Байланыстырып сөйлеу: Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.
ҚАЗАН
|
Қазақ тілі
|
Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, тұрмыстық кәсібімен таныстыру. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін құстар, көкөністер, жемістер, күз мезгілі атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының егіншілік кәсіпке байланысты (дән, тұқым, суару, отау, ору, диірмен, орақ, кетпен, шалғы, айыр, күрек, тырма, соқа) сөздермен толықтыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді үйрету.
Байланыстырып сөйлеу. Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.
|
ҚАРАША
|
Қазақ тілі
|
Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
|
Достарыңызбен бөлісу: |