Халықтың табыстары 2012 жылмен (44832 теңге) салыстырғанда 2014 жылы 18,4%-ға өсіп, 1 адамға шаққанда 53093 теңге құрады. 2014 жылы орташа айлық еңбек ақы 89971 теңге құрады, бұл 2012 жылмен (76647 теңге) салыстырғанда 17,3%-ға артық.
Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:
мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;
көп балалы үйлерде кедейлiктiң басым болуы;
әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.
Осындай жағдайда табысы ең төмен мөлшерде белгіленген табыстан да төмен халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың ең басты міндеті өмірдің қиын жағдайларына тап болған тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша шараларды қолдану, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту болып табылады.
Облыста Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізіп жатқан реформа шеңберінде «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында арнайы Әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілді:
2009 жылы психоневрологиялық патологиялары бар балалар үшін;
2010 жылы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғалар үшін;
2011 жылы жалпы үлгідегі интернат-үйлеріндегі қартайған кісілер мен мүгедектер үшін;
Психоневрологиялық патологиялары бар балалар үшін күндіз қарайтын 4 бөлім ашылды;
2012 жылы белгілі тұратын жері жоқ тұлғалар үшін.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында арнайы әлеуметтік қызметтерді:
1671 адам тұратын, 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, олардан күндіз қаралатын бөлімдерге 25 мүгедек бала және психоневрологиялық аурулары бар 7 мүгедек барады;
1662 мүгедек денсаулығын жақсартқан Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталығы;
2824 адам, оның ішінде 2292 қарт кісі, 120 мүгедек, 298 мүгедек бала, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 114 мүгедек, әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанында үйде әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлім ұсынады.
915 адамға қызметін көрсеткен тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 2 әлеуметтік бейімдеу орталығы.
123 адам баратын, психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған 5 күндіз болу бөлімшелері.
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама түрлері дамып келе жатыр. Үкіметтік емес секторда 2011 жылдан бастап жартылай стационарлық және үйде күту жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетілуде. 2015 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың саны 94 адамды құрады.
28-кесте
2008-2014 жылдардағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету көрсеткіштердің серпіні
Көрсеткіштердің атауы
|
2008 ж
|
2009 ж
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету:
|
|
медициналық-әлеуметтік мекемелерде
|
1463
|
1575
|
1649
|
1691
|
1641
|
1692
|
1671
|
оңалту орталықтарында
|
1368
|
1849
|
1867
|
1981
|
1833
|
1663
|
1662
|
тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында
|
190
|
190
|
190
|
190
|
1378
|
908
|
915
|
жұмыспен қамту бөлімдері жанындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған күндіз болу бөлімшелерінде
|
|
|
|
78
|
101
|
125
|
123
|
үкіметтік емес секторда
|
|
|
|
25
|
54
|
54
|
94
|
паспорттандырылған нысандар, бірлік
|
|
|
|
|
76
|
1492
|
1568
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қаңтардағы № 64 қаулысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (2012-2013 жылдар)» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №254 қаулысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі (2014 – 2015 жылдар)» бекітілді.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мүгедектер жүйелі баратын барлық әлеуметтік объектілердің паспорттандыру өткізілді.
Күштi жақтары
Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.
Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.
Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.
Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.
Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық кіріктіруге және тартуға мүмкiндiк береді.
Әлсiз жақтары
Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.
Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындары санының аздығы.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.
Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.
Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.
Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:
мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер бірдей көрсетіле бермейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;
медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялар мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын мүгедектің өтініш жасауына байланысты әзірлейді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген ОЖБ мерзiмінде орындалмайды.
Психоневрологиялық интернат-үйлерге кезектілік.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін ҮЕҰ материалдық-техникалық базасының болмауы.
Мүмкiндiктер
Жұмыс орындарын құру, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру бөлiгiнде:
а) қоғамдық жұмыстар;
б) әлеуметтiк жұмыс орындары.
Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.
Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.
Әлеуметтiк шиеленістің төмендеуі.
Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.
Қауiп-қатерлер
Бүркемелі жұмыспен қамту.
Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.
Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табыстар туралы анықтама беруді талап етеді).
Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша ҮЕҰ белсенділігі төмен.
Мәдениет
Облыс мәдениет потенциалы жеткілікті дамыған инфрақұрылыммен көрсетілген. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2014 жылдың 1 қантарына жағдайы бойынша Қостанай облысы барлық меншік түрлерінің объектілері бары бойынша (737 объект) Оңтүстік Қазақстандық облысынан кейін 2 орын алады.
2012-2014 жылдары бойынша облыс мәдениетінің кәсіпорындар мне ұйымдар жүйесі 6 объектіне ұлғайтылды. 2015 жылдың 1 қантарына жағдай бойынша аумақта 663 мәдениеттің мемлекеттік мекеме және кәсіпорын жұмыс істейді: 240 клуб, 407 кітапхана, 10 мұражай, 4 театр, облыстық филармония, киновидеоқорды сақтау мен пайдалану бойынша орталығы.
2014 жылы клуб мекемелерінде 25,7 мың іс-шара өткізілді, оларды 4 445,2 мың адам барып көрді (2012 жылдан 4700 мың адамға артық). 2012 жылмен салыстырғанда іс-шаралар саны 536-ға артылды.
Облыс 10 мұражайларында 11720 іс-шара өткізіліп ( экскурсия, дәріс, көрме өткізілді), оларға 353,5 адам барды. Облыс мұражай қорларында 274 астам раритеттік экспонат сақталады.
2014 жылы театрлар 1197 спектакль (оның ішінде 20 жаңа қойылымдар), оларды 187,9 мың көрермен тамашалады. 2012 жылмен салыстырғанда спектальдер саны 203 немесе 20%-ға артты.
Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда 2014 жылы 338 концерт ұйымдастырылды, бұл 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 111,5% құрайды. Оларды 258 мың көрермен тамашалады (2012 жылдың деңгейінен 56,6 мың адамға артық).
Іс-шараның атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Іс-шаралардың саны
|
Келген адамдар (мың адам)
|
Іс-шаралардың саны
|
Келген адамдар (мың адам)
|
Іс-шаралардың саны
|
Келген адамдар (мың адам)
|
Концерттер
|
303
|
201,4
|
336
|
255,8
|
338
|
258,0
|
Қойылымдар
|
994
|
191,0
|
1205
|
192,9
|
1197
|
187,9
|
Мәдени-бұқаралық іс-шаралар
|
25201
|
4440,5
|
25735
|
4445,2
|
25737
|
4445,2
|
Қостанай облысының елді мекендерінің мәдениет объектілермен қамтамасыз ету 122,8% құрайды.
Мәдениет саласының тұрақты дамуы саланың жоспарлы қаржыландырумен қамтамасыз етілген: 2012 жылы-3739,8 млн. теңге, 2013 жылы-3377,8 млн. теңге, 2014 жылы-3927,9 млн. теңге.
2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламаны іске асыру шеңберінде 242,0 млн. теңге жұмсалған.
Ұлттық өнерінің дәстүрлерді сақтау мен даму мақсатында сайыстар мен фестивальдар өткізілді: «Қыран жігіт, Аққу қыз» облыстық сайысы, «Серпер» қазақ халқы аспаптар ансамбльдің алғашқы облыстық аспаптық фестивалі, «Жас тұлпар» оқушылардың облыстық айтысы, «Қазақ елі осындай» облыстық айтысы, «Тобыл Толқыны халық би облыстық сайысы.
2014 жылдың масштабты іс-шаралары: мәдениет, өнер, журналистика, ғылым мен білім дамуына аманат бойынша Қостанайлық Клубтың жебеушілердің премия тапсырудың жыл сайынғы рәсімі; Қазақстан мен Ресей ұжымдардың қатысумен джаз музыканың «Джаз-бомонд» халықаралық фестивалі; Қазақстанның барлық аумақтардан 60 астам әнші мен ұжымдардың қатысумен әншілердің балаларға арналған «Золотой микрофон» XII халықаралық сайысы; Халық бидің «Жаркөл өрнектері» халықаралық фестивалі; отандық әннің «Свято чтим...» ІІ облыстық фестивалі.
2014 жылы 41 республикалық және халықаралық фестиваль мен сайыс өткізілді, бұл 2012 жылдың деңгейден 2,7 есе артық (15 сайыс). 2014 жылы қатысушылардың саны 346 адам және 17 ұжым құрады, бұл 2012 жылдан 224 адамға, 9 ұжымға артық.
Мәдениет және спорт
01.01.2015 жылына 397 ауыл елді мекендердің жерінде 677 мәдениет объектілері бар, соның ішінде: 291 клуб(жұмыс істейтін 279), 381 кітапхана, 5 мұражай. 350 ауыл елді мекендердің жерінде келесі спорттық объектілер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешені, 471 спорттық зал, олардың ішінде 373 жалпы білім беретін мекемелерде, 5 бассейн, 12 шаңғы база. 2011 жылмен салыстырғанда мәдениет объектілердің 5 бірлікке өсуі көрінеді.
Мәдениет объектілерінің толық емес қызмет етуінің жалпы проблемалары, село тұрғындарының аз болуы, алыс қашықтықта орналасқан ауылдарды мәдени-ағартушы іс-шаралармен қамтамасыз ету үшін автокөлік санының жеткіліксіздігі, сонымен қатар мәдениет ұйымдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіретін шаруашылықты субъектілеріне, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жеткіліксіз қаржы бөлу болып табылады.
Ағымдағы және әлеуетті мәселелер:
Ауылдық елді мекендерде мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базаларының жабдықтануының жеткіліксіздігі.
Даму беталысы
Халықтың мәдениет объектілерін қатысушылығын арттыру;
Жаңа мәдениет объектілерін ашу;
Бар мәдениет объектілерін күрделі жөндеуден өткізу және жаңарту;
Медниет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату.
Тілдерді дамыту
Облыстың тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.
Ересектердің мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту инфрақұрылымы маңызды кеңейтілген. 2007 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде өңірлік тілдерді үйрету орталықтарының желісі дамуда: 2007 жылы – облыстық тілдерді оқыту орталығы, 2008 жылы – Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы ашылды, 2011 жылы Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарында және Арқалық қаласында тілдерді оқытудың 7 мемлекеттік орталығы ашылды, 2012 жылы ұқсас орталықтар Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Қарасу, Меңдіқара, Науырзым, Таран аудандары мен Лисаков қаласында ашылды. 2013 жылы Қостанай ауданында Тілдерді оқыту орталығы құрылады. 2015 жылдың 1 қаңтарына олардың саны 18 бірлігін құрады.
Тілдерді оқыту орталықтарын ашу тілдерді оқытудың бірегей инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді, бұл мемлекеттік тілді оқыту сапасына және облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне оң әсерін тигізеді.
Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2007 жылы 360 тыңдаушы қамтылды, 2008 жылы тілдерді оқыту орталықтары негізінде 587 адам оқыды. 2013 жылы мемлекеттік тілді оқитындардың саны 9,8 мың адамды құрады, олардан 3,6 мыңы қазақ тілін қазіргі заманғы оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтылған тілдерді оқыту орталықтары базасында оқыды (10 есе ұлғайды). 2014 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік тілді үйренетін тыңдаушылардың саны 12,7 мың адамға артып кетті.
Тілді оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында үш деңгейлі «Тобыл» оқу кешені әзірленді. Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар, кітапшалар, сабақтың жұмыс жоспарлары, «Мемлекеттік тілде құжат айналымы» курстарының тыңдаушылары үшін электрондық құрал және т.б. әзірледі.
ҚР ҒБМ-ң ұлттық тестілеу орталығының өкілдердің қатысуымен «Казтест» қазақ тілін білу деңгейінің бағалау жүйесімен және тестілеу өткізу жүрісімен танысу бойынша іс-шаралардың шеңберінде 2012-2014 жылдары кезеңінде «Казтест» бағдарлама бойынша диагностикалық тестілеу 2,5 мыңнан астам адам өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2015 жылдың наурыз айында облыс әкімдіктер басқармалардың қызметкерлер арасында тіл компетенциясының деңгейі аңықтау үшін диагностикалық тестілеу өткізілді. Осы жұмыс аудандағы атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлер арасында жалғастырады.
2011 жылы мемлекеттік тілді оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілдерді оқыту бойынша бағдарламалар орналастырылатын басқарманың сайты құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл порталы «Тіл порталы» мен SOYLE.KZ сайтына қол жетімділік қамтамасыз етілді.
2013 жылдан мемлекеттік тіл мен қатар ағылшын тіліне оқыту ұйымдастырлған. 2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша ағылшын тіліне оқытумен 1322 ересек азамат қамтылды.
Тілдерді оқыту үрдісіне әр түрлі қызмет салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары белсенді кірісіті: «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы, «Қазақстан теміржолы»Ұлттық компаниясы АҚ облыстық филиалы, «Транстелеком» АҚ, «Фармация НЕО» ЖШС, «Компас» ЖШС және басқалар.
Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлес көлемі 2008 жылы 51%, 2013 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу 86,7% құрады. 2014 жылдың қорытындылары бойынша облыс мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде құжат айналымы 90% құрады.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2007-2008 оқу жылдары мектепке дейінгі мекемелерде балалардың 29,1%-ы және жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың 25,6%-ы қазақ тілінде оқыды. 2012-2013 оқу жылдарында осы көрсеткіш тиісінше 35% және 29,6% құрады. 2014-2015 оқу жылдарында осы көрсеткіш тиісінше 35% және 30,3% құрады.
Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда. Егер 2007-2008 оқу жылында ұлты қазақ балалардың 52,2%-ы қазақ тілінде оқыса, 2012-2013 оқу жылында аталған көрсеткіш 59,8% құрады. Ағымдағы 2014-2015 оқу жылы қазақ ұлты оқушыларының 60,0% ана тілінде білім алуда.
Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында «Алау» телеарнасында және «Рудный дауысы» радиосында қазақ тілі сабақтары өткізіледі («Тілашар» телесабақтары, «Изучаем казахский язык» радиосабақтары), «Костанайские новости», «Федоровские новости», «Арқалық хабары» газеттерінде «Изучаем казахский язык» арнасы қызмет етеді.
Әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 60% құрайды, соның ішінде 45% тілді жетік меңгерген, 15% - орта деңгейде.
Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігі Қостанай облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.
Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында бірқатар ұлттық-мәдени орталықтар жанында жексенбілік мектептердің жұмыстары ұйымдастырылған. Тілдерді оқыту орталығының базасында этникалық топтардың тілдеріне оқыту ұйымдастырылған.
2014 жылы бойынша тілді оқыту орталықтарының оқу мен материалдық-техникалық базасын бекіту үшін жұмыс істелген.
Күшті жақтары
Тілді оқыту үшін инфрақұрылымын құруы (тілді оқыту үшін 18 орталық);
Тілді оқыту орталықтарының оқу мен материалдық-техникалық базасын бекіту;
Мемлекеттік тілін білетін халық санын ұлғаюы;
Өткізетін тіл саясатын облыс халықтың қолдауының жоғары деңгейі.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан:
- қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі;
- өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар болып табылады.;
- аккредитивтік тілдерді оқыту орталықтар торының жоқтығы (басы 2014 жылы жоспарланып отыр);
- халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің жеткіліксіз қызмет атқаруы;
- жекешелендіруге жататын тілді оқыту мемлекеттік орталықтарды коммуналдық меншігінің ұйымдардың тізбесіне енгізуі.
Негізгі ішкі және сырқы факторларды бағалау:
Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолдану мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту маңызды фактор болып табылады.
Бұл ретте іскери қарым-қатынас, бизнес, ғылым және халыққа қызмет көрсету саласы мен мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.
Әрекеттегі тіл заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Даму беталысы
1.Аккредитивтік тілдерді оқыту орталықтарын ашу
2.Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу.
Дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны 248,8 мың адам – облыс тұрғындарының жалпы санынан 28,0% құрады. 4 жыл аралығында облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні 3,5% немесе 31,1 мың адам құрады.
29-кесте
Облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны (мың адам)
|
217,7
|
230,8
|
234,4
|
241,1
|
248,8
|
Тұрғындарды қамту %
|
24,5
|
26,1
|
26,6
|
27,3
|
28,0
|
Жыл сайын 6 мыңнан астам спорт іс-шаралары, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2,5 мың іс-шара өткізіледі. Іс-шараларға 400,0 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 220 мың адам қатысады.
28 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 17347 оқушы оқиды. Спорт мектептерінде жалпы білім беретін мектептер оқушыларының 17,5%-ы спорт мектептерінде сабақтармен қамтылды.
Дене шынықтыру жұмысын дене шынықтыру және спорт бойынша 2199 штаттық жұмыскер, оның ішінде ауылдық жерлерде 1062 адам жүргізеді.
2011-2014 жылдары: Қазақстан Республикасының 231 спорт шебері және 30 халықаралық сыныптағы спорт шеберлері даярланды.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 2445 бірлікті немесе 2012 жылдың деңгейіне (2341 құрылыс) 4,4%. 2010-2014 жылдардағы кезеңде спорт инфрақұрылымын дамытуға 4955,8 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 2446,5 млн. теңге, тартылған қаражаттардан 2509,3 млн. теңге бағытталды.
30-кесте
Спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар
млн. теңге
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жергілікті бюджет
|
509,4
|
33,0
|
37,9
|
698,3
|
1167,9
|
Тартылған қаражаттар
|
62,9
|
617,9
|
143,3
|
1093,0
|
592,2
|
Барлығы
|
572,3
|
650,9
|
181,2
|
1791,3
|
1760,1
|
2012-2014 жылдардағы кезеңде 132 объект пайдаланымға енгізілді, сонынң ішінде мынадай ірі жобалар іске асырылды: Қостанай ауданы Затобол с. Қарасу ауданы Қарасу с. Және Сарыкөл ауданы Сарыкөл с. Стадиондары. Таран ауданы Тобыл с., Қамысты ауданы Алтынсарин с, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және Қостанай қаласында «Қазақстан» және «Арлан-2050», Рудный қаласындағы «Качарец» және Қостанай ауданының Озерное с. дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Әулиекөл ауданының Әулиекөл с. «Болашақ» спорт ғимаратының кешені және Қостанай қаласындағы «Технодом Арена» конькимен жүгіру стадионы қалпына келтірілді.
2010-2014 жылдар аралығында халықтың дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналасу үшін қол жетімді спорттық инфрақұрылым объектілер санының 36-дан 43-ке дейін ұлғаюы байқалды, соның ішінде ауылда кешендердің саны 19-дан 21-ге дейін өсті.
31-кесте
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Барлық объектілер саны, (дана), оның ішінде:
|
36
|
39
|
39
|
41
|
43
|
Халықтың саны (мың адам)
|
881,2
|
879,5
|
880,1
|
880,9
|
881,5
|
Халықтың 1000 адамына арналған кешендердің саны
|
0,40
|
0,44
|
0,44
|
0,46
|
0,48
|
Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар аталған секторлар мекемелері құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады.
Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.
Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.
Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет, мысал ретінде көршілес елдер Қытай және Ресей Федерациясын келтіруге болады.
Күшті жақтары
Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;
2010 жылмен салыстырғанда спорттық кешендердің саны 7 бірлікке ұлғаюы.
Әлсіз жақтары
Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;
Спорт залдарының жеткіліксіздігі;
Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.
Мүмкіндіктері
Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).
Қауіп-қатерлер
Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың аталған сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандар қызығушылығының төмен болуы байқалып отыр.
Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:
1.Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;
2.Спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;
3.Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі;
4.2014 жылғы жағдай бойынша облыстың 669 селосында және кентінде небәрі 21 спорт кешендері бар, спорт бойынша 252 әдіскер жұмыс істейді.
Туризм
Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, «Джайляу КЗ» сауықтыру кешенінің болуы туризм дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туристік ұйымдардың саны 116 бірлік құрап, оның ішінде туроператорлық қызметтегі – 17, турагенттік қызметтегі – 99.
Туристерді жайғастыру үшін объектілердің саны 95 бірлік құрады, соның ішінде 80 қонақ үй, 7 пионерлік лагерь, 2 туристік база, 5 демалыс үй, 1 мотель. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1109,9 млн. теңге құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 37,7%-ға артық.
Ішкі туризмнің ұлғаюы байқалады. 2013 жылдың қорытындылары бойынша резидент туристтердің саны 175,0 мың адам құралды, 2014 жылы 178,7 мың адам (2,2%-ға өсуі), 2012 жылмен салыстырғанда 21,0%-ға ұлғайды (147,7 мың адам). Алайда, 2014 жылдың бағалау қорытындылары бойынша көрсеткіштің нақты орындалуы 99% құрады. Аймаққа келген адамдардың төмендеу тенденциясы тек қана 2014 жылы байқалды.
«Ішкі туризмнің келушілердің санның ұлғаюы» көрсеткіштің орындамауының себебі әлемнің қаржы-экономикалық рынокта құбылма жағдай және ресей рубльдің девальвациясы болды. Ықтимал саяхатшылар біздің облысымен шектелген Ресей аумақтарына жол жүрді.
2014 жылы облысқа 7516 шетел турист келді, 2013 жылға қарағанда 10,2%-ға өсті, 2012 жылға 26,4%-ға өсті.
32-кесте
2007-2014 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму серпіні
Көрсеткіштердің атауы
|
Өлш. бірл
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
Туристік қызметтен көрсетілген қызмет көлемі
|
млн. теңге
|
487,9
|
560,3
|
632,7
|
705,1
|
726
|
805,6
|
1018,7
|
1109,9
|
Сыртқы туризмнің көлемі
|
мың адам
|
7,4
|
6,5
|
5,6
|
4,518
|
5,418
|
5,947
|
6,820
|
7,546
|
Ішкі туризмнің көлемі
|
мың адам
|
23,3
|
26,6
|
62,2
|
84,0
|
118,7
|
147,7
|
175,0
|
178,8
|
Күшті жақтары
Тиімді географиялық орналасу, облыс Ресей Федерациясының (Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен) және Қазақстанның 4 облысымен (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.
Өңірдің орасан биологиялық әртүрлілігі.
«Сосновый бор» ерекше емдеу суы бар шипажайдың, Наурызым қорығының, Торғайдағы ыстық су көздерінің болуы.
Әлсіз жақтары
Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.
Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.
Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс білмеуі.
Мүмкіндіктері
Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.
Туристік инфрақұрылымның дамуы.
Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды ұлғайту.
Қауіп-қатерлер
Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.
Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.
Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:
1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы
Қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моральдық және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;
2) қонақ үй қызметінің төмен деңгейі
Қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристерге орналасу орындарын ұсыну халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;
3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту
4) өңірді шетелде төмен деңгейде білуі
Әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеті жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.
Даму беталысы
1.Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.
2.Туризм инфрақұрылымын дамуы.
3.Келу және ішкі тіризм бойынша туристтік ағындардың ұлғаюы.
4.Кәсіпорындарды жаңарту мен үлгілендіру бойынша, дәуірлес тиімді бәсекеге қабілетті, туристтердің керектігін қанағаттану үшін кең мүмкіндіктерді қамтитын туристтік кешенін құру.
Ішкі саясат
2015 жылдың 1 қантардың жағдайы бойынша 780 қоғамдық ұйымдарымен әрекеттесуі іске асырып жатыр, соның ішінде: саяси партиялардың облыстық бөлімшелері-8, этномәдени орталықтар-35, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ)-737 ауыл ҮЕҰ үлесімен-28%.
2010-2014 жылдары бойынша ҮЕҰ саны 23%-ға артты (2010 ж. – 599)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс- Қостанайдағы ҮЕҰ-дың қаржыландыруының негізі, ол жыл сайынғы ұлғаюымен және салалық көзқарасының кеңейтуімен сиппаталады. Нәтижесінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс соңғы 5 жыл бойынша 2 есе ұлғайды (2010ж.-72,8 млн теңге).
2014 жылы әлеуметтік одағының 9 облыстық басқармалар және барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктердің арқасында ҮЕҰ 156 әлеуметтік жоба 143,3 млн теңге жалпы сомасына іске асырылды, соның ішінде 7,9 млн теңге жалпы сомасына әлеуметтік қорғау саласындағы республикалық трансферт іске асырылды.
Облыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асыруына 68 үкіметтік емес ұйым қатыстырылды. ҮЕҰ қызметтерімен 153 мыңнан астам адам қамтылған, бұл облыс халықтың жалпы санынан 17% құрайды.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті қарым қатынасын қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты қызмет ететін диалогтық алаңдардың жұмысы қалыпқа келтірілді, олардың араларында «Спектр» саяси клубы, Бас редакторлар клубы, Медиа-форум, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ форумы, Патриоттар форумы, Аймақтық жергілікті ғылыми-практикалық конфнренциясы, этникааралық қатынастар мәселелері бойынша аймақтық жергілікті семинары, Достық үйінің зияткерлік қонақ үйі бар қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылады.
Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық тобының (АТ) құрамы қалыптасуда.
Аудандар мен қалалар халқының қалын ортасын ақпараттандыру үшін 2014 жылы мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен біріктірген 29 ақпараттық-насихаттау топ жұмыс жасады (1 республикалық, 1 облыстық, 20 қалалық және аудандық АТ, ЖООың 7 АТ).
2015 жылдың 1қантардың жағдайы бойынша облыста 35 этнобағытталған бірлестік қызмет етіп келеді, 18-і облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді.
2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында 124 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 89 газет және журналдар, 35 электрондық БАҚ (15 кабельдік теледидар студиялары, 9 радиостанция, 10 телекомпания және 1 авторлық теледидар студиясы). Олардың 95%-ы мемлекеттік емес болып табылады.
Қостанай облысындағы 24 бұқаралық ақпарат құралының өзіндік интернет-ресурсы бар. Одан басқа, ақпараттық агенттіктің 1 сайты, облыс әкімдігінің интернет-порталы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 20 интернет-ресурстары, облыс әкімдігі басқармасының 25 сайты, облыстық департаменттер мен мемлекеттік мекемелердің 21 сайты қызмет етіп келеді.
2014 жылы облыс бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 419,6 млн. теңгені құрады (соның ішінде 247,0 млн. теңге – облыстық бюджет қаражаты, 172,6 млн. теңге – қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаражаты).
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс соңғы бес жылда 1,6 есеге ұлғайды (2010ж. -255,3 млн теңге). Мемлекеттік тапсырыс жүйесіне 30 облыстық, қалалалық, аудандық газет, 3 республикалық газет пен 14 телерадиостудия қатысады.
Елді дамытудың негізгі басымдықтары мен облыстық, аудандық және қалалық БАҚ арқылы өткізілетін мемлекеттік саясат туралы облыс тұрғындарының ақпараттандыру деңгейі 2014 жылы 72% құрады.
2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста тұрғындардың жалпы санынан 25,4% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 223640 жастар, оның ішінде қалада – 111970 адам (жастардың жалпы санынан 50,1%), ауылдық жерлерде -111670 (жастардың жалпы санынан 49,9%) адам тұрады.
Жыл сайын мемлекеттік жастар саясаттың іске асыруына қаржыландыру көлемі өседі. 2012 жылы осы мақсаттарға 70 млн теңге, 2013 жылы 135,560 млн теңге берілсе, сонда 2014 қаржыландыру сомасы 170 млн теңге құрады (2,4 есе өсуі) .
Қостанай облысында базасында 19 мың 644 адам (оның ішінде 13182 – күндізгі бөлімде, 6151 – сырттай бөлімде) оқытылатын 7 жоғары оқу орны қызмет етеді.
2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 116 жастар үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқарады (оның ішінде 9 республикалық жастар ұйымдары: Жас Отан, Жас Улан, Жас Қыран, Ауылдық жастар одағы, Студенттер альянсы, Жасыл Ел, Жастар конгрессы, Жұмысшы жастар одағы, Ұлттық еріктілік жүйесі ).
Жастар саясаты саласында 4 сайттың жұмысы жалғасуда: Zhastar.kz, Patrioti.kz, kcmi.kz, басқарманың ресми сайты - zhastar.kostanay.gov.kz. Вакансиялар және ізденуші ашық базасы бар жастарды жұмыспен қамту бойынша интернет-портал құрылған. Twitter, VКонтакте, Мой мир-да аккаунттар тіркеліп, қызмет етеді.
Жастарды қолдау үшін облыста бірнеше республикалық жобалар іске асуда: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл Ел», «Дипломмен – ауылға!». «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы 1025 адам жұмыспен қамтылды, «Жасыл Ел» бағдарламасы шеңберінде 519 адам, « Дипломмен – ауылға» бағдарламасына 529 адам қатысты.
2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысы территориясында 19 Жастар бастамасы орталығы жұмыс істейді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4,8 есеге артық, олар жастардың атаулы көмек көрсету бойынша өз жұмысын істейді. 2014 жылы 765 іс-шара өткізілді, 800 кеңес берілді.
2005 жылдан бастап Қостанай облыс әкімдігінің қарамағында жастар жұмыс бойынша Кеңес, қалалар мен аудандар әкімдіктердің 20 Кеңес жұмыс істейді, олардың құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылар, депутаттар және жастар озаттар кіреді.
Орындарында жастар айналымда әлеуметтік қауырттылығының өсуіне жол бермеу бойынша алдын ала шамалардың жоспарлар іске асырылады. Сонымен бірге жастар айналымда қоғамдық- саяси жағдай бойынша әлеуметтік зерттеуінің мәліметтері жұмысқа орналастыру мәселенің өзектігін көрсетеді (пікірі сұралушылардың жалпы санынан 64%). Жастардың жұмыссыздықтың деңгейі аймақта 3,4% құрайды (жалпы республикалық 4,6%).
Күштi жақтары
Мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды iске асыруға тартылған ҮЕҰ сандық және сапалы өсуі үшiн жағдайлар жасалған.
ҮЕҰ үшін облыстық және 4 өңірлік ресурстық орталық ашылды және белсене жұмыс iстейдi.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде іске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар жобалардың қоғамдық сарапшыларының тобы – сараптамалық бағалау институты белсене жұмыс iстейдi.
Әлеуметтiк-маңызы бар жобалардың орындалу сапасын бағалау белгілері жасалып, енгізілді.
Қостанай облысының ҮЕҰ Қор орталығының интернет-қоры – grin_kost@ mail.ru, zhastar.kz, patrioti.kz жастар сайты тиiмдi қолданылады.
Кәсіби топтарда жұмыс істейтін облыстық, үнемi жұмыс iстейтiн 2 тақырыптық ақпараттық-насихаттаушы топтардың және «Жас саясаткер» жастар ҮЕҰ қорытындылары бойынша қызмет және керi байланыс қалыптасты.
Аймақтарда жастар бастамасы орталықтары ашылды (19).
Жастар үкiметтiк емес ұйымдарының саны 115-ға дейiн өскені байқалып отыр.
Жоғары және орта оқу орындары студенттерінің, магистранттардың және қатарынан шыққан дарынды жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
1.Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi.
2.Азаматтық қоғамдық институттарын кадрлық қамтамасыз ету.
3.Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.
4.Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарына сай тиiстi кәсіпқой-мамандар санының жоқтығы, журналисттiк кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.
5.Облыстың шекара маңындағы өңірлерінде шетелдік (ресейлік) бұқаралық ақпарат құралдарының үстемдiк етуi.
6.«Қазпошта» акционерлiк қоғамының (АҚ) реттелмеген тарифтiк саясаты, тарифтердің жыл сайын жоғарылауы бюджеті шағын аудан газеттері үшiн қиынға соғып отыр.
Даму беталысы
1.Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесінде, заңнамалық нормативтік-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.
2.Мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.
3.Ақпараттық-насихаттау жұмысының кадрлық әлеуетін нүктелiк бағыттау және кәсібилендіру.
4.Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.
5.Өңірлік БАҚ-тардың контент сапасының жоғарылауы.
6.Мемлекеттiк органдар мен БАҚ-тардың өзара әрекеттесуiнiң күшеюi.
Облыстағы ақпараттық сектордың дамуы Қазақстан аумағында сандық телерадиохабарды енгiзу жағдайларындағы өңірлік БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілік деңгейiн жоғарылатуға бағытталуы тиіс.
7.Мемлекеттік жастар саясатын табысты iске асыру үшiн жас буынның отан сүйгiштiк сезімін, азаматтық жауапкершілігін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларды қалыптастыруға, жас қостанайлықтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған тиімді үлгі әзірлеу қажет.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Соңғы жылдары облыста қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.
Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, есептеу және тіркеу толықтығына қол жеткізуге мақсатталған қатаң жұмыс нәтижесінде оларды шешудің айқындығы және жеделдігі қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар бұл қылмыстың статистикалық өсуінің қалыптасқан қарқынын негіздеді. Егер 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы облыста қылмыстың 16,6%-ға төмендегені тіркелсе, соңғы 5 жылдардың қорытындылары бойынша тіркелген қылмыстардың саны 2010 жылдағы 7863-тен 2014 жылдағы 23441-ге дейін өсті (3 есе). Бұл ретте 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстардың 23441-ден 25580-ге дейін (-8,4%) төмендеуі байқалады.
Облыста нақты қылмыстық ахуал әлеуметтік-тиімді деңгейде сақталып отыр.
Егерде 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда тіркеудің өсуі негізінен зорлаудың (+48,2%), бұзақылықтардың (+95,9%) және алаяқтықтардың (+25,6%) қылмыстардың есебінде орын алса, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ол өлтірудің (-23,6%), тонаулардың (-54%), алаяқтардың (-18,9%), малды (-25,5%) және ұялы телефондарын (-23,7%) ұрлықтардың тіркеу төмендеуімен байланысты болды.
2012-2014 жылдары бойынша қоғамдық жерлерде және көшелерде болатын қылмыстың төмендеуі байқалады. Қоғамдық жерлерде 36,8%-дан 29,6%-ға дейін және көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы 58,4%-дан 18,1%-ға дейін төмендеді.
Оны бір қалыпта ұстау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қолданылып жатыр:
-көшелерде, қоғамдық жерлерде, шағын тұрғын үй аудандарында және азаматтар көп баратын орындарда бейне бақылау жүйелері орнатылуда;
-облыс көшелерінде «Әмбебап полицей» принципі бойынша жол-патрульдік қызметкерлер атқарды. Олар қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың «іздерін суытпай» ашу болып табылатын әмбебап полицейлері өз қызметтеріндегі негізгі міндеттерді атқаруға кірісті.
Сонымен қатар, көшелер мен басқа қоғамдық жерлерде қылмыстық жағдайдың шиеленісуі бірнеше шешілмеген проблемаларға байланысты.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
Облыс патрульдік-бекеттік қызметті нығайту.
Полицей қатарларының жедел әрекет етуін жоғарылату.
Автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция бекеттерінің санын ұлғайту, оларды бірыңғай мәліметтер банкісіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлермен жарақтандыру.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ.
Ішкі істер органдары, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторлары және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторлар мемлекеттік және қоғамдық институттардың өте әлсіз алдын алу әлеуеті жағдайында қызмет етеді.
Даму беталысы
Жедел басқару орталығының міндеттерін пайдалануды әрі қарай кеңейту қажет.
Облыстың қалалары мен аудандарында бейне бақылау жүйелерін жасау қажет, бұл көшелер мен басқа да қоғамдық жерлердегі жағдайды техникалық бақылау құралдарына көшуге мүмкіндік береді.
2007-2014 жылдары жол апаты негізгі көрсеткіштерінің төмендеу қарқыны байқалып отыр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2007 жылғы 13,1%-дан 2014 жылғы 4,2%-ға дейін төмендеді. Көпшілікте, кәмелетке толмаған қылмыстығының оң серпіні «мектеп» полиция инспекторларының жұмыс қорытындыларымен байланысты.
Қылмыс санын төмендеуімен бірге қылмыс жасалған және қылмыстық жауапкершілігіне тартатын кәмелетке толмаған жасөспірімдердің саны 20,4%-ға төмендеді, соның ішінде жалпы білім беретін мектептерде оқитын 24,5%-ға (188-ден 142-ге дейін) төмендеді.
2014 жылы 729 жол-көлік апаты тіркелді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 3,4%-ға артық, нәтижесінде 128 адам қайтыс болды (2012 жылмен салыстырғанда 33,3%-ға өсуі-96 адам) және 934 адам жарақаттанды (2012 деңгейіне +5,0% 889 адам).
ЖЖЕ бұзу үшін әкімшілік полициясының бөлімшелері 86689 әкімшілік құқықты бұзу анықтылған (70441-2013ж., +32,8%).
Қалыптасып отырған жағдайдың негізгі себебі – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру мәдениетінің өте төмен болуы.
Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.
Даму беталысы
Салауатты өмір салтын насихат мақсатында халық арасында түсіндіру жұмысты өткізу, жол жүріс ережелерді және қоғамдық тәртіп саласында заңнамасын сақтау.
Бақылау жүйесін және тәулік бойы тәртібінде жол жүріс ережелерін бұзу автоматтық бекітудің дамуы.
2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыс санының 33,5%-ға, о.і. кісі өлтірулер (- 23,4%), сондай-ақ (-2,6%) қарақшылықтың қысқарғаны байқалып отыр.
Өңірде дін ахуалы тұрғындар арасында дінге дәстүрлі көзқарастың басымдылығымен, ұлысаралық және дінаралық қарсылықтар үшін принципиалды себептердің болмауымен сипатталады. 2014 жылы тіркелмеген дін ұйымдары қызметін жүзеге асырудың факт анықталмады (2012 жылы – 2 факт).
2012-2014 жылдары қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі 1,6%-дан 1,3%-ға дейін азайып жатыр.
2014 жылдың қорытындылары бойынша облыс аймағында 306 есірткі қылмыс тіркелген, бұл 2012 жылдың деңгейінен 15,5% тәуір (2013ж.-318, 2012ж.-362).
2012-2014 жылдары бойынша анықталған есірткі сату фактілерінің саны 217-ден 174-ке дейін (19,8%), есірткі сақтау 130-дан 93-ке дейін (28,5%) азайды.
Қазақстан республикасы ҰҚК ШҚ біргіп, Қостанай облыс бойынша есірткі заттары контрабандасының 30 фактісі анықталды (2013ж.-20,2012ж.–7), сондай-ақ нәтижесінде заңсыз айналымынан 11,891 кг алынған, соның ішінде 4,07 гр. героин, 11,132 кг марихуана және 754,32 гр. гашиш алынған. 26 адам ұсталынған, соның ішінде РФ-ң 7 азамат.
Қостанай облысындағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейі
Қазақстанмен іргелес мемлекеттердегі әлеуметтік саяси тұрақсыз жағдай миграциялық ағынының және негізінен есірткінің, қарудың заңсыз айналымымен, тонаулармен және басқаларымен байланысты, онымен жалғасып жатқан қылмыстардың өсуіне жол береді.
Даму беталысы
Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру
Мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту
Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіру
Барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |