Бағдарламасы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет8/8
Дата26.09.2024
өлшемі112.5 Kb.
#504041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
мектепалды топ

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыста, егіншілікке қажетті құрал жабдықтармен таныстыру. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Сөздерді мұқият тыңдауға, дұрыс айтуға және есте сақтауға үйрету. Сөйлеу мен артикуляциялық аппараттарды, тыныс пен анық дикцияны дамытуды жалғастыру. Күнделікті өмірде кездесетін оқу құралдары, жаз мезгілі атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Заттардың белгілерін (түсі, саны, көлемі), заттардың әрекетін көрсететін сөздерді түсіну және айту икеміне үйрету.
Тура және кері санауды үйретуді жалғастыру. Тыңдалған шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізе білуге, еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсете білуге мүмкіндік беру.
Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Шағын өлеңдер, санамақтар, тақпақтар жаттату.
(Мен мектепке барамын) сөздерді үйрету, толықтыру.
10-ға дейін тура және кері санауды бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет