БАҒдарламасы қостанай, 2014 жыл мазмұны 1



бет12/21
Дата06.03.2016
өлшемі4.16 Mb.
#45470
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Күшті жақтары

Бала туудың ұлғаюы, қайтыс болудың азаюы, табиғи өсiм көрсеткішінің ұлғаюы.

Медициналық қызметтерді көрсетуде бәсекелестіктің дамуы.

Салауатты өмір салты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан БМСК ұйымдары желісінің кеңеюі.

Соңғы 3 жылдың ішінде жас мамандардың келуі.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. Толық тамақтанбау.

2. Медициналық көмекке кеш жүгіну.

3. Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдердің үнемі қаралуға деген ынталарының жеткіліксіздігі.

4. Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа тиетін әсері туралы жеткіліксіз ақпараттандырылу.

5. Денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын жүргізудің төмен басымдылығы.

6. Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына себеп болатын тамақтану үлесіне әдет.

7. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату мәселелеріне жеткілікті назар аудармайды.

8. Әлеуметтік проблемалар халықтың елеулі бөлігіне өз денсаулықтарын сақтау мен қарауына мүмкіндік бермейді.

9. Мінез-құлықтың жоғары қауіп-қатерлері (темекі шегу, алкоголь, есірткі).

10. Салауатты өмір салты қызметінде қызметкерлердің жетіспеуі.

11. Аудандарда көп дәрігерлердің жетіспеушілігі.

12. БМСК ұйымдарын жеткіліксіз қаржыландыру.

13. Халықтың төмен санитарлық білімі, медициналық қызметкерлердің халықпен жұмыс жасауы толық тиімді емес.

14. Консультатциялық қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану.

15. Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту.

Халықты ұлттық скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту.

Аурулардың күні-түні болу стационарларын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.



Даму үрдісі:

Дәрігерлерге іс жүзінде үлкен салмақ түсуіне байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

Салауатты өмір салты бойынша дайындалған мамандардың жетіспеушілігіне байланысты алдын-алу іс-шараларының жеткіліксіз тиімділігі.
Халықты әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша облыстағы экономикалық жағынан белсенді халықтың саны 2007 жылдан 2013 жылға дейін 5,2, яғни 560,5 мың адамнан 531,1 мың адамға азайды. Жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 92,5-дан 94,8-ға өсті.

Сонымен қатар, облыста қала және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі арасында сәйкессіздік байқалады.

Республиканың жұмыспен қамтылған халықының жалпы санында өңірдің алатын үлес салмағы 6 құрайды.

Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2007-2013 жылдар аралығында 2,3 пайыздық тармаққа қысқарды, 2007 жылы 7,5-ға, ал 2013 жылы 5,2-ға дейін (42,1 мың адамнан 27,4 мың адамға дейін) төмендеді.

2014 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіш 0,4 болғанда, облыстық 0,1 (2008 жылдың 1 қаңтарына – 0,5) құрайды. 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыспен қамтамасыз ету органдарының есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 485 адамды құрады.

Жұмыссыздардың құрамында 75,3 (365 адамды) әйелдер құрайды.

Экономика салалары бойынша жұмысқа тартылған адамдардың көбісі 2007-2013 жылдар аралығында ауыл шаруашылығында – 39, саудада – 17, өнеркәсіпте – 12 жұмыс істегені байқалды.



Жұмысқа тартылған адамдар саны азаюының негізгі себебі экономикалық белсенді халықтың ішкі көші-қонуы болып табылады.
24-кесте

2007-2013 жылдардағы халықты жұмыспен қамту көрсеткіштерінің серпіні


Көрсеткіштер атауы

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Экономикалық белсенді халықтың саны, мың адам

560,5

555,5

545

543,5

541,9

539,6

536,1

Жұмыспен қамту деңгейі, %

92,5

93,1

93,7

94,3

94,7

94,8

94,8

Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі, %

7,5

6,9

6,3

5,7

5,3

5,2

5,2

Тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі, %

0,5

0,5

0,5

0,4

0,2

0,2

0,1

Құрылған жұмыс орындары

11599

13330

23611

24983

12907

18459

13442

Жұмыспен қамту органдарына өтінді, адам

15043

14396

26169

19529

15115

15416

12942

Қоғамдық жұмыстарда қатысушылар саны, адам

5798

5142

4973

4927

4536

4857

4908

Кәсіптік оқуға жолданғандар саны, адам


1021

1100

4421

2596

1579

1183

930



Облыс аграрлық-индустриялық бағытқа ие. Өңірдің негізгі мәселелері – мамандандырылған кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік. 2013 жылы жұмыспен қамтылған халық құрамында білікті жұмыс күшінің үлесі 65 құрады.

Еңбек нарығында Өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету, 2009-2010 жылдарғы Жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асуы оң көрініс тапты.

Халықты өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем беру үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу пайдаланылады, жұмыссыздар мен басқа арнаулы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс органдарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа тұруына көмек беру, кепілді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету және мүгедектерге, үлкендер мен басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету пайдаланылады.

Облыста 2007-2013 жылдар аралығында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.

100 мыңнан астам адам Жұмыспен қамтамасыз ету органдарына өтініш жасады, олардан 7 жыл ішінде 90 мыңнан астам адам ағымдағы, жаңа бос жұмыс орындарына орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 35 мыңнан астам жұмыссыз қатысты, кәсіби білім алуға 13 мың адам жіберілді.

2013 жылы кәсіби оқуға 930 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде – 770 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуді жақсартуға бос орындар-жәрмеңкесі жәрдемдеседі.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендер үшін бос жұмыс орындары санының жетіспеушілігі проблема болып отыр.

Тиісті рұқсат бойынша тартылған шетел азаматтарының саны көп емес. Еңбектің ішкі нарығын қорғау, қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілерге тек қана еңбектің ішкі нарығында жеткіліксіз жоғары білікті жұмыс күшін, мамандарды тартуға рұқсат беріледі. 2009 жылы 3 санат бойынша шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуға рұқсат берілген жоқ, жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күшінің құрамында 1 және 2 санатты мамандардың үлесі 100 құрады. 2010 жылы ШЖК құрамында білікті мамандар үлесі 23 құрады, өйткені «Астана – Қостанай – Челябі» халықаралық транзиттік коридорында Тобыл өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстарын орындау үшін Ресей Федерациясынан білікті жұмысшылар тартылды.

2013 жылы 4 санат бойынша шетел азаматтарын тартуға рұқсат берілген жоқ, тартылған шетел жұмыс күшінің құрамында 1, 2 және 3 санаттағы мамандар үлесі 95,7 құрады.


Көрсеткіштер атауы

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Тартылған шетел жұмыс күшінің құрамындағы 1 және 2 санаттағы мамандар үлесі, %

98,2

62,3

100

23

77,7

100

95,7

Бүгінгі таңда Жол картасының басты мақсаттарының бірі – жұмыссыздықтың елеулі өсуіне жол бермеуге қол жетті.

Әр түрлі меншік нысанындағы мекемелерде 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 3461 ұжымдық шарт әрекет етеді. Ұжымдық-шарттық қатынастар негізінде әрекет ететін кәсіпорындардың үлесі 42,5, сонымен қатар ірі және шағын мемлекет меншік түріндегі кәсіпорындар – 98,7, жеке меншік – 90,8 құрайды.



Әлеуметтік қамтамасыз ету

2013 жылы табыстары кедейшілік шегінен төмен облыс тұрғындарының үлесі 0,4% құрады. 2007 жылмен (1,5%) салыстырғанда бұл пайыздық көрсеткіш бес жыл ішінде 1,1-ге төмендеді.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды басымдылығы болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (1 айлық есептік көрсеткіш) ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосатын балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді.

Облыста тұрғындардың еңбекке жарамды жіктерін әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартуға байланысты (ары қарай жұмысқа орналастырып, кәсіби даярлау және қайта даярлау, оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға) тұрмысы төмен азаматтардың кірістері үздіксіз өсіп жатқанын айта кеткен жөн, бұл балалар жәрдемақысын алушылар санының жыл сайынғы төмендеуімен түсіндіріледі. Осылайша, 2013 жылы 27725 балаға 387,4 млн. теңге сомасына балалар жәрдемақысы төленді, бұл 2007 жылғы төлемдерден 19747 балаға және 24,2 млн. теңгеге (47472 балаға 411,6 млн. теңгеге) аз.

Асыраушылықтың алдын алу мақсатында еңбекке жарамды азаматтарды және МАӘК алатындардың арасында азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту бойынша үздіксіз жұмыстар жасалып жатыр, осы арқылы тұрмысы төмен азаматтардың кірістерінің өсуі түсіндіріледі. Осыған байланысты МАӘК төлеу өткен жылдармен салыстырғанда тұрақты төмендеп келе жатыр.

2013 жылы 106,5 млн. теңге сомасына тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны тұрмысы төмен 4354 адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда кірістердің ұлғаюына байланысты көмек алушылардың саны (136,5 млн. теңге сомасына 12189 алушы) тұрмысы төмен 7835 азаматқа және 30 млн. теңге сомасына азайды. 2012 жылдың 1 шілдесіне 56,5 млн. теңге сомасына тұрмысы төмен 3889 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек төленді. 2012 жылмен салыстырғанда бір адамға шаққанда орташа мөлшер 127 теңгеге ұлғайдып, айына 2038 теңгені құрады (2012 ж. - 1911 теңге).

МАӘК алушылардың негізгі үлесін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. 2013 жылы МАӘК алушылар арасында еңбекке жарамды азаматтардың саны 1543 адамды (жұмыссыздар, есепте тұратындар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, өз бетімен жұмыс істейтіндер, күтім жасайтын адамдар және басқалар) немесе көмек алушылардың жалпы санынан 35,6% құрады. 2007 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш 3,0 есе төмендеді. 2007 жылы еңбекке жарамды азаматтардың саны алушылардың жалпы санынан 4707 адамды немесе 38,6% құрады.

2013 жылында жалпы 412,0 млн. теңге сомасына 15,6 мың алушыға (2012 ж.– жалпы 276,5 млн. теңге сомасына 14,2 мың алушыға) төленді.

2082 адам 23,5 млн. теңге сомасына ақысыз тамақтану көмегін (2012 ж.– 31,3 млн. теңге сомасына 2499 адам) алды, 1472 алушыға 10,0 млн. теңге сомасына қайырымдылық көмек (2012 ж. 18,7 млн. теңге сомасына 2632 алушыға) көрсетілді.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрмысы төмен азаматтардың саны 3377 адамды (960 отбасыны) құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-маусымынан (1391 отбасында 4530 адамға) 1153 адамға (25,5%) аз.

Тұрмысы төмен бір адамға барлық қаржыландыру көздерінен көрсетілген көмектің 2013 жылдағы сомасы 30592 теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 5149 теңгеге аз ( 2012 ж. – 35741 теңге).

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерге 2010 жылы 23703 алушыға 267,8 млн. теңге сомасына, 2011 жылы 18080 азаматқа 282,6 млн. теңге сомасына, 2012 жылы 27571 азаматқа 320,0 млн. теңге сомасына қаражаттар бөлінді.

Қажеттілік пен оларды алушылардың кірістерін бағалау өлшемдерін ескере отырып, 2013 жылы өткізілген оңтайландырудан кейін мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына – 36850 алушыға 510,0 млн. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді, бұл 15,2 мың адамға аз, бірақ 2007 жылғы кезеңнен 375,3 млн. теңгеге артық (134,7 млн. теңге сомасына 52000 алушы).

2013 жылы ең төменгi күнкөрiс 16449 теңгенi құрады, 2007 жылғы кезеңмен салыстырғанда (7960 теңге) аталған көрсеткіш 106,6%-ға өстi.

Кедейшілікті төмендету бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оның деңгейі 2014 жылдың 1 қаңтарына 0,4% (01.01.2013 ж. – 0,5%) құрады.

25-кесте


2007-2013 жылдардағы әлеуметтік қамтамасыз ету көрсеткіштердің серпіні


Көрсеткіштер атауы

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Табысы кедейлік шегінен төмен облыс халқы санының үлесі, %

1,5

1,3

1,2

0,9

0,7

0,5

0,4

Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны, адам

47472

48896

48126

39327

38566

30573

27725

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, адам

12189

12025

11350

9685

7775

5601

4354

Тұрғын үй көмегін алушылар саны, адам

20373

34071

28728

27920

21374

14176

15557

Тегін тамақ алушылар саны, адам

5497

5222

4259

4040

3229

2499

2082

МАӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі, %

38,6

38,1

37,6

37,7

37,2

36,9

35,6

Халықтың 1 адамға шаққандағы табысы, теңге

21860

26319

26933

31409

39604

45694

52601



Халықтың табыстары 2007 жылмен (21860 теңге) салыстырғанда 38,5%-ға өсіп, 1 адамға шаққанда 35560 теңгені құрады. 2007 жылмен (37584 теңге) салыстырғанда, 2013 жылы орташа айлық еңбек ақы 80556 теңге құрады.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басым болуы;

әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Осындай жағдайда табысы ең төмен мөлшерде белгіленген табыстан да төмен халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.

Әлеуметтік саясаттың ең басты міндеті өмірдің қиын жағдайларына тап болған тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша шараларды қолдану, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту болып табылады.

Облыста Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізіп жатқан реформа шеңберінде «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында арнайы Әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілді:

2009 жылы психоневрологиялық патологиялары бар балалар үшін;

2010 жылы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғалар үшін;

2011 жылы жалпы үлгідегі интернат-үйлеріндегі қартайған кісілер мен мүгедектер үшін;

Психоневрологиялық патологиялары бар балалар үшін күндіз қарайтын 4 бөлім ашылды;

2012 жылы белгілі тұратын жері жоқ тұлғалар үшін.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында арнайы әлеуметтік қызметтерді:

1670 адам тұратын, 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, олардан күндіз қаралатын бөлімдерге 22 мүгедек бала және психоневрологиялық аурулары бар 7 мүгедек барады;

1596 мүгедек денсаулығын жақсартқан Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталығы;

2747 адам, оның ішінде 2188 қарт кісі, 106 мүгедек, 326 мүгедек бала, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 89 мүгедек, әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанында үйде әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлім ұсынады.

908 адамға қызметін көрсеткен тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 2 әлеуметтік бейімдеу орталығы.

125 адам баратын, психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған 5 күндіз болу бөлімшелері.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама түрлері дамып келе жатыр. Үкіметтік емес секторда 2011 жылдан бастап жартылай стационарлық және үйде күту жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетілуде. 2014 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың саны 73 адамды құрады.

26-кесте


2008-2013 жылдардағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету көрсеткіштердің серпіні

Көрсеткіштердің атауы

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету:

медициналық-әлеуметтік мекемелерде

1463

1575

1649

1691

1641

1692

оңалту орталықтарында

1368

1849

1867

1981

1833

1663

тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында

190

190

190

190

1378

908

жұмыспен қамту бөлімдері жанындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған күндіз болу бөлімшелерінде










78

101

125

үкіметтік емес секторда










25

54

54

паспорттандырылған нысандар, бірлік













76

1492

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қаңтардағы № 64 қаулысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (2012-2013 жылдар)» бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №254 қаулысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі (2014 – 2015 жылдар)» бекітілді.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1568 нысан паспортталды.

Күштi жақтары

Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық кіріктіруге және тартуға мүмкiндiк береді.



Әлсiз жақтары

Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындары санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.

Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:

мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер бірдей көрсетіле бермейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;

медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялар мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын мүгедектің өтініш жасауына байланысты әзірлейді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген ОЖБ мерзiмінде орындалмайды.

Психоневрологиялық интернат-үйлерге кезектілік.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін ҮЕҰ материалдық-техникалық базасының болмауы.

Мүмкiндiктер

Жұмыс орындарын құру, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.

Әлеуметтiк шиеленістің төмендеуі.

Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.



Қауiп-қатерлер

Бүркемелі жұмыспен қамту.

Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табыстар туралы анықтама беруді талап етеді).

Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша ҮЕҰ белсенділігі төмен.



Мәдениет және тілдерді дамыту

Облыста 734 мәдениет объектілері (663 – мемлекеттік), оның ішінде 410 кітапхана (407 – мемлекеттік), 302 клуб (237 – мемлекеттік), 10 мұражай, 5 кинотеатр (2 мемлекеттік), 1 филармония, 4 театр, 1 кинобейнепрокат және 1 мәдениет және демалыс паркі қызмет етеді.

Облыста 728 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, олардың 6-ының мемлекеттік маңызы бар.

2007 жылмен салыстырғанда 2013 жылы мәдениет ұйымдарының саны 44 бірлікке өсті: кітапхана желісі 17 бірлікке, клуб мекемелері желілері 23 бірлікке, кинотеатрлар – 2 бірлікке, театрлар 1 бірлікке ұлғайды. 2011 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдары саны 6 бірлікке ұлғайды: кітапхана желісі - 5 бірлікке, кинотеатрлар – 1 бірлікке, театрлар – 1 бірлікке, клуб мекемелері желісі 1 бірлікке азайды.

2013 жылы облыста кітап қоры 78,6 млн. теңге құрайтын 147,2 мың баспаға ұлғайды.

2013 жылы клуб мекемелерінде 25,7 мың іс-шара өткізілді, оларды 4 445,2 мың адам барып көрді (2007 жылғыдан 3074 мың адамға артық). 2011 жылмен салыстырғанда іс-шаралар саны 3,8 мың немесе 17,3%-ға артылды.

Облыстың мұражайында 11336 іс-шара өткізіліп ( экскурсия, дәріс, көрме өткізілді), оларға 342,3 адам барды. 2011 жылмен салыстырғанда іс-шаралар саны 359 немесе 3,2%-ға артылды.

2013 жылы театрлар 1205 спектакль (оның ішінде 20 жаңа қойылымдар), оларды 192,9 мың көрермен тамашалады, бұл 2007 жылғыдан 81,4 мың адамға артық. 2011 жылмен салыстырғанда спектальдер саны 211 немесе 21,2%-ға артты.

Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда 336 концерт ұйымдастырылды, оларды 255,8 мың көрермен тамашалады.

Кино мекемелері 8,1 мың киносеанс көрсетті, оларға 386,5 адам барды.

Облыс әкімінің және шаруашылық субъектілерінің қолдауымен жалпы 195,7 млн. теңге сомасына 290 мәдениет объектісі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.

2013 жылы республикалық және халықаралық фестиваль және байқауларға қатысушылар саны 72 адам, 2007 жылмен салыстырғанда 12 ұжымға артық, 21 ұжым құрады.



Мәдениет және спорт

403 АЕМ мәдениет объектілері бар, 231 – жоқ, 21 АЕМ халықтың саны 300 адамнан артық. АЕМ клубтармен қамтылуы 44,3%, кітапханалармен – 56,9% құрайды.

Мәдениет объектілерінің толық емес қызмет етуінің жалпы проблемалары, село тұрғындарының аз болуы, алыс қашықтықта орналасқан ауылдарды мәдени-ағартушы іс-шаралармен қамтамасыз ету үшін автокөлік санының жеткіліксіздігі, сонымен қатар мәдениет ұйымдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіретін шаруашылықты субъектілеріне, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жеткіліксіз қаржы бөлу болып табылады.

Ағымдағы және әлеуетті мәселелер:

Ауылдық елді мекендерде мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базаларының жабдықтануының жеткіліксіздігі.



Даму беталысы

Халықтың мәдениет объектілерін қатысушылығын арттыру;

Жаңа мәдениет объектілерін ашу;

Бар мәдениет объектілерін күрделі жөндеуден өткізу және жаңарту;

Медниет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату.

Тілдерді дамыту

Облыстың тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

2007 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде өңірлік тілдерді үйрету орталықтарының желісі дамуда: 2007 жылы – облыстық тілдерді оқыту орталығы, 2008 жылы – Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы ашылды, 2011 жылы Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарында және Арқалық қаласында тілдерді оқытудың 7 мемлекеттік орталығы ашылды, 2012 жылы ұқсас орталықтар Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Қарасу, Меңдіқара, Науырзым, Таран аудандары мен Лисаков қаласында ашылды. 2013 жылы Қостанай ауданында Тілдерді оқыту орталығы құрылады.2014 жылдың 1 қаңтарына олардың саны 18 бірлігін құрады.

Тілдерді оқыту орталықтарын ашу тілдерді оқытудың бірегей инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді, бұл мемлекеттік тілді оқыту сапасына және облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2007 жылы 360 тыңдаушы қамтылды, 2008 жылы тілдерді оқыту орталықтары негізінде 587 адам оқыды. 2013 жылы мемлекеттік тілді оқитындардың саны 9,8 мың адамды құрады, олардан 3,6 мыңы қазақ тілін қазіргі заманғы оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтылған тілдерді оқыту орталықтары базасында оқыды (10 есе ұлғайды). Тілдерді оқыту орталықтары базасында мемлекеттік тілді оқитын тыңдаушыларды ұлғайту бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылады. Тілді оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында үш деңгейлі «Тобыл» оқу кешені әзірленді. Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар, кітапшалар, сабақтың жұмыс жоспарлары, «Мемлекеттік тілде құжат айналымы» курстарының тыңдаушылары үшін электрондық құрал және т.б. әзірледі.

2011 жылы мемлекеттік тілді оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілдерді оқыту бойынша бағдарламалар орналастырылатын басқарманың сайты құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл порталы «Тіл порталы» мен SOYLE.KZ сайтына қол жетімділік қамтамасыз етілді.

2013 жылдан мемлекеттік тіл мен қатар ағылшын тіліне оқыту ұйымдастырлған. 2014 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша ағылшын тіліне оқытумен 716 ересек азамат қамтылды.

Тілдерді оқыту үрдісіне әр түрлі қызмет салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары белсенді кірісіті: «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы, «Қазақстан теміржолы»Ұлттық компаниясы АҚ облыстық филиалы, «Транстелеком» АҚ, «Фармация НЕО» ЖШС, «Компас» ЖШС және басқалар.

Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлес көлемі 2008 жылы 51%, 2013 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу 86,7% құрады. Оң қарқын байқалып отыр. Ұлғаюы 35,7% құрады. Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2007-2008 оқу жылдары мектепке дейінгі мекемелерде балалардың 29,1%-ы және жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың 25,6%-ы қазақ тілінде оқыды. 2012-2013 оқу жылдарында осы көрсеткіш тиісінше 35% және 29,6% құрады. 2013-2014 оқу жылдарында осы көрсеткіш тиісінше 35,6% және 30,0% құрады.

Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда. Егер 2007-2008 оқу жылында ұлты қазақ балалардың 52,2%-ы қазақ тілінде оқыса, 2012-2013 оқу жылында аталған көрсеткіш 59,8% құрады. Ағымдағы 2013-2014 оқу жылы қазақ ұлты оқушыларының 60,6% ана тілінде білім алуда.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында «Алау» телеарнасында және «Рудный дауысы» радиосында қазақ тілі сабақтары өткізіледі («Тілашар» телесабақтары, «Изучаем казахский язык» радиосабақтары), «Костанайские новости», «Федоровские новости», «Арқалық хабары» газеттерінде «Изучаем казахский язык» арнасы қызмет етеді.

Әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 58,8% құрайды, соның ішінде 35,4% тілді жетік меңгерген, 23,4% - орта деңгейде.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігі Қостанай облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында бірқатар ұлттық-мәдени орталықтар жанында жексенбілік мектептердің жұмыстары ұйымдастырылған. Тілдерді оқыту орталығының базасында этникалық топтардың тілдеріне оқыту ұйымдастырылған (иврит, неміс, грек, украин, татар, армян, корей, поляк, тәжік және шешен тілдері, 11 топ, 165 тыңдаушы).

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1. Аккредитивтік тілдерді оқыту орталықтар торының жоқтығы (басы 2014 жылы жоспарланып отыр).

2. Халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің жеткіліксіз қызмет атқаруы.

Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан:



  • қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі;

- өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар болып табылады.

Негізгі ішкі және сырқы факторларды бағалау:

- мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру және мониторингі жүйесінің болмауы қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру ісіндегі ұстап тұрған фактор болып табылады.

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолдану мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту маңызды фактор болып табылады.

Бұл ретте іскери қарым-қатынас, бизнес, ғылым және халыққа қызмет көрсету саласы мен мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.

Даму беталысы

1. Аккредитивтік тілдерді оқыту орталықтарын ашу

2.Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу.
Дене шынықтыру, спорт және туризм

Спорт

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 47 бірлікке өсті және 2343 бірлікті (2009 жылға қарағанда 104, 9%).

27-кесте

Спорт ғимараттары




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Енгізілген нысандар (саны), оның ішінде:

32

47

28

47

Жабық спорт нысандары (кешендер, залдар)

10

23

7

7

Ашық спорт нысандары (алаңдар, ядролар, стадиондар, трассалар, корттер)

22

24

21

40

2010-2013 жылдардағы кезеңде спорт инфрақұрылымын дамытуға 3104,4 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1280,3 млн. теңге, тартылған қаражаттардан 1824,1 млн. теңге бағытталды.

28-кесте


Спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар

млн. теңге






2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Жергілікті бюджет

67

509,4

33,0

37,9

700,0

Тартылған қаражаттар

80,7

62,9

617,9

143,3

1000,0

Республикалық бюджет

75,3

-

-

-

-

Барлығы

223

572,3

650,9

181,2

1700

2009-2013 жылдардағы кезеңде мынадай ірі жобалар пайдалануға енгізілді: Қостанай ауданы Затобол с. және Қарасу ауданы Қарасу с. стадиондары, Таран ауданы Тобыл с., Қамысты ауданы Алтынсарин с, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және Қостанай қаласында «Қазақстан», Қостанай ауданының Озерное с. дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Әулиекөл ауданының Әулиекөл с. «Болашақ» спорт ғимаратының кешені, Қашар поселкесіндегі және Қостанай қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешендері қалпына келтірілді.

2010-2013 жылдар аралығында халықтың дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналасу үшін қол жетімді спорттық инфрақұрылым объектілер санының ұлғаюы байқалды.





2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлық объектілер саны, (дана), оның ішінде:

2266

2313

2341

2419

Білім беру мекемелерінде

1637

1677

1693

1684

Қол жетімді объектілер

629

636

648

735

01.01.2014 жылға дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны 241,1 мың адамды – облыс тұрғындарының жалпы санынан 27,3% құрады. 3 жыл аралығында облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні 2,8% немесе 23,4 мың адамды құрады.

29-кесте

Облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні




2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны (мың адам)

217,7

230,8

234,4

241,1

Тұрғындарды қамту %

24,5

26,1

26,6

27,3

Жыл сайын 5 мыңнан астам спорт іс-шаралары, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2,5 мың іс-шара өткізіледі. Іс-шараларға 400,0 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 220 мың адам қатысады.

28 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 16949 оқушы оқиды. Спорт мектептерінде жалпы білім беретін мектептер оқушыларының 17,1%-ы спорт мектептерінде сабақтармен қамтылды.

Дене шынықтыру жұмысын дене шынықтыру және спорт бойынша 2107 штаттық жұмыскер, оның ішінде ауылдық жерлерде 961 адам жүргізеді.

2011-2013 жылдары: Қазақстан Республикасының 155 спорт шебері және 25 халықаралық сыныптағы спорт шеберлері даярланды.

Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар аталған секторлар мекемелері құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады.

Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет, мысал ретінде көршілес елдер Қытай және Ресей Федерациясын келтіруге болады.

Күшті жақтары

Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;

2009 жылмен салыстырғанда (2234) 2013 жылы спорт объектілерінің 8,2%-ға (2419 бірл.) немесе 185 бірлікке ұлғаюы.

Әлсіз жақтары

Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

Спорт залдарының жеткіліксіздігі;

Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.



Мүмкіндіктері

Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).



Қауіп-қатерлер

Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың аталған сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандар қызығушылығының төмен болуы байқалып отыр.

Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1. Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі;

3. 2013 жылғы жағдай бойынша облыстың 669 селосында және кентінде небәрі 20 спорт кешендері бар, спорт бойынша 88 әдіскер жұмыс істейді. Жазықтықты спорт кешендерінің саны 941 бірлікті құрайды.

Осыған орай, дене шынықтыру және спорт басқармасымен келесі шаралар көзделуде:

-«Бұқаралық спортты дамыту» бюджеттік бағдарламасы есебінен ауылдық жерлерде инструктор-әдіскерлердің жаңа ставкаларын енгізу;

-Дене шынықтыру ұжымдардың материалдық-спорттық базасын нығайтуға мүмкіндік беретін «Тың» облыстық спартакиадасын кезең-кезеңмен өткізу.

Туризм

Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, аңшылық пен балық аулау туризмін ұйымдастыру үшін табиғи және су ресурстарының болуы туризм дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туристік ұйымдардың саны 66 бірлікті құрап, оның ішінде туроператорлық қызметтегі – 4, турагенттік қызметтегі – 61, басқа да туристтік қызметтегі – 1. 2013 жылы туристік фирмаларда 181 адам жұмыспен қамтылды.

Туристерді жайғастырған орын (қонақ үй, демалыс базасы) саны 80 бірлік құрап, 707 адам жұмыспен қамтылды.

2013 жылы қызмет көрсетілген келушілердің саны 199490 адамды құрады, бұл 2007 жылғыдан 5,1 есе артық (2007 ж. – 39237 адам). Туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 3 есе ұлғайды және 1480,1 млн. теңгені құрады (2007 ж. – 487,9 млн. теңге).

2013 жылы туристік объектілердің саны 142 бірлікті құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 есе артық.

30-кесте
2007-2013 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму серпіні

Көрсеткіштердің атауы

Өлш. бірл

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Туристік қызметтен көрсетілген қызмет көлемі

млн. теңге

487,9

560,3

632,7

705,1

726

924,8

1480,1

Сыртқы туризмнің көлемі

мың адам

7,4

6,5

5,6

4,518

5,418

6,031

6,820

Ішкі туризмнің көлемі

мың адам

23,3

26,6

62,2

84,0

118,7

147,7

175,0


Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:



Күшті жақтары

Тиімді географиялық орналасу, облыс Ресей Федерациясының (Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен) және Қазақстанның 4 облысымен (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.

Өңірдің орасан биологиялық әртүрлілігі.

«Сосновый бор» ерекше емдеу суы бар шипажайдың, Наурызым қорығының, Торғайдағы ыстық су көздерінің болуы.



Әлсіз жақтары

Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.

Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.

Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс білмеуі.



Мүмкіндіктері

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.

Туристік инфрақұрылымның дамуы.

Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды ұлғайту.



Қауіп-қатерлер

Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.

Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.

Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моральдық және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;

2) қонақ үй қызметінің төмен деңгейі

Қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристерге орналасу орындарын ұсыну халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту

4) өңірді шетелде төмен деңгейде білуі

Әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеті жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.
Ішкі саясат

2011 жылмен салыстырғанда ҮЕҰ саны 18,5% артты және 710 құрады (25% - әлеуметтік қорғау саласында, 16,4% - СӨС насихаттау, спорттыдамыту саласында, 15,8% - балалар және жастар ҮЕҰ, 13,9% -құқық қорғау бірлестіктері, 13,2% - білім саласында, 4,9% - этнобағытталған бірлестіктер, 2,4% - гендерлік саясат саласында, 13% - қоршаған ортаны қорғау саласында, 7,1% - басқалары).

2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ 122 әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруға мүмкіндік берген 113,4 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландырудың республикалық рейтингінде 2013 жылы Қостанай облысы 14 орынға ие болды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемінің серпіні соңғы бес жылда 2,5 есе қарқынды өсуін көрсетті: 33,3 млн. теңгеден 113,4 млн. теңгеге дейін.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті қарым қатынасын қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты қызмет ететін диалогтық алаңдардың жұмысы қалыпқа келтірілді, олардың араларында «Спектр» саяси клубы, Бас редакторлар клубы, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ, Патриоттардың форумы бар қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылады.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының (АНТ) құрамы қалыптасуда. Аудандар мен қалалар халқының қалын ортасын ақпараттандыру үшін 2013 жылы мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен біріктірген 32 ақпараттық-насихаттау топ жұмыс жасады (2 республикалық, облыстық, 20 қалалық және аудандық АНТ, ЖООың 7 АНТ, 2 тақырыптық).

Облыста 35 этнобағытталған бірлестік қызмет етіп келеді, 18-і облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді.

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында 128 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 93 газет және журналдар, 35 электрондық БАҚ (15 кабельдік теледидар студиялары, 9 радиостанция, 10 телекомпания және 1 авторлық теледидар студиясы). Олардың 95%-ы мемлекеттік емес болып табылады.

Қостанай облысындағы 23 бұқаралық ақпарат құралының өзіндік интернет-ресурсы бар. Одан басқа, ақпараттық агенттіктің 1 сайты, облыс әкімдігінің интернет-порталы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 20 интернет-ресурстары, облыс әкімдігі басқармасының 18 сайты, облыстық департаменттер мен мемлекеттік мекемелердің 16 сайты қызмет етіп келеді.

2013 жылы облыс бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 395,7 млн. теңгені құрады (соның ішінде 232 млн. теңге – облыстық бюджет қаражаты, 163,7 млн. теңге – қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаражаты).

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс соңғы бес жылда 1,7 есеге ұлғайды: 225,1 млн. теңгеден 395,7 млн. теңгеге дейін. Мемлекеттік тапсырыс жүйесіне 26 облыстық, қалалалық, аудандық газет, 2 республикалық газет пен 11телерадиостудия қатысады.

Елді дамытудың негізгі басымдықтары мен облыстық, аудандық және қалалық БАҚ арқылы өткізілетін мемлекеттік саясат туралы облыс тұрғындарының ақпараттандыру деңгейі 2013 жылы 75% құрады.

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста тұрғындардың жалпы санынан 26,6% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 229540 жастар, оның ішінде қалада – 118171 адам (жастардың жалпы санынан 51%), ауылдық жерлерде -111369 (жастардың жалпы санынан 49%) адам тұрады.

2012 жылы жастар саясатын іске асыруға облыстық бюджеттен 135,560 млн. теңге қаржыландыру бөлінді, оның ішінде облыс бюджетінен 88 млн. 155 мың теңге, аймақтық – 32 млн. 41 мың теңге. 1 жас адамға келетін жастар саясатын қаржыландыру орташа облыстық көрсеткіші 118 теңге құрайды. 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 22 млн. 800 мың теңге құрайтын 12 әлеуметік-маңызды жобалары іске асырылды.

Қостанай облысында базасында 20 мың 644 адам (оның ішінде 13226 – күндізгі бөлімде, 7418 – сырттай бөлімде) оқытылатын 7 жоғары оқу орны қызмет етеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджет қаражатынан 4248 адам оқытылады.

2013 жылы оқытуды жалғастыру үшін ЖОО 20 студенті, колледждердің 18 оқытушысы біржолғы төлемдер алды. 7 магистрантқа материалдық көмек көрсетілді. Төлемдердің жалпы сомасы 8 млн. 124 мың теңге құрады.

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 103 жастар үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқарады (оның ішінде 8 республикалық жастар ұйымдары: Жас Отан, Жас Улан, Жас Қыран, Ауылдық жастар одағы, Студенттер альянсы, Жастар конгрессы, Жұмысшы жастар одағы).

Жастар саясаты саласында 4 сайттың жұмысы жалғасуда: Zhastar.kz, Patrioti.kz, kcmi.kz, басқарманың ресми сайты - zhastar.kostanay.gov.kz. Вакансиялар және ізденуші ашық базасы бар жастарды жұмыспен қамту бойынша интернет-портал құрылған. Twitter, VКонтакте, Мой мир-да аккаунттар тіркеліп, қызмет етеді.

Жастарды қолдау үшін облыста бірнеше республикалық жобалар іске асуда: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл Ел», «Дипломмен – ауылға!». «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы 1025 адам жұмыспен қамтылды, «Жасыл Ел» бағдарламасы шеңберінде 519 адам, « Дипломмен – ауылға» бағдарламасына 529 адам қатысты.

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысы территориясында 7 Жастар бастамасы орталығы жұмыс істейді (Әулиекөл, Амангелді, Қамысты, Наурзым, Ұзынкөл аудандарында, Арқалық, Қостанай қалаларында).


Күштi жақтары

Мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды iске асыруға тартылған ҮЕҰ сандық және сапалы өсуі үшiн жағдайлар жасалған.

ҮЕҰ үшін облыстық және 4 өңірлік ресурстық орталық ашылды және белсене жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде іске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар жобалардың қоғамдық сарапшыларының тобы – сараптамалық бағалау институты белсене жұмыс iстейдi.

Әлеуметтiк-маңызы бар жобалардың орындалу сапасын бағалау белгілері жасалып, енгізілді.

Қостанай облысының ҮЕҰ Қор орталығының интернет-қоры – grin_kost@ mail.ru, zhastar.kz, patrioti.kz жастар сайты тиiмдi қолданылады.

Кәсіби топтарда жұмыс істейтін облыстық, үнемi жұмыс iстейтiн 3 тақырыптық ақпараттық-насихаттаушы топтардың және «Жас саясаткер» жастар ҮЕҰ қорытындылары бойынша қызмет және керi байланыс қалыптасты.

Аймақтарда жастар бастамасы орталықтары ашылды (12).

Жастар үкiметтiк емес ұйымдарының саны 115-ға дейiн өскені байқалып отыр.

Жоғары және орта оқу орындары студенттерінің, магистранттардың және қатарынан шыққан дарынды жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.



Әлсiз жақтары

Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi.

Азаматтық қоғамдық институттарын кадрлық қамтамасыз ету.

Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.

Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарына сай тиiстi кәсіпқой-мамандар санының жоқтығы, журналисттiк кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.

Облыстың шекара маңындағы өңірлерінде шетелдік (ресейлік) бұқаралық ақпарат құралдарының үстемдiк етуi.

«Қазпошта» акционерлiк қоғамының (АҚ) реттелмеген тарифтiк саясаты, тарифтердің жыл сайын жоғарылауы бюджеті шағын аудан газеттері үшiн қиынға соғып отыр.

Мүмкiндiктер

Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесінде, заңнамалық нормативтік-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.

Мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.

Ақпараттық-насихаттау жұмысының кадрлық әлеуетін нүктелiк бағыттау және кәсібилендіру.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.

Өңірлік БАҚ-тардың контент сапасының жоғарылауы.

Мемлекеттiк органдар мен БАҚ-тардың өзара әрекеттесуiнiң күшеюi.

Облыстағы ақпараттық сектордың дамуы Қазақстан аумағында сандық телерадиохабарды енгiзу жағдайларындағы өңірлік БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілік деңгейiн жоғарылатуға бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік жастар саясатын табысты iске асыру үшiн жас буынның отан сүйгiштiк сезімін, азаматтық жауапкершілігін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларды қалыптастыруға, жас қостанайлықтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған тиімді үлгі әзірлеу қажет.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Соңғы жылдары облыста қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, есептеу және тіркеу толықтығына қол жеткізуге мақсатталған қатаң жұмыс нәтижесінде оларды шешудің айқындығы және жеделдігі қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар бұл қылмыстың статистикалық өсуінің қалыптасқан қарқынын негіздеді. Егер 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы облыста қылмыстың 16,6%-ға төмендегені тіркелсе, 2010-2013 жылдардағы кезеңде тіркелген қылмыстардың саны 2010 жылдағы 7863-тен 2013 жылдағы 25580-ге дейін өсті. Бұл ретте облыста нақты қылмыстық ахуал әлеуметтік-тиімді деңгейде сақталып отыр.

Егерде 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда тіркеудің өсуі негізінен кішігірім және орта дәрежедегі қылмыстардың есебінде орын алып, соның ішінде ұрлықтар (+49,7%), тонаулар (+34,2%), бұзақылықтар (+89,1%) құраса, 2013 жылы ол зорлаудың (+48,2%), бұзақылықтардың (+95,9%) және алаяқтықтардың (+25,6%) өсуімен байланысты болды.

2007-2013 жылдар аралығында қылмыстың өсу тенденциясы сақталуда, қоғамдық жерлерде (2012 год - 68%) және көшелерде (2012 год – 58,4%). 2013 жылы қоғамдық жерлерде (32%) және көшелерде (18,9%) жасалған қылмыстың үлес салмағының жоғары болуы орын алды.

Оны бір қалыпта ұстау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қолданылып жатыр. Көшелерде, қоғамдық жерлерде, шағын тұрғын үй аудандарында және азаматтар көп баратын орындарда бейне бақылау жүйелері орнатылуда. 1 қарашадан бастап облыс көшелерінде «Әмбебап полицей» принципі бойынша жол-патрульдік қызметкерлер атқарды. Олар қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың «іздерін суытпай» ашу болып табылатын әмбебап полицейлері өз қызметтеріндегі негізгі міндеттерді атқаруға кірісті.

Ақылы негізде азаматтармен заңсыз сақталудағы қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды еркін түрде тапсыру тәжірибеге енгізілді. Қылмыстарды ашуға және құқық бұзушыларды ұстауға облыстың қоғамдық құрылымдарының 571 мүшелері жұмылдырылуда.

Сонымен қатар, көшелер мен басқа қоғамдық жерлерде қылмыстық жағдайдың шиеленісуі бірнеше шешілмеген проблемаларға байланысты. Патрульдік-бекеттік қызметті нығайту, полицей қатарларының жедел әрекет етуін жоғарылату, автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция бекеттерінің санын ұлғайту, оларды бірыңғай мәліметтер банкісіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлермен жарақтандыру талап етіледі.

Полиция қызметкерлерінің, оның ішінде «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің, Арнайы шұғыл әрекет жасау отрядының қызметтік және әскери дайындығын, жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша кешенді шараларды қабылдау қажеттілігінің уақыты жетті, бұл қәзіргі уақытта қажетті материалдық техникалық қамтамасыз етудің болмауына байланысты тоқтатылып отыр.

Жедел басқару орталығының міндеттерін пайдалануды әрі қарай кеңейту, сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарында бейне бақылау жүйелерін жасау қажет, бұл көшелер мен басқа да қоғамдық жерлердегі жағдайды техникалық бақылау құралдарына көшуге мүмкіндік береді.

Рецидивтік қылмыстың алдын алу бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар көбінесе оң нәтижелер бермейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ.

Ішкі істер органдары, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторлары және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторлар мемлекеттік және қоғамдық институттардың өте әлсіз алдын алу әлеуеті жағдайында қызмет етеді.

2007-2013 жылдар аралығында қабылданатын шаралардың арқасында соңғы жеті жыл ішінде жас өспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеу қарқыны сақталып отыр. Жасөспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы 2007 жылғы 13,1%-дан 2013 жылы 4,2%-ға төмендеді (2012 жылы – 5,7%, 2011 жылы – 6,8%). Көбінесе кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюының оң серпіні әр қала және ірі ауыл мектептеріне бекітілген «мектеп» полиция инспекторлары жұмысының нәтижелерімен байланысты.

2007-2011 жылдары жол апаты негізгі көрсеткіштерінің төмендеу қарқыны байқалып отыр. Сонымен қатар 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2012 жылы олардың өскені тіркеліп отыр. Тіркелген жол көлігі апатының саны (автокөліктің 10 мың бірлігіне шаққанда) 35,8 жағдайға дейін, сонымен қатар оларда опат болған және жарақат алған азаматтардың саны (тұрғындардың 10 мыңына шаққанда) – 10,1 ұлғайды.

2013 жылы 759 жол-көлік апаты тіркелді (автокөліктің 10 мың бірлігіне шаққанда), қайтыс болғандардың саны 112 (2012 жылы - 96). Республикалық мәні бар жол үстінде қайтыс болғандардың саны 19%-ға (42-ден 50-ге дейін) және жергілікті мәні бар жол үстінде қайтыс болғандардың саны 30%-ға (20-дан 26-ға дейін) өсті.

Қалыптасып отырған жағдайдың негізгі себебі – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру мәдениетінің өте төмен болуы. Жүргізушілердің кесірінен жол-көлік оқиғаларының 88%-ы жасалып, онда 87,5%-ы қазаға әкеліп соқты, жаяу жүргіншілердің кесірінен 81 жол-көлік оқиғалары жасалып, онда 12 адам қайтыс болды және 72 дене жарақаттарын алды.

Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыс санының 33,7%-ға, о.і. кісі өлтірулер (- 21,4%), сондай-ақ (-2,6%) қарақшылықтың қысқарғаны байқалып отыр.

2013 жылы аса-ауыр қылмыс саны 145 құрады, 2011 жылы – 270, 46,3%-ға төмендеді, оның ішінде 2013 жылы кісі өлтірулер – 80, 2011 жылы – 98, 18%-ға төмендеу, қарақшылық 2013 жылы – 61 бірлік құрады, 2011 жылы – 76, 20%-ға төмен.

Өңірде дін ахуалы тұрғындар арасында дінге дәстүрлі көзқарастың басымдылығымен, ұлысаралық және дінаралық қарсылықтар үшін принципиалды себептердің болмауымен сипатталады. Сонымен қатар, дін қатынастары саласында бұзушылықтар бар. 2013 жылы тіркелмеген дін ұйымдары қызметін жүзеге асырудың 5 фактісі анықталды (2012 жылы – 2 факты).

2009-2012 жылдары қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі (10-10,9%) азайып жатыр. Анықталған есірткі сату фактілерінің саны да тиісінше 714-тен 361-ге дейін азайып жатыр.

2013 жылы қылмыс құрамында есірткі қылмыстар үлесі 1,2% құрап (есірткі қылмыстар – 318), есірткі заттар өткізу фактілерін анықтау – 179.

2013 жылы барлық күш салу есірткі заттарының ірі көлемін тасымалдау арналарының жолын кесуге бағытталды. Қабылданған шаралармен 3 келі 342 грамм (2012 жылы – 2 келі 763 грамм) героин, 364 келі 022 грамм (2012 жылы – 233 келі 794 грамм) марихуана тәркіленді. Оңтүстік аймақтан ірі есірткі көлемін тасымалдау арнасының жолы кесілді (1,966 героин және 3 келі гашиш). Қазақстан республикасы ҰҚК ШҚ бірігіп, есірткі заттары контрабандасының 20 фактісі анықталды (2012 жылы – 7 грамм). Өткізілген жұмыс нәтижесінде облыс аумағы бойынша есірткіні тасымалдау көлемі 2012 жылы 1130,237 келіден 2013 жылы 776,174 келіге дейін азайды.

Қостанай облысындағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады. Бұған Ресей Федерациясының ұзындығы 1200 км үш іргелес облысымен (Челябі, Қорған, Орынбор) шекараның айқындылығы қолайлы болып отыр.

Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейде қала бермек. Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.

Қазақстанмен іргелес мемлекеттердегі әлеуметтік саяси тұрақсыз жағдай миграциялық ағынының және негізінен есірткінің, қарудың заңсыз айналымымен, тонаулармен және басқаларымен байланысты, онымен жалғасып жатқан қылмыстардың өсуіне жол береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет