2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамту, жылумен қамту, су тарту салаларымен, жол саласымен, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және көркейту салаларымен ұсынылған.
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту экономиканың қажетсінуін және халықты аталған қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс
Аудандық телекоммуникация торабы арқылы 2013 жылы 674 телефон нүктелері орнатылып, есепті жыл аяғында негізгі телефон нүктелерінің саны 2011 жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға өсіп 13 434 телефонға жетті.
Жаңа технология бойынша ауданның барлық елді мекендерін байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 352 сымсыз телефондар орнатылды. Жаңадан орнатылған телефондар тікелей Интернетке қосылуға мүмкіндік алды. Мегалайн жүйесіне қосылушылардың саны ұдайы көбейіп, есепті жылы аталған қызмет түрін қолданушылардың саны 1666 абонентқа жетті.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWOT талдауда көрсетілген:
Мықты жақтары:
- телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;
- АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;
- интернет желісін барлық жерде тарату.
Әлсіз жақтары:
- ауылдық елді мекендерде байланыс пен телекоммуникацияны жаңартудың төмен қарқыны;
- тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;
- тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;
- Интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;
- ұялы байланысқа жоғары тарифтер.
Мүмкіндіктер:
- тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;
- азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;
- АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.
Қауіптер:
- телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы.
2.2.3.2. Құрылыс
Құрылыстың өзіндік талаптарды қажет ететін, құрылыс өндірістерін басқару мен ұйымдастыруды талап ететін басқа салалардан ерекшелігі бар.
Бұл – құрылыс процесіне әр-түрлі қатысушылардың болуын, салыстырмалы түрде баяу капиталдың айналымдылығын және жоғары дәрежелі қауіпті білдіреді.
14 кесте
Млн. теңге
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Өсу қарқыны 2012/2011
|
Құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемі, соның ішінде
|
6010,2
|
5366,0
|
5554,2
|
0,93
|
Құрылыс-монтаждық жұмыстар
|
4957,3
|
4044,6
|
3829,4
|
0,77
|
Ағымды жөндеу
|
413,1
|
257,3
|
258,3
|
0,62
|
Күрделі жөндеу
|
639,8
|
1064,1
|
1466,5
|
2,3
|
Құрылыс саласының әрі-қарай дамуы және құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, қазіргі заман қарқына сай негізгі экономикалық және саяси мақсат болып отыр. Құрылыс кешендері экономиканың дамуына және әлеуметтік жағдайдың көрсеткіштеріне бірден-бір себепші. Әлеуметтік қатынаста тұрғын үй қажеттілігі адамның өмірдік маңызды сұранысы болған және болады және бүкіл қоғамның басымдылық сұранысы болып қалады. Бұл саланы сипаттайтын позитивтік факторларына 2011-2013 жылдары тұрғын үй құрылысы көлемінің оң динамикасын көрсетуге болады: меншік қаражаттар есебінен жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 14810 шаршы метр тұрғын үйлер салынды, соның ішінде тұрғындардың жеке қаражаты есебінен 14458 шаршы метр жеке тұрғын үйлер құрылысы салынды, оның ішінде жылдар бойынша:
- 2011 жылы – 4302 шаршы метр;
- 2012 жылы – 5207 шаршы метр (2011 жыл деңгейінен 21% өсімімен);
- 2013 жылы – 5307 шаршы метр (2012 жыл деңгейінен 1,8% өсімімен).
Статистикалық деректерге сәйкес 2013 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 6977,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,0 %-ға артқан.
SWOT – саланың даму жағдайының анализі:
Мықты жақтары:
- құрылыс-монтаждық көлемінің көбеюі;
- жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерінің бар болуы;
- тұрғын үй құрылысы секторында құрылыс материалдарына сұраныстың
тұрақты өсуі.
Әлсіз жақтары:
- құрылыс саласындағы мамандардың жетіспеушілігі;
- құрылысқа сұраныстың маусымдық болуына байланысты
қуаттылықтардың жүктемесінің қыс мезгілінде аз болуы;
- экономикалық тұрғыда белсенді халықтың, соның ішінде жас отбасылардың қол жетімді баспанамен қамтамасыз етілмеуі.
Мүмкіндіктері:
- жеке тұрғын үй құрылысының дамуы;
- жеке инвестицияларды тұрғын үй құрылысына тарту;
- апатты жағдайдағы үйлерді бұзу мәселесін шешу;
- тұрғынүйқұрылысыжинақбанкі және Қазақстан ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарының дамуы.
Қауіптер:
- тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.
2.2.3.3. Жолдар мен көлік.
Жолдар.
Аудан аумағы бойынша 965 шақырым автокөлік жолдары бар, олардың 277 шақырымы республикалық маңызы бар асфальттанған жолдар, 204-і облыстық маңызы бар, 484 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Оның ішінде: облыстық және аудандық маңызы бар қара қиыршықтасты жолдар - 263 шақырым, қиыршықтасты және шағылтасты жамылғысымен – 349 км, топырақты жамылғысымен – 76 шақырым.
15 кесте
2011-2013 жылдары жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Жөнделгені, км
|
Технико-пайдаланушылық жағдайы, км
|
Барлығы
|
Көше-жол желісі
|
Жергілікті қолданыстағы автомобиль жолдары
|
Жұмыс түрлері бойынша
|
Құрылыс, қайта жаңарту
|
Күрделі жөндеу
|
Орташа жөндеу
|
Жалпы ұзындығы
|
Жақсы
|
Қанағаттанарлық
|
Қанағаттанарлықсыз
|
2011
|
|
|
|
|
|
|
484
|
|
394
|
90
|
2012
|
|
|
|
|
|
|
484
|
|
396,2
|
87,8
|
2013
|
|
|
|
|
|
|
484
|
68
|
330,2
|
85,8
|
Өткізілген талдауға сәйкесі, 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықтағы аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық – пайдаланушылық мониторинг жағдайы және техникалық – пайдаланушылық көрсеткішінің қатынасы келесі жағдайда өзгерген:
-
қанағаттанарсыздық жағдадағы жергілікті жолдар 4,2 шақырымға
азайды, бұл автокөлік жолдарын қалыпты жағдайда ұстау негізінен ағымды жөндеу жұмыстары арқылы іске асырылды.
16 кесте
2011-2013 жылдары автожол саласындағы негізгі көрсеткіштердің
өзгеру динамикасы
Салалық бағытты қаржыландыру, мың. тенге
|
2011
|
2012
|
2013
|
Барлығы
|
Қаржыландыру көзі бойынша
|
Барлығы
|
615,5
|
536,4
|
1121,9
|
2273,8
|
Республикалық бюджет
|
485,0
|
389,2
|
960,6
|
1834,8
|
Аудандық бюджет
|
130,5
|
147,2
|
161,3
|
439,0
|
Облыстық бюджет
|
|
|
|
|
Жұмыс түрі бойынша
|
Құрылыс,жаңалау
|
|
|
|
|
Күрделі жөндеу
|
485,0
|
389,2
|
960,6
|
1834,8
|
Орташа жөндеу
|
|
|
|
|
Ағымдағы жөндеу және маңызы
|
130,5
|
147,2
|
161,3
|
439,0
|
2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы бюджеттік инвестицияның соммасы 439,0 мың тенгені құрайды.
Барлық жөндеу жұмыстары түрлері аталған қаражат есебінен елді мекендер мен көшелері және автомобиль жолдары жөнделді.
Қаржының шектелуі автомобиль жолдарының алдын-ала жөндеу мен ұстау жұмыстары толық көлемде жүргізілмейді, бұл жасанды құрылыстар және жол төсемесінің қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкеп соғады. Алайда, алдын-ала бұзылу үрдісін тоқтату ұстау нормаларының қатаң түрде сақтау арқылы мүмкіндік береді. Бұл, біріншіден жаңғырту мен жөндеуден өткен автомобиль жоладары участоктеріне қатысты. Сонымен қатар қаржының жетіспеушілігінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында жүрмеуіне жол береді. Осының салдарынан кейін толығымен қайта салуды талап ететін жолдардың саны жылдан-жылға көбеюде.
Қаржы салымының шектелуі арнайыландырылған жол-құрылыс және жол пайдалану техникаларында да көрініп тұр. Ағымдағы жұмыстарды атқаратын негізгі машиналар және механизмдердің жетіспеушілігі автожол маңызына тәуелсіз.
Мықты жақтары:
- өткізу қабілеттілігінің резервтері;
- көліктердің аралас түрлері инфрақұрылымының дамуы.
Әлсіз жақтары:
- негізгі құралдардың табиғи және сапалы тозуы (инфрақұрылым және өзгермелі құрам).
Мүмкіндіктері:
- мемлекеттік-жеке серіктестік механизмнің дамуы;
- автомобиль жолдарының, көпірлер мен оларды қолдану ерекшеліктерінің транспорттық –қолдану көрсеткіштерін жақсарту;
- автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;
- қайта және күрделі жөндеуден өткен автомобиль жолдарының участоктерінің өзара жөндеу мерзімін сақтау.
Қауіптер:
- бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;
- баға тәуекелділігі;
- заңнамалық тәуекелділік;
- техногендік және экологиялық тәуекелділік;
- кадр тәуекелділігі.
Көлік.
Ауданның транспорттық кешені әуе және автокөлік қатынастарымен қамтамасыз етілген. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау 12 бағытта іске асырылады, оның ішінде 7 ауыларалық және 5 аудан аралық қатынастар.
Әуе қатынасы «Өскемен-Семей-Үржар», «Үржар-Өскемен-Алматы» авиабағыты арқылы қамтамассыз етіледі.
2013 жылы автокөлік көлігімен жолаушы айналымы 956,5 жолаушы шақырымын, 2011 жылы 853,4 мың жолаушы шақырымын құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 10,8 %-ға кем.
2013 жылы әуе желілерінде «Өскемен-Семей-Үржар» «Үржар-Өскемен-Алматы» бағыттарында 9099 жолаушы тасымалданды, 2011 жылмен салыстырғанда (2711) 3,4 есеге артық (17 кесте).
Аудан көлемінде 55 елді мекендер бар, оның 53 елді мекендері ауыларалық жолаушылар тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Қалған 2 елді мекендер қамтамассыз етілмеген немесе ауыларалық жолаушылар тасымалдау қызметімен елді мекендердің 96,4 % қамтылған (3,6% қамтылмаған). Толық қамтылмаудың негізгі себебі, ауданішілік тасымалдаудың пайдасыздығы, жергілікті бюджеттен дотацияның бөлінбеуі.
17 кесте
2011-2013 жылдары
барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау
санының өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жүк тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Жүкайналымы , мың. тонна
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Жолаушы ағыны мың жолаушы, км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2011
|
9,9
|
73,3
|
-
|
-
|
-
|
-
|
853,4
|
72,5
|
2,7
|
3,3есе
|
2012
|
9,7
|
71,8
|
0,3
|
65,4
|
0,3
|
65,4
|
903,6
|
97
|
2,7
|
-
|
2013
|
68,4
|
70,5
|
0,8
|
37,5
|
0,8
|
37,5
|
1267,0
|
94
|
9,0
|
3,4 есе
|
Аудан көлемінде 25 жанар-жағармай құю бекеттері, 27 көлік жөндеу бекеттері, 34 қоғамдық тамақтану нысаны, 6 қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 46 автобус аялдамалары, оның ішінде: Үржар ауылында 36, Мақаншыда 10 аялдамалар бар. 2013 жылы аудан аялдамаларын бояу және шатырларын ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аялдамаларды талапқа сай жөндеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру жоспарлануда.
Бүгінде Үржар ауылында орналасқан «Д» санатты әуежай жұмыс атқаруда. Әуе қатынасы «Өскемен-Семей-Үржар» облысішлік және «Үржар-Өскемен-Алматы» республикалық бағытта қамтамассыз етіледі. Ағымдағы жылдың қазан айында ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің азаматтық авиация бойынша Басқармасы комитетінің бұйрығымен бекітілген комиссия және ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерінің қатысуымен әуежайға сертификаттық тексеру жүргізіліп қортындысында әуежайдың сертификаттық жарамдылық мерзімі 2015 жылдың маусым айына дейін ұзартылды.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWOT талдауда көрсетілген:
Мықты жақтары:
- жолаушы қатынасының альтернативті түрінің - әуе көлігінің болуы;
- әуе транспортымен тасымалданатын жолаушылар санын артуы;
- елді мекендердің автомобильдік жолаушы тасымалымен кеңінен қамтылуы.
Әлсіз жақтары:
- ауданның елді мекендерінің 3,6 пайызы автокөлік қызметтерімен қамтамассыз етілмеуі;
- Үржар ауылындағы аэропортында «Rapiscan» тексеру құралының жоқтығы.
Мүмкіндіктері:
- ауданда әуе қатынасын дамыту барысында, әуе транспортымен тасымалданатын жолаушылар санын арттыру;
- аэропорт ғимаратына тексеру құралын сатып алу арқылы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Қауіптер:
- макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігі;
- бағалық қатер. Көлік саласын дамытудағы шектік негізгі фактор –энерготасымалдаушылардың бағасының өсуі.
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық Электрмен қамтамасыз ету
Үржар ауданы бойынша электр желілері электр энергиясын бөліп таратуға көрнеулігі 0,4-25 кВ подстанция жиынтығы, таратылу құралдар мен оларды біріктіретін электрберіліс линиялары болып табылады.
Өңірлік көрнеулігі 220 кВт желісі мен төмен диспетчерлікті «Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік электржелілер компаниясы» Үржар АЭС АҚ қамтамасыз етеді, теңгерімінде 1894 шақырым электртаратылу желісі, 22 дана подстанциялар, 474 дана ТП мен КТП бар.
Аудан бойынша электрэнергияның тұтынуы:
2010ж. – 66 628 000 кВт;
2011ж. – 71 174 000 кВт;
2012ж. – 69 448 000 кВт;
2013ж. – 73 034 000 кВт;
15 сүрет
Үржар ауданы бойынша электрэнергиясын тұтыну өсімінің
Динамикасы
Ауданда электрэнергиясын тұтынудың көбеюі өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, ТКШ саласының кенейюіне (көшелер жарықтануы, электр мен жылыту және т.б.), тұрғындардың өмір сүруінің жоғарлауына (электр аспаптар мен тұрмыстық тиехникалардың өсуі) байланысты.
Жыл сайын «ШҚ АЭК» АҚ есебінен электр таратқыш желілеріне, подстанцияларға, ТП мен КТП жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде апаттық ажыратудың азаю тенденциясы байқалады.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWOT талдауда көрсетілген:
Мықты жақтары:
- кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;
Әлсіз жақтары:
- электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (65-70%);
Мүмкіндіктер:
- электр желілері мен құралдарын (трансформатор, электр жүйесінің желілері т.б) жаңғырту арқылы ауданның энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;
- электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.
Қауіптер:
- едәуір тозудың кесірінен аудан тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.
Сумен қамту
Үржар ауданында 55 елді мекендерінің 20-да орталықтандырылған ауыз су құбырлары жұмыс істейді. Ол, Үржар, Таскескен, Алтыншоқы, Лай-Бұлақ, Жаңа Тілек, Тас-Арық, Сегізбай, Науалы, Көкөзек, Көлденен, Қаратұма, Благодарное, Қарабұта, Көктерек, Ақшоқы, Қарабұлақ, Мақаншы, Қарақол және Барлық-Арасан ауылдарында. Орталықтандырылған сумен қамтылуы 48,0% құрайды. Аталған су құбырларына қызмет Үржар және Мақаншы МКК, жеке кәсіпкерлер және басқада ұйымдар көрсетеді.
2011-2013 жылдары Қарақол, Таскескен Қарабұлақ және Алтыншоқы ауылдарының су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 613,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 551,7 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 50,4 млн. теңге игерілген.
Жер асту су қорының қорытындылары мен қаржыландырудың жоқтығы шешілмеген мәселенің бірі болып табылады.
18 кесте
2011-2013 жылдары аудан халқының орталықтандырылған сумен қамтылуы мен жүйелерінің ұзақтығы туралы
МӘЛІМЕТ
Сумен қамтылуы, %
|
Су құбырлары жүйелерінің ұзақтығы, км
|
Оның ішінде ауыстыруды
қажет етеді
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
барлығы,
км
|
жалпы ұзақтығығына ,в %-бен
|
41,6
|
47,4
|
48,0
|
232
|
34
|
14,6
|
Қолданыста бар «Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2011-2013 жылдары 497,3 млн. теңге бюджет қаражаттары игерілді (19 кесте).
19 кесте
«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2011-2013 жылдары
игерілген бюджет қаражаты көлемінің өзгеру
динамикасы
|
Барлығы
|
2011
|
2012
|
2013
|
Барлығы, мың тенге:
|
497,3
|
163,8
|
172,5
|
161
|
РБ
|
430,8
|
163,8
|
122,1
|
144,9
|
ЖБ
|
66,5
|
-
|
50,4
|
16,1
|
2011-2013 жылдары
іске қосылған нысандар
|
5
|
2
|
3
|
1
|
Ауданның даму бағдарламасында 2015 жылға дейін 27 жобаларды іске асыру көзделген, олар су құбырлары жүйелеріне ЖСҚ әзірлеу, құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
SWOT талдауы:
Мықты жақтары:
- жер асты татымсыз су қорларының қажетті деңгейде болуы;
- ауыз су тұтынуда жоғары қажеттіліктің болуы;
- қалданыстағы су құбырларының бар болуы.
Әлсіз жақтары:
- қолда бар жер асты татымсыз су қорларының қажетті көлемде қолданылмауы;
- су құбырлары мен нысандардың жоғарғы тозығы, су құбырлардың бұзылуы мен ауыз су сапасы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғуда;
- су құбырларының жаңа құрылыстарына, қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік және меншік инвестицияларының жеткіліксіз тартылулары;
- инфекциялық ауруларының пайда болу қауіпі;
- ауылдық елді мекендердегі сумен қамту және су бұру бойынша кәсіпорындардың жеткіліксіз дамуы.
Мүмкіндіктер:
- жер асты татымсыз су қорларының жаңа орындарын игері;
- тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту;
- сумен қамту жүйесінің техникалық жағдайының жақсаруы, суды дайындау мен тазалауға шығындардың ұлғайыу;
- тиімді замануи технолгияларды енгізу мүмкіндіктері;
- материалдық-техникалық базаларды нығайту арқылы қызмет көрсету жұмыстарын жетілдіру.
Қауіптер:
- ұңғымаларды пайдалану режимдерінің бұзылуы, көп көлемде иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың болуы, жер асты сулардың техногендік лайлану салдарынан жер асты су қорлары көздерінің сапасының төмендеуі;
- физикалық тозу салдарынан жабдықтардың істен шығуы, қоршаған ортаға жағымсыз есерін тигізу қауіпінің болуы;
- ұзақ мерзімді пайдалану салдарынан, су құбырлары нысандарының техникалық жағдайының қанағаттарсыздық жағдайы;
- халық денсаулығының нашарлауына әсір ететің суды дайындауда ескірген технологияларды қолдану;
- апаттылықтың өсуі, тәулік бойы судың жоқтығы.
Жылумен қамту
Ауданда «Жаланашкөл» көмір кеніші бар, қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі.
Үржар ауданына 42 жылу қазандықтары бар, оның ішінде: 3-і электр қуатымен, 1 сұйық отынмен және 38 қатты отынмен.
Жылу қазандықтарының негізгі бөлігі қатты отынмен жұмыс істейді, олардың 70 пайыздан астамы тозған, ескі қазандықтар. Қатты отын көмірдің көлік шығындарының қымбаттауына байланысты оның тұтыну бағалары біршама қымбаттап отыр. Бұл жағдай болашақта ауданның жылыту жүйелерін жаңа технологиямен ауыстыруды қажет етеді. Жылу қазандықтарын электр куатына ауыстыру тиімді болып есептеледі.
Сала жайғдайын бағалау үшін жүргізілген SWOT-талдау өңірдің жылу саласының дамуына төменде көрсетілген негізгі проблемалара әсер ететінін байқатты:
- әлеуметтік сала мекемелеріндегі казандық жабдықтарының әбден тозуы;
- жоғарыда аталғандай, бұл жағдайға қазандықтардың тозуына, энергетикалық жылу құралдарын жаңарту мен жаңығыртуға салынатын инвестиция көлемінің төмендегі әсер етіп отыр.
Мықты жақтары:
- аудан аумағында жылу қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орынының бар болуы;
Әлсіз жақтары:
- жылумен қамтамасыз ететін желілердің 70 %-ы ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
- жылумен қамтудың электрлық көздерімен дамыту болашағы.
Қауіпер:
- тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы.
Су бұру
Үржар ауылында жалпы ұзындығы 1,67 км канализациялық желісі бар. Үржар ауылының шағын ауданында канализациялық жүйесі мен су шунқырларының күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде, себебі бүгінгі күні барлық көппәтерлі үйлердің тек септик пен су шұнқырлары бар, ол ассенизациялық көліктің тапшылығы кезінде тұрғын үйлердің канализацияның тез толуына әкеп соғады.
20 кесте
2011-2013 жылдары аудан тұрғындарының су тарту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі
Атауы
|
|
2011
|
2012
|
2013
|
Тұрғындардың су тарту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі
|
%
|
0
|
0
|
1,96
|
Канализация желілерін жөндеу
|
Км
|
0
|
0
|
1,67
|
Тазарту ғимараттарын күрделі жөндеу
|
Дана
|
0
|
0
|
0
|
Саланың жайғдайын бағалау үшін SWOT - талдау жүргізілді:
Мықты жақтары:
- қолданыстағы қызметтің болуы;
Әлсіз жақтары:
- 70,0 % канализациялық желілері қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр және ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
- су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту ғимараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
- су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту ғимараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және аудан халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Абаттандыру
Аудан аумағында 668 км көшелер мен жолдар, 14,5 га саябақтар, 23 ескерткіштер және 28 қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы орындар бар.
Ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
21 кесте
Абаттандыру жұмыстарын қаржыландыру көлемінің
өзгеру динамикасы, млн. тенге
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Үржар ауданы
|
13,4
|
16,7
|
28,0
|
Жыл сайын аудан бойынша 53,0 мың ағаш көшеті, 17,9 мың погон метр бұталар және 5,5 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.
Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2011-2013 жылдары 58,1 млн. теңге бөлініп, 100,0% игерілді (21 кесте).
Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстарына 2012 жылы салынған Үржар ауылында саябақ және «Батырлар Аллеясы» күтіп ұстауға жатады, және 2013 жылы аудан орталығында сұбұрқағы салынған.
2013 жылы 77950 мыңнан астам жемісті және жапырақты тұқымдардың ағаш түптері және 9750 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды.
Өткізілген SWOT-талдаудың негізінде мынадай негізгі проблемалар анықталды.
- көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 60%-ы кіру жолының жөнделуін, балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді;
Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет;
Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет;
Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.
Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT - талдау жүргізілді:
Мықты жақтары:
- аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлсіз жақтары:
- аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Мүмкіндіктер:
- аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.
Қауіптер:
- аудан елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.
2.2.4 Аумақтық құрылым
Облыста 55 елді мекендер, 27 ауылдық округтер бар. Барлық 55 елді мекендердің ішінен тек ғана 1 елді мекенде және Алакөл көлі демалыс аймағында бас жоспарлар бар. Мақаншы, Таскескен және Қабанбай ауылдарының бас жоспарлары әзірленуде.
Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрі (әрі қарай – МҚК) сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің электронды кезекші жоспары болып табылады. Жер телімін бөлуден, жобаны әзірлеуден, жұмысты жүргізуге рұқсат беруден, құрыс мониторингісінен, құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға беруден бастап МҚК жүйесінде елді мекеннің аумағында қала құрылысы қызметі жөніндегі ақпарат жиналады.
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін- өзі басқару туралы» және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарының негізінде, құрылыс және қала құрылысы басқармасы ШҚО елді мекендерінің аумақтық құрлыс ережелерін әзірледі (әрі арай – Құрылыс ережелері), ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №3/42-IV ІІІ сессия шешімімен бекітілген.
Осы құрылыс ережелері – сәулет субъектіерін пайдалану, жер телімдерінің құрылысы мен қала құрылысы қызметін, табиғи аймақтар мен елді мекендердің жобалары мен құрылыстарын, жылжымайтын мүлік нысандарын орналастыруға жаңа құрылыс немесе өзгерістерге (қайта жабдықтау, қайта жобалау, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу) рұқсат алу рәсімдерінің шарттары мен талаптарын анықтайды. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Заңнамаларының талаптарының күшейуіне байланысты, қала құрылысының жобаларысыз елді мекендер мен мекенаралық аймақтардың қала құрылыстық игеруіне тиым салынады.
Сонымен қатар, мәселелердің шешілмеген қатары қалуда:
ауданың 27 ауылдық округтерінде бас жоспарларының болмауы;
базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадстрі қызметтерінің болмауы;
ШҚО елді мекендер аумақтарын абаттандыру және т.б. бойынша бағдарламалар және іс-шаралардың болмауы;
аудандық дербес сәулет бөлімдерін жою;
бөлім қызметкерлерінің штаттық санын қысқарту.
2006-2010 жылдары Аудан орталығы Үржар ауылынның және Алакөл көлі аймағының бас жоспарлары дайындалып, бекітілді.
Ауданның 55 елді мекендерінде базалық деңгейдегі әзірленген мемлекеттік қалақұрылысы кадастры жоқ.
Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT - талдау жүргізілді:
Мықты жақтары:
Тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте елді мекеннің, соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, табиғи-климаттық, демографиялық және әлеуметтік жағдайлар қосқандағы дамуы
Әлсіз жақтары:
Бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің құрылысының қымбаттауына әкеледі.
Мүмкіндіктер:
Елді мекендерді эстетикаландыру және құрылыстарын абаттандыру мақсатында бас жоспар бойынша құжаттама әзірлеу.
Қауіптер:
Бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобалары болмаған кезде жер телімдерін беру эстетикалық тұрғыдан елді мекендердің көріксіздендіреді.
2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету
Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.
Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 2 аудандық орталық аурухана, 2 - ауылдық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 18 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, 5 алғашқы дәрігерлік көмек көрсету орталықтары және 30 дәрігерлік пунктер бар. Аталған денсаулық мекемелерінде 134 дәрігер және 464 орта буынды медбикелер қызмет етеді. Шеттес ауылдың аудан орталығына дейнгі арақашықтығы 130 шақырым, аудан орталығы облыс орталығына дейінгі арақашықтығы 530 шақырымнан астам, бұл ауыл тұрғынадрының орталық аудандық және облыстық аураханалар қызметің пайдалануда кейбір қиындықтарды тұғызады.
Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі бойынша аудан көлемінде 52 мектеп және 31 балабақшалар (соның ішінде типтік балабақшалар 5, мектеп-бақшалар 26). Сонымен бірге барлық мектептерде толық және қысқа күнді шағын орталықтар ұйымдастырылған. Балабақшаларда және мектеп ішіндегі шағын орталықтарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен 5101 бала немесе 2-5 жас аралығындағы жалпы балалар санының 96,2% құрайды. Ауылдық мектептерде 1798-ден астам мұғалім жұмыс істейді.
Аудан көлемінде 6 кітапхана, 10 клуб және 3 мәдениет үйлері аудан тұрғындарына қызмет көсетеді.
2011-2015 жылдары ауылды жерлердің әлеуметтік салаларында жұмыс істейтін мамандарға тұрғын үй алуды несиелендіруге жалпы 192,9 млн. теңге және ауылды жерде жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарын көтермелеуге 12,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.
Есепті кезеңге 2011-2013 жылдар аралығында тұрғын үй алуға 48 жас мамандарға 102,6 млн. теңге несие және 59 жас маманға 6,6 млн. теңге көтерме жәрдемақылар берілді.
Ауданның 55 ауылдық елді мекенінің 19-да немесе жалпы елді мекендер санының 34,5% орталықтардырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген. Халықтың қалған бөлігі өз ауулаларында орналасқан шахталық құдықты қолданады.
Автомобиль жолдары – көліктік коммуникация кешенінің ең маңызды элементі болып табылады, оның тиімді қызмет көрсетуі және орнықты дамуы бүгінгі заманға сай аймақ экономикасының көтерілуіне, тұрғындардың өмір сүру шарттарының деңгейінің өсуіне және жақсартылуына маңызды факторлар болып табылады.
Жалпы, Үржар аймағындағы жергілікті маңызы бар ауылдық жолдар 484 км, республикалық маңызы бар жолдар 277 км, облыстық маңызы бар жолдар 204км. құрайды.
Аудан көлемінде орналасқан барлық елді мекендер толықтай телефон байланысымен және электрмен қамтамассыз етілген.
Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады.
Мемлекеттік қолдау шаралары ен алдымен ауыл тұрғындарының қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орта және жоғары елді мекендерінің инфрақұрылымының дамуына және өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады. Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 25812 теңгеден жоғары.
Кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жыл сайын алушылар саны азаюда. 2011 жылмен салыстырғанда алушылар саны 71,7 %-ға азайып, 250 адамды құрады.
Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының жыл сайынғы көбеюі халықтың қаржылық кірісіне оң әсерін тигізіп отыр. Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 4500-5000 теңгеден келеді.
Табиғи-климаттың қолайлы жағдайы ауданның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуда жағымды әсерін тигізеді.
2012-2014 жылдарға арналған тірек ауылдардың (Мақаншы, Таскескен, Қабанбай) кешенді дамыту жоспарларын іске асыруда қабылданған шаралар есебінен туризмді, нақты секторды, әлеуметтік саланың, автомобиль жолдарының жақсаруы мен дамуы және тұрақты жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайының жақсаруына жағымды әсер тигізеді. Тірек ауылдарды дамыту мақсатында 2013 жылы экономиканың нақты секторында 973,2 млн. теңгеге 91 жобалар іске асырылды. Нәтижесінде 372 тұрақты жұмыс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында жаңа нысандар ашылды.
Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT - талдау жүргізілді:
Мықты жақтары:
- ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.
Әлсіз жақтары:
- ауылдардың аудан орталығына дейнгі арақашықтығы (100 шақырымнан астам) науқастарға жедел медициналық көмектің көрсетілуіне кейбір қиындықтарды тұғызады;
- аудан орталығы Үржар ауылының облыс орталығына дейінгі арақашықтығы 500 шақырымнан астам.
Мүмкіндіктер:
- жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;
- ауылдық елді мекендер мен тірек ауылдардың әлеуетін дамыту.
Қауіптер:
- ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы.
2.2.4.2. Шекаралық өңірлер
Шекаралас аудандар бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара функцияларын атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Басты ерекшелік факторы географиялық орналасуы.
Шекаралас елді мекендердің сыртқы экономикалық байланысты дамытуға, экономикалық белсенділік пен сыртқы нарыққа шығуға алғышарт жасайды. Басым бағыттардың бірі шетел инвесторларымен өзара тиімді ынтымақтастық құру, қосымша инвестиция мен жаңа технология тарту, бірлескен өндіріс құру.
Үржар ауданы оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Үржар ауданының аумағы 2 млн. 340 мың шаршы. шақырым. 01.01.2014 жылғы есептік кезенге ауданның халқ саны – 80096 адам, соның ішінде шекаралас ауылдық округтарда – 9811 адам. Ауданның 7 елді мекендері шекаралас аймақта орналасқан: Ақшоқы, Подгорное, Бақты, Көктал, Бұғыбай, Қарабұлақ, Барлық-Арасан және Қабанбай елді мекендері.
Бүгінгі күні шекаралас елді мекендерде халық санының азайғаны байқалады. Соңғы 3 жылда халық саны 69 адамға азайған, бұл дегеніміз шекаралас аймақтардың дамуына кері әсерін тигізеді.
Негізінен шекарала елді мекендердегі тұрғындардың азаюына келесілер әсерін тигізеді: әлеуметтік сала және сауда жүйелерінің нашар дамуы, тұрақты жұмыс орындарының жоқтығы, қала мен жақын ауылдарға халықтың көшуі.
Нарықтық инфрақұрылымының осал дамуы салдарынан жағымсыз инвестициялық климаттың бар болуы. Осыған байланысты экономиканың құрамының өзгеруіне инвестицияның көлемі жеткіліксіз болып отыр. Нәтижесінде шекара аймағының саудасынан түсетін түсімдер орта және шағын фирмалардың қалтарында қалып отыр.
Сонымен бірге, шекаралас ауылдарды дамытудың әлеуеті ауыл шаруашылығының жер көлеміне, туристік сала мен шекара саудасын дамыту мүмкіндігіне байланысты.
Сонымен қатар, көршілес мемлекетпен бірігіп құрылысын жүргізу және пайдалану бойынша шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлінуі қажет (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері).
Шекаралас елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мен халық санының көбейту үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.
Мықты және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді:
Мықты жақтары:
- көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасуы;
- шаруа қожалықты жүргізу үшін ауыл шараушылығы жерлерінің (шабындық, егістік, жайылым) болуы;
- туристтік саласына инвестицияның тартылуы (Алакөл жағалауы, «Барлық-Арасан» санаториясы).
Әлсіз жақтары:
- әлсіз дамыған инфрақұрылымдық сала;
- әлсіз дамығын әлеуметтік инфрақұрылымы;
- экономиканың нақты секторында тұрақты жұмыс орындарының болмауы;
- шекаралас ауылдарда халықтың табыс көздерінің аздығы.
Мүмкіндіктер:
- туристік саланың дамуы;
- шекаралас сауданың дамуы;
- жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.
Қауіптер:
- халық санының азаюы;
- ауылдық елді мекендердің құлдырауы;
- шекаралас ауылдарда өмір сүру деңгейінің төмендеуі.
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілетті және атқарушы органдары жұмысының тиімділігін және нәтижелігін артыру қажет.
Аудан әкімі аппаратының бірінші кезектегі міндетті жергілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру болып табылады.
Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта ашықтық және есептілік деңгейін көтерудде бюджеттік жоспарлауды талап етеді. Осы мақсатпен аудан әкімі мен басқа да мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істеп, аудандық сайтта тұрғындармен тұрақты түрде сауалнама, интернет-конференциялар жүргізіледі.
Аудан әкімі аппаратының жетістігі кәсіби білікті даярланған мамандарға да байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру ммен қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Академиясы басқармасында 1 мемлекеттік қызметші, Шығыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында: қайта даярлаудан -21, біліктілігін арттырудан – 34 мемлекеттік қызметші өтті.
Сапаны көтерудің және «жалғыз терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді алудың аса ыңғайлы құралы Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) болып келеді.
Үржар ауданында барлығы 3 халыққа қызмет көрсету орталықтары халыққа қызмет көрсетуде, Үржар, Мақаншы және Таскесен ауылдарында.
Үржар ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтары аудан тұрғындарына 60 баламалы және баламасыз негізінде мемлекеттік қызмет түрлері көрсетеді.
Үржар ауданында ХҚКО жұмыс істегеннен бері 167630 қызмет көрсетілген болатын (2009 жылы – 58012, 2010 жылы – 55414, 2011 жылы – 162 560, 2012 жылы – 77 370) құжат қабылданып, құжаттар берілген.
Аудан әкімі аппаратының корпоративтік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту саласындағы негізгі қажеттіліктері мен проблемалары мыналар болып табылады:
- аудандық деңгейде БЭҚАЖ мен бірыңғай көлік ортасының жеткіліксіз дамуы;
- кешенді стратегиялық құжаттарды дайындау кезінде азаматтық қоғам институтары мен халықтың қатысу деңгейі және ауданды басқару мен дамытуда көзқарастарының жеткіліксіз деңгейі;
- облыстық және республикалық деңгейдегі тапсырмалардың орындалуына есептер мен бақылау жүйесінің жетілмеуі;
- қолданыстағы мәліметтік-коммуникациялық технологияларға жоспарлар мен басқа да әлеуметтік маңызды жобалардың орындалуына бақылау жүйесінің даму деңгейінің сәйкес келмеуі;
- аудан деңгейінде біріңғай көліктік ортаның және ЕСЭДО-ның жеткіліксіз дамуы;
- кешенді стратегиялық құжаттарды дайындау кезінде жергілікті мемлекеттік органдарының идааралық және салааралық функционалдық байланысы деңгейінің жеткіліксіздігі;
- кәсіби және клиенттермен жұмыс істеуде ХҚКО жұмысшыларының жеткіліксіз дайындығы;
- ірі ауылдық мекендерде ХҚКО бөлімшелерінің желісін көбейту қажеттілігі;
- аудан әкімі аппаратының норма түзу қызметі сапасы деңгейін, осының ішінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың тұрақты жаңаланатын электрондық заңнама дерекқорына қол жетімділігін қамтамасыз ету арқасында қолдау қажеттігі;
Аудан әкімі аппаратында негізгі техникалық құрылғылар жұмыс істейді. Олар: Pentium, Celeron жеке компьютерлер, сонымен қатар файл-сервер, деретерді мұрағаттау сервер құралы ретінде пайдаланылады. Аудан әкімі аппатының ғимаратында 100Мбит/секунды жылдамдығында ақпаратты өндей алмасуды ұйымдастыра алатын локальды жүйе жұмыс істейді.
Интернет желісіне «Megaline Small Business» жылдамдығыы 256 кбит/сек тарифтік жоспары арқылы электрондық пошта жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік мекемелерінде жеке электрондық пошталары бар. 2011 жылдан аудан әкімі аппаратына өз сервері негізінде пошталық сервер құру жоспарда бар.
Бүгінгі күні Үржар ауданы әкімдігінде келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істеуде:
-
«Жеке тұлғаларды тіркеу» АЖ;
-
«Тапсырмаларды есепке алу» АЖ.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің базалық категорияларын автоматтандыру аясында келесі іс-шаралар іске асырылды.
Үржар ауданы әкімінің urzhar.vko.gov.kz. веб-порталы арқылы ҚР Үкіметінің ұсынылатын ақпараттық қызметтерді тұрақты өзектендіру қамтамасыз етіледі. Сайтта 34 мақсатты бет ұсынылған, олар 50 ішкі айдарда толық ашылады. Сайт құрылғаннан бері интернет беті 44 (2007ж) тен 84 (2010ж) –ке дейін көбейді. Сайттың ақпараттық – интерактивті компаненттері (іскерлік таныстыру, оперативті-анықтамалық және интерақтивтік) қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар аудан әкімі сайттының (http://wap.urzhar.vko.gov.kz), блог (http://blog.urzhar.vko.gov.kz) wap-нұсқасы енгізілді.
Ауданның сайлаушылар тізімін жасақтау мақсатында жеке тұлғалардың деректер қоры (УФЛ) жасалған. Базаның дерекқорының дұрыстығы 98,9 % құрайды. Ауданның мемелкеттік органдарының электрондық қызметтерін кең түрде пайдалану мақсатында 5 қоғамдық қатынау пунктері орнатылған. Дегенмен мемлекеттік электрондық қызметтерге азаматтардың қол жетімділігін арттыру проблемасы қалып отыр.
Ааудан әкімінің аппаратында «Заң/Закон» электрондық заң базасы жұмыс істейді. Осы күні локальды жүйе арқылы 3 қызметші аталған базамен жұмыс атқарады. Бірақ заңдылықтын сапасын арттыру үшін электрондық «Заң/Закон» деректер қорына Аудан әкімінің барлық қызметішлеріне жетімді болу керек.
«Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдастығы.
Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс жүргізілетін е-үкіметтің компоненттері:
-
ҚР Электрондық құжатайналымы жүйесі (бұдан әрі - БЭҚАЖ).
-
«Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
-
«Жеке тұлғалар» мемелкеттік ақпараттық базасы;
-
«Заңды тұлғалар» мемелкеттік ақпараттық базасы;
-
«Жылжымайтың мүлік регистрі» мемелкеттік ақпараттық базасы.
Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер арасында, атап айтсақ, барлық мемлекеттік мекемелерде, аумақтық бөлімшелерде, құқық қорғау органдарында және аудандық әкімдіктерде бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – БЭҚАЖ) енгізілді, оларда IBM «Lotus Notes» компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған.
2011 жылы жалпы құжатайналым – 4 059 құжаттарды, соның ішінде: қағаз жүзінде құжатайналым – 3 163 (78,0%), электрондық үлгіде – 896 (22%).
2012 жылы жалпы құжатайналым – 6359 құжаттарды, соның ішінде: қағаз жүзінде құжатайналым – 2 625 (41,2%), электрондық үлгіде – 3734 (58,8%).
2013 жылы жалпы құжатайналым – 6762 құжаттарды, соның ішінде: қағаз жүзінде құжатайналым – 0 (0%), электрондық үлгіде – 6762 (100,0%).
Бүгінгі күні біріңғай көліктік орта құрылған (ары қарай БКО). БКО құрамына барлық дербес бөлімдер кіреді. Үржар ауданы әкімінің ішкі порталы құрылды (интернет-портал).
«Е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсізідігін қамтамасыз ету.
«ШҚО әкімі тапсырмасының есебі» ИЖ мен ЕСЭДО жұмысы үшін сертификаттарымен 7 электрондық сандық қолтанба алынды. «Мемлекеттік сатып алу» информациялық жүйесінде жұмыс жасау үшін ауданның мемлекеттік мекемелерімен 102 сандық сертификаттар алынды, соның ішінде КММ – 4.
Осылайша ауданның ақпарат ресурстары мен мемлекеттік мекемелері жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бүгінгі таңда мынадай қажеттіліктер бар:
- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау;
- мемлекеттік органдарды сервер бөлмелерімен қамтамасыз ету;
- аудан әкімдігінің ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметшілерді сандық сертификатпен және электрондық сандық қолтаңбамен қамтамасыз ету;
- жұмысшылар және пайдаланушыларды оқыту үшін нұсқаулықтар әзірлеу.
2011-2015 жылдарға арналған Үржар ауданы аумағын дамыту Бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізуде негізгі мақсаттар:
- көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту және мониторингті ұйымдастыру;
- мәлімет ресурстары мен ауданның мемлекеттік мекемелер жүйелеріне қауіпсіздігін қамту.
Ағымдағы жағдайды сараптаманың SWOT –талдау нәтижелері:
Мықты жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
1. Ауданда 5 қоғамдық пунктері жұмыс істеп тұр.
2. Локалдық жүйелерінің жеткілікті техникалық жабдықталуы.
3. Аудан әкімінің жеке сайты, блогы, мобилдік версиаларының (wap) болуы.
4. Серверлік бөлімнің бары;
5. Электрондық құжатайналымының біріңғай жүйесінің болуы.
6. Ауданның ЖАО біріңғай көліктік ортасының болуы.
7. Мемлекеттік қызмет сапасына мониторингті жүргізу негізі бар.
|
1.Электрондық мемлекеттік қызметті тұтынуда жауапты мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі байланыс тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтік актілерінің жетілдірілмеуі.
2. Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нормативтік-құқықтік актілерінің жоқ болуы.
3. Ресурстармен басқару негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процедураларын жеңілдетуге бағытталған ақпараттық жүйелерінің (АЖ) жоқтығы.
5. Бизнес-процестерін автоматтандырылуға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсетудің АЖ жоқтығы.
6. «Е-үкіметінің» базалық компонентерімен интеграциясының жоқтығы.
7. Елді мекендерде қоғамдық қол жеткізу пунктілерінің (ҚҚП) жеткіліксіздігі.
8. Ауылдық округ әкімдері аппаратында мемлекеттік қызметкерлерінің жұмыс орындарының компьютерлік техникаларымен жеткіліксіз жабдықталуы.
|
Мүмкіндігі:
1. МКТ саласын дамытуда мемлекеттік қолдау;
2. Электрондық үлгіде мемлекеттік қызметті алуда аудан тұрғындарының мүдделгінің болуы;
3. «е-үкіметті» құру бойынша басқа мемлекеттермен халықаралық тәжірибемен алмасу.
|
Қауіптері:
1. Е-үкіметінің базалық компонентарымен интеграцияның жоқтығы салдарынан ЖАО интерактивтік электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуде дайын болмауы.
2. Интернет желісіне қосылу шектеуінің болуына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтке сұраныстың жоқтығы.
|
Жоғарыда аталғандардың негізінде ЖАО туралы келесі пікірлерді айқындауға болады.
«Электрондық үкіметті» дамыту үшін Үржар ауданының әкімдігі инфрақұрылымның дамуының жеткілікті жоғары деңгейі бар – біріңғай көліктік орта, біріңғай құжатаналымының жүйесі, серверлік және жүйелік жабдықтар, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингісінің сапасы.
Әлсіз жақтарды жою үшін келесілер қажет:
- әлеуметтік-маңызды қызметтерді электрондық үлгіге ауыстыру бойынша іс-шараларды жүргізу;
- жергілікті атқарушы органдарының ішкі бизнес-процестеріне талдау жүргізу, автоматтандырылуға жататың процестердің тізбелерін жасау;
- информатизация процестерін және нормативтік-құқықтік және методологиялық жүйесі арқылы ЖАО ақпараттық базасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;
- біріңғай көліктік ортаны дамыту және оған ауылдық деңгейді кіргізу;
- ЕСЭДО-ға ауданның барлық мемлекеттік органдарын кіргізу;
- «Е-үкіметінің» базалық компонентерімен интеграция проблемасын шешу;
- Үкіметтің және аудан әкімі порталының веб-ресурстары арқылы көрсетілетің әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтер барысының қол жетімділігі мен тиімділігін жоғарылату;
- 68,0 %-ға дейін тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын жоғарылату.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің себебі келесілерде:
- мемлекеттік басқарудың орталық және аймақтық деңгейлерінің жапкершілігі салаларының өкілеттігін айқындауда балансыздықтың болуы;
- мемлекеттік басқарудың нормативтік-құқықтік базаларының қарамақайшылығы мен толықсыздығы;
- инфрақұрылымды дамытуда қаржыландырылуының кейбір бағыттарының жоқтығы немесе шектелуі;
«Электрондық үкіметті» ары қарай дамыту кезінде мүмкін болатың қауіптердің алдың алу үшін ШҚО әкімдігінде келесі шарттар орындалуы тиіс:
- ЖАО қызметінің белсенді автоматтандырылуы кезінде облыс басқармалары органдарының қызметкерлерін дайындау және «электрондық үкіметтің» мүмкіндігін қолдануда өңір халқын оқыту;
- автоматтандырылуы мүмкін ішкі бизнес-процестерін анықтау үшін ЖАО арасында алдын ала зерттеулердің жүргізілуі;
- «электрондық үкіметтің» бастамаларын танымал ету үшін аудан тұрғынадары арасында PR-компаниларын жүргізу;
- электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуде тұрғындардың қанағаттану деңгейінің бағалау жүйесін жетілдіру;
- ЖАО қызметкерлерінің еңбегін жеңілдету үшін автоматтандырылуы мүмкін жұмыстың қарбаластығын жою мақсатында автоматтандырылған жүйе әзірлену керек және облыс әкімдігінің тиісті құрамдық бөлімшелерінде таралыу тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |