Бағдарламасы Силлабус Дәрістер


Тақырып 1. МЕДИЦИНА ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. МЕДИЦИНА ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ КӨЗДЕРІ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕМШІЛДІК



бет4/10
Дата13.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#134036
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып 1. МЕДИЦИНА ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. МЕДИЦИНА ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ КӨЗДЕРІ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕМШІЛДІК.
Мақсаты: Ерте кезден қазірге дейінгі емшілік пен медицинаның пайда болып даму процесінің жалпы заңдылықтарын ашу. Адамзаттың рухани мәдениетінің бөлігі ретінде медицинадағы әрбір жаңа дәірдегі жетістіктерін сипаттау, жер шарының түрлі аймақтарындағы медицина ғылыми түзілуіндегі ұлттық факторлардың әрекеттестігі мен бірегейлігін көрсету, болашақ дәрігерлердің ой – өрісін дамытуға, физиологиялық процестерді диалектикалық түсінуге, логикаға шақыру үшін студенттердің дәрігерлік этиканың негізгі ережелерін меңгеруге атсалысу.

Медицина тарихы, ғылым ретінде адамзаттың дүниежүзілік тарихы негізде медицина мен емшіліктің пайда болу, даму және жағдайын зерттейді. Медицина тарихы оқу пәні ретінде екі бөліктен тұрады: жалпы және жеке медицина тарихы.

Жалпы медицина тарихы- дүниежүзілік медицинасын оның түрлі салаларының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ерекшелігін, басты мәселелерін, жетістіктерін, жаңалықтарын зерттейді, ғылымға еңбегі сіңген атақты ғалымдардың өмір жолымен таныстырады. Дүниежүзінде дәрәгерлік ілімнің калай пайда болғанын, медицинаның халық мәдениеті мен тарихи дамуы мен бірегей екенін көрсетеді.

Жеке медицинада әрбір дәрігерлік салаларға байланысты. Мысалы, терапия, хирургия- арнайы өз кафедрасында зерттеледі, аурудың алдың алу жолдары, оның пайда болу себептері, кеселдің түрін анықтау және емдеу әдістері көрсетіледі.

Медицина тарихы мынадай мәселелерді зерттеуді алдына мақсат етіп қояды,


  • Медицинаның дамуындағы құбылыстардың заңдылығын көрсету, оның мирасқорлық екенін түсіндіру;

  • Медицина тарихында дәрігерлік салаларды жалғастыруын;

  • Дәрігерлік ілімнің дамуын жалпы қоғам дамуымен байланысты екенін көрсету арқылы ой-өрісті кеңейтіп, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Медицина тарихы зерттеу, іздену әдісіне үйретеді, емдеу дағдысына бағдарлайды. Ауру түрін анықтау, аның алдын алу, сонымен бірге осы айтылғандардың маңызын түсіне білу медицина тарихын оқып білу арқылы болады.

Қоғамның даму процесстерінің өндірістік күштердің, саяси ағымдардың медицинаны дамытуда, қандай әсерін тигізді, медицинаның құрамы өзгерді ме, нендей жаңалықтар болды, міне мұны да медицина тарихы үйретеді.

Өткен ғасырдың қыршынды жылдары проф.М.Н.Тихомировтың және кейінірек қайта қаралып нақты түрде профессор А.П.Пронштейн ұсынылған жіктеу бойынша барлық тарихи көздер жеті топқа бөлінеді: Материалдық деректер: археологиялық қазбаларда табылған заттар мен түрлі деректер (палеантропологиялық т.б.),


  • Жазбаша деректері; ежелден бізге жеткен көне заманның графикалық белгілірі, қолжазбалар немесе басылым құжат қағазға, папирусқа, қышқа түсірілген жазба айғақтарына жақын эпиграфиялық жазулар, олар тасқа, катты балшыққа, ағашқа, ағаш қыртысына немесе қабыққа (береста) т.б. қалдырған жазулар.

  • Этнографиялық дректер- бұл өткен заманнан адамзатқа мұра болып жеткен қоғамдық, мәдени өмірдің көріністері. Бұлар заман өзгеруіне сәйкес жаңа түрде өзгерілуі мүмкін. Мысалы: сенім, ұғым, дәстүр т.б.

  • Ауызша (фолькорлық) деректер. Бұлар болған істі нақты кейіпті сөзбен аңыз ретінде, мақала-мәтен, өлең, ертек т.б. әдіспен жеткізді.

  • Лингвистикалық деректер-бұл деректердің пайда болуы фотосуретке түсіру мен киноманографиялық дамуымен байланысты

  • Фоноқұжаттар- бұл деректер тарихи фактілердің дыбыстық жақтарын бейнелейді де болған жағдайдың бір мезгіліндегі фонограммасын көрсетеді.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы медицина.

Адамзаттың даму жолындағы алғашқы қауым қоғамында емшілдіктің пайда болуы үш кезеңге бөлінеді:



  • Адамның, алғашқы қоғамның және алғашқы қауымда емшіліктің қалыптасуы, бұл уақытта табиғи дәрілер (өсімдіктен), жануарлар ағзаларынан, минералдан жасалған, емдеу туралы алғашқы эмпирикалық білім жиналып, толықтырылып, талдап қорытылуы,

  • Алғашқы қауымның дамыған кезеңінде емді бағытты түрде қолдану және қоғамдық эмпирикалық тәжірибе әлеуметтік іске айнала бастады,

  • Алғашқы қауым қоғамының ыдырау уақытында жеке меншік иесі пайда бола мен қатар емшілдіктің діни түрлері және қоғамдық тәжірибенің жиниқталуы мен қатар жеке емшілік практикада дамыды.

Ерте замандағы адамдар өсімдіктердің емдік қасиеттерін анықтай білген. Бұл салада әйелдер саналы тәжірибелер жинақтаған Мұндай жұмыс олардың басты міндеті болған. Сондықтанда әр елде әйелдердің әр түрліатауларға ие болғаны мәлім. Мысалы әйелдер « Берегиня» деп ежелгі Ресейде аталған. « Берегиня» - славян тіліген аударғанда жанұяны сақтаушы әйел деген мағынаны білдіреді. Емшілік құдіреті бар әйелдерді египеттіктер Полидамна деп атаған. Грекиялықтар – Златокудрая Агамеда, Чехтар – Мудрая Каза, Колхидалықтар – Медея деген. Бұлар анахандық дәуірінде өмір сүрмеген, бірақ халықтың сырқатын емдеген алғашқы тәуіптер болып танылады. Алғашқы қоғамдық құрылымдағы емшілер оташылық әдістерді қолдағанЯ: жараны өсімдіктен, минералдан т.б. дайындаған дәрілермен емдеген, сынықты салу, қан ағызу арқылы емдеуді жиі қолданған. Бірақ мұндай ем- домның бәрі күнделікті өмір тәжірибесінен туындаған, ал аурудың пайда болуы, табиғи апаттар себебін, сыртқы ортаның құбылысына, тіршілік- әрекет өзгерістеріне әрине жауап табылмаған , ой- тұжырым жасай алмаған. Сондықтанда сол қилы заманнан бастап адам түсінігіне айеаладағы орта туралы наным- сенісдер пайда бола бастаған. Олар: тотемизм, фетишизм, анимизм (рұхтарға сиыну деген). Бұл ілкінші (примитивті) діндерде жиі кездесетін ұғым. Дене өлгенмен рух өлмейді. Анимизм нанымы бойынша табиғатта адам рухына ұқсас басқа да рұхтар болады деумен негізделген.

Фетишизм - адамнан табиғатқа, заттарға ауған немесе сыңарлар бар деп сесптейді. Олар сиқыр, сиқырлы перілі нәрсе дегенді білдіреді. Осыған орай тұмар, үкі, көктас тағу.

Тотемизм - ру мүшелерінің кейбір махлұқтарға (жануарларға) киелі деп табынуы ( маймыл,сиыр , қарға, сауысқан, жылан т.б.) немесе әр алуан киелі нәрселерге тас, ағаш, өсімдікке (эвкалипт т.б.) тәуелді болуы және рудағы әрбір адамның сол рудаң ортақ төтемімен туыстық байланысы бар деген сенім.

Анимизм , яғни рухқа табыну Орталық Азия халықтарында және жартылай көшпелі дәуірлерде, сонымен қатар Австралия, Америка, Океания,Африка елдерінде алғашқы қоғамдық құрылымда қалыптасқан примитивті сенім.

Оташылдық- қазақ сахарасында кеңінен тараған дәрігерлік өнерінің бірі. Осыған байланысты дәлел ретінде Күлоба сауытыда ежелгі сактар заманында бейнеленген суретті айтуға болады. Онда бір адам екіншісінің сыңған аяқты сүйегін салудан, малдың сыңған сүйегін салудан, малдың шыққан буындарын орнына келтіруден бастаған болу керек.

Алғашқы қоғамдық құрылымның ыдырауы шамамен біздің заманымызға дейін Х-У мыңжылдықтарда басталады. Бұл үрдістің негізгі белгісі ретінде жеке меншіктің, жеке шаруашылықтың, сыныптық қоғамның және мемлекеттердің пайда болуы. Бұл кезеңде адамзаттың даму жолында өте мағыналы мәдени жетістіктің бірі жазудың пайда болуы.

Емшілдіктің дамуы бұрынғы тәжірибелік әдістерді бекіту, дәстүрлік емдеу әдістерін нығайту, дәрілердің түрлерін көбейту, ота жасауда жаңа құралдар (мыстан, бронзадан, темірден т.б.) пайдалану болды.

4. Көрнекі мәлімет: « Power Point» бағдармала бойынша дәрістер оқу.


Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдармала бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Медицина тарихының анықтамасы, оның міндеттері.

  2. Медицина тарихының зерттеу көздері.

  3. Халық медицинасы мен гигиенаның пайда болуындағы әйелдердің ролі.

  4. Ауру жөніндегі діни түсініктер, ата-баба рухына сену, шамандық және т.б. пайда болуы.

  5. Медицинаның ары қарайғы дамуындағы алғашқы емшілдіктің маңызы.


Әдебиеттер:

  1. Заблудовский П.Е., Крючков Г.Р., Кузьмин М.К., Левит М.М. История медицины. – М., 1981. – 352 с.

  2. Мультановский М.П. История медицины. – М., 1967. – 272 с.

  3. Сорокина Т.О. Атлас истории медицины. – M., 1987. – 166 с.

  4. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005. – 560 с.

  5. Итоги и перспективы исследований по истории медицины / Под редакцией М.И. Барсукова. – Кишинев, 1973. – 503 с.


Тақырып 2. ЕЖЕЛГІ Шығыс елдер медицинасы.
Мақсаты: Көне дүниедегі елдерге қысқаша сипаттама жасау. Құлиелену кезеңіндегі кәсіби медицинаның пайда болуының негізгі тарихи заңдылықтарын баяндау. Көне Египет, Вавилон, Ассирия, Грекия және Рим медицинасының жетістіктерін талдау. көрсету. Қазақстан территориясындағы халық медицинасы жөнінде және оның медицинаның кейінгі дамуындағы маңызын көрсету.

Ежелгі дәуір қоғамындағы медицина дамуының жалпы көріністері. Медицинаның дамуы алғашқы қауымдық құрылыстан құл иелену қоғамына ауысуымен байланысты. Ең алғашқы құл иелену қоғамының белгісі пайда болған Мысыр мен Шумер жерлері. Оларда бұл өзгеріс біздің заманымызға дейін (б.з.д.) , шамамен ІV мыңжылдықта қалыптаса бастаған.

Құл иелену қоғамында адамзаттың даму жолы бір саты жоғары көтерілді. Себебі құл иелену заманында әр түрлі кәсіби мамандықтар пайда болады, соның ішінде емдеу де кәсіби жұмыс болып бөлініп шығады.

Көне замандағы мемлекеттердің құрамында, мысалы: қазіргі Кипр, Турция, Сирия, Ливан, Ирак, Иордания, Аравия т.б. болды. Көне мемлекеттердің әр қайсысының дамуының жалпы ерекшеліктері болғанымен олардың сәйкестігі де аз емес, оларға:



  • Жазудың пайда болуы (жаңа дәуірге дейін IV мыңжылдық). Ал ІІІ мыңжылдықтан бастап медициналық жазбалар кездеседі.

  • Медицинаның екі түрі қалыптасады эмпирикалық (тәжірибелік халық медицинасы), діни медицина (храмдық, монастырлық).

  • Аурудың пайда болуы туралы түсінік (табиғи, моральдық-этикалық, діни-мистикалық).

  • Дәрігерлер дайындау (отбасы мектебі, жалпы дәрігерлер мектебі, көбнесе храм жанында).

  • Санитарлық техникалық құрылыс (су құбыры, монша т.б.), санитарлық гигиеналық дағдылар.

  • Емшілердің көбнесе сәйкес бөлінуі және байлардың, кедейлердің емшілеріне бөлінуі.

  • Дәрігерлік этиканың қалыптасуы.

Құл иелену дәуірінң ерекшелігі медицина туралы алғашқы жазбалардың болуы. Ең алдымен бұларға Египет (Мысыр) папирустары жатады, олар көне храмдардың орнынан табылған.

Ал қыштан жасалынған жазбаларда көне Вавилон медицинасы туралы айтылған. Кезінде Вавилон патшалығының құрамында Армения, Азербайжан, Хорезм, Грузия жерлері болған. Сондықтан бұл медициналық жазбалар осы елдердің де межицинасын сипаттайды деуге болады.

Аса маңызды медициналық әдебиеттің ескерткіші ретінде Грек, Қытай және Үнді дәрігерлерінің шығармаларын алуға болады. Бұлар нағыз медициналық қолжазбалар. Олардың мазмұны көбіне дәріні дайындау туралы нұсқаулар. Құл иелену заманында медицинаның эмпирикалық (тәжрибелік) түрімен қатар храмдық медицина қалыптасты. Осыған орай қоғамда діни жұмыс атқаратын адамдар (жрецтер) пайда болды. Жрецтердің өздерінің емдеу әдістері болмаған, олар түгелдей халық медицинасының жетістіктерін пайдаланған. Жрецтердің негізгі мақсаты көпшілікті өздеріне бағынышты ету, тыңдату. Ол үшін олар адам денсаулығына, жан күйіне әсер ететін күннің, жұлдыздардың сәулесі, ал жұлдыздар жоғарыдағы «күшке» бағынады деген.

Көне мысыр елінде дәрігерлер мамандық бойынша бөлінген. Атақты грек дірігері Геродот б.з.д. V ғ. Мысырға барғанын айтады және сол көне Мысыр елінде әрбір адам мүшесін емдеуші бар дейді. Тіпті ежелден оларда дәрігерлік косметиканың дамығаны белгілі. Әрине мұндай операцияны жасатуға тек қана ақсүйектердің мүкіншілігі болған. Сол сияқты емдеудің кейбір түрлері уқалау, өте күрделі құрамы бар дәрілер т.б. тек қана қаражатты адамдар үшін болған.

Сонымен құл иелену қоғамында көне Шығыс елдерінде: Қытай, Үнді, Месопотамия, Мысыр, Урарту (қазіргі Армения жері), Иран, Хорезм т.б. бұрынғы заманға сай негізгі белгілерін сақтағанымен, өз қоғамының дамуына сәйкес жаңалықтар енгізді. Олар:


  • Эмпирикалық халық медицинасының дамуымен қатар, храмдық-теургиялық медицина қалыптасты. (Месопотамияда, кейін Ассирияда).

  • Кәсіптік және ақсүйектерге арналған дәрігерлік әдістер дамыды.

  • Медициналық жазу және заңдарды қабылдау бастамасы болды.

  • Ауруханалық көмек көрсетудің алғашқы белгілері пайда болды.

Ежелгі Үндістан мен Қытай медицинасы. Көне Үндістан медицинасының басты әдеби жазбалары болып үш «Аюр-Вед» кітабы табылады. Үш кітап түрлі авторлармен жазылған. Ең бастысы б.з.д. ІІғ. Сушрута дәрігерінің «Аюр-Веді». Оның негізгі мағынасы мынада:

« Сушрута адам табиғаты жөнінде сұрақ қойып, оны бес космостық элемент жөніндегі ілім негізінде шешеді. Сушрута жаңалығы – аурудың этнологиялық факторы ретінде тамақтануды, климат, жеке бас гигиенасын сақтамау, сонымен қатар, құдайлардың ашулану нәтижесі» деп те атайды.

«Аюр-Ведте» 150 жедел және созылмалы аурудың белгілері келтіріледі: мидың, жүректің, терінің, зәр шығару жолдарының, буындардың және т.б. 760 шөп-дәрілер мен рецепттер сипатталған. Жануар және минерал текті заттарды пайдалану көрсетілген: сүт, май, сынап. Дәрілік заттар әсеріне қарай бөлінген: тер шығарғыш, құстырғыш, іш-зәр айдағыш, наркотикалық, қоздырушы т.б. 120 хирургиялық құралдар мен операциялар сипатталған: қан ағызу, ампутация, жарықты алып тастау, тасты алып тастау, лапротомия, бетке пластикалық операциялар (үді әдісімен), бірқатар акушерлік әдістер. Диета, серуен тағайындауға көңіл бөлінген.

Қытайда вариолация кең тарады. Гигиена мен профилактикаға байланысты қытай медицинасында жалпы күштендіретін емге аса көңіл бөлінді: диета, массаж, су процедуралары, күнге қыздырыну, емдік гимнастикаұ

Өсімдік текті дәрілерден: адам тамыр, лимон, үнді коноплясы, жас бамбук бүйректері, шай, пияз, сарымсақ, смола, аконит және т.б.

Әмбебап әдіс ретінде қытай медицинасында «акпунктура» - үшкір инемен шаншу қолданылады. бұл шаншулардың қоздырушы кейде тыныштандыру әсері болды. Басқа сипаттаушы әдісіне өмірге маңызды нүктелерін шөп түйінділерімен күйдіру – «мокса» жатады. Жансыздандыру үшін мандрагора сығындысы, гашиш қолданылды.

Ежелгі Греция және Рим медицинасы.

Көне Грекия тарихы бес кезеңнен тұрады.



  1. Эгей заманы б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық

  2. Мемлекеттік дәуірден бұрын б.з.д. ХІ-ІХ ғ.ғ.

  3. Мемлекеттік дәуір б.з.д. VIII-VI ғғ.

  4. Классикалық дәуір б.з.д. V-IV ғғ.

  5. Эллинистикалық б.з.д. IV ғ. екінші жартысы б.з. І ғ.

Осы елдің алғашқы әдеби мұралары Гомердің этикалық поэмалары (Гомердің өмір сүрген мезгілі әр түрлі көрсетіледі б.з.д. ХІ-VIIIғғ. аралығы). Оның дүние жүзіне белгілі шығармалары «Иллиада мен Одиссей» - көне заманнан қалған медицина туралы жалғыз ғана мәлімет көздері. Бұл кітаптарда көне грек медицинасының шамамен б.з.д. ХІІ-VІ ғғ. дамуы, жетістіктері жазылған.

Грек медицинасының келесі даму жолдары медицина әдебиетінің атақты ескерткіші « Гиппократ жинақтары». Бұл жинақ шамамен б.з.д. ІІІ ғ. жазылған, бұның құрамына ежелгі замандағы грек дәрігерлерінің шығармалары және Гиппократтың шығармалары кірген.

Тарихи кезеңдерде «Көне Рим» деген ұғым бірнеше рет өзгерген: алғашқы-қала мемлекет болса кейін Рим республикасынанҰлы Рим империясынан дейін дамыған.

Рим тарихында патшалық дәуірден республикалық кезеңге ауысуы шамамен б.д.д. 510 ж. Болған делінеді. Медициналық саласында бұл кезеңде Римде санитарлық заңдар, санитарлық техникалық құрылыстар; кәсіби-дәрігерлер, медициналық ісінің орнығуы және дамуы оны мемлекеттік реттеу, медицинада материалистік бағыт қалыптасу болады.



Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдарлама бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі дәуір қоғамындағы медицина дамуының жалпы көріністерін атаңыз.

2. Ежелгі Вавилон мен Ассириядағы медицинаның даму ерекшеліктерін атаңыз.

3. Ежелгі Қытайда қандай емдеу әдістері қолданылды.

4.. Ежелгі Грекия тарихындағы қандай тарихи кезеңдер белгілі.

6. Ежелгі Қазақстан халық медицинасы мен емдік заттарының маңызы.



Әдебиеттер :

  1. Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы. – Алматы, 2004. – 390 б.

  2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

  3. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005. – 560 с.

  4. Свиридова Л.Е. Вглядимся в прошлое. Из истории здравоохранения и медицины Северного Казахстана. - М., 1990. – 174 с.

  5. Уразаков Е. Казахская народная медицина. – Алматы, 1989. – 140 с.


Тақырып 3. ЕРТЕ ЖӘНЕ ДАМЫҒАН ОРТАҒАСЫРЛАР МЕДИЦИНАСЫ
Мақсаты: Византия мен Араб халифаттарындағы медицинаның дамуына қысқаша сипаттама. Ерте және орта ғасырлардағымедицина дамуының негізгі тарихи заңдылықтары. Византия, Араб халифаттары және Орта Азиядағы медицина жетістіктерін талдау. Азия халықтары медицинасы жетістіктерін талдау. Азия халықтары медицинасы жетістіктерінің дүние жүзі медицинасының дамуына әсерін көрсету.

Феодализм дәуірінде медицинаның дамуы үш кезеңмен байланысты: Ерте заман (V-X ғ.ғ.)



  • Классикалық (дамыған) заман (XI-XV ғ.ғ.)

  • Соңғы ортағасырлық кезең (XV – XVII ғ.ғ.)

Осы үш кезеңде де феодальдық қоғамның дамуының әр елде ерекшеліктері болды. Батыс Еуропа елдерінде діни ұғымның кең таралуының салдарынан ғылымның дамуына көп кедергі жасалды. Керісінше Шығыс мемлекеттерінде феодализмнің алғашқы кезеңінде-ақ ғылымның, оның ішінде дамуына жол ашық болды.

Византия империясында медицинаның дамуы (395-1435). Рим империясы ІV ғасырдың басында екіге бөлінді, оған себеп құлдардың тәуелсіздік алу қозғалысы мен басқа елдер жағынан шапқыншылықтың көбеюі. Сондықтан император Константин(306-337) астананы Римнен Византияға ауыстырады. Империя екіге бөлінеді: Батысқа және Шығысқа. Византия Римнен бөлінгенмен кейінде әсіресе, денсаулық сақтау жүйесінде және медицина білімін беруде Рим империясының дәстүрін жалғастырады. Сол кездегі ірі-ірі қалаларда (Константинополь, дамаск, Александрия, Антиохия және т.б.) жекеменшік ауруханалар мен олардың жанынан ашылған медициналық мектептер болды. Қалаларда әрбір квартал басында үй иелері арасынан коллгия тағайындалды. Олардың міндеті санитарлы не полициялық қадағалау жүргізу болды.

Сөйтіп орта ғасырларда жұқпалы аурулар тез тарап, ел арасында эпидемиялар көп зиян келтірген. Ол кезде барлық жұқпалы ауруларды жалпы бір сөзбен атаған «оба» немесе «ажал». Бірақ сол кезден жеткен деректер бойынша «оба» деп әртүрлі жұқпалы ауруларды біріктірген (оба, шешек, сүзек, іш сүзегі, тырысқақ).

Сонымен қатар ауруханалардың ол замандағы тағы бір түрі жұқпалы ауруларға арналған «изоляторлар», кезбешілерге, қарттарға, мүсәпірлерге, емделінбейтін ауруларға арналған орындар (приют), шіркеулер (богадельни) ашылған. Ауруханалар және де «ксенодохий» атты немесе «бөтен адамдар» үшін деген шетелден келгендерге, саяхатшыларға ашылған үйлерден орын алады.

Осыған орай Шығыс медицинасының аса көрнекті ерекшелігі ең алғашқы азаматтық ірі ауруханалардың ашылуы және кейінірек алғашқы дәріханалардың пайда болуы.

Византия медицинасының ғылымидамуын алсақ ол кезде бірнеше атақты энциклопедиялық білімі бар ғалымдар болған. Олардың ішінде Образий (ІV ғ) , Аэтий Амидийский, Александр Тральский (VІ ғ), Павел Эгинский болып жеткен антикалық медицинаның ғылыми байлығын біркелкі жүйеге келтірген. Ғалымдардың ізденістерінің арқасында Византия ІХ ғасырда алғашқы алғашқы жоғарғы мектептер ашылады, бұл оқу орындарында фәлсафалық, математикалық, астрономиялық, филологиялық пәндермен қатар оқу пәні жеке түрде, шеберлік кәсіп ретінде болған. Ал Византия дәпігерді дайындау алғашқы рет ғылыми-оқулық мекемеде болған және басқа да ғылымдарға үйретумен тығыз байланыста жүргізілген.

Араб халифаттарындағы медицинаның дамуы. VІІІ-ІХ ғғ. Шығыс елдерінде және Араб халифатында қоғамның жалпы даму жолы жоғары деңгейде болған.

Айта кететін жағдай VІІ ғасырдың басында ислам дінін тарату ойымен арабтар Шығыс елдерінің біразын жаулап алады, олардың ішінде ең біріншілері Иран мен Византия болған, кейіннен басқа мемлекеттерді де басып алған. Сондықтан VІІІ ғасырдың ортасында араб халифатының (мемлекетінің) құрамына Аравия, Иран, Сирия, палестина, Мысыр, Армения, Орта азияның бір бөлшегі, Африканың барлық солтүстік жағалауы кірген. Ал, 582 ж. Қазаққа араптар шабуыл жасады, 650 жылдары қазақты арап билеген. Шығыс елдерінде, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан елдерде, Орта азияда және біздің қазақстан жерінде 1930 жылға дейін арап жазуын қолданды, араб тілі негізгі тіл болып есептелген.

Шығыс ғалымдары алғашқы рет спирт, хлорлы сынап, азот және тұз қышқылын шығарған. «Алкоголь» деп аталуы осы шығыс елдерінен тараған.

Орта ғасырларда атақты ғалымдар, ойшылдар, энциклопедиялық біліиі бар ұстаздар Орта Азияда және қазақ жерінде де жетерліктей болған. Олардың ішінде сол кездің өзінде атақтары бүкіл жер дүниесіне тараған Әл-Хорезми, Әл-Бируни, Әл-Фараби, Абу Али Ибн Сина (Авиценна), Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы т.б болған.

Олар келесі ұрпақтарға зор рухани байлық қалдырды, ғылыми еңбектерін зерттей отырып сол замандағы біздің еліміздің өркениеттілік деңгейі, мәдениеті туралы деректер аламыз, себебі, бұл ғалымдар өздерінен бұрын өмір сүрген ғалымдардың еңбектерін игеріп, өз заманында ғылымның дамуына үлес қосқан.

Түркі қағанаттары құлағаннан VІІІ ғ. Соң дала мәдениетімен қоса қала мәдениетінің өркендеуі қазіргі Қазақстан жеріне – Жетісу мен сыр бойына ауысады. Дәл сол кезеңде қазіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім ас сәни» - мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр Әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ емес-ті.

Орта ғасырлар дәірінің ғылыми медицинасы (VІІ-ХV ғ.ғ). Әл-Фараби(875-955 жж), Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы.

Әл-Фарабидің фәлсафалық-медициналық түсінігінде табиғи өиір, от, ауа, су, жер болып келетін төрт элементтен құралады деген. Сондықтан, медициналық дәрігердің құрамында суық, ыстық, құрғақ және сулы деп төртке бөлген.

Әл-Фарабидің көпке танымал болиаған дәрігерлік-фәлсафалық трактатттары бар. Бұл еңбектер Өзбекстанның Әбу-Рейхан Бируни атындағы шығыстану институтында сақталған. Әл-Фараби медициналық-фәлсафалық ілім туралы былай дейді: «Медицина тәжірибеден туындаған ілім, өзіне сай белгілі заңдылықтары, аурудың түріне лайықты оның неден пайда болатынын, қалай емдеу керектігін анықтап, адам тәнінің сау болуы үшін күрес жүргізетін сала». Осы уақытқа дейін медицинаға анықтама бұдан нақты түрде әлі айтылған жоқ деуге болады.

Әл-Фарабидің еңбектері сонау ежелгі заманнан (ХІІІ-ХІV ғ.ғ) бері аударылып, жарыққа шығарылып келеді. ХІХ ғасырда М.Штейннедердің, Фр.Дитрицийдің еңбектерінің арқасында Әл-Фараби қолжазбаларының текстерін «Адам дене мүшесінің бөлшектері және күші»,(Қайырымдылар қаласы тұрғындарының көзқарастары» және т.б. (1895 ж) сын көзімен қарап зерттеудің берін геізі салынжы» - дейді зерттеуші ғалымдар. 1975 ж. Әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары» атты жинақ. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасынан шықты. Бұл кітаптың құрамына 4 трактат кірді:

- «Бақыт жолын сілтеу»;

- «Азаматтық саясат»;

- «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері»;

- «Бақытқа жету жайында».

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – ғұлама, қараүзген шипагер, жаһангер, этнограф, тарихшы, философ, ақын, астроном, биолог, химик, психолог, географ, ұстаз, этика, моральдың асқан білгірі. Ұлы баба 1397 жылы туып, 1492 жылы 95 жасында дүние салады. «Шипагерлік баян» - 15 ғ. жазылып, араға бес ғасыр салып, сағындырып жеткен, сөйтіп қолымызға тиген, бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған ұлттық мәдениетіміздегі елеулі құбылыс, асыл кітап, қасиетті қазына.

Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдармала бойынша дәрісті оқу.

Бақылау сұрақтары:

1. Араб халифаттары билігіндегі территорияның қысқаша тарихы медицинаға тән көріністері.

2. Аль-Рази (850-923), оның еңбектері және олардың медицинадағы маңызы.

3. Ибн-Сина (980-1037), оның еңбектеріндегі медицинаның теориялық және практикалық сұрақтары.

4. Аль-Фараби (870-950), ғалымның қысқаша өмірбаяны, медицина сұрақтары бойынша негізгі трактаттары.

5. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – атақты емші, ғалым, «Шипагерлік баян» энциклопедиялық еңбегінің авторы. – Алматы. 2002 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет