БАҒдарламасы қостанай, 2014 жыл мазмұны 1


Қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің көлемдері



бет8/21
Дата06.03.2016
өлшемі4.16 Mb.
#45470
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің көлемдері

тонна


Атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2008 ж. қарағанда

2013 ж.

Ет және азықтық ішек-қарын өнімдері, тонна

3008

3549

5545

6879

7980

9057

3 есе

Шұжық өнімдері, тонна

2439

2515

2775

3135

3680

3822

150

Сұйық өңделген сүт пен кілегей, тонна

31062

35623

46063

48412

55925

64826

2 есе

Сары май, тонна

2113

2115

2285

2630

427

634

30

Сүт және қоюлатылған кілегей, тонна

732

911

1218

774

763

659

90

Сүзбе және ірімшік, тонна

1906

2037

2141

1949

2016

1891

99

Ұн, тонна

859469

878982

927809

911732

1028666

962326

112

Макарон, тонна

10707

11255

14156

20961

22286

24514

2,2 есе

Жаңа піскен нан, тонна

31920

32196

35761

38140

42323

43026

135

2013 жылдың қорытындысы бойынша облыс өнімнің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтыған болып табылады: астық бойынша – 30,6 есе, нан өнімдері бойынша – 9,4 есе, еттің сойыс салмағы бойынша – 2,5 есе, сүт – 2,3 есе, жұмыртқа – 3,8 есе.

Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражаттарын толтыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қайта өңдеуші 50 кәсіпорында халықаралық ИҚО және ХАССП менеджмент сапасы жүйесі енгізілді. 2014 жылдың аяғына дейін тағы да 2 кәсіпорында сапа стандарттарын енгізу жоспарланып отыр. 2015 жылға дейін сапа стандартын енгінзген кәіспорындардың саны 58 бірлікке жетеді. Өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей Федерациясының, Батыс Қазақстанның, Украина мен Белоруссияның шекаралас аудандары болып табылады.

Күшті жақтары:

-облыс бидай және бидай ұнын өндіру бойынша жетекші орында келеді;


-АӨК даму бағдарламасын мемлекеттің қолдауының анағұрлымлылығы;

-жер және су ресурстарымен қамсыздығы;


-агротехнологиялардың жиналған үлкен тәжірибесі.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1. АӨК төмен еңбек өнімділігі;

2. АӨК субъектілері тиімділігінің төмен деңгейі;

3. сала өнімдері бағаларының ішкі және сыртқы конъюктурасының нашарлауымен негізделген;

4. табиғаттық-климаттық жағдайлардың қолайсыз өзгерулері (су ресурсы тапшылығының өсуі, ауа райы жағдайының құбылмалылығы және т.б.);

5. табысқа қысқа мерзімді бағытталу және ресурстарды пайдаланудағы ғылыми-ұсынысты нормативтерін орындамау салдарынан жер, су, биологиялық ресурстардың жүдеуі.



Даму беталысы

1. импортты алмастырудың дамуы және экспорттық потенциалдың іске асуы;


2. саланы мемелекеттік қолдаудың тиімді қалыптасуы;
3. ІҚМ етін экспортының, жайылымдық мал шаруашылығының дамуы;

4. майлы және т.б. дақылдардың өндірісінің дамуы.



Тауарлық балық өнімдерін өндіру

Балық қорларын ұлғайту және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау тауарлық балық өсіруді дамытусыз мүмкін емес. Соңғы 3-5 жылда орта жылдық балық аулау көлемі (14 тонна тауарлық балық өндіруді қосқанда) 966 тоннаны құрады. Соңғы уақытта балық аулау көлемінің төмендеу үрдісі байқалып отыр. Табиғи су қоймаларында балық өсіру арқылы балық ресурстарын қалпына келтіру балық ресурстарының жағдайын қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік берсе де, балық өнімдерінің көлемін ұлғайту мәселелерін шеше алмай отыр. Балық саласының басым бағыттары тауарлық балық өсіру болып табылады. Бірақ бұған: тауарлық өндірісті дамытуға нақты жауапты уәкілетті органның болмауы; тауарлы балық өндірумен айналысқан кезде су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жүргізудің әділетсіздігі және мақсатқа лайықты болмауы, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарының тапшылығы сияқты мәселелер кедергі жасап отыр.



Агроқалашық

Облыста базалық салалардың бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Халықтың жартысы ауылдық жерде тұрады, сондықтан Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі үшін және өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту үшін күшті ауыл шаруашылығы құрылымдарының негізінде агроқалашықтар құру қажет.

Агроқалашық жаңа сапалы селолық кенттер ретінде айқындалады. Агроқалашық – мыңнан аспайтын халық саны бар, онда тұрып жатқан адамдар мен маңайындағы аумақтардың тұрғындарды әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын жабдықталған елді мекен:

- орталықтандырылған және жергілікті (суық және ыстық), оның ішінде өрт сөндіру үшін сумен жабдықтау;

- орталықтандырылған газбен жабдықтау (немесе ұжымдық пайдаланудағы сұйытылған газбен жабдықтау жүйесін дамыту);

- қатты жол жабындыларымен жабылған көшелер;

- қызмет көрсететін аймақтағы елді мекендерді байланыстыратын жол жүйесі;

облыстық және аудандық орталықтармен жолаушылардың көлік қатынасы;

- стационарлық және мобилдік байланыс жүйелері негізінде телефон байланысының обьектілері;

- тұтынушылар кооперацияларының сауда-сатылым обьектілері;

- тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін аудандық кәсіпорындардың филиалдары;

- халықтың жеке көмекші шаруашылығына қызмет көрсететін құрылымдары; мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер;

- спорт обьектілері мен құрылыстар, экологиялық туризмді ұйымдастыру, аңшылық шаруашылықтар;

- жалпы тәжірибелі дәрігердің амбулаториясы;

- өрт сөндіруші апаттан қорғайтын депо мен бекеттер;

- жол маңындағы сервистік қызмет көрсету обьектілері (қоғамдық тамақтану, ТҚС, АҚС, қонақ үйлер);

- мәдениет мекемелері (мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар және т.б.);

- нотариалдықтарын қоса алғанда халыққа заңдық қызмет көрсету.

Әрі қарай дамытуға бағытталған ауылдық елді мекендер үшін жоспарлау, салу және жайластыру жоспарларының жобаларын жетілдіру қажет, оларда ауыл тұрғындарының еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзара байланыста болатын іс-шаралар кешені айқындалған.

Берілген құрылымдар мыналарға:

ауылдық жерлерде тұру мәртебелігі және ауылдағы демографиялық жағдайды жақсарту үшін негізін қалап, ауыл тұрғындарының табыстарын арттыруға;

ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына жағдай жасауға;

ішкі және сыртқы нарықтар үшін жеткілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті тиімді өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

2007 жылдан 2013 жылға дейін ШОК-та белсенді жұмыс істейтіндердің саны 1,6 есе, 51054 адамға ұлғайды және 140931 адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің өнім (тауар мен қызмет көрсету) шығаруы 3,4 есе өсті және 384915 млрд. теңгені құрады.

2013 жыл қорытындысы бойынша облыста 43731 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік қызмет етеді, бұл 2012 жылғы деңгейден 5,5 жоғары, олардан 3020 - шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 445-орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 35319 жеке кәсіпкерлер және 4947 шаруа қожалықтары қызмет етеді.

ШОК-та жұмыс істейтіндердің саны 141,0 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғыдан 6,6 артық, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 26,9 мың адам, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 43,5 мың адам, жеке кәсіпкерлікте – 60,7 адам, шаруа қожалықтарында – 9,9 адам жұмыспен қамтылған.

2013 жылы екінші деңгейдегі банктер филиалдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 46141,3 млн. теңге сомасына кредит берді, бұл 2012 жылғыдан 9,9 артық.

Берілген кредиттік ресурстар бойынша орташа пайыздық кредиттік мөлшерлеме 13,0 құрады.

Ауылдық кредиттік серіктестіктер 2013 жылы 1699,9 млн. теңге сомасына 339 кредит берді.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысына жеке кәсіпкерлікті дамытуға 2012 жылы 1472,6 млн. теңге сомасына нысаналы ағымдағы трансферт, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 611,1 млн. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінді.

2013 жылы Бағдарлама шеңберінде жалпы 26947,1 млн. теңге сомасына 90 жоба мақұлданды.

21-кесте

Облыста шағын кәсіпкерлік даму көрсеткіштерінің

серпіні

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны, бірлік

41653

43345

45599

33850

42720

39045

43731




Шағын кәсіпкерлікте жұмысқа тартылған адамдар саны, оның ішінде

89877

98427

99237

142292

137292

138770

140931

Шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілерінің өнімдер шығаруы, млн. теңге

114031

142849

157697

314447

370197

349367

384915

ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру үшін облыста «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) белсенді іске асырылуда.

2013 Бағдарламаны іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1472,6 млн. теңге көлемінде нысаналы ағымдағы трансферт, сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымның дамуына 611,1 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлінді.

2013 жылы оның шеңберінде жалпы 26947,1млн. теңге сомасына 90 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер сомасы жыл сайын ұлғаюда.

Егер 2010 жылы осы мақсаттарға 73,1 млн. теңге, 2011 жылы – 176,6 млн. теңге бөлінсе, 2012 жылы – 556,8 млн. теңге, 2013 жылы - 1,0 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ақпарат беру, тегін кеңестік көмек көрсету үшін облыста 2012 жылдан бастап кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы қызмет етеді, Рудный, Лисаков, Арқалық және Жітіқара қалаларында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды, онда облыс кәсіпкерлері облыс орталығына бармай-ақ сол жерде консалтингтік қызметтер ала алады.

2013 жылдың қыркүйек айында CityKostanai бизнес-орталықтың бірінші қабатында орналасқан Қостанай қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы (ҚКО) ашылды. КҚКО-да банк, бағалау, сақтандыру, кеңестік компаниялардың қызметкерлері, бизнес-жоспар құрастырушы маманы, қордың бағдарламаларында және басқа қолдаушы мемлекеттік бағдарламаларда бағыттап, көмек көрсететін «Даму» қорының менеджерлері жұмыс істейді.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1. әлемдік қаржы дағдарысы әсерінен шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының қысқаруы;

2. ШОБ қаржылық проблемалары: кепілзаттың жоқтығынан несиелік ресурстарға қол жеткізудің шектеулілігі, сыйақы пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығы, несиелік мекемелерде құжаттарды қарастырудың мерзімдерінің ұзақтылығы;

3. салалық теппе-теңсіздік және шағын бизнес диверсификациясының төмен деңгейі.



Даму беталысы

1.Франчайзинг және аутсорсинг қағидаттары негізінде ірі және орта кәсіпорындарымен өзара тиімді бірлесу қатынастарын жақсарту.

2.Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің барлығы.

3.Нарықтағы сұраныс және ұсыныс, бәсекелестер, шикізат жеткізушілері, дайын өнімді өткізу мүмкіндіктері және тендерлерде қатысу жөнінде ақпарат банкін құру.

4.Кіші кәсіпорындардың тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту.

5.ШОБ-ке консалтингтік және кеңестік қызметтер көрсету.


Ішкі сауда

Облыста соңғы жылдары ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалуда: халыққа сату көлемінің ұлғаюы, сауда желісі мен қызметтер инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін іске асыратын сауда обьектілері.

3 жылда (2007-2009 жылдары) бөлшек сауда тауар айналымы 1,4 есе ұлғайды және 76,4 млрд. теңгені құрады. 2013 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 154,4 млрд. теңгені құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 49,9-ға ұлғайды.

Талданып отырған мерзім аралығында қоғамдық тамақтану кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі тұрақты ұлғаю тенденциясын көрсетуде, 2303,3 млн. теңгеден 3885,8 млн. теңгеге дейін, немесе 1,7 есе.

Көтерме тауар айналымы 2013 жылы 2010 жылға қарағанда 64,5-ға ұлғайды және 152,1 млрд. теңгені құрады.

Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірлердің аумақтық дамуын, халықтың ауқаттылығын жоғарылатудың қамтушысы болып табылады.

Жаһандану және қатал бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесі маңызды болып отыр. Кәсіпорындарға ішкі және әлемдік нарықтарда қолданыстағыларын бір қалыпта ұстап, жаңа «орындарды» өзіне бағындыруға тура келеді.

2014 жылдың 1қаңтарында облыста 7,6 сауда обьектісі, олардың ішінде елді мекендерде 3747-і, 961 қоғамдық тамақтану обьектілері, оның ішінде ауылдық жерлерде 507-і бар.

Облыста 47 сауда базары, 7,6 мың сауда орындары тіркелген, оның ішінде 2 базар коммуналдық нысанға ие. Қалалық жерлер бойынша 28 базар, ауылда – 19 тіркелген. Базарлардың түрлері бойынша 2-і – азық-түлік, 18-і – азық-түлік емес, 2-і – мамандандырылған және 25-і – әмбебап болып бөлінеді.

2013 жылында облыста көтерме сауда айналымы 452,1 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 119,3% құрады.

Ішкі сауда кәсіпорындары облыс халқына 154,4 млрд. теңге сомасына тауарлар мен өнімдер сатты. Республикалық көлемде облыс саудасының үлес салмағы 5% құрады. Облыстың бөлшек сауда тауар айналымы 18,4%-ға ұлғайды, Республика деңгейінде (12,8%).

2013 жылында қоғамдық тамақтану кәсіпорындары халыққа 3,9 млрд. теңге көлемінде немесе 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 105,4% қызмет көрсетті.


Бәсекелестікті дамыту

Облыс экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақты тауарлар нарығының әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бірнеше маңызды салалар анықталды, оларда атқарушы органдардың бәсекені дамыту жөніндегі шараларды іске асыруы мақсатына лайық және барынша тиімді:

агроөнеркәсіп кешені;

бөлшек сауда;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланыс;

отын-энергетикалық кешен.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекені дамытуға саланың айрықша ерекшеліктері әсер етеді. Бәсекені шектейтін факторлардың бірқатары орын алуда: материалдық және қаржылық ресурстардың тапшылығы, өнімдер өндірісінде вертикалдық интеграцияның жеткіліксіз дамуы, кооперацияны дамыту деңгейінің төменділігі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің болмауы.

Бәсекенің жағдайына қоймалар, қамбалар, бастапқы өнімдерді қабылдау пунктерінің болмауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін биржа арқылы сатудың дамымағандығы да әсер етеді.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Бәсекенің дамуына кедергі болатын негізгі бөгеттер:

1. тұрақты тауарлар өткізетін нарықтың болмауы, бұл шағын тауар өндірушілердің өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін облыстың ішкі нарығында және оның шегінен тыс нарықтарда өз бетімен сатуына (немесе делдалдардың аз саны арқылы) кедергі болуда;

2. ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді алу бойынша рәсімдердің ұзақтығына, нан қабылдайтын кәсіпорындардың қызмет көрсетуі жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алуға байланысты әкімшілік кедергілер;

3. энергетикалық және өткізу инфрақұрылымының кемшіліктері.

Даму беталысы

Өңірлік саясатты жүргізу шегінде жергілікті атқарушы органдар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті өсіру және елдің интеграция жағдайында өңірдің аграрлық өндірісін бейімдеу мақсатында агроөнеркәсіп кешенінің салаларын қарқынды дамыту жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады және мынадай мүмкіндіктер қарастырылды:

1. ішкі нарықтың азықтық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша (меморандумдар жасау арқылы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарту арқылы және т.б.);

2. ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жаңа технологиялар енгізу бойынша (фермалар, жылы жайлар, құс фабрикаларын, сүт және ет өнімдерін өңдейтін және өндіретін цехтар салу, қайта жаңғырту және жаңарту);

3. аграрлық өнеркәсіп саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Бөлшектеп сату саласының кемшіліктеріне:

1. дамыған көлік-логистикалық жүйесінің болмауы;

2. қысқа мерзімді жинақтау жүйесінің дамымағандығы.

Облыстың бөлшектеп сату саласы бәсеке деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды талап етеді (кәсіпкерлік қызметпен айналысу, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін кедергілерді анықтау және жою).

Даму беталысы

Жергілікті атқарушы органдар ішкі сауданы дамыту саласындағы бәсекелестікті дамыту жөнінде мынандай шаралар қабылдайтын болады:

1. халықаралық, өңіраралық, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы облыстың экспортқа бағытталған кәсіпорындарына жағдай жасау (Кеден одағы шегінде субъектілердің өзара қарым-қатынастарын жақсарту);
2. республикалық және жергілікті бюджеттен жобаларды қаржыландыру (инвестициялау) арқылы нарық объектілерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау;

3. сауда орындарының инфрақұрылымын жетілдіру (жабық павильондар салу және қолданбайтын коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекеттік көмек көрсету шегінде жалдауға беру («Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы).

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) өңірлерде бәсекелестікті дамытуды бағалау индикаторларының жүйесі (бұдан әрі – Рейтинг) бекітілді. Рейтингке сәйкес бәсекелестікті дамыту дәрежесін тікелей көрсететін 5 көрсеткіш белгіленді.

2012 жылы бәсекелестікті дамытуды бағалау индикаторлары жүйесінің нәтижелері бойынша Қостанай облысы Рейтингте 8 орынды алады, оның ішінде индикаторлар бойынша:

1. өткен жылмен салыстырғанда экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан шағын және орта кәсіпкерліктегі өсу қарқыны – 1,84 (11 орын);

2. бәсекелік ортаға берілетін жалпы саннан бәсекелік ортаға берілген, акцияларының 50 астамы мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың үлесі – 100 (1 орын);

3. мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер бойынша ЖАО қатысты шығарылған ден қою актілерінің саны – 0 (1 орын);

4. мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер бойынша ЖАО қатысты шығарылғанның жалпы санынан ден қою актілерінің үлес салмағы – 0 (1 орын);

5. кәсіпкерлікті монополияландыру деңгейі – 1,77 (7 орын).

Менеджмент және стандарттау жүйелері

Өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында ХАССП жүйелерінің халықаралық стандарттардың негізінде осы замандағы басқару стандарттары, сапа менеджменттің жүйелері енгізілуде.

ИСО 9000, 14000, Облыста 9001, 14000, 22000, ОНSAS 18000, ХАССП SА 8000 сериялары ИҚО халықаралық стандарттарының негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу мониторингі жүзеге асырылуда.

2013 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 160 кәсіпорында: «ССКӨБ» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «ДЕП» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ ЛФ, «Имсталькон» АҚ Филиалы, Рудный металл конструкциялары зауыты, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Brands Kazakhstan», «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, «Асалия» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ КФ, «Милх» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» ӨК, «Фирма «Арасан» ЖШС, «Мотор-Деталь» ЖШС, «Экспро» ЖШС, «Шаймерден» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ (ОНSAS 18001-2007), «Костанйполиграфия» ЖШС және т.б. өндірістік өнеркәсіптердің бірқатары 9001-2000 ИҚО сай сертификаттарға ие.

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:

ИҚО 9000, 14000, ХАССП жүйелерінің негізінде ҚМК-ң сертификаттау мен енгізу мәселелері бойынша семинарлар және «дөңгелек үстелдер»;

ХАССП жүйесі 9000, 14000 ИҚО серияларының ХС енгізуіге байланысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өнімдер мен қызметтердің сапасы туралы мәселелер бойынша газеттерде мақалалар басылып, сондай-ақ телеарналарда қазақ және орыс тілдерінде телесұхбат көрсетілді;

стандарттау мәселелері бойынша 600 кәсіпорынға тегін кеңестер берілді. Өнімдірді сертификаттау мәселелері жөнінде және өлшеу құралдарын тексеру жөнінде үнемі кеңестер жүргізіледі;

Облыс кәсіпорындарына сапа менеджментінің жүйесін енгізу мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді. Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыс үшін төлеу барысында шағын бизнес кәсіпорындарына 5-дан 40-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер берілді;

ТРМЖ тауарлар мен қызметтердің әртүрлі салалары бойынша ҚР мемлекеттік стандарттарының 357 жобасы бойынша ұсыныстар қарастырылды және берілді;

«Фемида+» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен тұрақты негізінде жұмыс жүргізілуде;

сатылатын тауарлардың бақылау мен қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Меморандум негізінде базарлардың басшыларымен кездесулер және кеңестер өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет