Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің серпіні
|
Бірлік
|
2007 ж
|
2008 ж
|
2009 ж
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
Тамақ өнімдерін өндіру көлемі, сусындарды қоса алғанда, оның ішінде:
|
млн. теңге
|
50823
|
73014
|
79371,7
|
74790
|
90186
|
104656
|
127695
|
- етті өңдеу және консервілеу
|
млн. теңге
|
1757,6
|
3162,7
|
4080,2
|
4789
|
6053,6
|
8156,2
|
8589,2
|
- сүт тағамдарын өндіру
|
млн. теңге
|
5531,4
|
13220,1
|
13891,9
|
18871
|
19212,7
|
19275
|
21832,6
|
- ұн тағамдарын өндіру
|
млн. теңге
|
19083,2
|
32209,8
|
33374,8
|
27572
|
37915,7
|
49407,8
|
57380,9
|
- сусындарды өндіру
|
млн.
теңге
|
5761,9
|
5470,4
|
5506,6
|
7284
|
8180,7
|
8709,6
|
8823,4
|
Саладағы өндіріс көлемдерінің өсуіне инвестициялық жобаларды іске асыру жаңа өнім түрлерін игеру, өндірістерді жаңашаландыру, жаңа технологияларды енгізу есебінен қол жеткізілді.
Индустриаландыру картасының шеңберінде азық-түлік өндіретін кәсіпорындарда 2010-2012 жылдары «Қостанай қаласында тәулігіне 150 тонна сүт шикізатын қайта өңдейтін жаңа зауыт құрылысы және жабдықтар сатып алу»; «Қостанай қаласында «Баян Сұлу» АҚ-да «Жылына қуаттылығы 4 250 тонна штампталған орамадағы қатты карамель өндірісін ұйымдастыру»; «№ 2 шоколад цехінің құрылысы»; «Қарасу Ет» ЖШС «Қостанай ауданының Затобол кентінде жылына қуаттылығы 5,4 мың тонна ет беретін етті қайта өңдейтін кешеннің құрылысы»; «Қостанай мелькомбинаты» АҚ-да «Сағатына қуаттылығы 4,2 мың кг қысқаша кесілген макорон өнімдерін өндіретін цехтің құрылысы» сияқты ірі инвестициялық жобалар іске асырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының үшінші бағытының шеңберінде кәсіпорынға дайын өнімдер қоймасының құрылысы бойынша жоба және «Ассорти» конфеттер өндірісі бойынша желі сатып алу мақұлданды.
Сондай-ақ, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының бірқатары күнбағыс майын өндіру, етті қайта өңдеу, диірмен кешендерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асырды.
Облыстың жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдар өндірісі, киім, былғары өндірісі кәсіпорындары қамтиды.
Ірі кәсіпорындар: «Большевичка» ӨК (тігін бұйымдар, оның ішінде республиканың әскери құрылымдары үшін формалық киім-кешек, мұнайшылар, газ жұмысшылары, теміржолшылар, медицина қызметкерлері үшін арнайы киім және т.б.), «Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы ЖШС (қарулы күштерге аяқ-киім, халыққа арнайы және жұмыс аяқ-киімі), «Қостанай киіз аяқ киімінің фабрикасы» ЖШС (басылған аяқ-киім, қышқылдан қорғайтын қолғап өндіру) болып табылады.
2007-2013 жылдары жеңілөнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе ұлғайып, 4703 млн. теңгені құрады. 2013 жылы жеңіл өнеркәсіп НКИ 2012 жылға қарағанда 82,2% құрады.
15-кесте
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің серпіні
|
Бірлік
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж
|
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіру көлемі, оның ішінде:
|
млн. теңге
|
2886
|
2781
|
3236,3
|
3446,4
|
3840,5
|
4571
|
4703
|
тоқыма бұйымдарын өндіру
|
млн. теңге
|
*
|
956,4
|
1312,3
|
1430
|
1753
|
2473
|
2454,3
|
тоқыма бұйымдарын өндіру НКИ
|
%
|
**
|
|
113,9
|
108,4
|
99
|
118,2
|
80,9
|
киім өндіру
|
млн. теңге
|
*
|
1237,7
|
1173
|
1190
|
1327,7
|
1453,1
|
1718,8
|
киім өндіруінің НКИ
|
%
|
**
|
|
80,9
|
105,8
|
98,1
|
78,4
|
99,5
|
тері және былғары өнімдерін өндіру
|
млн. теңге
|
949
|
586,9
|
751,1
|
826,5
|
759,8
|
644,7
|
530
|
тері және былғары өнімдерін өндіру НКИ
|
%
|
183,1
|
74,2
|
132,8
|
91,1
|
86,4
|
85,4
|
45,5
|
* Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 1937 млн. теңгені құрайды
** Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 118,9 құрайды
2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен «Большевичка» өндірістік кооперативтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауы жүзеге асырылды.
2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аймақтық Үйлестіруші кеңесімен Қостанай облысының жеделдету индустриалды дамуы бойынша келесі жобалар мақұлданды: «Жастық, мамық, көрпе тігу және жаңалау ательесін құру», өтініш беруші ЖК Тулебаева (бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру жағынан) және «Матрас және синтепон өндірісі: негізгі құралдарды сатып алу», өтініш беруші «Мебелькомп» ЖШС (банк несиелері пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау).
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың тозу деңгейі жоғары, қазіргі уақытта тұтынушылық нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін жабдықтарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу керек. Сол сияқты саланың кәсіпорындары айналым қаражаттарына тапшы.
Бұл проблемаларды шешу үшін мыналар қажет:
«Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңашаландыруды жүзеге асыру;
«Өнімділік-2020» бағдарламасының шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен өнімділікті жоғарылату.
Машина жасау. Облыстың машина жасау негізін «Агромашхолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Болашақ А» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС және басқалары құрайды.
2013 жылы машина жасау саласында өндіріс көлемі 2012 жылғы 31,7 млрд. теңгеге қарағанда 45,9 млрд. теңгені құрады. НКИ 142,1 деңгейінде қалыптасты. Салада астық жинайтын комбайндар өндірісі 1,7 есе, жеңіл автомобильдер 2,5 есе және басқалары ұлғайды. 2012 жылы «АгромашХолдинг» кәсіпорнында 10 және одан да көп адамдарды (2012 жылы 27 дана) тасымалдау үшін автомобильдер жинау бойынша желі енгізілді.
Машина жасау кәсіпорындары негізінен ауыл шаруашылығының топырақ өңдейтін техникаларға, жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кіші саланың қарқынды дамуымен қатар шешімін таппаған бірқатар проблемалар бар:
өндіріс тиімділігінің артуына кедергі жасайтын жабдықтар тозуының жоғары деңгейі;
қолда бар өндірістік күштерді толық қолданбау;
саланың төмен инвестиялық тартымдылығы және өнеркәсіптерде айналым қаражаттарының үнемі тапшылығы;
машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның едәуір бөлігін жоғалту (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибе-зерттеу базалары, сынақ және техникалық бақылау орталықтары);
үстеме құны жоғары ғылымды көп қажет ететін жоғары технологиялық өнім өндірісіндегі ғылымды қажет ететін бұйымдар өндіруде үлестің төменділігі.
Металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары 2013 жылы 25 млрд. теңге сомасына өнімдер өндірді, НКИ – 120,2%.
Металлургия. Металлургия өнеркәсібінің үлесі 2013 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 11,1% құрады. 2013 жылы сала кәсіпорындары 25 млрд. теңге сомасына немесе 2012 жылға қарағанда 91,2% өнімдер өндірді, 2009 жылға қарай саладағы өндіріс көлемі 2 есе (2009 жылы – 12,6 млрд. теңге) ұлғайды.
Доре ертіндісін өндіру 23,9%-ға 2012 жылға қарағанда (2009 жылы – 2757 кг, 2013 жылы – 4838 кг), құрылыстық жинақтық металл құрылыстары 52,6%-ға (2009 жылы – 3462 тонна, 2012 жылы – 4322 тонна, 2013 жылы – 6596 тонна) ұлғайды.
«ССКӨБ» АҚ, «Рудный металл құрылыс зауыты – Имсталькон» ЖШС, «МехЛитКом» ЖШС облыстағы металл өнімдерінің негізгі өндірушілері болып табылады.
2010 жылдың маусымында «ССКӨБ» АҚ «Құны 7500 млн. теңге жылына қуаттылығы 75 мың тонна дайын өнім шығаратын металл прокат зауытының құрылысы» жобасын іске асырды, 513 жұмыс орны құрылды. Зауытты іске қосқан сәттен бастап жалпы 8,4 млрд. теңге сомасына 80464 тонна өндірді.
2013 жылы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС «Қостанай қаласында жылына 450 мың тонна ұсақ сортты прокат станының құрылысы» жобасы іске асырылды. Өнімнің өндірісі 2014 жылдың қаңтарынан басталды. Жобалық қуатына жету 2015 жылдың қазанында. Аталған зауытты іске қосу ішкі нарықты және құрылыс индустриясы кәсіпорындарын сапалы прокатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыста құрылыс материалдары өндірісі қарқындауда. 2013 жылы сала кәсіпорындары 9,5 млрд. теңгеге (2012 жылы – 15,1 млрд. теңгеден артық) өнім өндірді.
Облыста қызмет ететін құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындармен қатар соңғы жылдары жаңа кәсіпорындар құрылды, оларда инвестициялық жобалар іске асырылады.
Осылайша, Қостанай облысында Индустриаландыру картасының шеңберінде құрылыс индустриясы саласында 9 жоба іске асырылуда, олардан 2011 жылы «Иволга - Холдинг» ЖШС «Қостанай қаласында қуаттылығын 10 млн. дана кірпіш өніміне дейін ұлғайтып, кірпіш зауытын жаңғырту» (60 жұмыс орны құрылды); «Металл Инвест Сауда-Өнеркәсіп Компаниясы» ЖШС «Рудный қаласында диаметрі 110-450 мм полиэтилендік құбырлар және жалпы қуаттылығы жылына 1,6 мың тонна фитингтер өндірісін ұйымдастыру» (10 жұмыс орны құрылды); «Пластстандарт» ЖШС «Жылына қуаттылығы 12 мың тонна диаметрі 500-1200 мм полиэтилендік құбырлар өндірісін ұйымдастыру» (20 жұмыс орны құрылды); «Қостанай МБИ» ЖШС «Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 33,5 мың текше м. ұсақ даналы бетондық өнімдер өндіретін автоматтандырылған зауыт құрылысы» (25 жұмыс орны құрылды) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді.
2013 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2013 жылдың 2 тамыздағы актымен құны 982,0 млн. теңге болатын «Жиналмалы темірбетон өндіретін зауытының құрылысы» «БК-Строй» ЖШС-нің жобасы іске қосылды.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
-
Өндірістің тиімділігін арттыруды тежейтін көптеген өңдейтін сала кәсіпорындардың жабдықтарының жоғары тозғандығы.
-
Бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланбауы.
-
Кәсіпорындарда айналым қаражатының тұрақты тапшылығы.
-
Машина жасау кешені инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіздігі: инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінің жоғалуы (ғылыми-зерттеу институттарын, конструкторлық бюроларын, тәжірибелік-эксперементалды базаларын, сынау және техникалық бақылау ортаықтарын);
-
Қосымша құны жоғары болатын ғылымды талап ететін, жоғары технологиялық бұйымдар өнімдерін өндірісі үлесінің төменділігі.
Даму беталысы
-
«Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуын іске асыру.
-
«Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыру.
-
Индустриялық Өңірде инновациялық жобаларды енгізу және дамыту үшін индустриялық аймақты құру.
Электрмен жабдықтау
Қостанай облысы электр энергиясына тапшы болып есептеледі. Облыс аумағында орналасқан электр стансаларының электр энергиясын өндіруі жалпы пайдаланудың 34%-нан аспайды (2013 жыл бойынша жалпы облыс бойынша энергияны пайдалану – 5,59 млрд. кВт.с, 2012 жылы – 5,8 млрд. кВт.с ) және 1,88млрд. кВтс құрайды. Облыс энергиясының тапшылығы 1500 км қашықтықта орналасқан Екібастұз энергия кешенінен оны тасымалдау есебінен жабылады.
Облыс қалаларын электрмен жабдықтауды мынандай кәсіпорындар: Қостанайда – «ЭПК forfait» ЖШС; Рудныйда – «РудныйЭнергоКомпаниясы» ЖШС; Арқалықта – «Қостанайюжэлектросервис» МҚК; Жітіқарада – «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК; Лисаковскта – «Лисаковскгоркоммун-энерго» МҚК ШОҚ жүзеге асырады.
Облыстың ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды облыстың 14 солтүстік ауданына қызмет көрсететін «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС және Амангелді мен Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Қостанайюжэлектросервис» МҚК жүзеге асырады.
35-220 кВ желілері бойынша облыста электр энергиясын жеткізуді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілері бойынша – «ЭПК forfait» ЖШС, Рудный қаласы бойынша – «Жарық Жол» ЖШС жүзеге асырады.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 30 мың км жуық, оның ішінде кабельдік желілер – 1277,6 км. Облыс аумағында кернеулігі 35 кВ құрайтын және одан жоғары 326 қосалқы станса және 4568 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ бар. Облыстың негізгі энергия өндіруші көздері: қуаттылығы 267 МВт «ССКӨБ» АҚ Рудный ЖЭС, қуаттылығы 12 МВт Қостанай ЖЭС, қуаттылығы 4 МВт Арқалық ЖЭС болып табылады. Олар өндіретін электр энергиясы стансалардың қажеттіліктерін жабуға пайдаланылады.
Рудный ЖЭО-на қуаттылығы 63 МВт алтыншы энергоблокты енгізу облыстың энергияға тапшылығы мәселесін шешпейді.
Облыс бойынша 2014 жылдың 5 айында электр энергиясын пайдалану көлемі 2,45 млрд. кВтс құрады.
Жергілікті көздерден электр энергиясын өндіру 2012 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеді және 0,81 млрд. кВтс құрады. Бұл Рудный және Қостанай ЖЭС-да жылу жұмысының артуымен байланысты.
Облыс энергетикалық көмір қорларына бай. Уралгипрошахт институтының мәліметтері бойынша облыстағы көмір кен орындарында қуаты жылына 119 млн. тонна көмір өңдеу разрезін салуға болады. Электр энергиясының тапшылығын жабу үшін экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін қара көмір кен орындарын пайдаланып, облыс аумағында отын-энергетикалық кешенін салудың, оның ішінде «Приозерный» разрезінің базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ЖЭС салу мақсатқа лайық. 2009 жылы «Энергия» институты қуаттылығы 2000 МВт Торғай ЖЭС құрылысының мақсатқа лайықтылығын дәлелдейтін техникалық-экономикалық зерттеуді өткізді.
Осы жобаны іске асыру облыстың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Энергетикалық жабдықтардың қатты тозуы облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы болып табылады, пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы ВЛ-10 кВ – 78,3%, ВЛ-0,4 кВ – 77,3%, КЛ-10-0,4 кВ – 68,4% құрайды.
Электр энергиясын тұтыну деңгейінің өсуі байқалуда. Жалпы облыс бойынша қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қала мен ауыл арасындағы электр-жылу желілері тығыздығының сәйкессіздігін айтып өту керек.
Қайта жаңартылып жатқан энергетика
Бүгінгі күні қайта жаңартылып жатқан энергия көздерін пайдаланып, энергетиканы дамытуға айрықша назар аударылуда. Қостанай облысы жалпы алғанда жақсы жел әлеуетіне ие. БҰҰ дамыту бағдарламасының мамандары біздің облысымыздың жел әлеуетін бағалау жөнінде зерттеу жұмысын өткізді. Осыған байланысты, жел электр стансасының құрылысына Арқалық қаласында жоғары жел жүктемелері аймағында орналасқан алаң таңдалды, бұл электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалану мүмкіндігін береді.
Арқалық қаласында жалпы қуаттылығы 48 МВт жел электр стансасының құрылысы жоспарланып отыр. «Synergy Astana» ЖШС 20.02.2012 жылғы № 0311-ПП-Т.1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі, ол 24.04.2012 жылғы №01-48/12 мемлекеттік сараптамадан өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларлар министрлігі электр энергиясы тарифін бекітуге ТЭН келістірді.
Облыс әкімдігі қайта жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға шетел инвестицияларын тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.
Аграрлық-өнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығы саласы облыс материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады.
2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 230,9 млрд. теңгені (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 164,8 млрд. теңгені, мал шаруашылығы 64,5 млрд. теңгені) құрады, бұл 2007 жылға қарағанда 122,2 құрайды, нақты көлем индексі 2013 жылы – 136,6 (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 162,8, мал шаруашылығы – 98,8).
16-кесте
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млрд.тенге
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2013 ж 2007 жылына
|
Жалпы өнім, барлығы
|
188,9
|
237,9
|
249,3
|
213,5
|
394,4
|
184,9
|
230,8
|
122,2
|
Соның ішінде, өсімдік шаруашыылығы
|
115,7
|
147,4
|
145,4
|
97,1
|
265,9
|
90,2
|
164,8
|
142,4
|
Мал шаруашылығы
|
73,1
|
90,5
|
103,9
|
115,8
|
127,6
|
93,7
|
64,5
|
88,2
|
Нақты көлем индексі, барлығы
|
113,2
|
90,3
|
101,9
|
80,8
|
159,7
|
48,5
|
136,6
|
120,7
|
Достарыңызбен бөлісу: |