Ауылдың (селоның) тұрмысын көтеруге қалыпты жағдайлар жасау үшін ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету іс-шаралары іске асырылуда.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде әрі қарай шешуді қажет ететін проблемалардың бірқатары бар.
Облыс тұрғындарының орналасу түрлері
2014 жылдың 1 қаңтарында Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі мынадай болды:
4 қала, 16 аудан, 155 ауылдық округ,8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 81 дербес село және ауылдары. Тұрғындардың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адам. Тұрғындар тығыз орналасқан қалалар: Қостанай, Рудный және Лисаков, тығыздығы аз: облыстың оңтүстік аудандары (0,5-0,8 адам бір шаршы километрге).
Жоспарлы шаруашылық пен кеңістік дамудың индустриялық қағидаттарының уақытында негізгі сипаты қалыптасқан халықтың қалаға шоғырлану үдерісі облыстағы өндірістік күштердің және тұрғындардың аумақтық орналасуының негізін айқындады.
Шоғарландырылған құрылым онда әр түрлі қызмет түрлерінің бірігуімен ерекшеленеді. Облыстағы шоғырландырылған құрылымның қалыптасуы және оның маңызды қорытындысы бірнеше қалалардың пайда болуы болып табылады. Бұл ретте Қостанай қаласы ірі көлемді қалаға жетті (тұрғындарының саны 200 мыңнан астам адам) және Солтүстік макроөңірдің көп функционалды орталығына, әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің орталығына айналды. Қаланың алдағы қатардағы кәсіпорындары: «Баян-Сұлу» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «Большевичка» ӨК, «Мелькомбинат» АҚ болып табылады. Облыстың басқа қалалары ірі қалалардағы тұрғындар санына жетпеді, ал сол қалалардағы кенттелген құрылым өзіндік ерекшелікке ие болды.
Тар шеңберде мамандандырылған қалалар ереже бойынша бір қала құраушы салаға ие: Рудный қаласы темір кені кен орнын игерумен және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты (ССККБ) құрылысымен негізделіп салынған, Лисаков қаласында «Қазақстан алюминийі» АҚ филлиалы, Краснооктябрь боксит кен басқармасы және «Өркен» ЖШС жетекші қала қалыптастырушы кәсіпорындар болып табылады, Арқалық қаласында қаланың өмір сүруін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындармен «Қазақстан аллюминийі» АҚ құрамына кіретін Торғай боксит кен басқармасын қоспағанда өнеркәсіп іс жүзінде жоқ. Осында өндірілетін боксит кені Павлодар қаласындағы және басқа өңірлердегі алюминий зауыттарына жіберіледі.
Негізгі саланың болуы және қалалық құрылыс пен тұрмыстың басым болуы орташа қалалардың ерекшелігі болып табылады.
Шағын қаланың монофункционалды құрылымына ереже бойынша бір өндірістік аймақ сияқты қарапайым жоспарлық құрылым тән. Қала сырттан қарағанда және шын мәнісінде өндірістік кәсіпорынның қосымшасы сияқты көрінеді. Елді мекеннің инфрақұрылымында әртүрлілік жетіспейді. Бұл қалалар жоспарлауда, құрылыста және тұрғындардың тұрмысында өзіндік қалалық сипатын сақтайды. Облыста тұрғындардың саны 50-ден 10 мыңға дейін адамды құрайтын 2 қала ерекшеленеді (Лисаков және Арқалық), 19-кесте.
Облыстағы кенттер аудан орталықтары (Қарабалық, Затобол, Сарыкөл кенттері), тау-кен өндіру кәсіпорындарының маңайындағы кенттер (Қашар, Горняцкий, Октябрьский кенттері) немесе теміржол түйіндері (Тобыл, Құсмұрын кенттері) болып табылады.
Осы кезеңде облыстағы тұрғындар санының азаюымен қатар халықтың қалаға көшу үдерісі жалғасып, қала тұрғындарының үлесі өсіп келеді.
Жоспарлық экономика мерзіміндегі қалыптасқан қалаға көшу, кенттену орталығынан (Қостанай қаласы) және географиялық тұрғыдан орталықа жақын орналасқан кіші қалалар мен кенттердің біркелкі желісінен тұрады. Орталықтың маңайында Қостанай, Федоров, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл, Таран аудандары кіретін агроөнеркәсіптік түйін қалыптасқан.
Қалалық кенттену тұрғындар санының төмендеу қарқынынан өтті, ал қазір халықтың шоғырлану деңгейінің өсуі байқалады. Бүгінгі күні орталықта халық саны өсіп, айналадағы шағын қалалар мен селолық аудандарда халық саны азайып жатқанда шоғырлану үлгісінің белсенді өсіп жатқаны көрініп отырғанын атап өткен жөн.
Әр түрлі үлгідегі қалалар өздерінің аумағы бойынша әр түрлі қоныстану сипатына ие. Орталық функцияларымен айқын көрініс тапқан тірек қалалар, қаңқалық түйіндер өздерінің ішінде біркелкілікке деген ұмтылыстарына көз жеткізіп отыр.
Облыстағы 1998-2014 жылдары тұрғындар санының серпіні теріс болып, тұрғындардың саны 1076,5 мың адамнан 881,45 мың адамға азайды.
ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сай экономикалық әлеуетті тиімді кеңістік ұйымдастыруды қалыптастыру және халықты орналастыру негізгі міндет болып табылады. Қазақстанның аумағы аумақтық дамудың үш стратегиялық өстеріне бөлінген, яғни Солтүстік, Орталық, Оңтүстік.
34-кесте
Халықтың көп жиналу өлшемі бойынша кенттік шоғырлану нысандарына қарасты Қостанай облысы елді-мекендерінің сипаттамасы1
Елді мекендер
|
Сипаттама
|
Сынып-тамасы
|
Сандық көрсеткіштер
|
2015 жылғы
1 қаңтарда-ғы тұрғын-дар саны, адам
|
Түр ерекшеліктері
|
Қостанай қаласы
|
Көпфункцио-
налды қала
|
Үлкен
|
250 мыңнан 100 мыңға дейін адам
|
226405
|
Экономика-лық қызмет-тің мүмкін түрлерінің 90%-дан астамы
|
Рудный қаласы
|
Тар шеңберде мамандандырылған қала
|
Үлкен
|
250 мыңнан 100 мыңға дейін адам
|
128555
|
Мамандандырудың базалық саласы және қалалық құрылыс пен тұрмыстың басым болуы
|
Лисаков қаласы
|
Моно
функционал-дық қалалар
|
Кішкентай
|
50-ден 10 мыңға дейін адам
|
40916
|
Арқалық қаласы
|
Кішкентай
|
50-ден 10 мыңға дейін адам
|
29198
|
Жітіқара қаласы
|
Тар шеңберде мамандандырылған қала
|
Кішкентай
|
50-ден 10 мыңға дейін адам
|
35193
|
Кенттер
8 бірлік
|
Қалалық - 3 Ауылдық - 5
|
|
Ауылдық құрылыс және тұрмыс
|
|
Ауылдық құрылыс және тұрмыс
|
Ауылдық округтер, өз бетімен күнелтетін ауылдар, 236 бірлік
|
Ауылдар
592 бірлік
|
|
50 адамнан аз
54 бірлік
|
|
Ауылдық құрылыс және тұрмыс
|
Дерек көзі: Қостанай облысының ресми сайты., Интернет-ресурс: www.kostanау.kz;
Дамудың солтүстік өзегі Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық-шаруашылық жүйесіне шыға отырып, Өскемен – Семей – Павлодар – Астана – Қостанай (Көкшетау, Петропавл) – Ақтөбе – Орал бағытында және барлық өзек периметрі бойынша Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері арқылы қалыптасқан. Осы өзекте Қостанай облысы Қостанай-Ақтөбе суб-өзегін және Каспий дәлізіне өту үшін Атырау, Ақтау қалаларымен өзара қатынастар суб-өзегін жасауда үлкен рөл атқарады. Осы бағыт дамыған «астықтық белдеу» деп аталатын, елдің солтүстігі мен батысында тұру және шаруашылық қызмет үшін қолайлы жаппай игеру аумақтарын Ресей Федерациясымен сауда-экономикалық және көліктік-коммуникациялық байланыстарымен, еуропалық, таяу шығыс пен шығыс-азиялық (Орталық өзегі арқылы) экономикалық кеңістіктерге негізгі шығулармен байланыстыратын болады
Ақпарат көзі: «ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық дамудың стратегиясы», Астана 2006 ж.
1-сурет. Қостанай облысы Қазақстанның стратегиялық даму өзегінде
Қостанай облысының шекара маңындағы аумақтары. Облыс солтүстікте Ресей Федерациясының Челябі және Қорған облыстарымен (облыстың Ресей Федерациясымен шекарасының ұзындығы 1250 км), солтүстік-батыста РФ Орынбор облысымен, батыста Ақтөбе облысымен, шығыста – Солтүстік-Қазақстан және Ақмола обылысымен, оңтүстікте Қарағанды облысымен шектеледі.
Челябі, Қорған, Орынбор және Қостанай облыстарының қарым-қатынасы КСРО кезеңінен бастап жалғасуда. РФ-мен шекара маңындағы аумақтарда Қостанай облысының Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Мендіқара, Таран, Ұзынкөл және Федоров аудандары орналасқан. Қостанай облысы мен РФ облыстары арасында шекара маңындағы аумақтардың өзара қарым-қатынасын нығайту жөніндегі іс-шаралар қатары іске асырылды. Сыртқы экономикалық байланыстар, табиғи қорларды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, тұрғындар мен аумақты төтенше жағдайлардан қорғау, мәдениет, спорт, ғылым мен жоғары білім беру салаларында ҚР Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарымен өңіраралық ынтымақтастығының құқықтық негіздері қалыптасты. Қалалық және аудандық деңгейдегі келісім шарттық қарым-қатынастар қалыптасуда. Жұмыс консультацияларын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстел, мақсатты семинарлар жиі өткізу тәжірибеге енгізілген.
Облыс тіршілік етуге қолайлы аумаққа жатады, ауаны ластауды төмендетуде жасыл көшеттер үлкен рөл атқарады. Ормандық алқаптар мен саябақтар ауа температурасына, ауаның ылғалдылығына және жел жылдамдығына әсер етеді, ауадағы шаң тозаңды басады.
Ақпарат көзі: «ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық дамудың стратегиясы», Астана 2006 ж.
2-сурет – Тіршілік ету үшін шарттар бойынша аумақты аймақтандыру
Орталық Қазақстанның дамуы үшін Арқалық қаласының маңызы зор. Ұлытау тауының солтүстік бөктерінде, Торғай бастауларында орналасқан қала Торғай өзенінің бойындағы, сонымен қатар Ұлытаудың батыс тау ұшығындағы, Қарақұмға дейін созылып жатқан жалғыз ірі елді мекен. Бұл өз кезегінде Орталық Қазақстанның қуаң жазық даласында кеңінен созылып жатқан қамал.
Бұл ауданды дамыту Орталық және Батыс Қазақстан арасындағы үлкен қашықтықты болдырмау, жолдардың жалпы қазақстандық желісін, қалаларды, экономикалық аудандарды қалыптастыру көзқарасымен үлкен маңызға ие.
Қала КСРО-да бокситтік кеннің 20%-дан астамын өндірген Торғай бокситтік кен басқармасының маңындағы жазық далада 1956 жылдан 1965 жылға дейін небәрі 10 жылдың ішінде құрылды. 1980 жылдардың аяғында кеңес экономикасының құлдырауы бұл жоспарлардың барлығын құрдымға жіберді. 1997 жылдың шілде айында Торғай облысын таратқаннан кейін және өндірісті дамыту бағдарламаларын тоқтатудан кейін қала әлеуметтік-экономикалық құлдырауға ұшырады, халқының 35%-ын жоғалтты. Алайда орталық және жергілікті атқарушы органдар қолдауының арқасында қала экономикасы алға басу қарқынымен дамып келеді.
Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандары облыс орталығынан біршама алыста жатыр. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету және қол жеткізу деңгейлерін арттыру және сапасын жоғарылату (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт қызметтерін, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрмыстық қызметтер және т.б.) мақсатында шалғайдағы елді мекендерге қызмет жасау үшін Арқалық қаласын ауданаралық орталық деп белгілеу қажет.
Қалада әлеуметтік инфрақұрылымның кейбір объектілерін орналастыру қажет, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін жаңа замандық жабдықтарымен жарақтандыру үшін қаражаттар қарастыру қажет.
Сондай-ақ, Арқалық қаласына және жақын аудандарға орталық, оңтүстік және батыс Қазақстан нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін көлік инфрақұрылымын дамыту қажет.
Арқалық стансасы тұйықтық тәртібімен жұмыс істейді, бірақ, сонымен бірге, Арқалықтан Жезқазғанға дейінгі арақашықтық 340 км, ал Шұбаркөл көмір разрездеріне дейін 200 км. құрайды. «Арқалық-Жезқазған» немесе «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол құрылысы Қостанай және Ақтөбе облыстарын төмен күлді көмірлермен қамтамасыз ету үшін Арқалық стансасы арқылы өте қысқа қашықтықта транзитті тасымалдауларды жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
2015 жылдың 1 қантарына жағдай бойынша облыста 592 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар, бұл 2011 жылдың деңгейінен 7%-ға немесе 44 бірлікке төмен.
ҚР «Қазақстан Респуликасының әкімшілік-аумақтық жабдық туралы» Заңына сәйкес бұл АЕМ (44) шағын ретінде таратылды. 2012 жылы АЕМ-дің мониторингі өткізілмеді.
Облыста 592 ауылдық елді мекендерінен 68 АЕМ-де ауыз сумен жабдықтаудың сыртқы көзі, 523 АЕМ-де жерастылық, 1 АЕМ-де жерастылық және сыртқы көздері бар.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету:
-орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 163 АЕМ немесе АЕМ жалпы санынан 27,5%-ы. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен пайдаланатын халықтың санын ұлғаюына қарамастан 2011 жылмен салыстырғанда АЕМ-ң саны 2 немесе 1,2%-ға төмендеді (165 АЕМ);
-сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесінен 386 АЕМ немесе 65,2%-ы 2011 жылмен салыстырғанда 36 немесе 8,3%-ға төмендеді;
-басқа жақтан келтірілген сумен 43 АЕМ-де немесе 7,3%, 2011 жылмен салыстырғанда 6 АЕМ-не немесе 12,2%-ға төмендеді (49АЕМ).
Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін облыста жыл сайын мемлекеттік бюджеттен су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінеді.
Газбен жабдықтау
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудандардың 58 ауылдық елді мекені: Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қамысты, Қостанай, Таран аудандары табиғи газбен қамтамасыз етілген. Газбен жабдықтау 2011 жылмен салыстырғанда (53 АЕМ) 9,4%-ға жақсартылды немесе тағы 5 АЕМ қосылды.
23 ауыл газбен 100% қамтамасыз етілген, оның ішінде: Денисов ауданының 10 селосы, Таран ауданының 5 селосы, Қарабалық ауданының 4 селосы және Жітіқара аудандарының 1 селосы, ал ауылдардың көбісі газдандырылмаған және сұйытылған газды пайдаланады.
2014 жылы облыста «Рудный қ.-Қашар к.-Федоров с.» магистралдық газ құбырының құрылысы жүргізілуі жалғастырып жатыр, бұл әрі қарай Федоров ауданының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді.
Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету
Жалпы білім беретін мектепсіз ауылдық елді мекендердің саны 2011 жылмен салыстырғанда (170 АЕМ) 5,9%-ға төмендеді, 2015 жылдың басына 160 АЕМ құрады, оның ішінде: 40-да – мектеп жасындағы балалар жоқ, 14-і – жақын жатқан мектепке дейін 3 км қашықтықта орналасқан (оған орта және жоғары сыныптардың балалары өз беттерімен барады).
Жақын маңдағы мектептерге 3 км астам жерде орналасқан елді мекендерде тұратын 846 оқушылар үшін 29 интернатта өмір сүру ұйымдастырылған, туыстардың пәтерлерінде 55 бала.
Денсаулық сақтау
Облыстың денсаулық мекемелерінің саны 2011 жылмен салыстырғанда 57 бірлікке немесе 10,5%-ға төмендеді. 2015 жылдың 1 қантарына облыстың 480 ауылдық елді мекендердің аймағында 485 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 15 орталық аудандық аурухана, 3 мамандандырылған аудандық аурухана, 2 ауыл аурухана, 45 дәрігерлік амбулатория, 71 фельдшер-акушерлік мекен және 349 медициналық мекен.
2015 жылдың басына 112 ауылдық елді мекенде денсаулық объектілер жоқ, олардың ішінде: тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын 45 село, жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5 км аспайтын, тұрғындарының саны 50 көп 40 АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес. АЕМ саны 2011 жылмен салыстырғанда 11 бірлікке немесе 0,9%-ға ұлғайды.
Мәдениет және спорт
2015 жылдың 1 қантарына 397 ауылдық елді мекендердің аймағында 677 мәдени объект бар (оның ішінде 291 клуб (279 жұмыс істейтін), 381 кітапхана, 5 мұражай. 350 ауылдық елді мекендердің аймағында келесі спорттық объекттер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешен, 471 спорттық зал, оның ішінде 373 жалпы білім беретін мекемелерінде, 5 бассейн, 12 шаңғы база. 2011 жылмен салыстырғанда мәдениет объектілердің 5 бірлікке өсуі байқалады.
Мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары ауыл тұрғындарының аздығы, шалғайда жатқан ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөліктердің, сонымен қатар мәдениет мекемелерін қалпына келтіруге, тарих және мәдениет мүсіндерін қалпына келтіруге, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттар мен шаруашылық субъектілерінің қаражаттарының жетіспеушілігі.
Өңірдің аумақтық-кеңістіктік даму мониторингін жүргізу үшін орналастыру өлшемдерінің қатарын анықтау қажет. Орналастырудың белгілі өлшемдерін іріктеудің кешенділігі өңірлердің өндірістік мамандандыру, аумақтық ұйымдар, қалаға шоғырлану деңгейі бойынша және қоныстанудың қалыптасқан ұлттық дәстүрлері бойынша үлкен айырмашылықтарымен негізделеді. Тұрғындардың тығыздығы, елді мекендердің орналасқан сипаттары, тұрғындардың табиғи және механикалық қатынасы бойынша облыс тұрғындары қоныстануының 6 түрін анықтауға болады.
Бірінші түрі. Ең жоғары демографиялық әлеуетке Қостанай қаласы ие. Қостанай қаласы және оны қоршаған аудандар, Рудный және Лисаков қалалары өсіп келе жатқан демографиялық әлеуетке ие. Демографиялық әлеует өсуінің аса үлкен қарқыны Қостанай қаласында байқалып отыр, бұл Қостанай қаласына болашақта белсенді агломерацияның табысты орталығы болуға мүмкіндік береді. Бұл аудандарда тұрғындардың тығыздығы және экономикалық кеңістіктің сапасы ең жоғары. Бұл түрде Қостанай қаласы облыс үшін дамудың және өсудің тірек нүктесі болып отыр.
Екінші түрі. Ресей Федерациясымен шекаралас шекара маңындағы аумақтар түрінде көрсетілген, оларға: Қарабалық, Жітіқара, Ұзынкөл, Федоров, Денисов аудандары кіреді. Осы аудандар маңызды стратегиялық және геосаясаттық шекаралық аймақты құрайды, бұл өңірге кедендік одаққа кіре отырып, бидай нарығын кеңейтуге және ресей порттары арқылы қазақстан астығын басқа елдерге жеткізуге, сонымен қатар қазақстандық ет өнімдерін өткізуді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Үшінші түрі. Қостанай қаласында орталығы бар Солтүстік макроөңірмен көрсетілген. Солтүстік Қазақстан сауда экономикалық дәлізін дамытудың, сондай-ақ өзінің демографиялық және экономикалық әлеуетінің арқасында Қостанай қаласы көшбасшы қала бола алады.
Дерек көзі: «ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы», Астана 2006 ж.
3-сурет. ҚР Экономикалық макроөңірлері, көшбасшы қалалары және ұлттық деңгейдегі тірек қалалары
Төртінші түрі. Облыстың оңтүстік қанаты – тұрғындары тегіс орналаспаған, тығыздығы төмен Амангелді (орталықтан қашықтығы 408 км) және Жангелдин аудандарымен (орталықтан қашықтығы 562 км) және осы өңірдің орталығы болып табылатын Арқалық қаласымен көрсетілген.
Бесінші түрі. Ақтөбе – Қостанай дәліздерінің дамуы үшін буыны болатын Қамысты ауданын қамтиды, бұл Қазақстан өсуінің Солтүстік өзегі құрамына кіреді.
Алтыншы түрі. Рудный, Лисаков, Арқалық сияқты тар шеңберде мамандандырылған қалаларды және экономикалық, еңбек және демографиялық әлеуеті бар, дамыған инфрақұрылымы бар маңында жатқан аудандарды қамтиды, бұл факторлар өңір өсуінің полюсы болуға мүмкіндік береді.
35-кесте
Қостанай облысының аумақтық орналасуы
|
Геоэкономика
лық жағдайдың ерекшеліктері
|
Тұрғындар орналасуының тобы
|
Аумақ (мың шаршы км)
|
Тұрғын
дардың тығызды
ғы
|
Экономиканың негізгі саласы
|
1 түрі
|
Қостанай агломерациясы
|
Қостанай ауданы
|
7,4
|
9,2
|
|
Федоров ауданы
|
7,2
|
3,9
|
Ауыл шаруашылығы
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Сауда және құрылыс қызметтері
|
Меңдіқара ауданы
|
|
|
Таран ауданы
|
|
|
Әулиекөл ауданы
|
11,1
|
0,8
|
Алтынсарин ауданы
|
5,4
|
4,5
|
2 түрі
|
Шекара маңындағы аумақтар
|
Жітіқара ауданы
|
7,3
|
7,0
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
|
Қарабалық ауданы
|
6,9
|
5,1
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
|
Денисов ауданы
|
6,8
|
4,3
|
Ұзынкөл ауданы
|
7,2
|
3,5
|
Фёдоров ауданы
|
7,2
|
3,9
|
3 түрі
|
Қостанай қаласының солтүстік макро өңірі
|
|
0,3
|
707,9
|
Өңдеу өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
|
4 түрі
|
Оңтүстік бөлігі орталығы Арқалық қаласы
|
Амангелді ауданы
|
22,5
|
2,8
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
|
Жангелдин ауданы
|
37,6
|
0,4
|
Аркалық қаласы
|
15,6
|
2,6
|
5 түрі
|
Ақтөбе-Қостанай
|
Қамысты ауданы
|
12,1
|
1,3
|
Ауыл шаруашылығы
|
6 түрі
|
Өңірдің өсу нүктелері (Рудный, Лисаков,)
Арқалық
|
Рудный қаласы
|
|
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу
|
Лисаков қаласы
|
|
|
Тау кен өндірістік өнеркәсіп
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу
|
|
|
Арқалық қаласы
|
|
|
Тау кен өндірістік өнеркәсіп
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу
Ауыл шаруашылығы
| Дерек көзі: Қостанай облысының статистика департаменті., Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;
Атмосфералық ауаны қорғау
Әуе бассейінінің жағдайы бойынша Қостанай облысы ең қолайлы аумақ болып табылады.
Соңғы жылдары облыстың атмосфералық ауасының сапалы жағдайы тұрақты болып отыр.
Облыстың әуе бассейнін ластандыру тау кен өндірістік, жылу энергетика өнеркәсібі, автомобиль көлігі кәсіпорындарынан ластандырушы заттардың қалдықтарына байланысты.
Стационарлы көздерден атмосфераға ластаушы заттектерді шығару лимиттері қоршаған ортаға эмиссиялар рұқсатымен белгіленеді. Осылайша, 2013 жылы- 224,4 мың тонна, 2014 жылы -227,4 мың тонна, 2015 жылы- 228 мың тонна құрады.
Соңғы 3 жылдары атмосфераға ластандырушы заттар қалдықтарының жалпы көлемі бір деңгейде қалады (2012 жылы-267 мың тонна, 2013 жылы-269,45 мың тонна, 2014 жылы-267,8 мың тонна). ластандырушы заттар қалдықтарының негізгі үлесі автомобиль отынын жағудан шығыстардына келеді (70%). Соңғы 3 жылдары стационарлық көздерінен өнеркәсіптік шығыстары бойынша серпіні: 2012 жылы-80 мың тонна, 2013 жылы-73,05 мың тонна, 2014 жылы-62,889 мың тонна.
Облыс кәсіпорындарының өнеркәсіп шығыстарының 80%-ға жуығы Қостанай облысының ең ірі тау кен өнеркәсібі «ССКӨБ» АҚ үлесіне тиесілі.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
Өнеркәсіп кәсіпорындарының залалды заттарының шығыстарын тазарту бойынша тазарту құрылыстарының жұмысы жеткіліксіз атмосфералық ауаны қорғау бөлімінде проблема болып отыр.
Даму беталысы
Атмосфералық ауаның қолайлы жағдайына Қостанай облысының ірі қазандықтарына отын ретінде табиғи газды пайдалану себеп болып отыр. Әсіресе көмірді пайдаланатын «ССКӨБ» АҚ ЖЭС және мазутты пайдаланатын Арқалық ЖЭС.
Облыстың елді мекендерінің көбісі газды пайдалануға ауысып жатыр, бұл өңірдің атмосфералық ауасының жағдайын тиісті жақсартуға мүмкіндік береді.
Су ресурстарын қорғау.
Қостанай облысының су обьектілері Тобыл-Торғай су бассейніне жатады. Облыс аумағында 310 жуық су ағымдары бар. Ұзындығы 100 км – 21,500 км – тек екі өзен (Тобыл, Торғай) бар. Облыс аумағында жиынтық көлемі облыс аумағының көлемінен 2% құрайтын 5000 артық көл бар.
Облыс жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 мм құрайды. Өзен желісі өте нашар дамыған, сондықтан жер үсті су қорлары маңызды емес. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі оған құятын Үй, Тоғызақ, Обаған, Аят, Желқуар өзендерінің тармағынан және онда сарқырамадан құрылған су қоймалары бар Тобыл өзені болып табылады.
Тобыл өзенінің минералдану деңгейі жыл мезгіліне байланысты және 1080 бастап 605 мг/дм3 дейінгі аралықта. 2014 жыл бойынша ауыр металдар бойынша шекті рұқсат етілетін концентрациялардың: сульфат 1,6 есе, БПК – 1,5 есе, мыстың – 9 есе, мырыш – 1,1 есе, фенол – 2,6 есе артқаны байқалып отыр. Ауыр металдар бойынша шекті рұқсат етілетін концентрациялардың артуы табиғи сипатта болуын көрсетеді.
Облыста Тобыл (2 дана) және Шортанды өзендеріне, Құсмұрын көліне, Қаракөл-Қояндықопа көлдерінің жүйесіне бес шартты таза судың ағысы келіп құяды. Су қоймаларына келіп құятын сулардың жалпы көлемі 2014 жылы 15,734 млн. м3 , 2013 жылы – 19,341 млн. м3 , 2012 жылы – 24,270 млн. м3 құрады.
Облыстың барлық сыртқы су қоймаларына су жіберуі бақылауға алынды. Мониторинг қорытындылары бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының су қоймаларына құятын ағын сулары нормативті таза болып табылады, тұтастай алғанда шекті рұқсат етілген ағын сулардың мөлшерінен аспайды және сапасы жағынан су қоймаларының құрамына кері әсерін тигізбейді.
Қалалардың 30 млн. м3 көлеміндегі шаруашылық-тұрмыстық ағын сулары жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылады. Тазартылған ағын сулар одан әрі арнайы жеке су жинайтын буландырғыштарға, сүзгі алаңдарына түседі. Қазіргі таңда канализациялық тазарту құрылыстары әбден тозған және қайта жаңартуды талап етіп отыр.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
Облыстың ең маңызды экологиялық мәселелерінің бірі облыс орталығында биологиялық тазарту стансасының болмауы болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын Қостанай қаласының ағын суларын тазарту технологиясы қарапайым және 1966 жылдан бастап пайдаланылатын жер тұнбаларында тек механикалық қоспалары бойынша жартылай тазартуға мұршасы бар. Қостанай қаласының іс жүзінде тазартылмаған ағын суларының көлемі шамамен 13 млн. м3 құрайды.
Жер ресурстарын қорғау.
Қостанай облысының жер қоры 19 600,1 мың гектарды құрайды. Жер құрылымында ауыл шаруашылығы жайылымдарының жалпы аумағы 18129,7 мың гектарды немесе өңірдің жалпы аумағынан 92,5 құрайды.
Жерлерді ұқыпты пайдалану және ластаудан қорғау біздің заманымыздың өңірлік маңызды экологиялық мәселелеріне жатады. Облыстың экологиялық жағдайы қанағаттандырарлық.
Қостанай облысының жер ресурстарының жағдайына басым ықпалын тау кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жылу энергетикасы кәсіпорындары тигізіп отыр.
Техногенді бұзылған және ластанған жерлер қалалардың өнеркәсіп аймақтарында, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өндеу орындарында таралған. Ашық тәсілімен өндіру кезінде үлкен аумақтарда ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттарға, яғни кеніштер, үйінділер, қоймалар, кен және шаруашылық тұрмыстық сулардың жинауыштары үшін жерлер оқшауландырылады.
Қоршаған ортаның жағдайына техногендік әсерін тигізетін нысандар үнемі бақыланып отырады.
Өндіріс қалдықтары және тұтыну.
Қостанай облысының 2015 жылдың 1 қаңтарында жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 11,8 млрд. тонна құрады, қалдықтардың негізгі үлесі (99%) тау кен өндірісі кәсіпорындарының тұрмыстық қалдықтарына, атап айтқанда аршымалы жынысына 92% және байыту қалдықтарына 7% тиесілі.
Барлық тау-кен өндірісі кәсіпорындарында қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және азайту сияқты қалдықтардың технологиялық циклінің барлық кезеңдерін, есептеу мен бақылауды, жиналуын, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді, пайдаға асыруды, тасымалдауды, сақтауды және жоюды қамтитын қалдықтарды басқару жүйесі әрекет етеді.
Жыл сайын кәсіпорындар қоршаған ортаға бос жыныстар үйінділерінің, күл үйінділері мен қоймалардың жағымсыз әсерінің алдын алуға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырады.
Соңғы үш жылда қалдықтарды жою пайыздары артты. Сонымен, өңірде 2014 жылы өндірістік қалдықтарды пайдалану мен жоюдың жалпы көлемі шамамен 18%, 2013 жылы – 19,8%,2012 жылы – 15% құрады.
01.01.2015 жылдың жағдайы бойынша Қостанай облысының елді мекендерінде 339 қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны бар, олардан 329-ы (97%) жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеді. Облыста экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес ҚТҚ полигондарын рәсімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі ауқымы компоненттерге бөлінбей, ашық қоқыс үйінділеріне шығарылып, қатталып тасталады. Қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырылған аумақ 3 мың гектардан артық, жыл сайын ҚТҚ полигондарына 500 мың тоннадан (2014 жылы – 453 мың тонна) артық қатты тұрмыстық қалдықтар түсіп отырады. Облыста қоқыс өндіру кешендерінің болмауы ҚТҚ-ның көп мөлшерде жиналуына әкеліп соғады.
Ағымдағы проблемалар
Облыста қоқысты қайта өндіретін кешендердің жоқтығы ҚШҚ маңызды қорлануына жеткізеді. ҚШҚ пайдаға асырудың төмен пайызы. Сонымен байланысты, 2014 жылдың қорытындылары бойынша «Қатты шаруашылық қалдықтардың жалпы көлеміндегі өңделген қатты шаруашылық қалдықтар үлесі» көрсеткіші қол жеткізілмеді
Даму беталысы
Қазақстан Республикасын Индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасына қоқыс өндіру зауытының құрылысы бойынша іс-шаралар енгізілген. Нысанның құрылысын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен «Қостанай қаласында ҚТҚ басқару жүйесін жаңарту жобаларына инвестицияларды негіздеу» үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге қаражаттар бөлінді.
Жобаның жоғары құны нәтижесінде қазіргі уақытта осы жобаның инвестициялау бойынша Әлемдік банкпен ынтымақтастық мәселесі талқылануда.
01.01.2015 жылдың жағдайы бойынша облыста қалдықтарды қайта өңдейтін 4 кәсіпорын қызмет етеді, бұл қоршаған ортаға түсетін қалдықтардың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді:
-Қостанай қаласында «Тазалық-2012» ЖШС негізінде пластмасса және басқа полимерлер қосындыларының қалдықтарынан (канализациялық люктер, геоторлар және тб.) әр түрлі бұйымдарды өндіретін желі жұмыс істейді;
-Лисаковск қаласында «Лисаковск Картон-Қағаз Кешені» ЖШС-нің қағаз қалдықтарын қайта өңдейтін 2 кәсіпорыны қызмет етеді;
-«Иволга-Холдинг» ЖШС холдингіне кіретін «ГЭСПОЛ» ЖШС негізінде өндіру және тұтыну қалдықтарын термиялық жою бойынша инсинераторлық қондырғы жұмыс істейді. Мазутталған топырақты жағуға облыстың емдеу ұйымдарымен және шаруашылық субъектілерімен келісімдер жасалды.
Облыс аумағында құрамында сынап бар лампалар мен құрамында сынап бар құралдарды жою бойынша кәсіпорын («Салем» ЖШС, Лисаковск қ.) қызмет етеді, бұл уландырғыш қалдықтардың қоршаған ортаның компонеттеріне тигізетін теріс әсерін мейлінше төмендетеді.
Радиациялық қауіпсіздік.
Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде облыста радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады. Тұрғылықты жердің радиациялық аясының төмен деңгейі бастапқы қолайлы геологиялық жағдайға, уран өндіруші кәсіпорындардың, уран және тау-химия өнеркәсібінің болмауына байланысты.
Аумақтың елді мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық гамма-аясының 2012-2014 жылдар аралығында орташа мәні сағатына аяның 0,10-0,14 мкЗв шегінде тұр және табиғи аядан аспайды.
Жергілікті жерлерде гамма сәулелену деңгейін бақылау күн сайын облыстың 6 метеорологиялық станциясында (Жітіқара, Докучаев, Қарасу, Комсомолец, Қостанай, Урицкий) жүргізіледі.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтік жауан-шашынның орташа тәуліктік тығыздығы облыс аумағында 1,3 Бк/м2 құрайды, бұл шектен тыс деңгейден аспайды.
Қостанай облысының аумағында атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивтік ластануын бақылау 2 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қостанай) жүзеге асырылды.
Флора мен фаунаны қорғау.
Қостанай облысының аумағында жалпы көлемі 2 826 558,6 гектар ерекше қорғалатын 16 табиғи аумақ, олардың ішінде: Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи қоры, 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықтары: Тауынсор, Жарсор-Ұрқаш және Михайлов, сонымен қатар 9 жергілікті маңызы бар табиғи ескерткіш бар.
Су-батпақ жерлердің жалпы аумағы 864,1 мың гектарға, оның ішінде сулы жер – 506,8 мың гектарға тең. Көлдердің басым бөлігі қыс кезінде қатып қалады.
Жануарлар әлемін жануарлардың 334 түрі: оның ішінде сүтқоректілердің 44 түрі, құстың – 261, амфибиялардың – 3, рептилиялардың – 3 және балықтардың – 23 түрі қамтиды.
Жануарлар әлемін пайдаланушылардың атына жалпы аумағы 14 199,4 мың гектарды құрайтын 89 аңшылық жер-су тіркелді, облыстың резервтік коры 1884,1 мың гектар құрайды.
Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды орынды орман алқаптары алады. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 1143,563 мың гектар құрайды, оның ішінде орманы бар 235 мың гектар (01.01.2014ж. – 229 мың га, 01.01.2013ж. – 224,1 мың га) құрайды.
Ормандарды сақтау және қорғау мақсатында орман шаруашылығы мекемелері жыл сайын өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізеді, оның ішінде 600 км аумақта орман отырғызу шекаралары бойынша минералдандырылған алқаптардың құрылысы, сонымен қатар 47000 км аумақта қолда бар минералдандырылған алқаптарды күтіп-бағу жүзеге асырылады.
Жыл сайын орман қорының 208 мың гектарды алып жатқан жалпы аумағында ормандарды екі әуе кемесімен (ұшақпен және тікұшақпен) әуеден күзету жүзеге асырылады.
Орман қорының учаскелерінде өртті қадағалау мұнараларының (ӨҚМ) жер үсті желісі құрылған. Орман мекемелерінде орман өрттерін айқындауда басты рөлді атқаратын 22 (ӨБМ) қызмет етеді.
Сумен жабдықтау көздерінің санын ұлғайту үшін соңғы жылдары мемлекеттік орман қорында 33 жаңа қазаншұңқыр, сонымен қатар 5 ұңғыма жасалды. Табиғи су қоймалары жоқ орындарда мемлекеттік орман қорының жерлерінде өртке қарсы техниканы жедел толтыру мақсатында су жинауға арналған 30 ыдыс орнатылды.
2.2.5.Аймақаралық ынтымақтастығын талдау
Географиялық жағдайы бойынша Қостанай облысы Ресей Федерациясының үш облысымен шектеседі – Челябі, Қорған, Орынбор.
Ресей Федерациясының және біздің облыстың аумақтық жақындығы көп кәсіпорындардың жұмысын ынталандырады. Солай, өнеркәсіптік өнімнің өндірісте ресейлік кәсіпорындармен өндірілетін шикізат, материалдар және жинақтаушы бұйымдар қолданылады.
Біздің облысы оңнан астам жылдардың аралығында Ресей Федерациясының кәсіпорындарымен ынтымақтасып жатыр. Ресей рынокта «ССГПО», «Варваринское», «Қостанайлық минералдар» тау-кен кәсіпорындары, «Агротехмаш» және «АгромашХолдинг» машинажасау кәсіпорындары, «Большевичка» тігін фабрикасы, «Баян-Сулу» кондитерлік фабрикасы, «Арасан», «ДЕП», «Ирина и К» агрофирмасы және тағы басқалары жұмыс істейді.
Аймақаралық ынтымақтастығы өнеркәсіптің және агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларында, мәдени, гуманитарлық салаларында байқалады.
Ресей мен Беларусь аймақтарымен қарым-қатынастары сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығы туралы қорытылған Келісімдерде негізделеді.
Өндіріс кооперациясын, өзара саудасын, инновациялық технологияларды енгізу дамудың мақсатында 2013 жылы Ресей Федерациясының Орынбор, Свердлов облыстарына және Беларусь Республикасына делегациясының іскер сапарлар ұйымдастырылған. Аумақ делегациясы мал шаруашылығы саласында тәжірибемен айырбастау үшін Омск облысына барды. Барлық өткізілген жұмысының қорытындысы Кеден одағы елдердің бес облыстармен (3 шекараға шектес облысы, Свердлов және Гроднен облыстары) сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы жазылу болды.
2013 жылы Қостанай қаласында «KOSTANAY INVENT 2013» халықаралық инновациялық форумы өткізілді, оған РФ аймақтардың өкілдері (Омск, Орынбор, Свердлов, Челябі облыстары), Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасының 10 облысы қатысты.
Жыл сайын «Қазақстан-Ресей» сауда-экономикалық миссиялар өткізіледі. Солай, 2014 жылы РФ Пензенская, Омск, Свердлов, Тюмень облыстарында сауда-экономикалық миссиялар өткізілді.
Бизнес-кездесу, көрме және жармеңке форматы белсеңді қолданылады, онда аумақтардың кәсіпкерлері қатысады.
Облыс жыл сайынғы Халықаралық шекара бойындағы форумдарына елдер Басшыларымен бірге қатысады, олар аймақаралық ынтымақтастық мәселелердің қарауымен өткізіледі.
Аймақаралық ынтымақтастығының үлгімен 2013 жылы енгізілген ресей инвестициялардың тарту есебінен ұсақ сортты құрылыс несиенің өндірісі бойынша зауыты Қостанай қаласындағы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС атауға болады.
Беларусь Республикасымен бізде әріптестік қарым-қатынастар. Өзара тиімді жобалар іске асыруда. Солай, «АгромашХолдинг» кәсіпорынында «Гомсельмаш» белорус зауытпен бірлесіп ауыл шаруашылық техникасының -«ЕSSIL KЗС-760» астық жинайтын комбайндардың және «КСК-600-03» жем жинайтын комбайндардың құрастырмасы жүргізіліп жатыр. Солай, 2013 жылы бойынша 380 комбайн, 2014 жылы бойынша 386 комбайн жиналған.
Қазақстан аймақтардың арасында аймақаралық кооперациясы
Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарында «АгромашХолдинг» АҚ компанияның 8 бөлімшесі құрылған және жұмыс істейді, Қазақстанның негізгі астық егетін аумақтарды қолайлы ауыл шаруашылық техникамен қамтамасыз етеді.
Көп жылдары бойы «Большевичка» өндірістік кооперативі-шикізат пен жинақтаушы заттар сатып алу бойынша Алматы, Көкшетау, Шымкент қалаларында жұмыс істейді
Астана қаласында «Баян Сұлу» АҚ өкілдігі жұмыс істейді.
«Экспро» ЖШС (ауыл шаруашылық машиналарға арналған қосалқы бөлшектердің өндірісі) өз өнімді Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанда, Алматы облыстарына жеткізіп тұр.
Облыстың өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындар нарықтық экономиканың талабында Қазақстан, Ресей және басқа мемлекеттердің кәсіпорындармен, өндірістерімен аймақаралық ынтымақтастықтың шегінде белсенді әрекеттеседі.
2.2.6. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2015 жылдың 1 қантардағы жағдайы бойынша облыста:
-771 мемлекеттік орган немесе 2012 жылдың деңгейіне 103%, оның ішінде мынандай санаттар бойынша: аумақтық – 207 (СО – 31, СR –176) немесе 2012 жылдың деңгейіне 108%, облыстық – 26 (D – 3, DО – 23) немесе 2012 жылдың деңгейіне 118%, аудандық, қалалық және ауылдық – 538 (Е – 40, ЕR – 254, ЕG – 244) мемлекеттік орган жұмыс істейді;
-мемлекеттік қызметшілердің штат саны 6500 бірлік, бұл 2012 жылдың деңгейіне 102,5% құрайды, оның ішінде саясаттық – 6, әкімшілік – 6051 бірлік құрады. «А» корпустың әкімшілік мемлекеттік қызметкердің-26, «Б» корпустың әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер - 6438- санаттар шегіндегі:СО – 1346, СR – 1521, D – 102, DО – 120, Е – 485, ЕR – 1498, ЕG – 961.
Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 3427 (52,7%) немесе 2012 жылдың деңгейіне 89,6%. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39,6 жыл құрайды. Зейнетке жақын жастағы қызметкерлер – 24 (2012 жылдың деңгейінен 32,8%).
5105 адамның (86,4%) жоғары білімі, оның ішінде 15 адамның ғылыми дәрежесі бар. 791 адамның (13,3%) орта кәсіптік кейін білімі, 12 (0,3%) – орта білімі бар.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 11,3 жылды, атқаратын лауазымы бойынша – 3,9 жылды құрайды.
Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңымен реттеледі және ҚР Конституциясы 86-бабының 1-тармағына және жергілікті мемлекеттік басқару заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес маслихаттар халықпен жалпы, бірауыздан, тікелей сайлау құқығының негізінде құпия түрде дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады. Осыған байланысты маслихаттардың депутаттары іс жүзінде өзінің сайлаушыларымен қарым-қатынаста болып, оларға өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
Облыс бюджеті
Облыс бюджеті бюджеттік әкімшілдіктің барлық қызметтері бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемдерінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.
2014 жылы кірістер бойынша облыс бюджетінің көлемі 170 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы облыс бюджетінің көлемінен 1,3 есе және 2013 жылғы бюджет көлемінен 1,2 есе артық.
Республикалық бюджеттен алынған трансферттер 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, 2012 жылы 1,2 есе, оның ішінде нысаналы трансферттер 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есе және 2013 жылмен салыстырғанда 1,2 есе, субвенциялар 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 есе және 2013 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға қысқарды. Республикалық бюджеттен алынған трансферттердің үлесі 68,8% (2012 жыл – 67,1%, 2013 жыл – 66,3%), жеке кірістердің үлесі – 31,2% құрады.
Облыс бюджетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 02 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджет базасына енгізілді. Осыған байланысты 2007 жылға қарағанда 2008 жылы нысаналы трансферттер көлемінің төмендеуі белгіленді.
2012-2014 жылдары өз кірістерінің түсу серпініне сәйкес 2012 жылға қарағанда 2014 жылы өз кірістерінің өсу қарқыны 121,3%, 2013 жылға 109,2% құрады.
Соңғы үш жылдың ішінде облыс бюджетінің шығыстары 1,2 есе өсті және 173,7 млрд. теңге құрады.
Талданатын кезеңде шығыс бөлімінің құрылымында көрсеткіштерге қатысты біраз өзгерістер болды. Облыс бюджеті әлеуметтік бағытта бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының үлесі 50,4% құрайды, 2012 жылға қарағанда 2014 жылы қаржыландыру көлемі 1,1 есе ұлғайды.
2008 жылдан бастап бюджетті қалыптастыру бюджеттік қызметтерді тұтынушылардың санына және әр өңірдегі шығыс қажеттіліктеріндегі айырмашылықты негіздеуші объективтік факторларға сүйене отырып, шығыстық қажеттіліктің бағалау негізінде жүзеге асырылды. Шығындар деңгейіндегі айырмашылықтарды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көлікке қол жетімділік және т.б.) негіздейтін объективтік факторларды ескере отырып, формулалық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылардың санына сүйене отырып, «Сметалық» әдістен – ағымдағы шығындарды бағалау әдісіне көшу жүзеге асырылды.
36-кесте
Өңірлер шегіндегі бюджет шығыстары
млн. теңге
|
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Алтынсарин ауданы
|
852,8
|
920,9
|
1004,9
|
1107,5
|
1432,9
|
1623,3
|
2333,2
|
2
|
Амангелді ауданы
|
898,4
|
1058,9
|
1427,3
|
1790,9
|
1836,6
|
1800,4
|
1858,9
|
3
|
Әулиекөл ауданы
|
1933,5
|
2387,9
|
2125,9
|
2545,1
|
3305,6
|
4785,6
|
5078,9
|
4
|
Денисов ауданы
|
1043,9
|
1150,6
|
1334,7
|
1715,3
|
2095,3
|
2141,5
|
3115,9
|
5
|
Жангелдин ауданы
|
1277,4
|
1312,5
|
1509,1
|
1679,2
|
1757,5
|
1670,2
|
2078,3
|
6
|
Жітіқара ауданы
|
2090,1
|
2246,1
|
2101,9
|
2863,1
|
3663,7
|
3081,8
|
4086,1
|
7
|
Қамысты ауданы
|
1011,7
|
1576,5
|
1256,6
|
1374,5
|
1604,9
|
1878,3
|
2294,3
|
8
|
Қарабалық ауданы
|
1164,9
|
1275,9
|
1405,2
|
2047,2
|
2701,9
|
3538,7
|
3776,5
|
9
|
Қарасу ауданы
|
1298,0
|
1499,7
|
1619,7
|
2534,6
|
2847,3
|
2270,1
|
2479,1
|
10
|
Қостанай ауданы
|
2743,8
|
3306,2
|
4434,8
|
4267,7
|
4843,2
|
5441,2
|
6399,6
|
11
|
Меңдіқара ауданы
|
1150,6
|
1257,3
|
1641,2
|
1732,9
|
1878,0
|
2020,3
|
2524,7
|
12
|
Наурызым ауданы
|
722,6
|
883,6
|
990,0
|
1069,5
|
1606,3
|
1452,1
|
1361,4
|
13
|
Сарыкөл ауданы
|
1565,2
|
1938,0
|
1913,8
|
2140,1
|
1835,1
|
2394,9
|
3580,9
|
14
|
Таран ауданы
|
1385,6
|
1603,3
|
1823,0
|
2161,3
|
2388,0
|
2609,2
|
2981,1
|
15
|
Ұзынкөл ауданы
|
970,7
|
1047,3
|
1319,9
|
1569,4
|
2307,8
|
2118,8
|
2110,1
|
16
|
Федоров ауданы
|
1502,1
|
1613,7
|
1657,8
|
2367,8
|
2806,8
|
3815,4
|
3604,6
|
17
|
Арқалық қаласы
|
3267,1
|
2990,5
|
3476,6
|
3963,0
|
5638,8
|
5282,2
|
5456,9
|
18
|
Қостанай қаласы
|
10605,
|
11835,2
|
11679,8
|
12826,3
|
18273,5
|
23248,6
|
30495,1
|
19
|
Лисаков қаласы
|
1525,4
|
1413,8
|
2023,8
|
1873,9
|
2443,1
|
3081,4
|
3811,4
|
20
|
Рудный қаласы
|
3727,5
|
5010,7
|
5288,2
|
5661,6
|
7569,3
|
12615,8
|
14192,1
|
21
|
Облыстық
|
41437,1
|
48991,5
|
61628,9
|
60713,8
|
63902,7
|
114116,3
|
141331,3
|
|
Облыс бойынша жиыны
|
82173,4
|
95320,1
|
111663,1
|
118004,7
|
136738,3
|
146583,6
|
173702,1
|
2012 жылы қысқарған шығындарды оңтайландыру нәтижесінде, бюджеттің ағымды шығыстары бойынша, бастағанды аяқтау жолымен және жаңа жобаларды іске асыруды кешеулетуды болдырмау, оның ішінде әр түрлі бағыттағы көп санды жобаларды қаржыландыруды қабылдау салдарынан, инвестициялық жобаларды іске асыруды ретке келтіру.
Облыстың бюджеттік саясаты барлық міндеттемелерді, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда облыс тұрғындарын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды облыстың толық және уақытында жүзеге асыруы үшін қаржы ресурстарын жаңашаландыруға және топтауға бағытталған.
Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған және шығыстарды жоспарлау кезінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ облыс экономикасының дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау негізгі басымдылық болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» (ары қарай – Тізілім) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына сәйкес 2012 жылы жергілікті атқарушы органдар 78 қызметтер түрлерін көрсетті, бұл 2011 жылға қарағанда 1,7 есе артық.
«Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» (ары қарай – Тізілім) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес 2013 жылы жергілікті атқарушы органдар 124 қызметтер түрлерін көрсетті, бұл 2012 жылға қарағанда 1,6 есе артық.
Барлығы облыс бойынша 2012 жылы 4 935 946 қызмет, олардан ХҚК арқылы – 35 019 қызмет, бұл 2011 жылға қарағанда 1,2 есе артық – 29 628 қызмет көрсетілді.
2013 жылдың жағдайы бойынша облыс бойынша 925 539 қызмет, олардан ХҚК арқылы – 55 917 қызмет, бұл 2012 жылға қарағанда 1,6 есе артық – 35 019 қызмет көрсетілді.
2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыс бойынша 38 қызмет түрі автоматтандырылуға жатады, оның ішінде баламалық негізде ХҚК арқылы мемлекеттік қызметтердің 29 түрі. Электронды түрде 81,8 мың қызмет көрсетілді (ХҚК ақпараттық жүйесі – 8 180, «Е-акимат» жүйесі – 26 489, «электронды үкімет» порталы – 6 208, «дәрігер қабылдауына жазылу» қызметі бойынша №1 емхананың ведомстволық порталы – 40 946), бұл 2012 жылға қарағанда 1,9 есе артық – 43 мың қызмет және 2011 жылға қарағанда 18 есе артық (4356 қызмет).
Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі енгізілді. Облыста 3 басқарма – лицензиар бар, олар 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап лицензияларды электрондық түрде беруге кірісті. 2013 жылы 167 лицензия (2012 жылы – 257 лицензия, 2011жылы - 225).
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айында «Е-лицензиялау» жобасының шеңберінде рұқсат беретін құжаттары бөлігінде «Электрондық рұқсат» ақпараттық жүйесі тәжірибелік қолданысқа берілді. Бұл жүйе рұқсат құжаттарын беретін 4 басқармада және қала және аудан әкімшіліктер бөлімдерінде енгізілді.
Жыл қорытындылары бойынша бекітілген мерзім бойынша 10 фактысы анықталды, оның ішінде мемлекеттік органда көрсетілген қызметтің 8 фактысы, 2 факты – халыққа қызмет көрсету орталықтарында. Сонымен қатар, есептік кезеңде қызмет көрсетудің сапасына 29 шағым келіп түсті.
Осы фактілер бойынша 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларды көрсету мерзімдерін сақтауды бақылау мақсатында қызметтер мониторингі жүргізіліп, кешенді тексерулер жүзеге асырылады. 2013 жылы облыстың 16 атқарушы органы тексеріс жүргізді (2012 жылы – 15 орган).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бақылауға алынып, әкімдік отырыстары мен аппараттық кеңестерде үнемі қарастырылып отырады.
Облыстың қала және аудан әкімдіктерінің жергілікті атқарушы органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдардың басқарушылары және мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттер ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстың осы бағыты шеңберінде облыстың жергілікті атқарушы органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында 83 семинар-кеңесі және үйрету сабақтары өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталықта «Мемлекеттік қызмет көрсету (қызмет көрсетудің электрондық форматын қосқанда) және жергілікті атқарушы орнандар қызметінің тиімділігін бағалау» тақырыбы бойынша 633 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде электрондық форматта қызмет көрсету бойынша – 120.
«Зерде» ұлттық ақпараттық холдингінің қолдауы арқылы 2012 жылдың екінші жартыжылдығында электронды қызметтерді пайдалану машықтарына 5 125 адам оқытылды, бұл 2011 жылға қарағанда 2,1 есе артық (2 400 адам).
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша іс-шаралар шеңберінде ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көрсетілетін қызметтер санын көбейту жөнінде ұсыныстар жолданды. Осы ұсыныстар мемлекеттік қызметтер Тізімінде ескерілді.
2013 жылы компьютерлік оқытумен 19 715 адам (14-тен 69-ға дейін жас аралығындағы халықтың 56%-ы),қамтылды. В 2013 году обучено компьютерной грамотности – 19 715 человек (56% населения в возрасте от 14 до 69 лет), облыс тұрғындарының 5,8 мың адамнан астамы электрондық қызметты пайдалану курстарын оқыды (2012 ж.- 58 500 адам және 3 500 адам сәйкесінше).
Халық арасында электрондық қызметтерді насихаттау және мәлімдеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтер регламенттері, оларды көрсету тәртібі жарияланады, еркін тарату үшін қалалар мен аудандар әкімдіктері үшін жарнамалық және ақпараттық материалдар дайындалып, берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Алау» және «Қазахстан Қостанай» телеарналарында «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметті алу мүмкіндігі жөнінде бейне роликтер көрсетіледі.
Қызметалушыларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету шеңберінде, Қостанай облысы әкімі Н.М. Садуақасов 2013 жылдың 28 наурызында шынайы уақыт режімінде Қостанай облысы бойынша «ХҚК» РМК, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, «Қостанай қ. № 4 Емханасы» МҚК-нің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысымен танысты. Танысу нәтижелері облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында кең жарияланды.
Әлеуетті проблемалар:
кері байланыс тетіктерінің болмауы және көрсетілген қызметтер бойынша халықтың қанағаттанушылығының деңгейін анықтау, мемлекеттік органдардың электронды қызметтерінің инфрақұрылымына теңсіз қол жеткізу;
қызмет көрсету-органдарының қызметтерді электронды түрге көшіруге қызығушылығының төмендігі, қызметтерді автоматтандыру бойынша көп мерзімді стратегиялардың болмауы, ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі;
біріңғай және жүйелік мониторингтің болмауы, қалалар мен аудандар әкімдіктері жағынан қызметтердің сапасына жеткіліксіз бақылау;
қызмет көрсету-органдары қызметкерлерінің жеткіліксіз кәсіптік құзыреті және қызметтік этика нормаларын сақтау ақпараттық жүйелермен жұмыс істеген кезде компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі кездесетін жағдайлар бар, елді мекендер қызметкерлері деңгейінде кадрлардың жиі ауысуы орын алады;
қалалар мен аудандар аппараттарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және мониторинг бөлімдерінің болмауы;
стандарттарды бекіту тәртібінің, заңнаманың құқықты пайдаланудың әртүрлі тәжірибесінің болмауы регламенттеуші құжаттарды қабылдау жөніндегі заңнама талаптарын орындамауға апарады.
Даму перспективалары және беталысы:
Әрі қарай даму «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңмен қарастырылған іс-шараларды іске асыруын көздейді, оның ішінде Мемлекеттік қызметтер мен қоғамдық мониторингті көрсету мәселелері бойынша біріңғай контакт-орталықтың жүйесін құру;
2015 жылға дейін әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету сапасының қанағаттандыру деңгейін 96%-ға дейін жеткізу арқылы халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және әлеуметтік маңызды қызметтерді 100% дейін электронды түрге көшіру санын ұлғайту.
Қойылған мәселелерді шешу үшін мынадай негізгі іс-шаралар іске асырылады:
Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жасау;
мемлекеттік қызметтер мен функцияларды, оның ішінде электрондық құжат айналымын автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу және қолдау, пайдаланушыларды оқыту және жұмысын мониторингілеу;
облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсын, блог-платформасын, электрондық қызметтер сайтын жетілдіру және қолдау;
облыстық, аудандық деңгейлерде жергілікті атқарушы органдардың біріңғай көлік жағдайын ұйымдастыру және дамыту, компьютерлік, серверлік жабдықтарды, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың жабдықтары мен серверлік жайларын қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сертификаттау және аттестациялау;
мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әлеуметтік сауалдар, зерттеулер жүргізу;
халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындау, «электронды әкімдікті» көпшілікке тарату бойынша PR – акцияларды және іс-шараларды өткізу, жарнамалық мәліметтердің, базарлық өнімдердің ресми стилін әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |