінде 2014 жылдың басына 6 мектеп жұмыс істейді: Байзақ, Жуалы, Талас, Шу, Т.Рысқұлов және Мойынқұм аудандарында. Ресурстық орталықтарды материалдық-техникалық қамтуға 2012 жылы 58,8 млн.теңге, 2013 жылы - 126,8 млн. теңге, 2014 жылы - 50 млн.теңге облыстық бюджет қаражаттары бөлінді. Тіректі ауылдық мектептерде жаңа форматтағы деңгейлік курстарынан 307 педагогтан: бірінші деңгейден - 1 педагог, екінші деңгейден - 6 педагог, үшінші деңгейден - 19 педагог өтті.



Мәселелер:

Білікті педагогикалық кадрлардың - табиғи-математика бойынша шетел тілінде дәріс беретін мұғалімнің жетіспеушілігі.



Орта білім беру

2010-2011 оқу жылдары білім беру қызметін 466 мектеп, 2011-2012 жылдары – 460 мектеп, 2012-2013 жылдары – 456 мектеп атқарды.

2013-2014 оқу жылдарының басына білім беру қызметін 453 мектеп атқарды (447 жалпы білім беретін және 6 мектеп интернаттары).

2010 жылдың 1 қазанына үш ауысымда 10 мектеп жұмыс істеді, 2011 жылдың 1 қазанына – 8 мектеп, 2012 жылдың 1 қазанына – 4 мектеп. 2013-2014 оқу жылдарының басына үш ауысымда 2 мектеп жұмыс істеді. Аталмыш мәселелерді шешудің шеңберінде 2014 жылы Қордай ауданының Кенен ОМ оқу корпусы ғимаратының құрылысы аяқталды. Тараз қ. апатты мектепің орнына 2015-2016 жылдары Құмшағал ОМ ғимаратын салу жоспарлануда. Аталмыш жобаны республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тізіміне енгізу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданған.

2014 жылдың басына облыс бойынша апатты мектептер саны 25 (2011 жылы - 29, 2012 жылы - 33, 2013 жылы - 25). 2014 жылы апатты мектептердің орнына 2 мектеп пайдалануға берілді, сондай-ақ 14 сол секілді нымандардың құрылысы жүргізілуде, оның 5-і жыл оңына дейін пайдалануға беріледі.

Облыста 77 мектеп саман кірпішті ғимараттарда орналасқан (2011 жылы – 83, 2012 жылы- 81), 169 мектеп 1970 жылдарға дейін соғылған, 152 мектепке күрделі жөндеу қажет.

2011-2012 оқу жылдары мектептерді интерактивті тақталармен жабдықтау деңгейі 30,2%-ды құрады, кең ауқымды Интернет желісіне қосылғандары – 208 мектеп немесе 45,6%, жалпы білім беретін мектептің санынан 217 мектеп немесе 47,6% лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен, 109 мектеп (23,9%) – биология кабинеттерімен, 96 (21,0%) – физика кабинеттерімен, 28 (6,1%) – химия кабинеттерімен қамтылды.

2012-2013 оқу жылдары мектептерді интерактивті құрылғыларымен жабдықтау деңгейі 30%-ды құрады, кең ауқымды Интернет желісіне қосылғандары – 90%, 217 мектеп (456 жалпы білім беретін мектептің санынан 47,6%) лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен қамтылды, 109 мектеп (27,9%) – биология кабинеттерімен, 96 (24,6%) – физика кабинеттерімен, 28 (7,2%) – химия кабинеттерімен қамтылды.

2014 жылдың басына облыста 138 мектеп интерактивті жабдықтармен қамтылған, қамтылу деңгейі 30,5%-ды құрайды, 430 жалпы білім беретін мектеп (94,9%) кең ауқымды Интернет желісіне қосылған.

2011 - 2013 жылдар аралығында 233 жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алында (2011 жылы - 68, 2012 жылы - 66, 2013 жылы - 99), 2014 жылы тағы 165 кабинет сатып алу жоспарлануда.

2011 жылдан бастап қазіргі таңға дейін сапалы және тұрақты ыстық тамақпен қамтамасыз етілген аз қамтылған отбасындағы балалардың үлесі 100% құрайды.

4104 бала немесе 96,4%-ы сапалы жайлы жеткізумен қамтылды. Қордай ауданы Қалғұтты ауылында 153 бала жеткізумен қамтылмаған, онда жақын маңдағы мектептің арақашықтығы 1 шақырымнан астам.
Мәселелер.

- саман кірпішті ғимараттарда орналасқан 77 мектеп бар болуынан апатты мектептер санының өсімі;

- компьютерлік және интерактивті жабдықтармен қамтылудың төмен деңгейі.

Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларды қолжетімді білім берумен қамтамасыз ету

Даму мүмкіншілігі шектеулі балалардың саны жылсайын өсуде. 2011 жылы олардың саны 6972, 2012 жылы - 7174, 2013-2014 оқу жылдары - 7324 құрады.

Білім ұйымдарында білім алумен 18 жасқа дейінгі 5389 бала қамтылды.

Арнайы мекемелерде 1342 бала (2011 жылы - 1304, 2012 жылы - 1527), оның ішінде арнайы түзету бойынша мектеп-интернаттарында - 584 бала (2011 жылы - 570, 2012 жылы - 559) білім алуда, үйде оқытылумен - 1374 бала (2011 жылы - 1308, 2012 жылы - 1340), колледждерде білім алумен - 70 бала (2011 жылы - 39, 2012 жылы - 32) қамтылды.

Облыстың 264 мектебінде дамуда мүмкіншілігі шектеулі 1318 бала (2011 жылы - 1250, 2012 жылы - 1262) инклюзивті білім алумен қамтылды.

2010 жылы Тараз қаласында Қалпына келтіру орталығы және қалалық психолого-медико-педогогикалық консультация ашылды.

Облыс бойынша:

психолого - медико - педогогикалық консультациялар 2013 жылы - 5 (2011 жылы – 5, 2012 жылы – 5), арнайы түзету бойынша мектеп - интернаттары 2013 жылы - 4 (2011 жылы – 4, 2012 жылы – 4), психолого - педогогикалық түзету кабинеттері 2013 жылы - 7 (2011 жылы – 7, 2012 жылы -7), арнайы логопедтік мектепке дейінгі мекемелер 2013 жылы – 2 (2011 жылы – 2, 2012 жылы – 2), логопедтік топтары бар мектепке дейінгі мекемелер 2013 жылы - 8 (2011 жылы – 10, 2012 жылы – 8) , логопункттер 2013 жылы - 13 (2011 жылы – 2, 2012 жылы – 5), түзету сыныптарымен жалпы білім беру мектептері 2013 жылы – 20 (2011 жылы – 20, 2012 жылы –18 ) және 1 сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Бөгетсіз өтуге жағдай жасау мақсатында 2011-2012 жылдары облыста 261 мектепке пандустар мен тұтқалар, 250 мектепке – кең есіктер, 51 мектепке – демалу орындары орнатылды. 170 мектепке дейінгі мекемелер ішінде 38-не пандустар мен тұтқалар, 75-іне – кең есіктер орнатылды. 2013 жылы 81 мектеп бөгетсіз білім алуға қол жетімділікпен қамтамасыз етілді (пандустар мен тұтқалар, кең есіктер орнатылды және демалу бұрыштарымен қамтылды).

Мәселелер:

- мектептерде, балабақшаларда логопедтік пункттер және психолого-педогогикалық түзету кабинеттерінің жеткіліксіздігі;



Мектепке дейінгі білім беру

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша облыста 2010-2014 жылдарға «Балапан» бағдарламасы әрекет етеді.

Облыста 2010 жыл мен 2014 жылдың қаңтар-мамыры аралығында Бағдарламаны іске асырудың шеңберінде 75 бала бақшада және 134 шағын орталық ашылды, онда 20515 бала тәрбиеленуде.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жаңдай бойынша 134 және 21,5 мың баланы қамтитын 59 шағын орталық жұмыс істейді. Облыстық бюджет есебінен 2010-2012 жылдары 571 млн. теңгеге 25 бала бақша ғимараты сатып алынды (2010 ж. – 235 млн. теңгеге 10 ғимарат, 2011 ж. – 261 млн. теңгеге 14 ғимарат, 2012 ж. – 75 млн. теңгеге 1 ғимарат).

«Балапан» бағдарламасын іске асырудың есебінен 2012 жылы құрылыс есебінен әрқайсысы 280 орындық 3 мемлекеттік балабақша (Меркі, Талас және Сарысу аудандарында), жаңғырту есебінен 11 мемлкеттік және 3 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 8 шағын орталықтар пайдалануға берілді, жұмыс істеп жатқан 455 орындық мектепке дейінгі мекемелерде қосымша топтар ашылды.

2013 жылы 18 балабақша және 2 шағын орталық ашылды, онда мектепке дейінгі жастағы 3115 бала тәрбиеленуде.

2013 жылдың 1 каңтарына 366 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, оның ішінде 355 мемлекеттік және 11 жекеменшік, онда 36,7 мың бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 45,5%-ды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,3 пайыздық тармаққа жоғары.

2014 жылдың 1 каңтарына 380 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, оның ішінде 212 балабақша және 168 шағын орталық, онда 39,6 мың бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі енгізілген, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісі өсуде.

Жекеменшік балабақшалар желісі 2010 жылмен салыстырғанда 14 бірлікке дейін кеңейтілген.

2014 жылдың 1 мамырына облыстың 19 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерінде (16 балабақша және 3 шағын орталықтар) 2120 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 2013 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Тараз қаласында 400 орындық «Инжу» балабақшасы соғылды.

«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 591 млн. тенгеге 26 балабақша ғимараттары сатып алынды (2010 жылы - 10, 2011 жылы - 14, 2012 жылы - 2).

10 балабақша салынды (2010 ж. – 1, 2011 ж. – 2, 2012 ж. – 3, 2013 ж. – 3, 2014 ж. - 1), оның ішінде республикалық бюджет есебінен - 9, жергілікті бюджет есебінен - 1.

Балалардың (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және білім алумен қамтылу деңгейі 2010 жылғы 45,3%-дан 2013 жылғы 67,6%-ға артты, 2010-2013 жылдардағы оның серпіні келесі кестеде көрсетілген:

%




2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

3-6 жастағы

45,3

60,5

64,6

67,6


Мәселелер:

- Мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру үшін кезекке тұрған балалардың саны 34933 адамды құрады.

- мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің жетіспеушілігінен балабақшаларда топтардың шектен тыс толуы (Тараз қаласында 40 балаға дейін)

Кәсіби білім беру

2010-2011 оқу жылдарында облыста 60, 2011-2012 жылдарында – 56, 2012-2013 оқу жылдарында 54 техникалық және кәсіби білім беру мекемелері жұмыс істеген.

2013-2014 оқу жылдарында облыста 32320 оқушы қамтылған 51 колледж жұмыс істеді (2011-37895, 2012-35472). Орта топтағы және жұмысшы мамандықтағы кадрларды даярлау 85 мамандық және 133 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда.

Жергілікті бюджеттен мемлекеттік білімнің тапсырыс көлемі жылсайын өсуде. Егер 2011-2012 оқу жылдарында жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен барлығы 4496 орын бөлінген болса, оның 3859 орны жергілікті бюджеттен. 2012-2013 оқу жылдарында жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен барлығы 4229 орын бөлінген, оның 3994 орны жергілікті бюджеттен, бұл 2011-2012 оқу жылдарына қарағанда 135 орынға артық. 2013-2014 оқу жылдарында облыстың колледждерінде 4730 бала(2011 - 4288, 2012- 4496) оқытылуда, бұл 2011 жылға қарағанда 442 орынға артық.

Мемлекеттік колледждер материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бюджеттік қаражат өсуде. 2013 жылы 2011 жылғы 72,5 млн. теңгеге және 2012 жылғы 180,8 млн. теңгеге қарағанда 324,8 млн. теңге бөлінген.

Техникалық және кәсіби білім алуға қол жетімділік Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. және Қордай ауданы Ноғайбай а. ауыл шаруашылық колледждерінің бос тұрған жатақханаларында күрделі жөндеу жүгізу есебінен ұлғайды.

Оқушыларды базалық өндірістік тәжірибемен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы облыстың колледждері, кәспорындары мен шаруа қожалықтары арасында 1182 келісім-шартқа қол қойылды (2011 ж.- 1084, 2012 ж. -1243).

2013 жылы күндізгі бөлімнің 6729 түлектерінен 4493 адам немесе жас мамандардың 66,7%-ы жұмысқа орналастырылды (2011 ж.-87,6%, 2012 ж. - 85,9%).



Мәселелер:

- инженерлі-педогогикалық қызметкерлердің біліктілігінің төмен деңгейі, ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқытушылардың жетіспеушілігі;

- мемлекеттік колледждер жатақханаларының жеткіліксіздігі.
Балалар құқығын қорғау

Облыста 2014 жылдың басына 2201 жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар бар.

Жылсайын отбасыларға асырауға және патронаттық тәрбие алуға берілген балалар саны артуда. 2013 жылы 1602 бала қазақстандық азаматтарға асырауға берілді (2011 жылы – 1280 бала, 2012 жылы – 1436 бала), 130 бала патронаттық тәрбие алуға берілді (2011 жылы – 143, 2012 жылы – 141).

Жетім балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балалардың саны азайған. Облыстың осындай 3 ұйымдарында (Қ.Сарымолдаев атындағы балабақша, В.Савва атындағы мектеп-интернаты, облыстық жасөспірімдер үйі) және жанұялық типтегі 2 балабақшада (Ержанов, Тимофеев жанұяларының) 333 бала (2011- 376, 2012-348) тәрбиеленді. Оның 82-і (24,6%) жетім балалар, 248-і (75,4%)ата-анасының қарауынсыз қалған балалар. Бұл ата-анасы тірі «әлеуметтік жетімдер.

2012 жылғы «Ұлан» балабақшасы Қ.Сарымолдаев атындағы балабақшамен біріктірілді.

Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары түлектерінің саны 2013 жылы 63-ті құрады (2011 жылы 67, 2012 жылы 69). Соның ішінде 9 сыныпты – 55, 11 сыныпты – 8 оқушы аяқтады, колледждерде - 57, ЖОО - 3 оқушы оқуын жалғастыруда, 3 адам жұмыс істейді.

Жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқығын және мүддесін қорғау мақсатында 2013 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан балалар үйінің түлектеріне 84 пәтер бөлінді (2011 ж.- 2, 2012 ж.- 3), 1 тәрбиеленушіге өз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алынды (2012ж.-3), 12 тәрбиеленушіге тыйым салу арқылы тұрғын үй сақталынды (2011ж.-2, 2012ж.-5). Туыстарының өлімінен кейінгі мұрагерлік ашылу есебінен 2011 жылы 5 бала, 2012 жылы 1 бала тұрғын үймен қамтылды.

1.05.2014 жылға 275 жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтылды.

Тұрғын үй алуға жеңілдік берілген кезекте 656 түлек тіркелген.

2013 облыс әкімдігінің қаулысымен жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Облыста Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді, оған 2013 жылы 254 бала жеткізілді (2011ж.-223, 2012ж.-258). Оның ішінде 189 ата-анасына және заңды асыраушыларына қайта жеткізілді, арнайы мектепке – 1, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балабақшасына және В.Савва атындағы мектеп-интернатына 49, транзиттік ҚТБО – 2, қамқоршыға – 3 бала берілді.

Мәселелер.

- балабақшаларда әлеуметтік жетімдер үлесінің 75,4%-ға дейін өсуі;

- отбасыларға асырауға әлеуметтік жетімдерді беру қажеттігі.


Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық қызметті 54 ауруханалық ұйым (оның 12 жеке меншік), 409 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме (оның 25 жеке меншік), және 12 басқа да мекеме көрсетеді.

Облыстағы денсаулық сақтау саласында ана мен бала денсаулығын нығайту мен сақтау, әлеуметтік-маңызды ауруларға (туберкулез, онкологиялық аурулар, ЖҚТБ, жүрек-қан тамырлар аурулары, жарақаттанулар) қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстарды күшейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру басымды бағыттар болып табылады.

Халықпен жұмыс аурулардың алдын алуға және денсаулықты сақтаудағы жауапкершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған.

2009 жылдан бастап бала туу өсуде, 2009 жылы ол 26,00-ді (ҚР – 22,00) құраса, 2010 жылы – 27,24, 2011 жылы – 27,24, 2012 жылы – 26,83, 2013 жылы 1000 адамға 26,8 құрады.

Өлім көрсеткіші 2009 жылы 7,00 (ҚР – 8,00) 2010 жылы - 8,01, 2011 жылы – 7,67, 2012 жылы – 7,53, 2013 жылы – 7,27 құрады.

Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2009 жылғы 18,00-ден (ҚР – 13,00) 2011 жылы 19,62-ға, 2012 жылы 19,30-ға және 2013 жылы 19,53-ке дейін өсті.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы облыс бойынша 2009 жылғы 67,92 жастан (ҚР – 68,36) 2010 жылы – 68,13 жасқа, 2011 жылы-69,23 жас, 2012 жылы 69,53 жасқа (ҚР – 69,61 жас) 2013 жылы 69,73 жасқа дейін өсуде.

Ана өлімінің көрсеткіші тұрақты қысқаруда: 2009 жылғы 40,08-ден (ҚР – 36,8) 2010 жылы – 29,5-ке (ҚР – 23,1), в 2011 жылы -22,5, 2012 жылы – 18,7-ға (ҚР – 13,5), 2013 жылы – 14,8-ге (ҚР – 12,6) дейін, сонымен бірге орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалуда. Ана өлімінің негізгі себептері - акушерлік қан кету (40,0%), гестоздар (40,0%), аборт жасату деңгейінің жоғарылығынан болатын экстрагенитальдық аурулар (20,0%).

Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ұсынылған бағдарламалар енгізілген: ана сүтімен емізуді қолдау және ынталандыру, ана қауіпсіздігі, перинаталдық көмекті өңірлендіру, бала жасындағы ауруларды интегралдық жүргізу. Диагностика жасау мен емдеудің клиникалық хаттамалары барлық жерлерде енгізілген, халықты ақпараттандыру мен хабардар ету жұмыстары белсендендірілген, репродуктивті денсаулық саласындағы мамандардың біліктілігі арттырылуда. Жаңа туылған балаға хирургиялық көмек көрсету үшін облыстық перинаталдық орталық базасында 2012 жылы неонаталдық бөлім кеңейтілді. Аталған қызметтің нәтижесі 2011 жылғы 11,93-тен 2012 жылғы 10,04 – ке, 2013 жылы – 13,5-ке дейін бала өлімінің қысқаруы болып табылады.

Облыста халықтың 100 мың адамға шаққанда қан айналымы жүйесі аруларының өсімі байқалуда, 2010 жылы ол 3106, 2011 жылы – 3106,1, 2012 жылы – 3877,8 (ҚР - 2194), 2013 жылы - 2896,9-ды құрады, оның ішінде қан қысымының жоғарылығы 2010 жылы – 1276, 2012 жылы – 1932,7 құрады. Халықаралық стандартарға сәйкес оңалту және сауықтыру төсектері бар қалалық №1 ауруханасының базасында инсульттік орталық ашылды. Орталық компьютерлік томографпен қамтылған және оны жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылуда. Кардиологиялық төсектерді қайта ұйымдастыру жүргізілген, ангиографиялық зертхана ашылған, қалалық және ауылдық медициналық ұйымдарында «алтын уақыт» принциптері кеңінен пайдаланыла бастады. 2013 жылы «Жүрек» кардиохирургиялық жеке клиника ашылды.

Қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі Жамбыл облысында төмен, ол 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 125,3, 2011 жылы – 130,8, 2012 жылы – 129,5 (ҚР – 188,4), 2013 жылы – 140,1 құрады.

Өткен жылдарда туберкулезбен ауыру көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады, ол 2010 жылы 83,0, 2011 жылы – 78,4 (ҚР – 63,0), 2012 жылы - 77,2, 2013 жылы – 70,6 құрады.

Жұқпалы ВИЧ көрсеткішінің артқандығы байқалады, 2011 жылы ол – 8,9, 2012 жылы – 9,41, ал 2013 жылы – 8,46 құрады.

Шоғырланған сатыда ВИЧ-тің таралуының алдын-алу мақсатында алдын алу шараларын кеңейтуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекеттер жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ЖҚТБ ауыратындарға антиретровирустық терапиямен толық көлемде қамтамасыз ету жалғастырылуда.

Жамбыл облысында жарақаттанудың деңгейі 2009 жылы 100 мың халыққа 3723,9 құрады және ҚР (4080,4) бойынша 6 орында, 2010 жылы - 4575,1, 2011 жылы - 4192,4 және 2012 жылы - 2899,0, және 2013 жылы – 2485,7.

Жарақаттан, қайғылы оқиғалар мен уланулардан қайтыс болу облыстағы өлім себептерінің арасында екінші орында тұр. Өлімнің біршама ғана төмендегендігі байқалады 2009 жылғы 100 мың халыққа 99,08-ден (ҚР – 108,37) 2010 жылғы 91,37-ге, 2011 жылы – 87,77-ге, 2012 жылы –88,2-ге, 2013 жылы – 84,2-ге дейін. 2012 жылы Шу қ. қалалық ауруханасында 40 төсекке ауданаралық жарақаттық бөлім кеңейтілді. Шу қ. қалалық емханасында денсаулық сақтау орталығы ашылды. Меркілік ОАА-да хирургия бөлімі 10 жарақаттық төсекке кеңейтілді.

Санитарлық авиацияның ұшуына және шығуына қосымша қаражат бөлінді, бұл ұшақпен жедел көмек көрсетуді үш есе арттыруға мүмкіндік берді.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін Жамбыл, Қордай, Т. Рысқұлов аудандарында шағын стансалар ашылды.

Материалдық-техникалық негізді жаңарту үшін 2009 жылы Қордай ауданының ОАА үшін 1 реанимациялық автокөлік, 2010 жылы 102,4 млн. теңгеге 7 реанимациялық автокөліктер сатып алынды (Тараз қаласында ЖМКС, облыстық аурухананың санитарлық авиация бөлімі, 5 ОАА үшін). Мемлекеттік бағдарлама аясында 600,8 млн. теңге сомасында 250 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Жергілікті бюджет есебінен 2010 жылы 4 784 мың теңге бөлініп, игерілді.

2012 жылы санитарлық автокөліктің 28 бірлігі сатып алынды, оның ішінде 2 - республикалық бюджет есебінен, 26 - жергілікті бюджет есебінен.

2013 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен 1111,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 879,3 млн. теңге бағытталған. Санитарлық көлікпен қамтамасыз етілген 1 қалалық және 4 аудандық жедел жәрдем пункті ашылды.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша: 2009 жылы темекі шегу - 21,4%, 2010 жылы – 21,2%, 2011 жылы – 21,0%, 2012 жылы – 21,0%, ішімдік ішу тиісінше 16,9%, 16,1%, 12,0% және 15,5% құрады.

Саладағы алдын алу бағыты күшейтілген, әр-түрлі топтағы халықты ақпараттық-білім беру материалдарымен қамту артуда, мінез-құлық факторлардың тәуекелдерін төмендету және азаматтардың іс-қимыл белсенділігін арттыру шаралары іске асырылуда. 2008 жылдан бастап психологиялық, кеңес беру, сауықтыру көмектерін көрсететін Жастар орталығы жұмыс істейді. Алғашқы медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлер, психологтар қызметі енгізілген. 2012 жылдан бастап 165 әлеуметтік қызметкерлер және 20 психолог облыс халқына қызмет көрсетуде.

Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық мекемелер деңгейінде ішкі аудит енгізілген. Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы мен ДСҰЖМ базасында каскадты әдіспен дайындықтан 9922 медицина қызметкерлері, оның ішінде 1982 дәрігерлер мен 7940 орта медициналық қызметкерлер өтті. 2013 жылы 120 ауылдық дәрігерлер және 900 орта медициналық қызметкерлер оқытылды. Жақын маңда орналасқан шет мемлекеттерде 6 адам оқытылды. Облыс аумағындағы дәрігерлерді және орта медицина қызметкерлерін оқытуға жақын маңдағы шетелдерден ғылими қызметкерлер тартылды. Бұдан басқа халықты тіркеудің алдын алу жұмыстарын күшейтуге (скрининг, арнаулы топ құру, салауатты өмір салтын және алдын алуды оқытуға), 2-ші және 3-ші учаскелік медбике қызметі енгізілген.

Алқашқы медициналық-санитарлық көмектің (бұдан әрі - АМСК) әлеуетін нығайту үшін АМСК-ті ұйымдастырудың соңғы нәтижесіне бағдарланған қызметкерлер еңбегін ынталандырудың жүйесін қалыптастыру жүгізілуде. Жан басына шаққандағы нормативтік компонентті ынталандыруға төлемдер (бұдан әрі - ЖНКЫ) республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі таңда барлық АМСК мекемлері және онда жұмыс істейтін барлық медициналық және әлеуметтік қызметкерлер ЖНКЫ жұмыстарымен қамтылды. АМСК-те «Ынталандыру компоненті» тарифі 2013 жылы 2012 жылғы 558,4 мың теңгеге қарағанда 754,5 мың теңгені құрады.

«100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде 2010 жылы Тараз қаласында 2 денсаулық сақтау нысандарының: 500 келушіге арналған қалалық №5 емханасының және 15 мың литрге облыстық қан орталығының құрылысы аяқталды.

2011 жылы Шу ауданы Төле би ауылында 150 төсектік орталық аудандық аурухананың құрылысы аяқталды.

Тараз қаласында 2012 жылдың желтоқсанында 200 төсектік облыстық көп бейімді балалар ауруханасы пайдалануға берілді.

2013 жылы Тараз қаласында 200 төсектік қалалық көп бейімді балалар ауруханасы, Жамбыл ауданы Аса ауылында ауысымында 250 келушіні қабылдайтын орталық аудандық емхана, облыстың 6 ауданында ауысымында 265 келушіні қабылдайтын 11 ДА, ауылдық елді мекендерде 7 дәрігерлік амбулатория және медициналық пункттер пайдалануға берілді.

2010 жылдың басына дәрігерлерге қажеттілік 312 (оның ішінде қала бойынша – 172, ауылдық мекендер бойынша – 140), 2010 жылы – 254 (АЕМ – 105), 2011 жылы – 240 (АЕМ - 61) құрады. 2013 жылдың басына дәрігерлердің жетіспеушілігі 211 адамды, 2014 жылдың басына – 216 адамды құрады.

Бір қатар аудандарда жас дәрігерлерге 100-400 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленіп, әлеуметтік қолдау көрсетілген.

Келешекте кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жас мамандарды мақсатты дайындауға облыс әкімі С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-на гранты бөлді, онда 1-2 және 3 курста 89 білімгер білім алуда. 2013 жылы 128 жас мамандар облысымызға келіп жұмыспен қамтылды, оның ішінде ауылдық мекенге – 74. Әлеуметтік қолдаумен және тұрғын үймен қамталғандар - 51.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды жақсарту мақсатында 2008 жылы бірегей дистрибьютор жүйесі енгізілді. Дәрі – дәрмек айналымы саласында мемлекеттік реттеу тиімділігі жоғарылады.

2011 жылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1022,6 млрд. теңге бөлініп, игерілді, бұл қамтылудың 75,1% құрайды, өсім – 1,7%. Халықтың бөлек топтарын амбулаториялық деңгейде дәрілік құралдармен және арнайы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосымша қаражат бөлінді. 2012 жылы 1331,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді, бұл қамтылудың 75,4% құрады, 2011 жылға өсім 30,2%-ды құрады. 2013 жылы 1410,9 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты бөлінді.

2010 жылдан бастап В және С гепатиттерімен ауыратын балаларды, сондай-ақ ауруға шалдығу деңгейі жоғары медициналық қызметкерлер мен студенттерді емдеу жүргізілуде. 2011 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сай әр бір аурудың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа дәрілермен ересек адамдарды емдеу басталды. Ауруға шалдығу деңгейі жоғары топтарды В және С гепатитеріне тексеріп тұру нәтижесіне байланысты емдеумен қамту деңгейі ұлғайтылатын болады. «Саламтты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап балалар арасында В және С гепатиттеріне скрининг жүргізуге қаражат бөлінді.

2010-2012 жылдары халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 3 жылжымалы медициналық амбулаториялық кешен, жаңадан туылған нәрестелер үшін жылжымалы көліктік инкубатор, компьютерлік және магнитті-резеңкелі томограф, отқа күйгендерге арналған төсек, облыстық аурухана үшін ангиограф сатып алынып, кардиоорталық жарақтандырылды. 2013 жылы облыстық онкологиялық диспансер 64 кесілген компьютерлі томографпен жабдықталды. №2 қалалық аурухана базасында «Еркек денсаулығы және жанұялық ұзақ өмір суру орталығы» ашылды. Облыстық балалар ауруханасында жаңа бөлімдер: балалар нейрохирургиясы, амбулаторлы хирургия орталығы, сауықтыру; облыстық босану орталығында – неонаталды хирургия бөлімдері ашылды.

Емдеу мекемелерін жарақтандыру бойынша мақсатталған жұмыстың нәтижесінде облыс бойынша медициналық құралдармен қамтылу деңгейі 2010 жылы 36,48%-ға, 2011 жылы 43,1%-ға, 2012 жылы 44,57%-ға, 2013 жылы 56,8%-ға өсті.



Мәселелер:

  • бала туатын жастағы аналар және туылған балалар денсаулығының республикалық көрсеткіштерден төмен деңгейі;

  • ана өлімі тіркелуде, баяу темппен бала өлімінің көрсеткіші төмендеуде;

  • дәрілік тұрақтылықтың дамуынан туберкулездің таралуына эпидемиологиялық қадағалау бойынша мәселе өзекті болып отыр.

  • жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары мен өлімнің көрсеткіштері жоғарғы деңгейде;

  • конго-крым қанды безгек ауруы мен құтыру ауруының жеке-дара тіркелуі;

  • кадр тапшылығы сақталуда, әсіресе ауылдық жерлерде, зейнетке шығар алдындағы және зейнет жасындағы дәрігерлердің жоғарғы үлесінің жұмыс істеуі.

Жұмыспен қамту құрылымы

Жамбыл облысы халқының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, жұмысқа қабілеттілердің үлесі – орташа республикалық көрсеткіштен артта қалуда.

Жұмысқа қабілетті халықтың және облыс экономикасында жұмыс істейтін халықтың саны тұрақты өсуде. 2011 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 589,4 мың.адамды, 2012 жылы 591,1 мың адамды (2009 жылғы деңгейге қарағанда өсім - 2,6%) құрады, оның ішінде облыс экономикасында 559,9 мың адам жұмыс істейді (өсім - 3,8%).

2012 жылы жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 48,1%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны – 51,9%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің 2009 жылмен салыстырғанда 0,2 тармақтық пайызға төмендегенін атап өту керек.

2013 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 581,0 мың адамды (2011 жылғы деңгейге қарағанда 1,4%-ға төмен) құрады, оның ішінде облыс экономикасында 550,8 мың адам жұмыс істейді.

2013 жылы жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 49,1%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны – 50,9%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің 2011 жылмен салыстырғанда 1,0 тармақтық пайызға төмендегенін атап өту керек.

2009 жыл мен 2013 жыл аралығында облыста 12144 әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы бойынша 14850 жұмыс орны құрылды.

Жұмыссыздықтың деңгейін төмендету бойынша белсенді шаралардың қабылдаудың нәтіжесінде 2011 жылы – 5,5%, 2012 жылы -5,4%, 2013 жылы 2009 жылғы 6,5% қарағанда 5,2%-ды құрады.

Бүркемелі жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 2009 жылы 0,2% құрады. Бүркемелі жұмыссыздық кен өндіру, өңдеу өнеркәсіптерінде тіркелген, 2010 жылдан бастап азайғаны байқалуда.

2011 жылдың 1 шілдесінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іске асырыла бастады, оның іс-шараларымен 5814 адам қамтылды, бұлардан бөлек 2009-2010 жылдардағы Жол картасы бойынша оқуларын 1504 адам жалғастырды.

Бағдарлама аясында кәсіптік оқытумен 3601 адам қамтылды, оқуын аяқтаған 2133 адамның 1833-і (86%) жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның қатысушыларымен персоналды жұмыс істеу мақсатында барлық аудандар мен Тараз қаласында 136 штаттық бірлікпен 11 Жұмыспен қамту орталықтары ашылды.

2012 жылы Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 595,7 млн. теңге бөлініп, игерілді. Бағдарламаның іс-шараларымен 8183 адам қамтылды.

2013 жылы Бағдарламаны іске асыруға 7,1 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 172,1 млн. теңге бөлініп, игерілді. Бағдарламаның іс-шараларымен 7821 адам қамтылды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іске асырылғаннан бастап (2011 жылдың 1 шілдесінен) 2013 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны 9775 адамды құрады, бұлардан бөлек 2009-2010 жылдардағы Жол картасы бойынша оқуларын 1504 адам жалғастырды.

Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытумен 4342 адам қамтылды, оқуды аяқтағандар – 3232 адам, оның ішінде жұмысқа орналасқандары – 2880 (89,1%).



Мәселелер:

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа орналасқандардың жоғары үлесі, әсіресе ауыл шаруашылығында;

- жастарды жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендігі;

- жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі.



Халықты әлеуметтік қорғау

Табысы кедейшілік шегінен төмен халықтың үлесі 2009 жылы - 2,4%-ға, 2011 жылы - 1,7%-ға, 2012 жылы – 1,2%-ға, және 2013 жылы 0,8% - ға төмендеді.

Барынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлемдер қарастырылған: атаулы әлеуметтік, тұрғын үй көмегі, балалардың жәрдемақылары, жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша аз қамтылған кейбір санаттағы азаматтарға берілетін көмек.

Мемлекеттік емес көздерден аз қамтамасыз етілген азаматтардың, мүгедектердің, ардагерлердің және жалғыз басты аналардың жанұяларына қосымша демеушілік көмектін түрінде қолдау көрсетіледі.

Өткен төрт жылда төлемдердің орташа мөлшерінің 1,4 есеге артып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге қысқарды, бұл атаулы жәрдемақының және оның мұқтаж адамдарға бағытталуының күшейгендігін көрсетеді.

Қолданып жатқан шараларға қарамастан 2012 жылы күнкөріс деңгейінің 6%-ға өсуінде облыс халқының табысы республикамызда ең төмен болып отыр.

Күнкөріс деңгейінен табысы төмен халықтың үлесі 2013 жылы – 3,4%, 2012 жылы – 4,9%, 2011 жылғы 5,1%-ға дейін төмендеген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 29,1%-ға төмендеді, дегенмен олардың басымы табысы төмен өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар.



Мәселелер:

- халықтың табыс деңгейі республика бойынша ең төмен болып сақталуда;

- күн көріс деңгейінен табысы төмен халықтың үлесі жоғары болып сақталуда;

- әлеуметтік көмек мөлшері Қазақстан Республикасы бойынша ең төмен;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар үлесінің жоғарылығы;

- кедейшіліктен шығу жөніндегі белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі, онда жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып қалуда;

- еңбек ақы төлеу және өндірістік жарақаттанушылық бойынша еңбек заңнамасының ережелерінің бұзылуы.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектердің жағдайын жақсарту облыстың әлеуметтік саласындағы саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Мүгедектерді оңалтудағы атқарылған жұмыстар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесін көбейтуге, мүгедектердің жеке қажеттілігін ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, жергілікті санаторлық-профилакториялық мекемелерде денсаулығын сауықтыруға мүмкіндік туғызды.

2011 жылы 3036 мүгедекке облыстық бюджеттен протез-ортопедиялық көмекке, кресло-арбалармен, сурдо-тифло құралдармен қамтамасыз етуге және санаторлы-курорттық емделу үшін облыстық бюджеттен 167,7 млн.теңге қаралса, 2012 жылы 2009 жылғы (2894 адам) 152,2 млн.теңгеге қарағанда 3094 адамға 190,2 млн теңге қарастырылған болатын. 2013 жылы 4549 мүгедекке облыстық бюджеттен протез-ортопедиялық көмекке, кресло-арбалармен, сурдо-тифло құралдармен қамтамасыз етуге және санаторлы-курорттық емделу үшін 282,2 млн.теңге бөлінді.

Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметін және гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы 5625 мүгедекке жергілікті бюджеттен 433,0 млн. теңге бөлінді, бұл 2009 жылдан 13,6%-ға артық. 2013 жылы 4082 мүгедекке жергілікті бюджеттен 231,3 млн. теңге бөлінді, бұл 2011 жылдан 63,5%-ға артық (2956 мүгедекке 147,0 млн.теңге).

Сондай-ақ, 876 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер мен 1150 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 2012 жылы 355 әлеуметтік қызметкерлерге 225,2 млн. теңге қаралса, 2009 жылы 108,9 млн. теңге қаралған болатын (759 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және 1000 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 268 әлеуметтік қызметкер). 2013 жылы 941 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және 1201 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 392 әлеуметтік қызметкерлерге 257,8 млн. теңге қаралса, 2011 жылы 169,5 млн. теңге қаралған болатын (786 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және 967 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 285 әлеуметтік қызметкер).

2012 жылы медициналық - әлеуметтік мекемелерде 1233 мемлекет қамқорлығындағы азаматтарға 1260,7 млн.теңге қаралса, 2009 жылы 916 адамға 860,4 млн. теңге бөлінген болатын. 2013 жылы медициналық - әлеуметтік мекемелерде 995 мемлекет қамқорлығындағы азаматтарға 952,2 млн.теңге қаралса, 2011 жылы 1010 адамға 1178,1 млн. теңге бөлінді.

Облыстағы бейімдеуге жататын 899 нысанның паспорттары жасалынып (түгендеу жұмыстары), жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Бейімделуге тиісті нысандар 2013-2018 жылдарға маңыздылығына қарай бөлінді. 2013 жылы бейімдеуге жататын 144 нысанның 140 нысан бейімдеуден өтіп, оған жергілікті бюджеттен 79,6 млн теңге бөлінді.

2014 жылы 388 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарлануда.

Мәселелер:

- облыста жүріп-тұруы қиын мүгедектерге арнайы жағдай жасалған қоғамдық көліктің жоқтығы;

- мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі;

- үкіметтік емес секторда мүгедектерді арнайы әлеуметтік қызметтермен қамту деңгейінің төмендігі.

- әлеуметтік маңызы бар нысандарды бейімдеу, қол жетімділік тек пандустарды орнатуымен шектеледі.

Азаматтардың еңбек құқығын қорғау

Аталған бағытта заманауи еңбек стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен зиянды және ерекше зиянды өндіріс жағдайлары салаларында («Кәсiптік еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау менеджментi жүйесi. Талаптар» (ҚР СТ 1348-2005); ХЕҮ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 халықаралық стандарты, OHSAS 18001 стандарты: 1999 «Occupational Health and Safety Assessment Series. Requirements (MOD)»).

Өндiрiсте жарақаттану деңгейiн азайту шаралары қабылдануда:

- кәсiпорындарды аттестаттау (2011 жылы еңбек жағдайлары бойынша 165, 2012 жылы - 703 және 2013 жылы - 284 өндiрiстiк нысандары аттестатталды);

- еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандырумен қамтуды кеңейту;

- тәуекелдi бағалау жүйесiн (бұдан әрi – ТБЖ) енгiзу.

Келіссөздер процесінің рөлі жоғарылатуда (қазiргi уақытта қолданыстағы ұжымдық шарттардың саны 2000 асты). Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру ынталандырылды («2010 – 2012 жылдарға арналған лайықты еңбек» бағдарламасын iске асыру, «Ұжымдық шарт жасаңыздар» республикалық акциясы, «Парыз» бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша конкурс және т.б.).

Мәселелер:


  • еңбек заңнамасының бұзылуы сақталып отыр;

  • өндірістік жарақаттану деңгейі жоғары күйінде сақталып тұр.


Мәдениет

Жамбыл облысындағы мәдениет пен өнер мекемелерінің желісі 531 объектіні құрайды. Оның ішінде 199 клубтар мен мәдениет үйлері (ауылда-195), 285 кітапхана (ауылда - 265), 7 мұражай (ауылда - 6), 10 автоклубтар (ауылда - 8), 2 кинотеатр (ауылда - 1), 22 киноқондырғылар (ауылда - 17), 2 облыстық драмалық театрлар, облыстық филармония, халық шығармашылығының облыстық орталығы және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі дирекция.

Соңғы жылдары мәдениет саласын дамытуға қаралған қаржы көлемі өсіп келеді. Облыстағы мәдениет мекемелеріне бөлінген қаржы көлемі 2011 жылы 2435,5 млн.теңге, 2012 жылы - 2 887,3 млн.теңге, 2013 жылы - 3 220,9 млн.теңге. 2014 жылға қаралған қаржы көлемі 3 403,0 млн.теңгені құрады.

2011 жылы 28 мәдени нысандарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары 104 млн. 977 мың теңгеге, облыстық тарихи-өлкетану музейінің аббаттандыру жұмыстары 10,3 млн.теңгеге және залдарды реэкспозициялау 50,0 млн.теңгеге жүргізілді; 2012 жылы 58,8 млн.теңгеге 15 мәдени нысандарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді; 2013 жылы 14 нысандарға 554,0 млн.теңге жұмсалды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 30 мәдени нысандары күрделі және ағымды жұмыстарынан өтті: 2012 жылы 15 нысан 240,4 млн.теңгеге, 2013 жылы 15 нысан 294,9 млн.теңгеге жөнделді және 50,0 млн.теңгеге Тараз қаласына Төле биге ескерткіш орнатылды.

2014 жылы 38 нысанды 572 млн. 306 мың теңгеге күрделі және ағымды жөндеуден өткізу жоспарлануда.

2011 жылы облыстық мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 189,3 млн.теңге, 2012 жылы 164,3 млн.теңге, 2013 жылы 185,4 млн.теңге қаралып, игерілді; 2014 жылға 353,6 млн.теңге қаралды.

Облыстық кітапханалардың кітап қорын толтыруға 2011 жылы жергілікті бюджеттен 6,0 млн.теңге, 2012 жылы 18,6 млн.теңге, 2013 жылы 19,1 млн.теңге жоспарланып, игерілді; 2014 жылы 22,0 млн.теңге бөлінді.

Облыста мәдениет және өнер саласын түсіндіріп тарату іс-шараларына 2011 жылы жергілікті бюджеттен 41 млн.теңге, 2012 жылы 56,4 млн.теңге,2013 жылы 208,7 млн.теңге жоспарланып, игерілді; 2014 жылы 142,0 млн.теңге қарастырылды.

2011 жылы облыста түрлі мәдени іс-шараларды өткізу үшін ЛЭД-экран, жарық, сахна, аппаратура жергілікті бюджеттен 60 млн.теңге қаражат бөлініп, аталған мүліктер сатып алынды.

2012 жылы Облыстық қазақ драма театрына және облыстық филормонияға 45 орындық 2 автобус 50 млн.теңгеге алынды.

2013 жылы Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына электрондық кітапхана жүйесі орнатылды және 5,7 млн.теңгеге планетарлық сканер алынды; облыстық филармония 30,4 млн.теңгеге сахналық құралдар мен музыкалық аспатармен қамтамасыз етілді.

Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында бүгінгі күні 285 облыстық кітапханалардың РАБИС, АБИС, КАБИС бағдарламаларының «Каталодизатор» модулімен 172 кітапхана жұмыс атқарады, 215 кітапхана компьютермен қамтамасыз етілген, 139 кітапхана интернет желісіне қосылған.

Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру жұмыстарына 2011 жылы облыстық бюжеттен ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Көне Тараз», «Бектөбе», «Тамды» қалашықтарына 60,4 млн.теңге бағытталған; 2012 жылы «Көне Тараз», «Жетітөбе» қалашықтарына – 50,0 млн.теңге; 2013 жылы «Көне Тараз», «Бектөбе», «Тамды» қалашықтарына 140,0 млн.теңге. 2014 жылы 250,0 млн.теңгеге «Көне Тараз» қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда.

Уақытша сақталу үшін аталған нысандарда консервация жүргізілді. Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналарын насихаттайтын тарихи кітап шығарылды.

2009 жылдан бері жыл сайын, кезеңмен Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштердің Жинағы шығарылып тұрады. Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен Қазақстанда жоқ 9 ауданның тарихи-мәдени ескерткіштерінің Жинағы шығарылды. Бұл мақсатқа 2011 жылы 17,0 млн.теңге; 2012 жылы 13,8 млн. теңге; 2013 жылы 7,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. Үстіміздегі жылы Жинақ басылымдарын бітіру үшін 12,0 млн.теңге қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мақсатында қорғау тақтайшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қорғау тақтайшалары 4 ауданда орнатылған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2012 жылы 0,8 млн.теңге; 2013 жылы 1,0 млн.теңге игерілді; 2014 жылға 2,0 млн. теңге қарастырылған.

Жамбыл облысының талантты өнерпаздарын анықтау мақсатында облыстық конкурстар, сынақтар және фестивальдар жыл сайын өткізіледі: 2011 жылы 22 мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды; 2012 жылы 17; 2013 жылы 29 өткізілді; 2014 жылы 26 іс-шара жоспарланды. Ең маңызды іс-шаралардың бірі: «Ұлы Жібек Жолы – саған» атты суретшілер Арт симпозиуымы, Жерұйығым –Жамбылым» атты фольклорлық - этнографиялық фестивалі, Ашық аспан астында «Кино әлемі», «Арт-керуен» мәдени-әйгілі ету жобасы, «Музей Түні» халықаралық акция, «Жамбыл STAR» телевизиялық-музыкалық конкурсы, жас режиссерлардың «Дебют» атты республикалық конкурсы, «Жамбыл-менің жай атым, Халық-менің шын атым» республикалық ақындар айтысы, «Аспара» Халықаралық сән фестивалі; «Көктем» Тараз классикалық музыка фестивалі; Польшаның Варшава астанасындағы Жамбыл обласының Мәдениет күндері; І халықаралық «Азия Елі» жерлестер фестивалі; «Қаратау сарыны» халықыралық дәстүрлі музыка фестивалі; «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты І Республикалық актерлік шеберлік фестивалі; Төле бидің 350-жылдығы; «Жаңа қоғамдағы кітапханалық инновациялар» атты Республикалық конференция; Қырғызстанның Қазақстандағы Мәдениет күндері; Жамбыл облысының ОҚО Мәдениет күндері; К.Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» атты ҮІІ Республикалық әншілер конкурсы; «Достықта жоқ шекара» атты шекаралық фестивалі және т.б.



Мәселелер:

  • саланың материалдық-техникалық базасының әлсідігі;

  • ауылдық жерде білікті кадрлардың тапшылығы;

  • отандық мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.



Тілдерді дамыту

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 2013 жылы 2011 жылғы 89% қарағанда 94%-ды және 2012 жылы 90,32 құрады.

Тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдай жасауға және мемлекеттік тілді үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Саланың инфрақұрылымы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанандағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығынан және Меркі, Шу, Қордай, Сарысу, Талас және Байзақ аудандық бөлімшелерінен құралады. Мұнда мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына қатысушылардың келесі динамикасы байқалады:



  • 2011 жылы орталықтарда 2033 адам оқытылды (287-і қазақ, 1746-ы өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 332-і мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2012 жылы орталықтарда 1687 адам оқытылды (99 адам - қазақ, 1588 адам - өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 160 адам - мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2013 жылы орталықтарда 2257 адам оқытылды (561-қазақ, 1696-өзге ұлт өкілдері, 508-мемлекеттік қызметкерлер).

Мемлекеттік органдардағы ісқағаздар мониторингі мемлекеттік тілдің арасалмағының үлесі 2011 жылы 98,6%-ы, 2012 жылы – 98,7%-ы, 2013 жылы - 98,6%-ды құрайтынын көрсетіп отыр.

облыста тіл саясатына байланысты республикалық және облыстық БАҚ-да келесі басылымдар жарияланды:

– 2011 жылы жарияланған 477 материалдың 445-і мемлекеттік, 32-орыс тілінде;

- 2012 жылы жарияланған 553 материалдың 516-ы мемлекеттік, 37-орыс тілінде;

- 2013 жылы жарияланған 543 материалдың 493-і мемлекеттік, 50-орыс тілінде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында жыл сайын «Үздік журналист» облыстық байқауы ұйымдастырылып отырады.

2011-2013 жылдары өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді үйрету және өз ана тілдерін сақтау мақсатында «Халықаралық ана тілі күні - 21 ақпан» мерекесіне орай этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – айбыным!» атты тіл фестивалі ұйымдастырылып, өзге ұлт жастары арасында жастар форумы, облыс басшыларымен кездесу өткізілді.

Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде облыстың елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылы 1 ауылдық округ пен 1 мектеп атаулары өзгерді, 2012, 2013 жылдары мораторийге байланысты аталған жұмыс уақытша тоқтатылғанмен, 2014 жылы бұл жұмыс жалғасуда.



Мәселелер:

- Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарттары жоқ.


Дене шынықтыру және спорт

2011-2013 жылдар аралығында спорттық нысандар желісі 106 бірлікке өсіп, 2014 жылдың 1 қаңтарына 1986 нысанды құрады, оның ішінде 19 стадион, 665 футбол алаңы, 544 спорт зал, 644 спорт алаңшалары және 114 басқа да нысандар. 2009-2011 жылдар аралығында облыста дарынды баларларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты, «Олимпиадалық қорды даярлау орталығы» ММ, «Тараз» Футбол клубы» МКҚК, «Аулие-Ата» клубы» МКҚК, «Баскетболистер клубы» МКҚК, «Волейболистер клубы» МКҚК, «Лашын» Футбол клубы» МКҚК.

2011-2012 жылдар аралығында демеушілердің қаражаты есебінен жасанды төсеніші бар және арнайы қоршалған 20 шағын футбол алаңшаларының құрылысы салынды. Оның 9-ы қалалық, 11-і ауылдық жерде орналасқан.

2013 жылы Тараз қаласында спорт Сарайының құрылысы аяқталды. Әлемдік стандарттарға сай келетін спорт Сарайында спорттың 18 түріне арналған 13 спорт залы 2,5 мың спортшыны бір мезетте қабылдай алады. 4 спорт залдар кешені пайдалануға берілді, оның 3-і Тараз қаласында және 1-і Жаңатас қаласында.

2013 жылы Тараз қаласындағы Орталық стадионының жабындысы (төбесі) УЕФА стандарттарына сәйкес қайта жаңартылды.

Қаратау қаласында «Лашын» футбол клубының спорттық базасының құрылысы аяқталды.

2014 жылдың басына Жамбыл облысында 43 спорттық мекеме жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (7-і Тараз қаласында, 25-і аудандарда), облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, «Тараз-Арена» спорт Сарайы және 7 спорт клубы.

Спорттық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 263 спорттық нысан (2013 жылы 73 нысан) таңдап алынып, тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кестесі жасалды. Олардың 28-і Тараз қаласында, 235-і аудандарда орналасқан. Аталған нысандардағы тұрғындардың спортпен шұғылдану кестесі облыстық БАҚ-да жарияланды.

2014 жылдың 1 қаңтарына дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 234,7 мың адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 20,2%-ға (2011 жылы – 195,2 мың адам), 2012 жылмен салыстырғанда 14,0%-ға өскен (2012 жылы – 205,8 мың адам). Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар үлесі 18,5%-дан (2011 жылы) 2012 жылы 19,3%-ға, және 2013 жылы 21,7%-ға дейін өсті.

Облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамытудағы оң жетістіктермен қатар, саланың дамуын тежеп отырған мәселелер де бар.


Мәселелер:

1. Материалды-техникалық базалар мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі;

2. Жалпы және балалар мен жасөспірімдер спортының жеткіліксіз дамуы;

3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың деңгейі төмен.



Туризм

Облыс "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасына енгізілген және оның ішкі және халықаралық туризмнің дамуы үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Облыс арқылы Ұлы Жібек жолы өткен (Сайрам кенті - Тараз - Акшолак-Ақыртөбе станциясы - Құлан - Меркі - Шу - Аспара - Қордай) және оның бойында қызықты тарихи және мәдени ескерткiштер орналасқан.

2014 жылдың 1 қаңтарында 3274 ескерткіштер мемлекеттік есепке алынған, оның ішінде: 28-і республикалық және 713-і тарихи-мәдени ескерткіштер, ішкі және сыртқы туризммен айналысатын 25 туристік фирмалар қызмет етуде.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз бойында туристік кластерді құру жұмыстары жүргізілуде. Оны іске асыру үшін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз бойында жол бойылық сервис нысандарының құрылысын ұйымдастырушы жұмысшы тобы құрылды. Топтың құрамына тиісті басқармалар мен аудандардың 19 басшылары кіреді.

Жұмысшы тобпен Жамбыл облысындағы 8 жол бойылық сервис кешендерін (ЖБСК) салу үшін орналастыру орындары анықталды. Барлық ұзындығы 495 км, оның ішінде «В» категорялы 4 дана және «С» категориялы 4 дана.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ішкі туризм 38,3% ұлғайды, ал кіру туризмі 13,5% азайды, орналастыру орындарының саны 17 данаға, ал қызмет көрсетілген келушілер саны 35,9% көбейді.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет