2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 1819,5 млрд. теңгені құрады.
2010-2012 жылдары жалпы өңірлік өнімнің өзгеру
динамикасы
(млрд. теңге)
1 сурет
Жалпы өңірлік өнім 2010 жылдан 2012 жылға дейін қарқынды өскен, оның көлемі облыс бойынша 2012 жылы 1,5 есе өсті немесе 2010 жылға қарағанда 575 млрд. теңге құрады.
Республикалық ЖӨӨ көлемінде облыс 6% орында, азаю шкаласы бойынша 6 орында.
2010 жыл мен 2012 жыл аралығында облыстың ЖӨӨ құрылымында келесі өзгерістер орын алды: ауыл шаруашылығы үлесі 8,1 % тен 9,3 %, сауда – сәйкесінше 14,4%дан 14,6%. Бұл ретте өнеркәсіп секторы 29,3%дан 28,5% азайды, құрылыс – 5,6% дан 4,6%, көлік және байланыс 9,3%-дан 8,6%, басқа қызметтер – 18,7% ден 18,3%.
Өнеркәсіп секторы өнімінің жалпы көлемі 153,9 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы 68,8 млрд. теңге, сауда – 86,1 млрд. теңге, көлік және байланыс – 40,1 млрд. теңге, құрылыста өнім көлемі 13,9 млрд. теңгеге және басқа қызметтер 212,6 млрд. теңгеге өсті.
1 кесте
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2010-2012 жылдары
ЖӨӨ өзгеру динамикасы
№ р/с
|
Атауы
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2012 ж. 2010 ж. өсу қарқыны
|
2012 ж. 2010 ж. өсу қарқыны %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
%
|
млрд. тенге
|
%
|
1
|
ЖӨӨ көлемі, млрд.тенге
|
1244,1
|
100
|
1624,3
|
100
|
1819,5
|
100
|
575,4
|
146,3
|
195,2
|
112,0
|
2
|
Өнеркәсіп
|
364,9
|
29,3
|
471,8
|
29,1
|
518,8
|
28,5
|
153,9
|
142,2
|
47
|
110,0
|
3
|
Құрылыс
|
69,6
|
5,6
|
83,98
|
5,2
|
83,5
|
4,6
|
13,9
|
120,0
|
-0,48
|
99,4
|
4
|
Сауда
|
179,6
|
14,4
|
267,8
|
16,5
|
265,7
|
14,6
|
86,1
|
147,9
|
-2,1
|
99,2
|
5
|
Көлік және байланыс
|
115,7
|
9,3
|
114,6
|
7,1
|
155,8
|
8,6
|
40,1
|
134,7
|
41,2
|
136,0
|
6
|
Ауыл шаруашылығы
|
101,1
|
8,1
|
122,6
|
7,6
|
169,9
|
9,3
|
68,8
|
168,1
|
47,3
|
138,6
|
7
|
Басқа
|
413,2
|
33,3
|
563,5
|
34,5
|
625,8
|
34,4
|
212,6
|
151,5
|
62,3
|
111,1
|
Кеден статистикасы мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2012 жылы 4868,9 млн. АҚШ доллары, соның ішінде экспорт көлемі – 3831,1 млн. АҚШ доллары, импорт – 1037,7 млн.АҚШ доллары.
2 сурет.
Сыртқы сауда айналымының жылсайынғы қарқынды өсімі бар.
3 сурет
Экспорт пен импорт құрылымы тұрақты құрылымға ие, алайда қарастырылып отырған кезеңде 2010 жылдан 2012 жылға дейін мал өнімдері (2,2 есе), минералды азық-түліктер (1,5 есе), машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және аппараттары (17,8 есе), тоқыма мен тоқыма бұйымдары (163 есе) аяқ-киім, бас киім, бұйымдар және галантерея тауарлары (21 есе) экспортының көлемі қысқарған, бұл импорт бойынша ұқсас өнімдердің өсіміне әкелді.
2010 жылы тауар экспорты көлемі 2112,2 млн.АҚШ долларын, 2011 жылы – 2978,9; 2012 жылы – 3831,1 млн.АҚШ долларын құрады, республикада экспорт көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 3,7 %, 3,7 % және 4,8 % сәйкес.
Экспорт құрылымында қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіп өнімдері орташа 61 % (руда, концентрат, сирек топырақты, түсті және қымбат металдар, кислота, жарылғыш заттар, тері т.б.), ауыл шаруашылығы – 1% (бидай, ұн, жарма, балық өнімдері, күнбағыс майы және басқалар), құрылыс – 0,2% (цемент, асбестоцемент бұйымдары, кірпіш) және басқа тауарлар – 26,3% құрайды.
Экспорттың жалпы құрылымында облыс үлесінің өзгеруі республика бойынша, сондай-ақ жылдар бойынша экспортталатын тауарлар құрылымының көлемінің өзгеруі негізінен сыртқы нарықтағы конъектураға байланысты.
Сонымен қатар, осы саладағы негізгі проблема көптеген тауарлардың бәсекеге қабілеттігінің төмендігі (түсті металлургия өнімдерінен басқа) болып табылады, осыған орай экспорт көлемі 2012 жылдың қорытындысы бойынша нақты секторда шығарылатын өнім көлемінен 58,9% аспайды.
2013 жылғы 1 қаңтарда өңірде екінші деңгейдегі банктердің 30 филиалы қызмет атқарған.
Екінші деңгейлі банктердің берген кредиттерінің көлемі 2012 жылы 250,6 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты (2010 жылы 124,7 млрд. теңге).
Кредиттер бойынша негізгі қарыздар 2010 жылға 82,3 млрд. теңгеге немесе 36,7% өсті және 306,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде мерзімі өткен берешек 1,7 есе өсті және 29,4 млрд. теңгені құрады.
Заңды және жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 166,3 млрд. теңгеге жетті, 2010 жылмен салыстырғанда 58,2 млрд. теңгеге ұлғайды (53,8%).
Достарыңызбен бөлісу: |