Бағдарламасы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


АҚПАН Қазақ тілі Тілдік дамытушы орта



бет5/8
Дата26.09.2024
өлшемі112.5 Kb.
#504041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
мектепалды топ

АҚПАН

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыста, аңшылықта қажетті құрал жабдықтармен таныстыру. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айту мен есте сақтау, оларды қолдану икеміне; тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін тірі және өлі табиғат, техника, қоршаған орта, атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқы аңшылық кәсіпті (аң, аңшы, орманшы, қорықшы) сөздермен толықтыру. білдіретін сөздерді үйрету. Шағын өлеңдер, санамақтар, тақпақтар жаттату.
7-ге дейін тура және кері санауды бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу. Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет