БАҒдарламасы syllabus 1 Оқытушылар туралы мәліметтер



бет3/12
Дата02.10.2019
өлшемі1.09 Mb.
#447111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
История Казахстана УМК Торгаева

Шыңғысхан бастаған моңғол басқыншылығы жаулап алған елдер үшiн өзiнiң кеселдi зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресiн, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтiк, этникалық дамуын ұзақ уақытқа тоқтатты. XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бiртi-бiрте арыла бастады. Бүлiншiлiкке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтiруге бағытталған шаралар жемiсiн берiп, бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген көптеген Ұлыстар мен елдер дербес тәуелсiз мемлекеттер қатарына шықты.


Негізгі әдебиет: [ 1, 7, 15, 16, 17, 26, 27 ]

Қосымша әдебиет: [ 3, 20, 29, 34, 42, 43, 44, 46 ]
5-ші тақырып Қазақ халықының қалыптасуы.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ру, тайпа, халық, ұлт, этнос, антропология, этногенез, этноним, алаш, жүз, ақсүйек, қарасүйек, ұлыс, билер кеңесі, хан кеңесі, ауыл, арыс, хандық, ұлыхан, би, бай, жатақ, төленгет, “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, “Жеті жарғы” заңдар жинағы.

Дүние жүзінде екі мыңнан астам халықтар өмір сүруде. Әр халықтың халық болып қалыптасуының екі үш ғасырдың жемісі емес, оны ерте ғасырлардың қойнауынан қарау керек. Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен темір дәуірі кезеңдерінен бастап өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп өркендеуімен халықтық үрдіс қалыптаса бастады. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпаларды еуропоидтық өңдес андрон тайпалары деп атаймыз. Олардан кейінгі сақ, сармат үйсін, қаңлы тайпаларының келбеті андрондықтарға ұқсас болған. Бұл тайпалардың шығыстан келген ғұн тайпаларымен араласуының нәтижесінде моңғолдық белгілер дами бастайды. Бұл белгілер 6-9 ғғ. тереңдей түсіп, қазақ жерінде ежелгі кезден бастап қазақ халқының арғы ата-бабаларының этникалық және антропологиялық негізі қалана бастаған. Қазақстанның ежелгі тайпаларының халыққа бірігу үрдісі түркі хандығы құрылған 6ғ. орта кезімен шамалас қарастырылады. Бұл хандыққа бағынуға байланысты әр ру-тайпалардың арасындағы мәдениеттегі, шаруашылықтағы әдет-салт, заң-жоралғысындағы өзгешеліктер бір жүйеге келе бастайды. Олардың бұндай жақындасуы тілдегі диалектілердің азаюынан, территориялық аралас қоныстанып, оны сырт жаудан, бүкіл хандық жерінің тұтастығы үшін күресуін көрініс табады.

Қазақ жерінде түркі дәуірінің соңғы X-XII ғғ. арасы феодалдық біршама дамыған кезі болатын. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахандар мемлекеті кезінде және Орталық, Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ тайпалық одағы халық болудың екі ошағы қалыптасып келе жатқан кезде моңғол шапқыншылығы мұны бұзып, халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін 200 жылдай кешеуілдеді, себебі шапқыншылықтың нәтижесінде жер мәселесі шиеленісті және жер бөлісі кезінде жергілікті ру-тайпалар да бөліске түскен болатын. XIV ғасырда құрылған Ақ Орда қыпшақтар тайпаларына кіретін қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, маңғыт хандығында үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр, алшын тайпаларының өкілдерінің бірігуінің нәтижесінде қазақ халқы құрылды. Осы екі этникалық ірі этноаумақтық бірлестігі қазақ халқының үш жүзін құруда үлкен роль атқарды.

Негізгі әдебиет: [ 1, 2, 5, 11, 15, 16, 17, 26, 27 ]

Қосымша әдебиет: [ 2, 3, 28, 29, 34, 62, 67 ]
6-шы тақырып ХV - ХVІІІ ғғ. басындағы

қазақ хандығы.
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап, XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы халықтың тілдік бірлігі ғана емес, әдет-ғұрып, салт-сана, діни наным-сенімдері, экономикалық бірыңғайлық, физологиялық ұқсастық, территориялық бірлестік сияқты халық болып қалыптасудың шартты белгілері толық пісіп жетілді.

XVI ғасырдың аяқ кезінде ноғай иеліктерінің көбі Қазақ хандығына қосылды, жоңғарларға тойтарыс берілді. Ішкі шиеленістің бәсеңдеуі, елдің саяси өмірінің нығаюы мал мен егін шаруашылығының, сауданың өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. XV-XVI ғғ. 2 жартысында қазақ халқының этникалық топтарының өз этникалық территориясында Қазақ хандығының төңірегіне мемлекеттік бірігуі халық болып қалыптасу үрдісінің аяқталуына әкелді.

XV ғасырда қалыптасқан саяси тарихи жағдайлар қазақ хандығының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Алтын Орданың ыдырап, Қазақстан жерінде Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай, Көшім, Моғол халықтарының құрылуы жер үшін, билік үшін талас-тартысты шиеленістірді. Осындай жағдайда іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды, яғни Қазақ хандығын құрудың негізгі себептері мен алғышарттары еді. Екіншіден, Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының ішкі – сыртқы жағдайларындағы оқиғалар себеп болды. Қарапайым халық бейбіт өмірді, кең өрісті аңсады. Осылайша Батыс Жетісу өңірінде қалыптасқан саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайлар Қазақ хандығының құрылуына алғышарт болды.

Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі, ел ішіндегі шиеленістің өршуі ХV ғасырдың 50-60 жылдарында Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған көптеген қазақ ру-тайпалары Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударуы 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрады. Аз уақыттың ішінде Моғолстан және Әбілхайыр хандығындағы қазақ тайпалары жаңадан құрылған қазақ хандығына қосылып, халық саны артып күш қуаты молая түсті. Қазақ хандығының аяғына мынандай тарихи міндеттер тұрды: а)Көшпелі халықтардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; б)Сауда жолында және әскери-стратегиялық мәні бар Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату; в) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. XV ғасырдың аяқ кезінде билік үшін күрес қазақ хандарының басымдылығын танытып, ел ішінде тыныштық орнады, Қазақ хандығының іргесі бекіп, күш-қуаты мен беделі артты. 16 ғасырдың бас кезінде Қасым ханның (1511-1518 (1523) жылдың арасында Қазақ хандығы одан әрі нығайып, халық саны 1 млн асты, жер көлемі ұлғайды, халықаралық беделі өсті. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін саяси дағдарыс ұзаққа созылып, билік басына Хақназар ханның (1538-1580) келуіне байланысты қазақ хандығы қайта күшейді. Ноғай Ордасының ыдырауына байланысты оның көп ұлысын өзіне қосты. Жетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі Қазақ хандығының иелігінде болды.

Сыртқы саясатта Бұхар хандығының арасында сауда қарым-қатынасы орнады. ¤зіне қолдау, көмек көрсеткен үшін Бұхар ханы Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы Қазақ ханына сыйға берді. Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін хан болған Шығай және Тәуекел хандарының тұсында Бұхар хандығымен ұзақ жылдар бойы жүргізген табанды күресінің нәтижесінде 16 ғасырдың аяқ кезінде Қазақ хандығының күш қуаты артып, аса қуатты мемлекетке айналды. XV ғ. аяқ кезінде Сібір хандығының жойылуы оның қол астында болып келген қазақ тайпаларының Қазақ хандығының құрамына қосылуына жол ашты. XVI ғасырдың бас кезінде Есім ханның тұсында (1598-1628жж.) ортаазиялық хандықтар мен оның ішінде Ташкент үшін күрес одан әрі өрістеді. Есім хан қайтыс болғаннан кейін жағдай одан әрі нашарлады. Жәңгір хан жоңғарлармен кескілескен күресте елдің бірлігін сақтауға күш жұмсады. Тәуке ханның (1680-1718) таққа отыруына байланысты бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, тың өзгерістер еңгізілді. Билерге арқа сүйеп, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Феодал шонжорлардың өкілдері мен билерден құралған “билік кеңестің” және “хандық кеңестің” рөлін артырды. Елдің ішкі жағдайын нығайту мақсатында билердің көмегімен “Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын өмірге әкелді. Бұл заң ел арасындағы алауыздықты, жүздер арасындағы қайшылықтарды бәсендеті. Бұл кезде қазақ жеріне жоңғар феодалдары үздіксіз шабуыл жасады. Сыртқы жауға батыл тойтарыс беруде қажырлы қайрат жұмсады, көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды тарта білді. 1710 жылы жоғарларға ойсырата соққы берді. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоңғарлар шабуылын қайта бастады.

XV-XVII ғғ. қазақ қоғамы патриархалдық-феодалдық құрылым болып осыған сай әлеуметтік құрамында негізгі екі топтан – феодалдар тобы мен қарашаға - қарапайым адамдар тобына бөлінді. Феодалдар тобына: Шыңғыс ұрпақтары, ру мен тайпа ақсүйектері, қарапайым көпшілік бөлігі: шаруалар, егіншілер.

Тақырыпты қорытындылайтын болсақ салалық, жүйелік тәсілдер негізіне сүйене тарихи-салыстырмалы зерттеу қағидасын пайдалана отырып қазақ халқының қалыптасу кезеңі 15 ғасырдың бас кезі де, аяқталуы XV ғасырдың 2 жартысы деп тұжырым жасауға болады. Халықтың “қазақ” деген атау алуында ғалымдар арасында әлі күнге дейін бір шешім жоқ. Қазақ халқының тарихи – географиялық орналасуы кәсібі белгілі бір жағдайға қорғануға байланысты одақ құруға әкелген 14-15 ғасырларда жоғарыда айтылған жағдайлар қазақ мемлекетінің құрылуына қажет алғышарттардың туындауына әкелді. Қазақ хандығының нығаюы жаулап алу, қырғын соғыс арқылы емес, жергілікті этникалық экономикалық негізде дүниеге келді. Қазақ хандығының әлеуметтік құрамында өзіне тән ерекшеліктері, ел басқару жүйесінде де көптеген өзгерістер болды.

XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынас. Қазақ хандығы және ШығысТүркістандағы феодалдық иелік. Қазақ-жоңғар қатынастары. Жоңғар хандығының пайда болуы, оның басқыншылық саясатының басталуы. XVIІ ғ. екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ қоғамында батырлар мен билердің ықпалының өсуі. Жәңгір тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның басқаруы. Қазақ-Жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның “Жеті -жарғысы”. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сыртқы саясат. Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастар. Орыс-қазақ қатынастары.

Негізгі әдебиет: [1, 15, 16, 17, 26, 27,]

Қосымша әдебиет: [ 1, 2, 3,20, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 43, 44, 45, 46]
7-ші тақырып Қазақстан ХVІІІ ғ басы –ХІХ ғ. бірінші жартысында
Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: бодандық, реформа, империя, геосаясат, ереже, вассал, протекторат, отарлау, толық отарлау, шенеуник т.б.

Ресей империясының Қазақстан жеріне мүдделі болуы XV ғасырдың аяғында басталды. Оның кезеңдері:



1 кезең. XV ғасырдың 90 жылдары – XVI ғасырдың аяғы. Қазақ – орыс қатынастары әскери – саяси мүдде негізінде қалыптасты. Негізгі мақсат: Сібір және Орта Азия хандықтарына қарсы орыс-қазақ одағын құру болды.

2 кезең. XVII ғ. аяғы. Бірінші орынға сауда-экономикалық мәселелер шыға бастады (елшіліктер, сауда керуендері).

3 кезең. XVIII ғ. басынан отарлау саясатының басталуы.

XV ғасырда Ресей сыртқы саясатының негізгі мақсаты өзінің солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік – шығыс шекараларын Турциядан, Қырым татарлары мен Орта Азия хандықтарынан қорғау болды. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін Қазақстан жерін әскери плацдармға айналдырып, әскери – саяси одақ құру қажеттігі туды (әсіресе, Қасым ханның, Хақназар ханның тұсында). Ресейдің шығыстағы саясатына үлкен үлес қосқан - орыс патшасы Иван IV (Грозный). 1552 және 1556 жылдары Қазан және Астрахань хандықтарын, 1587 жылы Сібір хандығын басып алумен Ресейдің отарлау саясаты басталды. XVI ғасырдың аяғында Қазақстанның батыс шекарасының бойында орыс әскери бекіністері салу қолға алынды (Тюмень, Тобольск, т.б.). XVIII ғасырда дипломатиялық қарым-қатынастарымен қатар, Қазақстан жерін зерттеу мақсатында саяхатшылар жіберу әрі қарай жалғасты. Бұл кезеңде сауда – экономикалық қарым – қатынастарына екі жақ та мүдделі болды.

Қазақ – жоңғар соғыстары XVII ғасырдың ортасында (1642) басталып, XVIII ғ. ортасына (1757) дейін жалғасты. Бұл соғыстар қазақ хандығының бірлігін шайқалтып, материалдық, аса зор адам шығындарына алып келді. Аталған соғыстар Қазақстанның Ресейге қосылуының ең негізгі себебі бола алмағанымен жанама себебі болған еді (Кеңес дәуірі кезінде көрсетілгендей). XVIII ғ. тарих сахнасына қазақтың дарынды қолбасшылары, мемлекет қайраткерлері Әбілқайыр мен Абылай хандар шықты. Бұлардың Қазақстанның Ресейге қосылу процесіндегі рөлі ерекше болатын, өйткені олар – сол кездердегі тарихи жағдайларға байланысты, бірден – бір тарихи дұрыс шешім таба білді. XVIII ғ. бірінші жартысында Ресей сыртқы саясатының ең негізгі мақсаты – Қазақстан жерін Ресейдің әскери, сауда плацдармына айналдыруға тырысқан патшалар І-Петр мен Анна Иоановналардың әрекеттерімен ерекшеленді.

XVIII-XIX ғғ. Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты мынандай жолдармен жүргізілді:

1. Әскери- саяси жолмен әскери жорықтар жасау, әскери бекіністер салу (20-дан астам бекіністер салынды);

2. Дипломатиялық жолмен патша чиновниктерін қазақ жеріне түрлі келісімдер жүргізу үшін жіберу;

3. Әлеуметтік- экономикалық: сауда қатынастарын, сауда керуендерін күзету т.б.

4.Территориялық–әкімшілік реформалар: хандық жүйені жою, Ресей әкімшілік жүйесін орнату;

5. Ресейдің және Украиналық орталық губернияларынан шаруаларды Қазақстан жеріне қоныстандыру.

Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі үлкен хронологиялық шеңберді 1731 жылдан бастап 1865 ж. дейін қамтиды. Бұл процесс біріншіден, өз еркімен (Кіші жүз), екіншіден, мәжбүрліктен (Орта жүз), үшіншіден, әскери күш қолданып, жаулап алу (Ұлы жүз) арқылы жүзеге асып, тікелей Қазақстан жерінде болған ұлт-азаттық көтерілістермен (С.Датұлы, И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы т.б. бастаған) қатар жүріп отырды.

1731-1822 жж.бұл кезеңді номиналды (шартты) түрдегі үстемдік кезеңі деп атауға болады. Себебі ресми қағаздарындағы үстемдік туралы пунктердің көпшілігі қазақтар тарапынан да, Ресей жағынан да ескерілмеді. Қазақтар тарапынан мынадай бірқатар міндеткерліктер белгіленді. Олар: өз жері мен көршілес жатқан Ресей шекараларының қауіпсіздігін қорғау; көпестік керуендерді қорғау және де оларды қазақ даласы арқылы шығарып салу; өзінің қол астындағы бағынышты башқұрт, қалмақтармен қатар қажет болса орыс әскерлеріне қосымша күш беру; салық немесе аң терісімен “ясак төлеу” (Левшин. 185б.) Әбілқайыр өз тарапынан патша үкімет орындарынан: “өз руында мәңгілікке хандық атақты бекіту және қауіп туған жағдайда өзіне баспана ретінде Ор өзенінің құйылысында Оралда бекіністер мен қала салуды сұраған болатын”.

Қосылудың алғашқы кезеңінде қазақтарға байланысты мәселелер елші бұйрығымен шешілді, кейінен Ішкі Істер Министрлігінде шешілді. Яғни онда ішкі территориялық бұйрықтарды (Қазан, Сібір) хабардар ететін орта болды. Біртіндеп ведомство хабардарлығы өзгеріп, оған функционалды министрлік қосылып, кейіннен барлық мәселелер тікелей Ішкі Істер Министрлігі арқылы шешілді. Мұның өзі қазақтардың территориясының Ресей империясына ведомствалық тәуелділікке өтуін көрсетеді.

1822 жылғы “Сібір қырғыздары” туралы Жарғы, 1824 жылғы “Орынбор қырғыздары” туралы Жарғы, 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформалар. Бұл кезеңде патша үкіметі қазақ жерін отарына айналдыру мақсатын заңды түрде жүзеге асыру мақсатында реформалар арқылы қабылдады. Хандық билік институтын жою арқылы жүздердің ішкі істеріне араласу әрекеті осы кезде көріне бастады. Сонымен қатар әкімшілік – территориялық басқару, сот және де салық жүйесі реформалануы жүзеге асырылды. Осы кездегі әкімшілік шекараларды анықтау жерлердің шын мәнінде мемлекеттік меншікке айналғандығын мойындау болды. Ал жерлердің мемлекеттік меншігіне өткенін көпшілік алында жариялау келесі кезеңде 1868 жылы. 1867-1868 жылдардағы ережелердің “Уақытша” деп аталуының себебі, патша үкіметі бұл ережені екі жылда Қазақстанға толық енгізміз деп ойлады.

1868-1919 жылдар. 1867-1868 жылдардағы реформалардан бастап, большевиктердің жеңіске жетіп, билік басына келіп Қырревкомның құрылуына дейінгі кезең. Бұл кезең отарлық кезең деп сипатталады. Себебі 1868 жылдар Уақытша жағдай кезіндегі 210 бап бойынша қазақ жерлері толығымен Ресей империясының юрисдикциясына (сот жүргізу құқығы) берілді. Бейбіт кездерде барлық билік әскери генерал – губернаторлардың қолында шоғырланды. Сонымен қатар Ресей империясының елтаңбасының формасы ресми түрде 1857 жылы бекітілді. Ол тек қана 1882 жылы өзгертілді, яғни жаңа қосылған Түркістан символы ретінде үлкен герб қалқанында “алтын даладағы” мүйізтұмсықтың суреті бейнеленген болатын.

Х1Х ғасырдың ортасына қарай Ресей империясының құрамына Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия территорияларының қосылу процесі аяқталды. 1885 жылы “орыс” Орта Азияның оңтүстік – батыс шекаралары толығымен белгіленді, бірақ та кейбір шешілмеген мәселелер қалып қойды. Ол Памирдегі шекара мәселесі еді. Онда соңғы шекаралық бағаны 1895 жылы орнатылды. Ресейдің жаулап алуы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия түрік – парсы мұсылман әлемін “тастап” кетті. Ал солтүстік шеткі территориялар бірнеше ғасырлар бойы болды және де басқа мәдени кеңістікке өтті. Бұл кеңістік “еуразия” деп аталды. Енді бұл территория Ресей империясының оңтүстік шеті болып саналды. 1917 жылы большевиктердің билік басына келуі саяси жағдайды түпкілікті өзгертті. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы жағдайды қиындатып бірталай өзгерістерге әкелді. Бұл өзгерістер мемлекеттік құрылыста да, әлеуметтік – саяси және де мәдени ортада да болды.

1.ХІХ ғасырдың бірінші жартысының аяғында Орта және Ұлы жүз территориясында Ақтау (1835), Ұлытау (1835), Қапал (1846), Сегиополь (Аягөз 1831) және т.б. бекіністер салынды. Ол батыс – сібір генерал - губернаторлығына бағынышты болды. 1854 жылы Алматы шатқалындағы Верный бекінісі, Әулие-Ата, Шымкент және тағы басқалары осы жерден Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан бекіністерін басып алу әскери операциясы басталды. Бұл екі бекіністің алынуы Орынбор және Сібір линияларының бірігіп нығаюына әкелді. Бұл Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің ұзаққа созылған және қарама – қайшы процесінің аяқталуы еді.

.Осылайша Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі шамамен 130 жылға созылды. Шынында да бұл процесс большевиктердің билік басына келгенге дейін жалғасын тауып КСРО құрамындағы кеңестік Қазақстан шекараларын анықтау кезеңіне дейін созылды.

Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: революциялық ахуал, өркениеттік тұрғыдан қарау, Ресей құрамына қосылу, құрамына кіру, Протекторат, қарсыласу қозғалысы, бүлік, көтеріліс, Отан соғысы, төңкеріс т.б.

Азаттық қозғалыстың тарихына, олардың идеологиясына ғалымдар әр уақыт назар аударып келеді. Соңғы кезге дейін ұлт – азаттық қозғалысының тарихы алдымен Ресей империясының отаршылдық мүддесі, ал кейін Кеңес үкіметінің тұсында таптық принциптер негізінде зерттеліп, ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылардың әлеуметтік базасын басқарған әлеуметтік топтарға, осыдан келіп қозғалыстың негізгі мақсаттары шығады.

Ұлт-азаттық қозғалысымен байланысты методикалық мәні бар кейбір мәселелерге тоқтала кеткен жөн. Кейбір ресейлік зерттеушілер Ресей империясы “отар дегенде білмеді” дегенді айтады. Ал, енді бір тарихшылар Ресейдегі отаршылдық Батыс Европалық елдерден ерекше, сондықтан оны Батыс Еуропалық метрополиялармен олардың колониялары арасындағы қатынастармен дәлме-дәл деп қарауға болмайды деп жиі айтады. Ал Кеңес қоғамтанушылар үшін К.Маркстің өз серігі Ф.Энгельске хаты ұзақ жылдар бойы методологиялық нұсқау болып келген сөзінде: “Ресей Шығыс көзқарас жөнінен шынында да прогресшіл рөл атқарып отыр. Бүкіл пасықтығына және словяндық ластығына қарамастан Ресей үстемдігі Қара теңізбен Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін өркениеттендірушілік рөл атқаруда”, - деген (К.Маркс пен Ф.Энгельс. Шығ-ы., 24-т., 241-б.). алайда, Ресей зерттеушілері бұл мәтіннен “Бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан” деген тіркесті алып тастаған. Сөйтіп, К.Маркстың бағасы мүлде өзгеше сипат алған.

Методологиялық маңызды мәселенің бірі “ұлт-азаттық қозғалысы”, “ұлт-азаттық көтеріліс”, “демократиялық қозғалыс”, “отан соғысы”, “ұлт-азаттық революция” сияқты ұғымдар, олардың ішкі мазмұны. Ұлт-азаттық қозғалысы отар елдерге тән, өйткені отарлық езгі барша халықты қанайды, сондықтан ұлттық, әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері бір арнаға құйылады.

Ұлт-азаттық қозғалысының негізгі мақсаты ұлттық езгіден, қанаудан азат ету, оның мүддесін қорғайтын ұлттық мемлекеттігіне, дербестігі мен егемендігіне қол жеткізу.

“Ұлт-азаттық қозғалыс”, “ұлт-азаттық көтерілісі” деген ұғымдарға келетін болсақ, олар мазмұн жағынан өте жақын болып келеді. Ұлт-азаттық көтерілісті ұлт-азаттық қозғалыстың бір түрі, дәлірек айтқанда халық күреске қару алып, қақтығысуы деп қарауға болады. Көтерілісті қозғалыстың басы немесе бір бөлігі ретінде де түсінуге болады. Ал көтеріліс бір оқиғалық, региондық шеңберден шығып бүкіл халықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт-азаттық революцияға айналады.

“Отан соғысы” шетелдік басқыншыдан елдің дербестігін, халықтың бостандығын қорғау, осы соғыстың барысында елден, не оның басым көпшілігінен айырылып, жаудың қолында қалса, бодан болса, мұндай жағдайда отан үшін күрес ұлт-азаттық көтерілісіне ұласуы заңды құбылыс.

Сонымен қатар ұлт-азаттық қозғалысы жалғаз ғана емес шаруалардың жер үшін күресі, халықтың демократиялық бағыттағы күресі. Бұл ұғымдарды бір-біріне қарама-қайшы қоюға болмайды. Олар өзара қарым-қатынас тұрғысынан қаралуы керек.

Ұлт-азаттық қозғалысына баға беруде ең бір өркениеттілік тұрғыдан концептуальдылығына байланысты қарауда басты принциптердің бірі әр түрлі елдердің, халықтардың, мемлекеттердің, қоғамдық тарихи дамуының көпварианттылығы, дәуірдің тарихи мазмұнына тарихи өлшеммен қарауымыз керек.

Күрделі мәселелерді зерттеуде жүйелі құрылым әдісі ерекше маңыз алады. Қозғалыстың шығу үрдісінде әдістемелік сипаттағы мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі факторлардың ара-қатынасы ерекше рөл атқарады. Көшпелі қоғамда тұрғындардың өмір сүруіне жиі-жиі қайталанатын ауа райындағы өзгерістер, төтенше жағдайлар (құрғақшылық, қуаңшылық, жұт т.б.) кедергілер келтіріп өмір сүруіне қиындықтар тудырып отырды. Саяси тұрақсыздық әкелетін келесі факторлардың бірі хан өкіметінің берік еместігінен туындайды. Олар басқару институтынан, ханның өз басының қасиетіне, ақсүйек шонжарлардың қолдауына сүйену дәрежесіне және қабылданған шешімдеріне байланысты болды. Сонымен қатар шиеленістің туындауына этникалық және әлеуметтік қайшылықтар да әсерін тигізді. Бірақ та біз қарастырып отырған кезеңде халық қозғалысының шешуші факторы, сыртқы фактор яғни көшпелілердің дәстүрлі өмір тұрмысына араласып отырған Патша үкіметінің саяси жүйесімен оның институттары болатын. Атап көрсететін бір жай уақыт өткен сайын ішкі және сыртқы факторлар бір-бірімен тығыз байланысқаны соншалық, олардың қайсысінің ықпалының күшті болғаның айыру қиынға соғады. Осының нәтижесінде біз көтерілісті отаршылдықпенен феодализмге қарсы, яғни ел ішіндегі шонжарларға, байларға, сұлтандарға т.б. қарсы бағыттағы сипаттағы көтеріліс деп қараймыз.

XVIII ғ. 30-40 жылдарында Қазақстанның саяси құқықтық статусы – қазақ хандарының жартылай тәуелділігі – көп ретте түпкілікті сипат алып, екі мемлекеттің қарым-қатынасы сыртқы істер Коллегиясы арқылы жүзеге асты. Қазақ даласының өкілдері Мәскеуде не Петербургта “елшілер” немесе “уәкілдер” деп аталды. Төлем салықтары бейнелі сипаттама алып, Кіші және Орта жүз қазақтарына экономикалық жағынан онша ықпал ете қойған жоқ.

Орыс жәрменкелерінде басқа елдердің саудагерлері сияқты қазақ саудагерлерінен әкелінген заттарға салық алып, бірақ осы кезеңде Ресей үкіметі бодандықты нақтылы бағыну ретінде рәсімдеу қажет деп есептеді. Осыдан келіп Ресей үкіметімен қазақ қоғамының басшы топтарының арасындағы мүдделері айтарлықтай алшақтады. Патша өкіметі қазақ жұртшылығына күштеу іс-әрекетін кең қолданудың көзіне айналды. Саяси шектеулермен көпе-көрнеу тонау, өз саясатын қазақ даласына белсенді жүргізу әрекеттері қазақтардың бас көтеріп ең алғашқы рет 1773 – 1775 жылдардағы Казактар қозғалысына қосылуына әкеліп, осы көтерілістің құрамдас бөлігіне айналды.

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін екі арадағы қарым-қатынас өзгеріп басқа деңгейге көшті. Қазақтарға байланысты барлық істер генерал – прокурордың қарауына беріліп, Қазақстанның Ресейдегі уәкілдері Ресейдің губерния өкілдері сияқты “депутаттар” деп атала бастады. Жерлерді тартып алу, тиымсыз сауда айырбасы, өкімет аппараттарында патша өкілдерін қою, ішкі аймақтардағы жайылым жерлерді пайдалануға рұқсат бермеу – бұлардың бәрі Қазақ хандығы дәрежесінің біртіндеп әлсірегенің көрсетеді. Дәл осы кезде 14 жылға созылған Сырым Датұлы басқарған халық көтерілісі тұтанды да қазақтардың өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін халық көтерілісінің тұтас бір дәуірінің басталуына әкелді. Қозғалыстың тоқталуы отаршылдардың тікелей күшеюінен көрініс алды. Әскери шептер сала отырып, басып алған далалық аймақтарға тереңдей түсіп, жайылым мен шабынды жерлерді иемденіп казактардың пайдасына шешілді. Толып жатқан заң актілері бойынша қазақтардың Жайық пен Еділ, Есіл, Ертіс, Тобылдың жоғары ағысындағы жерлерге көшіп баруға тиым салынды. Бұл жерлер казактарға берілді немесе мемлекет қоры деп тіркелді. Қазақ өздеріне көші-қон өрісін таңдауына мүмкіндік бермеді.

ХІХ ғ. 20-30 жылдары және 60-90 жылдардағы өкімет органдары мен басқару саласындағы реформалардың бірте – бірте өрістеуі қазақ жерлерін мемлекет меншігіне айналдыру, ол жерлерге орыс казак шаруаларын қоныстандыру – бұлардың бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан көшудің түрлері мен жүйесінің бұзылуына, дағдарыстың күшейіп қоғамның жіктелуіне өзара тығыз байланысқан жақсы ұйымдасқан, кейбірде көпшілік қатысқан белгілі бір аймақтарды қамтыған стихиялық ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқындарының шығуына әкелді.

Патша өкіметінің 1797 жылғы қазақтардың Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілуі, жайылымдар туралы мәселенің өткерлігін шеше алмады. Қоғамда саяси дағдарыс тереңдей түсті. Жер – жерлердегі бас көтерулер азаттық қозғалысына ұласты. Оның бірнеше кезеңдерін атап көрсетуге болады:

1.Соғыстың алғашқы жартысы – Қаратай (1806-1820), Арғынғазы (1816-1830), Жоламан Тіленішұлы (1822-1835) бастаған қозғалыстар болды.

2.Соғыстың басталу кезеңі (1824-1837) Қайыпғали Есімұлы (1826-1836), И.Тайманұлы мен М.¤темісұлы (1836-1838)

3.Кенесары Қасымұлының басшылығымен қазақ жасақтарының басын қосу (1837-1847)

4.Орыс әскерлерінің шабуылымен Кенесарының қаза табуы (1841-1847)

5.50-60 жж. бас кезінде Сырдария қазақтары Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер

6.Торғай, Орал облыстарындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (1869) және Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870-1873)

7.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Қозғалыстың әр кезеңінде қарсыласудың бірнеше түрлері қолданылды. Қарсыластықтың кең тараған түрі көрші жерлерге қоныс аудару болса, сонымен қатар казактардың пикеттеріне шабуыл жасау, орыстарды тұтқынға алу, бекіністерді қоршау, отрядтарменен шайқасу сияқты әрекеттер болды. Қарсыласудың екі түрі – белсенді және самарқау түрлері – кең тарады. Күрестің бейбіт түрлері нәтиже бермеген жағдайда жергілікті тұрғындар өкімет орындарына қарсы көтеріліске шықты.

Қасым сұлтанның балаларының басшылығымен орта жүз жеріндегі қозғалыстардың өзара тығыз байланыста болғаны күмән тудырмайды. Саржанның (1824-1836), Кенесары (1837-1847), Сыздық Кенесарыұлының (1864-1873) күрестеріндегі негізгі идея тәуелсіздік болатын. Зерттеушілер көптен бері көшпелі қауымдастықтың экономикалық жүйесінде “таңқаларлық орнықтылық пен қимылсыздықтың” болғанын және оларды мемлекетті “үнемі қиратумен жаңарту” болып әулеттерді жиі ауыстырудың болғандығын атап көрсеткен. Қазақтардың дәстүрлі – саяси моделі күрделі жүйе ретінде өмір сүріп, онда өкіметтің әртүрлі құрылымымен басқаруы жүйесі түйісіп әртүрлі әлеуметтік мүдделері қатар өмір сүрді. Онда шартты түрде өкімет ұйымының екі деңгейі айқын көрінді: дәстүрге, әдет-ғұрыпқа және басқарушы элиталардың беделіне негізделген ашық түрі (билер, әскер басшылар, ақсақалдар) авторитарлық (басқарушы күшке сөзсіз негізделген) және аристократиялық (төре) түрі. Міндетті түрде ру басшыларының қолдарына сүйенген элиталардың өкілдері болып саналатын хандар жабық түрде сайланатын болды. Хан өкіметі еуропалық басқарушылық ұғымына сай келмеді. Хан өзінің өкіметін басқа саяси күштермен басқаруда бөлісті де, оны мұрагерлік жолмен қалдыра алмады және тұрақты әскері болмады. Беделі төмен хандардың билігі кезінде жағдай одан әрі шиеленісті. Ресей саясатының қазақ қоғамының ішкі істерге белсене араласу жағдайында, отаршылдыққа қарсы күреспен тығыз байланысқан мемлекетті басқарудың жаңа түрлері іздестіріле бастады. Белсенді саяси қайраткерлердің ішінде бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекет құру керектігін түсінгендер де болды. Сырым Датұлы Кіші жүзде саяси жүйені өзгертуді ұмтылғандардың ең алғашқыларының бірі болды. Алғашқыда патша өкімет орындары хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылса, кейіннен оны әлсіретуге тырысты. Арғынғазы ханның бірқатар жүргізген іс-әрекеттері басқару жүйесін реттеуге бағытталған болатын. Ол старшындардың билігін шеттеп, сұлтандардың озбырлығын тоқтатты. Ортақтандырылған бірегей хан билігін құру идеясы Кенесары Қасымұлының тұсында жүзеге асты. Ол өзі қайта құрған мемлекетті басқарып аға хан институтын жаңғыртты.

Барлығын қортындылай келе жүйелі құрылым әдісі негізінде зерттеудің тарихи салыстырмалы қағидасына сүйене отырып, 18-20 ғғ. бас кезінде Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды шығыс халықтарының европалықтардың үстемдігіне қарсы бостандық пен тәуелсіздік үшін құрамдас бөлігі ретінде және дәстүрлі укладпен шаруашылық негізін қиратуға, саяси бағытын ыдыратуға бағытталған қозғалыс деп айталамыз. Көптеген себептерге байланысты көтеріліске қатысушылар үнемі жеңіліске ұшырап отыр: көтерілістің әр жерлерде болуы стихиялық болу түрі шаруашылықтың көшпелі жүйесіне байланысты бытыраңқылық сипат, күштердің тең еместігі және көтерілісті басу кезінде шеттен тыс қаталдықтардың орын алуы т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет