БАҒдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұны паспорт


- 2009 жылдардағы облыс тұрғындарының



бет11/32
Дата16.06.2016
өлшемі7.05 Mb.
#138394
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32

2007- 2009 жылдардағы облыс тұрғындарының

су жеткізу қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі








2007

2008

2009

Тұрғындардың су жеткізу қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі

%

55,0

57,9

59,0

Канализация желілерін жөндеу

км

6,5

8,4

12,0

Тазалау қондырғыларын күрделі жөндеуден өткізу

дана




-

-

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. Қала тұрғындарының су жеткізу қызметімен қамтамасыз етілуі 2007 жылмен салыстырғанда 4% өскен.

Әлсіз жақтары:

  1. Канализацияның 75,0% қанағаттанғысыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Тұрғындарды су жеткізу қызметімен қамту деңгейін жақсарту мақсатында су жеткізу, канализация желілері объектілерін жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Қатерлер:

  1. Қала тұрғындарының санитарлық-экологиялық жағдайына кері әсерін тигізетін канализациялық желілердің, су жеткізудің объектілерін жөндеу бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі.


2.2.3.5 Жолдар

Осы бағыттағы негізгі міндет жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жыл сайын қала жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдары ағымдағы, орташа деңгейде жөндеу мен оларды ұстау жүзеге асырылып келеді. Семей қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 699,1 км., оның ішінде қатты төсенішпен жабылғаны 224,56 км., жергілікті маңызы бар жолдар 202,4 км., оның ішінде қатты төсеніші бары 24,9 км.

2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төмендегі жұмыс түрлері орындалды:

ХҚКО-на апаратын жолдың 0,591 км. бөлігі жөндеуден өткізілді, игерілген қаржы көлемі 31,967 млн. теңге;

60 көше жөндеуге қамтылды, 47520 шаршы метр көлеміндегі ағымдағы жөндеу жүргізілді, орташа жөндеу 9,349 км., сызаттарды жабу 16,36 мың п.м., 11 көшенің орташа жөндеудің жобалық-сметалық құжаты жасалынды, қаланың көшелерінің 210 км., жергілікті маңызы бар жолдардың 272 км. жолдарын, 230 мың шаршы метр қала аумағы, аспалы көпірдің 1,4 км. жолдары, «Өлімнен де күшті» монументі маңындағы жолдың 25 мың шаршы метр жері, Шульбинск кентінің 12,51 км. жолдары, 1 понтонды көпір қалыпта ұстау жүзеге асырылды, 708,3 млн. теңге игерілді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3% көп.

Автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2009 жылы бюджеттен 58,430 млн. теңге бөлініп, игерілді. 195 барьерлік қалқан секциялары орнатылып, жөнделді, 2117 м.п. жаяу жүргіншілерге арналған қалқандар, 37 бағдаршам жұмыс істейді, 4336 жол белгілері, жасанды соқпақ құрылымы (жатқан полицейский) - 137, жолдың жүру бөлігінің 15,8 мың шаршы метрі сызбасы салынды, 201 ескірген белгілер жаңасына ауыстырылды, бағдаршамдар жасауға жобалық-сметалық құжат құрастырылды, шығындар өткен жылғымен салыстырғанда 4,7% көп болды.

Жол картасы бағдарламасы шеңберінде қала жолдарының 12 298 шаршы метріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, 29 368 шаршы метр жергілікті маңызы бар жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді, қала көшелеріне 12,316 км. орташа жөндеу жүргізілді. 753,5 млн. теңге игерілді.

Ағымдағы жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қала жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылды:

Шугаев көшесі жалпы ұзындығы 2,562 км. толық жөнделді, жолдардың орта және ағымдағы жөнделуі 18,5 км., ойықтарды жөндеу 2,25 шаршы метр.
Қала жолдары мен жергілікті маңызы бар

жолдарды жөндеу мен ұстау бойынша жұмыстарды

қаржыландыру көлемінің өзгерістерінің динамикасы, мың теңге

Сур. 36
Қала жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдары жөндеу мен ұстау жұмыстарын жүргізуге 2007-2009 жылдары жергілікті бюджеттен 2 983,4 мың теңге бөлінді, игерілгені 99,8% (сурет 36).

Жолдар бойынша проблемалық мәселелер қолданыстағы қала жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мен қайта жарақтандыруға жобалық-сметалық құжаттарды құрастыруға қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады.

Саланың жағдайына баға беру үшін SWOT- талдау жасалынды:

Күшті жақтары:


  1. Көліктің аралас түрлерінің инфрақұрылымының дамығандығы;

  2. қала автожолдары жалғыз транспорт қатынас жолдары болып табылады.

Әлсіз жақтары:

  1. Негізгі қорлардың күшті моральдық және нақтылы ескіруі;

  2. процестерді автоматтандыру мен инновация енгізу деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі тетіктерін дамыту;

  2. автокөлік жолдары желісін сақтап одан әрі дамыту;

  3. автокөлік жолдарын қайта жарақтандырып, күрделі және орта жөндеуден өткізгеннен кейін автокөлік жолдары бөліктерінде жөндеу аралық кезең мерзімдерін сақтау.

Қатерлер:

  1. Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы;

  2. баға тәуекелдері;

  3. техногендік және экологиялық тәуекелдер;

  4. мамандар тәуекелі.

Қолда бар жол-пайдалану техникаларының ескіргені атап өтіледі.
2.2.3.6 Телекоммуникация және байланыс

Семей қаласында байланыс қызметтерін «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникацияларының Шығыс Қазақстан облыстық дирекциясының қалалық телекоммуникация бөлімі береді. Қала аймағында 29 базалық АТС жұмыс істейді, ауылды жерлерде 15 АТС. Жалпы алғанда қала бойынша енгізілген АТС нөмір сиымдылығы екі қайтара есептеусіз 83,8 мың нөмірді құрайды, АТБ-2,1 мың нөмір.

2009 жылы ауылдық елді мекен (АЕМ) бойынша жеке тұлғаларға 174 телефон орнатылды. 2009 жылдың соңына қарай АЕМ телефондарының жалпы саны 2755 құрады, оның ішінде 2664 - жеке тұлғаларға, 91 - заңды тұлғаларға орнатылған.

Интернетке шыға алатын тұрғындардың саны 10 адамға шаққанда 491 адамды құрайды.

Интернетке телефон арқылы шығу мүмкіндігіне ие абоненттердің саны - 3827, Мегалайн - 12566.

«Қазақтелеком» АҚ өз қаражаты есебінен Суықбұлақ және Юность кенттеріне АТС-тер орнатты. Қалалық волоконды-оптикалық жүйені орнатуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, ол әрбір сандық АТС-тің мәліметтерді берудің жаңа сапалық деңгейде жұмыс істеуіне, АТС-тер арасындағы байланысты нығайтуға, автоматтандырылған режимде халықаралық байланыс линияларына шыға алуға мүмкіндік береді. «Metro Enternet» қалалық желісі ұйымдастырылды, ол ADSL мәліметтері беру порттарына жоғары жылдамдықта шыға алады.

Ауылдық телефон байланысы желілерінде Қараөлең, Талдықорған, Маралды, Малая Ақтюба ауылдарында байланыс жасау сөйлесу пункттері ашылды. Самай, Социалистік Қазақстан, Қызылжар ауылдарында спутниктік телефон станциялары орнатылды. Озерки ауылында аналогтық станция сандық станцияға ауыстырылды, АТС номер қуаттылығы 512 нөмірге көбейтілді.

Нахаловка ауданында 672 номерге арналған АТС-3000 шығарушы сандық линиясы іске қосылды, Степной кентінде 96 номерге арналған Интернетке кең аумақты қосылу мүмкіндігін беретін АТС-3020 орнатылды.

Соңғы жылдар ішінде бес ескірген декадалық-қадамдық телефон станциялары АТС-66, АТС-62, АТС-63, АТС-45, АТС-44 және екі ПСК-1, ПСК-2 подстанциялары жаңа станцияларға ауыстырылды.

Қала және ауылдар бойынша өткізгішсіз байланыстың WLL технологиясы базалық станциялары бойынша абоненттік сиымдылықты 2453 номерге арттыру жүзеге асырылды және мәліметтерді кең көлемде беру желісі 5408 портқа кеңейтілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша барлық ауылдық елді мекендер телефон байланысымен қамтылды.

Қолданыстағы аналогтық АТС байланыс абоненттерін CDMA-450 стандартты өткізгішсіз желілерге көшіру Прииртышское ауылында 2010 жылдың аяғына дейін жүзеге асырылатын болады, CDMA-450 желісіне Абыралы, Бөкенші, Достық, Петропавловка, Приречное ауылдарының абоненттерін қосуды 2011 жылдың бірінші жартысында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ұялы байланысты мобилді байланыстың Beeline, K-Cell, Activ, Dalacom, Patword операторлары жүзеге асыруда.

Телекоммуникация саласында қалыптасқан жағдайды бағалау SWOT- талдау көрсетеді:



Күшті жақтары:

  1. Телекоммуникация қызметі жүйесі дамыған;

  2. АТС жаңа сандық технологияларға көшіру арқылы жетілдіру;

  3. барлық жерлерде Интернет желісін қосу.

Әлсіз жақтары:

  1. Халқы аз елді мекендердің инфрақұрылымының дамуының жеткіліксіздігі;

  2. телекоммуникациялық нарықта шынайы бәсекелестіктің болмауы;

  3. Интернетке кең көлемде шығу мүмкіндіктерінің жетіспеушілігі;

  4. ұялы байланыс тарифтерінің жоғары болуы.

Мүмкіндіктер:

  1. Тұрғындар мен мекемелерді қол жетімді және сапалы байланыспен қамтамасыз ету;

  2. азаматтар мен мекемелердің күнделікті өмірде ақпараттық-қарым- қатынастық технологияларды кең көлемде қолдануға көшуі;

  3. АЕМ тұрғындарын мүмкіндіктері мол байланыс қызметімен қамтамасыз ету.

Қатерлер:

  1. Телекоммуникация нарығында нақтылы бәсекелестіктің дамымауы;

  2. азаматтық мақсаттағы радиотолқындық қорлардың шектеулілігі.


2.2.3.7 Көлік

Семей қаласында темір жол, автокөлік жолдары және әуе жолдары көліктері кәсіпорындары қызмет етеді. Жолаушы және жүк тасымалының негізгі көлемін автокөлік арқылы жүзеге асырылады.

2009 жылы желтоқсанда Серікбаев атындағы ШҚМТУ Семей қаласының жаңа маршруттық желісі құрастырылып, оңтайландырылды. Осы құрастырылым бағытында қаланың жол желісі сызбасының өзгеруі мен жолаушылар легінің өзгеруіне байланысты жаңа автобус маршруттарын енгізу қажеттігі есепке алынды. Сондай-ақ шағын автобустық маршруттардың белгілі бір бөлігі қысқартылды.

Жолаушы тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын өз қаражатын және несие қорларын пайдалану арқылы жаңартуға қолдау көрсетіледі. Жылжымалы құрамның жыл сайынғы жаңаруы төмендегідей:



  • автобустар - 10-12 дана

  • шағын автобустар - 10-15 дана

Қалалық автобустық және шағын автобустық маршруттар бойынша кезекті байқау өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау да тиісті белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қалада автобустық және шағын автобустық көліктер - қоғамдық қала көлігінің жалғыз түрі. Қазақстан Республикасының басқа ірі қалалардан ерекшелігі бізде электр көліктері жоқ.

Бүгінгі таңда қалада 32 автобустық (оның ішінде 19 саяжайлық) және 26 шағын автобустық маршрут бар, оларда жұмыс істейтін автобустардың саны 218 (оның ішінде 24 саяжайлық) дана, шағын автобустар 272 дана.

Тасымалдауды ұйымдастыруға 13 тасымалдаушы қатысады, олардың 12-і заңды тұлғалар, 1-і жеке тұлға, қала көлік транспортында технологиялық процесті диспетчерлік басқару арқылы «ЦУПП»МКК жүзеге асырады.

Көлік кешені кәсіпорындарында 6 мың адамнан артық адам жұмыс істейді.

Бекітілген қалалық маршрут желісіне сәйкес 2005-207 жылдары қала маршруттарындағы автобустардың саны 179-дан 212-ге өсті (33 данаға), шағын автобустар саны 41 данаға кеміді (391 ден 350 данаға).

Қаланың автокөлік кәсіпорындары 2009 жыл ішінде 60 189,5 мың адамды тасымалдады (темір жол көлігін есепке алмағанда) бұл 2008 жыл көлемімен салыстырғанда тиісінше 100,4% құрады.

Кесте 22
2007-2009 жылдары жолаушы тасымалдаудың өзгерістер динамикасы


р/с

Атауы

2007

2008

2009

1

Жолаушы тасымалы (мың адам)

60 584,2

59 936,1

60 189,5

р/с

Атауы

2007

2008

2009




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы




98,9

100,4

2

Жолаушы айналысы (мың жолаушы км)

481 202,2

396 767,4

384 986,6




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы





82,5

97,1

Автобустар паркі 20 данаға, шағын автобустар 10 данаға жаңартылды.


Кесте 23

2007-2009 жылдардағы жүк тасымалдау

көлемінің өзгерістері динамикасы



р/с

Атауы

2007

2008

2009

1

Жүк тасымалы

2088,59

1281,72

546,4




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы




61,4

42,6

2

Жүк айналысы (мың км)

82 424,75

73 286,9

24 245,2




Өткен жылға пайызға шаққандағы өсу жылдамдығы





88,9

33,1

2009 жылы жүк тасымалы 546 тоннаны құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 42,6%. 2008-2009 жылдары жүк тасымалы көлемінің күрт төмендеуі құрылыс материалдарын өндіру мен құрылыс жұмыстарының көлемінің қысқаруымен байланысты болып отыр, сондай-ақ облыстан сырт жерлерге де, облыс ішінде де жүк тасымалдауға берілетін тапсырыстардың азаюы.

Осы себептен автокөлікпен жүк тасымалдау 24 245,2 мың км., немесе 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,1% болып отыр.

Сала жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. Автобустық көлік паркінің жаңартылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Қаланың жекелеме аудандарында ауданішілік жолаушы тасымалы пайдасыздығы себепті жоқ немесе әлсіз дамыған және шығындардың орынын жабу үшін бюджет қаражатын бөлу мәселесі шешілмеген.

Мүмкіндіктер:

  1. Мақсаттарға жету көп жағдайда өзге мүдделі тұлғалармен күрделі қарым-қатынастарға байланысты болып отыр. Атап айтқанда жолаушыларды рұқсат беретін құжаттарсыз тіркелместен тасымалдау, сондай-ақ жол полициясы, ішкі істер департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет.

Қатерлер:__Экономиканың_өсу_деңгейі_мен_инвестициялық_белсенділік_деңгейінің_төмендеуі.___2.2.3.8_Көріктендіру'>Қатерлер:

  1. Экономиканың өсу деңгейі мен инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуі.


2.2.3.8 Көріктендіру

Осы бағыттағы негізгі міндет көшелер мен алаңдарды жарықпен қамтамасыз ету, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, қаланы көріктендіру мен көгалдандыру, өлген малдарды жерлейтін жерлерді, қоқыс тастайтын жерлерді ұстау болып табылады.

Тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мен жайлылықты қамтамасыз ету, жасыл қорды сақтау, қаланың эстетикалық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Егер 2007 жылы қаланы көріктендіруге 76,6 млн. теңге бөлінген болса, оған төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 986 ағаш отырғызылды, 20 695 шаршы метр алаңға көгалдар отырғызылды, 2 896 шаршы метрге гүл егілді, 11 белсенді демалыс алаңдары орнатылды, жалпы қолданыстағы жерлер мен қалалықтар неғұрлым көп баратын жерлерде 62 аула территориясын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 2009 жылы қаланы көріктендіруге жергілікті бюджеттен 449,3 млн. теңге бөлініп, игерілді, олардың есебінен төмендегідей жұмыстар атқарылды: 1 675 дана ағаш отырғызылды, 49 684 шаршы метр көлемінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 42% көп, алаңдар мен скверлердің 65 320 шаршы метр жер тазалықта ұсталынды.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы 50 аула территориясы қалпына келтірілді, тұрғын үйлердің аулаларында 506 қоқыс контейнерлері мен 93 алаң орнатылды, ортақ пайдаланылатын орындарда тұрғын үйлер аумағында 21 белсенді демалыс алаңдары орнатылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2% көп, 383 ағаш қиылды.

Сотпен «иесіз» деп танылған 72 км. электр желілері қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда қалада көше жарықтандырылуының ұзындығы 134,8 км. құрайды. 2009 жылы бюджеттен көше жарықтарын қалыпта ұстауға, Семей қаласы, Шульба, Гидроқұрылысшылар кенттерінің көшелерін жарықтандыру үшін электр энергиясын сатып алуға 87,2 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,7% көп. Көше жарықтарының 37 км. жөнделді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 34% көп.

Жол картасы дағдарысқа қарсы бағдарламасын жалғастыру шеңберінде 2010 жылы қаланы көріктендіруге 300,5 млн. теңге бөлінді, жалпы ұзындығы 1,2 км. көше жарықтары күрделі жөндеуден өткізілді, Жамақаев көшесінің 3 сквері көріктендірілді, «Өлім вагоны» мемориалдық паркі жөнделді, қаланың 20 көшесіне сәндік жарықтандыру жүргізілді, Глинки көшесі бойына дренажды-нөсер канализациясы құрылды, қаланың орталық бөлігінде жалпы ұзындығы 5,6 км. суғарушы су құбыры құрастырылып, жұмысқа қосылды, бұл көгалдарды суғаруға кететін шығындарды 15% елеулі көлемде қысқартуға мүмкіндік береді.



Көріктендіру жұмыстарын қаржыландыру

көлемінің өзгерістерінің динамикасы, мың теңге

Сур. 37
Қаланы көріктендіру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 2007-2009 жылдар ішінде 736 446,0 мың теңге бөлінді, оның 99,8% игерілді (сурет 37).

Қаланы көгалдандырудың басты проблемасы ақша қаражатының жеткіліксіз бөлінуі болып табылады.

Саладағы жағдайды бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:


  1. Қаланы көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайынғы іс- шаралардың жүргізілуі, соларға сәйкес көшелер мен жолдарды тазалау, парктер, скверлер, алаңдар аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Әлсіз жақтары:

  1. Қаланы көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстарына қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі.

Мүмкіндіктер:

  1. Қаланы көріктендіру бойынша мемлекеттік және жеке сектордың әріптестік мүмкіндіктері.

Қатерлер:

  1. Қаланың қанағаттанғысыз санитарлық-эпмидемиялық жағдайы, көріктендіру элементтерінің тез ескіруі.


2.2.4. Территориялық құрылым

Қала мен поселкелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы саласын дамыту үшін қала құрылысы жобаларын құрастыру мен бекіттіру, нормативтік техникалық базаны жетілдіру, сәулет өнері, қала құрылысы мен құрылыс салаларында мемлекеттік нормативтік құжаттарды іске қосу үлкен роль атқарады.

Семей қаласының әкімшілік басқаруында 14 ауылдық және 2 поселкелік округтер бар, олардың халқының жалпы саны 316 мың адам. 2006-2008 жылдары Семей қаласының жаңа бас жоспары жасалынып, құрастырылды, ол қазір сараптамадан өтуде.

Бас жоспарды жүзеге асыру үшін қала территориясын толықтай жоспарлау жобасын (ТЖЖ) құрастыру қажет. Сондай-ақ ауыл округтары орталықтары бас жоспарлары мен аудан территориясын дамыту қала құрылысының сызбасын құрастыру қажет - барлық ауылдық округтардың елді мекендерінің аудандық жоспарларының жобасын жасау қажет (АЖЖ).

Қала объектілері мен елді мекендер объектілерінің қала құрылысы құжаттарын құрастыру сәулет өнері мен қала құрылысы қызметін жүргізуге қойылатын қазіргі заман талаптарына сәйкес қажеттіктермен негізделеді, онда тұрғындар санының өзгеруі, тұрғындардың көшіп-қонуы, ауылдық және өндірістік территорияларды игеру мүмкіндіктері, көлік және инженерлік инфрақұрылымның дамуы есепке алынады.

Қала территориясының дамуы мен құрылысында қала құрылысы регламентін бұзу қала құрылысы талаптарына сәйкессіздіктер орын алған жағдайлар кездеседі (қызыл линияларды, су қорғау зоналары шекараларын, санитарлық қорғаныс шектерін).

Проблеманы шешу мен мониторинг жүргізу және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын құрастыру үшін алғашқы мәліметтерді беру үшін көп мақсатты ақпараттық жүйе құрылған, оның құрамына картографиялық, статистикалық және өзге де ақпараттар кіреді, олар территориялардың пайдаланылуын объектілер параметрлері мен жағдайларына, инженерлік-техникалық және көлікпен қамтамасыз етілу жағдайларына, сондай-ақ табиғат-климаттық жағдайлары мен экологиялық жағдайларына байланысты сипатталады, бұл Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтер банкі болып табылады (бұдан әрі МҚК).

ТЖЖ құрастыру үшін қажетті топографиялық суреттер ескірген және жаңартуды талап етеді.



Күшті жақтары:

  1. Территориялардың дамуының негізгі бағыттары әлеуметтік, рекреациялы, өндірістік, көлік және инженерлік-қатынастық инфрақұрылымды, табиғи- климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайлар, қызметтік зоналау мен осы зоналар территориясын пайдалануды шектеу, экологиялық жағдайды сауықтыруға бағытталған шараларды қоса есептегенде шешілуде.

Әлсіз жақтары:

  1. Территорияларды бас жоспарсыз бей берекет құрылыс жүргізу кейіннен меншік иелерінің құқықтарының бұзылуына, территориялардың дұрыс игерілмеуіне, құрылыс жүргізудің қымбаттауына, бірінші кезекте әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйлердің, инженерлік-қатынастық инфрақұрылымның қымбаттауына алып келеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Бекітілген бас жоспардың болуы қала мөлтек аудандарының жеделдетіп және пәрменді дамуына, жобалық құжаттарды дайындау мен құрылыс мерзімдерін қысқартуға жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет