БАҒдарламасы үржар ауылы, 2014 жыл



бет5/11
Дата17.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#143414
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2.2.1 Білім беру


Білім саласында 2011-2013 жылдары 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту, 2005-2007 жылдарға арналған білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеу бойынша Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ауылдық біліміді дамыту, білімнің сапасы мен қол жетімділігімен қамтамасыз ету шаралары іске асты.

Мектепалды ұйымдарды сақтау және кеңейту желісі, 5- 6 жасар балаларды мектепалды әзірлікке қол жетімділікпен қамтамасыз етуге шаралар қабылданған.

Ауданда 2013 жылы 28 бала-бақшалар және 48 шағын орталықтарда 124 топ жұмыс істеді. Мектеп алды біліммен қамту 99,2% (4214 бала) құрады. 2011 жылмен салыстырғанда бала-бақша желісі саны 17 мекемеге өскен. 17 орта мектептердің мәртебелері (Қаратума, Көлденен, Алтыншоқы, Қарабұлақ, Ақшоқы, Егінсу, Қазымбет, Қаратал, Көктерек, Көкөзек, Некрасовка, Ақтанберді, Алтынсарин, Жүзағаш, Тұрлыханов, Игенбай, Майлин, атындағы ОМ) мектеп – бақшаға ауысты.

Мектеп алды даярлықпен 5-6 жастағы балалардың қамтылуы 100,0% құрайды.

Сонымен бірге ауданда мектеп алды ұйымдарда орындарды алуға 2206 өтініштер тіркелді. Мектеп алды ұйымдарда орындар қажеттілігінің басым бөлігі Үржар ауылына тиесілі.

2011 жылы мектеп жасына дейіңгі 4219 балалар санынан 4041 немесе 95,8% мектепке дейіңгі ұйымдарда тәрбиемен қамтылған (640 бала бала-бақшаларда және 3401 бала шағын орталықтарда), 2012 жылы жалпы бала саны 4250 болса соның 4214 немесе 99,2% қамтылған (1329 бала бала-бақшаларда және 2885 бала шағын орталықтарда). Мектеп алды мекемелерге 1360 бала кезекте тұр.


9 кесте
Мектепке дейіңгі ұйымдары желілеріңің даму динамикасы


Мекеме саны

Шағын орталықтардағы топтар саны

Бала-бақшалардағы бала саны

Шағын орталықтардағы бала саны

Қамтылу %

1.01.14ж кезектің болуы, адам

2011

2012

2013

2011

2012

2013

2011

2012

2013

2011

2012

2013

2011

2012

2013

9

19

28

157

164

101

540

1346

1329

3501

3210

3755

95,8

99,2

100

2206

2011-2013 жылдары мектепке дейіңгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 10500,0 мың. теңге бөлінді, оған жиһаздар мен төсек орындар алынды.



Орташа білімге 12 жылдық ортақ білімге көшуге дайындық жұмысы жүргізіліп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтумен қамтамасыз етілген.

Ауданда демографиялық және көшіп-қону ахуалға байланысты жалпы білім беретін мектептер мен оқушылар контингент саны азаюы тенденциясы сақталып отыр. Контингенттің жоқтығынан бастауыш мектептердің жабылуы салдарынан жалпы білім беретін мектептердің саны төмендеуі байқалды.


10 кесте

2011-2013 жылдары мемлекеттік күндізгі орта

білім мектептері желілерінің өзгеру динамикасы.


2011ж.

2012ж.

2013ж.

Бірлік саны

Оқушы саны

Бірлік саны

Оқушы саны

Бірлік саны

Оқушы саны

52

13175

52

12677

52

12389

Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған. 2011 жылы жалпы білім беретін мектептерде компьтермен жабдықтау 11 оқушыға 1 компьютерді құрады, 2012 жылы 10 оқушы, 2013 жылы 10 оқушы. Кең жолақты интернетке 11 мектеп немесе жалпы мектеп санынан 21,0 % қосылған.

Пәндік кабинеттер мен жабдықтармен мектептердің материалдық-техникалық базалары жеткіліксіз қамтылуы орын алып отыр. 2011 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықталу - 61,5%, физика – 56,9%, химия - 9,8%, биология - 35,3% құрады, 2012 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықталу – 67,3%, физика – 66,7%, химия - 17,6%, биология - 43,1%, 2013 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықталу – 71,2%, физика – 72,5%, химия – 47,1%, биология - 49,0% құрады.
11 кесте
2011-2013 жылдары пәндік кабинеттермен және жабдықтармен мектептердің қамтылу динамикасы.



Жылдар

Мултимедиялық

кабинеттер

Физика кабинеті

Химия кабинеті

Биология

кабинеті

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

2011ж.

32

65,4

29

56,9

5

9,8

18

33,3

2012ж.

35

73,1

34

66,7

9

27,4

22

41,2

2013.ж

37

71,2

37

72,5

24

47,1

25

49,0

52 мектептің 15-і бейімделген ғимараттарда орналасқан. Апатты жағдайдағы мектептер саны 9, оның 8-де (Жарбулақ, Ауэзов, Лайбулақ, Ер Қабанбай, Жансүгір, Кішкенетау, Тасбұлақ, Барқытбел ОМ) жаңа мектеп құрылыстары жүргізілуде.

Оқушыларға сапалы білім жағдайын жасау мақсатында мектеп салу жұмыстары жүріп жатыр. 2011 жылы 11 ауылда жаңа мектеп құрылыстары басталған: Қарабутада 180 орындық, Айтбайда 130 орындық, Лайбұлақта 80 орындық, Ер Қабанбайда 80 орындық, Қайындыда 80 орындық, Жанайда 120 орындық, Жаңа Тілекте 320 орындық, Қабанбайда 320 орындық, Көкталда 130 орындық, Қарабұйратта 80 орындық, Егінсуда 130 орындық. Бүгінгі күні 9 ауылда жаңа мектеп құрылыстары аяқталған (Қаратұма, Егінсу, Көктал, Қарабұйрат, Жанай, Қайынды, Науалы, Айтбай, Қарабұта).

2011 жылы Жол карталарын іске асыру шеңберінде 3 білім нысандары 34896,0 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 21896,0 теңге. 2012 жылы 59279,0 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 39543,0 мың теңгеге 9 метептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы 86485,6 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 45874,0 мың теңгеге, жергілікті бюджет – 40611,6 мың теңгеге 11 білім насандарына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы 3 жылда білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 160 821,0 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 51 470,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 110 413,0 мың теңге жұмсалды. Соның ішінде жылдар бойынша:

2011 жылы – 17 392,0 мың теңге (ЖБ);

2012 жылы – 86 401,0 мың теңге, соның ішінде РБ – 16 388,0 мың теңге, ЖБ – 70 013,0 мың теңге;

2013 жылы – 57 028,0 мың теңге, соның ішінде РБ – 36 582,0 мың теңге, ЖБ – 20 446,0 мың теңге.

Бөлінген қаржы 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 51,4 %-ға немесе 18 398,0 мың теңгеге артты.

Аудан мектептерінде 1798 педагогикалық жұмысшылар жұмыс істеуде, оның 1381-і немесе 76,8 %-ы әйелдер. Әлсіз тартылымдықтар мен төмен еңбек ақы салдарынан жас педагогтардың келуі жеткіліксіз. Жоғарғы және бірінші санаттағы білікті педагогикалық жұмысшылардың үлесі жалпы санынан: 2011 жылы – 55,4% , 2012 жылы - 58,0%, 2013 жылы – 56,67% құраған.

Қазақстан Республикасында білім сапасының ұлттық жүйесін ендіруден кейін ауданның мектеп оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу формасындағы аттестациядан сәтті өтіп жатыр (ары қарай – ҰБТ). ҰБТ нәтижесінің мониторингісі көрсеткендей, 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда мектеп бітірушілердің білім сапасының негізгі көрсеткіштері 21 балға төмендеген. ҰБТ нәтижелері бойынша орта балл 2011 жылы – 92, 2012 жылы – 66,7, 2013 жылы - 71 баллды құраған.

Ауданда жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған 119 бала бар. Оның ішінде жетімдер – 58, ата-ана қамқорлығысыз қалғандар – 61 бала. 119 баланың барлығы қамқорлыққа (қамқоршылыққа) берілген.

Жазғы демалыс кезінде ауданда балалардың денсаулығын нығайту мақсатында 1 лагер жұмыс істейді. 3 жылда лагерде жалпы балалар санынан (32121 бала) 17,7% демалды. Соның ішінде 2011 жылы 11,6% (1260 бала), 2012 жылы – 23,5% (2500 бала), 2013 жылы – 18,1% (1911 бала).

Балалар мен жасөспірімдердің қосымша біліммен қамтылу деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Ауданда 3 мекеме қосымша білім берумен айналысады, онда 2276 бала немесе балалардың жалпы санынан 18,5% қамтылған.


Саланың даму жағдайының SWOT- талдауы:

Мықты жақтары:

- бала бақшалар жүйесінің өсуі және шағын орталықтардың ашылуы;

- жыл сайын апатты жағдайдағы мектептер санының азаюы;

- мектепке дейінгі ұйымдармен балалардың қамтылу өсімі;

- жыл сайын ҰБТ көрсеткішінің өсуі.

Әлсіз жақтары:

- демографиялық және миграциялық процестерге байланысты мектептердегі оқушылар санының қысқаруы;

- білім ұйымдарының материалдық-техникалық, соның ішінде мектеп асханаларының техникалық жабдықтарының жеткіліксіз қамтылуы;

- мектеп ғимараттарының күрделі жөндеуіне қаржының жеткіліксіз бөлінуі;

- оқушыларды бір ауылдан басқа ауылға тасымалдайтын автобустардың тозуы.

Мүмкіндіктері:

- электронды оқуды жүзеге асыру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығының азаюы;

- қосымша білім беретін мекемелер желісінің өсуі;

- мектептердің материалдық базалары пәндік кабинеттермен нығайтылуы;

- мұғалімдердің біліктіліктерінің артылуы;

- білім сапасын жоғарылату мақсатында инновациялық оқыту тәсілін енгізу.

Қауіптер:

- балалар контингентінің азаюына байланысты мектеп мәртебелерінің орта мектептен негізгі мектепке, негізгі мектептен бастауыш мектепке өзгеру мәселелері бар;

- оқушылар контингентінің азаюы және мектеп мәртебелерінің өзгеруі білім саласындағы мамандардың қысқаруына және жұмыссыздыққа әкеледі.
2.2.2.2 Денсаулық саласы.

01.01.2013 жылы аудан халқының саны 81008 адам құраған, оның ішінде 14 жасқа дейін – 20936, жасөспірімдер – 4602, ересектер – 56454. Барлық әйелдер саны 40951, оның ішінде фертильдік жастағы әйелдер саны (15-49 жас) 20342. Ортажылдық халық саны 82097 адамды құрайды. Жыл сайын ауданда адам саны азаюда.

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде ауданда демографиялық жағдайдың төмендеуі байқалады: тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 2011 жылы 18,08-ден 2013 жылы 17,35-ке дейін кемуі; өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2011 жылы 9,20-дан 2013 жылы 9,78-ге дейін өсуі; тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2011 жылы 8,88-ден 2013 жылы 7,57-ге дейін кеміген (8 сурет).

8 сурет
ШҚО мен Үржар ауданы бойынша туу мен өлімнің динамикасы




Ауданда әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. 2012 жылы 1 ана өлімі тіркелді немесе облыстық көрсеткіш 13,2 болса ауданда ана өлімінің көрсеткіші 79,1 құрған. Ана өлімінің басты себептері акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі.

Аудан соңғы жылдары нәресте өлімі көрсеткішінің тұрақтануы және төмендеу тенденциясы байқалады (9 сурет):

1. 2011 жылы ауданда нәресте өлімі көрсеткіші 23,5 құрады. 2011 жылы облыстық көрсеткіш 18,3 көрсетті;

2. 2012 жылы ауданда нәресте өлімі көрсеткіші 12,7 құрады. 2012 жылы облыстық көрсеткіш 15,8 көрсетті;

3. 2013 жылы ауданда нәресте өлімі көрсеткіші 22,5 құрады. 2013 жылы облыстық көрсеткіш 12,8 көрсетті.

9 сурет
ШҚО және Үржар ауданының нәресте мен аңа



өлімінің динамикасы


Бұл жағдай 2011 жылы тірі және өлі тұғандардың халықаралық критериаларының енгізілуі және медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі.

Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер) жалпы аудандағы жайсыз экологиялық жағдайлармен түсіндіріледі.

Ауданда бала мен аңа өлімін төмендету бойынша «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау дамуының Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы кезеңде Бағдарламаны іске асыру барысында бала және тууға көмектесу ұйымдарда материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға қол жеткізілді, сонымен қатар регионалды перенаталдық көмек көрсетуге, жүктіліктік пен босануды жүргізуге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 07.05.2010 жылғы № 325 «Қазақстан Республикасында регионалды перенаталдық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша Нұсқауды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес перенаталдық көмек көрсету денгейіне сәйкес алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету дәрігерлерінің жолдауымен жүкті әйелдерді босану көмегін көрсететін медициналық ұйымдарға жоспарлы түрде жатқызу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыршандықтың төмендеуі келесі сыныптамадан байқалады: эндокриндік ауру, соның ішінде қант диабеті, дем алу мүшелерінің қабынуы, қан айналымының ауруы, жыныс қуық жүйесінің ауыруы, жарақаттар мен улану.

Өткен жылдары тұрғындардың әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардан болатын өлімінің төмендегені байқалады.
10 сурет
ШҚО мен Үржар ауданы бойынша туберкулезден ауыршандығы мен өлімінің көрсеткіштері (100 мың тұрғынға)

Ауданда 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулез аурушаңдығы көрсеткішінің 2011 жылы 93,8-ден 2013 жылы 79,8 дейін төмендегені байқалады, облыстық көрсеткіш 2011 жылы 109,8, 2013 жылы 88,3 (10 сурет).

Туберкулезден болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 4,9-дан 2013 жылғы 3,7-ге дейін төмендегені байқалады, облыстық көрсеткіштен 2011 жылы – 14,4, 2013 жылы 10,1 төмен.

Тубееркулез жөніндегі бағдарламаны іске асыру бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері (тұрғын үй бөлу, жол ақысын төлеу, туберкулез науқастарына, балаларды қоса алғанда тамақтануға қаражат бөлу) өзекті болып отыр. Үржар ауданының әкімдігінің үйлестіру кеңесінде туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде мәселелер үнемі қарастырылады. 2011 жылы туберкулез науқастарына әлеуметтік көмек көрсетілді: қалаға барып зерттелүлеріне жол ақыларын төлеуге, тамақтануларына 771,0 мың теңге және 2012 жылы 1175,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілген.

Ауданда қатерлі ісік аурушаңдығының көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 131,5-тен 2013 жылғы 182,8 дейін өсуі байқалады, облыстық көрсеткіштен 2011 жылы 271,0, 2013 жылы 285,5 төмен (11 сурет).
11 сурет
ШҚО мен Үржар ауданы бойынша қатерлі ісік аурушаңдығының көрсеткіші (100 мың тұрғын)

Ауданда қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 98,7-ден 2013 жылғы 85,9 дейін төмендегені байқалады, облыс көрсеткішінен 2011 жылы 158,0, 2013 жылы 150,2 төмен (11 сурет).

Емдеу мен диагностикалаудың жаңа әдістерінің енгізілуіне байланысты аурушаңдықты ерте сатыда анықтауға бағытталған алдын алу тексерулері жүзеге асырылуда.

12 сурет
ШҚО мен Үржар ауданыны бойынша жаңапайда болған қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші (100 мың тұрғынға)



Тұрғындардың аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 30 пайыздан астам барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2012 жылы қан айналымы жүйесі ауруынан қайтыс болғандардың көрсеткіші 384,8, 2013 жылы 222,1 құрады.

Қан айналымы жүйесінен өлімінің төмендету мақсатында ауданда 2007 жылдан бастап кардиология орталығындағы кардиология саласындағы жетекші мамандарымен, арақашықтық ЭКГ жүйесіне қосылуға мүмкіндігі бар телемедициналық кешен жұмыс атқарады.

Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан (12%) болған өлімі аудан тұрғындары өлімінің себептері арасында үшінші орынды алады. 1000 тұрғынға шаққанда 2013 жылдың көрсеткіші 10,4.

2012 жылы ауданда адамның иммундық жетіспеушілік вирусының індеті 2 адамда тіркелген, көрсеткіш 2,4 құрады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін салалардың алдын алу бағыты күшейтілген, тұрғындардың жекелеген санаттарын алдын алу тексерулерімен қамту артып отыр, азаматтардың, бірінші кезекте балалардың дене белсенділігін арттыру бойынша шашарлар іске асырылуда.

2011 жылы қан айналымы жүйесінің ауруы, қант диабеті, глаукома, омырау безінің ісігі мен ішек ісігін анықтауды жоғарлату мақсатында скринингтік тексерумен жалпы халық санының 49,1% өтті, 2013 жылы қосымша В,С гепатиті, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярдық бауырдың обыры, ересектердің құық асты безі обырын ерте анықтауға скринингтік тексерулер енгізіліп, жалпы халық санының 50,1% қамтылған.

2013 жылдың басында ауданның денсаулық сақтау жүйесі 5 аурухана ұйымдары бар. Аудан тұрғындарына амбулаторлық емдеу көмектерін 23 мекеме көрсетеді, оның ішінде 3-уі кеңес беру диагностикалық емхана. 2013 жылы Бестерек, Ново-Андреевка, Қарабұта және Көктерек ауылдарының дәрігерлік амбулатория ғимараттарының құрылыстары аяқталып, іске қосылды.

Аудан тұрғындарына дәрігерге дейінгі көмекті 8 акушер-фельдшерлік пункт, 22 медициналық пункт (ары қарай атауы - МП), профилактикалық емханалық ұйымдардың құрамындағы 3 жедел жәрдем бөлімшелері қызмет көрсетеді.

Стационарлық және амбулаториялық-поликлиника ұйымдарының емделушілеріне жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша 2013 жылы халықтың сапалы медициналық қызметпен қанағаттану денгейі 88,66% құрады.

Ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған. Ауданда 55 ауылдың ішінен 16-і дәрі дәрмек көмегімен қамтамасыз етілген.

2011-2013 жылдары әлеуметтік маңызды аурушандығы науқастарының тегін дәрілік препараттарымен қамтылуы 100,0% құрайды.

Ауданның денсаулық сақтау ісіні білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды проблема болып отыр.

01.01.2011 жылғы жағдай бойынша дәрігерлер саны – 136 (оның ішінде жоғарғы санаттағы дәрігерлер саны 18, бірінші санатты 67, екінші санатты 7. Санаты бар барлық дәрігерлер саны 67,6% құрайды), орта бұынды медициналық қызметкерлер 442 адам (оның ішінде жоғарғы санаттағы мейірбике саны 135, бірінші санатты 104, екінші санатты 22. Санаты бар барлық мейірбике саны 59,04% құрайды). Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жарақталуы 2011 жылы 94,0% құрайды.

01.01.2013 жылғы жағдай бойынша дәрігерлер саны – 133+1 психолог (оның ішінде жоғарғы санаттағы дәрігерлер саны 21, бірінші санатты 56, екінші санатты 6. Санаты бар барлық дәрігерлер саны 62,4% құрайды), орта бұынды медициналық қызметкерлер 464 адам (оның ішінде жоғарғы санаттағы мейірбике саны 166, бірінші санатты 83, екінші санатты 31. Санаты бар барлық мейірбике саны 60,34% құрайды). Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жарақталуы 2012 жылы 92,7% құрайды.

2011-2013 жылдары жалпы практикалық дәрігерлер үлесінің өсуі байқалады, көрсеткіш 2011 жылы - 44, 2013 жылы - 43,4 құрады.

2013 жылдың соңында кадрлар тапшылығы 10 дәрігерді құрады. 2013 жылы медициналық ЖОО 6 түлегі ауданға келді. Барлығы көтермеақы алып, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2011 жылы дәрігерлік кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары 41 дәрігер немесе 30,14%, 30 жасқа дейінгі 24 дәрігер немесе 17,6% құрайды. Жас мамандардың жеткіліксіз келуің күәландыратың тәжірибесі 25 жылдан астам мамандардың өсуі байқалады.

2013 жылы дәрігерлік кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары 45 дәрігер немесе 33,6%, 30 жасқа дейінгі 29 дәрігер немесе 21,6% құрайды. Жас мамандардың жеткіліксіз келуің күәландыратың тәжірибесі 25 жылдан астам мамандардың өсуі байқалады.

Денсаулық сақтауды проблемаларды айқындау үшін SWOT-талдау жүргізіледі:



Мықты жақтары:

- демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;

- ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі;

- тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмекті жоғары технологиялық түрлерінде қолжетімділіктің жақсаруы;



Әлсіз жақтары:

- санитарлық нормалар мен талаптарына қайшы келетін типтік дәрігерлік амбулаториялық медициналық пунктері ғимараттарының болмауы;

- ауыл мекендерінде медициналық кадрлардың тапшылығы, ауылда жұмыс істеу уәждемелердін болмауы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың төмен болуы;

- Мақаншы ауылындағы туберкулезге қарсы аурухана ғимаратының талапқа сай еместігінен ауданда жаңа туберкулезге қарсы аурухана ғимаратың салу қажет етеді;

- Үржар ауылының тазалау ғимараттары мен канализациялық желілдерінің санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сай келмеуі;

- Алакөл жағалауында демалушыларға тәулік бойы медициналық көмек көрсету үшін өз штатымен және дәрі-дәрмектермен қамтылған маусымдық стациоанрлық дәрігерлік пункт құрылысын салу қажеттілігі;

- ауданның емдеу мекемелерінің медициналық құралдарымен, санитарлық көлікпен қамтамасыз ету жағдайының төмендігі.

Мүмкіндіктері:

- заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;

- жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

- жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін ізірлеу.

Сонымен, ауданның денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі, нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші, кадрлық мәселелер болып отыр. Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.

Қауіптер:

- аталған саланы толық көлемде қаржыландырмау әсерінен медициналық құрылғылар мен медициналық мекемелер ғимараттарының тозуы, індеттерді уақытында анықтаудағы медициналық қызмет көрсетудің сапасыздығына алып келеді;

- мамандардың тапшылығының өсуі.

2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау


Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау аудандағы соңғы 4 жыл бойында әлеуметтік қамту саласын дамытудың оң серпінін көрсетті: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсіп отыруы, аз қамтылғандар санының 19,8 % төмендеуі, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайын өсуі, тіркеуге отырған жұмыссыздар үлесінің 0,1 пайыздық пунктке төмендеуі және 0,5% құрауы.

2011 жылы жұмыспен қамту органдарына өтініш түсіргендердің жұмысқа орналастыру деңгейі 74,7%, 2013 жылы 85,9% құрады.

2013 жылы кәсіби оқытуға 30 жұмыссыз адам жолданды, бұл 2011 жылмен (91 адам) салыстырғанда 65 адамға кем. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 10 адам қамтылған (2011 жылы 10 адам). Жастар практикасына 16 адам жолданды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 4 адамға кем (2011 жылы 20 адам). 2013 жылы құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 895 болса, бұл 2011 жылмен (829) салыстырғанда 66 жұмыс орнына артық. Мұндай мүмкіндік ауданда «2020 - Жұмыстың жол картасы» жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде жылдан жылға жұмыссыздық санының азаюынан болып отыр. Егер 2011 жылы жұмыссыздар саны 239 адамды құраса, 2013 жылы 222 адам болды.

Нысаналы топқа жатқызылған жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматттарды, оның ішінде репатрианттарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары болып мыналар табылады: еңбек нарығындағы жағдай және ұсынылатын қызметтер кешені туралы ақпараттық қамту, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру, уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметшілерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 100,0% құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 4,5% артық. Бұған ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімдерге қайта жасасу, және де келісім-шартқа отырмаған кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізілді.

2013 жылы жұмыспен қамту өкілетті органдарына жұмыссыздық мәселесімен 599 адам өтініш берген, 2011 жылы 748 адам, оның 373 жұмысқа орналастырылды (2011 жылы 559 адам жұмысқа орналасқан).

2013 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджеттен трансферттерді қоса ескергенде 329,1 млн. теңге бөлінді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 1,1 есе артық.

Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде Үржар ауданы тұрғындарының өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылады. 2011 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 751 адамға (19,8%) қысқарды және 2013 жылдың аяғында 3,0 мың адамды құрады.

2013 жылы табыстары ең төменгі күн көріс мөлшерінен төмен халық үлесі 3,8% құраған (2011 жылы – 4,4%). Ең төменгі күн көріс мөлшері 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі мерзімде 14801 теңгеден 17845 теңгеге дейін көбейді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 71,7 % азайып 250 адамды құрады.

2013 жылы балаларға мемлекеттік жәрдемақы түрін 1559 отбасы алды, онда 4271 бала бар, бұл 2011 жылдан 28,3% төмен.

Тұрғын үй көмегін 2013 жылы 383 отбасы алды, бұл 2011 жылдан 0,5 % төмен.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3,5 % азайып, 24,0 % құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшері 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2565,7 теңгеден 3432,7 теңгеге дейін көбейді.

2013 жылы атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшерінің үлесі (3432,7 теңге) ең төменгі күнкөріс мөлшерінен алғанда (18101 теңге) 19,0% құрайды, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен (16,9%) 2,1%-ға артық.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызмет шығындарын жартылай өтеуге материалдық көмек беріліп отырады.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға, көпбалалы аналарға, аз қамтылған мүгедек балаларға тұрақты түрде материалдық жәрдемақы көрсетіліп отырылады.

Ауданда жиыны 237 адамға, оның ішінде 12 мүгедектер, қызмет көрсететін жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді.

Мүмкіндіктері шектеулі 171 балаға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі үйде қызмет көрсетеді, 20 бала әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет етеді.

2013 жылы 45 психика мен жүйкелерінің ауытқушылықтары бар балаларға үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қызметтер көрсетілді.

2011 жылы белсенді туберкулез науқастарына қалаға барып тексерілулеріне жол шығынына, тамақнуларына 771,0 мың теңгеге және 2013 жылы 1 175,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

SWOT – талдау:

Мықты жақтары:

- МАӘК өтініш бергендер санының 3,6 есе төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің 1,5 есе өсуі жеке атаулы көмекті күшейту жағын куәландырады;

- жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық пунктіге төмендеп 4,5% құрады.

Әлсіз жақтары:

- МАӘК алушылар құрамында еңбекке жарамды адамдардың болуы;

- жұмыс нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңгерімсіздігінің болуы, ол жерде дәрігерлер, электрогазосварщиктер, плотниктер, көлік жүргізушілер жоғарғы сұраныспен қолданылады;

- экономиканың кадрлар қажеттілігін айқындайтын механизмнің болмауы казіргі кезде жоспарлау – бұл әкімшіліктер арқылы кәсіпорындарда кадрлар қажеттілігі мәліметің жинақтау мен талдау болып табылады.



Мүмкіндіктері:

- тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған бөлігін кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

- тұрғындар кірістерінің іс жүзінде өсуі;

- үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмыстарын белсендіре түсіруі.



Қауіптер:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жеткіліксіз белсенділіктері мен масылдық бағдарлары;

- кәсіпорындарда бос жұмыс орындарының қысқарылу салдарынан жұмыссыздықтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектелуі.

2.2.2.4 Мәдениет


Ауданның мәдениет саласы соңғы жылдары тұрақты даму үстінде. 2011-2013 жылдары мәдениет саласы қызметіне бөлінген қаржы 440 млн. 317 мың теңгені, оның ішінде 2011 жылы – 79 млн. 266 мың теңге, 2012 жылы – 113 млн. 121 мың теңге, 2013 жылы – 247 млн. 930 мың теңгені немесе мәдениет саласына бөлінген қаржының өсімі 3,1% құраған.

Атап айтқанда қаржыландырудың өсуі «Жол картасы» бағдарламасының есебінен, сонымен қатар мәдени іс-шаралардың жүргізілуі есебінен болды.

Мәдениет мекемелерінің желісі 2011 жылы 14 бірлікті, 2012 жылы 15 бірлікті, 2013 жылы 18 бірлікті құрап, 1,2 %-ға көбейген, оның ішінде 3 мәдениет үйлер, 10 клуб, 5 кітапхана.

Аудандық орталық кітапханада «Бірыңғай ақпараттық компьютер желісі» жобасы жұмыс істейді. Жоба аясында аудандық кітапхана қажетті құрылғылармен қамтамасыз етіліп, Интернетке қосылды. Интернет-қызметің пайдаланушылар саны 515 адамды құрады. 2011-2013 жылдары аудан кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 17 бірлікті, көшірме жасау құрылғысы 3 бірлікті құрайды.

Аудан бойынша 2011 жылы 115, 2012 жылы 120, 2013 жылы 632 мәдени- көпшілік іс-шаралар өткізілді, яғни 5,4 есе артып отыр.

2011-2013 жылдары аудан кітапханалары 26650 пайдаланушыға қызмет көрсетті, соның ішінде: 2011 жылы - 7500, 2012жылы - 9300, 2013 жылы - 9850 пайдаланушылар, өсу қарқыны 1,3 есе.

2011 жылы кітап қоры 103 059 мың дана, соның ішінде мемлекеттік тілдегі 39210 дана; 2012 жылы кітап қоры 100 672 мың дана, мемлекеттік тілдегі 36758 дана; 2013 жылы-кітап қоры 97 839 мың дана, мемлекеттік тілдегісі 38729 дана.

2011-2013 жылдары аудандық мәдениет саласы мекемелерінің материалдық- техникалық базасын жақсартуға жергілікті бюджеттен 37 млн. 305 мың теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде: 2011 жылы - 9 млн. 350 мың теңге қаржы, 2012 жылы - 11 млн. 575 теңге қаржы, 2013 жылы - 16 млн. 380 мың теңге қаржы, өсім 1,8% құраған.

2011-2013 жылдары мәдениет ғимараттарына (мәдениет үйі, ауылдық клубтар) 127 млн. 945 мың. теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы- 1 млн. 778 мың теңге қаржы, 2012 жылы - 22 млн. 853 мың теңге қаржы, 2013 жылы - 103 млн. 314 мың теңге қаржы бөлініп игерілді, өсу қарқыны 58,1%.

2011-2013 жылдары мәдениет қызметкерлерінің жетістіктері: 2011 жылы М.Алипов «Мәдениет қайраткері» атағын алған, А.Қаниев «Жас қанат» облыстық байқауда қатысқан. 2012 жылы Н.Черубаев Шымкен қаласында ШҚО мәдениет күндеріне арналған гала концертте қатысқан. 2013 жылы «Сонар» ән- би ансамблі «Айгөлек» республикалық байқауда қатысқан, Р.Чукенова мен Г.Темирбекова қатысып «Бұлбұл әнші» мен Гран при номинациясын женіп алған. Н.Черубаев «Қазақстан дауысы» республикалық байқаудың қатысушы болып дипломант атанған, «Барқытбел» халық аспаптар оркестрі мен «Керуен» театры, «Сонар» ән-би ансамблі өз номинацияларын растап қорғады.

Үржар ауданы бойынша мемлекеттік тізімген енген 4 тарихи- мәдени ескерткіштер тіркелген.

Мәдениет саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға SWOT- сараптама жасалды.

Мәдениет саласы қызметінің сапасымен аудан тұрғындарының қанағаттану деңгейі 2011 жылы- 54,0 %, 2012 жылы 65,0 %, 2013 жылы 68 % құрады. Яғни, 2013 жылы 1,2 %-ға өсіп отыр. 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 72 % қол жеткізу жоспарланды.

SWOT- сараптама:

Мықты жақтары:

- 2011 жылмен салыстырғанда мәдени- көпшілік іс-шараларға, конкурстарға, фестивальдерге, әдеби-сазды кештерге, көрмелерге, концерттерге қатысушылар, кітапханаға келушілер деңгейін, орын саны өзгерместен 3,0 есеге артуы;

- мәдениет нысандарының қызмет көрсетуін қамтамасыз ету дәрежесін арттыру.

Әлсіз жақтары:

- мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі (музыкалық аспаптар, заманауи құрылғылар, сахналық киімдер);

- 2014 жылға пайдаланымдағы мәдениет саласы ғимараттарының тозу деңгейі бар. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

- әлеуметтік жағдайы төмен топтағы тұрғындарға ақысыз қызмет көрсету мәдениет қызметінің қол жетімділігін арттырады.



Қауіптер:

- мәдениет саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға жасалған



SWOT-сараптама қорытындысында аудандық мәдениет саласының дамуын тежеп отырған өзекті мәселелер анықталды.

1. Ауданның қажеттілігіне мәдениет желісі жеткіліксіз. Үржар ауданының 14 ауылдық округінде ауылдық клубтар, 22 ауылдық округте ауылдық кітапханалар жоқ. Мәдениет саласындағы 1 видеомобиль автокөлігі аудан орталығынан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына толыққанды мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайды.

2. Жеткіліксіз материалдық- техникалық жабдықтау (музыкалық аспаптар, заманауи құрылғылар, сахналық киімдер) мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасына өз әсерін тигізеді және тұрғындардың өсіп келе жатқан мәдени қажеттілігіне жауап бере алмайды.

3. Мәдениет мамандардың қартайюы байқалады. Мәдениет мекемелерінде тар шеңберлі мамандықтардың жоқ (немесе үлкен тапшылық) болуы (музыкалық мамандар, кітапхана ісінің мамандары, програмисттер), маркетинг пен арт-мененджментті игерген шығармашылық көзбасшылар мен жаңа үлгідегі басқарушы кадрлардың тапшылығы байқалады. Ауылдық клубтар мен кітапханалардың штаттық кестесінде техникалық қызмет көрсетушілер бірлігі жоқ.



2.2.2.5 Тілдерді дамыту


Аудандағы мемлекеттік тіл саясатының даму бағыты: ұлттық бірліктілікті қалыптастыруға, тіл саясатын пәрменді ақпараттық қолдауға, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға негізделген.

Аудан әкімі аппараты және оның дербес бөлімдеріндегі, атқарушы органдардағы барлық мемлекеттік қызметшілер қызмет атқаруларына қажетті деңгейде мемлекетік тілді меңгерген. Ауданда аудан әкімі аппараты жанында, 3 орта мектептің базасында және аудандық Қорғаныс істері бөлімінде мемлекеттік тілді оқыту үйірмелері ұйымдастырылған. Аталған мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінде 74 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқып үйренуде.

Білім саласында мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту пәндері мемлекеттік стандартқа сай жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданда 52 жалпы орта мектеп бар, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын- 42, аралас- 10 мектеп. Аудандағы жалпы орта мектептердегі оқушылардың 92 %-дан астамы мемлекеттік тілде оқып, білім алуда. Аудандағы 8 балабақша оқу-тәрбие жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізуде.

Сонымен қатар аудандағы 4 мектеп жанында ағылшын тілі үйірмесі жүргізіледі, онда 85 тыңдаушымен қамтылған.

Мемлекеттік тілді оқыту, ісқұжат жүргізу сапасын арттыру мақсатында аталған үйірме тыңдаушылары мен аудан әкімі аппараты мен дербес бөлім қызметкерлеріне (қаржы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, транспорт) салалық сөздіктер, оқу- әдістемелік құралдар сатып әперуге мекеме, бөлім басшылары жауапты болып бекітілген.

Мемлекеттік тіл саясаты бойынша ақпараттандыру орталығы ролін атқарып отырған аудан әкімі сайты апта сайын жаңартылып отырады.

Ауданда «Уақыт тынысы/Пульс времени» аудандық газеті 5986 дана таралыммен шығады. Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ- та насихаттау мақсатында 2011ж.- 15, 2012ж.- 11, 2013ж.- 14 мақала жарияланды.

Аудан әкімі аппараты және оның құрылымдық бөлімдерінде, 27 ауылдық округ әкімі аппаратында ісқұжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуде. 2011 жылы аудан бойынша жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлес салмағы 98%, 2012ж. – 99 %, 2013ж.- 100 % құрады.

Жалпы ауданда мемлекеттік тілді қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізуге мүмкіндіктер жеткілікті. Мемлекеттік тіл саясатын, тілдік құрылымды қоғамдық өмірдің барлық саласында жан- жақты терең енгізуге және жүргізуге барлық жағдайлар жасалған. Бұл мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамның мақсатты үйлестірілген жұмысының нәтижесі. Аудан өмірінде тілдік дамудың тиімді құрылысы бірден- бір әлеуметтік маңызды мәселе, қоғамда азаматтық келісімді және оның ары қарай нығаюына, этнолингвистикалық және мәдени қажеттілікті жүзеге асыруға толыққанды әсерін тигізеді.

Мемлекеттік органдардың қызметі бірқатар тиімді атқарымды- лингвистикалық кеңістік шарттары үдерістерін қалыптастыруға негізделген.

Біріншіден, ауданның жаңаша даму сатысында тілдерді дамыту саласы да ерекше жаңашыл бағыттағы талаптарды қажет етеді. Бірінші кезекте, ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті түсіне білу негізінде ары қарайғы тұрақты дамуға қажетті аудан тұрғындарының бірігуі қажет.

Екіншіден, бұл қоғамдық өмірдің барлық саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы Қазақстанның әлемдік саяси- экономикалық жүйедегі орнының өзгеру әсері.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қолданылуы мен дамуы сақталуда.

Қаржыландыру көлемі 2011ж.- 480,0; 2012ж.- 514,0; 2013ж.-531,0 мың теңгені құрады.



Мықты жақтары:

- мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы жетілдірілуде;

- мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің жүйесін қамтамасыз ету жолға

қойылды;

- мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді жүзеге асырылуда.

Әлсіз жақтары:

- мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты нақтыланбаған;

- тіл саласының нормативтік- құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

- Қазақстан халқын ұлттық және моральдық біріктіруші басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

- көптілділікті сақтай отырып, мемлекеттік тілді әлеуметтік- коммуникативтік кеңістікке енгізу;

- қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.



Қауіптер:

- мемлекеттік тілді қолдану саласындағы құқықтық қолдаудың жеткіліксіздігі;

- қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.
2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт

Аудан бойынша 21 спорт түрлері дамыған, онын ішінде 1- қысқы олимпиада бағдарламасына кіретін спорттың түрі, 8 — жазғы олимпиадаға және олимпиада бағдарламасына кірмейтін 12 спорт түрлері.

2013 жылы Үржар ауданы бойынша спорт нысандарының саны 239 бірлік (мектептердің спортзалдарын есептегенде) немесе 2011 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке көп.

2011-2013 жылдары жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 5042 адамға көбейді. 01.01.2014 жылға жалпы халық санынан жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысқан халық саны 19882 адам немесе 24,5% құрады.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда өткізілген спорттық шаралар саны 102 бірлікке көбейіп, 180 бірлікті құрады.

Аудан бойынша шаңғы спортынан 54 үйірме жұмыс атқаруда, қамтылған бала саны — 864. Жыл сайын шаңғы спортынан 20-дан астам жарыстар мен фестивальдар өткізіледі.

13 кесте
2011-2013 жылдары спорттың дамуының негізгі

көрсеткіштерінің динамикасы


Р/с№

Көрсеткіштің атауы

2011ж.

2012ж.

2013ж.

1

Үржар ауданының жалпы халық саны, адам

82045

83363

81008

2

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны, адам

14840

15840

19882

3

Дене шынықтыру және спортпен қамтылған адамдар, %

18%

19,0%

24,5%

4

6-18 жас аралығындағы дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны

5120

1123

1246

5

Спорт нысандары саны, бірлік

229

234

239

Сонымен бірге, дене шынықтырумен айналысатын адам санын көбейту мен спорт түрлерін дамыту үшін ауданда спорттық секциалар мен спорттық клубтар жеткіліксіз және кейбір ауылдар мен мектеп спортзалдарының материалдық-базаларын нығайтуды қажет етеді.

Балалар-жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі үлкен жұмыс атқарады. Спорт мектебінде 8 спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді (дзю-до, шаңғы, қазақ күрес, еркін күрес, грек-рим күрес, бокс, футбол, волейбол), барлығы 1246 бала қамтылған. Спорт мектебінің 8 бөлімшелері: Мақаншы, Бақты, Келдімұрат, Таскескен, Көлденең, Қарабұлақ, Қабанбай және Елтай ауылдарында жұмыс істейді.

Спорт мектебінде 42 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істеуде. Оның ішінде 1-дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 грек-рим күресінен КСРО-ның Спорт шебері, 1- шаңғы спортынан еңбек сіңірген спорт шебері, 5 -ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 33 жаттықтырушы – оқытушы штаттық кестесі бойынша жұмыс атқаруда, оның ішінде жоғары білімімен – 24 жаттықтырушы, орта арнаулы білімімен – 18, штаттық кестесінен тыс 9 жаттықтырушы, оның ішінде жоғары білімді - 4. Спорт мектебінің жұмыс нәтижесі: 1,2,3 разрядтары бойынша – 335 спортшы, спорт шебері-3, спорт шеберіне үміткерлер - 64.

Спорт саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға SWOT- сараптама жасалды.

Мықты жақтары:

- барлық жастағы халық арасында дене шынықтыру – сауықтыру және бұқаралық- спорттық шаралының көбеюі;

- бұқаралық спортпен шұғылданатын спорттық нысандар санының көбеюі.

Әлсіз жақтары:

- материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;

- ауыл округтердегі спорт нұсқаушылары штатының жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

- спорт инфрақұрылымының деңгейін көтеру (кіші футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей алаңдарын жасау).



Қауіптер:

Спорт саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға жасалған SWOT- сараптама қорытындысында аудандық спорт саласының дамуын тежеп отырған өзекті мәселелер анықталды.

- спорттық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі.

- ауылдық жерлерде спорттық ғимараттардың және құрал-жабдықтарының жеткіліксіздігі байқалады. Қазіргі таңда ауданымызда жасанды жабынды талапқа сай футбол алаңы жоқ.


2.2.2.7. Ішкі саясат

Есепті кезеңде Үржар ауданында тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталды. Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары бойынша, басқа да, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында белсенді түрде ақпараттық- түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ауданда 2 саяси партия филиалы тіркелген -«Нұр Отан» (қатарында 4091 мүше) және Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы (құрамында – 102 мүше).

Үржар ауданындағы «Нұр Отан» республикалық халықтық саяси партиясының филиалы ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсенді позиция ұстауда.

Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен конструктивті қарым-қатынас орнатылған. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаумен, орын алған жағдайда дау-дамайларды шешуге нұсқау беруге, шара қолдануға, мемлекеттік органдар мен қоғамның күшін біріктіру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған.

Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасы мен қазақстандық этносаралық келісім моделін насихаттауда жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекетті дамыту Стратегиясын және мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық және қоғамдық-саяси іс-шаралардың өтуімен тұрақты этносаралық келісім сақталуда. 2013 жылдың 1 қаңтарына Үржар ауданында халық саны 81 050 адамды құрады. Оның ішінде: қазақ ұлты - 74 203, орыс ұлты - 5871 , өзбек ұлты- 11 , украин ұлты - 43, неміс ұлты - 314 , татар - 186, белорустар - 19, шешен ұлты-83, болгар ұлты – 26, басқа ұлттар -295 адам. Ауданның барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде.

Жыл сайын «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі тойланады. Аудандық іс-шаралар этностардың тарихы мен дәстүрі, мәдениетін қазақстандық этносаралық келісім моделін насихаттауға бағытталған.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде «Үкіметтік емес ұйымдардың» маңызы үлкен.

Аудандық ардагерлер Кеңесі, Ауған соғысы ардагерлерінің «Айбын» қоғамдық бірлестігі, «Нұр ата» қоғамдық қоры ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсене араласуда.

2011-2013 жылдары «Үкіметтік емес ұйымдарды» қаржыландыру қарастырылмаған.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика, білім, мәдениет, спорт салаларындағы оң жетістіктері облыстық, аудандық БАҚ-дары арқылы насихатталып отырады.

Ауданда 1 басылымдық бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Ол «Уақыт тынысы/Пульс времени» қоғамдық-саяси газеті. Мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы тұрғындарды шұғыл ақпараттандыруды арттыру мақсатымен 2010 жылдың қазан айынан аудандық қоғамдық-саяси газет аптасына 2 рет шығарыла бастады.

Сол себепті аудан тұрғындарының мемлекет дамуының негізгі басылымдылықтары мен жүргізіліп жатқан мемлекет саясаты туралы хабарландыру деңгейлері жоғарылады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді: 2011 ж. – 8 241,0 мың. теңге, 2012 ж. – 5 920,0 мың. теңге, 2013 ж.-6913,0 мың. теңге. Аудандық газетінің тиражы жылдан жылға өсуде 2011 ж. – 6500, 2012ж. – 5 254, 2013ж. - 7 000 дана.

Қазақстандық сандық спутниктік хабар таратуын кеңейту мақсатында, «Казтелерадио» АҚ бірлесе отырып 1 презентация, 3 АНТ үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізді, аудандық газетінде OTAU TV тиімділігі жөнінде мақалалар жарық көреді. Бүгінгі таңда 3637 отбасы OTAU TV абонентері болып табылады.

3 жыл ішінде облыстық, аудандық және ауылдық ақпараттық-насихат топтарының жүйелі түрде жұмысы ұйымдастырылды. ҚР Президентінің Жолдауын өз деңгейінде насихаттауда 39 аудандық ақпараттық-насихаттық тобы, құрамында 219 адам, оның ішінде 4 аудандық топ, құрамында 24 адам кіретін, және 35 ауылдық ақпараттық-насихат тобы, құрамында 195 адам кіреді. Аудандық ақпараттық-насихат тобының құрамына бөлім басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, саяси партия, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері енгізілген. Ақпараттық-насихат топтарымен 435 кездесу мен дөңгелек үстелдер өтті. Онда 78 мыңнан астам халық қамтылды.

АНТ жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлермен қатар «НұрОтан» партиясының, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсене қатысады. Ақпараттық-насихат топ мүшелеріне Жолдау тақырыптары бойынша ақпараттық материалдар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша, тағы басқа маңызды мәселелер жөнінде ақпараттар дайындалады. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан деструктивтік діни ағымға, жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы брошюралар таратылды.

Бағдарламалық құжаттар мен мемлекеттік саясат бағытының ақпараттық-насихаттық іс-шараларды өткізудің нәтижелері бойынша тұрғындардың ақпараттандырылуы 72 % құрады.

Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен конструктивті өзара іс-қимылы арқылы қоғамдық процесстерге диалогты дамытуда тұрғындардың ауқымды кіруі қамтамасыз етіледі.

Аудандағы діни бірлестіктерге аса назар бөлінеді. Ауданда 31 діни бірлестік бар, олардың 30 ислам діни бірлестігі, 1- христиан діни бірлестігі. Конфессияаралық бағытта 2013 ж. 12 дөңгелек үстел мен кездесу ұйымдастырылып, 18 840 адам қамтылды.

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жүйелі түрде жұмыс істейді.

2011 жылдан бастап ауданда діни экстремизмнің алдын алу мен конфессияаралық келісімді насихаттауда аудандық дін жөнінде АНТ белсене жұмыс атқарады.

Діни мазмұндағы әдебиеттерді таратуда арнайы стационарлық орындар қарастырылған.

Діни бірлестіктерінің жұмысына, діни ахуалға жүйелі мониторинг жасау, және азаматтық қоғам институттарының оның ішінде қоғамдық ұйымдардың, олармен конструктивті диалогты нығайту аймақта діни тұрақтылықты сақтауға қамтамасыз етеді.

Қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да, азаматтық қоғам институттарының жұмысына жүйелі мониторинг жүргізу, олармен конструктивті диалогты нығайту аймақта қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға қамтамасыз етеді.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық, конфессияаралық келісім, діни бірлестіктердің, құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өтккен дөңгелек үстелдер, олардың жастармен өткізген кездесулері, этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, мемлекеттік символдарды дәріптеуге бағытталған шараларға азаматтық қоғамның белсенділері тартылған. Бұл демократиялық процесстердің дамуы мен тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімділігін арттырады.

Үржар ауданында 20342 жастар тұрады. Аудандағы 2 жастар ұйымына «Болашақ» және «Нұр Отан» партиясының Жас Отан Жастар қанатының құрамында аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары кіргізілген.

Жыл сайын мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қаржыландыру артып келеді: 2011 ж. – 570 мың. теңге, 2012 ж.- 800 мың. теңге, 2013 ж. -708 мың. теңге құрады.

2009 жылдан бастап ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарлама бойынша 2011 жылы 24 жас маман жұмысқа орналастырылды, оларға 2 540,0 мың теңгеге біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 31 752,0 мың теңге несиелер төленді. 2012 жылы 18 жас маман жұмысқа орналастырылды, оларға 2 039,0 мың теңгеге біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 26 497,0 мың теңге несиелер төленді. 2013 жылы 20 жас маман жұмысқа орналастырылды, оларға 2 424,9 мың теңгеге біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 44 141,0 мың теңге несиелер төленді.

Аймақтағы жастар ұйымдарын дамыту мен жастарға қажетті жағдай жасауда ауданда біршама шаралар атқарылды. Жастар арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға олардың азаматтық белсенділігін арттыру мақсатымен ішкі саясат бөлімімен аудан жастарына патриоттық шаралар ұйымдастырылды. Социологиялық сауалнамалар жүргізілді. Жастар орталығын ашу жоспарлануда.

Аудан бойынша 120 астам көрнекі құралдар ілінген. Оларды дайындауға 2011 жылы 610,0 мың теңге, 2012 жылы – 506,04 мың теңге, 2013 жылы – 600,0 мың теңге бөлінді.

Қоғамның мемлекеттілік пен халық бірлігі еліміздің мемлекеттілік даму бағытының аясында шоғырлануы ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығының кепілі.

Аудандық ішкі саясат бөлімін қаржыландыру көлемі 2011 жылы 22 млн. 338 теңге, 2012 жылы - 21 млн. 279 мың.теңге, 2013 жылы – 21 млн. 190 мың. теңге құрады.

Басым және осал тұстарын анықтауда SWOT-сараптама жүргізілді.



Мықты жақтары:

- қоғамдық-саяси ахуалға, азаматтық қоғам институттарына мониторинг жүргізіледі;

- ауданда екі тілде «Уақыт тынысы/Пульс времени» қоғамдық-саяси газеті жұмыс істейді. Мемлекеттік телехабарламалар көрсетіледі;

- АНТ жұмысы белсенді жүреді.



Әлсіз жақтары:

- жастар ұйымдарының аздығы;

- ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйыдардың жұмысының деңгейінің төмендігі. Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға қаражаттың жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

- сандық телевидение енгізуде мемлекеттік бағдарламаның жылдам орындалуы;

- қоғамдық-саяси және діни ахуалды шиеленстіруде превентивті шара қолдану мүмкіндігі;

- тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмысының нығайуы;

- ауылдық округтерде ҮЕҰ әдістемелік көмек көрсету.

Қауіптер:

- деструктивті діни ағымдардың таралуы.



2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.


2013 жылдың қорытындысы бойынша 2011 жылмен салыстырғанда барлық санаттағы қылмыстардың өсуі байқалады. Атап айтқанда, тіркелген жалпы қылмыстар саны 80 немесе 16,1 %-ға, оның ішінде шағын салмақтағы қылмыстар саны 42 немесе 33,3 %-ға, ортанша салмақтағы қылмыстар 55 немесе 13,1 %-ға, аса ауыр салмақтағы қылмыстар саны 4 немесе 300 %-ға өскен (10 сурет).

Осыған сәйкес 2013 жылы 10 мың тұрғынға есептегенде тіркелген жалпы қылмыс деңгейі 51,9, ауыр және аса ауыр қылмыстар 4,0 және сәйкесінше 0,5 құрады.

2011 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі 3,7 пайыздық пунктіге төмендеуі байқалады. 2011 жылы жалпы тіркелген 338 қылмыстардың ашылу деңгейі 64,1 % құраса, 2013 жылы жалпы тіркелген 418 қылмыстың ашылу деңгейі 60,4 %-ды құрады.

Қоғам мен жеке құрамды жұмылдыру арқылы алдың-ала іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 2013 жылы мал ұрлығы қылмыстар санын 91-ден 75-ке дейін, пәтер ұрлығы қылмыстар санын 61-ден 51-ге дейін, зорлау 13-ден 6-ға дейін, мастық кезінде жасалған қылмыстар санын 44-ден 33-ке дейін төмендетуіне қол жеткізілді.


13 сурет
2011-2013 жылдары тіркелген қылмыстар санының өзгеру динамикасы

Соңғы 3 жылда мал ұрлығы қылмыстар саны 91-ден 75-ке дейін азайғаны байқалады. Соның ішінде жылдар бойынша: 2011 жылы – 91 қылмыс, 2012 жылы – 83, 2013 жылы – 75.

Жол-көлік оқиғалары тұрақты болып және азаю тенденциясы бар. 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары саны недәуір азайған, алайда қаза болғандар саны көбейген. Соның ішінде жылдар бойынша: 2011 жылы – 10 оқиға, 2012 жылы – 9, 2013 жылы – 9.

Жыл сайын автокөлік құралдары парктерінің өсуіне қарамастан жолдардың қозғалыс қарқындылығының сәйкес еместігі, жүргізушілер дайындығының сапасы мен тәртібінің төмен деңгейде болуы орын алуда (11 сурет).

Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру үшін, жол қозғалысын бақылау және реттелудің заманауи техникалық құралдарын қолдану қажет.
14 сурет
2011-2013 жылдары аралығында жасалған жол көлік

оқиғалары, қаза болғандар мен жаралағандар санының өзгеру динамикасы

Мықты және әлсіз тараптарын табу үшін SWOT-талдауды жасау қажет.

Мықты жақтары:

- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлар жасалды;

- құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етудің нақты субъектілері анықталды;

- қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда қатысатын азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу нысандары келісілді.



Әлсіз жақтары:

- ІІО-да есепте тұрған тұлғалар арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі;

- тұрмыс жағдайы ауыр тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

- құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру;

- құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу бойынша

уақтылы шараларды қабылдау;

- алдын алу субъектілерінің жұмысын үйлестіруді арттыру.

Қауіптер:

- ауданның географиялық орналасуы заңсыз көшіп-қону жағдайына өзінің оң ықпалын тигізеді.

2.2.2.9 Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.


Үржар ауданының аумағының әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның – жер сілкінісі, су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні, дауыл, дала өрттері, температураның күрт төмендеуі және қарлы боран, індет және эпизоотия сияқты табиғи апаттарға айтарлықтай бейім болатындығын алдын ала анықтайды. Құралдар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі мен тозуы, табиғи ресурстарды өңдеуді қарқындандыру, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіп-қатердің өсуі үшін нақты алғы шарттар жасайды.

Жыл сайынғы залалды ауданға су апатымен (су тасқыны, су басу) байланысты төтенше жағдайлар әкеледі. Ауданда су тасқыны бойынша әлеуетті қауіп төндіретін 12 участоктер бар, онда жалпы халық саны 16500 адам тұратын 10 елді мекен орналасқан. 2011 жылғы көктем кезеңінде қолайсыз келген стихиялық ауа-райы шарттарына байланысты су тасқыны кезеңінде, наурыз айының ортасында ауа темперасы +18º-қа дейін күрт жылынуынан қар қорларының жаппай еруі орын алып, соның салдарынан аудан көлемінде 5 автокөлік көпірлері және су қоймасы істен шықты. 2011 жылы жаз мезгілінде нөсер жауын мен бұршақ салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар (мектеп, аурухана) бұзылған.

2011 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою тәжірибесі зардап шеккен аудан әкімінің резервінде материалдық-техникалық қорлардың жеткіліксіз салынғандығын, әлеуетті-қауіпті жерлерде инженерлік және жағалауды бекіту жұмыстарын өткізу деңгейінің төмендігін, АҚ және ТЖ аумақтық қызметтерінің қажетті құралдар және қондырғылармен нашар жарақталғанын көрсетті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша 2011 жылмен салыстырғанда тіркелген төтенше жағдайлардың саны 8 оқиғаға азайған.

Үржар ауданының климатының күрт континенттік жағдайларында және елді мекендердің бір бірінен айтарлықтай алыс қашықтықта болуынан қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп туындатады. Ауданның дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы күрделі болып отыр, онда жыл сайын 60-қа дейін ірі өрттер болып тұрады, 1000 гектарға дейін егіс алқаптары құртылады. Тұрғын секторда өрт шығу деңгейі жоғары болып қалуда, мұнда жыл сайын барлық өрттердің 75 пайызына дейін және өрт кезіндегі адам өлімінің 90 пайызына дейін болады. Ауданның елді мекендерде орналасқан 6 өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс істейді. Елді мекендерді қажетті қорғаумен қамтамасыз ету үшін және дала өрттерін сөндіру жұмыстарын алдын алу мақсатында қосымша 2 өрт сөндіру тірек пунктерін құру керек (Қарабұта және Қарабұлақ ауылдарында), Алакөл жағалауында өрт сөндіру бөлімін құрып, өрт сөндіру техникаларымен қамтамасыз ету қажет.

Ауданда теле-радио арналары арқылы халықты құлақтандырудың ұйымдастырушылық-техникалық шешімдері төмен төзімділік пен аз тиімділігімен ерекшеленеді. Соңғы жылдары радиотрансляциялық желілері санының азайғаны байқалады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 154 бұйрығына сәйкес «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Құрылыс нормалары және ережелері 2.03-30-2006 қабылданып, 2006 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Үржар ауданындағы 20 елді мекендер сейсмикалылық жер сілкінісі 6-дан 7- балға дейін жететін қауіпті аймақта орналасқан. Олар атап айтқанда, Салқынбел, Қарабұйрат, Благодатное, Некрасовка, Покровка, Барқытбел, Қазымбет, Ер Қабанбай, Бұрған, Көкөзек, Колденең, Қаратұма, Қызылжұлдыз, Келдімұрат, Қызыл бұлақ, Қайынды, Көктерек, Қарабұта, Ақшоқы, Подгорное елді мекендері. Аудан елді мекендерінің сейсмикалық шағынаудандастырудың картасының болмауы сейсмикалық қауіпсіздікті бағалауды жүргізуді және инженерлік қауыпсіздік шараларын және апаттардың зілзалада тәуекел зардабын азайту бойынша бағалауды жүргізуге мүкіндік бермейді.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу дүлей апаттар, авариялар, катастрофалар кезінде пайда болатын қауіп-қатерлерден халықты, аудан экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды әсерлі қорғаудың міндетті шарттары болып табылады.

Пайда болған жағдайды бағалау төмендегідей SWОT - сараптамасында көрсетілген:

Мықты жақтары:

- жыл сайын бекітілген жоспар бойынша басқару органдары, облыстық қызметтер, АҚ және ТЖ объектілік және аумақтық қызметтерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі;

- төтенше жағдайлардың қаупі және пайда болуы кезінде әрекет ету және өзара әрекеттесу жоспарлары жасалды;

- ауданның АҚ және ТЖ мәселелері бойынша басшы құрамы облыстық және республикалық оқыту курстарында жиі дайындықтан өтеді.

- аудан әкімдігі тарапынан дала өрттерін сөндіру және шалғай орналасқан елді мекендерді қорғау үшін 6 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызметі ұйымдастырылды.

Әлсіз жақтары:

- халықты құлақтандырудың қолда бар жүйесі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі немесе пайда болған кезде халыққа ақпаратты жедел толық көлемде жеткізуге қабілеті жоқ;

- АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдары авариялар және дүлей апаттар аумақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын өткізуге қажетті құралдар, қондырғылар және құтқару жарақтарымен нашар жабдықталған;

- аудан аумағындағы әртүрлі табиғи, таулы-геологиялық шарттар күшінде, көптеген өзендер мен су қоймаларының бар болуынан жағалауды бекіту жұмыстарын өткізуді және кезек күттірмейтін қорғауды қажет ететін, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп тудыратын, су тасқыны және су басуы пайда болатын әлеуетті-қауіпті учаскелер бар.



Мүмкіндіктері:

Мақсатқа қол жеткізудегі жетістіктер көбінде басқару органдарының, АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының қауіп төнген немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл әрекет етуге әзірлігі деңгейіне байланысты болады. Тұрғындар арасында АҚ және ТЖ саласындағы білімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, әртүрлі түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережесінің көрнекілік құралдарын тарату жөніндегі кең көлемдегі жұмыстар ТЖ болатын шығындарды айтарлықтай азайтады. Өрт сөндірудің тірек пункттерін дамыту және мөлшерін артыру табиғи өрттерден болған шығындарды айтарлықтай азайтуға, сондай ақ аудан орталықтарынан шалғайда жатқан елді-мекен пункттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аудан әкімінің материалдық-техникалық запастарын күшейту, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындардың кепілді тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Қауіптер:

Аудан аумағында күші 7-ден 8 балға дейін болатын күшті жер сілкінісі туындауының нақты каупі бар. Объектілерді тексеру және сейсмикалық күшейту жөніндегі қаржыландыру жобасының болмауы қирататын жер сілкінісі туындаған жағдайда адам өліміне, сонымен қатар тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаппай бүлінуіне соқтырады және тек ауданға ғана емес облысқа және республикаға да айтарлықтай шығын келтіреді. Ауданда меншіктің әртүрлі 7 гидротехникалық бөгеттері бар, өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынып, техногендік авариялардың болуына үлкен қауып туғызуда.

Су құрылыстарының кепілді мықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тәсілдің болмауы бөгеттердің жай-күйін тексеру және оларды күшейту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырмаудан техногендік авариялар туындап, адамдар өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет