Көрнекі мәлімет: «Power Point» бағдарлама бойынша дәрісті оқу.
Бақылау сұрақтары:
1.Кеңестік денсаулық сақтаудың негізгі ұстанымдарын атаңыз.
2. Алғашқы бесжылдықтағы Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы.
3. Қазақстанда медициналық оқу орындарының ашылуы.
4. Кеңестік Қазақстанда медициналық білім мен ғылым қалай қалыптасты?
5. Егеменді Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қандай кезеңдерден өтті?
Әдебиеттер:
1.Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.
2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.
3. Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. – Алма-Ата, 1958. – 164 с.
4. Жакупова М.А. Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны. – Алма-Ата, 1985. – 120 с.
5. Шарманов Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения (от Алматы к новому тысячелетию человеческого развития). – Алматы-Вашингтон-Женева, 2008. – 184 с.
«Медицина тарихы» пәні бойынша
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: м.ғ.к. Шахиева А.М., м.ғ.к. Буздаева С.С., м.ғ.к. Нурбақыт А.Н.
Курс: екінші
2012
Тақырып 1. МЕДИЦИНА ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. МЕДИЦИНА ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ КӨЗДЕРІ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕМШІЛДІК.
Мақсаты: студенттерді медицина тарихы пәнімен ғылым ретінде, болашақ дәрігер үшін медицина тарихының маңызымен, сонымен қатар медицина тарихының зерттеу көздері туралы түсініктеме берумен, алғашқы кауымда емшілдіктің даму кезеңдерімен таныстыру.
Оқыту міндеттері:
-
Медицина тарихының зерттеу көздерін зерттеу;
-
Алғашқы қауымдағы медицина білімінің пайда болуымен және дамуымен танысу;
-
Эмпирикалық медицинаның қалыптасуын зерттеу.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. «Медицина тарихы» ғылымы туралы ұғым және болашақ дәрігердің қалыптасуы үшін медицина тарихының маңызы.
2. Медицина тарихының зерттеу көздері мен оның сипаттамасы.
3. Матриархат кезеңіндегі медицина білімінің пайда болу элементтері.
4. Матриархат кезеңіндегі медицина білімінің элементтеріне ие болудағы әйелдердің көшбасшылық рөлін растайтын зерттеу көздері.
5. Аң шаруашылығы кезеңіндегі алғашқы қауымның дамуы және осы кезеңдегі білімнің дамуы.
6. Дәрілік зат ретінде пайдаланылатын жануар өнімдері.
7. Мал шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы.
8. Аң шаруашылығы кезеңіндегі діни медицина элементтерінің пайда болуы – тотемизм.
9. Мал шаруашылығы кезеңіндегі діни медицина элементтерінің өрістеуі – бақсылық.
10. Бақсылардың ішкі ауруларды емдеуде қолданатын емшілдік элементтері.
Оқыту және сабақ беру әдістері:
-
Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;
-
Ауызша және жазбаша сұрау;
-
Көрнекілік материалдарын зерттеу.
Әдебиеттер:
1. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х.История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004г.- 173 с.
2. Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.
3.Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166 с..
4.Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 560 с.
5. Сорокина Т.С. История медицины М., 2006, 560 с.
Бақылау: (сұрақтар, тест және т.б.)
-
Медицина тарихы ғылым ретінде және оның құрамдас бөліктері.
-
Болашақ дәрігердің кәсібилігі мен дүниетанымдылығын қалыптастырудағы медицина тарихының маңызы.
-
Медицина тарихының зерттеу көздері мен оның сипаттамасы.
-
Заманауи Қазақстан территориясындағы алғашқы қауым дамуының тарихи сипаттамасы.
-
Қазақстан территориясындағы медициналық білімнің пайда болуы туралы археологиялық және палеонтологиялық мәліметтер.
-
Алғашқы қауым (матриархат) кезеңіндегі емшілдік бастамалары.
-
Алғашқы емдеушілер ретіндегі әйелдердің рөлі, емдік заттар туралы білімнің жиналуы.
-
Аң шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімінің дамуы.
-
Дәрілік зат ретінде пайдаланылатын жануар өнімдерінің маңызы.
-
Діни медицина элементтері мен тотемизм дінінің пайда болуы.
-
Мал шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы.
-
Мал шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің трансформация үрдісі.
-
Ауру туралы түсініктің пайда болуы.
-
Бақсылық және бақсылар қолданған емшілдік әдістер.
-
Алғашқы қауымдық дәуірдегі халық медицинасының қалыптасуы.
-
Алғашқы қауымда гигиеналық машықтар мен білімнің пайда болуы.
-
Бүкіләлемдік медицина аясында эмпирикалық емшілдіктің пайда болуы туралы теориялар.
-
Медицинаның әрі қарай дамуы үшін алғашқы емшілдіктің мәні.
-
Адамдық қауымдағы медицинаның пайда болу ілімі.
-
Алғашқы қауымдағы халық медицинасына тән жалпы сипаттамалар.
ТАҚЫРЫП 2. ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС МЕДИЦИНАСЫ
Мақсаты: Студенттерді алғашқы қүл иелену қауымының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен, Ежелгі Шығыс (Ежелгі Месопотамия, Египет, Индия, Қытай, Қазақстан) елдеріндегі медициналық және гигиеналық білімнің дамуымен таныстыру.
Оқыту міндеттері:
-
Құл иелену қауымы кезеңіндегі медицинаның дамуын зерттеу;
-
Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицинаның даму ерекшеліктерін зерттеу;
-
Медицина ғылымының кезекті қалыптасуы үшін құл иелену кезеңіндегі медициналық білімнің даму мәнін бағалау.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. Құл иеленушілік қауымының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері.
2. Ежелгі Вавилон медицинасының ерекшеліктері.
3. Ежелгі Вавилондағы діни медицина, астрология емшілдік аспектісі ретінде.
4. Ежелгі Вавилондағы кәсіби медицина, оның зерттеу көздері.
5. Ежелгі Египеттегі халық және діни медицина.
6. Ежелгі Египеттегі кәсіби медицина және оның ерекшеліктері, Ежелгі Египеттегі медицинаның зерттеу көздері.
7. Ежелгі Үндістандағы халық және діни медицинаның дамуы, гигиеналық білімнің қалыптасуы.
8. Ежелгі Үндістандағы кәсіби медицина, зерттеу көздері
9.Ежелгі Қытай медицинасының ерекшеліктері, диагностикалау және емдеу әдістерінің өзгешелігі, Ежелгі Қытай медицинасының зерттеу көздері.
10. Ежелгі Қазақстан жеріндегі медициналық білімнің қалыптасу ерекшеліктері, скиф немесе сақтар медицинасы.
Оқыту және сабақ беру әдістері:
-
Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талқылау;
-
Ауызша сұрау;
-
Жазбаша сұрау;
-
Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;
-
Тест және бақылау тапсырмаларымен жұмыс істеу
-
Рефераттарды, эсселерді, хабарламаларды презентациялау.
Әдебиеттер:
1.Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х.История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004г.- 173 с.
2.Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.
3.Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166 с..
4.Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 560 с.
5. Сорокина Т.С. История медицины М., 2006, 560 с.
Бақылау: (сұрақтар, тест және т.б.)
-
Құл иеленушілік қауымның әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері.
-
Құл иеленушілік қауымдағы медицина түрлері, кәсіби медицинаның жалпы сипаттамалары.
-
Ежелгі Шумер медицинасы.
-
Ежелгі Вавилон медицинасының ерекшеліктері.
-
Ежелгі Вавилондағы діни медицина, астрология емшілдік аспектісі ретінде.
-
Ежелгі Вавилондағы кәсіби медицина, оның зерттеу көздері.
-
Асуту және Ашипу емшілер.
-
Ежелгі Египеттегі халық медицинасы.
-
Ежелгі Египеттегі медициналық білімнің дамуына дін мен діни медицинаның әсері.
-
Ежелгі Египеттегі кәсіби медицина және оның ерекшеліктері.
-
Ежелгі Египттегі медицинаның зерттеу көздері.
-
Харапптық өркениет кезеңіндегі Ежелгі Үндістан медицинасы.
-
Ежелгі Үндістандағы халық және діни медицинаның дамуы, гигиеналық білімнің қалыптасуы.
-
Ежелгі Үндістандағы кәсіби медицина, зерттеу көздері
-
Ежелгі Қытайдың материалистік философиясы және оның медицинамен байланысы.
-
Ежелгі Қытай медицинасының ерекшеліктері, диагностикалау және емдеу әдістерінің өзгешелігі.
-
Ежелгі Қытай медицинасының зерттеу көздері.
-
Ежелгі Қазақстан жеріндегі медициналық білімнің қалыптасу ерекшеліктері.
-
Скиф немесе сақтар медицинасы.
-
Скиф медицинасындағы діни сенімдер мен емдеудің сиқыршылық және діни әдістерінің элементтері.
Тақырып 3. АНТИКАЛЫҚ ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ МЕДИЦИНАСЫ
Мақсаты: Жерорта теңіз жағалауындағы мемлекеттер, Көне Греция, Көне Рим мәдениеттері мен медицинадағы жетстіктерін оқып білу.
Оқыту міндеттері:
• Антикалық Жерорта теңіз мемлекеттерінің мәдениеті мен сол дәуірдегі медицинаның жетістіктерімен таныстыру
• Көне Рим медицинасымен танысу: медициналық іс, санитария ісін ұйымдастыру. Әскери медицинаның пайда болуы. Медициналық білім жиынтығының дамуы.
• Көне Греция медицинасының философиялық негіздері.
• Көне Грециядағы дәрігерлік мектептерге сипаттама беру
• Тесттік тапсырмалармен жұмыс істеуге баулу.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
-
Көне Греция медицинасының даму кезеңдері.
-
Көне Греция медицинасының зерделеу көздері
-
Көне Греция дәрігерлік мектептері: кротондық, книдскалық, косскалық.
-
Гиппократ, оның өмірі мен еңбегі.
-
Төрт мінез туралы Гиппократттың зерттеуі
-
Көне Грециядағы дәрігерлік этика.
-
Антикалық дәуірдегі мемлекетттердің медицинаның дамуына тигізген ықпалы?
-
Көне Рим медицинасының зерттеу көздері.
-
Римдегі медициналық білімнің, дәрігерлік істің және дәрігерліктің дамуы.
-
Сол кезеңдегі медицинаның дамуына әсерін тигізген Галеннің ең маңызды еңбектерін атап шығыңыз.
Оқыту және сабақ беру әдістері:
-
Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талқылау;
-
Ауызша сұрау;
-
Жазбаша сұрау;
-
Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;
-
Тест және бақылау тапсырмаларымен жұмыс істеу
-
Рефераттарды, эсселерді, хабарламаларды презентациялау.
Әдебиеттер:
1.Абдуллаев К.А., Тулеубаева А.К.- Курс лекции по истории медицины. Алматы, 2003 г., 112 с.
2.Баласагуни Жусуп Хас Хаджиб « Наука быть счастливым». М, 1971 г. «Древний Казахстан», под редакцией А. Сарсенбаева. Алматы 2002 г. 222с.
3.Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х.История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004г.- 173 с.
4.Сорокина Т.С. «История медицины». Москва, 2004 г., 560с.
5.Очерки истории народной медицины Казахстана/Под ред. Т.Ш. Шарманова и Б.А. Атчабарова. – Алма-Ата, 1978. – 209 с.
Бақылау (сұрақтары, тесттері, мақсаттар және т.б.)
1. Көне Греция медицинасының зерделеу көздері және кезеңділігі
2.Көне Грек медицинасының философиялық негіздері.
3. Көне Греция медицинасының зерделеу көздері.
4. Көне Греция медицинасының даму кезеңдері.
5. Көне Греция дәрігерлік мектептері: кротондық, книдскалық, косскалық.
6. Гиппократ, оның өмірі мен еңбегі.
7.Гиппократтың алғашқы ұстазы кім болды?
8.Сулар, ауалар, жерлер» атты еңбегінде Гиппократ аурулардың пайда болу себептерін, қандай екі топқа бөлген? .
9.Төрт мінез туралы Гиппократттың зерттеуі.
10.Көне Грециядағы дәрігерлік этика
11.Александрия кезеңдегі хирургияның маңызды жетістіктері.
12. Антикалық дәуірдегі мемлекетттердің медицинаның дамуына тигізген ықпалы.
13.Көне Рим медицинасының зерделеу көзі.
14. Римдегі медициналық білімнің, дәрігерлік істің және дәрігерліктің дамуы.
15.Империя кезеңдегі, Республика кезеңдегі, Патшалық кезеңдегі дәрігерліктің ерекшеліктері.
16. Гален кім болған және қандай қалада дүниеге келді?
17.Галеннің зердеулері және оның сіңірген еңбегі.
18. Галеннің қателігі неде?
19.Галлен дуализмі неден көрінеді?
20.Сол кезеңдегі медицинаның дамуына әсерін тигізген Галеннің ең маңызды еңбектерін атап шығыңыз.
.
ТАҚЫРЫП 4. ЕРТЕ ЖӘНЕ ДАМЫҒАН ОРТАҒАСЫРЛАР МЕДИЦИНАСЫ
Мақсаты: Орта ғасырлар дәуірінің сипаттамасымен, мерзімдерге бөліну және тарихи хронологиясымен таныстыру. Ортағасырлар мемлекеттер медицинасының даму ерекшеліктерің зерттеу: Византия империясының (IV –X ғғ.), Ортағасырлық Ресей (IX - XV ғғ.), Ортағасырлық Шығыс елдерінің (VIII – XVII ғғ.), Араб халифаттарының (VII – X ғғ.), Орта Азия мемлекеттерінің және ортағасырлық Қазақстанның, Шығыс және Оңтүстік Шығыс, Батыс Еуропа елдерінің медицина жетістіктерімен таныстыру.
Оқыту міндеттері:
-
Византия империясының орта ғасыр медицинасының даму ерекшеліктерімен таныстыру, Византия мәдениетінің және медицинасының Шығыс және Еуропа елдерінің медицинасының дамуына әсерін анықтау;
-
Ортағасырлық Ресей медицинасының бастауларымен және ерте және дамыған Ортағасырлық кезеңіндегі Ресейге тән емшілдік пен медицинаның даму ерекшеліктерімен таныстыру;
-
Араб халифатының, Орта Азия, Қазақстан, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия, Батыс Еуропа медицинасының ғылыми жетістіктерін зерттеу;
-
Тестік тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларына үйрету.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1.Византия империясының (395 -1453 жж.) медицинасы, негізгі білім бұлақтары.
2.Византияның атақты дәрігерлері, олардың әскери және пластикалық хирургия саласындағы еңбектері
3.Білім мен медицинаның дамуы. Ерте және дамыған Ортағасыр дәуіріндегі ғылыми медицина.
4.Византия медицинасының дамуына антикалық және Араб халифаты медицинасының әсері.
5. Ортағасырлық Ресей медицинасы, емшілдіктің дамуы және медицина тарихын зерттеудің негізгі көздері.
6. Ортағасырлық Шығыс елдерінің медицинасы. Араб халифатының (VII – XX ғғ.) медицинасы. Арабтілдес мемлекеттер мәдениеті және медицинасы, Шығыстың атақты дәрігерлері.
7. Орталық Азия және ортағасырлық Қазақстан мемлекеттерінің медицинасы, атақты ғалымдары мен дәрігерлері, олардың медицина, фармация, фармакопеяның пайда болуы мен дамуын әсері.
8. Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің медицинасының жетістіктері.
9. Ерте және дамыған Ортағасыр кезеңіндегі Батыс Еуропа медицинасы.
10. Білім беру мен медицинаның дамуы.
Оқыту және сабақ беру әдістері:
-
Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талқылау;
-
Ауызша сұрау;
-
Жазбаша сұрау;
-
Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;
-
Тест және бақылау тапсырмаларымен жұмыс істеу
-
Рефераттарды, эсселерді, хабарламаларды презентациялау.
Бұл тақырыпты оқығанда, Орталық Азия мен ортағасырлық Қазақстанда ғылым мен медицинаның дамуына аса зор көңіл аудару қажет, себебі ерте және ортағасырлық кезенде бұл аймақтарда ғылыми медицина алғы қатарда болып кейінгі кезеңдерде Батыс Еуропада медицинаның дамуына тікелей әсер еткен.
Әдебиеттер:
-
Абдуллаев К.А., Тулеубаева А.К.- Курс лекции по истории медицины. Алматы, 2003 г., 112 с.
-
Баласагуни Жусуп Хас Хаджиб « Наука быть счастливым». М, 1971 г. «Древний Казахстан», под редакцией А. Сарсенбаева. Алматы 2002 г. 222с.
-
Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х.История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004 .- 173 с.
-
Сорокина Т.С. «История медицины». Москва, 2004 г., 560с.
-
Очерки истории народной медицины Казахстана/Под ред. Т.Ш.Шарманова и Б.А. Атчабарова. – Алма-Ата, 1978. – 209 с.
Бақылау: (сұрақтар, тест және т.б.)
-
Ерте ортағасыр кезеңіндегі (395-1453жж.) Византиядағы емшілдіктің дамуы.
-
Дәрігерлерге арналған «Синопсис» жылнамалық жинамалар құралының қысқартылған варианты.
-
Емшілдік мектептерінің танымалдығы, ерте орта ғасырлық кезеңінде мектептердің Византиядағы университеттерге өзгертілуі.
-
Ортағасырлық Византиядағы эпидемиялармен күрес.
-
Ортағасырлық Ресейдегі (IX-XVғғ.), Киевтік Ресей, солтүстік-шығыс Ресей, МәскеулікРесей кезеңіндегі медицинаның ерекшеліктері.
-
Ежелгі орыс мемлекеттіндегі медициналық көмек формалары (IX- XIV ғғ.).
-
Ортағасырлық (VII-XVII ғғ.)Шығыс халқы медицинасының дамуы.
-
Арабтілдес халифаттарындағы медицинаның даму ерекшеліктері мен алғы шарттары (VII-X ғғ.).
-
Ортағасырлық Шығыстың атақты философтары, дәрігерлері мен химиктары.
-
Қазақстан территориясындағы тарихи жағдай (X-XVғғ.).
-
Жазба көздері (X-XVғғ.): Қорқыт – ортағасыр ойшылы, оның түркі халықтарының өмірі, олардың тұрмысы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы «Кітаб дедем Қорқыт» («Қорқыт атамның кітабы») (IX-X ғғ.) еңбегі. Махмуд Кашғари және оның «Дивани лұғат ат-түрк» еңбегі (Түркі тілдерінің сөздігі). XI ғасырдағы түркілердің өмірі мен рухани мәдениеті туралы ақпарат көздері.
-
Әль-Фараби ұлы ойшыл ғалым – энциклопедист. Өмір тарихы, медициналық трактаттар. Ибн Синаның және басқада орталық Азия мен Қазақстанның атақты ойшылдарының дүниетанымын қалыптастырудағы Әль-Фарабидің алатын орны.
-
Абу Али ибн Синаның (Авиценны) Орталық Азиядағы медицина мен медициналық білімнің дамуына қосқан үлесі. «Дәрігерлік ғылым қағидалары».
-
Жүсіп Баласағұн. Оның медициналық білім, шипагерлерді мамандандыру, гигиеналық машықтар мен өмір салты туралы «Құттыбілік» атты еңбегінің маңызы.
-
Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азиядағы медицинаның дамуы (IV-XVII ғғ.). Қытай медицинасының дамуы. Дәрінама: «1000 алтын жазба» атты 30- томдық трактат, «Ұлы шипагер» атты 52 томдық трактат.
-
Тибеттік емшілер. Тибет медицинасының каноны: «Чжуд-Ши». Ерте және дамыган ортағасыр кезеңіндегі Батыс Еуропадағы медицина мен медициналық білімнің даму ерекшеліктері (X- XII).
-
Схоластика еуропалық ортағасырлық білім әдісі ретінде. Жоғары медициналық мектептер (университеттер). «Университет», «факультет», «студент», «профессор», «ректор», «декан» сөздерінің мағынасы мен мәні.
-
Ортағасыр дәуіріндегі Батыс Еуропадағы эпидемиялық аурулардың себептері. Жұқпалы ауруларға қарсы шаралар, лазареттер, карантиндер немесе оқшаулаулар.
-
Ғылымдағы жаңа тәжірибелі әдісті дамытудың элементтері.
-
Жұқпалы аурулармен күрес.
Тақырып 5. ОРТА ҒАСЫРДЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ МЕДИЦИНАСЫ .
Мақсаты: Студенттерді Батыс Еуропадағы Ренессанс дәуіріндегі медицинаның дамуымен, жеке медициналық пәндердің қалыптасуымен, осы уақыттағы медицинаның көрнекті өкілдерінің медицинаға қосқан үлестерімен таныстыру.
Оқыту міндеттері:
-
Ренессанс дәуіріндегі медициналық білімнің даму деңгейін бағалай білу;
-
Батыс Еуропадағы медицинаның әртүрлі бағыттарының пайда болуымен танысу;
-
Қалыпты анатомияның қалыптасуын зерттеу;
-
Жұқпалы аурулар туралы ғылымның пайда болуының маңызын бағалау;
-
Хирургияның немесе оташылдықтың дамуын зеррттеу.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
-
Медицинаның дамуы айқындалған, қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
-
Медицинадағы ятрофизикалық бағыт.
-
Медицинадағы ятрохимиялық бағыт.
-
Парацельс және оның медицина дамуындағы алатын орны
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі анатомиялық ілімнің дамуы
-
Анатомиялық ғылымды қалыптастырудағы Андреаса Везалияның рөлі.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы эпидемиялық жағдай.
-
Эпидемиология ғылымын қалыптастырудағы Джироламо Фракастороның қосқан үлесі.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі хирургияның дамуы.
-
Амбруаз Паре және оның хирургияға қосқан үлесі
Оқыту және сабақ беру әдістері:
-
Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талқылау;
-
Ауызша сұрау;
-
Жазбаша сұрау;
-
Кішігірім топтармен жұмыс жүргізу;
-
Тест және бақылау тапсырмаларымен жұмыс істеу
-
Рефераттарды, эсселерді, хабарламаларды презентациялау.
Әдебиеттер:
-
Заблудовский П.Е., Крючков Г.Р., Кузьмин М.К., Левит М.М. История медицины. М., 1981, 352 с.
-
Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана.-Алматы, 2004.- 173 с.
-
Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.
-
Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166.
-
Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 2006, 560 с.
Бақылау: (сұрақтар, тест және т.б.)
-
Медицинаның дамуы айқындалған, қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
-
Медицинадағы ятрофизикалық бағыт.
-
Батыс Еуропа ғылымының тәжірибелі әдісі.
-
Медицинадағы ятрофизикалық бағыттың өкілдері және олардың ғылым дамуындағы рөлі.
-
Медицинадағы ятрохимиялық бағыт.
-
Парацельс және оның медицина дамуындағы алатын орны.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі анатомиялық ілімді дамытуға Леонардо да Винчидің қосқан үлесі.
-
М.Серветтің кіші қан айналым жүйесін ашуы.
-
Анатомиядағы Реальдо Коломбоның еңбектері.
-
В. Гарвей – қан айналым жүйесі туралы ілімнің негізін салушы
-
Анатомиялық ғылымды қалыптастырудағы Андреаса Везалияның рөлі.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы эпидемиялық жағдай.
-
Батыс Еуропадағы эпидемияның алдын алу бойынша алғашқы алдын алу шаралары.
-
Эпидемиология ғылымын қалыптастырудағы Джироламо Фракастороның қосқан үлесі.
-
Д.Фракастороның «Жұқпалар және жұқпалы аурулар туралы» еңбегі.
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі хирургияның жағдайы.
-
Батыс Еуропадағы хирургияның медицина саласы ретінде дамуы.
-
Амбруаз Паре және оның әскери хирургияны дамытуға қосқан үлесі.
-
Амбруаз Паре ортопедияның негізін салушы ретінде.
-
А.Паренің акушерлікті дамытуға қосқан үлесі.
Тақырып 6. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫ
Мақсаты: Студенттерді орта ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы медицинаның дамуымен, осы ғасырдағы медицинаның дамуына үлестерін қосқан Қазақстанның ортағасырындағы дәрігерлерімен таныстыру. Тақырып бойынша алған, меңгерген ақпараттар деңгейін анықтау.
Оқыту міндеттері:
-
Орта ғасыр кезеңіндегі Қазақстанның дамуына қысқаша сипаттама беру;
-
Орта ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы медицинаның бастауларын зерттеу (Шипагерлік баян, Домалақ ана);
-
Қазақ халқының жұқпалыаурулармен күресу тәсілдері және эпидемияларды алдын алу.
-
Сабақ тақырыбы бойынша өз бетінше әдебиет көздерін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |