БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет10/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.65 Mb.
#1769
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Көлік

Жамбыл облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5302,39 км, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1056 км, областық – 2272,84 км, аудандық – 1973,55 км құрайды. 2005 жылмен салыстырғанда автомобиль жолдарының ұзындығы 526,1 км-ге ұлғайды.

2005 жылға қарағанда жолаушылар көлігі бағыттары 8 бірлікке көбейді. Сонымен қатар, 2010 жылы 46 ауылдық елді мекендер тұрғындарының қоғамдық көлікті пайдалану мүмкіндігі болмады (2005 жылы - 69).

Облыстың 70% ауылдық елді мекендерінде автомобиль жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Соңғы 5 жылда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамытуға 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарының 41 км күрделі жөндеумен, 189,3 км-і орташа жөндеумен қамтылды, 28,8 км автожолдар салынды.

2010 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 1 673,9 млн. теңге, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдарға - 1 269,6 млн. теңге, аудандық мәндегі жолдарға - 404,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, республикалық бюджет қаржысы есебінен «Күйік-Қарабастау-Қаратау- Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 60 км облыстық мәндегі жолдар орташа жөндеумен қамтылған.

Облыс ішіндегі 218 қалалық, қала маңындағы және қалааралық бағыттарда, жолаушылар және жүк тасымалымен 27 жеке меншік тасымалдаушылар айналысады.

2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыс бағыттарында автокөліктер паркі 1828 бірлікті құрайды, оның ішінде 60% - шағын автобустар.

2009 жылы барлық көлік түрлерімен 46,8 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2005 жылға қарағанда 8,3 пайызға артық, жүк айналымы 1654,6 млн. тонна/км құрады және тиісінше 28,9 пайызға өсті. 2010 жылдың 9 айында облыстағы барлық көлік түрлерімен 36,9 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,9 пайыз. Жүк айналымы 1124,1 млн. тонна км құрады (104,9 пайыз).

2009 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 518,1 млн. жолаушы (2005 жылы бұл көрсеткіш - 482,0 млн. жолаушы) тасымалданды, жолаушы айналымы 3839,7 млн. жолаушы/км құрады (2005 жылы – 3156,8 жолаушы/км). 2010 жылдың 9 айында 396,0 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға артық, жолаушы айналымы – 2819,3 млн. жолаушы км (7,7 пайыз).

Облыстың жолаушы-көліктік және автожол кешенінің басты мәселелері мыналар болып табылады:


  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

  • жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер);

  • жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

  • жобалық-сметалық құжаттамада зертханалық жұмыстарға қаржы қарастырылмауы зертханалық сараптамалар сапасына кері әсер етеді;

  • облыстық мәндегі автомобиль жолдарын жалға беруге мүмкіндік жасайтын құқықтық базаның болмауы;

  • облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

  • қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.


Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).

Жамбыл облысының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 6,7%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 5,7%-ды құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш болып табылады.

2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

Мемлекеттік қорғау болмаса тұрғын үймен қамтамасыз етілу әлі де қысқарып, 2015 жылы бұл көрсеткіш адам басына шаққанда 15,1 шаршы метр құрайтын болады. Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға берудің төмен қарқынымен және халық санының өсіміне түсіндірелі.

Жамбыл облысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда екі есеге төмен.

Бағалар бойынша тұрғын үйлерге қол жеткізу деңгейі төмен.


Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2993,74 км, оның ішінде ауылдық жерлерде 2131,8 км құрайды, оның 15% жеке меншікте.

2006 – 2009 жылдары жалпы ұзындығы 255,12 км құрайтын жаңа сумен қаматамасыз ету жүйелер салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2009 жылы 2006 жылға қарағанда 3 еседен астам су құбыры желілері іске қосылды (2005 жылы сумен жабдықтау желісін енгізу болмаған).

Облыс бойынша орталық сумен жабдықтау 2010 жылдың 1 қаңтарына жалпы 67,9 % құрады. Дегенмен 379 елді мекеннің 155-сі ғана ( 40,9 %) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 214 елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 10 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 км. құрайды.

2005 – 2009 жылдары 10,93 км кәріздік желі іске қосылды, оның ішінде 2009 жылы 7,66 км немесе 2005 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық ( 2,16 км).

Тазарту құрылымдарының болмауы адам денсаулығы денсаулығына қауіп тудырады. Ағынды сулардың 80% алғашқы тазалаудан өтпестен сүзу алаңына келіп түседі. Сүзу алаңына түсетін салмақ мүмкінді мөлшерді төрт есеге арттырады.

Жамбыл облысының сумен жабдықтау және су жүргізу кәсіпорындарының негізгі қорғалары тозған және жаңғыртуды қажет етеді. Сондай – ақ, облыстағы ең ірі «Тараз Су» кәсіпорнының желісі 80%-ға, ұңғымалары – 90%-ға тозған.

Кәсіпорын қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Қаржының жетіспеушілігі төмен тарифтерге, тұрғындардың қызмет көрсету төлемдерінің төмен деңгейіне, сонымен қатар тозған желілерді күтуге жұмсалатын көп ірі операциялық шығындарға байланысты орын алды.
Жылумен қамтамасыз ету

2010 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен қамтамасыз етумен тұрғын үй қорын қамту 25,8%-ды құрайды, біржола төмен көрсеткішке жатады.

Сонымен бірге, Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен және нормадан тыс шығындармен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2007-2008 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 36%-да пайдаланылған. Облыстың кіші қалаларында нақты шығындар мөлшерден асады: «Игілік» КМК КК нақты шығыстары 2007 жылы 41,8% құрайды, 2008 жылы – 37,0% және 2009 жылы – 24,9%. 2005 жылдан бастап жылу жүйелерін қайта жаңғырту мен ауыстыру, облыстың генераторлық қуаттарын жөндеу нормадан артық шығындардың азаюына себеп болды.

Жан басына шаққандағы орташа табыстың төмендігімен салыстырғанда жылумен қамтамасыз ету тарифтері біршама жоғары. Бұл табиғи газ бағасының жоғарылығымен және генераторлық қуаттардың көптігімен түсіндіріледі. Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған және ары қарай қайта жаңғырту мен ауыстыруды талап етеді. 2005-2009 жылдары барлығы 6,5 км жылу жүйелері қайта жаңғыртылған. Жылу энергия станциясын, үлкен қазандықтар мен жылу желілерін энергия үнемдеу құралдары мен технологияларды (алдын ала жекеленген құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру, сонымен қатар жылу энергия көздерін отынның арзан түрлеріне (отынды мазут пен дизелдік отынды тас көмірге) ауыстыру керек.

Жылу энергиясын өндіруге пайдаланылатын газдың бағасы халық үшін белгіленген бағадан әлдеқайда жоғары, бұл газдың Өзбекстаннан импортталуына байланысты болып отыр.
Газбен қамтамасыз ету

Жамбыл облысы тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.

Кәсіпорын балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 км, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 км, орта – 544,773 км, төмен – 1935,795 км құрайды.

ГТП саны – 49 дана, ТТШ – 919 дана, катодтық станциялар – 189 дана, газ құдықтары – 597 дана.

2005-2009 жылдары 168,6 км газ жүйелері іске қосылған, оның ішінде 2009 жылы – 128,24 км, бұл 2005 жылдан (2.32 км) 55 есе көп.

Жалпы газдандырылған пәтерлер саны – 136594.

Жамбыл облысы ең төмен деңгейде газбен қамтамасыз етілген облыстардың бірі - 17,2%. 383 елді мекендерден 66-сы ғана газдандырылған.

Жамбыл облысы аумағында табиғи газ Амангелді газ-кен орнынан өндіріледі.

Бүгінгі күнге кен орнында 25 ұңғыма бұрғыланып, табиғи газ және конденсат өндіріледі.

2005 жылмен салыстырғанда көлемі 18,0% ұлғайып (2005 жылы – 300 млн. текше метр), 2009 жылы табиғи газды өндірудің жылдық көлемі 354,2 млн. текше метрді құрады.

Амангелді кен орнының арқасында облыс тұрғындары пайдаланылған табиғи газға Республикадағы төмен тариф бойынша төлейді, ол 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 9,541 теңгені құрайды.

Амангелді кен орнының қуаты облыстың газға қажеттігін 50,0% кем қамтиды, сондықтан пайдаланылатын газдың жартысынан көбі Өзбекстаннан импортталады.

Өзбекстаннан импортталған газдың бағасы жергіліктіден екі есеге жоғары. Оған қоса Өзбекстаннан газ жеткізілімі өнімді емес және кідіріспен жүзеге асырылады. Облысқа газ транзиті іске асырылатын Қырғызстандағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы газ жеткізуде кідірістер болу қаупін тудырады.
Тұрғын үй қорын басқару

2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша тұрғын үй қоры жалпы 15917,5 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 97,5 пайызы жеке меншікте. Көп пәтерлі үйлердің (кондоминиум нысандарын) алаңы 5744 мың шаршы метрді құрайды (1649 үй). Оның ішінде 1012 мың шаршы метр (363 үй) күрделі жөндеудің кейбір түрінен өткізуді қажет етеді және 1480 мың шаршы метр (199 үй) апатты тұрғын үй ретінде тұруға жарамсыз болғандықтан бұзуға жатады. Жалпыүйлік аумақтарда басқару саласында тұрғындардың төмен белсенділігінен және пәтер иелерінің кооперативтерінің (ПИК) нәтижесіз жұмыстары салдарынан тұрғын үй қоры жарамсыз жағдайға жеткізілді. Тұрғындар ПИК-не кірмейді. 2010 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 119 кондоминиум нысандары тіркелген.

ПИК-нің қызметі ашық емес. Әдеттігідей, бір ПИК-і бірнеше үйлерді біріктіріп, барлық үйлерге бірыңғай есепшот ашады, сондықтан бір үйдің тұрғындарынан жиналған ақша басқа үйлердің жөндеуіне жаратылатындығына және керісінше болуына кепілдік жоқ. Бұл, әрине үй тұрғындарының үйлерді жөндеуіге қаражат салу ықыласына кері әсер етеді. Ірі ПИК-ін бақылауға үй тұрғындарының нақты тетігі жоқ.

Қазіргі жұмыс істеп жатқан пәтер иелерінің кооперативтерінде кондоминиум нысандарын ұстауға штаттың аздығы мен жоқтығы және техникамен жабдықтаудың нашарлығы байқалады.

Қор сақтауға негіз жоқ. Әдеттегідей, тұтынушы мен монополист арасында қызмет көрсету туралы келісім-шарт төтесінен жасалынады, сондай-ақ тұтынушыға қызмет көрсету жалпы үй жүйелерімен орындалады, олар пәтер иелерінің жалпы мүлігі болғандықтан ПИК-і оларға қызмет көрсетуге мүддесіз.
Электр энергетикасы

Жамбыл облысы электр қуатын өндіруді бөлісуде шамалы қатысумен ерекшеленеді, электр қуатын магистралдық тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ-ның өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан. Облыс бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады, оның балансында 15076,99 км электр тасымалдау жүйелері 0,4-110 кВ және 3213 трансформаторлық қосалқы бекет 6-10-35-110—220 кВ бар, оның жиынтық қуаттылығы 1961,15 мВА. құрайды.

Жамбыл облысына электр қуатын жеткізу «ЖГРЭС»АҚ-мы, «ТЭЦ»АҚ-мы, «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-гі және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен қамтамасыз етіледі.

Облыс аумағында орнатылған электр қуаты көздерінің қуаттылығы:



  • «ЖГРЭС»АҚ - 1230 МВт;

  • «ТЭЦ»АҚ - 60 МВт;

  • «Гидроэнергетическая компания » ЖШС-2,1 МВт құрайды.

Облыс қажетілігін қанағаттандыруға қуаты жеткілікті Жамбыл гидроэлектростанциясының электр қуатына тапшылығы 2009 жылы 44 пайызды құрады. Мұнда оның жеке электростанциясы 20 пайыздан кем жүктелген болатын.

Жамбыл облысында электр қуатының энерготапшылығы бір жағынан облыс экономикасының жоғары электрсыйымдылығына және халықтың тұрмыстық мұқтажына электр қуатын жоғары деңгейде пайдалануына, екінші жағынан энергия көздерінің оңтайлы емес құрылымына, оның салдарынан электр қуатының өзіндік өндірісінің бәсекеге жарамсыздығына байланысты.

Электр қуатына тарифтер Қазақстан бойынша орташа деңгейден 30 пайызға жоғары, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда халықтың табысының жеткіліксіздігін ескере отырып, үй шаруашылықтарының бюджетіне үлкен салым жүктейді.

Жоғары жіберу тарифі электр қуатын өндіруде, таратуда және сатуда туындайтын барлық мәселелерге байланысты.

Жамбыл облысында аудандық бөлімшілердің электр қуатын сатып алу бағасы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 40 пайызға артық. Ал Жамбыл гидроэлектростанциясынан өзіндік энергия қуатын сатып алу Қазақстанның солтүстігінен 20 пайыз магистралдық тасымалдауымен сатып алғаннан жоғары.

Өзіне меншікті электр қуатын жасап шығарудың жоғары бағасы Орталық Азиядан әкелінген қымбат отынға байланысты. Электр станциясы энергия көздерінің құрылымындағы мазут үлесі 70 пайызды құрайды, қалған 30 пайыз газға тиесілі. Сонымен бірге, мазут пен газдан алған электр қуатының бағасы көмірден алған электр қуатының бағасынан 18 және 7 есе артық.

Тарату желілері Жамбыл облысының электр қуатын сататын мекемелеріне электр қуатын жеткізу тарифі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 60 пайызға жоғары.

Электр қуатын сатумен бір ғана мекеме «Жамбыл-Жарық- Сауда-2030 » ЖШС-і айланысады, бұл тарифті төмендетуге қосымша үстеме төлем белгілейді.

Жамбыл облысында электр қуатын өндіру және тарату құралдарының қатты тозуы, оларды жаңартудың баяу қарқыны жоғары эксплуатациялық шығындарға әкеледі және келешекте энергожабдықтардың тоқтап қалу жағдайы да жиіленуі мүмкін.

Жамбыл облысында электр қуатын өндіруге, таратуға жылдық орташа инвестиция мөлшерлері Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 25 пайызға төмен, қорлардың жаңартылу жылдамдығы 70 пайыздан төмен.

SVOT- талдауы бойынша электр энергетикасының дамуын тежейтін басты мәселелер айқындалды:

- энергожабдықтардың жоғары тозуы және оның салдарынан электр қуатын жоғалту мен эксплуатациялық шығындардың жоғары деңгейі, электр қуатын сатуда бәсекелестіктің жоқтығы және жоғары электросыйымдылық;

- өзіндік дәстүрлі отын ресурстарының жоқтығы;

- өзіндік электр қуатының кемдігі, электр қуатының бағалары Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден жоғары.


Телекоммуникация.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі жаңа желіні ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.

2009 жыл ішінде негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша біршама нәтижелерге қол жеткізілді.

Облыс бойынша 29228 телефон, оның ішінде қалаларда – 9855 телефон және ауылдық жерлерде – 19373 телефон орнатылған.

Нәтижесінде 1.01.2010 жылғы жағдай бойынша телефондық аппараттардың саны 170239 бірлікті құрады, бұл 1.01.2006 жылға қарағанда 54,5%-ға жоғары, оның ішінде қалаларда – 99448 бірлікке (43%) және ауылдарда – 70791 бірлікке (74,3%) артық.

2010 жылдың 1 қаңтарына телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:



  • Телефондық станциялардың саны – 208 (1.01.2006 ж. – 155), оның ішінде электрондық – 140 (59), оның ішінде ауылдық мекенде - 88 (46).

  • Облыс бойынша АТС-ң жалпы құрылған сыйымдылығы 178 697 номерді құрады (1.01.2006 ж. – 114818 номерді), оның ішінде ауылдық жерлерде 75 883 номерді (43082 номерді).

  • Құрылған сыйымдылықтың жалпы санынан – 158 369 номер немесе 88,62%-ы (1.01.2006 ж. – 74172 номер немесе 64,6%-ы) облыс бойынша жаңа технологиямен жұмыс істейді (сандық).

  • АТС-ның іске қосылған сыйымдылығы 170 804 номерді немесе 95,58%-ды (1.01.2006 ж. – 110914 номерді немесе 96,6%-ды), оның ішінде ауылдық жерлерде – 71046 номерді немесе 96,6%-ды (40669 номерді немесе 94,4%-ды) құрайды.

  • Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 26 станциясы жұмыс істейді (1.01.2006 ж. – 15 станция).

  • Облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 16 бірлікті (1.01.2006 ж. – 11 бірлікті), оның ішінде Тараз қаласы - 24 бірлікті (18,9) құрайды.

  • Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон тығыздығы 68 бірлікті, Тараз қаласы - 85 бірлікті құрайды.

  • Интернет көрсеткіштерінің жалпы саны – 19 581, оның ішінде кең желілі жетімділікті пайдаланушылар – 15 423.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен берілістің жоғары сорттық желісіне орай байланыс құрылған, Жамбыл облысы әкімінің www.zhambyl.kz сайты әзірленген, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде. Құрылған www.zhambyl.kz сайтпен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, Тараз қаласының қонақ үйінің, мейрамханаларының, тұрмыстық, көлік және басқа қызмет көрсетуді ұсынатын кәсіпорындарының көрсетілуімен интербелсенді картасы құрылған, аудандық әкімдердің өңірлік сайттары құрылған.

2010 жылы облыстық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 146 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында облыс әкімінің блогы, электрондық қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау бөлімі, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа, сонымен қатар порталда ЖАО көрсететін 22 мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. Барлық қалалардың және облыс аудандарының әкімдіктерінің сайттары ашылған және жұмыс істейді.

Халықты компьтерлік сауаттылыққа оқыту орталығы ашылған.

Жамбыл облысының «е-әкімдігін» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалған:



  • техникамен қамту;

  • ведомстволық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу;

  • мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру;

  • «е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған:

  • 9 серверден серверлік түйін құрылған;

  • портал құрылған, онда өтініш беру саласында ішінара ЖАО көрсететін 22 қызмет көрсету автоматтандырылған;

  • «Корпоративтік электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесі енгізілген;

  • «Кадрлық іс жүргізу» ақпараттық жүйесі енгізілген;

  • «мемлекеттік органдарға білім беру және тестілеу» ақпараттық жүйесі енгізілген;

  • басқарудың ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген;

  • «Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі енгізілген;

  • «Ауыл шаруашылығын» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген;

  • «Денсаулық сақтауды» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген;

  • электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желіні, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту пайызы 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 256 kb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.

ЖАО ЛЕЖ-не облыстық және аудандық деңгейде 31 ұйым қосылған (аудандық және қалалық әкімдіктер, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары).

Электрондық құжат айналымына Жамбыл облысы әкімінің аппараты қосылған.
2.2.4. Аумақтық даму

Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 153 ауылдық және селолық округтер, 379 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 34% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 58%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.

Облыстың қалаларында тұратын халық саны 437,5 мың адамды, ауылдық жерлерде тұратын халық 606,6 мың адамды құрайды. Облыс жері 144,3 мың шаршы шақырым (км.) аумақта орналасқан. Халықтың орналасу тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 7,2 адамды құрайды.

Ағымдағы санақ мәліметі бойынша облыс орталығы Тараз қаласында 352,5 мың адам тұрады, бұл 2009 жылдың басымен салыстырғанда 5,0 мың адамға көп.

Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 115,4 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 94,8 мың халық бар.

Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,6 мың адам тұрады.

Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 84,7 мың адам, Жамбыл ауданында – 78,9 мың адам, Жуалы ауданында – 51,9 мың адам тұрады.

Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 61,7 мың адам, Меркі ауданында – 75,0 мың адам, Талас ауданында – 51,3 мың адам, Сарысу ауданында 45,1 мың адам тұрады.

Облыстың кенттеніп, қаламен жақындасу (урбанизациялану) үрдісі Қазақстанның басқа өңірлерімен ұқсас қалыпта дамуда, бұл үрдістің бастапқы, негізгі бастаулары бұрынғы жоспарлы экономика кезінде қалыптасқан.

Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, әсіресе, оның инфрақұрылымдарының дамуы зор ықпал етуде.

Облыстың басқа қалалары тұрғындар саны жағынан да, даму бағыттары жағынан да ірі қала деңгейіне жеткен жоқ. Облыстың қалалары мен аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.

Жамбыл облысында тұрғындардың, өндіріс орындарының және инфрақұрылымның орналасуында бірқатар диспропорциялар бар. Бұл мәселені реттеу үшін аумақтарды дамытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу қажет – барлық аудандарда аумақтарды дамыту жоспары болуы тиіс. Қазіргі кезде 2020 жылға дейінгі мұндай жоспар тек Тараз қаласында ғана бар.

Ауылдық елді мекендердің (АЕМ-дің) жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оларды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдармен тиісті нормативтер деңгейінде, ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автокөлік жолдары, электр қуаттары, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету қажет.

Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 8 аудандық орталық аурухана, 9 ауылдық аурухана, 8 аудандық орталық емхана, 8 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 5 туберкулезге қарсы ауруханасы, 3 туберкулезге қарсы диспансері, 1 тері-венерологиялық диспансер, 130 дәрігерлік амбулатория, 165 медициналық пункттер жұмыс істейді. Сондай-ақ, 59 медициналық қызметкер тиісті медициналық пункттері жоқ болғандықтан, ауыл тұрғындарына өз үйлерінде қызмет көрсетеді.

2009-2010 жылғы оқу жылында облыста барлығы 114 233 оқушылары бар 388 ауыл мектептері жұмыс істесе, оның ішінде бастауыш мектептер – 65, негізгі мектептер – 46, орта мектептер – 277 бірлікті құрады.

2010 жылдың басына ауыл мектептерінде 15395 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 12867, аяқталмаған жоғары білімдісі – 262, орта арнаулы білімдісі – 2245, орта білімдісі 21 адамды құрады. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 2255 мұғалім жұмыс істейді.

2010 жылдың басына Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 459 мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істесе, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 188, кітапханалар – 259, мұражайлар – 3, кинотеатрлар 1 бірлікті құрады.

2010 жылдың басына облыс бойынша жалпы саны 378567 адамды (62,5%) құрайтын 149 ауылдық елді мекен (39,1%) орталықтандырылған ауыз сумен, жалпы саны 216247 адамды (35,7%) құрайтын 221 ауылдық елді мекен (58%) орталықтандырылмаған ауыз сумен, жалпы саны 10855 адамды (1,8%) құрайтын 10 ауылдық елді мекен (2,6%) тасып әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тасып жеткізілетін ауыз суды Мойынқұм ауданының – 9 елді мекені, Талас ауданының 1 елді мекені пайдаланады.

Ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын дамыту үлкен маңызға ие. Жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей, облыста жергілікті мәндегі жолдар 4246,4 шақырымды құрайды, оның ішінде, 2272,8 шақырым жол – облыстық мәндегі, 1973,6 шақырым жол – аудандық мәндегі жолдар. Олардың ішінде, 582,3 шақырым жол күрделі жөндеуді, 2142 шақырым жол орташа жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстарға барлығы 28,9 млрд. теңге қаржы қажет.

Облыс бойынша 3 ауылдық елді мекен (Сарысу ауданының Жарқұдық, Талас және Көкдала-2 ауылдары) телефондандырылмаған және электрлендірілмеген, бұл елді мекендердегі тұрғындар саны 33-тен 73 адамға дейінгі аралықты құрайды.

Аумақтарды дамытудағы басты нысаналы өлшеуіш – ауылдық елді мекендер дің экономикасының тұрақты өсуі, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуы, жоғары әлеуетті даму сатысындағы ауылдық елді мекен сандарының артуы болып табылады.

Жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарына әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша, облыс құрамында 153 ауылдық округ бар, 10 ауданнан тұрады. Аталған ауылдық округтер құрамында барлығы 379 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар, олардың 137-сі – экономикалық даму әлеуеті жоғары, 240-ы – орта, 3-еуі – даму әлеуеті төмен елді мекендерге жатады және 1 елді мекенде тұрғындар тұрмайды. 2009 жылы облыста 2008 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары елді мекендер 6 бірлікке көбейді.

Мемлекеттік қолдау шаралары ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейлерін қамтамасыз ету үшін, ең біріншіден, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерге бағытталуда.
Аймақтың экологиясы
Облыстың қоршаған орта бойынша экологиялық жағдайы соңғы үш жылда тұрақтанып келеді. Мәселен Тараз қаласы бойынша ауаның ластану индексі 2009 жылы 7,4 бірлікті құрады, 2005 жылғы бұл бірлік – 7,9 құраған.

Зерттеулерді талдау көрсеткендей Шу қаласы бұрынғыдай облыстың ластануы аз қаласына, Қаратау, Жанатас ластануы орта деңгейдегі қалаларға жатады.

Қоршаған ортаның мониторингі жүйесін дамыту аясында 2008 жылдан бері Тараз қаласында тәулік бойы автоматтандырылған бақылауы бар «Скат» атмосфералық ауа саласын қадағалау станциясында бақылау жүргізіліп келеді.

Шу-Талас экологиялық департаментінің деректері бойынша стационарлық көздердің ауаға шығарындылары 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға немесе 13,8 тоннаға азайды. Шығарындылардың төмендеуі «Казфосфат» ЖШС ЖФ бойынша фосфор өндіру көлемінің 60,2 пайызға немесе 48394 тоннаға, «А. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ бойынша шығарындылардың 75,3 пайызға немесе 5,95 тоннаға азаюы есебінен болып отыр. Шығарындылардың 0,5 пайызға жуығы немесе 34,7 тоннасы қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларының орындалуынан және экологиялық департамент инспекциясының берген ұйғарымдары есебінен азайды. Инспекциямен анықталған бұзушылықтарды жою нәтижесінде 2009 жылы ластаушы заттардың шығындылары 77 тоннаға қысқарған. 2005 жылы бұл көрсеткіш 16,7 тоннаны құраған.

Өнеркәсіптік сала кескінінде химиялық саласы кәсіпорындарында шығарындылардың 24 пайызы, жылу энергиясына-14,4 пайыз, тау-кен өндіру өнеркәсібіне -10,4 пайыз, газ өнеркәсібіне – 14,2 пайыз, коммуналдық шаруашылыққа -6,1 пайыз тиесілі, қалған кәсіпорындарға облыстағы жалпы шығарындылар көлемінің 31 пайызын құрайды.

Автомобиль көліктерінің шығарындылары бұрынғыдай шығарындылардың жалпы көлемінің 75 пайыздан астамын құрайды. Алдын-ала деректер бойынша Тараз қаласындағы автомобиль көліктерінің саны 65740 тан 71870 бірлікке өсуіне қарамастан, қозғалушы көздердің шығарындыларының көлемі 2008 жылғы деңгейде болады деп күтілуде және 46 мың тоннаны (8,5 пайыз) құрайды. «Таза ауа» айлығын жүргізу кезінде инструменталдық өлшеулер деректі бойынша анықталғаны, онда автокөліктердің 50 пайыздан жоғарысында улану, түтіндеу нормалары артық.

Жамбыл облысында жер үсті сулары саласы жағдайының мониторингісі Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасымен жүргізіледі, атап айтқанда Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы бойынша 9 гидрохимиялық бекеттерде және 11 створларда.

Трансшекаралық талдау деректері көрсеткендей, 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Шу өзені бойынша судың ластану индексі 1,85-тен 2,33 бірлікке өскендігі байқалады, Аса өзені бойынша (СЛИ) сол деңгейде -1,2 бірлік. Ластану индексінің Талас өзені бойынша 1,2-ден 1,42 бірлікке өскендігі байқалады. Су саласының өлшемі бойынша Шу, Талас және Аса өзендерінің сулары ластану индексі бойынша орташа ластануға жатады.

Облыс аумағында ластанған сулар көршілес жатқан Қырғыз Республикасы аумағынан келеді. Жамбыл облыстық гидрометерология орталығымен жергілікті бюджет қаржысы есебінен кіші трансшекаралық Ақсу, Қарабалта, Тоқташ Шарго өзендерінде бақылау жүргізіледі.

Кіші трансшекаралық өзендер бойынша жүргізілген зертханалық бақылаулар нәтижесі 2009 жылы ластаушы заттардың шекті-шығарындылар концентрациясы сульфат бойынша 7,6 есе, мыс 6,1 есе, фенолом 2 есе, мұнай өнімдері 1,4 есе БЛК5 5,5 есе артқанын көрсетті.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау алдын-ала деректер бойынша 2009 жылы бірқатар кәсіпорындардың тастау көлемін азайтуынан 2,1 пайызға немесе 469 тоннаға азайды («Теміржол-су Шу» ЖШС-46,8 тонна, «Меркі қант зауыты» ЖШС-45,8 тонна, «Қант» АҚ-410,51 тонна, «БМ» ЖШС-152,317 тонна, «Игілік» МКК-235,038 тонна).

«Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС-інде өндірістің тоқтауына байланысты су көздеріне ластаушы заттарды тастау көлемі азайған.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда «Қант» АҚ бойынша ластаушы заттарды тастау көлемі 24,6 пайызға немесе 410,51 тоннаға төмендеген.

Ластаушы заттарды тастаудың негізгі үлесі 56,3 пайызға дейін коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына, тау-кен саласы кәсіпорындарына-24,5 пайызы, тамақ-6,8 пайыз, жылу энергиясына-0,31 пайыз, газға-0,4 пайыз, құрылыс-0 пайыз, басқаларына-10,2 пайызы тиесілі. Онда ластаушы заттардың 99 пайызы жинағыштарға, сүзгі алаңдарына, тек 1 пайызы су нысандарына тасталынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың жалпы көлемімен кәсіпорындар үлесіне 30,2 пайыз шығарындылар (4,563 мың тонна), 21,7 пайыз ластаушы заттарды тастау (4,66 мың тонна), 80 пайыз өндіріс қалдықтарының 13668,8 мың тонна орналасуы тиесілі.

Қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында кәсіпорындармен атмосфера шығарындыларын іске жаратуға бағытталған жобалар енгізілуде, мәселен «Қазфосфат» (НДФЗ) ЖШС-гі ағымдағы жылдың сонында «Агломерат және натрий триполифосфат өндірісіне газ пешін іске жарату» нысанын іске қосу жоспарлануда, бұл табиғи газды пайдалану көлемін 3,4 млн.текше метрге азайтуға, қолданыстағы өндірісте ластаушы заттардың шығарындыларын 37 тоннаға, оның ішінде бу газдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-да жұмыстың кезеңділігіне байланысты шығарындыларды төмендетуге арналған іс-шаралар жүргізілген жоқ.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 2009 жылдың желтоқсанында «Амангелді Газ» ЖШС-нің табиғи газды тазалау және конденсатты қалыптастыру кезінде пайда болған газды іске жарату бойынша қондырғы іске қосылды, бұл жыл сайын атмосфераға шығарындыларды 40 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.



Сала мәселелері. Облыстың елді мекендерінде сарқынды суларды тазалау және бөлу мәселелерді шешілмей келеді. Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандарында сарқынды суларды тазалау және бөлу жүйесі жоқ, кіші қалалар Қаратау, Жанатас, Шу және Байзақ, Жамбыл аудандарында тазалау құрылыстары мен кәріз жүйесі нашар жағдайда тұр.

Тазалау құрылғылары мен кәріз жүйелерінің апатты жағдайы жер асты суларының ластануына және осы қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әкеп соғады.

2008 жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен Меркі, Қордай, Құлан елді мекендерінде сүзгі алаңдары мен кәріз жүйелерінің құрылысының, Жамбыл ауданындағы жүйке ауруларына арналған интернет үйінің сарқынды суларын механикалық тазалау кешені құрылысының, Шу қаласының тазалау кешенін қайта құру құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Облыстың өзекті экологиялық мәселелері өндірістік және тұтыну қалдықтарын іске жарату болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 6,1 млн тонна қалдықтар жиналған, Тараз қаласы бойынша-1991,1 мың тонна (в 2005 году-1880,0 мың тонна)

Бір жылда облыста 100 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар жиналады, оның ішінде 30-ы Тараз қаласы бойынша.

Олардың орналастыру орындары санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келмейді және қоршаған орта жағдайына теріс әсерін тигізуде. Сондықтан Тараз қаласы және аудан орталықтарында ҚТҚ көмуге арналған үлгі полигондарының құрылысы қажет. 2005 жылы облыста ҚТҚ жиналған көлемі 5,89 млн тоннаны құраған

2008 жылы Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының орталықтарында ҚТҚ полигоны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, сонымен қатар Меркі, Қордай аудандарында және Шу қаласында ТҚҚ полигоны құрылысының сметалық-жобалау құжаттары әзірленді.

2009 жылы Тараз қаласында қатты сметалық бағасы қалдықтарды көмуге арналған полигон құрылысына сметалық - жобалау құжаттары әзірленді.

Қазіргі кезде сметалық бағасы 757,0 млн теңге болатын құрылысты қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде


2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Өңірді дамытудың негізгі бағыттарын талдау - әлеуметтік - экономикалық инфрақұрылымды, аумақтық даму, сонымен бірге билік институтарының бағыттары Жамбыл облысында қазіргі таңда билік органдары мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушыларының, ең әуелі азаматтардың алдында міндеттемені тиімді орындай алатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, қызмет жүргізу үшін туындаған ортаны сипаттау және облыс пен Тараз қ. әкімдіктерінің қызмет көрсетуін бағалау мақсатында облыстың негізгі компаниялар басшыларынан сауалнама жүргізілген.

Компаниялардан сауалнама барысында облысты дамытудың түрлі аспектілері бағаланды. Бизнес тұрғыдан аса дамыған және қанағаттандырылған авиациялық қатынас болып табылады. Жалпы Қазақстанда компанияларының бағалауы бойынша авиациялық қатынасы жақсы дамыған. Компания автожол қатынасы, олардың бизнес қажеттілігіне сәйкестігін әлсіз деп бағалайды, бірақ Қазақстанда автожолдар компаниямен айтарлықтай нашар бағаланады. Қазақстанға қарағанда Жамбыл облысында жобалық және венчурлік қаржыландыру айтарлықтай нашар дамыған. Олай болса, кәсіпкерлікті және шағын орта бизнесті дамыту үшін жағдай жақсы болуы тиіс. Лизинг және факторинг секілді арнайы қаржылық қызмет көрсету әсіресе өңдеу өндірісінің компанияларына қажет, бірақ бұл қызметтердің бүгінгі деңгейі облыста бизнес қажеттілігіне сәйкес келмейді.

Компаниялар кадрлар саласындағы жағдайды өте нашар деп бағалайды: инженерлерді және техникалық мамандарды, мамандандырылған жұмысшыларды табу өте қиын, өндірістік және техникалық дағдыларды мейлінше жетілдіру, жаңа технологиялық тәсілдерге үйрету үшін біліктілікті арттыру бағдарламасын табу айтарлықтай қиын. Сонымен бірге компаниялар кәсіби және жалпы білім беру сапасын төмен бағалайды. Әсіресе, облыстағы білім беру деңгейі өңдеу өндірісінің компанияларына ұнамайды. Әйтседе ПИИ Жамбыл облысында жалпы жаңа технологиялардың маңызды көзі болып табылады, облыста ғылыми зерттеу сапасы өте төмен және компаниялардың сұранысына сәйкес келмейді. Компанияның ЖОО және НИИ-мен ынтымақтастығы өте төмен деңгейде, жалпы ҚР бойынша айтарлықтай төмен.

Облыс компаниялары, әсіресе, өндіріс саласында жеткізушілердің үлкен жетіспеушілігін көрсетеді. Сонымен бірге, жеткізушілердің сапасы бүгінгі таңда оларға толықтай ұнамайды. Компанияның барлық бағыттар бойынша ынтымақтастығы бизнес үшін маңызды, облыста мүлде реттелмеген. Қазақстанда да жалпы компаниялар соттарды тәуелсіз емес деп және өзінше шешім қабылдамайды деп санайды. Жамбыл облысында орташа Қазақстан бойынша компаниялар полицияның жұмыстарын жақсы бағалайды.

Егер облыс әкімдігінің түрлі саладағы жағдайды өзгерту бойынша күш - жігерін қарастырсақ, компаниялар барлық салалардағы әкімдіктің саясатын оңды бағалайды деп көрсетуге болады. Облыстың басқарушы компаниялар басшыларының пікірінше аса жоғары дәрежедегі кемелділікті облыста аумақтық жоспарлау (жер нарығы), шетел инвестицияларын тарту және денсаулық сақтау секілді саясат салалары қажет етеді. Жалпы облыс бойынша әкімдіктің саясаты қоғамдық көлік, құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздік саларында ерекше оңды бағаланады. Жалпы Жамбыл облысының әкімдігі және Тараз қаласының әкімдігі компаниялармен оңды бағаланды. Шамамен 60% облыс компаниялары осы әкімдіктердің жетістігін оңды бағалайды.



Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Облыста 9 саяси партиялардың, 14 қозғалыстың, 589 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, оның ішінде 58 жастар ұйымдары, 21 этномәдени бірлестік, 389 діни бірлестіктермен берілген 5 әртүрлі конфессия және 20 деноминациялар, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының облыстық кеңесі жұмыс істейді. Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.



Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту

54 БАҚ, оның ішінде 50 – баспа (олардың біреуі - «Жамбыл» журналы), 4 – электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген және жұмыс істейді. Оның ішінде 20 – мемлекеттік баспасөз (37 %), 34 – тәуелсіз (63 %). Баспа БАҚ тираждары көлемі өсімінің оңды үрдісі байқалады.



Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2010 жылы 304900 адамды құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда өсім 1,06% құрады. 58 жастар ұйымы, 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Жастар ұйымдары саны өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2007 – 46 , 2008 – 48 , 2009 – 53 , 2010 – 58 (өсім динамикасы 26%). Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2007 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 62000 адамды құраса, 2010 жылы - 66000 адам (өсім динамикасы – 6,45%). Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуының өсімі тіркелген. Егер 2007 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 12 жастар ұйымы қатысса, онда 2010 жылы – 20 (өсім динамикасы - 66%). Осының нәтижесінде жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. Атап айтқанда, егер 2007 жылы іс-шараларды іске асыруға 68200 адам қатысса, 2010 ж.- 70100 адам (өсім динамикасы – 2,8%).

Сонымен бірге жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарда қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 1 жас адам ғана бар, бұл облыс депутаттары жалпы санының 0,48% құрайды. Облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады.

Мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары барлық деңгейдегі әкімдіктердегі жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» болып табылады.



Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі, өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытудағы, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы негізгі проблемалар мыналар:

- үкіметтік емес сектордың аудандық деңгейде дамуының төмен деңгейі;

- ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі;

- әлеуметтік-елеулі жобаларды орындау сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;

- барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар санының төмен деңгейі;

- өңірлік ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі.


Тілдерді дамыту

Облыс халқының 85% астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдайлар жасауға және мемлекеттік тілге үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Сала инфрақұрылымы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанында жұмыс істейтін Тараз қаласындағы мемлекеттік тілге үйрету Орталығымен берілген. Мұнда тыңдармандар саны өсімінің келесі динамикасы байқалады:

- 2007 жыл-қазақ тілін 136 адам оқыды (олардың 78-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2008 жыл-тыңдармандар саны 402 адамға дейін көбейді (олардың 279-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2009 жыл-мемлекеттік тілді оқитындар саны 916 адамды құрады (олардың 798-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2010 жыл-орталықта 1203 адам оқиды (олардың 976-і - басқа ұлттар өкілдері).

2009 жылы Меркі, Қордай, Шу аудандарында және 2010 жылы Талас, Сарысу аудандарында құрылған Орталықтың аудандық бөлімдерімен мемлекеттік тілді оқытумен 1543 адам қамтылған, олардың 1400-і - басқа ұлт өкілдері.

Тілге оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы 75 терминологиялық сөздік, 2009 жылы 110 сөздік және оқу-әдістемелік құралдар, 2010 жылы 20 терминологиялық сөздік және 20 оқу әдістемелік құралдар шығарылды.

Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізу мәліметтерінің мониторингі іс қағаздарының 97,8% мемлекеттік тілде жүргізілетінін көрсетті. Салыстыру үшін, 2007 жылы шығыс құжаттарының 65,2% мемлекеттік тілде, 2008 жылы-72%, 2009 жылы-89,1% жіберілген.

Өңірдегі 60 БАҚ бірліктерінің ішінде 17-і мемлекеттік тілде (28,4%), 11-і орыс тілінде (18,3%), 32-і қазақ-орыс тілдерінде (53,3%) шығарылады. Жыл сайын «БАҚ-тағы мемлекеттік тіл» дәстүрлі байқауы өткізіледі. Сонымен бірге аймақта облыстың тілдік көптүрлілігін сақтау үшін жағдайлар жасалынған. Этномәдени орталықтар жанынан ана тіліне үйрететін 8 үйірме ашылып жұмыс істейді, олардың ішінде: 1-поляк, 1-украин, 1-татар, 1-кәріс, 1-түрік, 2-неміс және 1-грек, 10-неміс тіліне үйрету курстары.

Бұдан басқа, 29 орта арнаулы мектептерде аймақта тұратын этностар тілдерінде факультативтік сабақтар жүргізіледі: 12 мектепте дүнген тілінде, 12-түрік, 3-күрді және 2-әзірбайжан.

Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде облыстың елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2007 жылы 3 ауыл, 10 мектеп, 49 көше, 2008 жылы - 3 ауыл, 1 ауылдық округ, 2 мектеп және 19 көше, 2009 жылы - 6 мектеп, 15 көше, 2010 жылы - 1 ауыл, 3 мектеп, 35 көшенің атаулары өзгерді.
Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2010 жылдың басына облыста 1043,8 мың адам тұрады, олардың 51,5% - әйелдер.

Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 4,9% құрайды.

2009 жылы әйел депутаттар саны 11 адамға көбейді, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 35-і - әйелдер, олардың 8-і қалалық мәслихатта, 24 - аудандық, 3 - облыстық мәслихатта.

32 аудан әкім орынбасарларының бесеуі әйел, 151 ауылдық және поселкелік округтердің жетеінде әйелдер басқарады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 66,7% құрайды.

Облыс экономикасында әйелдердің қатысуы елеулі, 29% жуық әйелдер шаруа қожалықтарын басқарады, олардың 30%-і - көп балалы аналар.

Облыста 190 белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, олардың 16-ы әйелдер және балалар проблемаларымен айналысады, олардың 12-і негізінен облыс орталығында, 8-і облыстың аудандарында шоғырланған.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілген, облыс әкімдігі жанында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 2 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.

Әйелдер көшбасшылығы мектебі жұмыс істейді. Әйелдер көшбасшылығы мектебінің республикалық желісінің құрамына Жамбыл облысынан үш қоғамдық бірлестік кіреді: «Жан дауа», «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы», «Тараз бастама орталығы» қоғамдық бірлестіктері.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен облыстық мектеп қызметі, сондай-ақ гендерлік стратегияны түсіндіру және насихаттау қаржыландырылады.

Әйелдер қоғамның қорғалмаған бөлігі ретінде тұрмыста да, көшеде де үлкен қауіптермен жиі ұшырасады. 2010 жылдың 9 айы ішінде қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,1% өскен. Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың өсуі ең алдымен халықтың жұмыссыздығына, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалануына, тұрмыстағы даулы мәселелерге байланысты орын алған.

Әйелдерді зорлықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдары 1176 кездесулер өткізіп, БАҚ-та мақалалар жариялады, оқу орындары мен ұжымдарда 778 түсіндіру-алдын алу әңгімелесулерін өткізді.

Облыста 1996 жылдан бастап жүкті әйелдерді және балаларды сауықтыру бойынша «Ана мен баланы аялау» орталығы жұмыс істейді.
Құқық тәртібін қорғау

Қауіпсіздікті нығайту және құқық тәртібін қорғау, қылмысқа қарсы күрес облыстың әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

2008 жылмен салыстырғанда құқық тәртібін нығайту және қылмыспен күрес бойынша қабылданған ұйымдық-тәжірибелік шаралардың нәтижесінде облыстағы жалпы қылмыс көрсеткіші 3,2% төмендеді (4075-тен 3943-ке дейін). 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 38,7% құрады.

Облыстағы құқық тәртібінің жағдайына, азаматтарды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарды криминалдық қауіптілікпен қорғау жүйесіне бірқатар елеулі сыртқы және ішкі факторлар ықпал етуде. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың, әсіресе жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстардың, оның ішінде зорлық қылмыстары өсімінің себептерінің бірі болып табылады.

Атап айтқанда, 2008 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санының бірден өсуі байқалды (2007 ж. – 271, 2008 ж. – 649), бұл қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік ахуалының индикаторы болып табылады. Алайда, қабылданған шаралардың арқасында 2009 жылы бұл қылмыстардың саны 5,1% (616 фактіге дейін) төмендеді және 2010 жылы да төмендеуі жалғасуда.

Осыған ұқсас аталған кезеңде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының өсімі байқалды (2007 ж. – 164, 2008 ж. – 198). 2009 жылы бұндай қылмыстар саны 1,6% төмендеп, 177 фактіні құрады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жартысынан астамы мектептер, лицейлер мен гимназиялар оқушылары болып табылады.

Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу шараларының бірі «мектептік» полиция инспекторлары институтын дамыту, сондай-ақ әрбір қалалық және ірі ауылдық мектепте осындай штаттық бірліктер енгізу болып табылады.

Соңғы жылдары облыста жол-көлік апаттарыныңі негізгі көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі байқалады. Жол-көлік оқиғаларының деңгейі (10 мың көлікке шаққанда) 2007 жылғы 67,9-дан 2009 жылы 39,8-ге дейін төмендеді, жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар деңгейі (100 зардап шеккендерге шаққанда) 32,3-тен 31,5-ке дейін, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер деңгейі 12,6-дан 8,5-ке дейін төмендеді.

Сонымен бірге жол-көлік кешені күрделі жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамалары өсімінің қарқыны көше-жол желісін дамыту қарқындарынан асып түседі. Республикалық мәндегі жолдар ұзындығының елеулі бөлігі күрделі қайта жаңартуды, көлік жүретін бөлігінің ені ұлғайтуды, оларды қоршаулармен жабдықтауды талап етеді. Жергілікті мәндегі жолдар өте нашар жағдайда.

Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен. Жүргізушілерді дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды қажет етеді. Осы және басқа себептердің кешені жол-көлік оқиғалары салдарлары ауырлығының жоғарылығын айқындайды.

Жалпы 2009 жылы қылмыстарды ашу деңгейі 70,2% құрады, 2008 жылы-67,8% (өсім 2,3%). Ауыр қылмыстарды ашу 2,5% (2008 жылғы 75,8%-дан 2009 жылы 78,4%-ға дейін), аса ауыр қылмыстарды ашу 5,9% (2008 жылғы 88,6% 2009 жылы 94,5%-ға дейін) көбейді.

Шұғыл ахуалды күрделендіретін маңызды фактор ұрлық болып табылады. Жалпы қылмыс құрылымында бірнеше жылдар бойы ұрлық фактілері көрсеткіштің жартысын құрайды, олардың әрбір екіншісі ашылмай қалады. Әрбір үшінші тіркелген ұрлық - пәтерлерді тонау. Соңғы жылдары қымбат автомобильдерді ұрлау және айдап кету жиілеген.

Облыста жасалған барлық қылмыстардың 90% астамын тергейтін ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеудің қазіргі жағдайы қарапайымдалған сотқа дейінгі өндірісті қолдану аясын кеңейту қажеттігін меңзейді.

2010 жылғы қаңтардан бастап мұндай нысан шағын және орташа ауыр қылмыстарды тергеу барысында қолданылуда. Бұдан былай ауыр қылмыстарды тергеу барсында да осындай нысанды қолдану көзделуде, бұл қылмыстық процесске қатысушы азаматтардың құқықтары мен еріктерін қамтамасыз етуге оңды ықпалын тигізетін болады.

Облыстағы нашақорлыққа байланысты ахуалдың шиеленісуі жалғасуда. Бірнеше жылдар бойы қылмыстар құрылымындағы нашақорлық қылмыстарының үлесі азаймай отыр (орташа алғанда 10%). 457 нашақорлық қылмыстары анықталды (2008 жылы-440, өсім 3,9%). Жыл сайын анықталатын есірткілер сату фактілерінің саны да төмендемей отыр. 2009 жылы есірткі сатудың 87 фактісі анықталды (2008 жылы-67, өсім 29,9%). Жыл сайын айналымнан 11 тоннадан астам есірткілік заттар, оның ішінде героиннің елеулі мөлшері алынады.

Тұрғындарды есірткі пайдалануға тарту деңгейі жоғары күйде қалуда. Есепте 5 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде есірткі заттарын медициналық емес тұрғыда пайдалануға жол берген 150-ден астам әйелдер, 12 жасөспірім. Есірткіге тәуелді тұлғаларды медико-әлеуметтік сауықтыру деңгейі облыстағы ағымдағы нашақорлыққа байланысты ахуалға сәйкес келмейді.


Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау шеңберінде облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.

Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.

Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, судан құтқару қызметі, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары, 112 құтқару қызметі, ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері, АҚ аумақтық және объектілік құрылымдары, сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу үшін 70084 адамдық жеке құрамды 3709 құрылымдар бар, оның ішінде: 1551 адамдық жеке құрамды 167 штаттық кәсіби авариядан құтқару құрылымдары; 12244 адамдық жеке құрамды 487 аумақтық құрылымдар; 55589 адамдық жеке құрамды 3044 объектілік құрылымдар.

Проблемалар. Жамбыл облысы аумағының үлкен бөлігі жойқын 8 баллдық жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.

Облыс аумағының Жамбыл облысының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Қордай, Мойынқұм, Жуалы аудандары аумақтарындағы Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм және басқа аудандар аумақтарында омбы қарларға, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары аумағында Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қаупі бар.

Ресми мәліметтер бойынша 2002 жылғы қар ерітінді суымен Жамбыл облысына 400 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. 2003 жылы Луговойда болған жер сілкінісінен 16 млрд. тенге, 2005 жылғы омбы қардан 3 млрд. тенге шығын келді. Жыл сайын техногендік және табиғи сипаттағы өрттерден 300 млн. тенгеге жуық залал келтіріледі. Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан жыл сайын облыста 300-ден 400-ге дейін адам қаза табады, оның ішінде автожолдарда 200-ден астам адам. Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40,АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлкпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Облыста шатырлы лагерлер салуға арналған жабдық жоқ.
Мұрағат

Облыста мұрағат қызметін 12 мемлекеттік мұрағат, оның ішінде 1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық мұрағат жүзеге асырады. 01.01.2010 жылға Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 761101 мың бірлікті құрады.



Облыстың 850 ұйымдарының ведомстволық мұрағаттары Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері болып табылады, оның ішінде 278-і – мемлекеттік емес меншік нысанында. Қазіргі кезде Ұлттық мұрағат қорының ведомстволарда сақтауда тұрған басқармалық құжаттамасының көлемі 180 мың бірлікті құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда – 27 мың бірлік, ғылыми-техникалық – 478 мың бірлік (оның ішінде мемлекеттік емес – 1500 бірлік), жеке құрам бойынша – 220 мың бірлік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет