БАҒдарламасы үржар ауылы, 2014 жыл


Шағын және орта кәсіпкерлік



бет3/11
Дата17.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#143414
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2.1.3. Шағын және орта кәсіпкерлік


Бүгінгі күні аймақтағы шағын кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткішінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәлендіреді.

Салық басқармасының мәліметіне сәйкес 2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда 6455 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, солардың ішінде жұмыс істеп тұрғандары - 5342, оның ішінде заңды тұлғалар үлесі 86 бірлікті (1,6%), жеке кәсіпкерлер – 2643 бірлікті (49,5%) және шаруа қожалықтары – 2613 бірлікті (48,9%) құрайды.

Шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі жер телімдерін үкіметке өткізуі шағын кәсіпкерлік субъектілер санының кемуіне әсер етті.

5 кесте


Шағын кәсіпкерлік көрсеткіштерінің 2011-2013 жылдардағы

өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

Жылдар

2011

2012

2013

Белсенді субъектілер саны, бірлік

5122

5231

5342

4 сурет
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы



Жұмыс істемейтін кәсіпорындарды жабу жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Бұл жұмыстарды жаңдандыру мақсатында ауданда арнайы штаб құрылған, онда жұмыс істемейтін кәсіпорындар басшылары шақырылып, тиісті шешімдер қабыладанады.

Кәсіпкерлік саласында жөнсіздікті болдырмау және әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында ауданда кәсіпкерлік саласында әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған.

Кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау шеңберінде аудан көлемінде келесі іс-шаралардың жүргізілуі жоспарлануда:

1. Шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелендіру туралы ақпараттық базаны құру;

2. Кәсіпкерліктің бірыңгай мәліметтік желісін құру бойынша ақпараттық орталық салаларымен тығыз байланыста болу;

3. Семинарлар мен курстарды өткізу арқылы бастауыш кәсіпкерлерді оқыту;

4. Кәсіпкерліктің дамуы мен мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары туралы жергілікті БАҚ арқылы жариялау.

Алакөл көлі демалыс аймағының бас жоспарының бекітілуіне байланысты болашақта стандартттық сапаға сәйкес демалыс үйлерінің құрылыстары салынатын болады. Осыған сәйкес, демалыс аймағына жақын орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ете отырып, нәтижесінде жергілікті бюджетке қосымша салық көздері төленетің болады.

Шағын және орта бизнес саласының даму жағдайына SWOT-талдауы жүргізілді:

Мықты жақтары:

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіздің болуы;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды.

Әлсіз жақтары:

- меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

- несие алуда кепілдік заттарының жеткіліксіздігінен нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы;

- даму деңгейі, қызмет түрі және құрылған уақытына қарай салық салудың әр түрлі болмауы.



Мүмкіндіктері:

- шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың дамуы;

- ауылдық жерлерде бизнесті дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндігі;

- кәсіпкерлік ортада бастамаларды іске асыруда қолайлы жағдай жасау үшін «қызмет орталығын» құру;

- шағын және орта бизнесте жаңа субъектілерінің ашылуы.

Қауіптер:

- қаржы-несие ресурстарына қол жетімділіктін аздығы, факторларға байланысты, сұраған несие мөлшеріне кепілдемеге қоятын зат мөлшерінің жетіспеушілігі немесе оның мүлдем болмауы, банктердің кепілдеме затқа қойған қортынды бағасының төмен болуы;

- энергоресурс тарифтарына бағаның үнемі өсуі – электроқуат, жанар-жағармай, көмір, бұл көрсетілетін қызмет пен өнімнің өзіндік құнының өсуіне әкеліп соғуда.
2.2.1.4 Туризм

Үржар ауданы кеңес одағы кезінен шипалы емдік қасиетімен таңымал Алакөл көлі мен «Барлық-Арасан» курорты есебінен Шығыс Қазақстан облысында қолайлы демалыс аймағына жатады. Сол секілді «Алет» ботаникалық қорығы «Уржарка», «Солдатское ущелье», «Алакольский» қорығы өсімдік, аң-құс, жануарлар дүниесі мол өңір.

Үржар жері пайдалы қазбалары мен қатар тарихи бай өңір. Өңір Ұлы Жібек жолының бір тармағы ретінде табылады. Қазақтың батыры Қаракерей Қабанбай мәдени ескерткіші орналасқан.

Алакөл жағалауы құрылысының Бас жоспары Үржар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі №12-131/IV шешімімен бекітілді. Алакөл жағалауы демалыс аймағын әзірлеу бойынша бас жоспардың жоспарлы құрылымының схемасы бекітілген, жобалау демалыс аймағының инженерлік желісінің жүктемесіне есептер жүргізіліп, фото-топожоспарларды жүргізу үшін келісім шарттар жасалынды.

Қазіргі кезде Алакөл жағалауында 88 туризм инфрақұрылымдары (демалыс үйлер мен базалар), 1 аптека, 13 сауда нысандары халыққа қызмет көрсетуде. Жыл сайын Алакөл жағалауында демалушылар саны артуда.
6 кесте
2011-2013 жылдары туризм көрсеткішінің даму динамикасы


Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2011ж.

2012ж.

2013ж.

Туризм саласындағы көрсетілген қызметтер көлемі

млн. теңге

284,8

291,3

314,8

Келушілер саны

%

0,8

0,7

0,7

Ішкі туризм көлемі

мың. адам

79,2

82,9

92,6

Аудан бюджетінен «Үржарайым» атты балалар демалу-сауықтыру лагері салынған. Балалар туризмін дамыту мақсатында ауданымызда «Менің Отаным - Қазақстан» атты Республикалық кезең өткізілді.

2006 жылдан туризм саласындағы жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған туризм саласын дамытудағы Өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген.

2008-2010 жылдары шаруашылық субъектілері есебінен туризм объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

ҚХР-мен екі жақты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында визасыз бір күндік сапар ашылды.

Үржар ауданының аймағын туристік орталыққа айналдыру мақсатында жыл сайын облыстық туристік көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуда.

Кәсіпшілір мен қолданбалы өнер шеберлерін қолдау мақсатында ауданда демалыс үйлері мен базаларда, жәрменкелерде, туристтік индустрия субъектілерінің шығармашылық есептерінде сувенирлік өнімдердің көрме-сатулары өткізіледі.

Ауданда Үржар-Өскемен, Үржар-Семей, Үржар-Алматы бағыттарында әуежай халыққа қызмет көрсетуде.

Жалпы аудан көлемінде:

- емдік – сауықтыру;

- жағажай туризмін дамытуға туристтік әлеует бар.

Сонымен бірге туризм саласын дамытуға кедергі жасайтың келесі мәселелер бар:

- туристік және көліктік инфрақұрылымның өз деңгейінде дамымауы;

- мамандандырылған туристік кадрлардың жоқтығы;

- туристік индустрияда көрсететін қызметтердің сапасының төмендігі.

Ауданда туризм саласының басты бағыты сервис жүйесі дамыған жоғары тиімділікті және бәсекелестік қабілеті бар туристтік инфрақұрылымды құру болып табылады.

Туризмді дамыту мақсатында ауданда «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары салаларында мемлекеттік қаржылық қолдау бағдарламалары жүргізілуде және меншік қаражат есептері негізінде Алакөл жағалауында жаз кезеңіне демалыс үйлерінің құрылыстары, модернизация және кеңейту жобалары жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шенберінде 2012 жылы жеке кәсіпкер С.К.Бижанов туризмді дамыту мақсатында «Евразиялық банк» филиалы арқылы субсидияланған пайыздық мөлшерімен 25,0 млн. теңге несие алған. Алакөл жағалаунда «Қайынды» демалыс үйінің кеңейту жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы жеке кәсіпкер И.Омаралинов туризмді дамыту мақсатында «АТФ банк» филиалы арқылы субсидияланған пайыздық мөлшерімен 108,2 млн. теңге несие алған. «Айгерім» демалыс базасының құрылысы мен қайта жаңғырту бойынша инвестициялық жобасы.

Туризмді дамыту мақсатында Алакөл жағалауында меншік қаражат есебінен демалыс үйлерінің құрылыстары (4 нысан) және несие қаражаты есебінен демалыс үйлерінің кеңейту жұмыстары (11 нысан), оның ішінде 8 нысан республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы жүргізілуі жоспарлануда.

2013 жылы Алакөл көлі жағалауы мен елді мекендердің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында штаттық бірлігі 32 адамнан тұратын «Алакөл Тазалық» ЖШС ашу үшін Үржар ауданы бюджеті есебінен 26,0 млн. теңге бөлінген, олар Алакөл жағалауынан күл-қоқсықты арнайы белгіленген орынға шығарады.

«Алакөл Тазалық» ЖШС материалдық техникалық базасын нығайту үшін ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен 29,0 млн. теңгеден астам және көл жағалауының автожолдарын жарықтандыру мен жөндеуге 38,0 млн. теңге қаржы бөлінді.


5 сурет
2011-2013 жылдары туризм көрсеткіштерінің даму

Диаграммасы



Көрсетілген туристтік қызмет көлемі, млн. теңге



Туризм саласының дамуы

Үржар ауданында бәсекелестік туризм инфрақұрылымын құру. Үржар ауданында туристік қызметтің қамтамасыз етілуі халықаралық стандартқа сай инфрақұрылымдарды құру және белсенді имидждік саясатымен дамиды.
Негізгі проблемаларды нақтылауға SWOT- сараптама жасалды:

Мықы жақтары:

- аудан аймағының экономика - географиялық тиімді орналасуы;

- Алакөл көлі, «Барлық –Арасан» шипалы емдік мекені, «Алет», «Уржарка», «Солдатское ущелье»,«Алакольский» табиғи туристік объектілерінің болуы;

- емдік – сауықтыру, жағажай туризмнің болуы.

Әлсіз жақтары:

- туристік инфрақұрылымның өз деңгейінде дамымауы, соның ішінде жолдардың қанағаттанарлықсыздығы;

- мамандандырылған туристік қызметкерлерінің жоқтығы;

- ауданның туристік ресурстары жайлы жарнамалардың жеткіліксіздігі;

- антропогендік жүктеме;

- Алакөл көлі жағалауында орналасқан туристік объектілер бас жоспар құрылысына сәйкес емес;

- жағалауды бекіту, жағалаудың тұрақсыздығынан жаңа демалыс үйлерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары тоқтатылған.



Мүмкіндіктері:

- ауданда шипалы емдік мекенінің ашылуы;

- тұрғындарды жұмыспен қамту;

- ішкі және келуші туризм бойынша келушілер санын көбейту;

- туризмді дамыту үшін кіші авиацияны құру.

Қауіптер:

- жағалаудың тұрақсыздығына байланысты жағалаудағы жұмыс істеп тұрған туризм инфрақұрылымының жойылуы;

- туризмді қолдауда қаржылық мүмкіндігінің шектелуі, меншікті қаржының және инвестициялық ресурстарының тапшылығы;

- туризм саласындағы кәсіби деңгейдің төмендігі, көрсетілген қызметтері бағаларына сай емес.

Туризм саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға сараптама нәтижесі бойынша келесі кемшіліктер анықталды. Олардың шешілуі келесі мақсаттарға жеткізеді - Үржар ауданының туристік мәртебесін көтеру және бақталас туристік секторын дамыту:

Туристік инфрақұрылымының өз деңгейінде дамымауы:

- шипалы емдік, демалыс үйлері мен базалардың және олардың материалдық базасының тозуы;

- қазіргі таңда көрсетілген туристік қызметтері халықаралық стандартқа сай емес;

- ауданның шеткері жағында орналасқан елді мекендерінде тұрақты байланыстың болмауы.

- туризм саласындағы қызмет көрсететін мамандардың деңгейі және қайта даярлау біліктілігі төмен. Туризм саласының дамуына кедергі жасайтын негізгі мәселенің бірі осы салада мамандандырылған кадрлардың жоқтығы.


2.2.1.5. Сауда

Ауданда 2 сауда базары, 533 дүкендер, 64 қоғамдық тамақтану орындары, 3 тұшпара цехтары, 2 қымыз өндіру цехы, 18 жанар жағармай станциялары, 24 дәріханалар, 38 наубайханалар мен кондитерлік цехтар, 91 қызмет көрсету оралықтары 80096 адамға қызмет көрсетеді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2013 жылы 10 328,1 млн. теңгені құрады, 2011 жылы 8 847,9 млн. теңге болған немесе 16,7 %-ға өсті (7 сурет).

Сауда көлемінің даму динамикасынан тауар айналымының тұрақты өсу үрдісі көрінеді.Осыған байланысты күрделі мәселелер ретінде мыналарды атап өтуге болады:

– сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

– сауда нарығындағы көлеңке айналымдарының жоғары деңгейі;

– ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.
7 сурет
Бөлшек тауар айналымының 2011-2013 жылдардағы

өзгеру динамикасы

Сауда саласы даму жағдайына SWOT-талдау жүргізілді:



Мықты жақтары:

- сауда көлемінің дамуының оң динамикасы;

-бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары;

- халықтың тұтыну мәселесінің жағымды өзгеруі.



Әлсіз жақтары:

- айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

- нарықтық бағаның тұрақсыздығы (жаңар жағармайдың, электроэнергия қуатының, судың қымбаттауына байланысты бағаның өсуі);

- сауда нарығында көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

- ішкі сауданың инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.

Мүмкіндіктері:

- бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;

- отандық тауарөндірушілердің тауарлары мен өнімімен ішкі нарықтың толуы;

- кәсіпкерлік субъектілері мен сауда кәсіпорындарының өсуіне байланысты негізгі азық-түлік түрлеріне бағаның тұрақтануы мен төмендеуі.



Қауіптері:

- ҚР кедеңдік одаққа кіруіне байланысты көптеген тауарлар мен өнімдердің бәсекелестікке шыдамауы;

- өзіндік құны мен сауда бағасының жоғары болуына байланысты тауарларға сұраныстың төмендеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет