2.2.1.6. Бәсекелестікті дамыту.
Үржар ауданының экономикасының басым салаларында бәсекелестікті дамыту тұрақты түрде, соның ішінде тауар нарықтарында жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылатын болады.
Экономиканың нақты секторында өңірдің басты байлығы ауыл шаруашылығы дақылдарының қоры көлемінің болуы.
Агроөнеркәсіп саласына жасалған сараптама барысында бәсекелестікті дамыту іс-шарлары ұсынылды. Ауылшаруашылық өнімдерін тікелей тұтынушыларға сату тәжиребесін жалғастыру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде сауда базарлары, жексенбілік жәрмеңкелер арқылы сату және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге базарлардан арнайы орындар берілуін қамтамасыз ету.
Ауданда «Жаланашкөл» көмір кеніші бар. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі.
Көмір нарығында негізгі проблема болып көмірдің жекелей нарығында соңғы тұтынушылар үшін жылыту кезеңінде бағаның маусымдық жоғарлауы болып табылады. Көмір бағасының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болып қосымша құрылымдардың алып-саттар делдалдардың көпшілігі болып табылады. Көмір бағасының өсуіне электр энергиясының және жағар-жанармай бағаларының өсуі қосымша әсер етеді. Сонымен бірге өнімділігі жоғары емес қосымша құрылымдардың қызметі заңмен шектелмеген. Осыған байланысты аталған мәселенің шешімінің бірі заңнама тұрғысында көмірді өндіруге және іске асыруға ешқандай қатысы жоқ барлық қосымша құрылымдарды жою механизімін әзірлеу болып табылады.
Тұтыну нарығының оң бағыттарының бірі болып сауданың бөлшектік формасына біртіндеп ауысуымен сауда кәсіпорындарын нығайтумен және мамандандырумен байланысты жеке сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.
Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер проблемалық болып табылады:
- оның даму деңгейіне, қызмет түрі және қалпына келу уақытына байланысты салық салу кезінде дифференциалдық кепілдіктің жоқтығы;
- кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығы кезінде нақты секторда бизнесті ашу мүмкіндігінің жоқтығы, яғни жаңа іс ашқысы келетін азаматтарда бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
- сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз етілуі;
- қосымша құрылымдардың үлкен көлемі.
Содан басқа келесі шаралар қарастырылады:
- әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалар және сауда мөлшерлемесіне тұрақты мониторингпен қамтамасыз ету;
- тартылған несиелердің пайыздық мөлшерлерін субсидиялау;
- бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штабтың жұмысын жалғастыру;
- жергілікті ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің тауарларын төмен бағада сатудағы жәрмеңкелерді өткізу.
Сауда нарығында бәсекелестікті дамытуда қолдау көрсететің рұқсат беретін құжаттарды алу кезінде әкімшілік кедергілерді азайту бойынша үнемі жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты өңірде бәсекелестікті дамыту шараларымен келесілер анықталды:
- жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарларға және қызметтерге қажеттілік жайлы ақпаратты жинауды, талдау және жариялауды ұйымдастыру;
- жергілікті мемлекеттік атқару органдарының қызметінің ақпараттық айқындылығын жоғарлату бөлігінде жұмыстың жалғасуы.
Ауданда әкімшілік кедергілерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс жалғастырылатын болады.
SWOT-талдау:
Мықты жақтары:
- сауда кәсіпорындарын ұлғайтумен және мамандандырумен байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру.
Әлсіз жақтары:
- қосымша құрылымдардың үлкен көлемі бағаның айтарлықтай өсіміне алып келеді.
Мүмкіндіктері:
- әкімшілік кедергілерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс;
- «жергілікті бәсекелестік артықшылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан ұстанымының жақсаруына әсер ететін іс-шараларды әзірлеу және өткізу.
Қауіптер:
- сауда дамуының нақты көрінісінің жоқтығы.
2.2.1.7. Өңірдің инновациялық дамуы.
2011-2015 жылдарға арналған индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасына Үржар ауданы бойынша 2 жоба енгізілген: Алакөл жағалауында санатория-курорттық қонақ үй кешенін салу жобасы, жобаны орындаушы «Бұғаз» ЖШС-і болып табылады. Қазіргі уақытта аталған жоба Алакөл көлінің жағалауын нығайту мәселесі шешімін тапқанға дейін тоқтатылған.
Сонымен қатар, «Бәтуә» ЖШС-і ауданның инновациялық технологиясының дамуына үлесін қосуда, аталған мекеме тамшылап суғару жүйесін сумен қамтамасыз ету үшін диаметрі 315 мм және 630 мм пластикалық құбыр шығаратын шағын зауытты іске қосты.
Алакөл көлі демалыс аймағындағы салынып жатқан басты құрылыстар стандарттық сапасына сай демалыс үйлерін іске қосуды жоспарлауда. Бұл жақын жатқан елді-мекендерде шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызады, салық төлемдері мен аудан бюджетіне қосымша кіріс кіреді.
Ауданның инновациялық технология саласында, өндірістің жаңалауы мен техникалық қайта жабдықталуы дамуының төмен қарқынының себебі кісіпорындардың айналым қаражатының жоқтығы болып табылады. Көптеген кәсіпорындар меншік қаражаттарының жоқтығына және кепілдеменің жеткіліксіздігі әсерінен екінші деңгейдегі банктерден несие алалмауларына байланысты жаңа жабдықар мен инновациялық технологияларды қолдануға мүмкіндіктері жоқ.
Осыған байланысты осы бағыттағы жұмыстарды жақсартуда келесі шаралар болып табылады:
өндірілетің өнімнің бәсекелестігін жоғарылату мақсатында өнеркісіпті диверсификациялау тиімділігі туралы тауар өндірушілер арасында түсіндірме жұмыстарды жүргізу;
республикалық және аймақтық индустриализация картасына инвестициялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
құны 745,0 млн. теңге тұратын «Үржар ауданында пластикалық құбырлар шығару» инвестициялық жобасын индустриаландыру Картасына енгізу;
көрмелер, жәрмеңкелер, конкурстарды өткізу және қызмет саласы мен өндіріс саласындағы кәсіпорындардың маркетингісін дамыту.
SWOT- талдау:
Мықты жақтары:
- инновациялық технологияларды енгізу бойынша кәсіпкерлік жобаларды мемлекеттік қолдау («2020 – Өнімділігі» бағдарламасы);
- «Даму» қоры және басқа да даму институттарымен жүргізілетін семинарлар, жиналыстар, форумдар және тренигтер арқылы индустриалдық-инновациялық қызмет туралы мемлекеттік қолдау механизмнің бар болуы бойынша кәсіпкерліктерді ақпараттандыру.
Әлсіз жақтары:
- айналмалы қаражаттың тапшылығы;
- несие алуда кепілдеме заттың жеткіліксіздігі;
- Алакөл жағалауының нығайту мәселесі шешілмеген.
Қауіптер:
- ҚР кедеңдік одаққа кіруіне байланысты көптеген тауарлар мен өнімдердің бәсекелестікке шыдамауы;
- энергоресурстарының қамбаттауына байланысты өзіндік құны мен сауда бағасының жоғары болуынан тауарларға сұраныстың төмендеуі.
Мүмкіндіктері:
- жаңа технология бойынша өндірілген отандық тауарөндірушілердің тауарлары мен өнімдерінің ішкі нарықтың толуы;
- инновациялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын қаржылық институттарымен тығыз байланысты орнату;
- лизингтік прогресті инвестциялық қолдауды дамыту.
2.2.1.8. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар.
2013 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6 977,2 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейінен 4,5 %-ға артық (7 кесте).
7 кесте
Үржар ауданы бойынша негізгі капиталға
инвестициялар көлемінің өзгеру
динамикасы
млн. тг
|
2011
|
өткен жылмен салыстырғанда, %
|
2012
|
өткен жылмен салыстырғанда, %
|
2013
|
өткен жылмен салыстырғанда, %
|
Аудан бойынша барлығы
|
6677,4
|
183
|
7070,8
|
105,9
|
6977,2
|
98,7
|
Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция көлемінің үлес салмағы 2013 жылы: республикалық бюджет қаражаты – 50,1% (3496,9 млн. теңге), жергілікті бюджет қаражаты – 7,2% (504,0 млн. теңге), кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 15,1% (1055,6 млн.теңге), несие қаражаты – 27,6% (1920,7 млн. теңге) құрады. Инвестицияның басым бөлігі республикалық бюджетке тиесілі (8 кесте).
8 кесте
Каржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға
инвестициялар көлемінің өзгеру
динамикасы
млн. теңге
Жылдар__2011ж.__Салыстыру_өткен_жылмен,__%__2012ж.'>Жылдар
|
2011ж.
|
Салыстыру өткен жылмен,
%
|
2012ж.
|
%
|
2013ж
|
%
|
Барлығы аудан бойынша, млн. тенге
|
6677,4
|
183,0
|
7070,8
|
105,9
|
6977,2
|
98,7
|
Соның ішінде:
|
4432,7
|
159,8
|
4009,7
|
90,4
|
3496,9
|
87,2
|
Республикалық бюджет
|
1482,1
|
356,2
|
1760,5
|
118,8
|
504,0
|
28,6
|
Жергілікті бюджет
|
526,7
|
122,8
|
900,6
|
160,4
|
1055,6
|
117,2
|
Меншікті қаражаттар
|
200
|
|
400
|
2есе
|
1920,7
|
4,8 есе
|
9 кесте
Қолдану бағыттары бойынша негізгі капиталға
инвестициялар көлемінің өзгеру
динамикасы
Жылдар
|
2011
|
Үлес салмағы,
%
|
2012
|
Үлес салмағы,
%
|
2013
|
Үлес салмағы,
%
|
Аудан бойынша барлығы, млн.теңге
|
6677,4
|
100
|
7070,8
|
100
|
6977,2
|
100
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Өнеркәсіп
|
718,9
|
10,7
|
78,4
|
1,1
|
|
|
оның ішінде :
|
|
|
|
|
|
|
тау-кен өнеркәсібі
|
|
|
|
|
|
|
өңдеу өнеркәсібі
|
|
|
|
|
|
|
электр энергетикасын, газ бен суды өндіру және үлестіру
|
52,6
|
0,8
|
16,2
|
0,2
|
50,3
|
0,72
|
құрылыс
|
666,3
|
9,9
|
62,2
|
0,8
|
65,2
|
0,93
|
ауыл щаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы
|
-
|
-
|
|
|
|
|
балық аулау кәсібі, балық өсірушілік
|
261,3
|
3,9
|
458,4
|
6,4
|
1883,6
|
27,0
|
көлік және байланыс
|
|
|
|
|
|
|
сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолдану заттарын жөндеу
|
2596,5
|
38,7
|
50,4
|
0,71
|
|
|
қонақ үйлер мен мейрамханалар
|
126,6
|
1,9
|
1976,3
|
27,6
|
2002,0
|
28,75
|
білім
|
179,9
|
2,6
|
|
|
|
|
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету
|
2412,3
|
35,8
|
2491,4
|
34,7
|
1347,1
|
19,3
|
қаржылық қызмет
|
57,2
|
0,8
|
88,0
|
1,2
|
95,0
|
1,4
|
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарға жалға беру мен қызмет көрсету
|
0,06
|
|
|
|
|
|
мемлекеттік басқару
|
123,5
|
1,8
|
599,1
|
8,36
|
602,0
|
8,6
|
басқа да коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызметтер
|
21,8
|
0,3
|
954,4
|
13,3
|
629,5
|
9,0
|
SWOT- талдау:
Мықты жақтары:
- туризм нысандарын, тұрғын үй және агроөнеркәсіп кешен құрылыстарын салуға қолайлы ортаның болуы.
Әлсіз жақтары:
- шетелдік және жеке меншік инвестицияларды жан-жақты тартудағы белсенділіктің жетіспеушілігі;
- банктерден қарыз алу үшін кәсіпорындардың өтімділігінің болмауы.
Мүмкіндіктері:
- ірі кәсіпорындардың ашылуына байланысты ауданның өзін-өзі қаржыландыруға өтуі;
- инновациялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын қаржылық институттарымен тығыз байланысты орнату;
- лизингтік прогресті инвестциялық қолдауды дамыту.
2.2.1.9. Қоршаған орта жағдайы
Үржар ауданының қоршаған ортасының жағдайы бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының табиғатты қорғауға арналған іс-шараларды орындау қабілеттіліктеріне тікелей тәуелді.
Сонымен қатар, ауа атмосферасына әсер ететін факторлардың бірі автокөлік құралдарынан шығатан газдар болуда.
Ауданда қоршаған ортанының жағдайын жақсарту мақсатында «Алакөл» көлінің жағалауын бекіту, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысындағы ең сумен қамтамасыз етілген аймақтардың біріне жатады. Үстіңгі және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі фактор тарихи ластанулар болып табылады (таулы жыныс үйіндісі, артқы сақтау орны, өндірістік қалдықтар, өндірістік қалдықтарды жинау орны). Ауданның барлық елді мекендерінде (Үржар ауылынан басқа) өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жинау орындарының жоқтығы қоршаған ортаның ластануына тікелей әсерін тигізуде.
Негізгі мәселелер қатарында:
- атмосфералық ауаның автокөліктен шыққан пайдаланылған газдың
атмосфералық ауаны ластануының өсуі;
- өзендердің ластануы;
- Семей ядролық сынақ полигоны зардапының салдарынан пайда болған экологиялық проблемалар;
- елді мекендердегі канализация жүйелерінің және тазалаушы қондырғылардың тозуы;
- көптеген елді мекендерде өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондарының жоқтығы.
SWOT- талдау:
Мықты жақтары:
- арнайы белгіленбеген орындардағы өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондарын жою;
- тұрғындарға экологиялық білім беру және ағарту жүйесі дамуда, азаматтарға қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпарат беру жүйесін жетілдіру;
- аудан орталығында «Мәдениет саябағы» және «Батырлар Аллеясы» демалыс орындары бар.
Әлсіз жақтары:
- тұрмыстық қалдықтар жинау полигондарын салу мәселелерінің жедел түрде шешілмеуі;
- атмосфера ауасының автоматтандырылған бақылау және мониторинг жүйесінің жоқтығы;
- қолданыстағы мемлекеттік мониторинг жүйесі қоршаған ортадағы нақты және химиялық ластаушылардың құрамы үшін жедел толық және объективті ақпаратпен қамтамасыз ете алмауы;
- автокөліктердің санының үздіксіз өсуі кезінде аудан орталығында көліктерді дамыту тұжырымдамасы әлі әзірленбегені.
Қауіптер:
- табиғи-климаттық жағдайдың шұғыл өзгеруі;
- елді мекендерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі және
жер асты жер үсті суларының ластануы.
Мүмкіндіктері:
- автоматтандырылған қоршаған ортаның сапасын бақылау жүйесін енгізу;
- азаматтарға табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынасты
қалыптастыру;
- қатты қалдықтар жинау полигондарының құрылысын салу.
2.2.2. Әлеуметтік сала
Достарыңызбен бөлісу: |