БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



бет7/18
Дата09.06.2016
өлшемі4.25 Mb.
#124875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Агроөнеркәсіптік кешен


Ауыл шаруашылығы Жамбыл облысының халықты маңызды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Облыстың табиғи-климаттық жағдайы дәнді, жемдік, көкөніс-бақша дақылдарын және қант қызылшасын өсіруге, сондай-ақ, жайылымдарды жыл бойы жемдік база ретінде пайдалануға қолайлы.

Агроөнеркәсіп кешенінде облыстың еңбекке жарамды халқының 34,3%-ы жұмыспен қамтылған. Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылы 9,5%-ды құрады.

Жамбыл облысының жер аумағы 14,4 млн.га жерді құрайды, 2011 жылы 637,8 мың гектары егілген.

2012 жылдың 1 қаңтарына облыстың ауыл шаруашылық өнімін өндірушілері меншіктің барлық түрлеріндегі 16,9 мың кәсіпорыннан құралады, оның ішінде 0,6 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 16,3 мың шаруа қожалықтары.

2008-2013 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бір келкі болмады. 2011 жылы 89,4 млрд. теңгені (НКИ - 106,8%), 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда көлемдердің 3,1%-ға төмендеуі байқалады және 94,4 млрд. теңгені құрады, 2013 жылдың қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығын 1,2 есеге арттыру есебінен жалпы өнім көлемі 10,5%-ға өсті (1 кесте). 2008-2013 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі нақты есептеуде 1,3 есеге артты.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

1 кесте






2008

2009

2010

2011

2012

2013

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.

теңге


56656,8

68356,9

68461,6

89360,3

94393,8

127346,5

НКИ %

92,6

122,7

99,6

106,8

96,9

110,5

оның ішінде:

егін шаруашылығы



25645,6

35196,9

33062,4

45002,7

42787,5

62685,7

НКИ %

80,3

147,6

96,5

111,6

90,9

121,4

мал шаруашылығы

30879,6

32861,2

35036,3

44033,7

51353,3

64030,0

НКИ %

103,1

101,7

102,7

102,6

103,2

100,6

қызмет көрсету

131,6

298,8

362,9

323,9

253,1

630,8

НКИ %

88,3

196,5

95,1

74,4

70,5

240,0

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында өсімдік шаруашылығының мен мал шаруашылығының үлесі бірдей болып келеді, сонымен 2011 жылы өсімдік шаруашылығы 50,4%-ды мал шаруашылығы 49,3%-ды құрады, сәйкесінше 2012 жылы – 45,3% және 54,4%, 2013 жылы – 49,2% және 50,3%.

Егін шаруашылығының дақылдарына ерекше көңіл аударылуда және өсімдік шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының ғылым Академиясымен бірлесіп тұқым шаруашылығын дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Элиталық тұқымдар, жемiстi көшеттер өндірісімен барлығы 31 шаруашылық айналысады, оның ішінде 2 оригинатор-шаруашылық, 8 элиталы тұқым шаруашылықтары және 21 шаруашылық I, II және III репродукциялық тұқым шаруашылықтары болып табылады.

Еліміздің климаты қатаң солтүстік өңірінде өсе бермейтін ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрін облыста өсiруге мүмкiншiлiк бар. Ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар, экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту әлеуеті бар. Бұл мақсатта тиімділігі жоғары дақылдардың көлемдерін ұлғайту шаралары қолданылады олар, дәндік жүгері, жеміс-көкөніс, майлы, мал азықтық дақылдар, картоп, қант қызылшасы, бұршақ және жүгері.



Жамбыл облысында 2008-2013 жылдардың астығы үшін ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптары
2 кесте

Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы – барлығы, га

492470

471187

497161

513821

527295

542777

Оның ішінде:



















дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

293287

235679

239536

234333

239179

243874

- бидай

161800

113584

132663

123712

109281

105044

- арпа

117572

108000

96641

99983

119020

124536

- дәндік жүгері

13493

13561

9841

10379

10469

13782

Техникалық дақылдар

33637

64876

74314

85107

87709

87173

- қант қызылшасы

4710

1679

5742

7027

5401

1021

- майлы дақылдар

28712

63079

68444

78041

82308

86079

Картоп және көкөніс-бақшалық дақылдар

34630

32251

34350

39199

35784

38656

- картоп

5753

5862

6004

7512

8160

7449

- көкөніс

20302

18133

20086

21771

19945

22632

Азықтық дақылдар

130917

138342

148961

155181

164622

173074

Соңғы 3 жылда ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 5,6%-ға өскен, дәнді және дәнді бұршақты дақылдарының ауыспалы егістік алқабы - 4,1%-ға, көкөніс - 10,4%-ға, азықтық дақылдар - 11,5%-ға, майлы дақылдар - 10,3%-ға артты. (2 кесте)


Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
3-кесте




2008

жыл


2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


Егіншаруашылығы өнімдері, мың. тонна

Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

152,5

553,3

372,6

393,4

229,5

480,0

оның ішінде: - бидай

63,3

248,1

182,4

183,6

84,4

163,5

- арпа

43,4

237,8

141,7

159,0

91,0

240,0

- дәндік жүгері

45,2

66,6

47,9

50,6

53,5

75,7

Қант қызылшасы

9,0

17,4

60,4

111,3

40,1

19,9

Майлы дақылдар

13,6

30,9

40,9

48,3

38,5

55,0

Картоп

104,8

108,8

116,5

152,7

173,6

155,5

Көкөніс

362,5

349,8

395,9

449,8

443,1

494,9

Бақша дақылдары

147,0

148,3

147,7

193,6

194,0

195,5

2011-2013 жылдары ауа райының қолайсыздығынан дәнді және бұршақты дақылдар өндірісі көлемінің төмендеуне байланысты, өсімдік шаруашылығының негізгі түрлерін өндіруде айтарлықтай ауытқулар байқалады (3 кесте).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында, пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, су үнемдеу және ылғал сақтау технологияларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылы 3,5 мың гектар алқаптағы ауыл шаруашылығының жерлері мемлекет меншігіне қайтарылып, 21 мың гектарға ылғалресурс сақтау технологиясы, 2,8 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Бос жатқан жерлерді түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 500 мың гектардан астам пайдаланусыз жатқан жерлер анықталып, оның пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 83,4%-ы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Машина-тракторлық парктерін техникамен жарақтандыру өсуде. Тек 2011-2013 жылдары ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен лизинг бойынша 530 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Облыс өңірлерінде көкөніс 27,2 гектарды құрайтын 405 жылыжайларда өсірілуде, бұл маусымаралық кезеңдегі ішкі қажеттіліктің 32%-ын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жалпы сиымдылығы 61412 тоннаны құрайтын 62 көкөніс-картоп қоймалары жұмыс істейді.

Мал шаруашылығында жыл сайын ет, сүт, жүн өндіру, барлық мал түрлерінің басы мен өнімділігі өсуде. Облыста асыл тұқымды мал шаруашылықтары және қолдан ұрықтандыру пунктері санын ұлғайту арқылы селекцияны өрістету есебінен малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату бойынша жүйелік жұмыс жалғасуда (4 кесте).
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлер өндіру
4-кесте




2008

2009

2010

2011

2012

2013

Мал шаруашылығының өнімі, мың. тонна

Ет (тірі салмақта)

86,1

87,2

90,3

93,3

97,0

96,0

Сүт

266,9

269,1

273,8

279,3

284,1

284,2

Жұмыртқа (млн.дана)

99,7

109,6

114,1

118,4

115,2

110,5

Жүн

5,4

5,5

5,7

5,9

6,0

5,3

2011 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның шеңберінде 2011-2015 жылдары мал бордақылау алаңдарын, шаруашылық-репродукторларын және шаруа қожалықтарын құру қарастырылған.

Соңғы үш жылда МІҚ малының 12692 аналық басы әкелінді. Репродуктор-шаруашылықтарын құру мақсатында облысқа шет елден МІҚ малының 1037 аналық басы әкелінсе, оның ішінде 2013 жылы 221 бас әкелінді. Нәтижесінде облыста асыл тұқымды МІҚ малының үлес салмағы – 11,0%, қой – 22,4%, жылқы – 22,0%, шошқа – 33,1% құрады.

2012-2013 жылдары 5920 басқа алаң құрылды. 2013 жылдың қорытындысында шаруа қожалықтардың өз есебінен 3620 басқа арналған 10 мал бордақылау алаңы құрылды.

Саланың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2011 жылы облыстың "Ауыл шаруашылығын каржылай қолдау қоры" АҚ мен "Аграрлык несиелік корпорация" АК 88 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 715,0 млн тенгеге 4456 бас мал (4357 сиыр және 99 бұқа) сатып алынды, 2012 жылы 84 шаруа қожалықтарына 727,5 млн.теңге сомасында несие беріліп, оған ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 3826 бас мал (3607 сиыр және 219 бұқа) сатып алынды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша шаруа қожалықтармен жалпы сомасы 879,42 млн.теңгеге МІҚ малының 4728 аналық басы мен 250 бас асыл тұқымды бұқа басы сатып алынды, оған 99 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

Жыл сайын мемлекеттік қолдау көлемі өсуде. Агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға 2011 жылы 2,3 млрд. теңге субсидия бөлініп игерілді, оның iшiнде республикалық бюджеттен 0,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге; 2012 жылы – 2,7 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге; 2013 жылы – 3,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған - «Агробизнес – 2020» жаңа бағдарламасы іске асырылуда, онда мемлекеттік қолдаулардың барлық түрлері сақталған және жаңа тетіктері қарастырылған. Бағдарламада ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары анықталып, олардың әрбіріне арналған 15 шебер-жоспарлар әзірлеген, оның ішінде мал шаруашылығына қатысты 7 шебер-жоспар, өсімдік шаруашылығында – 5, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 1, ветеринария саласын жетілдіруде – 1 және фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамытуға – 1 шебер-жоспар.

2014 жылдың 14 ақпанында жыл қорытындысы бойынша өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2014 жылдың 23 мамырында Табиғи-климаттық жағдайды және сату нарығы мен өңірлерді дамыту келешегінің бар болуын, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік саясат тиімділігін жоғарылатуды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығының нақты өнімдерінің түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы бекітілді.

ҮИИДМБ аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 2010-2013 жылдары сомасы 6,0 млрд. теңгедан астам 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 640 жұмыс орны құрылды. («Жасұлан и К» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Куликов сүт өнімдері» ЖШС, «Kaz-Ir-Agro» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС, «ҮмітҚордай»ЖШС, «Алкопищепром» ЖШС). 2014 жылы 2 инвестжобаның іске асырылуы жоспарлануда «Мын-Арал Компаниясы» ЖШС – балық өндеу бойынша зауытын қайта құру, «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісін құру.

АӨК-ң негізгі мәселелері: еңбек сыйымдылығы жоғары үдерістерді механикаландырудың әлсіздігі, а/ш техникалары тозуының жоғары деңгейі, мал шаруашылығында, жоғары өнімді генетикалық материалдық және өсімдік шаруашылығында элиталы тұқым үлесінің төмендігі, мал шаруашылығы шикізатын әзірлеу, сақтау мен бастапқы өңдеу және көкөніс сақтау бойынша ифрақұрылмының болмауы.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымында қосалқы шаруашылықтар үлесінің көп болуы, шикізат сапасының төмендігі саланың дамуына кедергі жасайды, ал қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық жабдықталуының төмендігі өнімнің сапасына әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ өнім шығаруы ірі масштабты селекциялық-тұқымдастыру жұмысын жүргізуге, ғылыми – негізделген егін егу айналымын сақтауға, заманауи технологиялырды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механизациялауға және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, көкөніс сақтау бойынша қуаттың шектеулігіне байланысты көкөніс өсіру үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайды толық пайдалану мүмкін болмай отыр.


Тамақ өнімдерін өндіру

Азық-түлік өнеркәсібі облысты дамытуда болашағы бар салалардың бірі болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының шекаралық аудандарда шоғырланғандығына, өнімнің экологиялық таза болуы Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасуына негізделген.

Тамақ өнімдерін өндірудің үлесі облыстың өңдеу өнеркәсібінде көшбасшы орындардың бірінде болып 32,1%-ды, ал облыстың жалпы өндірісінде 25%-ды құрап, 9 түрлі салалардан тұрады. 2011 жылы облыстың жалпы экспорт көлемінде қайта өңдеу өнімі 17%-ды құрады. Облыстан негізі ұн, пияз, көкөніс, техникалық тұз экспортталуда, ал облысқа сүт өнімдері, картоп, алма, қант шикізаты, сары және өсімдік майы т.б. импортталуда.

Салаларда 2009-2012 жылдары өндіріс көлемінің төмендегені байқалады. Сонымен 2009 жылы салада өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,1 млрд. теңгені (НКИ-76,2%), 2010 жылы – 35,3 млрд. теңгені (91,0%), 2011 жылы – 46,4 млрд. теңгені (85,0%), 2012 жылы – 34,0 млрд.теңгені (72,4%) құрады.

2009 жылы экономикалық дағдарыс азық-түлік саласының кәсіпорындарына айтарлықтай әсер еті, бұл айналым қаржыларының жоқтығынан болды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер, балауыз, қышқыл сүт өнімдері өндіретін кәсіпорындар («Концерн Азия Қазақстан» ЖШС, «Зар-Замин» ЖШС, «Фудмастер-Қордай» ЖШС) толығымен және жартылай жұмысын тоқтатты. Алкогольді және консервіленген өнімдер шығаратын ірі өндірушілер («Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС) сот істеріне байланысты өз жұмыстарын тоқтатқан.

Сондай-ақ, аталмыш салада өндірістің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі соңғы жылдары шетелден шикізаттың (қант-шикізаты) тұрақты жеткізілмеуінің және басшылықтың ауысуы салдарынан «ОАҚК» ЖШС филиалдары Тараз және Меркі қант зауыттарында өндірістің тоқтауы, «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС кәсіпорынын жетілдіру болып табылады.

2011 жылы ет өңдеу көлемінің 9,3%-ға (сиыр, қой, жылқы, шошқа еттерінің орташа 280 теңгеге қымбаттауынан), консервіленген жеміс және көкөніс – 15,1% (отандық өнімге сұраныстың төмендеуі, сонымен қатар Кедендік одақ шеңберінде консервіленген өнім импорты көлемінің артуы есебінен), сүт өнімін өндіру 19,4%-ға және өсімдік және мал майы 52,8%-ға (шикізаттың тұрақсыз жеткізілуінен) қысқарғаны тіркелген. 2010 жылмен салыстырғанда шұжық өндіру 1,7%-ға, ет – 18,1%-ға, күнбағыс майы – 42,5%-ға, сүт – 17,5%-ға, сары май – 10,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 38,8%-ға, қант – 18,3%-ға төмендеген.

Алайда, әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін өндіруші сала өнімдеріне сұраныс тұрақты, ол 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ұн өнімдерін өндіру өнеркәсібінде өндірістің 14,9%-ға, бөлішке нан және ұн өнімдерін өндіру 7,1%-ға, балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу - 2,1 есеге өскен.

2012 жылы ет өнімдерінің 21,4%-ға, қант-шикізатының 24,3%-ға (шикізат жеткізудің тұрақсыздығына байланысты) төмендеуіне байланысты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемдері 27,6%-ға төмендеген. Бірақ, ет өндіруде көлемдердің - 6,7%-ға, мақта майы – 2 есеге, сафлор майы – 3,4 есеге, сүт – 1,3%-ға, сары ірімшік пен сүзбе – 14,2%-ға, ұн - 7,8%, ұн өнімдері – 1,6 есеге өсуіне қол жеткізілген.

2013 жылдың қорытындысы бойынша индустриаландыру және жетілдіру Картасының аясында енгізілген инвестициялық жобалар арқасында, тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 1,5 есеге өсіп, 50,8 млрд,теңгеге дейін артты.

Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі саланың үлесі 28,0%-ды құрап көшбасшы орындардың бірін алады. Жаңа өндірістерді енгізу есебінен еңбек өнімділігі 71,4 мың АҚШ долл/адам құрап, 2008 жылға қарағанда 1,9 есеге өсті.

Қазіргі уақытта облыста 31 – сүт және етті қайта өңдеу кәсіпорыны, 4 – жеміс және көкөніс өңдейтін кәсіпорын, 2 – қант қызылшасы мен қант құрағын өңдейтін зауыт жұмыс істейді.

Тек соңғы 4 жылда индустриаландыру Картасының 6 жаңа кәсіпорындарымен тамақ өнімдерін өндіру бойынша өнеркәсіп өндірісі басталды - ет және ет өнімдері, макарон өнімдері, сүт өнімдері, мақсары майлары, шырын және көкөніс консервілері.

Облыстың қант зауыттарымен («ОАҚК» ЖШС Тараз және Меркі филиалдары) 273,1 мың. тонна қант өндірген немесе 2012 жылға қарағанда 2 есеге артық. Өңделген көкөніс өндірісі 4,6 есеге, ұн 1,2 есеге, сары май 2,7%-ға, өңделген сүт 8,2%-ға.


Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары

Кесте-3

Компания

Негізгі өндірілетін өнім

«ОАҚК» ЖШС-гі филиалының Тараз қант зауыты

Қант өндіру

«Та-Мак» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

«Салангани» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

«Меркі сыр зауыты» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдерін өндіру

«Первомайские деликатесы» ЖШС

Шұжық өнімдерін өндіру

«Данегуль» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

«Куликов сүт өнімдері» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

«Бурный ірімшік зауыты» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдерін өндіру

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

Ет өндіру

«Алкопищепром» ЖШС

Сусын өндіру

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған немесе толық қолданылмайды, бұл ауыл шаруашылығынды шикізатының жетіспеушілігіне байланысты. Әлсіз материалды-техникалық база, тез бүлінетін шикізат пен азық-түлікті мұздатып өңдеудің және тасымалдаудың, сақтаудың дамымаған инфрақұрылымы бастапқы шикізатты кешенді қайта өңдеу және сақтау үшін оңтайлы жағдай құруға мүмкіндік бермейді, бұл қосымша шығындарға, қауіпсіздік пен сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, елдің Кедендік одаққа кіруі жағдайды күрделендіре түсірді, өйткені отандық өнімдер Ресей және Беларусь елдерінен әкелінетін өнімдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті емес.



Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік өндірісін дамыту мәселесін шешу, ішкі сұранысты қамтамасыз ету және экспорттық ресурстар қалыптастыру, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға экономикалық жағдай және механизмдер құру, агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірушілерге қолдау көрсету, экпортта өз орнын басу үшін бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығару және заманауи инфрақұрылым дамыту үшін 2010 жылдан бастап «Аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталық құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар басталды (ары қарай – АҚЛО). Аталмыш жоба облыстың басымды жобаларының бірі болып табылады. АҚЛО-тың басты миссиясы Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп өнімінің экспорттық әлуетін дамыту болып табылады.

Өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелері

  • жеке қосалқы шаруашылықтардың жоғары үлесі;

  • ирригациялық жүйелер сапасының төмендігі;

  • миниралды тыңайтқыштарды қолдану деңгейінің төмендігі;

  • инжинерлік жүйе және құрлыс құрылымдары тозуының жоғары деңгейі;

  • жемдік қордың тапшылығы;

  • еңбек көп жұмсалатын үрдістерде механизациялау деңгейінің төмендігі;

  • ауыл шаруашылығы техникасы тозуының жоғары деңгейі;

  • мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдардың және егін шаруашылығында асыл тұқымды дәннің төмен үлесі;

  • мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау, алғашқы өңдеу және көкөністі сақтауға арналған инфрақұрлымдық объектілерінің тапшылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет