Сөздік қор Күнделікті өмірде кездесетін заттардың атауларын, дене мүшелері, жиһаздар көрсету айту. Отбасы, Өзің (аты, тегі,), өз отбасы жайлы, айналадағы адамдармен тілдесу үшін қолданылатын сөздерді қалыптастыру. Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, татулық, жақындық, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу. Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.
5-ке дейін тура және кері санауды бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді үйрету. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.
ЖЕЛТОҚСАН
|
Қазақ тілі
|
Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен таныстыру. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін мемлекеттік рәміздер, Отан, киімдер, тағамдар, ұлттық тағамдар атауларын дұрыс айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарды білдіретін (азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран) білдіретін сөздерді үйрету. Шағын өлеңдер, санамақтар, тақпақтар жаттату.
|
Достарыңызбен бөлісу: |