БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


Шағын және орта кәсіпкерлік



бет8/18
Дата09.06.2016
өлшемі4.25 Mb.
#124875
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Шағын және орта кәсіпкерлік


Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының көрсеткіштері қарқынды динамикаға ие, бұл экономиканың осы саласының дамуында оңды үрдістері барын көрсетеді.
2008-2013 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру серпіні
1 кесте

Көрсеткіштер атауы

Жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

2013 январь-декабрь

Белсенді субъектілер саны, бірлік

36181

36688

31938

39916

38582

41863

Өнім шығару, млрд. теңге

159,5

113,7

150,7

173,9

206,2

234,5

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

136,2

129,1

119,0

117,5

108,4

119,4

1 кестеде көрсетілгендей 2012 жылдың 1 қаңтарына облыста 39916 белсенді шағын және орташа кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, онда 117,5 мың адам жұмыспен қамтылып, 173,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді бұл 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 5,9%-ға өскен.

Статистиканың мәліметтері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 38582 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, онда 108,4 мың адам жұмыспен қамтылып, 206,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2011 жылдың деңгейіне 112,1%-ды құрады. 2012 жылы 307 жаңа шағын бизнес субъектілері тіркелген, қосымша 1791 жұмыс орындары құрылған.

2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 234,5 млрд. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,1% құрайды, 41,9 мың белсенді субъектілері жұмыс істеп 8,5%-ға артқан, онда жұмыс істейтіндер саны 119,4 мың адам (9,8% артық). 2013 жылы 367 жаңа шағын бизнес субъектілері тіркелген, қосымша 2067 жұмыс орындары құрылған.

2013 жылдың қорытындысы бойынша статистика органдарында қалыптастырылатын есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты «ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің артуы» тікелей нәтиже көрсеткіші, «ШОБ және сауданы дамыту» мақсаты және «Кәсіпкерлік секторды дамыту» міндеті орындалмаған.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың пәрменді шараларының бірі шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелеу болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін (ШКС) несиелеу жергілікті, республикалық бюджеттер және екінші дейгейдегі банктердің облыстық филиалдарының қаражаты есебінен жүргізіледі.

ҚР Ұлттық банктің Жамбылдағы филиалының ақпараты бойынша 2011 жылы шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне екінші деңгейдегі банктермен 20494,0 млн. теңге сомасына несие берілген (2010 жылы – 10570,0 млн. теңге). 2012 жылы екінші деңгейлі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне -27588,1 млн. теңге сомасында несиелер берілді, 2013 жылы екінші деңгейлі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 17439,1 млн. теңге сомасында несиелер берілді.

2011 жылы «КazMicroFinance» шағын несие ұйымы» Тараз филиалымен – 2281,3 млн. теңге сомасында 11064 несие, 2012 жылы – 3627,4 млн. теңге сомасында 16691 несие берілді, 2013 жылы – 5 254,2 млн. теңге сомасында 15468 несие берілді.

Кәсіпкерліктердің белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жылсайын «Қазақстанның үздік тауарлары», «Алтын сапа» және «Парыз» атты байқаулар өткізіледі. Сонымен 2010 жылы «Алтын сапа» байқауының «Қазақстан мекемелеріне ең жақсы қызмет көрсетушілер» номинациясында «Тараз қаласының кардиохирургиялық орталығы» жеңімпаз болып танылды. Ал «Казфосфат» және «Бином» ЖШС-тері «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауда жүлделі орынға қол жеткізді. 2011 жылы «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқауында «Халық үшін ең үздік тауар» номинациясы бойынша «Ырыс Бахыт» ЖШС-гі екінші орынға ие болды.

2012 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі дипломмен «Казфосфат» ЖШС, екінші дәрежедегі - «Super-pharm» ЖШС, үшінші дәрежедегі - «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС, екінші дәрежедегі - «Асыл Дизайн» ЖШС, үшінші дәрежедегі - «Айналайын» ЖШС; «Үздік азық түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі - «Амангелды» ЖӨК, екінші дәрежедегі - «Злиха» ШҚ, үшінші дәрежедегі - «Мешелова» ЖК марапатталды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурстың «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломмен «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС-гі марапатталды.

2013 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен «Жамбыл өндірістік цемент компаниясы» ЖШС, екінші дәрежелі – «Құрылыс - Полимер» ЖШС, үшінші дәрежедегі – «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен «ТаразКожОбувь» ЖШС, екінші дәрежелі – «Карат - V» ЖШС, үшінші дәрежелі – «Триана Тараз» ЖШС; «Үздік азық түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі – «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС, екінші дәрежелі – «Kaz Ir Agro» ЖШС, үшінші дәрежелі – «Куликовский молочный продукт» ЖШС марапатталды.

Инвестицияны тарту мақсатында облыста екінші халықаралық инвестициялық «Taraz Invest - 2012» форумы өткізілді, онда Қазақстан, жақын және алыс шет елдерінен 300-ден астам делегаттар қатысты. 14 инвестициялық жоба көрсетілді. Форумның қорытындысы бойынша Тараз қаласында жаңа әуе-жай терминалының, «Тараз» АҚЛО», «Меркі» тұқым зауыты» АҚ кеңейту және жетілдіру», қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы, гипсокартон, құрғақ құрылыстық қосындыларды, ұсақ тартылған мрамор толықтырушыны өндіру және Тараз қаласында шиша ыдыстар зауытының құрылысы секілді инвестициялық жобалар бойынша 6 меморандумға және келісімге қол қойылды. Жоғарыда аталған келісімдерді іске асыру 109 млрд. теңгеден астам инвестиция салымын тартуға мүмкіндік береді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде шағын кәсіпкерліктің жағдайы мен дамуы жарияланып, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Кәсіпкерлік саласын, біріншіден, шағын және орта бизнесті қолдауға және жақсарту үшін 2010 жылы іске қосылған арнайы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы әзірленген.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаны іске асырудан бастап барлық қаржы тетіктері бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен 32,8 млрд. теңге сомасында 242 жоба мақұлданды, бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарының шеңберінде «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» тетігі бойынша 23,3 млрд. теңгеге 183 жоба мақұлданды, оның ішінде 2013 жылы – 6,0 млрд. теңге сомасында 71 жоба.

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңестің шешімімен қаржыландыруға жалпы сомасы 24 млн. теңгені құрайтын 8 кәсіпкер мақұлданған.

«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша – сомасы 6,5 млрд. теңгені құрайтын 40 жоба, оның ішінде 2013жылы – 1,9 млрд. теңге сомасында 18 жоба.

«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» 2-ші бағытының «пайыздық ставкаларды субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 3,0 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданған (бұл бағыттағы жобалар тек 2011 жылы жүзеге асырылған).

«Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» 4-ші бағытының «Топ менеджментті оқыту» компоненті бойынша 2013 жылы 11 кәсіпкер оқытылды, «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша 17 кәсіпкер оқытылды, «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша 1000-нан астам адам оқытылды, «Жұмыс істеп жатқан бизнесті сервистік қолдау» компоненті бойынша 154 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілген.

Бүгінгі күнге облыстың шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы көрсеткіштерімен сипатталады, бұған оның барлық түрлерінің сапалы және тұрақты дамуы үшін жергілікті атқарушы органдармен барлық жағдай және қажетті алғы шарттар жасалуы себеп тигізді.

Өңірдің кәсіпкерліктегі мәселелері

- кәсіпкерлік саласын, әсіресе ауыл кәсіпкерлерін жеткіліксіз қаржыландыру;

- несие беру көлемінің төмендігі және несие ресурстары жеткіліксіз қолжетімділігі;

- несие сыйақылары мөлшернің жоғарлығы;

- несиені рәсімдеудің күрделі және ұзақ үрдісінің;

- кәсіпкерліктің даму деңгейі мен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы дамуының тепе-теңсіздігі.


Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылы 103,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2010 жылғы деңгейге – 141,0%, 2012 жылы – 119,7 млрд.теңге (НКИ – 111,0%), 2013 жылы – 151,6 млрд.теңге (НКИ – 122,3%). Көтерме сауда айналымы 2011 жылы 177,5 млрд. теңгені құрады (НКИ – 103,8%), 2012 жылы 158,2 млрд.теңге (НКИ – 86,5%) (1 кесте), 2013 жылы– 158,5 млрд. теңге (НКИ-95,1%) (1-кесте).



2008-2013 жылдардағы сауда динамикасы, млн. теңге
1-кесте




2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.



Көтерме тауар айналымы

95593,1

113819,6

142252,8

177492,8

158182,3

158510,9

Бөлшек тауар айналымы

53699,3

58957,4

67869,5

103441,4

119672,2

151652,0

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

15327,3

22643,8

28954,5

43792,8

47195,7

74858,6

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

38372,0

36313,6

38915,0

59648,6

72476,4

76793,4

Сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 43866,3 млн. теңгені (42,4%), жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен базар айналымы – 59575,1 млн. теңгені (57,6%), 2012 жылы – тиісінше 52269,1 млн. теңгені (43,7%) және 67403,1 млн.теңгені (56,3%) құрады, 2013 жылы– тиісінше 45432,5 млн. теңгені (31,1%) және 100749,0 млн. теңгені (68,9%) құрады (2-кесте).


2-кесте




2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.



Сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі, млн. теңге

34435,6

28771,7

33202,3

43866,3

52269,1

45432,5

үлес салмағы, %

64,1

48,8

48,9

42,4

43,7

31,1

Базарлардың тауар айналымының көлемі, млн. теңге

19263,7

30185,7

34667,2

59575,1

67403,1

100749,0

үлес салмағы, %

35,9

51,2

51,1

57,6

56,3

68,9

2013 жылы бөлшек сауданың көлемі 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 2,3 есеге өсті, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің тауарларын сатуы 3,3 есеге артқан. Бұған 2012 жылы Тараз қаласында жаңа, үлкендеу базарлардың ашылуы (Тараз қаласында 21562 сауда орынды 12 базар бар, көшіргенге дейін – 6238 орындық 16 базар болған) ықпал етті. Базарларды көшіру біздің кәсіпкерлерімізді бизнестің өркениетті түріне өтуге ынталандырды. 2012 жылдан бері Тараз қаласында 89 жаңа дүкен ашылды, оның 59-ы – 2013 жылы.


Халықты жұмыспен қамтудағы сауданың үлес салмағы
3-кесте




2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


Жұмыспен қамтылған халық – барлығы, мың адам

530,1

539,2

551,3

557,0

559,9

550,8

оның ішінде:

Сауда, автокөлік, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолданатын заттарды жөндеу, мың адам



116,1

119,5

120,9

121,8

118,5

110,1

Үлес салмағы, %-бен

21,9

22,2

21,9

21,9

21,2

20,0


Қоғамдық тамақтандыру қызметі, млн. теңге
4-кесте




2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


Қызмет көлемі, барлығы:

2467,6

2836,3

3961,0

4915,1

4777,1

5818,9


Өңірдің сауда саласының мәселелері

- бөлшек сауда кәсіпорындар, тұтыну кооперативтері, ірі тәуелсіз супермаркеттер мен гипермаркеттер қауымдастығында сатып алу орталықтары жоқ;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет