БАҒдарламасы орал, 2016 мазмұны 1



бет5/10
Дата03.07.2016
өлшемі1.38 Mb.
#175374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Жигули» базары, «Жигули» аялдамасы ауданында Әбілқайыр хан көшесі бойында орналасқан, нысаналы пайдаланымы сауда базарынан сауда үйіне толықтай ауысты. Қазіргі таңда 3 қабатты ғимарат бой көтеріп шатыры ішінара жабылды, әрі қарай жұмыстар жүргізілуде)

«Бақыт жол» базары, Матросов көшесі 2/7 мекенжайында орналасқан, бүгінгі күні алдыңғы беті қайта жабдықталды.

Сонымен қоса, «Тұлпар» және «Мирлан» базарларының орнына салынатын сауда үйлерінің жобасының сметалық құжаттамалары әзірленуде (Мұхит-Досмухамбетов көшелері бойынан 3 қабатты сауда үйін салу жоспарлануда).

«Ақ жол» және «Қалау» базарлары электр қуаты тартылған, бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған санитарлық талаптарға сай сауда павильондары болып толықтай қайта құрылымданды.
ШОК БОЙЫНША SWOT- талдау

Қуатты (күшті) жақтары

кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;

ШОК субъектілеріне мемлекеттік қолдау.

Әлсіз жақтары

өздерінің айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі, ШОК субъектілерінің кепілдік мүліктерінің болмауы;

кәсіпкерлердің жеткіліксіз деңгейде ақпараттандырылуы, білікті мамандардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер

рұқсат беру тетіктерін жетілдіру және әкімшілік кедергілерді жою;

ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдауды күшейту.

Қауіп

индустриалды инфрақұрылымның дамымауы;

кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Дамудың жағымды динамикасымен қатар бірқатар кәсіпкерлікті дамытуға қайшы келетін факторлар да бар. Оның ішінде атап өтетіні салық деңгейінің жоғарылығы, материалды-техникалық құралдардың қымбатшылығы, кредиттік ресурстарға шағын бизнестің төмен қол жетімділігі, кепілдік заттың болмауы, ШОК субъектілерінің жаңашылдық тұрғыдан төмендігі, жалға алу құны мен құрылғылардың бағасының жоғарылығы, кәсіпкерлір мен жалдамалы қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі.

ШОК аймақта дамытға кедергі болатын нақты факторлар мыналар:

негізгі топ болып табылатын жергілікті тұрғындардың азық-түлікке сұранысының төмендігі;

кәсіпкерлікті жаңадан бастаушылардың біліктілігінің төмендігі.

Сауда

2014 жылы қаланың бөлшек тауар айналымының көлемі 161,4 млрд.теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 12,8%. Тауар айналымынан алынған барлық көлем мемлекеттік емес секторларға тиесілі.

Өңірдің көтерме тауар айналымы 2014 жылы 257,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6% өсті.

15-кесте


Бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі

млрд. теңге






Бөлшек тауар айналымының жалпы

көлемі


Көтерме тауар айналымының көлемі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 % 2013 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014-2013ж.ж. %

Орал қ.

103,5

135,2

161,4

112,8

179,9

226,1

257,7

106,1

БҚО

136,4

173,9

201,8

109,7

210,8

221,6

238,9

100,3

Сауда көлемінің даму динамикасында тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі – 41,3%, саудамен айналысатын кәсіпорындар 58,7% құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 2014 жылы ең үлкен көрсеткіш 77,2% Орал қаласында байқалды, облыстың аудандарына 22,8% тиесілі.

2015 жылдың 1 қаңтарына қалада 45 ірі сауда үйі, 1546 дүкен мен киоскілер, 31 базар жұмыс істейді.

Сауда дамуының SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ішкі сауданы дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздің болуы;

  • жылдық тауар айналымының өсуі;

  • бөлшек сауда базарында құрылған мықты қазақстандық ойыншылардың болуы.




  • әкімшілік барьерлер;

  • инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы;

  • отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің әлсіздігі;

  • кәсіптік-техникалық, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша білім беру жүйесінің әлсіздігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • қайта өңдеуші өнеркәсібін дамыту;

  • отандық өнім өндірісін өсіру;

  • әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

  • көлік-логистикалық орталықтары желісін дамыту;

  • бәсекелестікті, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру;

  • орта тапты қалыптастыру, халықтың төлем қабілетінің үлесін ұлғайту.

  • шетел сауда желілері тарапынан отандық ойыншыларды ығыстыру және сіңіру;

  • шағын бизнес кәсіпорындарын қазіргі заманғы сауда пішімдерімен ығыстыру.



Бөлшек сауда саласы әлі ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың пәрменді институты бола алған жоқ. Сауданың дамуындағы оң серпінге қарамастан, ішкі сауда инфрақұрылымы деңгейінің жеткіліксіз дамуы сияқты салада проблемалық мәселелер атап өтілуде;

көп уақыт сақталатын тауарлар (жарма, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері) үшін тауар өндірушілердің өздерінен дистрибьютерлік жүйесі басым көтерме-бөлшек сауда желілері қалыптасқан және жұмыс жасауда, ал жылдам бұзылатын азық-түлік тауарлары саласында нәтижесіз делдалдар (алып-сатарлар) болуда, ол келесі себептермен түсіндіріледі:

өндірушілерден тауарларды «ауладан» көтерме сатып алатын, нәтижесіз делдалдар үшін қолайлы жағдай туғызатын, жылдам бұзылатын өнімдердің ұсақ тауарлы өндірісі;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және сауда желілерімен интегралданған ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме буынының болмауы;

бөлшек сауда форматының заманауи дамымауы бөлшек секторын едәуір операциялық шығындарына әкеп соқтырады.

Ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын 10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 2 меморандумға қол қойылып, тығыз жұмыс жасалуда.

Бөлшек сауданы жаңғыртудың төмен мөлшерлемесінің негізгі себебі кәсіпкерлердің бизнес-құзыреті үшін ынталандырулардың жоқтығы болып табылады.

Алайда, қазіргі заманғы сауда объектілері мен нарықтарының қайта құру құрылысы үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы есебімен қаржы шараларының болуы, осы құралдардың пайдалану қаладағы бөлшек және көтерме сауданы дамытуға ықпал етеді.

Қаладағы бөлшек сауданы одан әрі дамыту Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға дейінгі қызметтер саласын дамыту бойынша Бағдарламасы есебімен сауда базарларын жаңғырту бағытында; қазіргі заманғы сауда форматтары мен электрондық сауданы дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады.




2.2.2 Қаланың әлеуметтік саласын талдау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Қаладағы еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 5,0%-дан 2014 жылы 4,9%-ға дейін тұрақты төмендеуімен сипатталады.

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2012 жылдан 2014 жылға дейін бір деңгейде 2009 жылы 134,4мың адамды құрайды.

16-кесте



Еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жыл 2013 жылға, %-бен

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам

134,3

134,6

134,4

99,8

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

128,3

128,2

127,7

99,6

жалдамалы қызметкерлер

116,7

116,8

107,1

91,7

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

11,3

11,5

20,6

180

Жұмыссыз халық, мың адам

5,5

6,5

6,8

105

Қоғамдық жұмыстар есебінен жұмыспен қамтылғандар

5568


4263

4183

98,1

Құрылған жұмыс орны

5291

5136

9,2

96,4

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,0

5,1

4,9

х

2012-2014 жылдары қала экономикасының барлық салаларында 15379 жұмыс орны құрылды, соның ішінде маусымдық-2448.

Соңғы үш жылда еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 2012 жылы 71,3%-дан (5568 адам) 2014 жылы (4183 адам жолыққан) 56,3%-ға дейін азайды. Халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға үш жыл аралығында 4475 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. 2014 жылы 7 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 10181 адам қатынасты. Өткізілген жәрмеңке барысында тұрақты жұмысқа 309 адам орналастырылып, 13 адам кәсіптік оқытуға, 19 жұмыс орындарына, 24 адам қоғамдық жұмыстарға, 35 адам жастар тәжірибесіне жолданды.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

Негізгі әлеуметтік басымдықтардың біріне жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларды жетілдіру мен одан әрі дамыту жатады, себебі ол халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адами әлеуетті жүзеге асыру мен дамыту болып табылады.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында оқыту, қайта даярлау, жұмысқа орналастыруға ықпал ету, шағын несиелер беру мен кәсіпкерлікке дағдылануды оқыту арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сонымен қатар ауылдық елді мекендерде әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы әлеуетімен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етубойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады

Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің жанында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 30 мүгедекке арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс жасайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету формаларының кеңеюіне байланысты әлеуметтік қызметті алуға мұқтаж адамдардың саны артуда. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің желісін, соның ішінде психоневрологиялық ауруы бар адамдарға арналған МӘМ арттыру қажет. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кезекте 179 адам тұр.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандары дамып келеді. Үкіметтік емес секторда жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2014 жылы жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі 1,3 %-ды құрады (2012 жылы – 1,1%), яғни 2015 жылдың 1 қаңтарына 63 адам қамтамасыз етілді. Алайда үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы жеткіліксіз.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2850 инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жасау міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 477 объектіге түгендеу жүргізілді, оның ішінде 410 нысан (85%) «бейімдеуге мұқтаж» деп айқындалды. 2014 жылдан объектілерді бейімдеу басталды және 25 объекті бейімделді. Негізгі мәселе объектілерді бейімдеуге жергілікті бюджеттен қаржының бөлінбеуі болып табылады.

Халықтың өмір сүру деңгейі

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, олардың әл-ауқаты мен жай-күйінің шамасы мемлекет пен аймақтың экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдау кезінде маңызды әлеуметтік-экономикалық критерий болып табылады.

Еңбекақы халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі болып табылады, ал нақты еңбекақы көлемі көбіне адамдардың материалдық жағдайын айқындайды.

2014 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 95143 теңгені құрады және 2013 жылға қарағанда 7,9%-ға көп, нақты еңбекақы индексі 102,4% құрады.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде халықты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, арнайы әлеуметтік көмек алатындар ішінен еңбекке жарамдыларын қоғамдық жұмысқа бағыттау 27% құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,2% аз (26,8%), ал 2012 жылмен 0,3% аз (27,1%).

2015 жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасылар саны 293 отбасыны құрады, бұл 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 20 отбасыға көп (2013 жылдың 1 қаңтарына – 273 отбасы).


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша SWOT- талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық пунктке төмендеді және 4,9 %-ды құрады;

  • «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда;

  • жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар қаржыларының жеткіліктілігі.

  • әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын қамту;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектер, қарттар, мүгедек балалар санының артуы;




  • еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, еңбек нарығында дәрігерлер, мұнайшылар, электргаз дәнекерлеушілердің үлкен сұранысқа ие болуы;

  • мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар алу белгілі бір азаматтар санаттары үшін ақша алудың жалғыз көзі болып;

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасының болмауы;

  • мүгедектерді жеке оңалту бағдарламалары мүгедектердің өтініштері негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен дайындалады, ал келесі жылға бюджетті қалыптастыру ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қалыптастырылады, сәйкесінше бюджетті қалыптастырғаннан кейінгі ЖОБ уақытылы орындалмайды.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал жасау;

  • жұмыс орындарын құру, соның ішінде уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы;

  • жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау;

  • бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу.

  • мүгедектерді әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі шектеулі адамдарға максималды тәуелсіздікті, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіби мүмкіндіктерді сақтау мен қол жеткізуге және олардың өмірінің барлық салаларына толық араласуына мүкіндіктер береді;

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-дың қызмет ету аясын кеңейту.

  • кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулілігі;

  • жасырын жұмыссыздық;

  • жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азамат мәртебесін және табыстар туралы анықтаманы ұсынуды талап етеді).

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ-дың белсенділігінің төмендігі.

  • бөгде адамдардың тұрақты күтіміне мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдар санының артуы;

  • психоневрологиялық үй-интернаттардағы кезектілік.



Қала бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:

халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;

білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;

мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіле бермейді;

қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді;

мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларда нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыру мардымсыз деңгейде қамтамасыз етілуде;

медициналық-әлеуметтік мекемелерде медицина мамандарының жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр дәрігерлер, невропотологтар, терапевтер;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдарды бейімдеуге қаржының жеткіліксіздігі;

қозғалыс кезінде қиындықтар бар мүгедектер үшін бейімделген қоғамдық көліктің болмауы;

әлеуметтік маңызы бар объектілерді ішінара бейімдеу, нысандарға қолжетімділік пандустарды орнатумен ғана шектеледі.

Денсаулық сақтау

2012-2014 жылдар кезеңінде мемлекеттік нормативке келтіру мақсатында жалпы тәжірибе дәрігерлерінің емханадағы, қалалық және ауылдық дәрігерлік амбулаториялардағы қызметтерін ұсынатын профилактикалық және психоәлеуметтік көмек бөлімшелері бар аралас типтегі құрылымдарды құрумен, амбулаторлық-емханалық көмекті қайта құрылымдау жүргізілді.

17- кесте

Орал қаласының денсаулық сақтау жүйесі

бірлік





2012 ж.

2014 ж.

Ауытқу +/-

Барлық

медициналық ұйымдар

39

38

-1

Стационарлар

13

13

0

Қалалық емханалар

5

6

+1

ДА

6

4

-2

ФАП

-

-

0

МП

4

4

0

Санаторийлер

1

1

0

Орал қаласындағы басқа медициналық ұйымдар

10

10

0

Денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көлемі жылдан жылға көбейіп келеді:

(2012 ж. – 5512,6 мың теңге, 2013 ж. – 7067,7 мың теңге, 2014 ж. – 9123,9 мың теңге, яғни 16,5%).

2014 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар мен ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландырудың жаңа түрі енгізілді. Төлем 1 тұрғынға есептегенде кешенді жан басына шаққандағы тарифпен жүзеге асырылады.

2014 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге қосқан үлестері үшін МСАК ұйымдарының қызметкерлерін ынталандыруға республикалық бюджет қаражатынан 759,8 млн. теңге бөлінді, яғни 1 тұрғынға айына 100 теңгені құрайды.

Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға 2014 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 791 757,0 мың теңге қарастырылған, игерілгені 100%. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 023 518,0 мың теңге, игерілгені 100%. 2014 жылы медициналық жарақтандыру 76,2% құрады. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы үшін компьютер томографы, облыстық онкологиялық диспансер үшін телепотология үшін жабдықтар, Батыс Қазақстан медициналық колледж үшін аймақтық симуляциялық орталық үшін кешен, 2014 жылы 15 бірлік санитарлық автокөлік сатылып алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет