БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары



бет14/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17



1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу мақсатында келесі шаралар қарастырылуда:

- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жәрдемімен азаматтарды жұмысқа орналастыру, «Еңбек рыногы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тираждау, еңбек нарығында қажетті мамандықтардың мониторингі.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру:

а) жаңа нысандарды іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту;

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналаған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылы облыста 7 жоба іске асырылып, 360 жұмыс орны құрылған. 2013 жылы9 жобаны іске асырып, 676 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

2014-2015 жылдары 6 жоба іске қосылып, 1113 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. годы планируется реализация 6 инвестиционных проектов, где планируется создать 1113 новых рабочих мест.

«Еврохим Удобрения» ЖШС-і жобаны іске асыруды жоспарлауда, онда 2000 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

б) шағын және орта бизнесті дамыту:

Даярлау және қайта даярлау, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың біліктілігін арттыру, аз қамтылғандар және жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын ұйымдастыру, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының оңтайлығын жоғарлату.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруда жұмыс беруші үшін келісім шарт жасау кезінде мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етужөнінде міндетті түрде орындалуы тиіс шарты қарастырылған .

- халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту.

- кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша келісім-шарттар жасау.

Осы іс-шаралар жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Халық табысын арттыруды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру үшін келесі шаралар қарастырылады:

  • аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету (АӘЖ, БМЖ, тұрғын-үй жәрдемақысы).

  • аз қамтамасыз етілген халықтың еңбек әлеуетін іске асыру негізінде масылдықтың алдын алу және кедейлік шеңберінен шығуды ынталандыру.

  • кәсіптік даяралауға және қайта даярлауға бағыттау арқылы еңбек рыногындағы халықтың мақсатты топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

  • ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету.

  • жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

3-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Мүгедектерге, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қарастырылады:

  • психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, медико-әлеуметтік мекемелердегі қарттарға және мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталығында тірек-қозғалыс аппараты ауратын және психоневрологиялық патологиясы бар балаларға және ересек мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге ҮЕҰ тарту, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектерді тасымалдау.

  • жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда тіркелген инвалидтерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

  • санаторлық-курорттық емдеудеумен, техникалық қосымша құралдармен және арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, жеке көмекші және ымдау тілі маманы әлеуметтік қызметін ұсыну арқылы мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау және көмек көрсету.

  • Тараз қаласында 300 орындық психоневрологиялық интернат үйін және «№2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» ММ бу қазандығын, монша және кір жуу корпусын және 101 төсек орындық мүгедек балалар үшін оңалту және бейімделу облыстық орталығын салу есебінен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің деңгейін арттыру.

4-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Азаматтардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келеcі шаралар жүргізіледі:

- еңбек ақы бойынша берешекке мониторинг жүргізу және оны жою бойынша шаралар қабылдау.

- Еңбек заңнамасын және еңбек қарым-қатынасы саласында қызметкерлердің құқығын сақтау бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу.

- жазатайым оқиғадан сақтандыру жүйесімен қамтуды ұлғайту.

- шиеленіс жағдайды шешу және оны басқару бойынша шаралар қабылдау.

- үш жақты келісім жасау.


Мақсат 4.2.4: Мәдениетті және тілді дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі

%

61,2

63,2

62,8

63,1

63,5

2. Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі


%

89

90,32

94

95

98

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Жамбыл облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.): облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейін жақсарту мақсатында ұлттық тарих және мәдениет үшін ерекше маңызы бар аймақтарда археологиялық, ғылыми зерттеу және реэкспозициялық жұмыстар жүргізу, аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер жиынтығын шығару, кітапханалар жүйесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу, ақпараттардың электрондық базасын құру, компьютерлендіру, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысуын қамтамасыз ету, клуб, мәдениет үйлерінде клуб құрылымдарының өсуін, театрларда жаңа қойылымдарды сахналау және жаңа концерттік бағдарламалар дайындау, сондай-ақ, мәдениет нысандарының өсуі мен материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарлануда. Мәдениет саласындағы білікті мамандарды ауылды елді мекендерге тарту.

Облыстағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге, мемлекеттік қызметкерлерді, облыстың есейген тұрғындарды - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мемлекеттік және басқа тілдерді облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы үйірмелер мен курстарда оқыту, халыққа тілдерді үйрететін мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Облыс аумағындағы тілдік ахуалды зерделеу бойынша әр-түрлі топтарда социологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

- мемлекеттік тілдің және және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдама зерттеулер өткізу;

- қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстөлдер» өткізу;

- Қазақстан халқының тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу.


Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

2013

2014

2015

1. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту


%

18,5

19,3

20,0

21,1

22,0

2.Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту


млн.

теңге


987,5


926,6


418,9


421,3


423,6


Міндет 4.2.5.1. Бұқаралық спортты дамыту

1.1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту


%

9,0

10,6

11,1

11,6

12,9

Міндет 4.2.5.2. Туризмді дамыту

2.1. Ішкі туризм көлемінің өсуі


қат. саны мың адам

62,5

70,4

64,5

66,1

68,1

2.2. Кірме туризм көлемінің өсуі


қат. саны адам

2299

1308

1400

1498

1603

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармалары


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.):

2013 жылы Тараз қаласында құрылысы 2012 жылы басталған 3 спорт залын салу аяқталды. Сарысу ауданының Жаңатас қаласында 1 спорт залдың, Тараз қаласындағы халықаралық талаптарға сай спорт сарайының құрылысы аяқталуға жақын қалды.

Тараз қаласындағы «Тараз футбол клубы» МКҚК-на («Жастар» стадионы) оқу-жаттығу кешендерін, Сарысу, Мойынқұм және Шу аудандарында спорт залдарының, «Тараз волейбол клубы» МКҚК-на денешынықтыру-сауықтыру кешенін және спорттық шараларды өткізетін облыстық Орталық ашу жоспарланып отыр.

Спорт мектептерін қажетті кадрлармен (спорт бойынша әдістемеші-инструкторлармен, спорт дәрігерлерімен және басқалар) қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізілетін болады. Спорт мекемелерін спорттық жабдықтармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету көзделуде. Келесі нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған:



  • Талас ауданындағы №28 БЖСМ-нің Бостандық, С.Шәкіров, Талапты және Аққұм ауылдарындағы ғимараттары;

  • Жуалы ауылдындағы №13 БЖСМ-нің орталық стадионы;

  • Қордай ауылындағы №15 БЖСМ-нің орталық стадионы;

  • Меркі ауылындағы №18 БЖСМ-нің орталық стадионы.

Аудандарда спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын, шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған жасанды әмбебап алаңдар құрылысы жалғастырылады. 2014 жылы Сарысу, Талас және Қордай аудандарының орталықтарынан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Меркі ауылында спорт залының құрылысы және №4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық мамандандырылған БЖСМ велобазасының қосалқы құрылысын салу жоспарлануда.

2015 жылы Меркі ауданының Меркі ауылында Жамбыл облысының құрама командалары үшін спорт түрлерінен оқу-жаттығу кешенінің құрылысын салу көзделген.

Спорттық клубтар мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін ашу, спорт мекемелерін спорттық жабдықтармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету жалғастырылады.

Облыстық (қалалық, аудандық) деңгейде спорт жарыстары, сонымен қатар, әр алуан спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерінің республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, білікті, жоғары білікті спортшыларды дайындау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын, әйгілі спортшылармен шебер-кластар және семинарлар өткізу қаралып отыр.

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.):

2015 жылға қарсы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 8 жол бойындағы инфрақұрылым объектілері ашылады және туристік объектілерге аппаратын автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады. Үш ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде: «Көксай» тау-шаңғы базасы, «Юрточный отель» және «Тау самалы» туристік кешендері. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде аймақта 2* және 3* класты қонақ үйлер желісін дамыту үшін жағдайлар жасалып, туристік салаға инвестициялар тартылады.



Шаралар: Тақырыптық оқыту семинарлары, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушыларын даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату курстары (жылына 3 рет) өткізілетін болады. Жамбыл облысының туристік әлеуеті туралы журналдар, буклеттер, карталар, баннерлер сияқты жарнамалық-ақпараттық материалдар әзірлеу және шығару; өңір делегациясының Алматы қаласындағы «KITF», Астана қаласындағы «Astana Leisure», Пекиндегі «BITE», Лондондағы «WTM», Берлиндегі «ITB», Мадридтегі «FITUR» сияқты халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға, слеттерге қатысуы; өңірде туристік ақпараттық орталық құру мәселесін пысықтау; «Сарқылмас саяхат» республикалық туристік жәрмеңкесіне қатысу; халықаралық туристік компаниялар мен қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Жібек жолының қазақстандық телімінің туристік әлеуеті» өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу; оқушылар мен студенттердің қатысуымен Бүкіл әлемдік туризм және туристік экспедиция күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» күзгі туриадасын өткізу; Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінің www.visitkazakhstan.kz веб-сайтындағы өңірлік туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты толықтыру жүргізіледі.

Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

%

76,6

57,6

56

57

58

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Міндет 4.2.6.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту,

1.1. Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

92,9

90,1

75

78

82

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасы

1.2. Этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

94,7

91,2

80

83

85

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар): Аймақтың ішкі саяси ахуалдың тұрақтылығының, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарының тиімділігінің, этникааралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын тұрғындар үлесі және облыс жастарының жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанудың жоғары деңгейі келесі шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

- Қазақстандық отансүйгіштік сезімдерін, позитивті қоғамдық көңіл-күйді, облыс тұрғындарының, оның ішінде әсіресе жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі форматтағы қоғамдық маңызды шаралар арқылы жүзеге асырылады;

- этникааралық және конфессияаралық келісімді жүргізу, әлеуметтік еңбек қақтығыстарын алдын-алу, облыс тұрғындарының әртүрлі әлеуметтік топтары арасында дәстүрлі емес діндердің ықпалына қарсы тұру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарында инновациялық әдістері мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- қоғамның саяси және азаматтық институттарымен конструктивтік диалогты ұйымдастыру, мемлекеттік саясаттың жүйелі ақпараттануын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады;

- төзімділік идеялары мен діни экстремизмнің алдын алуын насихаттау бойынша мемлекеттік органдарының веб-сайттарын, Интернет желісінің қорын жүйелі түрде пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Гендерлік тепе-теңдікті күшейту

Қол жеткізу жолдары: І және ІІ кезеңдерде (2012-2015 ж.ж.): Қоғамның гендерлік мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағарту науқандарын өткізу практикасы жалғасады.

Тұрақты негізде семинарлар, тренингтер, әйелдерді билік органдарына тарту бойынша оқыту курстары өткізіледі, әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқандарына қатысуы жандандырылады, олардың бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысуына ықпал етіледі.

Әсіресе ауылдық жерлерде әйелдерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал ету. Шағын және орта бизнестегі әйелдерді қолдау.
Мақсат 4.2.7. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі

%

70

71

72

73

74

4.2.7.1. Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

1.1. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі

%

25,5

23

24

24,5

25

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет