БАҒдарламасы syllabus 1 Оқытушылар туралы мәліметтер



бет7/12
Дата02.10.2019
өлшемі1.09 Mb.
#447111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
История Казахстана УМК Торгаева


Негізгі әдебиет: [18, 15, 28, 34, ]

Қосымша әдебиет: [ 15,52,53 ]
14-ші тақырып Қазақстандағы «Қайта құру»

саясаты (1985-1991 жж.).
1985 жылы наурызда КОКП ОК-нің Бас хатшысы М. С. Горбачев тағайындалған соң “қайта құру” бағыты жарияланды. Бірақ республиканың коғамдық-саяси өмірінде жүргізілген бірқатар өзгерістерге қарамастан, Орталықтың жоғарыдан басқару саясаты тоқтатылған жоқ. Бұл әсіресе, 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы Д.А. Қонаев орнынан алынған кезде анық байқалды. Пленум мәжілісі 18 минут қана болды. Ульяновскіден Г.В. Колбин республикаға Орталықтан жіберілді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Брежнев алаңына жастар шығып, бұл шешімге қарсылықтарын білдірді. Жастар Бірінші Хатшылыққа ұсынған өкілдерінің ішінде орыс ұлты да болды: В.П. Демиденко, О.С. Мирошкин, Н.Е. Морозовты, сол сияқты Е.Н. Әуелбеков, С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев т.б.

Көтеріліс “Метель-86” арнайы оперативті операциясы бойынша басылды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлтшылдық сипатта емес, отаршылдыққа қарсы ұйымдастырылған ұлттық қозғалыс болды. Бұл желтоқсан оқиғасының басты тарихи себебі болды. Әрі бұл оқиға қазақ тарихында ұлттық сана-сезімнің оянуының айқын көрінісі болды. Оны басуға Орталықтан арнайы әскер бөлімдері әкелiнді. Қатысқан көтерісшілер саны 5000. 2400 тұтқындалды. Осы оқиға кезінде Чехославакия, Польша, Венгрия, АҚШ қоғам қайраткерлері КСРО Жоғарғы Кеңесіне арнайы хат жолдаған. Олар ескерусіз қалды. Бұл оқиғаға баға беру жөнінде Комиссия құрылған. Онда: М.Шаханов, Қ.Мырзалиев, Т.Бурабаев, И. Тасмағамбетов т.б. болды. 1989 жылы Г.В. Колбин Халықтық Бақылау Комитеті төрағасы болып сайланды да, І хатшылыққа Н. Назарбаев тағайындалды.

1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе- халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 ж. 1 желтоқсанда қабылданған “КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы” және “КСРО Халық депутаттарын сайлау” жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көрінісін тапты. Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан партия Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Кейін орталықтағыдай президенттік қызмет орны енгізілді. Сөйтіп. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Осы кезеңде Қазақ қоғамында жаңа серпіліс жасалды.

1990 жылы Қазақстанда “Азат” азаматтық қозғалысы қалыптасты. Мақсаты-Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін заң алдында барлық азаматтардың кең құқығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада “Алаш”, “Желтоқсан” сияқты саяси қозғалыстар болды. 1991 ж. қазанда Қазақстан конгресі партиясы құрылды. Жетекшілері: О.Сүлейменов пен М.Шаханов. Сондай-ақ, республикада тұратын бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады. Осы кезде Солдат аналар комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, “Айша”, “Ақ отау” және Іскер әйелдер ассоциациясы құрылды. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Республикада 1991 ж. барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.

Бұл 1980-жылдардың екінші жартсында қоғамды қайта құру барысында Қазақстан өмірінде қоғамдық-саяси және демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.

Қорыта айтқанда, Кеңестер Одағы тарихында айрықша орын алған тоқырау және жаңару бағыты жылдарында Қазақстан экономикалық дағдарысқа ұшырап, ол барлық өмір салаларында көрініс тапты. Негізгі доминанттар:

1.Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері өнеркәсіп орындарына толық енгізілмеді және арнайы маманданған қызметкерлер даярланбады.

2.¤неркәсіп тиімділігін арттыру жолындағы инновациялық ізденістер басшылық тарапынан қолдау тапқан жоқ.

3.Аграрлық сектор орталықтан директивалық жолмен басқарылды, жергілікті басқару органдарына толық жетекшілік ету құқы берілмеді.
Негізгі әдебиет: [ 15, 18, 19, 34, ]

Қосымша әдебиет: [ 11, 19, 20, 24, 61, 67,]
15-ші тақырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында.

Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: Ескі мен жаңаның қақтығысы, тәуелсіздік, егемендік. Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау қажеттігі. Экономиканың ілгерілеу көрсеткіштерін сипаттау. Халықтың әлеуметтік жағдайы.

Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағы құрамында болды. 1970 - жылдың аяғы мен 80-ші жылдардың басында басталған халықаралық коммунистік жүйедегі радикалдық қозқалыстар, алдымен коммунистік идеологияны "жақсарту", "жаңарту", "бүгінгі кән талабына сай бейімдеу" т.б. ұранымен дүниеге келгенімен, бірте-бірте өз алдына тәуелсіз күшке айналды. Тамыры терең бұл ағым бүкіл социалистік жәйе елдерінде қайта құру, жариялылық және демократияландыруға алып келді. 1991 жылы "тамыз бүлігі" кезіндегі қақтығыстан соң, ұзамай КСРО ішкі саяси әлеуметтік мәселелері керемет шиеленісіп кетті. Яғни, Кеңес Одағының басшылары Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов т.б. қатысқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуіне байланысты одақтас республикаларының жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартуға мәжбүр болды. Тамызда болқан саяси дағдарыстан соң бұрынғы бірыңғай Одақтың орнына Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы құрылып, сол бойынша тек әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелерді ғана бірігіп шешу міндеті қалды. 70 жыл бойы дүниені шиеленістіре ұстап келген алыптың аяқ асты жойылуы халықтарға қуанышпен қоса үрей ала келді.

Қайта құру кезінде белең алқан тәуелсіздік үшін күрес бұрыңғы социалистік жүйе елдерінде әртүрлі ауқымда, әртүрлі деңгейдегі шиеленісте өтті. Айталық, тәуелсіздік күрес Польшада-10 жылға, Венгрияда-10 айға, ГДР-10 аптаға, Чехословакияда-10 күнге, Румынияда тіпті 10 сағатқа созылды.

Саяси жағдай дамуының жалпы бағытын дұрыс анықтап, 1990 жылдың 25 қазанында ҚР егемендігі жөніндегі Декларациясы қабылданды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Республика жоғары Кеңесінің жетекші сессиясында Парламент депутаттарының "Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заңы қабылданды. Сол заңның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет" деп жарияланды. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді; өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді; барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халақаралық принциптері бойынша құрады; өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тану әшін ҚР ашық, ҚР территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады.

Біз ашық плюралистік қоғам қалыптастырдық. Қазақстан тәуелсіздігі үлкен халықаралық маңызға ие болды. Шығыс Еуропа мен Батыс Азияның түйіскен жерінде бейбітшілік сүйгіш, демократиялық жаңа мемлекет пайда болды. Ұзақ талқылаудан кейін, 1992 жылы маусымда тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Туы қабылданды. Осы жылдың желтоқсанында Республиканың жаңа әнұранының мәтіні бекітілді.

Қазақстанның Тәуелсіздік алуы және оның әлемдік қауымдастыққа қосылуы ҚР жаңа негізгі Заңын - Конститутциясын қайта қарауды және қабылдауды талап етті. ҚР-ның жаңа Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Конституция 9 тарау, 98 баптан тұрады.

Бүкiл халықтық референдумның нәтижесiнде жаңа Конституция қабылданып, Қазақстан “Президенттiк республика” деп жарияланды. Президентке арбитраждың функциялары берiлiп, соның арқасында мемлекеттiк билiк органдарының келiсiп жұмыс iстеуiн және олардың халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн болды. Президенттiк басқару жүйесiнiң енгiзiлуi кездейсоқтық емес. Президенттік басқару жүйесi Қазақстан жағдайында қоғамның саяси және экономикалық жүйелерiн ойдағыдай реформалау үшiн қолайлы алғышарттар жасауға мүмкiндiк бердi.

Нарықтық экономика мен демократия бірінсіз-бірі болуы мүмкін емес. Қысқа ғана уақыт ішінде 1993 жылдың аяқында ұлттық валютамыз "теңге" айналымға түсті, қазір оның бағамы тұрақты. Нарықтық экономиканы табанды жүргізудің нәтижесінде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік. Тиімді құқықтық база құрылды. қазіргі заманғы ақпараттық технология өркендеп, отандық өндіріс қарқын алып келеді.

Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуқа негіз қаланды. Мысалы, он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 12,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды. Экономикалық жаңарулар өз нәтижесін көрсетуде. Мұндай көрсеткіштер жақынан ҚР-сы ТМД елдері арасында оқ бойы озық тұр.

Біздің банктеріміз түп тамырымен өзгерді. Түбегейлі жаңа бюджет пен салық жүйелері түзілді, баға мен саудаға ырық берілді. Белгіленген бағдарламаларды дәйекті жүзеге асыру экономикамызды терең құрылымдық реформаларға бастады. Осы жылдардың ішінде жеке меншік, кәсіпкерлік шағын бизнес белсенді түрде енгізіліп, оларға қолдау көрсетілді. Мыңдаған орта және ірі кәсіпорындар сатылды немесе жеке меншіктің басқарылуына берілді, менеджмент алмасты.

"Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарлама - ол тәуелсіз мемлекеттердің болашағын анықтап, айқындайтын бағдарлама. Мысал: Соқыстан күйреп шыққан Жапония мемлекеті елінің дамуының 50 жылдық жоспарын жасаған болатын. Мыңдаған жылдық өркениеті бар қытай мемлекетінде өткен ғасырдың 70 жылдарының аяғында қытай елін дамытудың 100 жылдық бағдарламасы жасалды. Сондықтан ел басымыздың "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламасы еліміз бен халқымыздың 2030 жылқа дейінгі жетер жерін, шығар биігін анықтауға деген қажетті 7 басымдылығы: 1.Ұлттық қауіпсіздік. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3.Экономикалық өрлеу. 4. Қазақстанның азаматтарының денсаулықы, білімі мен әл-ауқаты. 5. Энергия ресурстары. 6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 7. Кәсіби мемлекет.

Негізгі міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы басатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрлымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

Негізгі мақсат - Қазақстанның тарихи, табиғи, мәдени, рухани байлықтарын дамытып, күллі мүмкіндіктерін нақты нәтижеге қол жеткізіп, 2030 жылға қарай Орталық Азия барысына айналдыру.



Қазақстан әлемдік экономикалық байланыстарда. Әлемде болып жатқан оқиғалар, халықаралық қатынастардағы жаңа үрдістер, ғасырлар тоғысындағы жаһандану барысының белсенді түрде дамуы дипломатияның сипатын айтарлықтай өзгертті. Сонымен бірге салалық – экономика, қаржы мәселесін шешу міндеттері де тұр. Бұл сала көптеген елдердің сыртқы саясатында басым бағыт болып отыр. Қазақстанда бұдан тыс қалған емес. Сыртқы жаһандық экономикалық өзгерістер республиканың сыртқы саяси мекемесі мен министрліктер тарабынан белсенді және келісілген жұмысты талап етеді.

Мемлекеттілікті орнатудың алғашқы кезенінде ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдаған Қазақстаннын сыртқы саясатын «экономикаландыру» міндеті ерекше өзекті сипатқа ие болды. Дипломаттардың алдына негізгі күш-жігерді Қазақстан экономикасының дамуына барынша жәрдемдесуге, ең алдымен, банкроттық шегінде тұрған кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру, жаңа жұмыс орындарын құру, ең жаңа технологияларды еңгізу үшін қажетті шетелдік инвестицияларды тартуға шоғырландыру міндеті қойылды.

Мемлекет басшысының елдің сыртқы саясатын «экономикаландыру» жөніндегі нұсқауларын басшылыққа ала отырып, Сыртқы істер министрлігі инвестициялық саясатты түзету жөнінде бірқатар шаралар жасады. Осы бағыттағы істерді қолға алды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің – ЕҚДБ, Дойче Банк, АБН-Амро, Шелл, Мобил, Эни, Тоталь, ЛукОйл т.б. сияқты жетекші шетелдік банктермен және инвестор компанияларымен ашық пікір алысуға мүмкіндік беретін аса маңызды кеңес беру, кеңесу органының жұмысы жанданды.

2000; 2002 жылдары Алматыда өткен бірінші және екінші еуроазиялық экономикалық саммиттер, 2012 жылдың 22-24 мамыр күндері Астанада өткен 5-ші экономикалық форумы тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орта Азия үшін бұрын-соңды болып көрмеген оқиғалар. Бұл шаралар Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) қамқорлығымен өтті. Бұл беделді ұйымның Қазақстанда еуроазиялық саммит өткізу туралы шешімі республиканы Орталық Азия мемлекеттерінің арасында өңірлік көшбастаушы, неғұрлым келешегі мол экономикалық әріптес ретінде танытты. Аталған екі саммитке 500-ден астам бизнесмен және саяси жетекшілер қатысты

2012 жылдың 22-24 мамыр күндері елордадағы тәуелсіздік сарайында өтті. Қазақстан елордасында осымен 5-ші рет өтіп жатқан жиын мың құбылған жаһан экономикасының бүгінгі бағдарына, дағдарысқа тап болып, еңсесі түскен Еуроаймақты құтқару жолдарына арналды

Әлем назары тағы да Астанаға ауды. Бүгін Астана экономикалық форумының бірінші күні. Қазақстан елордасында осымен 5-ші рет өтіп жатқан жиын мың құбылған жаһан экономикасының бүгінгі бағдарына, дағдарысқа тап болып, еңсесі түскен Еуроаймақты құтқару жолдарына арналды.

Астана экономикалық форумына 90 елден 8 мыңға жуық делегат қатысты. Оның ішінде әр елдің министрлері, кәсіпкерлер, халықаралық ұйым басшылары, профессорлар және 11 Нобель сыйлығының иегері болды. Жаһан экономикасын жақын жылдары не күтіп тұр? Ешкім дөп басып айта алмасы анық. Алайда, болжам бар. Астана экономикалық форумына түкпір-түкпірден келген ғалымдар, экономистер мен саясаткерлердің ой-пікірі бір арнаға тоғысты. Эдвард Прескотт Нобель сыйлығының иегері. Ол «батпандап кіріп, мысқылдап шығатын дағдарыс атты дертті жоюдың бір жолы - сыбайлас жемқорлықпен күрес» дейді.

Валюта, банк жүйесі, технология, ал, ең бастысы - әлеуметтік саланы дағдарыс дендеп барады. Жұмыссыздық, билікке наразы халық, бюджеттік шығындардың қысқаруы. Қазір Еуропаның бірқатар елдеріндегі көрініс осы. «Бес саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Форумда ғалымдар ұсынған G-глобал идеясының түп мағынасы осы. 

Мұндай жағдайда тек ұжымдық күш-жігер ғана оң жолға апаратыны айқын. Ал осындай ұтымды бағытты «G-Global» ілкі идеясымен байланыстыруға болады. Өйткені, біз «G-8», «G-20» секілді құрылымдар бар екендігі туралы айтқанда, олардың тек таңдаулылар клубы екендігіне мән бермей жатамыз. Ал, жаһандық полижүйелі дағдарыс бұндай ауқымды мәселеге әлем елдерінің басым көпшілігінің қатысуын талап ететінін көрсетіп отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «G-global» идеясы да осы тұрғыдан өзекті.

Біз халықтың денсаулығын барынша жақсарту, есірткі мен жұқпалы індеттердің таралу қарқынын тежеу үшін қайрат пен ақылды, қаталдықты жұмсауымыз керек. Егемендік Президентке айтарлықтай іс-қимыл еркіндігін берді.

ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев болғаннан бері сыртқы саясат мәселелеріне деген жалпы мемлекеттік көзқарас түбірімен өзгерді. Алдымен одақтас республикалардың рөлі мен қызығуын көтеру, оларға орталық өкілдіктерінің біраз бөлігін беру жөнінде мәселе көтерілді. Республика Сыртқы істер министірлігі нығайтылып, Қазақстан Сыртқы экономикалық қызметке белсенді қатысты. Қазақстан мен оның Президентіне деген әлемнің ынталығы артуда. 1992 жылдың қыркүйек-қазан айларында Дүниежүзiлiк қазақтар құрылтайы өттi. Бұл оқиға бiздiң елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана мүмкiн болды. Оған Азияның 13 елiндегi, Еуропа мен Америкадан 3200 мың қазақ диаспорасының (32%) өкiлдерi қатысты.

Мемлекеттiк тәуелсiздiк жарияланғаннан соң Президент Н.Ә. Назарбаев елiмiз халықаралық қатынастардың дербес тұлғасы ретiнде саяси–дипломатиялық тұрғыдан танылуына тiкелей көмек көрсеттi. Қазақстанның шетелдердегi дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнiң қарекет қимылы жедел ұлғаюда. Н.Ә. Назарбаев дипломатиялық корпуспен, Сыртқы iстер министрлiгiнiң кеңейтiлген алқаларына қатысушылармен кездесуi дәстүрге айналды. Қазақстан және ТМД. 1991 жылдың аяғына қарай бұрынғы КСРО-ның барлық рсспубликалары мемлекеттік тәуелсіздік алғаны мәлім. Президент Н.Ә.Назарбаев 1991 ж. 20 желтоқсанда Әзірбайжанның, Арменияның, Грузияның, Белорустың, Қырғызстанның, Латвияның, Литваның, Молдованың, Ресейдің, Тәжікстанның, Түрікменстанның Өзбекстанның, Украинаның, Эстонияның мемлекеттік тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойды.

Сол күні Президенттің Жарлығымен Т.С.Сүлейменов тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Сол кезде сыртқы саяси мекеменің құрамы небәрі 17 адамнан тұратын.

1995 жылы ол ҚР Сыртқы саясатының тұжырымдамасын бекiтiп, 2002 жылы оның қазiргi кезеңнiң ақиқатына байланысты бейiмделген нұсқасын қарап бердi. 1997 ж. Сыртқы саяси қызметтiң құқықтық өрiсiн айқындайтын “Дипломатиялық қызмет туралы” тұңғыш Заңы қабылданды.



Қазіргі уақытта Қазақстан бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі болып отыр: • Бүгінде Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасымен және тағы басқа құрылымдарымен ынтымақтастық негіздегі қарым-қатынас өрісін кеңейтті. Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы қызмет жасайды: БҰҰ-ын дамыту бағдарламасы (ПРООН), БҰҰ Балалар қоры, БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), Мәдениет және ағарту саласындағы ынтымақтастық ұйымы (ЮНЕСКО) т.б.

Сонымен бірге төмендегідей халықаралық ұйымдарға мүше;

• Экономикалық ынтымақтық ұйымы (ОЭС);

•Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ);

• Атом энергиясын бақылау жөніндегі Халықаралық агенттік (МАГАТЭ);

• Дүниежүзілік денсаулық қорғау қоғамы (ДДҚҰ);

• Қызыл Крест және Жартылай Ай қоғамының халықаралық федерациясы;

• Халықаралық астрономиялық одақ (МАС);

• Парламентаралық одақ;

• Ұлттық олимпиадалық комитет (НОК;

• Халықаралық валюта қоры (МВФ) т.б.

2005 ж. Қазақстан 121 елмен дипломатиялық қатынас орнатты. Елімізде 69 мемлекеттің өкілдігі ашылды. Оның 16-сы жаңа Астанада қызмет істей бастады.

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыты – бейбітшілікті сақтау және геосаяси орналасуы, экономикалық әлеуетіне сәйкес ірі аймақтық держава ретінде сындарлы көпбағытты саясат жүргізу. Бүгінде Қазақстанның тікелей қатысуымен құрылған ұйымдар:

1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан кірді. 2002 жылы Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы (ОАЫҰ) болып жаңадан құрылды.

2000 ж. 10 қазанында Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құрылды, 5 мемлекет мүше – Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан.

2001 ж. 15 маусымында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды, 6 мемлекет мүше – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан.

2002 ж. 4 маусымында Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы Кеңес (АӨСШК) дүниеге келді, оған 16 мемлекет мүше. т.б..

Қазақстан – БҰҰ-ның белсенді мүшесі.

1992 жылдың 2 наурызы тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша күн болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан 46/224 Қарарымен бірауыздан БҰҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Осылайша біздің еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі халықаралық түрде танылды. Дүниежүзінің картасында жаңа егемен мемлекет пайда болды. Қазақстан БҰҰ-ның 168-ші мүшесі болды. Жалпы БҰҰ 1945 ж. 24 қазанда 51 мемлекеттің қатысуымен дүниеге келген болатын. 2010 ж. БҰҰ әлемнің 192 мемлекетінің басын қосты.

1992 жылдың 15 сәуірінде президент өз жарлығымен А.Арыстанбекованы ҚР-ның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі етіп тағайындады. Сөйтіп Ақмарал Хайдарқызы Қазақ мемлекетінің тарихында шет елде елшілік қызмет атқарған тұңғыш қазақ қызы болды.

2002 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан, 2010 жылы 2 рет Пан Ги Мун арнайы іс – сапарлармен Қазақстанға келіп қайтты. Ол бұрынғы Семей полигонындағы ядролық жарылыстың эпицентрінде болып, ядролық қарудан бас тарту және ядролық сынақ полигонын жабу – шын мәнінде әлемдік тәжірибедегі бірегей жағдай деп атап өтті.

БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді: бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын қүрметтеуді қолдау; осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

Қазақстанның Еуроодаққа байланысты ұстанымы. 1949 жылы құрылған, алғашында 15 мемлекеттен тұрған Еуроодақтың ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін 2-орын алады.

Қазақстан мен ЕО арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылы орнатылды. 1995 ж. 23 қаңтарда ҚР Президенті «Бір жағынан Еуропалық қауымдастықтың және оған мүше мемлекеттердің, екінші жағынан ҚР-ның арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойды.

Қазақстан Батыс Еуропа елдерімен егемендікті және аумақтық тұтастықты құрмет тұту, бір-біріне шабуыл жасамау және және ішкі істеріне араласпау, күш қолданбау және күш қолдану қаупін болдырмау, теңдік әрі өзара тиімділік принциптерін баяндайтын саяси шарттар жасасты.

ЕО елімізге ТАСИС (ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету бағдарламасы), ТЕМПУС (білім саласында ЕО тарапынан көмек көрсету бағдарламасы) бағдарламалары бойынша көмек берілді. 1992 жылдан бастап ТАСИС біздің елімізге 120 млн. Евро сомасында көмек көрсетті.

Қазақстан ЕО-қа мүше емес. Алайда сарапшылардың пікірінше, Ресей мен Қазақстан болашақта ЕО-қа қабылданса, Шығыстағы ЕО шекарасы Тынық мұхитына дейін жетпек.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы ұстанымының нығаюы. Халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен тығыз байланыс орнату және ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көп векторлы (салалы) сыртқы саясатымен және оның ұлттық қауіпсіздігін нығайту мүдделерімен сәйкес келуі қажет. Еуропалық бағытта бұл ең алдымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағы (НАТО).

ЕҚЫҰ (1994 жылға дейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес деп аталған) – XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы еуропалық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Бұл орайда өзіне ТМД, Орталық және Батыс елдерін, АҚШ пен Канаданы қосатын ЕҚЫҰ-ның басында еуроатлантикалық сипат болса, Орталық Азияда жаңа қауіп-қатердің пайда болуына байланысты соңғы уақытта осы ұйымның азиялық мәні де арта түсуде.

ЕҚЫҰ-ның айналысатын мәселелері шартты түрде үш топқа бөлінеді; 1-сі – әскери-саяси қауіпсіздік және қару-жараққа бақылау жасау, 2-сі – экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық ынтымақтастық, 3-сі – гуманитарлық (ақпарат, мәдениет, білім) сала және адам құқығы.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.

2010 жылы 1-2 желтоқстанда еліміздің жүрегі – Астана қаласында он бір жылғы үзілістен кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының VІІ Саммиті болып өтті. Саммит қарсаңында және оның аясында елорда ЕҚЫҰ-ның Шолу конференциясы ұйымдастырылып, онда 560 үкіметтік емес ұйымдар бас қосты, соның 160-сы шетелдік ұйымдар. Ал Саммиттің өзіне ұйымға қатысушы елдер мен әріптес елдерден және БҰҰ, Еуропалық Кеңес, ЕуроАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты аса ірі халықаралық және өңірлік ұйымдардың 73 ресми делегациясы қатысты. Қатысушы қонақтар саны бес мыңға жуық адам болды. Саммиттің барысын 1300-ге жуық қазақстандық және шетелдік журналистер жария етіп отырды.

Бұл беделді Ұйымның Орталық Азияда өткізген тұңғыш форумы еді. Онда өңір үшін өте өткір мәселелер, соның ішінде трансұлттық қатерлер, атап айтқанда лаңкестік пен адам саудасы, сондай-ақ Қырғызстандағы оқиғалар және Ауғанстандағы жағдайлар т.б. мәселелер талқыланды.

Астанадағы Саммит Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жұмысына жаңа серпін бере алды. Қазақстан бірін – бірі жылдар бойы көрмей келген ел басшыларының басын қосып, мәмілеге келтірді. Қазақстанның төрағалығы Ұйымның тарихы үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қатынастар жүйесі үшін ерекше із қалдырған оқиға болды. «Еуропалық қауіпсіздік» түсінігі кеңейтілді. Бүгінде «ескі Еуропадан» Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды ажыратпай еуразиялық қауіпсіздік кеңістігі туралы айту қажеттігі туындады.

Елбасымыздың Саммиттегі сөйлеген сөзінде ЕҚЫҰ-ны жаңарту жөніндегі ұсыныстары:


  • Қаржы – экономикалық қауіпсіздік пен конфессияаралық төзімділікке шақыру;

  • валюта – қаржы саясатын, экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны дамыту;

  • қарусыздану және қаруды таратпау саласында жаңа келісім – шарт нормаларын әзірлеу жөніндегі арнайы форумын құру;

  • Трансшекаралық қылмысқа, есірткі трафигіне және жасырын көші – қонға қарсы күресті үйлестіру үшін ЕҚЫҰ елдері министрлері деңгейінде Кеңес қалыптастыру;

Саммит Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының шыңы болды. Осы халықаралық ұйымның басшылығындағы іс – қимыл бағдарламасы толық іске асты. Алға қойған барлық міндет орындалды. Қазақстан тәуелсіздігінің сыртқы саяси негіздері нығайтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет