БАҒдарламасы орал, 2016 мазмұны 1



бет4/10
Дата03.07.2016
өлшемі1.38 Mb.
#175374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 10,0 мың шаршы метр болатын 5 жылы-жай шаруашылығы жұмыс істейді.

Күрт континенттік ауа-райы жағдайлары, яғни жиі қайталанатын құрғақшылық, ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық кезеңінде жауын-шашынның болмауы өсімдік шаруашылығы саласы өнімдерін өндіруді кеңейтуін шектейді.

10- кесте

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімі

мың тонна



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2012 ж.

% бен

Дәнді дақылдар

4652

5016

5820

125,1

соның ішінде бидай

1288

2321

2178

169

Майлы дақылдар

-

474

95

950

соның ішінде күнбағыс

-

474

95

950

Картоп

16088

16427

8627

53,6

Көкөніс

11002

12292

16949

154

Бақша дақылдары

757

774

667

88,2

Соңғы үш жылда қайта өңдеу саласында тұтынушылар сұранысының өсуі, сектордың инвестициялық тартымдылығы, шикізат базасының дамуы және экспорттау мүмкіндіктерінің кеңеюі, өсім динамикасын тұрақтандырып келеді.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда шұжық және еттен жасалған ұқсас өнімдер өндірісі -32,1%-ға, еттен жасалған консервілер – 0,1%-ға, өңделген сүт – 8,6%-ға, ұн – 13,5%-ға, жаңа піскен нан - 33,9%-ға ұлғайды.

11- кесте


Өңдеу өнімдерінің динамикасы


Өнім атауы

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2014 ж.

2012 ж.

% бен

Еттен, етті қосымша өнімдерден жасалған шұжықтар және ұқсас өнімдер

6619

8575

8166

123,4

Еттен жасалған консервілер

7974

7186

7108

89,1

Ет және тағамдық қосымша

543

465

178

32,8

Басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық

4171

2348

1729

41,4

Өңделген сұйық сүт

1081

894

942

87,1

Сары май

471

606

214

45,4

Ұн

69017

60459

69486

100,7

Жарма

62

149

106

170,9

Жаңа піскен нан

19168

29228

29118

151,9

Макарон өнімдері

17248

16934

16575

96,1

2014 жылы жалпы сыйымдылығы 4,8 мың тонна 2 заманауи көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы бойынша жобалар Орал қ. («ОралАгроСервис» ШҚ ЖШС) іске асырылды.


АӨК бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша саланы дамытуды қолдау үшін бюджеттерден жыл сайын қажетті қаражаттар бөлу;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды инвестициялайтын қаржы институттарының жеткілікті болуы;

  • жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс және салыстырмалы түрде төмен өткізу бағасы.

  • саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

  • өндірістің ұсақ тауарлығы;

  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту;

  • өнімдік және бейімделу қасиеттері бар (белгілері) зауыттық типтегі жануарлардың ғылыми негізделген селекциялық-асыл тұқымдық мақсатты бағытталған жұмыстар арқылы ерекшеленетін асыл тұқымды малдың жаңа желілер мен тұқымдастығын шығару.

  • мал басы санының азаюы, және тиісінше шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің азаюы;

  • шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі;

  • шекаралас елдерден әкелінетін өткір жұқпалы аурулардың жоғары ықтималдығы;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері импортының өсуі;

  • өсімдік шаруашылығында құрғақшылықтың жиі қайталануы.

Саланың негізгі мәселелері:

өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының болмауы;

балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қаржылық қолдаудың шарттарының тартымды еместігі;

ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы.

білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Қала экономикасы дамуының басымды бағыты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы (әрі қарай - ШОК) болып табылады.

2015 жылдың 1 қаңтарына қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28017 бірлікті құрап, 2013 жылғы (28900 бірлік) 3%-ға, ал 2012 жылғы деңгейден (24041 бірлік) 16,5%-ға өсті.

2014 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің азаю себебі:

-2012 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР-ң №61-V Заңына сәйкес сот шешімімен мәжбүрлеп істен шығару;

-Заңды және жеке тұлғалардың тұрғын жайларының ауысуына орай басқа салық органдарына ауысулары;

-Шағын бизнес субъектілеріне түгендеу жүргізу.

Белсенді субъектілер саны 25 848 бірлікті құрап барлық тіркелген ШОК субъектілерінің 92,3%-н құрап отыр. Аталған көрсеткіш 2013 жылдың (25065 бірлік) осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 %-ға, 2012 жылдың (20 990 бірлік) осы кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті.



ШОК саласында жұмыс жасайтындар саны 2012 жылы 36357 адамды құраса, 2013 жылы 38037 адамды құрап 2012 жылғы деңгейден 4,6%-ға жоғары болып тұр. 2014 жылы жұмыс жасайтындардың саны 40 102 адамды құрап, 2012 жылғы деңгейден 10,3%-ға немесе 3745 адамға, 2013 жылғы деңгейден 5,4%-ға немесе 2065 адамға өскен.

2014 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі (жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет) 2013 жылдың осы кезеңіне сәйкес 3,4%-ға өсіп, 60843,8 млрд.теңгені құрады.



Ұйымдық-құқықтық кескін бөлінісіне сәйкес ШОК субъектілерімен өндірілген өнім (жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемінің негізгі бөлігі заңды тұлғалар үлесіне тиесілі (орта есеппен 2012-2014 жылдары – 65,1%). ШОК субъектілерімен өндірілген өндіріс көлемінің орташа 34,9% жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 15 521,2 млн.теңге (2013 жылы аталған көрсеткіш 12 057,2 млн.теңгені құрап, 2014 жылға өсім 27,7%), соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 6 641,3 млн.теңге (2013 жыл – 3 232,8 млн.теңге, өсім 205 %).

12- кесте



ШОК даму көрсеткіштері

Көрсеткіштер

өлшем бірлік

2012ж

2013ж

2014ж

Тіркелген ШОК субъектілері

бірлік

24 041

28 900

28 017

Жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілері

бірлік

20 900

25 065

25 848

Тіркелген ШОК субъектілерінің ішінде жұмыс жасап тұрғандарының үлесі

%

87,3

86,7

92,3

ШОК саласында жұмыс жасайтындар саны

адам

36 357

38 037

40 102

ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі (жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет)

млн.теңге

58 830,3

58 860,0

60 843,8


«Бизнестің жол картасы 2020»

2010 жылдан бастап ШОК қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда (әрі қарай – БЖК - 2020).

БЖК - 2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен облыс бойынша 2012-2014 жылдарға 5,3 млрд.теңге қаржы қарастырылған.

Орал қаласы бойынша 2012-2014 жылдары 194 жоба субсидияланса, 18 жобаға ішінара кепілдік берілді және 18 грант бөлінді.



БЖК 2020 бағдарламасы аясында қаржылай

қолдау алған жобалар саны

13- кесте




Қолдау инструменттері

2012ж

2013ж

2014ж

Субсидиялау соның ішінде: барлық бағыттар бойынша

81

58

55

кепілдендіру

1

2

15

гранттар

4

13

1

өндірістік инфрақұрылымды дамыту

2

13

3

БЖК 2020 бағдарламасын жүзеге асыру барысында 3 жыл ішінде 5,5 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды және 1,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

2011 жылдан бастап БЖК 2020 бағдарламасы аясында 4-бағыт «Кәсіпкерле рді қаржылай емес мемлекеттік қолдау» бағыты жүзеге асырылуда.

14- кесте



«Бизнестің Жол Картасы- 2020» бағдарламасы аясында

компонеттер бөлінісінде оқытылған қатысушылар саны

Қолдау инструменттері

2012ж

2013ж

2014ж

Бизнес кеңесші 1

201

279

157

Бизнес кеңесші 2

-

64

169

Топ-менеджментін оқыту

4

17

12

Іскерлік байланыс

14

14

11

Аға сеньорлар




2

1

Жас кәсіпкерлер мектебі







60

ШОБ субъектілерін қаржылай емес қолдау аясында «Бизнес кеңесші» бағыты бойынша 2012-2014 жылдары 870 кәсіпкер оқыту курсынан өтті, «Топ менеджментін оқыту» бағыты бойынша 33 басшы, «Іскерлік байланыс» бағыты бойынша 39 кәсіпкер оқытылып, шет елден 10 кәсіпкер тағылымдамадан өтті. «Аға сеньорлар» компоненті аясында 3 кәсіпкер тәжірибеден өтсе, «Жас кәсіпкерлер мектебі» аясында 60 кәсіпкер оқытылды.


Жұмыспен қамту 2020

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 «Кәсіпкерлікті ынталандыру және өз ісін ұйымдастыру мен кеңейту арқылы экономикалық белсенділікті арттыру» қаулысымен бекітілген. Жалпы бағдарлама 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда, ал Орал қаласында 2013 жылдан бастап жүзеге асырылуда.




Аймақ

жылдар

Бөлінген қаржы, млн.теңге

Несие алушылар, адам

Бағдарлама аясында құрылған жаңа жұмыс орындары

Орал қаласы

2011

-

-

-

2012

-

-

-

2013

28,0

12

28

2014

80,0

30

80

2015

65,7

24

45 (жоспар)

Бағдарламаның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті ынталандыру және өз ісін ұйымдастыру мен кеңейту арқылы экономикалық белсенділікті арттыру, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту.

Бағдарламаның үйлестірушісі «Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады және қажетті құжаттарды жинап барлық жобаларды Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиевтың төрағалығымен өтетін отырысқа шығарады.

Комиссия отырысында қаралған жобалар бағдарламаның қаржылық агенті болып табылатын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына ұсынылады.



2014 жылы «Кәсіпкерлікті қолдау және ауылдық елді мекендерді дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру» екінші бағыты бойынша 80 млн.теңге қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні 30 адам аталған бағдарлама аясында несие алды және 80 жаңа жұмыс орны құрылды. 40 адам оқыту курсынан өтті.

Несие мал шаруашылығын дамытуға, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы, автокөлік жөндеу қызметі, ағаш өндірісі, шаштараз қызметі және қоғамдық тамақтандыру қызметі бағыттарына берілді.

2013-2014 жылдары алынған несиелер бойынша берешектер жоқ.


«Даму-Өндіріс-2» бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 2014 жылы Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға 100 млрд.теңге қаржы бөлінді (1 транш).

Екінші деңгейдегі банктер өз кезегінде ШОБ субъектілерін 6% жылдық мөшерлемемен қаржыландырды. Аталған бағдарлама аясында БҚО бойынша 28 жоба 3,6 млрд.теңге сомасында қаржыландырылды (ҚР бойынша бөлінген соманың 3% құрап отыр), соның ішінде сомасы 2,6 млрд теңге болатын 22 жоба қалаға тиесілі (БҚО бойынша алынған соманың 72% құрап отыр).
Индустрияландыру картасы бойынша

Индустрияландыру картасы шеңберінде Орал қаласы бойынша 11 688 млн.теңге болатын 1051 жұмыс орындарын құрумен сомасы 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

2010-2014 жылдардың қорытындысы бойынша Орал қаласында 966 жұмыс орындарын құрумен сомасы 10 929 млн.теңге болатын 22 жоба жүзеге асты.

Соның ішінде 2014 жылы 360 жұмыс орындарын құрумен сомасы 4 200,0 млн.теңге болатын 2 жоба жүзеге асты («Орал трансформатор зауыты» «қуаты күшті, 6-10 кВт болатын трансформаторлар өндірісі» және «Квант» ЖШС «Жиһаз өндірісі»).

2016 жылы 30 жұмыс орындарын құрумен сомасы 458,8 млн.теңге болатын 1 жобаны (Орал «Зенит» зауыты», құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа класты кемелер өндірісін игеру және ірі габаритті өнімдер шығару) жүзеге асыру жоспарлануда.

2019 жылы 55 жұмыс орындарын құрумен сомасы 300 млн.теңге болатын 1 жоба ( «НИИ «Гидроприбор» АҚ, шағын кемелер өндірісін кеңейту және жаңарту) жүзеге асыру жоспарлануда.

22 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 5 198 682,3 мың теңге көлемінде салық түссе, оның ішінде 1 444 966 мың теңге салық жергілікті бюджетке түсті. Жалпы түскен салық көлемінің ішінде 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі 734 424,3 мың теңге, ал жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 246 846,9 мың теңгені құрап отыр.

Жобалар негізінен құрылыс, өндіріс,тамақ өнімдерін өндіру мен жиһаз өндіруге бағытталған.


Базарлар мен сауда үйлері

Орал қаласында ресми 28 сауда базары тіркелген, соның ішінде 27 сауда базары жұмыс жасайды (қазіргі таңда «Самал» базары жұмыс жасамайды).

Тауарлық мамандануы бойынша 27 базардың ішінде

- 12 азық-түлік сауда базарлары

- 15 азық-түлік емес сауда базарлары болып табылады.

Аумағының көлеміне қарай

- 11 ірі сауда базарлары (жер көлемі 1 гектар немесе одан да жоғары)

- 6 орташа сауда базарлары

10 шағын сауда базарлары болып табылады.

Барлық базарлар 3 категорияға (жабық, аралас және шағын базар) бөлінеді.

Базарларда сауда саттықпен айналасатын 8 000-ға жуық жеке кәсіпкерлер бар. Негізінен саудагерлер «Мирлан» (2,6 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер) және «Алтын-Алма» (800-ге жуық жеке кәсіпкерлер) базарларына шоғырланған.

Қала басшылығымен қала аумағының орталығында орналасқан 8 сауда базарларының басшыларымен («Мирлан», «Тұлпар», «Қайнар», «Орталық-киім», «На Алмазов», «Жигули», «Ақ жол» және «Қалау») кездесулер жүргізілді, нәтижесінде олар 2015 жылдан бастап өздерінің аумағында қазіргі заманға сай ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерін салу жоспарларының бар екендігіне сендірді.

Қазіргі уақытта қала әкімшілігінің кеңесі бойынша ескі базарлардың орнына қазіргі заманға сай базарлар мен сауда үйлерді салуға төменднгідей базар басшылары кірісті.

«На Алмазова» базары (2 қабатты ғимарат көтерілді және шатырды жабу жұмыстары жүргізілді, жылу жүйелері жүргізіліп, желдеткіш орнатылды, ішкі өңдеу жұмыстары жасалуда. Нысанды іске қосу 2016 жылдың ақпан айына жоспарлануда).

«Орталық-киім базары» (Московский базары) – іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде, қаңқасы көтерілуде, базар 2 этапта салынатын болады. Сауда үйінің жалпы ауданы 13 000 шаршы. 2015 жылдың желтоқсан айында 6 000 шаршы, яғни 1-ші этап аяқталады деп күтілуде. 2016 жылдың көктемінде толықтай 2-ші этап аяқталып, іске қосылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет