Негізгі әдебиет: [ 4, 12, 15, 18, 34 ]
Қосымша әдебиет: [35, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 56, 59, 60, 71]
12-ші тақырып Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.); Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
Тақырыпқа қатысты негiзгi ұғымдар:
Әдiлеттi және әдiлетсiз соғыстар, «Барбаросса», блок «Ось», квантун, «отар» елдер, рейхскомисссариаттар «Москва», «Остландия», «Украина», «Кавказ», «Түркiстан», «Едiл-Жайық».
Капиталистiк мемлекеттер 1929 ж. экономикалық дағдарыстан шығалмай жатып 1937 ж. тағы да экономикалық және саяси шайқалыстарға (қиындықтарға) душар болды. Осы кезде капиталистiк елдерде 18 млн адам жұмыссыздар бар едi. Буржуазиялық мемлекеттердiң билеушi топтары бұл дағдарыстан шығудың жолы дүние жүзiн қайта бөлiсу деп бiлдi. Империалистiк мемлекеттердiң 2 тобы құрылды. Бiр жағында АҚШ, Англия, Франция, 2-жағында Германия, Италия және Жапония. 2-топ неғұрлым агрессияшыл саясат жүргiздi. Дүниежүзiнде тәртiп орнатуға тырысты. Басқа мемлекеттердiң жерiн басып алып, халқын құлдыққа түсiрудi ойлады.
Бiрiншi топ бейбiтшiлiктi жақтаймыз деп даурыққанмен, герман реваншизiмiне жол берiп, герман соғыс-өнеркәсiбiн қайта жаңғыртуға тiкелей қатысып келдi. 1933 ж. бастап Германия соғысқа дайындала бастады. 1938 ж. Австрияны басып алып, ендi Чехословакияға қауiп төндi. 1938 ж. 29-30-қыркүйекте Мюнхенде Англия, Франция, Италия және Герман империялистерi АқШ-тың қолдауымен Чехословакияны құрбан етiп сөз байласты. Чехословакияның батыс аудандарын Германияға беру туралы шешiм қабылданды. Бұның өтуiне Англияға, Францияға, Германия тиiспейтiн болды.
1939 жылы 31-тамызда поляк армиясының солдаттарының формасын киген бiр топ қылмыскерлер эсэсшiлер) герман-поляк шекарасына жақын орналасқан немiстiң Глейвица қаласының радиостанциясында шабуыл жасады, бұл формальдi түрде соғысты бастауға сылтау болды.
1939 жылы 1-қыркүйекте Германия Польшаға соғыс жариялады. Польша одақтастарынан көмек сұрады. Англия, Франция 3-қыркүйекте Германияға соғыс жариялады. Осылайша екiнiшi дүниежүзiлiк соғыс басталып кеттi.
1940 жылы көктемде немiс фашистерi Дания, Норвегия, Бельгия, Голландия, Люксенбургтi басып алды. 22-маусымда 1940 жылы Франция тiзе бүктi. 1941 жылы көктемде Болгария, Греция Югославияны немiстер басып алды. Европада 2 млн. шаршы клм. 142 млн. халқы бар 11 мемлекеттi Германия аз уақыттың iшiнде басып алды.
1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшiн бұрын сонды бастан кешкен барлық соғыстардың iшiндегi ең ауыры болды. Соғыс елдi бiртұтас жауынгерлiк лагерге айналдыруды, бүкiл экономика мен Кеңес халқының күш-жiгерiн майдан мүддесiне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап еттi. Қазақстан еңбекшiлерi бұл мiндеттi толығымен қолдады. Сөйтiп, азаттық соғысына бiр кiсiдей көтерiлдi. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзiр екендiктерiн бiлдiрдi. қызыл армияның қатарына өз ерiктерiмен баратындықтары туралы қалалық және аудандық комиссияраттарға мыңдаған арыздар түсiп жатты. Жас жiгiттер мен қыздар, аға буын өкiлдерi қолдарына қару алып, майданға аттануға тiлек бiлдiрдi.
Соғыстың алғашқы күндерiнде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, қырғызстаннан шақырылған жiгiттерден 316 атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирi болып азамат соғысына қатысушы генерал М.В Панфилов тағайындалды.
Соғыстың бастапқы 3 айының iшiнде 238,310,314,387,391 – атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейiн мұнда тағы бiр дивизия, 3 бригада жасақталды. Соғыс кезiнде республикада 12 атқыштар және төрт атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерiнiң зеңбiрекшiлерiнiң полктерi, әр түрлi соғыс саласының 10-даған батальондары құрылды. Республика адам күштерiмен тек Қазақстандық құрамалар мен бөлiмшелердi ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегi басқа да құрамалар мен бөлiмдердi толықтырып отырды. қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарында барлығы 1, 8 млн. казақстандықтар болды. Республика майданға 14, 1 мың жүк және жеңiл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жiбердi.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшiн резерв даярлау iсiне лайықты үлес қосты. 1941-45 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас Қазақстандықтар жiберiлдi, Республика жерiнде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды. Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттерiне жазылған Қазақстандықтардың ерлiк iстерi аз болған жоқ. Елiмiздiң басқа да халықтарының ұл-қыздары мен қатар бiздiң республиканың жастары да жаумен Балтық теңiзiнен қара теңiзге дейiнгi майдан шептерiнде ерлiкпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған Қазақстандықтар болды. Олардың арасында‚. Жұматов, қ. Иманқұлов, Е. Качанов тағы басқалар жаумен жан аямай шайқасып, ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi.
Әсiресе, Мәскеу түбiндегi шайқаста Қазақстандықтардың жауынгерлiк даңқы шықты. 1073-ұлан атқыштар полкiн басқарған майор Бауыржан Момышұлы, 316-дивизияның командирi Кеңес одағының батыры И.В. Панфилов, панфиловшылар дивизиясы бөлiмдерiнiң саяси жетекшiлерi В.Г Клочков (Ресей байтақ, бiрақ шегiнер жер жоқ, артымызда Мәскеу), П.В Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров Р. Амандкелдиев гитлершiл басқыншылардың Мәскеу түбiнде талқандалуына зор үлес қосып, мәңгi өшпес iз қалдырды. Бұл жеңiс жау әскерiнiң рухын түсiрдi. Гитлердiң қаурыт соғыс жоспары бiржолата күйреп, немiс фашист армиясының жеңiлмейтiндiгi жөнiнде аңыз бiржола күйредi. (Германияның одақтастары Жапония, Түркия соғысқа кiру-кiрмеу туралы ойланды).
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы түбегейлi бетбұрысты жүзеге асыруды қамтамассыз еттi және екiншi дүниежүзiлiк соғыстың бүкiл барысына шешушi ықпал жасады (Паульс бастаған 24 генерал тұтқынға түстi). Қазақстандық жауынгерлер Курск иiнiнде, Днепр, Ленинград үшiн шайқастрда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлiмдерде қызмет еткен Д. Шыныбековтың, С. Жылқышиевтың есiмдерi мақтанышпен айтылып жүрдi. 1942 жылы шайқастардың бiрiнде батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегi Арыстан Ахметов өз есiмiн өшпес даңққа бөледi. Ол 19 жауынгерiмен әскери маңызы бар бiр төбенi жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша шайқасты. Жаралы болып ессiз-түссiз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тiстерiн сындырып, құлағын кестi. Осындай азапта жау офицерiнiң бетiне түкiрiп, қайсарлық пен қаhармандық үлгiсiн көрсеткен оны қанiшерлер үстiне жанармай құйып, өртедi. Батыр жiгiт жау алдында сес бермей өмiрден өттi. Оның ерлiгi туралы хабар елге майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктерi арқылы жеттi.
Қуатты жарылғыш минамен жау танкiсiнiң астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н. Гостелонның ерлiгiн қайталаған Нүркен Әбдiров, жаудың пулементтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесiмен жапқан ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағанбетов қазақ жауынгерлерiн ерлiкке рухтандырды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белорусияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жiгiттерi Кеңес әскерiнiң құрамында шығыс Европа халықтарын Гитлердiң тепкiсiнен азат етуге атсалысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлиндi алуға қатысты. Лейтенант Р. Қошқарбаев қатардағы жауынгер Г. Булатовпен бiрге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тiктi.
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәлiметтереге қарағанда Украинаның партизан отрядтарында 1500, Ленинград облысының партизан отрядтарында 220-дан астам қазақ жiгiттерi соғысқан. Белорусияның әртүрлi аудандарында 1500-ден аса Қазақстандықтар партизан отрядтарында болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жiгiттерi Г. Ахмедияров, ‚. Омаров, қ қайсенов, Ә. Шәрiпов, Ж. Саин тағы басқа есiмдер бүгiнде зор құрметке ие болып отыр.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерлiктер үшiн 96640 Қазақстандықтар Кеңес Одағының орден медалдарымен марапатталды. 500 ге жуық Қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Олардың 101 қазақ. Солардың қатарында Кеңестiк шығыстың қос қарлығашы, қаhарман қыздары Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыштар Т. Бегелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С Луганскийге екi рет берiлдi.
110 Қазақстандық азаматтар Даңқ орденiнiң 3 дәрежесiне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың қиыр шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшiн қымбатқа түстi. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлiкпен қаза тапты.
Соғыс майдандарында Кеңес қарулы күштерi жеңiске жетуiне елде қалған еңбекшiлер жаңқиярлық еңбегiмен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстан экономикасын соғыс мүддесiне бейiмдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргiзiлдi.
Майдан шебiнен көшiп келген кәсiпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндiрiс алаңдары босатылды.
Ондағы адамдарды Қазақстан еңбекшiлерi жақын бауырындай қабылдап, қамқоршылыққа бөлеп, тұрғын үйiмен , басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз еттi. Ел өнеркәсiбiнде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс iстесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға жеттi. Елдiң колхозшы шаруалары соғыстың жеңiспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Олардың iшiнде Украинаның атақты тракторшысы П. Ангелина, даңқты қызылшасысы М. Демченко, қызылордалық күрiсшi Ыбырай Жақаев, Ақтөбелiк тары өсiрудiң шеберi Шығанақ Берсиев астықтан мол өнiм алудың майталмандары М. Сатыбалдина, Нұрке Алпысбаевалар бар.
Қ Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесi үшiн тез игерiлуiне мол үлестерiн қосты.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың майдандағы ерлiктерi және елде қалған колхозшы шаруалардың, кәрi-жастың еңбектегi ерлiктерi – осының барлығы майдан мен тылдың бiрлiгiн көрсеттi. Халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерiн тигiздi. Қазақстан еңбекшiлерiнiң майданға көмегi қызыл әскерлердiң жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлiк рухын көтердi, қызыл Армия бөлiмдерiнiң жауды талқандауы үшiн мүмкiн болған нәрсенiң бәрiн iстеуге жiгерлендi. Сөйтiп, Қазақстан соғыстың алғашқы күндерiнен ақ Кеңестер Одағы арсеналының бiрiне айналды, оның экономикалық тiректерiнiң бiрi болды.
«Бекмахановтың iсi», “Дәрiгерлер iсi”, “Ленинград iсi” тың және тыңайған жерлер, жел эрозиясы, «жылымық жылдар”, валюнтаристiк.»
Ұлы Отан соғысы жеңiспен аяқталғаннан кейiн Қазақстан еңбекшiлерi бейбiт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбiтшiлiк жағдайға бейiмдеп қайта құру еңбекшiлердiң қоғамдық-саяси белсендiлiгi жағдайында жүргiзiлдi.1945жылы қазанда Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғары Кеңесiнiң мерекелiк сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсiппен ауыл шаруашылығының озаттары,ғылым мен мәдениет қайраткерлерi қатысты.Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен және медальдармен наградталды.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртiншi бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлiнген аудандарды қалпына келтiру, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрыңғы дәрежесiне жетiп, одан едәуiр асып тусу мiндетi белгiлендi. Сонымен бiрге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берiлдi.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңiл және тоқыма өнеркәсiбiн одан әрi өркендету көзделдi. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесiн кеңейтуге үлкен мән берiлдi. …неркәсiп пен ауыл шаруашылығын өркендету негiзiнде республика еңбекшiлерiнiң материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесiн одан әрi көтеру көзделдi. Қазақстанға бөлiнген күрделi қаржы көлемi одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделi қаржы кәсiпорындарды қалпына келтiруден гөрi бұрынғыларын кеңейтiп, жаңа кәсiпорындар салуға бағытталды. Төртiншi бесжылдықта бүкiл елде өнеркәсiп өнiмi 1940 жылмен салыстырғанда, 40 процент өсетiн болып белгiленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге артуы көзделдi. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсiбiнiң жалпы өнiмi 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның iшiнде көмiр шығару 2,5, мұнай – 1,5, газ – 1,9, электр қуатын өндiру 4,1 есе артты.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Төртiншi бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбаин, 10-даған мыңнан астам автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар iстедi. Бұлардың басым көпшiлiгi ескi, моральдық жағынан да тозып, ескiрген техника болатын. Ауыл – селода механизаторлар қатары өсiп, МТС қызметкерлерiнiң жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейдi.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендiру жорығы басталды. Сөйтiп төртiншi бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрлендi. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өстi.
Республикада төртiншi бесжылдықта егiс көлемi бiр миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсiмi 47 654 центнерге жетiп, соғыстан бұрынғы дәрежесiнен 89 процент асып түстi. Iрi қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсiп жетiлдi. Атап айтқанда қазақтың ақ бас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүндi қойы, арқар-миринос қойы, қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Малдың жалпы саны өстi: iрi қара-27, қой мен ешкi - 70, жылқы-71 процент көбейiп, шошқа-2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулi қиыншылықтар мен кемшiлiктер болғанын да айтуымыз керек. Бұл кезде республиканың мал шаруашылығы мейлiнше ауыр жағдайда едi. 1951 жылы бар болғаны 4,5 млн. iрi қара (1928ж 6,5 млн болған), 1,5 млн. жылқы (3,5 млн), 127 мың түйе (1млн.) болды. Тек қой саны бойынша олардың тез өсетiндiгi есебiнен 1928 жылдың дәрежесiне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкiнiң саны 18036 басқа жеттi.
Халық шаруашылығын қалпына келтiру жылдарында республика жазушылары шығармаларының көпшiлiгi Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. ‚. Мүсреповтың «қазақ солдаты», Ә. Нүрпеисовтың «Курландиясы» сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде Қазақстандық жауынгерлердiң жоғарғы адамгершiлiк қасиетi, жеңiс жолындағы күресте көрсеткен ерлiгi баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мұқановтың «Сырдария», ‚. Мұстафиннiң «Милионер», ‚. Слановтың «Кен өрiс » сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмiрi көрсетiлдi.
Осы жылдарда М. Әуезовтың «Абай жолы», С. Мұқановтың « Ш. Уәлиханов » сияқты көптеген тарихи көркем шығармалар жарық көрдi. «Абай» қойылымы үшiн қазақ академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттiк сыйлығын алды.
Музыка мәдениетi өрлеу жолына шықты. М. Төлебаевтың «Бiржан Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамедидiң «Абай», Е. Брусиловскийдiң «Дудар-ай», Қ. Қожамияровтың ұйғыр тiлiндегi «Назугум» опералары сол жылдары дүниеге келдi. «Бiржан - Сара» операсына КСРО мемлекеттiк сыйлығы берiлдi.
1946 жылы республикада Ғылым Академиясы құрылып, оның президенттiгiне көрнектi ғалым, академик Қ.И. Сәтбаев сайланды. Осы жылдарда қарағанды және Семей медецина институттары, Өскемен педагогикалық, Семей мал дәрiгерлiк – зоотехникалық институттары, қарағанды кен институттары ашылды. Сонымен бiрге Ақтөбе, Гурьев, қарағанды, қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалiмдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылды.
Алайда, бұл кезде Қазақстанның мәдениетi, әдебиетi, ғылымының одан әрi дамуына 50-шi жылдың басында өзiнiң шырқауына жеткен тотаритарлық социолизм идеологиясы керi әсерiн тигiздi. Әсiресе БКП (б) ОК «Звезда» және « Ленинград » журналдары туралы (1946ж 14-тамыз) қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып бердi. Қазақстан партия комитеттерi де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетiнiң 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгi партия комитеттерiнiң Қазақстан тарихын жазудағы , әдебиет пен өнердегi саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктiк сынды кеңiнен өрiстетiп, БКП (б) ОК идеологиялық мәселелер жөнiндегi қаулыларын сөзсiз орындауды талап еттi.
Бұл кезде орталықта «Ленинградтық iс» , «Дәрiгерлердiң iсi» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың iсi» ұйымдастырылды. Ол iс бойынша Е.Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси – идеялық зияны бар деп табылды. 1950 жылы «Правда» газетi Қазақстан тарихының мәселелерiн маркстiқ - лениндiк тұрғыдан жазу үшiн деген мақаласында оның кiтабын айыптады. Осыдан кейiн тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 – желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады.Тек Сталин өлгеннен кейiн ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан доқарылып, ол 1954 жылы түрмеден босап шықты.
1940 жж. аяғы–50 жж. басында «Бекмахановтың iсi» жалғыз болмады. Республиканың көрнектi қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов және т.б. нақақтан танылған саяси айыптармен жазаланды. Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин. С.Бегалин және басқа белгiлi ғалымдармен жазушылар саяси және буржуазиялық - ұлтшылдық қателiктер жiбердi деп дәлелсiз айыпталды.
Сөйтiп соғыстан кейiнгi жылдарда Қазақстанда пiсiп-жетiлiп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерiстер әмiршiл-әкiмшiл жүйенiң қудалауымен тұншықтырылып тасталды.
1953 жылғы 5-наурызда Коммунистiк партиямен Кеңес Одағының басында отыз жылдан астам отырған И.В.Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейiн елде демократиялық қайта құру процесi қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерiстердiң ықпалымен Кеңес үкiметi шамадан тыс орталықтандыруды босансытуға және одақтас республикалардың шаруашылық саяси - мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбiр шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтiлiп, оның көлемi едәуiр өстi. Атап айтқанда, 1951-1955 ж.ж. өнеркәсiпке жұмсалған қаржының жалпы көлемi 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты.Ал 1956 ж. бастап табыстың кейбiр түрлерi бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбiрек бөлiне бастады.Қазақстан бюджетiнiң шығыс көлемi - 1953-1960 жылдарда жетi еседен аса ұлғайды:434,9 млн. сомнан 3 млрд.53 млн.сомға дейiн жеттi.
Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту, кеңестердiң шаруашылық - ұйымдастыру рөлi мен жауапкершiлiгiн арттыру, олардың елдегi әлеуметтiк экономикалық ахуалды жақсартуға қосатын үлесiн бiраз көбейттi. Бұл кезде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсiптi дамытуға ереше назар аударылды. Соның нәтижесiнде бесiншi бесжылдық (1951-1955жж) iшiнде 200-ге жуық жаңа кәсiпорын салынып, пайдалануға берiлдi. 3218 млн. сомның негiзгi қорлары iске қосылды. Мұның өзi бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан 2,5 есе көп едi. Бұл жылдары республикада Өскемен қорғасын зауыты мен оттегi станциясы, Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаңсорғыш фабрикасы пайдалануға берiлдi. Зыряновск қорғасын комбинатында қорғасын мырыш концентратын, ал Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған мыс өндiру жолға қойылды. Жезқазғанда 5 қуатты шахта және байыту фабрикасы iске қосылды. Шымкент қорғасын зауыты өндiрiс процесi тоқтатылмастан түбегейлi түрде қайта құрылды.
1950-жылдалдың басында бүкiл ел бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындаудың дәрежесi бiршама төмендедi. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау бағасының арзан болуы өнiмдi көп өндiруге ынталандырылмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермедi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң артта қалуының бiр себебi партия органдарының басшылығындағы елеулi кемшiлiктерiнiң салдары едi. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкiндiктерi жете пайдаланылмады. Дәндi дақылдардың шығымдылығы төмендеп кеттi. Тiптi ауа райы қолайлы болған жылдардың өзiнде республика не бәрi 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн. тонна) ғана тауарлы астық өндiрдi. Ал, республикада әсiресе оның солтүстiк және солтүстiк батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егiске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер жатты.
Негізгі әдебиет: [ 8, 13, 15,29, 30 34]
Қосымша әдебиет: [10, 27, 28, 29. 30, 49, 50, 77, 78]
13-ші тақырып ХХ ғасырдың 50- 80-ші жылдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси жағдайы.
1954 жылы КОКП ОК ақпан-наурыз Пленумында елiмiзде азық-түлiк мәселесiн шешу үшiн шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлердi игеру мәселесi қойылды. Оны игеруге Қазақстан кенiнен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерзiмде тың жерлердi игеру есебiнен егiс көлемiн 35 млн. гектарға дейiн жеткiзiлiп, солтүстiк аудандарда жүздеген жаңа поселкiлер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңiрiне жүздеген мың қоныстанушылар келiп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделi де ауыр мiндеттердi шешуiне тура келдi. Қазақстанға Ресей мен Украина, Белорусиядан және басқа республикалардан тыңды жаппай игерудiң бiрiншi кезеңiнде (1954-1956жж) 640 мың адам келдi, бұлардың iшiнде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлерi, 1,5 мыңдай мұғалiм, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлерi және басқалар бар едi. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерiн бiтiрiп келген 66,7 мың адам және Қазақстанның училищелерiнен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс iстеуге жолдама берiлдi. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта бiлiмi бар 2088 адам директор, бас агроном, бүхгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жiберiлдi. 1950-жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық- техникалық негiзi едәуiр нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбаин, 73 мың жүк машинасының және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру астық өндiрудiң жалпы көлемi 106 млн. тоннаға жеттi, осы жылдар iшiнде астықтың жылдық орташа өнiмi – 1949-1953 жылдардың көрсеткiшiмен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдар iшiнде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндiруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесiнде республика әрбiр тұрғынға шаққанда 2 мың кило астық өндiретiн дәрежеге жеттi. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеп салынды. Жаңа темiр жол, тас жол желiлерi тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық куш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге iлгерiлеттi.
Тың және тыңайған жерлердi игерудiң сонымен бiрге үлкен азаптары мен көлеңкелi жақтары болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердiң саны шамадан тыс көбейiп кеттi. Жергiлiктi жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары iрiлендiрген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшiлiгiнде оқу орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Мұның өзi, бiр жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тiлiнен, салт-дәстүрi мен мәдениетiнен қол үзiп мәңгiрттенуiне жол ашса, екiншi жағынан жергiлiктi халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргiзiле бастады. Жер – су аттары орыс тiлiне көшiрiлдi. Мұндай орыстандыру процесiнен халықты республиканың тәуелсiздiгi ғана құтқарды. Бiрақ бұл процесс соның өзiнде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулi бөлiгiн өз ұлтының тiлiн бiлмейтiн шала қазақ күйiнде қалдырды.
Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзiнiң терiс жағын көрсеттi. Бұрын болып көрмеген көлемде жердi жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж Павлодар облысының жеңiл топырақты жерлерiнде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңiл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлердi де қамтыды. 1960 жылға дейiн солтүстiк Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегi Франция сияқты елдiң бүкiл ауыл шаруашылық жер көлемiне тең едi. Рас, сонан кейiн егiншiлiктiң топырақ қорғау жүйесi , жердi қайырмасыз түренмен жырту тәсiлi жасалды. Алайда, эколог мамандар атап көрсеткендей, қазiргi заманғы шаралардың барлығыда қоршаған ортаны қажеттi экологиялық қорғауды қамтамасыз ете алмады. Ол тек экологиялық зардаптарды жеңiлдетедi. Бұл қазiргi экономикалық мәселеде әрине жеткiлiксiз. Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтiрдi. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып малдың саны кемiдi, әсiресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл- село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй iргесiнде көкөнiс егуге тыйым салынып, елде азық-түлiк мәселесiн шиеленiстiрдi. Тың игеру қарабайыр әдiспен жүргiзiлдi. Мұның өзi әр гектарға шаққанда өнiмдi аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде өндiрiлген астықтың бағасы өте қымбатқа түстi. Оны жинауға бүкiл елдiң комбаиншылары , әскери бөлiмдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттерi қатыстырылды.
Сталин қайтыс болғаннан кейiн 50-жылдардың орта шенiнен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистiк заңдылықтарды қалпына келтiруге бағытталған бiрсыпыра шаралар iске асырылды. 1956 жылы ақпан айында өткен партияның XX съезi Сталиннiң жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтiру, iшкi партиялық демократияны өрiстету бағытында жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды құптады. «Жылымық жылдар» деген атпен тарихқа енген 50-жылдардың екiншi жартысынан былайғы кезеңде көптеген игi iс атқарылды.
1950-жылдардың екiншi жартысынан бастап бүкiл елiмiзде, соның iшiнде Қазақстанда iске асырылған экономикалық, әлеуметтiк және идеологиялық шаралар нәтижесiнде дамудың көптеген көкжиектерi ашыла бастады. Бiрақ ол мүмкiндiктер толығынан пайдаланылмай қалды. Оған кiнәлi Н.С. Хрущев бастаған басшылықтың қызметiндегi субъективтiк әдiстер едi. Экономиканы басқару iсi ойдан шығарылған әрекеттердiң ырқына түсiп кеттi. Сол кездегi басшылықтың волюнтаристiк идеялары мен әрекеттерi қоғамның берекесiн кетiре бастады. Өркөкiректiк, жалған уәделермен негiзсiз болжамдар сөзбен iстiң арасын алшақтата түстi. Партияның ХХII съезiнде (1961ж) КОКП-ның жаңа бағдарламасы туралы айта келiп, Хрущев: «бұл коммунизмнiң материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы бұрынғылардан оның өзгешелiгi- ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама» деп мәлiмдедi. Бұл кезеңнiң соңында комунизмнiң базасы жасалып бiтедi, сөйтiп «кеңес адамдарының қазiргi ұрпағы ком-мунизмнiң тұсында өмiр сүретiн болады». Осынау сөздер ондаған млн. кеңес адамдарын шабыттандырып, оларды жан қиярлықпен еңбек етүге шақырады. Хрущев бүгiнгi қиындықтар уақытша, 20 жылдан кейiн кеңес адамдарын тек жақсы өмiр ғана емес, комунизмнiң басталуы күтiп тұр деп дәмелендiрдi.
1960-жылдардың басында өнеркәсiппен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестерi арқылы басқару жүйесiнiң кемшiлiктерi бiрден-бiрге айқындала түстi. Өнеркәсiптi басқаруда халық шаруашылығының кеңестерiнде толып жатқан жаңа бөлiмдердiң құрылуы өнеркәсiп салаларының бөлшектенуiне әкелдi. Өндiрiстi басқарудың жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың формалары мен әдiстерi елдiң өндiргiш күштерiнiң жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесiне дәл келмедi, олардың дамуын тежедi.
Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжiрибелердi оның iшiнде келешегi кем тәжiрибелердi Республикада сынақтан өткiзiп байқап көрдi. Гидропоникалық әдiспен өсiмдiк өсiру, жүгерi егу, т.б. осы сияқты тәжiрибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өттi. Хрущевтың айтуымен республиканың оңтүстiктегi аудандары көршiлес республикаларға берiлдi, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертiлдi. Сөйтiп, Ақмола- Целиноград атанды. Оңтүстiк Қазақстан облысы – Шымкент облысы, ал Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болып өзгертiлдi. Оған Қазақстанда қарсы келетiн ешкiм болған жоқ. қазақ зиялыларының жағымпаз жарамсақтарын шешушi буындарға орналастырып, олар арқылы қазақ халқын мәңгүрттендiрiп орыстың патшаларының отарландыру саясатын санасыздықпен жандандырылған ол қазақтардан бiрыңғай коммунистiк ұлт шығаруды армандады. Хрущевтiң жолсыздықтары мен жөнсiз қылықтарын ашып айтпаса да халық оған наразы болды. Сөйтiп, елдiң экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндiрiстi жоспарлау мен ынталандыру жүйесiн түбегейлi жақсарту қажеттiгi пiсiп- жетiлiп келе жатты, экономикалық мәселелердi шешуге субъективизмдi, волюнтаризмдi жою қажеттiгi барған сайын айқындала түстi. қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берiлген қателiктердi жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шұғыл шаралар алған КОКП ОК - нiң қазан (1964 ж) Пленумы өттi. Пленум Н.С. Хрущевтi КОКП ОК- ның Бiрiншi хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесiнiң төрағасы мiндеттерiнен босатты. Оның орнына КОКП ОК- нiң Бiрiншi хатшысы етiп Л.И.Брежневтi сайлады, ал Кеңес үкiметiнiң басшысы етiп КСРО Жоғарғы Кеңесi А.Н. Косыгинды тағайындады.
Соғыстан кейiнгi төртiншi бесжылдықта Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткiздi. Қазақстан өнеркәсiбi-нiң жалпы өнiмi 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өстi. Егiс көлемi 1 млн. гектардан аса ұлғайды.
Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын - соңды болып көрмеген дәрежеге iлгерiлеттi. Сонымен бiрге, тың және тыңайған жерлердi игерудiң үлкен зардаптары мен көлеңкелi жақтары да болды.
Алпысыншы жылдары Кеңестер Одағы Коммунистік партия Орталық комитеті (алда- КОКП ОК) мен Кеңес үкіметі одақтас республикалардың құқын кеңейтуге бағытталған шараларды жоққа шығарды. Экономика саласында жал-пы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау, ауыстыру, сол сияқты басқа да маңызды мәселелер шағын топтың қолында болды. үкімет билігі партиялық аппаратқа тәуелді болды. Коммунистік партия, оның жергілікті органдары Кеңестер жұмысына қатаң бақылау жасады, шаруашылық, ғылыми, әскери, оқу, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың жұмысын дербес бағыттап отырды.
1962 жылы басқа жерлердегі сияқты Қазақстанда да облыстық партия комитетері өнеркәсiптік және ауылшаруашылық болып екіге бөлінді. Жариялықтың, сынның болмауы әміршіл-әкімшіл жүйені қалыптастырды. Бұл уақытта қоғам дамуында қоғамдық жүйені, оның салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгерту қажеттігін қолдаған және консервативтік екі бағыт күресі жүрді.
КОКП ОК-нің 1964 жылы қазан айында өткен пленумында Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің Бірінші Хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы міндеттерінен босатып, орнына КОКП ОК-нің Бірінші Хатшысы етіп Л.И. Брежневтi, Кеңес үкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н. Косыгинді тағайындады.
1964-1965 жылдары Қазақстанда Халық шаруашылығы Кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы Кеңестері таратылып, салалық-одақтық, республикалық Министрліктер мен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Осы кезде ауыл шаруашылығының пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу, ауылдың әлеуметтік мәселелерін дұрыс шешу, ауыл шаруашылық өніміне сатып алу бағаларын арттыру туралы шаралар жүргізілді. ¤неркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу бағдарламасын іске асыруға айрықша назар аударылды. Ірі кәсіпорындар мен құрылыстарда техникалық прогреске жәрдемдесу жөнінде арнаулы комиссиялар құрылды. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарын жүзеге асыруға басшылық жасады. Нәтижесінде, көптеген кәсіпорындар, мәселен, Қарағандының 2- ГРЭС-і мен Бұхтарма ГЭС-і техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары станцияларға айналды.
Сегізінші бесжылдықты жоспарлау және экономикалық ынталандырудың жаңа тәртібі бойынша Қазақстанда ондаған өнеркәсіп орындары: ¤скемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматы “Жетісу” аяқ киім фабрикасы, Семей шұға комбинаты және басқалары жұмыс істей бастады. Бұл бесжылдық республиканың өндіргіш күштерінің қаурыт дамыған кезеңі болды. 1970 жылы Қазақстанда 18,2 млн. тонна болат, 2,5 млн. тонна қара металдар прокатын, 61,5 млн. тонна көмір, 13,2 млн. тонна мұнай, 2093 млн. текше метр газ, 34,5 миллиард киловат сағат электр қуатын өндірді. Республиканың мұнай өндіретін және химия өнеркәсібі жалпы одақтық маңызға ие болды. Дегенмен, шаруашылық реформасы орталықтың басқаруымен жүргізілді. Соның нәтижесінде, республика өнеркәсібі салалары шикізат өндіру көздеріне айналды. Мысалы үшін, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты Магнитогорск металлургия комбинаты, Төменгі Тагиль металлургиялық зауыты үшін шикізат базасы болды. Қазақстанда шикізат қана өндірілді, ақырғы өнім басқа аймақтарда шығарылды. Сондай-ақ, ауыр өнеркәсіп милитандырылған, яғни әскери өнім шығару басым болды. Республикада ірі өнеркәсіп обьектілерін салуда аймақтың экологиялық жағдайы, жастардан маман кадрларын даярлау, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын арттыру ескерілмеді.
Бұл кезеңде Қазақстанда өнеркәсіптің қарқынды дамуы жаңа қалалардың пайда болуына (Рудный, Ақтау) және жұмысшылар санының өсуіне ықпал етті. Республикадан тыс жерлерден Қазақстанға келуші адам толассыз болды. 1965-1970 жылдардың орта шенінде еліміздің халық шаруашылығына басқа республикалардан 115000 адам келді. Ал, жалпы 1960 жылдары Қазақстандағы халықтың әлеуметтік құрылымында едәуір айтарлықтай өзгерістер болды. Бүкілодақтық халық санағының мәліметтері бойынша 1970 жылы 15 қаңтарда республикада 13 млн. астам адам болған, олардың қалаларда 51%, селолық жерде 49% тұрды. Орыстар халықтың 42,2 %, қазақтар 32,6 %, украиндар
7,2 % қамтыды. Басқа жақтан халықтардың көптеп келуімен байланысты республикада қазақ халқының саны азайып кетті. Ол республиканың демографиялық әлеуметтік жағдайына және ұлттық тілдің жойыла бастауына ықпал жасады. 1970 жылы 3,4 млн. астам жұмысшы болды.
Негізі, 1960-1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары республикада 87700-ға жетті. Ауыр индустрияның басым өркендеуінің нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының қатарында машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдары, отын өнеркәсібінің еңбеккерлері жетекші орын алды. Сол сияқты жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобын құрады.
Әсiресе жұмысшылардың саны 1973 ж. 44,4% -ке көтерiлдi. Әйелдердiң еңбегi дәстүрлi жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында кеңiнен қолданылды. Қазақстан жұмысшы табының ұлттық құрамы да өзгердi, бiрақ өнеркәсiпке қазақ халқының өкiлдерi өте нашар тартылды. Осының салдарынан 17,4% -тен 11,7%-ке кемiдi. ұлттық кадрлардың көпшiлiгi мұнай өндiруде 36,7%, баспаханада 27,8%, тамақ өнеркәсiбiнде 20,3%, ағаш дайындауда 28,8% жұмыс iстедi. Жұмысшы қазақтардың үлес саны энергетикалық машина жасауда 1973 ж. 2,2% , прибор жасауда 4,7%, электротехника өнеркәсiбiнде 6,6 %, тоқыма 13,6%, тiгiн өнеркәсiбiнде 15,7% төмендедi. қазақ жұмысшылырының аз болуының басты себебi: жоғарғы басшы органдар жергiлiктi халықтан маман кадрлар даярлауға қамқорлық жасамады. Олар жұмысшы күшiн сырттан алғызуды жөн тапты. Әрi сырттан келгендердiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын жергiлiктi халық есебiнен шешпек болды. Сондықтан, бұл тұрғылықты халық пен келушiлер арасында ұлтаралық қатынастардың шиеленiсуiне әкелдi. Мұның барлығы әкiмшiл-әмiршiл жүйе салдары нәтижесiнде болды.
Қазақстанда астық және мал шаруашылығы бағытындағы совхоздардың саны сегiзiншi бесжылдықта 1521-ден 1625-ке дейiн артты. Сонымен қатар, республикада 1970 жыл соңында ғылыми-зерттеу институттары жанында 88 тәжiрбиелiк, эксперименттiк, оқу және басқа совхоздар, мал салмағын арттыруға бағытталған 104 совхоз болды. 1967 жылы сәуiр айындағы КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесiнiң “Совхоздар мен өзге мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын толық шаруашылық есепке көшiру туралы” қабылданған қаулысынан соң Қазақстан бойынша совхоздар /586/ толық шаруашылық есепке көшiрiлдi. Бұл жағдай совхоздардың рентабельдiк деңгейiн едәуiр көтердi. Бесжылдық жылдарында республика совхоздарында 1 млн. iрi қара малға , 8,5 млн. қойға, 700 00-ге жуық құс, 635 000 шошқа өсiретiн орындар салынды. Бiрақ, ауыл шаруашылық реформаларын жүзеге асыру интенсивтiлiктен экстенсивтiлiкке көштi. Соның салдарынан жоспарланғандай жоғары көрсеткiштерге толықтай жету мүмкiн болмады.
1964-1971 жылдары республиканың барлық өнеркәсiптi қалаларында, мәселен, Өскемен, Шымкент, Жамбыл, Алматыда ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. 1948 жылы КСРО Министрлер Кеңесiнiң қаулысы бойынша 3 облыстың: Семей, Павлодар, қарағандының түйiскен жерiне ядролық полигон салынған болатын. Бұл аудан тұрғындары радияциялық сәулеге шалынды. Ал, КСРО Денсаулық Министрлiгi бұл аймақта дәрiгерлiк тексеру жүргiзуге тыйым салды. Радиацияға ұшыраған адамдардың денсаулық жағдайын iшнара зерттеу тек 1962 жылдан қана басталды. 1969-1970 жж. Маңқыстау облысында да жасырын жер астында 3 рет ядролық жарылыс жасалды.
Н.С. Хрущевтiң “жылымық” кезiнен соң 1964-1971 жылдар Қазақстан үшiн дағдарыс кезеңi болды. Оның басты себептерi: біріншіден, коммунистiк идеологияның үкiмет басқару iсiнде доминантты болуы, екіншіден, экономикалық реформаларды бiлiктi арнайы маман жетекшiлерi емес, партия қызметкерлерiнiң басшылық жасауымен жүзеге асырылды, әшіншіден, республиканың өнеркәсiп дамуы тек шикiзаттық бағытта дамыды және қазақ жұмысшыларының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайы қажеттi деңгейде шешiлмедi, төртіншіден, ауыл шаруашылығы даму бағыты экстенсивтi сипатта болды, әрi ауыл адамдарының дiнi-қазақтардың еңбегi тиiсiлi бағаланбады, бесіншіден, Қазақстан сынақ алаңына, ал халқы эксперимент обьектiсiне айналып, экологиялық дағдарысқа ұшырады.
Әрi бұған жергiлiктi партия және үкiмет басшылары тарапынан қажеттi шаралар жүргiзiлмедi, ал Орталық бұл мәселенi мүлде көтермедi. Нәтижесiнде, Қазақстан әлеуметтiк-экономикалық дағадарысқа ұшырап, қазақ халқы бейбiт күнде шығынға ұшырады.
Жоспарлы экономика, оның экстенсивті бағыт алуы, әкімшіл-әміршіл жүйенің үстем болуы жетпісінші жылдардың басында КСРО бойынша тоқырауға әкелді. Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдениет салаларында жалпы қоғамда айқын көрінді. Осы кезеңде Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартсына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақ үшін Қазақстан шикізат орталығы болды. ¤ндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда республика өнеркәсіп саласы артта қалды.
Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгерту жиі кездесті. Мәселен, 1981-1985 жж. Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомствалардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Сол сияқты өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу жүйесіз жүргізілді. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды. 80-жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартсынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды.Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ал, аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығына өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады, сондай-ақ, село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды. Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрылымында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1985 жылы республикада 2140 совхоз, 388 колхоз болды.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, оған қажетті жер алқаптары ұлғайтылды. Дегенмен, мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. 1976 ж. 575 000 бас ірі қара мал, 418 000 шошқа, 1,7 млн. астам қой өсірілді.
Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың бірінде болған республика жыл сайын сырттан миллиондаған тонна астық сатып алды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі жүргізілген жоқ.
Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады, қайта зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты. 1970 ж. ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26 %, колхоздардың 4 %, 1985 ж. совхоздардың 26 %, колхоздардың 49 % зиянмен жұмыс істеді.
Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы ізденістер басшылық органдар тарапынан қолдау тапқан жоқ. Ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауында болды, нәтижесінде дағдарысқа ұшырады.
1970-1980 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірқатар істер атқарылды, республика жұмысшылар мен қызметшілерінің орташа айлық табысы едәуір өсті. 1971 ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, 1975 жылы Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Бірақ, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. ¤йткені, мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. инфляция 20 % өсті.
Бұл кезеңде индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтірілді. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп шығарудан соң Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Бұрынғы жағасынан 60-120 км. қысқарды. Құрғаған жерлерден құм, тұз көтеріліп, осы өңірдегі халыққа әсер етті. Ересек халық пен бала өлімі көбейді.
Бұл жылдары мәдениет саласының материалдық-техникалық негізін нығайтуда бірқатар жұмыстар істелді. ІХ-Х бесжылдық кезінде жаңа баспалар құрылды. “Қайнар”, Қазақ Совет Эциклопедиясы, “Жалын”, “¤нер” баспалары. 70-80 жж. 5 томдық “Қазақ ССР тарихы”, 10 томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” тағы басқа іргелі еңбектер жарияланды. 1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді.
46 Жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны жұмыс істеп, оларда 416 000-дай студент білім алды. Студенттерді 160 мамандық бойынша әзірледі.
1960-1980 жж. І.Есенберлин,Ә. Нұршайықов, М.Мақатаев, О.Сүлейменов, М. Шаханов және басқа қазақ әдебиетшілерінің шығармалары жарық көрді. Бірақ, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени даму жақтарына да әсерін тигізді. Жалпы, бұл кезеңде тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеологияда да, экономикада да, қоғамдық-саяси өмірінде де орын алды. Осылайша сексенінші жылдар тарихта саясат пен экономика жағдайының дағдарысқа ұшырағанымен белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |