Орталық аудан – қаланың ең ескі бөлігі, Орал және Шаған өзендерінің қосылған жерінен темір жол бойы территориясын алып жатыр. Ескі, тарихи және жеке құрылыстары бар тікбұрышты құрылымға ие. Негізгі көше – Достық-Дружба даңғылы, оның бойында архитектуралық ескерткіштері бар Есқалиев, Молдагалиев, Карев, Некрасов, Нурпейісова, Пугачев көшелері орналасқан. Бұл абаттандырылған және көгалдандырылған қала бөлігі, дей тұрғанмен мұнда негізгі апаттық жағдайдағы ескі үйлер де көп кездеседі. Евразия, Әбілхқайырхан, Құрманғазы, Маметова, Мухит, Айтиев сияқты жалпы қалалық магистралдар орталық аудандық қаланың басқа бөліктерімен және қала сырты аумағымен байланыстырады.
Солтүстік аудан темір жолдан солтүстігірек «Омега» зауыты, «Полипласт», «Нефтебаза», Әбілхқайырхан аудандары, аумағында орналасқан. Бір қабатты жеке үйлер орналасқан аз абаттандырылған және көгалдандырылған аудан. Әлеуметтік инфрақұрылымы толық дамымаған, жоғары криминогендік жағдайға тән.
Солтүстік-шығыс ауданы – 80 жылдардың 2-ші жартысында бес және тоғыз қабатты үйлер салынған жаңа құрылыс аймағы. Шығысырақ негізінен құрылыс-моттажды және жол-құрылыс ұйымдары бар өнеркәсіп аймағы орналасқан. Әбілхқайырхан мен Момышұлы көшелері бойында Бас жоспармен жоспарланбаған жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл айданда құрылысқа арналған резервтік территория бар.
Шығыс ауданы Чкалов көшесі мен Жайық өзені арасындағы ескі ет комбинаты базасында орналасқан, ол С.Датов жалпы қалалық магистралімен қиылысады. Ауданның өсі тоғыз, он екі қабаттық үйлер салынған Гагарин көшесі болып табылады. Мұнда «БҚМК» зауыты, кеме жөндеу және асфальтбетон зауыттары, ЖЭО, қоймалар мен құрылыс кәсіпорындары орналасқан. Бұл қаланың абаттандырылмаған және жинақтыланбаған ауданы болып есептеледі.
Зашаған қаладан Шаған өзені арқылы бөлініп, бұрынғы Коминтерн ауылы мен кірпіш зауыты ауданында орналасқан. Қазір аумағы - 6163 га, халқының саны - 47384 адам. Бұл қаланың көшіп-қону мен табиғи өсу есебімен ілгері басып келе жатқан аудан. Аудан территориясына АШИ (қазіргі БҚАТУ) және «Мақсат» медколледж қалашығы, 15 шағын аудан, Меловые горки и Прудхоз ауылдары кіреді. Әлеуметтік инфрақұрылымы – 9 бала бақша, 5 мектеп, балалар ауылы, санаториялық мектеп-интернаты, 2 алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталықтары және 1 медпункт. Ауданда 6081 үй бар, оның 5300 –і газбен (01.12.2015ж.) қамтылған. Негізгі мәселелер электр, су жүргізу, жол төсеу инфрақұрылымдарымен байланысты. Балалардың дүниеге көптеп келуі (жыл сайын 600-ден астам) жаңа бала бақша мен мектептерді салуды талап етеді.
Деркөл қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, сонымен қатар қаладан Шаған өзені арқылы бөлініп жатыр. Жалпы аумағы – 23814 га, халқының саны – 17 мыңнан астам адамнан құралған тоғыз елді мекеннен тұрады. Оның өсуі көшіп-қону және дүниеге келу факторларымен байланысты. Бұл ауданда ауылдық көшіп келушілер тұрақтайтын ескі саяжай массивтері бар. Әлеуметтік инфрақұрылымында – 2 мектеп, 1СДА және 3 фельшерлік бөлімше, «Ивушка» және «Еуразия» және «Дарын» кешендері, тубсанаторий, кардиологиялық орталық бар. Мұндағы мәселе электр, су жүргізу, жол төсеу, жұмыспен қамтылу, абаттандыру инфрақұрылымдарымен байланысты.
Желаево – жалпы аумағы 88 га және халқының саны 2247 адамды құрайтын шағын мекен қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның өсуі көшіп-қону және дүниеге келу факторларымен байланысты. Территорияда ЖТҚ-на арналған жерлері бар. 2 мектеп қызмет атқарады, 95 % үй газбен қамтылған, су және телефон жүргізілген. ШОБ саласында 23 субъект жұмыс жасайды. Мәселелер – жұмыспен қамту, балалар және клуб мекемелері, пошта бөлімшесі, мал сою бөлімшесу.
Круглозерное – екі елді мекені бар (Круглозерное и Серебряково) селолық ауылдық округ. Территориясы -18446 га-ды, халық саны – 5054 адам, оның 2530-і еңбекке қабілетті. 18 шаруа қожалығы, 10682 га егіс алқабы, 1080 га шабылдық, 641 га өріс алаңы, 1321 ірі қара мал, 525 қой, 240 шошқа, 450-ден астам құсы бар. Үйлердің 93 %-ы газбен қамтылған. 2 мектеп, 2 бала бақша, 2 дәрігерлік амбулатория мен 1 СДА қызмет етеді. Шағын бизнес 22 сауда нысандарымен, «Хасанов» ЖК кондитерлік цехымен, «Валиев» ЖК шұжық цехімен сипатталады.
Қалада қала шаруашылығының, өндірістік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қала аумағында орналасуы туралы электронды картаны құруға байланысты жұмыстар аяқталды.
2040 жылға дейінгі қаланың құрылыстық дамуының концепциясына сәйкес Орал қаласының функционалдық және ауматық дамуы әуе көлігі магистралі бойынан басталады. Дамудың негізгі бағыттары - Бөрлі әкімшілік ауданының орталығы Ақсай қаласы жағындағы шығыс, Орал-Ақтөбе автомагистралі бойындағы оңтүстік-шығыс, Орал-Атырау автомагистралі бойындағы оңтүстік және Соль-Илецк-Озинки теміржол желілері бойындағы батыс дәліздері.
Темір жол бойындағы Орал-Ақсай даму дәлізінде Ақсуат, Жаңа өмір, Тоқпай елді мекендері дамуға бет алады.
Оңтүстік даму дәлізі Орал-Атырау көлік магистралі және Жайық өзені негізінде қалыптасады, Зашаған, Круглоозерное кенттері дамуға бет алады.
Батыс бағытында даму нүктесі Деркөл болып табылады.
Жобада Орал қаласының серіктері ретінде қалаға жақын орналасқан Белес, Махамбет, Достық, Володарское, Ақсуат, Жаңа өмір, Круглоозерное ауылдарын дамыту мәселелерін шешу ұсынылды.
Қаланың өзіндік аумақтық дамуында солтүстік-шығыс бағытындағы құрылысқа арналған учаскелер кесімін, сонымен қатар Зашаған ауданының солтүстік аумағында көп қабатты ғимараттың орналасуы қарастырылады.
Орал қаласының құрылыстық дамуының жаңа Бас жоспарының негізгі принциптік бағыттарына мыналар жатады:
Орал қаласының құрылыстық жүйесінің тұрақты даму принциптерін, оның экологиялық жағдайын сақтау, қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру;
жалпы қалалық орталықты Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-командалық пункт ретінде ролін арттыру, қала халқының мәдени-ағарту мақсаттары мен сауда –тұрмыстық мақсаттары бойынша тартылыс аймағы және оның ықпалының аймағы, қаланың ірі көліктік-қайта отырғызу торабы мен орындарға қоныстану жүйесін, еңбектің қосымша орындарына орналастырудың басты аймағы ретінде;
қаланың орталық және орталау бөліктерінде, жер заңнамаларымен байланысты жаңа технологиялар мен шектеулерді енгізу салдарынан қала аумағындағы құнды қала құрылысына қатысты кәсіпорынның бөлігін оның ықпалды аймағына немесе шалғайдағы аумақтарды интенсивті пайдалану, жайлы және қауіпсіз ортаны өнеркәсіптік коммуналдық-қоймалау аймағында аумақтарды қысқарту;
Жайық пен Шаған өзендері жағалауындағы ашық көгалдандырылған кеңістіктердегі саябақ алабының тұрғын үй аумақтарында велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жүйесін құруды дамыту аса маңызды болып отыр.
Аумақтарды қарқынды пайдалану ғылыми-өндірістік кешендерге серіктес болып құрылу, технологиялық қайта жарақтандыру, өнеркәсіп өндірісін ғылым мен басқарумен жүйелі түрде ауыстыру тарихи орнын басатын қалыптасқан ортаны сақтағанда орталық аумақтарды интенсивті пайдалану, қалыптасқан орталық ортаны сапалы толық жетілдірумен байланысты.
Бас жоспардың қағидаларының бағыты Жайық өзенінің жайылымын қала композициясында құрылатын табиғи-көрініс ретінде пайдалану, өзеннің, жағалауының өнеркәсіп кәсіпорындармен, коммуналдық аймақтармен «лық толтырылғанын» меншік маңызын мағынасына жете түсіну қажеттігін көрсету.
Жағалауды қоғамдық мақсаттарға пайдалану, жағалау орнату, қоршаған көрініс пен өзенге ішкі қалалық кеңістікті ашу, бұдан басқа қаланың ішкі жоғарғы көркемдігі мен жайлы ортаны қалыптастыру, қала қасбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2.3 Орта мерзімді перспективада қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
А басымдылық
- Машина жасау, металлургия саласындағы, құрылыс өндірісіндегі, азық-түлік өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;
- Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсуі, аграрлық секторды дамыту;
- Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы
B басымдылық
- Өңірдегі ірі кәсіпорындардың жаңа ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды пайдалану;
- Жоғары туристік әлеуетінің болуы;
- Өлімнің төмендеуінде халық туылу өсімінің негізінде қаланың табиғи өсімінің тұрақты оң үрдісі;
- Халық өмірінің сапасын және деңгейін жоғарылатудағы оң бетбұрыстар;
- Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсеткіштерді төмендету
С басымдылық
- Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтудың жоғары деңгейі;
- Қаладағы жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы;
|
А басымдылық
- Өңірдің жоғарғы ресурстық тәуелділігі;
- Өңдеу секторының жоғары емес үлесі және өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтарының тозуы;
- Тәуекел жер өңдеу аймағы;
- Ауыл шаруашылығы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейі;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер
B басымдылық
- Жайық ө., Деркөл ө., Шаған ө. Шалқар к. экожүйесін сақтау;
-Туристік-рекреациялық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіз жоғары деңгейі;
- Барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер тапшылығы;
- Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай –күйі
С басымдылық
- Инклюзивтік білімнің даму деңгейі төмен;
- Коммуналдық тораптар тозығының жоғары деңгейі
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
А басымдылық
- Индустриалдық-инновациялық дамудың жоғары қарқыны;
- Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы;
- Дайын ауыл шаруашылығы өнімі экспортының ұлғаюы және ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен өңдеу көлемдерінің өсімі;
- Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымының дамуы
B басымдылық
- Қолайлы экологиялық шарттарды құру;
- Әлемдік стандартқа сәйкес туристік-рекреациялық инфрақұрылымды құру;
- әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту есебінен халық өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету;
- Жоғары білікті мамандарды тарту жолымен денсаулық сақтау саласы қызметтерінің сапасын жоғарылату;
-
-Жақсы жай-күйдегі жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесін жоғарылату
С басымдылық
- Мектепке дейінгі балалрды сапалы оқу мен тәрбиемен жүз пайыз қамту.
- Ұсынылатын мәдени қызметтердің сапасын көтеру мен дамыту
- Электр тарату, магистралды және жылу жүйесін күрделі жөндеу және қалпына келтіру
|
А басымдылық
- Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан аграрлық сектор көрсеткіштерін және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;
- Жаңа өндірістер ашуда және қолданыстағы өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі
B басымдылық
- Өңірдің экологиялық ахуалының күрделенуі;
- Өңірдің қолайсыз туристік имиджінің құрылуы;
- Халықтың өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуі;
С басымдылық
- Инклюзивтік білім саласында әлеуметтік стандарттардың сақталмауы;
- Қала өмірін қамтамасыз етуші инфрақұрылымы жұмысының тозуы және толық тоқтауы
|
Достарыңызбен бөлісу: |