Бағдарламасы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


СӘУІР Қазақ тілі Тілдік дамытушы орта



бет7/8
Дата26.09.2024
өлшемі112.5 Kb.
#504041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
мектепалды топ

СӘУІР



Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыста, мал өсіруге байланысты қажетті құрал жабдықтармен таныстыру. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айту мен есте сақтау, оларды қолдану икеміне; тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін ғарыш, ыдыс-аяқ, көктемгі өзгерістер туралы айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Кітаптан ертегілер, көркем шығармалар оқып беруде олардың мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, кейіпкердің ісәрекетіне өз ойын білдіруге баулу. Тура және кері санауды үйретуді жалғастыру. Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.
9-ға дейін тура және кері санауды бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.

МАМЫР

Қазақ тілі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет