Аралық кезеңде (2011 – 2013 жылдар) орта мерзімді міндеттерді шешу мен қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету үшін негіз қалайтын бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру қарастырылған.
Қорытынды кезеңде (2014-2015 жылдар) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық құрылым, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі саласында жоспарланған нысаналы көрсеткіштер немесе индикаторларға қол жеткізге көзделген және қамтамасыз ететін стратегиялық іс-шараларды іске асыру қарастырылған.
6. Қойылған мақсаттарға Жету үшін қажетті ресурстар
(млн. тенге)
Қаржыландыру көзінің атауы
|
Барлығы, млн. теңге
|
Соның ішінде жылдар бойынша
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Қорытынды
|
1 620 189
|
316 663
|
275 568
|
289 732
|
357 231
|
380 996
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет
|
595609
|
71130
|
83093
|
112811
|
166572
|
162003
|
Жергілікті бюджетбюджет
|
117916
|
17727
|
18931
|
23093
|
29338
|
28826
|
Тартылған қаражат
|
4678
|
2340
|
1700
|
384
|
253
|
270
|
Меншікті қаражат
|
429829
|
123234
|
82936
|
73514
|
71440
|
78705
|
Берешек қаражат
|
446067
|
102202
|
87938
|
78960
|
78969
|
97999
|
гранттар
|
50
|
30
|
10
|
10
|
0
|
0
|
Көздер анықталған жоқ
|
26041
|
0
|
960
|
960
|
10659
|
13462
|
* Күтіліп отырған шығындар. Бюджетті анықтау кезінде өзгерістер енгізілетін болады.
7. Бағдарламаны басқару
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын басқару облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен жүзеге асырылады.
Басқару үрдісі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі қызмет етуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады және келесі сатыларды қамтиды:
мониторинг
бағалау
бақылау
Мониторинг әзірлеуге және іске асыруға жауапты облыстық мекемелер ұсынатын шұғыл есептілік негізінде өткізіледі. Мониторинг жылына 2 рет: бірінші жартыжылдық қорытындысы және жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Оны өткізу үшін облыстық мекемелер өз құзыреттіліктері шегінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына есепті жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталған күннен бастап екі апталық мерзімде шұғыл есептілік ұсынады, ал облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мониторинг бойынша жалпы есеп дайындайды және оны Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне: бірінші жартыжылдық үшін есепті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей, жыл қорытындысы бойынша – есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Бағалауды облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы іске асырудың үш жылы (аралық) өткеннен кейін және жылдық кезең (соңғы) өткеннен кейін жүзеге асырады, соның негізінде Облыс әкімі қол қойған Бағдарламаны бағалау бойынша есеп құрылып, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынылады.
Бақылау Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын және атқарушы билік мекемелерінің Стратегиялық жоспарларын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бақылау іс-шаралары, мониторинг және бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Олардың жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |