БАҒдарламасы өскемен қ., 2013 жыл 1 Паспорт



бет7/18
Дата23.02.2016
өлшемі8.12 Mb.
#9616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Әлеуметтік сала

2.2.2.1 Білім беру

Білім беру саласындағы қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған, оның аясында білім алуға қолжетімділік пен сапасын қамтамасыз ету, ауылдағы білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2012 жылы облыста 183 балабақша және 1176 шағын орталық жұмыс істеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан мектепке дейінгі біліммен қамтылу 95,7 % (62588 бала) құрады. 2011 жылмен салыстырғанда балабақшалар желісі 35 ұйымға артты, 78 шағын-орталық ашылды.

5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен қамту 100% құрады.

Сондай-ақ, облыстағы қалалармен аудандарда мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға 14573 өтініш тіркелді. Ең көп орынға қажеттілік Семей қаласында (64,1 %) Риддерде (6,5%) және Зырянда (6,3%) байқалады.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы

9 кесте


Мектепке дейінгі мекемелер саны

Шағын орталықтар саны

Балалардың мектепке дейінгі қамтылуы

Шағын орталықтармен қамтылуы

Балалардың жалпы қамтылуы%

1.01.2013ж. Кезектегі адамдар саны

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

148

183

1098

1176

27639

32166

25282

30365

86

95,7

14573

2011-2012 жылдары мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базаларын күшейтуге 58,2 млн. теңге бөлінді.

Орта білім беруде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыста жалпы білім беру мектептері санының төмендеу тенденциясы мен демографиялық және көшу үдерістері салдарынан оқушылар контингентінің азаюы сақталып отыр. Контингенттердің жоқтығынан жалпы білім мектептерінің санының азаюы байқалады.


2010-2012 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім

беретін мектептер желісінің өзгеру динамикасы

10 кесте


2010ж.

2011ж.

2012ж.

бірл. саны

контингент, адам

бірл. саны.

контингент, адам

бірл. саны

контингент, адам

731

175781

718

171263

698

167586

Облыстың барлық мектептері компьютерленген. 2012 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтылу 9 оқушыға бір компьютерді құрайды. Интернетке мектептердің 35,7% қосылды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауда пәндік кабинеттер және қондырғылармен жабдықтау жеткіліксіз болып қалып отыр. 2012 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау – 60,7 % физика- 59,7%, химия-29,8 %, биология-36,9% құрайды.
2012 жылы мектептерді пән кабинеттері мен құрал-жабдықтармен

қамту динамикасы

11 кесте


мультимедиялық кабинеттер

физика кабинеттері

химия кабинеттері

биология

кабинеттері



саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

424

60,7

376

59,7

188

29,8

233

36,9


698 жалпы білім мектептерінің 225 бейімделген бөлмежайларда орналасқан, 61 мектеп апаттық деп танылған. Қосымша білім беретін ұйымдардың әлсіз материалды-техникалық базасы – 72 ұйым бейімделген бөлмежайларда орналасқан.

Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында мектептер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгеге 12 мектеп пайдалануға берілді.

2012 жылы Жол картасын жүзеге асыру барысында 47 білім беру нысандарына 1,389 млд. теңге сомасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс мектептерінде 20,9 мың педогогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 16,9 мың адам және 81,0% әйел. Соның ішін ауылды мекенде – 65,0 %. Аз тартудың және еңбекақының аз болуы себебінен мектептерге жас педагогтар ағымы жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасында сапалы білім жүйесін енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушыларыбіріңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі ҰБТ) формасында аттестациядан сәтті өтеді. ҰБТ мониторингі 2012 жылғы түлектердің білімінің сапасы бойынша негізгі көрсеткіштер 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 балл жоғары екенін көрсетеді. ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 72,4 баллды құрады.

Облыста 3,5 мыңнан артық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, 2404 бала (2653-2012жыл) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) және патронаттық тәрбиеге берілді. 17 интернаттық үлгідегі мекемелерде 1076 бала оқытылып тәрбиеленеді, оның ішінде 1814 жетім бала және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, 12 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттық мекемелерде 1464 бала тұрып білім алады. 30 баланың қамтылуымен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған 2 интернат жұмыс істейді.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасына және асырап алушылар отбасыларына беру есебінен интернатта тұратын балалардың әлеуметтенуі өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Жаз кезінде облыс бойынша 31 стационарлық қала шетіндегі сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Қала шетіндегі лагерлер 4 ауданда, 6 жетім балаларға арналған мекемелерде жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту жеткіліксіз болып отыр. 75 қосымша білім беру мекемесі, 64228 бала қамтылған, бұл 38,3% құрайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2011 жылдан бастап 3 ұйымға азайды. Облыста 97 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді (ТжКБ), оның ішінде 42 кәсіптік лицей және 55 колледж. Облыстың 18 ауданы кәсіптік біліммен қамтылған.

ТжКБ оқу мекемелерінде 43,3 адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), соның ішінде мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша 17,8 мың адам (немесе 41,1% ), кадрларды даярлау 111 мамандық бойынша (203 біліктілік) жүзеге асырылады, бұл экономика саласын техникалық және кәсіптік біліммен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша 21,3 мың адам оқиды (жалпы контингенттен 49,2 %).

2012 жылы мамандарды және жұмыс кадрларын енгізу 10,9 мың адамды құрайды, оның ішінде 63,1 % жұмысқа орналасты, 18,0 % блімін жалғастырды.

«Кадрларды дайындау және қайта даярлау» бағыты бойынша «Жол картасын» іске асыру аясында 2011-2012 жылдары кәсіби лицейлерде, колледждерде және оқу орталықтарында 17,9 мың адам жаңа мамандық алды (біліктілік). Курстық дайындықты аяқтағаннан кейін 65,0 % жұмысқа орналастырылды.

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында консультативті-кеңестік органдардың қалыптасуы аяқталды:

облыс әкімдігі жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім және кадрларды дайындауды дамыту мәселелері бойынша кеңес қызмет етеді;

қалалар және аудандары әкімдіктерінің жанында кадрларды дайындау бойынша кеңестер құрылған;

облысты шағын мамандандыру есебімен алалық кеңестер құрылған (аграрлы сала, туризм, металлургиялық сала).

«ШҚО Кәсіптік білімін өңірлік дамыту моделі» пилотты жобасын іске асыру аясында қазақстан-норвег «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту қоры» құрылды, оның негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік және кадрларды дайындаудың сапасын арттыру мәселесін дамыту болып табылады, сондай-ақ Норвегия Корольдігі Рогланд округын курстық және кәсіптік дайындау орталығы өкілдігі ашылды. Сондай-ақ, Ресеймен, Голландиямен, Германиямен, Франциямен халықаралық серіктестік дамып келеді.

26,0 млн.теңгеге 2 студенттік жатақхана күрделі жөндеуден өтті.

МТБ нығайтуға бюджет қаражатынан 904,0 млн. теңге инвестициялады, 2011 ж. - 208,8 млн. теңге.

Жеткіліксіз кәсіптік бағдарланған жұмыстың күшіне, соның ішінде жұмыс берушілер тарапынан экономика саласының кадрларға және нақты дайындыққа мұқтаждығы проблемасы келіспеушілік болып қалады.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) балабақшалар желісінің және шағын орталықтардың ашылуының артуы;

2) балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтудың артуы;

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары желісінің сақталуы;

4) 3 ауысымды оқытудың жойылуы;

5) жыл сайын ҰБТ көрсеткіштерінің өсуі.

Әлсіз жақтары:

1) 40,2% мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған;

2) демографиялық және көші-қондық үрдістер әсерінен оқушылар санының азаюы;

3) білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасының, оның ішінде мектептер асханаларының технологиялық жабдықтармен жеткіліксіз қамтылуы;

4) техникалық және кәсіптік блім беру ұйымдарында алған мамандықтары (біліктіліктері) бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 64 % құрайды;

5) ТжКБ ұйымдарында арнайы пәндік оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы.

Қауіптер:

1) апаттық жағдайдағы мектептер санының өсуі;

2) еңбекақы көлемінің төмен болуынан кәсіптік және техникалық білім ұйымдарынан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кетуі.

Мүмкіндіктер:


  1. жаңа мектептер салу жолымен апаттық мектептерді жою;

  2. білім беру нысандарын салуда мемлекеттік-меншік серіктестігін дамыту;

  3. электронды оқытуды енгізу;

  4. білімнің мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын азайту;

  5. қосымша білім ұйымдарының жүйесін арттыру;

  6. ТжКБ жүйесін жаңарту;

  7. жетім және АҚҚ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.


2.2.2.2 Денсаулық сақтау
2010 - 2012 жылдары облыста демографиялық жағдай келесідей болады:

  1. тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 16,79-тен бастап (2010 жылы) 16,67-ға (2012 жылы) дейін артуы;

  2. өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2012 жылғы 11,62-ге (2010 жылы – 12,20) дейін төмендеуі;

  3. тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы «+5,05» қарсы «+4,59» (2010 жыл) дейін артқаны байқалады.

ШҚО және ҚР бойынша өлім-жітім динамикасы



21 сурет


2012 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш (16,67) орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге төмен (ҚР – 22,69; өлім орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге артады (ҚР – 8,51).

Облыста туудың барынша төмен көрсетіштері облыстың жекелеген өңірлерінде тұратын тұрғындардың жыныстық-жастық құрамының, яғни ұрпақты болу жасындағы (15-49 жас) тұрғындар жасына қатысты бала көтергіштіктің әсер етумен түсіндіріледі. Облыс тұрғындары демографиялық қатынаста жастардың төменгі үлес салмағы есебінен қартаю беталысы бар.

Аталған жағдай облыстағы еркектер мен әйелдер күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейінде де байқалады: 2010 жылы көрсеткіш 2012 жылғы 66,98 -ға қарсы 68,58 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,5% төмен (ҚР – 2012ж. 69,61 в); еркектер арасында өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші барынша төмен – 63,31; бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2, 4 % төмен (ҚР – 64,84).

Ластанудың жоғары деңгейі бар өндірістік қалалардың болуы, ластану аймағында радиобелсенді шөгінділерде тұрғындардың көп жыл тұру факторы өңір экологиясына әсер етіп, тұрғындар денсаулығына теріс әсерін тигізді, сонымен қатар, облыстың шекараға жақын сипаты және белсенді көші-қон үрдісі де облыс тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.

Облыста әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 2012 жылғы 13,2-ден бастап 2010 жылғы 21,5-ға дейін төмендегені байқалады, ҚР бойынша көрсеткіште 100 000 тірі туғанға шаққанда 13,5 (ҚР – 2010 жылы 22,7 ).

Ана өлімінің басты себептері-акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары (жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар, анемия) болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі. 2012 жылы ана өлімі облыстың 3 ауданында тіркелген.

Облыс бойынша нәресте өлімі көрсеткішінің төмендеу үрдісіне қарамастан соңғы жылдардағы динамикада 2012 жылы тірі және өлі туу халықаралық өлшемдерінің енгізілуіне байланысты 1000 тірі туғанға шаққанда 20,0 бастап (2010 жыл) 15,8-ға (2012 жыл) дейін артқан.
ШҚО бойынша ана мен сәби өлімінің динамикасы
22 сурет

Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер), жалпы облыстағы және жекелеген аудандардағы жайсыз экологиялық жағдайлармен түсіндіріледі.

Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтосқандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана және бала өлімін төмендету бойынша 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру босанатын әйелдер медицинасын 78,2 дейін, балалар ұйымдарын 72 % дейін материалды техникалық жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берді; жүктілік және босандыруды жүргізудің жаңа технологияларын енгізуге, перинаталды көмекті аудандастыруға жәрдемдесті.

Өткен 3 жылда облыста аурушаңдықтың көрсеткіші 2010 жылы 70423,5-2012 жылы 64 288,0 дейін 8,7 %ға төмендеді; алайда аталған көрсеткіш орта республикалық деңгейден 1,2 есе асады (ҚР – 2012 жылы 55161,3).

Ортареспубликалық көрсеткіштерден асу көптеген көрсеткіштер бойынша байқалады: эндокринді аурулар, соның ішінде қант диабеті, тыныс алу органдарының аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйелері, зәр шығару жүйесі, жарақат және уланулар.

Өткен жылдары халықт әлеуметтік-маңызды аурулардың таралуының және ауруының көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.

Облыста туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішінің төмендеуі байқалады 100 мың халыққа 124,0-дан (2010 жылы) 101,0-ға дейін, бұл 2012 жылғы орта республикалық көрсеткіштен 23,7% артты (ҚР- 81,7).
ШҚО және ҚР бойынша туберкулез аурушаңдығы

(100 мың тұрғынға шаққанда)



23 сурет


Туберкулезден болған өлімнің жыл сайын төмендеуіне қарамастан облыс көрсеткіші ҚР бойынша 1,7 көрсеткішінен асады (2012 жылы ШҚО –12,0, ҚР 100 мың тұрғынға 7,2 ).

Эпидемиологиялық көрсеткішті тұрақтандыруға бағытталған беталысқа қарамастан туберкулез аурушаңдылығының алдағы уақытта жасаруы (18 жастан 55 жасқа дейінгі тұлғалар ауырғандардың жалпы санының 76,4 пайызын құрайды), жұмыссыздар мен әлеуметтік бейімделмеген топтар санынан ауырғандардың үлес салмағының артуы байқалады, туберкулездің дәріге көнбейтін аурушаңдық өсуі байқалып отыр.

2012 жылы балалар аурушаңдығының көрсеткіші шаққанда 23,4 (2010 жыл) және 100 мың тұрғынға 17,0 құрады, жасөспірімдер – 116,7 дан 74,4 дейін (Қазақстан Республикасы бойынша сәйкес халықтың 100 мыңына 13,7 және 90,9 ). Туберкулез жұқпасы ошағынан балаларды оқшаулау төртінші жағдайда ғана жүзеге асырылады, осының нәтижесінде жыл сайын туберкулездің асқынған түрімен ауырған балалар айқындалуда, сонымен қатар қатынаста болғандар арасында туберкулездің өсуі байқалады. Облыста мектепке дейінгі санаторлық топтар жетіспейді, сондықтан оқшаулау мен сауықтыруды жұқпа ошағынан шыққан балалардың 50 пайыздан астам жағдайы, «қауіп-қатер» тобынан 90 пайыздан астамы қажет етеді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай түзеу мекемелері санының көп болуынан, ондағы туберкулез науқастарының едәуір санымен шиеленісіп отыр. Осы контингент арасында белсенді туберкулез аурушаңдығы облыстың азамат тұрғындары арасында 10,6 еседен жоғары.

Туберкулез жөніндегі бағдарламаны іске асыру бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері (тұрғын үй бөлу, жол ақысын төлеу, туберкулез науқастарына, балаларды қоса алғанда тамақтануға қаражат бөлу) өзекті болып отыр.

Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 272,3 бастап 2010 жылғы 276,2 дейін артқаны байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішті 2012 жылы 196,0. Аурудың артуы анықтаушылықтың жақсаруымен, қатерді ісік ауруларының алдынғы диагностикасы бойынша скринингтік бағдарламаларды енгізумен түсіндіріледі.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығымен ауыру

(100 000 тұрғынға шаққанда)


24 сурет

Қатерлі ісікпен барынша көп аурушаңдық облыстың мынадай өндірістік дамыған аудандарында және бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарда тіркелген: Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалалары, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Ұлан, Шемонайха аудандары.

Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 161,2 бастап 2012 жылғы 154,8 дейін төмендегені байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішін 2010 жылынан 1,5 есе көп (100 мың тұрғынға 104,0) құрайды.

ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлім

(100 000 тұрғынға шаққанда)

25 сурет


Тұрғындар аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 30,8% барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2012 жылы қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 355,7 құрады, Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіште 2012 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 252,88 (мәліметтер алдын ала).
2010-2012 жылдардағы ШҚО және ҚР ҚАЖА өлу көрсеткіші

26 сурет

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлімді төмендету мақсатында облыста кардиохирургиялық көмек қызметінің жұмысы жолға қойылған. Жүрек патологиясы бар, әсіресе жіті коронарлық синдромы бар науқастарға емдеу тактикасын таңдауда жүрек қантамырлары патологиясын ерте диагностикалау әдісі және негізгі дифференциалдық әдіс ретінде коронарография енгізілген. Облыста кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеу мен тексерудің жаңа әдістерінің енгізілуі 2012 жылы жүректің ишемиялық ауруынан болған өлімнің 2010 жылмен салыстырғанда 1,3 есе төмендеуіне әкелді.

Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған (12,3%) өлімі облыс тұрғындары өлімінің себептері арасында үшнші орынды алады – 2012 жылы 142,2, 2010 жылмен салыстырғанда төмендеу 1,9%, ҚР көрсеткіші – 96,78 (ҚР ДСМ жинағының мәліметтері бойынша).
Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған өлім

27 сурет


Өңір облыс тұрғындары арасында АИТВ жұқпасы таралауының індеттің концентрациялық сатысында тұр. АИТВ-жұқпасы аурушаңдығы динамикасын талдау аурушаңдықтың төмендеуін көрсетеді, 2012 жылы 214 жағдай анықталған (төмендеу 1,4 есе).

Індеттің шоғырланған сатысында АИТВ жұқпасының таралуының індеттің концентрациялық сатысында тұрақтандыру мақсатында алдын алу іс-шараларын кеңейту, сондай-ақ вирусқа қарсы терапияны қажет ететін ЖИТС науқастарын толық көлемде қамтамасыз ету жалғасуда.

АИТВ-жұқтырғандарды медициналық қызметтермен толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында, АИТВ –жұқтырғандарды тексеру және емдеу үшін облыстың 5 стационары базасында төсек орындар бөлінген.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне арналған шығыстар 2010 жылғы 20760,3 млн. теңгеден бастап 2012 жылғы 34103,3 млн. теңгеге дейін артып, облыстың денсаулық сақтау ісін тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр.


ШҚО бойынша денсаулық сақтау ісіне арналған шығыстар

(ТМКК мың теңге)



28 сурет


Ауылдық тұрғындарға дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған.

Облыстың денсаулық сақтау ісін білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды проблема болып отыр. 2010 жылы дәрігерлер саны – 5558 (мем. – 4440), орта медициналық жұмысшылар – 12445 адам (мем. – 10420). 01.01.2013 жылы дәрігерлер саны азайды және 5546 құрады (мем. 4384), орта медициналық персонал – 13 002 адам (мем. – 12 220).

Халықтың барлық мамандықтар, барлық ұйымдарды қосқанда дәрігерлік кадрларымен қамтамасыз 2012 жылғы 39,8-ге дейін артуына қарамастан бірнеше жылдар бойы практикалық бейін дәрігерлермен қамтамасыз ету бір деңгейде қалады – 31,5 (2010 жылы 31,8). Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жарақталуы 2012 жылы 93,1 пайызды құрайды.

2012 жылдың басында кадрлар тапшылығы 454 дәрігер, 70 орта медициналық қызметкер, соның ішінде ауылдық жерлерде 152 дәрігер және 36 орта медициналық қызметкерді құрады. 2012 жылы медициналық ЖОО 96 түлегі облысқа, соның ішінде ауылдық жерлерге 32 жас маман келді. Барлығы 43 адам көтермеақы алып, 29 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2013 жылы дәрігерлер тапшылығы 419 дәрігер, оның ішінде қалалық жерде – 324, орта медициналық қызметкер 42.


ШҚО бойынша дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу (мем. құрылымдар)


29 сурет

Дәрігер кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары жастағы тұлғалар 36,1пайызды, 30 жасқа дейінгі 18,7 пайызды құрады. 25 жылдан астам өтілі бар мамандардың үлес салмағы артып отыр, бұл жас кадрлар келуінің төмендегені туралы куәландырылады.

Денсаулық сақтауды проблемаларды айқындау үшін SWOT-талдау жүргізіледі.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар:

1) демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;

2) ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі;

3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмек жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділіктің жақсаруы;

4) кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы.

Әлсіз жақтар:

1) тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін өңірдегі экологиялық ахуал;

2) нәресте өлімінің жоғары көрсеткіші

3) тұрғындардағы әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардың жоғары деңгейі

4) облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы 419 адам;

5) ұсынылатын медициналық қызмет сапасының жеткіліксіз болуы;

6) медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен және тұрпатты ғимаратпен жарақталу деңгейінің төмендігі.

Қауіптер:

1) саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал жабдық пен медицина мекемелерінің ғимараттарының тозуына әкеледі, бұл ауруларға уақытында диагностика жасау мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді;

2) Мамандар тапшылығының артуы.

Мүмкіндіктері:

1) заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;

2) жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

3) жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу.

Сонымен, облыстың денсаулық сақтау ісіндегі негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі; нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші; кадрлық мәселелер болып отыр. Тұрғындар аурушаңдығының, әлеуметтік-маңызды аурулар аурушаңдығын-онкологиялық аурушаңдықтарды, туберкулез аурушаңдығын қоса алғанда жоғары деңгейі; жарақаттар мен уланулар дың жоғары деңгейі; өңірдің экологиялық проблемалары және денсаулықты қорғау мәселелерінде тиімділігі аз сектораралық өзара әрекет, тұрғындардың өз денсаулықтарына жеткіліксіз жауапкершілігі.

Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет