БАҒдарламасы қостанай, 2014 жыл мазмұны 1


Инновациялар мен инвестициялар



бет9/21
Дата06.03.2016
өлшемі4.16 Mb.
#45470
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Инновациялар мен инвестициялар

2013 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 164 шаруашылық субъектісінде технологиялық инновация болды (2012 ж. – 95 кәсіпорын).

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2007 жылы - 2,5, 2011 жылы – 4,8, 2012 жылы – 14,1, 2013 жылы – 11,8 құрады.

22-кесте


Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері




2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Зерттеулер мен әзірлемелер

234

214,2

361

214,7

250,6

329,9

445,3

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, %

2,5

2,0

1,5

2,6

4,8

14,1

11,8

Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге

1344,8

4084,0

1848,3

1966,9

12453,0

29769,7

35728,9

2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған ішкі шығындары 8,7-ға ұлғайып, 445,3 млн. теңге құрады. Ішкі шығындардың жалпы көлемінде іргелі зерттеулер – 11,8 және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына – 4,4 құрады. Облыста ірі кәсіпорындардың арасынан ең жоғары инновациялық белсенділікті танытқандар 41,9 құрады. танытқан ең (есеп берген 105 ірі кәсіпорындардың 44-і инновациялық қызмет атқаруда).

2007 жылмен салыстырғанда 2013 жылы инновациялық өнімдер көлемі 35728,9 млн. теңге құрап, дейін 20,0 есе өсті, және оның ішінде 29050,3 млн. теңге сомма көлемінде өнім өткізілді. Экспортқа қойылған инновациялық өнімнің көлемі 1597,5 млн. теңге құрады.

2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда өнімдік және процесті инновацияларға шығындар 2,4 есе ұлғайып, 16011,1 млн. теңге құрады (2012 жылы – 6722,9 млн. теңге). Бұл ретте, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 14271,6 млн. теңге және инновациялық қызметті атқарудағы жалпы шығындар көлемінен 89,1 құрады.

Ішкі шығындарды қаржыландыру көздердің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына тартылған қаражат есебінен – 91,9, меншіктік қаражат есебінен – 8,1.

2013 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымен 518 маман, олардың ішінде 382 адам зерттеуші-мамандар айналысты. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындайтын ғылым докторларының саны – 22 адам, ғылым кандидаттарының саны – 146 адам және магистрлер саны – 58 адам.

Инновациялардың өңірлік офисін, сондай-ақ Инвесторлардың қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі – Орталық) құру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс кәсіпорындарының, өнертапқыштар мен ЖОО ғылыми қызметкерлерінің инновациялық қызметін белсендіру мақсатында «Тобыл» ӘКК» АҚ құрылымында 2012 жылдың сәуірінде ақпараттық насихаттау шараларының кешенін жүзеге асыратын, кеңес қызметтерін, облыс аумағына жобаларды іске асыруға инвесторлар іздеу және тарту қызметтерін көрсететін Инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығы құрылды.

Тау-кен өнеркәсібі облыс экономикасының жалпы жағдайын анықтап, және облыс өнеркәсібінің құрылымында 50-дан астам үлесін құрайды.

Соңғы жылдары облыста өнеркәсіптің өңдеу салаларының дамуы байқалады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі көлемлердің ұлғаюы, тамақ өнеркәсібі саласына, машина жасау, металлургия, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі саласына әсерін тигізеді.

Сонымен бірге, облыстың жалпы өндіріс көлемінде бір пайыздан аз үлес құрайтын өңдеу өнеркәсібінде бірнеше сала түрі бар, оларға: химиялық өнеркәсіп өнімдері, қағаз және қағаз өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және т.б. өндірісі.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1. Өндірістің тиімділігін арттыруын тежейтін, жабдықтардың тозу деңгейінің жоғарылығы.

2. Бар өндірістік алымдылықты толық пайдаланбау.

Облыс кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі, негізінен, өнімдік және процестік инновациялармен құрылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өткізілген инновациялық өнімдер арасында жаңадан енгізілген немесе едәуір технологиялық өзгерістерден өткен өнім түрлері айтарлықтай үлес құрайды.

Технологиялық инновацияларға арналған күрделі және ағымдағы шығындар басқа да технологиялық шығындарға, машина және жабдықтар сатып алуға, жаңа өнімдерді зерттеу және әзірлеуге, жаңа технологияларды сатып алуға жолданды.

Кейінгі жылдары, өңдеу саланың даму проблемаларын ескере отырып, инновациялық белсенділікті жаңадан енгізілген өнім, машина және жабдықтар сатып алу және «ноу-хау» енгізу есебінен де жоғарылату жоспарланып отыр.



Даму беталысы

Аймақтың инновациялық және инвестициялық тартымдылықтың дамуына себепші болатындар:



  • Индустриалдық аймақты құру;

  • аймақтық, республикалық және халықаралық іс-шараларда қатысу;

  • инвестициялық және инновациялық жобалар дерекқордың құрылып, үнемі

жаңарып отыруы;

  • сұхбаттық алаңын ұйымдастыру.

Қостанай облысы бойынша 2007-2012 жылдардағы негізгі капиталға инвестицияларды талдау көрсеткіште жыл сайынғы өсу қарқыны бар екенін көрсетіп отыр.

Осылайша, 2013 жылы инвестициялар 2007 жылмен салыстырғанда 1,9 есе ұлғайып, 179630 млн. теңгені, 2012 жылға қарағанда өсу қарқыны – 9,7, нақты көлем индексі – 105,1 құрады (республика аймақтардың арасында 10орын). Республика бойынша бұл көрсеткіш – 106,5.

Облыс инвестицияларының үлесі республика көлемінде 2007 жылғы 2,6-дан 2013 жылы 3-ға өсті (РК негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 6052,9 млрд. теңге).

2013 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 15876 млн. теңгеге өсті (163754 млн. теңге).

Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар мынадай салалар бойынша ұлғайды:

тау-кен өнеркәсібінде 6492 млн. теңге (2012 ж. – 56420 млн. теңге, 2013 ж. – 62912 млн. тңнге);

өңдеу өнеркәсібінде 22012 млн. теңге (2012 ж. – 13457 млн. теңге, 2013 ж. –35469 млн. теңге);

сумен жабдықтауда 190 млн. теңге (2012 ж. – 6446 млн. теңге, 2013 ж. – 6636 млн. теңге).

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2013 жылы 69,4% құрады. Тартылған қаржат есебінен – 15,6. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 14,8% құрады.

2013 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 113 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 62,9%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 62,9 млрд. теңге (35%), өңдеу өнеркәсібіне – 35,5 млрд. теңге (19,7%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 6,6 млрд. теңге (3,7%), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 8 млрд. теңге (4,5%). Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 18,9 млрд. теңгені (10,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 17,3 млрд. теңгені (9,6%), көлік және жинақтауға – 18,3 млрд. теңгені (10,2%), көтерме және бөлшек сауда, автокөліктерді және мотоциклдерді жөңдеуге және т.б. – 1,6 млрд. теңгені (1,4%) құрады.

23-кесте

Негізгі капиталға инвестициялар




2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Инвестициялар барлығы, млн. теңге






















Қазақстан Республикасы

3392122

4210878

4585298

4653528

5010231

5473161

6052907

Қостанай облысы

96418

108694

122204

120850

150730

163754

179630

Үлес %-бен

2,6

2,6

2,6

2,6

3,0

3,0

3,0

2014 жылдың қаңтар-сәуірінде Қостанай облысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі – 113,7% (республика өңірлерінің арасында 6 орын) құрады. Республика бойынша аталған көрсеткіш – 102,1%.

2014 жылдың 4 айында негізгі капиталға инвестициялардың сомасы 42,3 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 6,2 млрд. теңгеге өсті (жалпы республикалық көлемде 3%).

Инвестицияларының жалпы көлемі 398,7 млрд. теңге, олардан индустрия саласында 30 жобаны және агроөнеркәсіп кешенінде 57 объектіні қамтитын Индустриаландыру картасының шеңберінде жобаларды іске асыратын кәсіпорындар инвестицияларды игеруге белгілі бір үлестерін қосады.

Қазақстанның Индустриаландыру картасын іске асырған кезеңде облыста 101,2 млрд. теңге сомасына 69 объекті пайдалануға беріліп, 4,3 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы 1145 жұмыс орнын құрып, 27 млрд. теңге сомасына 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы құны 6 млрд. теңге 3 объекті пайдалануға берілді, 230 жұмыс орны құрылады.

Екінші жартыжылдығында жалпы 21 млрд. теңге сомасына 10 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі, 915 жұмыс орны құрылады.


Индустриялық-инновациялық даму

2015 жылға дейін экономиканың әртүрлі салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру елдің үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болады.

Қостанай облысының индутриаландыру картасы инвестицияларының жалпы көлемі 398,7 млрд. теңгемен және 6 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 87 объектіні, олардан индустрия саласында 30 жобаны және агроөнеркәсіп саласында 54 объектіні қамтиды.

2010-2013 жылдары 4298 жаңа жұмыс орнын құрып, 101,2 млрд. теңге сомасына 69 объекті пайдалануға берілді. Оның ішінде индустрия саласында жалпы құны 66,2 млрд. теңгені құраған, 2340 жұмыс орны құрылған 18 объекті; АӨК саласында жалпы құны 35 млрд. теңгені құраған, 1958 жұмыс орны құрылған 51 объекті пайдалануға берілді.

Индустрияландыру картасын іске асыру барысында жаңа жабдықтарды қолданып, өңірде авто жинайтын 3 өндіріс, комбайн жинау зауыты, полиэитлендік құбырлар өндіретін 2 зауыт, етті қайта өңдейтін 3 кешен, итальяндық технология бойынша макарон цехы, компьютермен басқарылатын 6 сүт-тауарлық ферма, 5 көбейткіш шаруашылық және 9 мал бордақылау алаңы, жаңа заманғы жабдықпен жарақтандырылған 8 диірмен, 5 құс фабрикалары, 3 көкөніс сақтау қоймалары, сүт зауыты, 2 темірпрокатты зауыт, кендайындағыш кешені, полиэтилен орамаларын өндіретін 2 цех және т.б. сияқты жаңа өндірістер ашылды.

Соның ішінде:

2010 жылы жалпы құны 16,8 млрд. теңге тұратын 10 объекті пайдалануға берілді (1075 жұмыс орны құрылды), оның ішінде Рудный қаласында қуаттылығы жылына 75 мың тонна дайын өнім өндіретін метал прокат зауыты («ССКӨБ» АҚ), Қостанай ауданының Затобол кентінде жылына 5,4 мың тонна ет өндіретін етті қайта өңдеу кешені («Қарасу-Ет» ЖШС), Қостанай ауданының Садчиков кентінде 400 бас ІҚМ басына сүт-тауарлық фермасы («Садчиковское» ЖШС), Қостанай қаласында қысқаша кесілген макарон өнімдерін өндіретін цех («Костанайский мелькомбинат» АҚ) және басқалары.

2011 жылы жалпы құны 24,6 млрд. теңге тұратын 28 объекті (1081 жұмыс орны құрылды), оның ішінде мынадай ірі жобалар іске асырылды: Қостанай қаласында «SsangYong» үлгісіндегі автомобильдерді жинау өндірісін ұйымдастыру («АгромашХолдинг» АҚ); Арқалық қаласының Айдар кентінде өндірістік қуаттылығы 300 млн. жұмыртқаға дейін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын жаңғырту және дамыту («АгроИнтерПтица» ЖШС); кен дайындау кешенін жылына 60 млн. тонна кенге дейін ұлғайту, № 17 технологиялық секциясының құрылысы («ССКӨБ» АҚ); Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 4 250 тонна орамадағы штампталған қатты карамелді өндіруді ұйымдастыру («Баян Сұлу» АҚ); Сарыкөл ауданының Сорочинское селосында 500 бас сауын сиырға арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысы («Сорочинское 2030» ЖШС) және басқалары.

2012 жылы жалпы құны 20,8 млрд. теңге тұратын 20 инвестициялық жоба іске асырылды (1298 жұмыс орны құрылды), оның ішінде: Қостанай қаласында автомобильдерді сериялық өндіруді ұйымдастыру («Сарыарқа Автопром» ЖШС); Қостанай қаласында қуаттылығы жылына 80 дана асфальт араластыратын қондырғы шығаратын зауыттың құрылысы («Лудэ-Каз» ӘК ЖШС); Қостанай қаласында ESSIL КЗС-740 өзі жүретін бидай жинайтын комбайндар және басқа ауыл шаруашылығы техникасын өндіру («АгромашХолдинг» АҚ) және басқалары.

2013 жылы 844 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 39017,4 млн. теңге тұратын 11 инвестициялық жобаны іске асырылды, оның ішінде Ел басы қатысуымен өткен Жалпыұлттық Телекөпір барысында іске қосылған 2 жоба: ұсақ сортты прокат станының зауыты («ЕвразКаспианСталь» ЖШС); «SsangYong» үлгісіндегі NOMAD моделді автомобильдерді CКD әдісімен дәнекерлеу, бояу, жинау өндірісі («СарыаркаАвтоПром» ЖШС).

2014 жылы 1145 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 27 млрд. теңге тұратын 13 инвестициялық жобаны іске асырылады, оның ішінде ірі жобалар:

- Жылына 500 мың тонна шығаратын Рудный қаласындағы цемент зауытының құрылысы (өтініш беруші - «Рудный цемент зауыты» ЖШС);

- Жылына 70 мың ш.м.шығаратын Қостанай қаласындағы үй салатын комбинатының құрылысы (өтініш беруші - «Костанай-МБИ»ЖШС);

- Қостанай ауданының Затобольск поселкесіндегі нан және кондитер өнімдерін өндіретін фабрикасының құрылысы (өтініш беруші - «Дружинин Е.П.» ЖК).

Күшті жақтары

Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.

Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.

Облыста өнеркәсіп кәсіпорындары санының ұлғаюы.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1. Өнеркәсіптің шикізаттық (темір кені, бокситтер, асбест және т.б.) бағыты.

2.Өңдеу өнеркәсібінің жеке салалары өнімдерінің бәсекеге жеткіліксіз қабілеттілігі.

3. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жағынан жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.

4. Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі.

Даму беталысы

1. Өнеркәсіптің шикізаттық емес секторының дамуы (бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнеркәсіптерді құру және дамыту).

2. Отандық тауарлардың өндірушілеріне сыртқы экономикалық қолдау көрсету (кедендік жеңілдіктер).

3. Өтім нарықтарын көбейту, өндірісті кеңейту, машина жасау мен тамақ өнеркәсібін дамыту.



Жергілікті қамтуды дамыту

Облыс аумағында импорттық іспеттес өнімдерімен бәсекелесе алатын өнімдердің ірі тізімі шығарылады.

Мемлекеттік органдар ғана емес, олармен қатар ұлттық компаниялар, ірі компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін тауар сатып алу кезінде бұл тауарлардың спектрі жергілікті қамтудағы негіз болып табылды.

Өңірде көмір, темір кені, асбест, бокситтер өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі және кәсіпорындардың оларды қайта өңдейтін өнімдер тізімі (астық, ұн, жарма, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы) кеңеюде.

«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш», «Болашақ - А» және басқа машина салу кәсіпорындары ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер, егін орғыштар жасайды, тракторлар, комбайндар жинауды жүргізеді, маневрлық тепловоздар жөндейді.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары («Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы, «Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы») арнайы киімдердің, трикотаж бұйымдары мен аяқ-киімдердің үлкен тізімін шығарады.

«Баян-Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К» және басқа тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында азық-түлік өнімдерінің түр-түрі өндіріледі.

Барлық аталған салалардың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының әр түрлі құрылымдарымен жұмыс істеуде тәжірибелері бар.

Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Дормаш» ЖШС (қосалқы бөлшектерді дайындау, ауыл шаруашылығы және жол техникасының тораптары мен агрегаттарын жөндеу), «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС (IVECO, IVECO-682, SsangYong,Toyota Fortuner автомобильдерін жинау), «АгромашХолдинг» АҚ (SsangYong, Chance, Peugeot автомобильдерін жинау, ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді өндіру), «Большевичка» ӨК (тігін өнімдерін, арнайы киім, халық тутынатын тауарлар өндіру), «Қостанай-МБИ» ЖШС (жиналмалы темірбетон және бетон конструкцияларын және өнімдерін өндіру), «Костанайский мелькомбинат» АҚ (ұн және макарон өнімдерін өндіру), «Қарасу-Ет» ЖШС (мұздатылған ет және вакуум қаптамасында жартылай фабрикаттарды, шұжық өнімдерін өндіру).

2013 жылдың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда жергілікті қамту көлемі облыс бойынша – 30,8%, жұмыстар бойынша – 82,1%, қызметтер – 91% құрайды.

2013 жылдың қорытындылары бойынша тау-кен кешені жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесі 37,6%, оның ішінде тауарлар бойынша – 17,2%, жұмыстар бойынша – 85,0% және қызметтер – 97,0% (2012 жылдың қорытындылары бойынша 33,2%, оның ішінде тауарлар бойынша – 14,2%, жұмыстар бойынша – 94,3% және қызметтер бойынша – 95,0% құрайды).

2013 жылдың қорытындылары бойынша облыс жүйе құраушы кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесі 46,4%, оның ішінде тауарлар бойынша – 12,6%, жұмыстар бойынша - 100%, қызметтер бойынша – 87,9% (2012 жылдың қорытындылары бойынша тиісінше 3,9%, оның ішінде тауарлар бойынша – 0,2%, жұмыстар мен қызметтер бойынша – 83,1%) құрайды.

Қостанай облысында өндірілетін бәсекеге қабілетті тауарларды ішкі нарыққа жылжыту мақсатында кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Өңірдің кәсіпорындары өңірлік және респуликалық формудар мен көрмелерге қатысады.

2012-2013 жылдары даму институттары («Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «Қазақстанды дамыту банкі» АҚ, «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ) өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Жергілікті қамтудың дамуына кедергі жасайтын негізгі себеп өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында шығарылған немесе өндірілген азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, электр энергиясының, судың және басқа да тауарлық өнімдердің басқа түрлерін жеткізетін жеке жеткізушілер қазіргі уақытта СТ-KZ пішіміндегі сертификаттарды алған жоқ.

Жеткізушілердің СТ-KZ пішіміндегі сертификаттары болған жағдайда да басқа жағдайларда сертификаттардағы жергілікті қамту үлесі кемінде 15-20% құрайды. Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту аз ғана үлесті құрайды.

Сондай-ақ, жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамтудың мардымсыз пайызы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде және жергілікті қамтуды есептеу кезінде импорттық өндіріс тауарлары (қазақстанда өндірілмейтін құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар, ұйымдастыру техникасы және т.б.) пайдаланылатынымен негізделеді, тапсырыс берушілер жергілікті қамту үлесін жеткізушіде СТ-KZ пішіміндегі сертификаты болған жағдайда ғана көресете алады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі үшін СТ-KZ сертификатын алу уақытша да, қаржылық та шығындармен байланысып жатыр. Осыған байланысты, сертификат 1 жыл әрекет етеді, кәсіпкер жыл сайын оны алу шығындарын тартады. Негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген себептер бойынша (жеткізушілер өз азық түлік тауарларын қайта өңдеуге) сертификат алуға қызығушылықтары жоқ.

Бұл ретте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесін жоғарылату мақсатында облыстың мемлекеттік ұйымдарының барлық қызметкерлері нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде тек қана қазақстандық жеткізушілер мен тауар өндірушілердің арасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қарастыратын актілердің талаптарын қатаң сақтауы керек.



2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау
Демографиялық әлеует

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықтың саны 880,8 мың адамды құрады. Облыс халқының саны 2007 жылмен 2013 жыл аралығында 2,2-ға, оның ішінде қала тұрғындарының саны – 6-ға төмендеді, ауыл тұрғындарының саны 2,2-ға ұлғайды. Соңғы 3 жыл ішінде облыс тұрғындары 0,15-ға немесе 1,3 мың адамға ұлғайды, оның ішінде қала тұрғындары – 1,9-ға (8,2 мың адамға), ауыл тұрғындары 1,6-ға азайды (6,9 мың адамға).

2007-2013 жылдары облыста оң серпін байқалып отыр, туылғандардың саны 1704 адамға өсіп, қайтыс болған адамдардың саны 2346 адамға азайды, оң өзгерістер ауылдағыдай қалалық жерлерде де байқалып отыр. Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Әулиекөл және Жітіқара аудандарында оң өзгерістер өз көрінісін тапты.

2011-2013 жылдары халықтың табиғи өсімі 2011 жылдағы 2126 адамнан 2013 жылдағы 3482 адамға артты.

2007 жылмен салыстырғанда 2013 жылы неке қию саны 2,5-ға төмендесе, ажырасу саны 27,7-ға өсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет