БАҒдарламасы орал, 2016 мазмұны 1



бет3/10
Дата03.07.2016
өлшемі1.38 Mb.
#175374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

* - кәсіпорындардың өз қаржысы, шетелдік кәсіпорындардың өз қаражатын қоса
Негізгі түсім немесе инвестициялардың көлемі 57,6 млрд.теңгені құрайды, ол 2013 жылға қарағанда 2014 жылы инвестициялардың 67%-ға жоғары. Негізгі капиталға инвестиция құйылуының негізгі көздері кәсіпорынның өз қаражаттары болып табылады (шетел кәсіпорындарының өз қаражаттарын қоса алғанда) 29,9 млрд.теңге немесе 52%. Инвестицияның жалпы көлемінде несиелік қаражаттың үлесі 8,3% (4,8 млрд.теңге), республикалық бюджет қаражаты -30% (17,1млрд.теңге), жергілікті бюджеттен - 10% (5,8млрд.теңге).
6- кесте

Пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша

негізгі капиталға инвестициялар

млн. теңге



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы

42761,5

34491,2

57601,6

соның ішінде:










Өнеркәсіп

9920,2

11095,7

17278,9

соның ішінде:










Инвестицияның жалпы көлемінде өнеркәсіптің үлес салмағы, %

23,2

32,1

30

соның ішінде:










тау-кен өнеркәсібі

428,4

324,7

2808,2

өңдеу өнеркәсібі

5220,3

5668,4

8776,2

электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау

2394

3014

3693,7

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

1877,5

2088,6

2000,8

Құрылыс

1740,5

511,3

1679,7

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

72,9

151,7

189,5

Көлік және қоймалау

3807,9

3596,4

4461,5

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

2467,6

1556,3

3190,8

Білім беру

3235,9

1531,9

2368,8

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

2056,7

3078,7

4576,5

Қызметтердің басқа түрлерін көрсету

28,8

57,6

42

Инвестицияның негізгі құйылуы немесе 30% өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады. Сондықтан 2014 жылы инвестицияның өсімі 2013 жылға қарағанда 56% өсуі қаланың өңдеу өнеркәсібінің белсенді дамуымен байланысты болып отыр.

Қолайлы бизнес ахуалға, аймақтың инвестициялық тартымдылығына, табиғи және минералдық бай ресурстардың болуына, өңірдің қолайлы географиялық орналасуы мен қолайлы инвестициялық жағдайдың болуына қарамастан, инвестициялар құрылымы өзгеріссіз қалпында қалып отыр, яғни ауыл шаруашылық, құрылыс, қызмет көрсету және басқа салаларда қарқынды өсім байқалмайды.

Инвестицияның негізгі құйылуы немесе 30% өңдеу өнеркәсібін дамытуға кетіп отыр. Сондықтан, инвестицияның 2014 жылы 56% өсімі, 2013 жылмен салыстырғанда қаланың өңдеу өнеркәсібінің белсенді дамуымен байланысты.

Қолайлы бизнес-климатқа қарамастан қаланың инвестициялық тартымдылығы табиғи және минералдық бай қорлары болғандықтан, инвестициялаудың қолайлылығы мен тиімді географиялық жағдайы, инвестиция құрылымының елеулі өзгеруі өтіп жатқан жоқ, яғни ауыл шаруашылығында, құрылыста, қызмет көрсету саласында және т.б. инвестицияның қарқынды өсімі байқалмайды.
Орал қаласының инвестициялық тартымдылығы

Орал қаласы облыстың бірден бір ірі тұтыну аймағына және Батыс Қазақстан қалаларының жүйесінде тұру үшін оның жоғары тартымдылығы (қолайлы табиғи-климаттық жағдайы) мен мұнайгаз саласындағы өндірістік әлеуетін өсірудің жедел қарқыны себепші болады. Аталған аймақтың бәсекелестік факторы қаланы халықты таратып қоныстандырудың тіреу қаңқасының стратегиялық элементі ретінде айқындауға және Батыс Қазақстаннның өндірістік күштері схемасының орналасуына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бүгінгі күні Орал қаласының маңындағы аумақтардың демографиялық және аграрлық-индустриалдық әлеуетінің өсуінің қолайлы үрдісі байқалады. Радиусы 50-60 км. дейін аумақ халқының саны бойынша бірден бір ірі аудандар болып табылатын демографиялық ахуалдың даму динамикасы оң сипатталады.Қаланың агломерациялық ықпалы бірінші қалыптасқан Теректі мен Зеленов аудандарында облыс халқының 15,6% жуығы тұрып жатыр. Сондықтан Орал қаласының тұтыну нарығының жақындығы инвестиция үшін аумақ тартымдылығын анықтайтын негізгі факторлар болып табылады, оның инвестициялық әлеуетінің пайдалану мүмкіндігі – өндірістік, көліктік, энергетикалық және кадрлық ресурстардың, сонымен қатар қала шетіндегі жер қорының бағасы төмен болуы.

Облыс орталығының мәртебесі бар Орал қаласы қазірдің өзінде оны Қазақстан Республикасын Ресеймен және ТМД елдерімен және Қытаймен көп жақты сауда-экономикалық қатынастардың дамуын қамтамасыз ететін аймақаралық сервистік-сауда-өнеркәсіп орталығына айналдыру үшін нақты әлеует қалыптастыруға қабілетті қалалар қатарына шығаруға мүмкіндік берді. Қала Еуропа-Қытай және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық автокөлік және теміржол дәліздерінің жүйесінде стратегиялық көлік торабы болып табылады.

Ресей федерациясының шекаралас аумақтарымен Орал қаласының экономикалық және сауда қатынастарын ынталандырудың аймақтық жүйесін иеленуші дамыту бәсекелестігі үшін ерекше маңызды, ол ең жоғарғы инвестициялық әлеует, бірінші кезекте Самар қаласы мен (ірі мегаполис қосылатын Самар қаласының - халқы 3 млн.астам) және Саратов облысымен, сонымен қатар, ҚР облыстарымен темір жол мен автокөлік транзиттік темір жол маңында орналасқан Ортаазиялық көлік-өнеркәсіптік дәліз-Ақтөбе- Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысы мен Алматы қаласы.

Аймақтың өнеркәсіптік мамандануын диверсификациялауда маңызды роль атқаратын Қытай халық республикасы мен Европа елдерінің инвестицияларын тарту мүмкіндігін кеңейту болып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Кедендік одақтың басқа елдері жүйесінде ұлттық және шетелдік инвестицияларды орналастыру үшін көптеген бәсекелестікті қалыптастыру әлеуеті есебімен тартымды бағыттар:


  • Көліктік логистика;

  • Инновациялық энергетикалық технологиялар мен аймақтың қазіргі энергожүйесінің және Батыс Қазақстан облысының тұтас тартымды дамуын, аймақтың энергия тарату мен инвестициялық қамтылуы және энергогенерациялық дәстүрлі жүйені шектеуді жеңіп өтетін шешімдерді ауқымды қолдану.

  • Құрылыс индустриясы, соның ішінде азаматтық және өнеркәсіп мақсатындағы объектілерді кезекті іске қосу энерготиімділігі мен энергиясақтауды қамтамасыз ететін жоғары технологиялық құрылыс материалдарын өндіру;

  • Машина жасау саласындағы машина жасау және инновациялық әлеует;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен сақтау (көбінесе - оған агротехникалық қорлармен қамтылған аймақтарда жылыжай өндірісі, сонымен қатар агломерациялық аймақтарда ірі тауарлық өнеркәсіптік мал шаруашылығы), тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы секторындағы үдемелі әлеует, жүн мен тері шикізатын қайта өңдеу;

  • Мұнай-газ технологиясы саласындағы үдемелі қызмет.

2) Орал қаласы дамуының айрықша бәсекелестік шеңберінде стратегиялық бағыттарының

бірі болып қалада туризм және онымен бірге жүретін қызметтерді дамыту болып табылады.

Батыс Қазақстан қалалары жүйесіндегі айрықша негізгі бәсекелестері болып қолайлы

климат пен экологиялық ахуал (Батыс Қазақстан қалалары жүйесінде), су қорларының, бай

ландшафты-рекреациялық аймақтың, тарихи-мәдени мұра мен теңдессіз мұражай

кешендерінің, төтенше тиімді геополитикалық орналасуы болып табылады.

Туристік секторды дамыту қонақ үй қызметтер жүйесі мен қоғамдық тамақтану жүйесін

дамыту және сапасын арттыруды ұсынады; халықаралық қызмет көрсетудің толық үлгісімен

қонақ үйлерді қалыптастырып, туристің жүру жолдарымен көрсетілетін қызметтерді,сонымен

қатар, қаланың абаттандырылуы мен бірегей сыртқы сәулет келбетін қалыптастыру және

көлік жүйесін жетілдіруді болжайды.

Орал қаласы және оның агломерациясы туризмді ұйымдастырудың орталығы болуы мүмкін, соның ішінде даму негізінде облыстың басқа аумағында:



  • Іскерлік туризмі, бизнестегі жеке бастамашылықты жүзеге асыру үшін қоғамдастық мүшелеріне барлық мүмкіндіктер берілетін (бизнес-орталықтары мен қонақүйлерді салу, және т.б.), сонымен қатар бизнес-қызметтердің кең ауқымы және басқа да ілеспе қызметтер (рекреациялық, медициналық, білім беру және т.б.).

  • Рекреациялық туризм, қаланың өз қоры болып пайдаланылатын, сонымен бірге облыстың басқа аумағындағы табиғат ресурстары.

  • Танымдылық туризмі, қаланың өз қоры болып пайдаланылатын, сонымен бірге облыстың басқа аумағындағы табиғат ресурстары мен тарихи-қазба ескерткіштері.

3) Орал қаласы – қоныстанудың стратегиялық аймағы (тұрғын-үй құрылысы). Батыс Қазақстан қалаларының арасында «Орал қаласының 2015 жылға дейін даму стратегиясы» Жобасы аясында өткізілген тұрмыс сапасын интегралды бағалау бойынша Орал қаласы 1 орынды иеленді. Осыған орай, Орал қаласындағы тұрмыс жағдайының жақсаруы экологиялық ахуалдың қолайлылығы, тұрғын үй мен әлеуметтік қызметтердің қамтамасыз етілуімен байланысты.

Осыны ескере отырып, қаладағы тұрмыс сапасын одан әрі көтерудің маңызды бағыттары, қаланың экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы, медицина, білім беру, мәдениет, спорт пен ойын-сауық секторлары мен қызмет көрсету саласына инвестиция тарту қажеттілігі айқындалады.

Сондықтан, Орал қаласы – қандай да болмасын инвестиция тартудың дайын нарығы деп айтуға болады.

Инновациялар және инвестициялар бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • қолайлы географиялық орналасуы;

  • машина жасау және прибор жасау кәсіпорындарындағы жоғары білікті кадрлар;

  • қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті.




  • инвестицияларды тарту бойынша (кедендік және валюталық режим) әлсіз бәсекелестік жағдайлар;

  • инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін (арнайы аймақтар, қаржылық, банктік, ақпараттық-талдау, консалтингтік, көліктік және өзгелері) инфрақұрылымдардың дамымағандығы;

  • инвестицияларды тартумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымдарды қалыптастыру;

  • экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.




  • инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау;

  • негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлемінен өңірді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту;

  • инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы.

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бизнес және ғылымның өзара әрекеттесуінің әлсіздігі инновациялық дамудың негізгі мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми қызметкерлердің технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы, технологиялар трансферті мен инновацияларды енгізудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігі, ал бизнес құрылымдарда озық ғылыми жетістіктері мен перспективалары, оларды коммерцияландыру туралы ақпарат проблемасы бар.

Отандық зерттеулер мен әзірлемелер нақты нарықтық талаптар мен шарттарға әлсіз бағытталған және импорттық ғылымды қажетсінетін өнімдермен және қызметтермен бәсекелестікті сақтамайды. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің тәртібі жоқ.

Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс рөлді көрсететін проблемаларға инфрақұрылымның дамымауы, инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау, инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы және т. б. жатады.


Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды. Облыстағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде облыстың үлесі 2012 жылы – 4,8%-ды, 2013 жылы – 4,8%-ды, 2014 жылы 4,9%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2012 жылы 3,5 млрд.теңгеден 2014 жылы 4,1 млрд.теңгеге өсті. Агроклиматтық жағдайлардың салдарынан ауыл шаруашылығының даму қарқыны 2012 жылы-89%, 2013 жылы-103,4%, 2014 жылы- 104,7% құрады.
7-кесте

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

млн.теңге



Көрсеткіштер

2012 ж.

НКИ

2011 ж. %-бен

2013 ж.

НКИ 2012 ж. %-бен

2014 ж.

НКИ 2013 ж. %-бен

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

3535,1

89

3825,2

103,4

4131

104,7

соның ішінде өсімдік шаруашылығы

1901,3

90,4

2131

105,9

2369,6

105,1

мал шаруашылығы

1503,7

91,1

1538

100,6

1575

105,5

қызметтер

131

102

157,1

100.

186,4

100

Қаланың ауыл шаруашылық алқаптары – 42,3 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 21,9млн. га, тыңайған жерлер – 6,8 млн. га, шабындық – 2,2 млн. га, жайылым – 9,6 млн. га, көпжылдық екпелер – 1,8 мың га құрайды..



Мал шаруашылығы

Қаланың аграрлық секторында 35 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде – 1 мемлекеттік кәсіпорын, 5 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 25 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 62,4%, сүт өнімдерін – 98,2% құрап отыр.

Ет пен сүт өндірісінің негізгі үлесі тұрғындардың жеке шаруашылығына тиесілі, бұл өндірістің ұсақ тауарлық екені туралы мәлімдейді және осы саланың дамуын тежейтін басты факторы болып табылады.

Негізгі жұмыс мал шаруашылығын дамытуға мал басын көбейту, өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

8- кесте


Мал және құс басы

бас


Көрсеткіштер атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014/ 2012, %

облыстағы үлесі 2014 ж., %

Мүйізді ірі қара малы

3510

3455

3532

100,6

0,8

Қой мен ешкі

3126

3524

3699

118,3

0,3

Жылқы

187

217

214

114,4

0,2

Құс (мың бас)

377,6

387,9

369,1

97,7

40

2015 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарында ірі қара мал басы 3,5 мың басты құрайды, ол 2012 жылмен салыстырғанда 0,6%, қой мен ешкі -3,7 мың бас (18,3%), жылқы-214 бас (14,4%), құстар -369,1 мың бас (2,3% кеміді).

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында саланы мемлекеттік қолдау шешуші рөл атқарады. 2012-2014 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен мал шаруашылығын дамытуға 417,3 млн.теңге аударылды (мал өнімдерін өндіру мен сатуға, ірі және құнарлы мал азығын дайындауға, асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға және тұқымды асылдандыру жұмыстарын жүргізуге).

Өсімдік шаруашылығы облыста дәнді, майлы, азықтық дақылдар, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсірумен ұсынылған.

Облыс климаты шұғыл континенталды болып ерекшеленеді, ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай артады. Ол күн мен түннің, қыс пен жаздың күрт температуралық қарама-қарсылығынан, қыстан жазға тез ауысуынан көрінеді. Бүкіл облыс үшін ауа райының тұрақсыздылығы және атмосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігі тән, қардың аздығы және күшті желмен қарды алқаптардан айдауы, ауа мен топырақтың өте құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық кезең бойы тікелей күн сәулесі жарығының көптігі және булану процестердің қарқындылығы. Қысы суық, көбінесе бұлтты, бірақ ұзақ емес, ал жазы ыстық және өте ұзақ.

Сонымен қатар облыстың солтүстік бөлігінде күн сәулесінің көп сағатын және құнарлы топырақты ұштастыра отырып жоғары сапалы астық қалыптасуына ықпал етеді: протеин мазмұны және ұн күшімен ол басқа елдердегі (және республиканың басқа да облыстарындағы) бидай дәнінен асып түседі.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша әртараптандыру өткізілуде. 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі мен облыс Әкімдігі арасында Меморандум жасалды, осыған сәйкес дәнді және майлы дақылдардың ауданы тұрақтандырылады, жемшөп, картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары кеңейеді.

Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты себу алаңы 2014 жылы 23,7 мың га құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 16,6%-ға артық, (20,3 мың га).

Егістік құрылымында астық алқаптары 12,1 мың га құрайды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 7,5%-ға аз (13 мың га).

Қала халқын картоп және бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жыл сайын меншікті өндіріс алаңы артып келеді. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының алаңы 2014 жылы 1,9 мың га құрады немесе 2012 жылдың деңгейінен (1,7 мың га) 10,5 %-ға көп.

9-кесте


Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары
га

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2012 ж. %-бен

Барлық егіс алқабы

20326

23277

23710

116,6

Дәнді дақылдар

13034

13299

12058

92,5

соның ішінде бидай

6580

5630

5517

83,8

Майлы дақылдар

150

1389

2345

1563

соның ішінде күнбағыс

150

1388

2345

1563

картоп

1030

1053

1150

111,6

көкөніс дақылдары

715

745

761

106,4

бақша дақылдары

40

43

45

112,5

мал азықтық дақылдар

5357

6748

7351

137,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет