БАҒдарламасы syllabus 1 Оқытушылар туралы мәліметтер



бет5/12
Дата02.10.2019
өлшемі1.09 Mb.
#447111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
История Казахстана УМК Торгаева


I. Мемлекет қалпы. Россия демократическая, Федеративная республика болу... Федеративная Республика hәм қайсысы өз тізгінін өзі алып жәреді.

II. Жергiлiктi бостандық. қазақ жүрген облыстардың бәрi бiр байланып, өз тiзгiнi өздерiнде болып, Россия республикасының Федерациялы бiр ағзасы болу... “Алаш” партиясы ғадiлдiкке жақ, нашарларға жолдас, жәбiрлерге жау болады...

III. Негiзгi құқық. Россия Республикасында дiнге, қанға қарамай, еркек –әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кiтап бастыруға еркiншiлiк...

IV. Дiн. Дiн iсi мемлекет iсiнен айырылулы болуы. Дiн бiткенге тең құқық... муфтилiк қазақта өз алдына болу...

V. Билiк hәм сот. Әр жұрттың билiк пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би hәм судья жергiлiктi жұрттың тiлiн бiлу... қазақ көп жерде сот тiлi қазақ тiлi болу...

VI. Ел қорғау. Кл қорғау үшiн әскер осы күнгi түрде болмау. Әскерлiк жасына жеткен жастар жерiнде үйретiлiп, жерiнде қызмет ету... Әскерлiк қызметiн қазақ атты милиция турiнде атқару.

VII.Салық. Хал-ауқат, табысқа қарай: бай-байша, кедейге- кедейше ғадiл жолмен таратылу.

VIII. Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болу... “Алаш” партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевиктiк тобының программасын жақтайды.

IX. Ғылым-бiлiм үйрету. Оқу орындарының есiгi кiмге де болса ашық hәм ақысыз болу, жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тiлiнде оқу, қазақ тiлiнде орта мектеп, университет ашу, оқу жолы өз алды автономия түрiнде болу, үкiмет оқу iсiне кiрiспеу...

X Жер мәселесi. Учередительное собрание негiзгi закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергiлiктi жұртқа берiлсiн деу, қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жерiне ауған мұжық келмеуi бұрын алынған жерлердiң мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Екінші Бүкілқазақ сьезі болды. Оның жұмысына Қазақстанның барлық жерлерінен делегаттар қатысты. Ұйымдастырушылар Ә.Бөкейханов, Е.Омаров, С.Дощанов, М.Дулатовтар болды. Сьезд төрағасы Б.Құлманов болды. Күн тәртібінде мынадай мәселелер болды: Сібір, Түркістан автономияларына және оңтүстік-шығыс одаққа қарым-қатынас, қазақ облыстарының автономиясы, милиция, ұлттық кеңес, білім беру, ұлттық қор, муфтилік, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік мәселесі. Сьездің басты мәселесі қазақ автономиясын құру болды. Автономия туралы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады және қазақ автономиясы туралы мәселе ерекше комиссияның қарауына берілді. Комиссия атынан Х.Ғаббасов сөз сөйлеп, сьезд қазақ облыстарының автономиясын құру және оны “Алаш” деген ат беру туралы қарар қабылдады. “Алаш-Орда” уақытша халықтық кеңесі құрылды, орталық болып Семей қаласы алынды. үкіметтің басшысы – Бүкілқазақтық халық кеңесі төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Алаш-Орда лидерлері Кеңес өкіметімен байланысқа түсті, Х. және Ж. Досмұхамедовтер В.И.Ленин мен И.В.Сталинмен кездесті, Х.Ғаббасов И.В.Сталинмен сөйлесті. Олар Кеңес өкіметі мен Алаш автономиясын қатар мойындатуға тырысты. Бірақ бұлай болмады. Сонда Алаш – Орда лидерлері атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай сьезі Комитетімен, Омскдегі Уақытша Сібір үкіметімен байланыс орнатты.

Оңтүстiк Оралда қызылдардың Жангелдин құраған Уфалық отрядi П.Кобозев пен С.Павлов отрядымен бiрлесiп, 1918 ж. 18 қаңтарында Орынбор қаласын басып алады. Дутовпен бiрге Орынбордан бiрыңғай қазақ автономиясын құрып үлгiре алмаған алашордашылар да кетедi, Алашорданың күш-қуаты бөлiнiп –жарылады: оның Шығыс бөлiмi деп аталған бөлегi Семей түбiндегi Алаш қаласына (Жаңа Семей) көшедi, екiншi бөлiгi Орал облысының Жымпиты қаласына орналасады (бұл –Батыс бөлiмi немесе Ойыл уәлаяты), үшiншi бөлегi Жетiсу облысында iске кiрiседi. Жағдай осылай болып тұрғасын, Алаш партиясының басшылығы Орталық Совет үкiметiмен және оның жергiлiктi орындарымен байланыс жасауға лаждың жоғынан көнедi. Ә.Бөкейханов, Ленинмен және ұлттар iстерi жөнiндегi Халық Комиссары Сталинмен кездесуге Мәскеуге Халел мен Жаханша Досмұхамедовтарды жiбередi, ал Халел Ғаббасов Ә.Бөкейхановтың тапсыруымен 1918ж. 20 наурызында телеграф арқылы Сталинмен сөйлеседi. Орталықтың болашақ автономияның мәдени мұқтажына материалдық көмек көрсету жөнiндегi уәдесi, бүкiл қазақтық құрылтайды шақыру және өлкеде азаматтық бiтiмге келу туралы ұсынысы – осынау қимылдың қорытындысы едi.

Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бiрi 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкiмшiлiк орталығы Орынборда қалыптасты, мұнда Орынбор казактары әскерiнiң атаманы Дутов Кеңес өкiметiн құлатып, Кеңестердiң Бүкiлресейлiк сьезiнiң делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитеттi тұтқынға алады.Кеңес өкiметiмен күресудiң қарулы орталығы Жетiсуда да болды, 1917 ж. 1 (13) қарашасында Жетiсу казактары әскерiнiң әскери кеңесi Әскери үкiмет дегендi ұйымдастырады. Верныйға (қазiргi Алматы) кеңес үкеiметiне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлерi мен юнкерлер жиналады. Қазақ даласында Кеңес өкiметiн орнату жолындағы күрес жүрiп жатты. Соның нәтижесiнде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейiн Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкiметi орнады. Ресейдiң орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшiн Ә.Жангенлдин, В.Чемарев, П.Кобозев секiлдi төтенше комиссарлар келдi. қазақтар арасынан Ә.Майкөтов, Б.Серiкбаев, С.Сейфуллин, Т.Бокин, О.Жандосов, А.Иманов, Ә.Әйтиев сыиқты күрескерлер шықты. Басқа ұлт өкiлдерi К.Шугаев, П.Салов, П.Виноградов, С.Журавлев, Л.Емелев, Я.Ушанов, А.Розыбакиев, В.Зинченко, П.Басов, И.Дубрыниндер бар.

Кеңес өкiметi жеңгеннен кейiн Өкiмет билiгi жұмысшы, солдат депутаттары Кеңестерi арқылы жұмысшы, шаруалардың қолына өте бастады. Шiркеу мемлекеттен, мектеп шiркеуден ажыратылды, бүкiлодақтық Орталық Атқару Комитетiнiң жарлығымен адамдардың сословиеге бөлiнуi, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеулiгi, сословиелiк мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды. Облыстық, уездiк, болыстық Кеңестердiң жер, азық-түлiк, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлiмдерiнiң жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар iске асырылды. Төңкерiске қарсы күрес жөнiндегi төтенше комиссия, милиция құрылды. Кеңес өкiметi iшкi және сыртқы жаулардан қорғану үшiн Кеңес республикасының қарулы күштерiн құру мәселесiне көңiл бөлдi. 1918 жылы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерiн құру жөнiндегi үкiметтiң нұсқауына сәйкес елде әскери бөлiмдер құрыла бастады. Кеңес өкiметiнiң жарлықтары негiзiнде фабрика, зауыт, банктердi национализациялау iске асырылды. Казак-орыстар Гурьевте бүлiк шығарды. 28-29 наурызда ак казактар Оралда төңкерiс жасады. 1918 жылы мамырдың аяғында Антанта елдерiнiң көмегiмен Сiбiрдегi Чехословак корпусының офицерлерi бүлiк шығарды. Олар Новосибырск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстiк Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, қостанай, Семей қалаларын басып алды. Қазақстанда Ақтөбе майданы құрылды, оған 1918жылы Ә.Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеуден қару-жарақ пен оқ-дәрi жеткiздi. 1919 жылы Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстiк аудандарында, ал Чапаев бастаған отрядтар Оңтүстiк-батыс аудандарында соғыс жүргiзiп, Колчак әскерлерiнiң Деникин әскерлерiмен қосылуына жолбермей, соққы бердi. Колчак армиясының жеңiлуi, солтүстiк-шығыс Қазақстанның азат етiлуi Орал майданының жойылуына септiгiн тигiздi. Осының нәтижесiнде Түркiстан майданының әскер бөлiмдерi Солтүстiк Жетiсуға жеткiзiлiп, қарсылық басылды.

1918-1920 жылдарда шетел басқыншылары мен елдiң iшiндегi төңкерiстi жақтайтын күштердiң қарсылығы жеңiлгенен кейiн, Қазақстанда экономиканы қалпына келтiру, мемлекеттiк құрылысты нығайту жұмыстары жүргiзiлдi. 1919 жылы 10 шiлдеде РКФСР Халық комиссарлары Кеңесi “қырғыз Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” жарлық қабылдады. Орынбор қаласы қазақ АКСР-iнiң алғашқы астанасы болды.

1920 жылы 4 қазанда Орынборда алғашқы Қазақстан Кеңестерiнiң құрылтай сьезiнде Орталық Атқару Комитетi (төрағасы С.М.Меңдешев) және Халком Кеңесi сайланды. Сьезд “қырғыз (қазақ) АКСР-i еңбекшiлерi құқықтарының декларациясын” қабылдады. Онда қазақ АКСР-i РКФСР-дың құрамына кiретiн жұмысшылардың, еңбекшi қазақ халқының, шаруалардың, казактарының және қызыл әскер депутаттары кеңестерiнiң автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлiмдедi.

Азаматтық қарсыластық жылдарындағы басты-басты оқиғалар: Алаш партиясының құрылуы мен қызметi, Бiрiншi және Екiншi жалпықазақ сьездерi, Алаш партиясының бағдарламасының жариялануы, қазан революциясы кезiндегi Қазақстан, азамат соғысы, қазақ АКСР iнiң құрылуы мәселелерi көтерiледi. Аталған тарихи оқиғалардың қазақ қоғамына әсерi ашылады.


Негізгі әдебиет: [ 6, 12, 15, 30, ]

Қосымша әдебиет: [ 5, 6, 7, 8, 13, 16, 18, 26, 38, 40, 48, 49, 50, 58 ]
11-шы тақырып. ХХ ғасырдың 20 -30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы
Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: тоталитаризм, әкімшіл – әміршілдік жүйе, тоталитарлы мемлекет, бір партиялық жүйе, террор, экономикалық күштеу, экономикалық автаркия, мемлекеттік жоспарлау, тоталитаризмнің түрлері: оңшыл немесе ұлтшылдық бағыт, солшыл немесе таптық бағыт, діни немесе ислам фундаментализмі, “Кіші Қазан” идеясы, тәркілеу, жерге орналастыру, ұжымдастыру, отырықшыландыру, идеялық күрес, “сәдуақасовшылдық”, “қожановшылдық”, “сейфуллиншілдік” және басқа да “шылдықтар”. Алаш зиялыларын қуғын – сүргінге салу кезеңдері, әліппе реформасы, “құпия” хаттар, бюрократ, геноцид, “демократия”, диктатор, оппозиция, интернационализм, ұлтшылдық, шовинизм.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО, Италия, Германия, Испания және Шығыс Европаның бірқатар елінде бір – біріне өзіндік ұқсастығы бар саяси жүйе орныға бастады. Кейінірек Азияның бірнеше мемлекеттері осы жүйеге қосылды. Қалыптасып келе жатқан саяси жүйе халықтың дәстүрлі дамуына қоғамдық өзгерістер енгізуді мақсат етті. Жаңа жүйе халықты “тоқшылыққа, жайлы да жақсы өмірге” жеткізуі тиіс еді, алайда орныққан саяси жүйе террор мен қуғын – сүргінге, дүниежүзілік соғыстарға алып келді.

Әлемнің әр түпкіріндегі елдердің қоғамдық – саяси өмірінде қалыптасып келе жатқан жүйе “тоталитаризм” деп аталып, сипаттама беріле бастады. “Тоталитаризм” термині алғаш рет Италияда қолданысқа енді. 20-жылдардың басында Дж.Амендола мен П.Гобеттидің бір партиялық фашистік жүйе жөніндегі пікірін Муссолини сынға алып “тоталитаризм” деп атады. Уақыт өте келе Муссолини өз мақсаттарын жүзеге асыруда бір кездері өзі сынға алған отандастары идеясын жалғастырды. Германияның ұлтшылдық бағыттағы басшылары да өз мемлекеттерін “тоталитарлық мемлекет” деп атады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары итальян және неміс антифашистері Италиядағы фашистік режим мен Германиядағы ұлтшыл – социалистік қозғалысқа қатысты да “тоталитаризм” терминін қолданды. 20 – жылдардың соңына қарай Кеңестер Одағындағы саяси жүйе де осылай атала бастады.

Мерзімді басылым беттеріндегі саяси публицистикада / В.Гуриан (1931), М.Лернер (1935), Т.Кон (1935), К.Хаес (1940), Ф.Боркенау (1940) және С.Нойман (1942) / жиі ұшырасатын “тоталитаризм” термині 30-жылдардың соңына қарай Батыстағы ғылыми әдебиетке ене бастады. 1939 жылы Американың философтар қоғамы бастамасымен өткізілген симпозиумда “тоталитаризм” ұғымына ғылыми түсінік беруге талпыныс жасалды. Баяндамалардың бірінде: “Батыстағы барлық тарихи өркениеттерге қарсы көтеріліс” деген анықтама берілді. Дж. Оруэлл “Скотный мир” (1945), К.П.Поппер “Открытое общество и его враги” (1945) еңбектері, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фашистік режимнің күйреуі, жер шарындағы мемлекеттердің социалистік және капиталистік болып екі лагерьге бөлінуі және “қырғи – қабақ” соғыстың басталуы “тоталитаризм” ұғымын теориялық жағынан жетілдіре қайта зерделеу қажеттігін байқатты. Елуінші жылдары Х.Арендтің “Тоталитарная диктатура и автократия” (1956) деген еңбектері шықты. 1952 жылы АҚШ – да осы мәселеге орай арнайы ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға қатысқан ғалымдар тарапынан “тоталитаризм” ұғымын әлеуметтік және саяси жағынан жаңаша сипаттай келе “тоталитаризмді жабық қоғам деп атауға болады, онда барлығы – бала тәрбиесінен бастап шығарылған өнімге дейін бір орталықтан бақыланып отырады” деген тың тұжырымдар жасалды. Қоғам мен ондағы адамдардың үстінен тотальды бақылау жасаудың ерекшеліктері жөнінде ғалымдар бүгінгі күнге дейін зерттеулер жүргізіп тоталитаризмнің мәні мен мазмұнын ашуға ұмтылуда. Тоталитаризм тақырыбында жазылған еңбектердің библиографиялық көрсеткішінің өзі қалың томнан тұрады.

Ғалымдар шынайы демократиядан алшақ тұрған тоталитарлық жүйенің мынадай белгілерін атап көрсетеді:

• мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатуға ұмтылады;

• халық саяси биліктен шеттетілген;

• мемлекет экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, дін және адамдардың жеке өмірі мен іс – әрекетіне толық бақылауын орнатты;

• қоғамдық қатынастарға, адам құқығына шектеулер қойылды;

• мемлекеттік билік бюрократтық тәсілге сүйенеді, жоғарғы орындағылар өз ара “құпия” іс – әрекетке көшіп, халық олардың шынайы қызметінен бей хабар болады;

• басқарудың негізгі әдістері: күштеу, зорлық-зомбылық, террор;

• бір партия үстемдік етеді, оппозициялық бағыттағы ой – пікірлерге тыйым салынады;

• азаматтардың құқығы мен еркіндігі деклоративті сипатта, яғни қағаз бетіне жазылғанмен іс жүзінде шектеулер қойылады немесе орындалмайды;

• экономика саласында ірі меншік иелері: қауым, монополист, мемлекет болуы мүмкін;

• азаматтардың ой еркіндігіне шектеулер қойылып, бір идеологияға бағындырыды;

• мемлекеттің қуғын – сүргіндерді ұйымдастырушы органдары жұмысына қоғамның басқа мүшелері араластырылмайды, бақылау қойылмайды;

• құқықтық мемлеет және азаматтық қоғам белгілері болмайды;

• мемлекеттік билік халықтың ой-пікірін ескермейді, демократиялық механизмдерге, талаптарға қарама – қайшы іс-әрекеттерге барады / Марченко М.Н., Лунгу П.Ф. Основы государства и права в вопросах и ответах. М., 1995 /

Мәдени революцияның маңызды міндеттерінің бірі халық арасында сауатсыздықты жойып, жалпыға ортақ оқуды енгізу болды. БОАК-тың 1918 жылғы 16 қазандағы «Бірыңғай еңбек мектептері тіралы» Ережесі, РКФСР Халық ағарту комиссариатының 1918 жылғы 31 қазандағы «Ұлттық азшылық мектептері туралы» қаулысы, В.И.Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда қол қойған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» декреті осы шараға мемлекеттік сипат берді.

1917 жылдың қазанынан кейін Қазақстанда жаппай сауатсыздықпен күрес және халыққа білім беруді дамыту мәдени өзгерістердің басты бағыты болып саналды. Сауатсыздықты жою жұмысының мақсаты мен міндеттерін, оның мазмыұнын қалалар мен ауылдардағы ересектер арасындағы сауатсыздықты жою бойынша курстар ұйымдастыру туралы Түркреспубликасы Халық ағарту комиссариатының Ережесі (26 шілде 1918 ж.) және Түркреспубликасы Кеңесі ОАК-нің ересектер арасында міндетті оқуды енгізу туралы Декреті (3 желтоқсан, 1919 ж.) барынша айқын белгілеп берді. Бұл қос құжат хронологиялық жағынан Орталық Үкіметінің негізге алынатын құжаты РКФСР халқыныңарасында сауатсыздықты жою туралы ХКК-нің 1919 жылғы 26 желтоқсандағы Декретінен бұрын шықты.

Қазақ жазуының араб қарпінен латын қарпіне ауысуы. Орыс жазуы негізінде жаңа әліппенің енгізілуі. Сауатсыздықты жою міндеті қазақ тілінің орфографиясы және алфавиті туралы мәселені шешуді талап етті. Республика алдынан Қазақ жазуының араб қарпінен латын қарпіне ауысуы. Орыс жазуы негізінде жаңа әліппенің енгізілуі шыққан қиыншылықтардың бірі-қазақалфавиті болды. 1920 жылдары қазақ алфавитін араб графикасымен белгілейтін еді.

Араб графикасы қалың еңбекші бұқарасы үшін қысқа мерзімде игеруге ауыр деп есептеліп, бірқатар ғалымдар оның орнына латын жазуын пайдалануды ұсынды. РСФСР- дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрды. Бұл комиссия үш проблема бойынша жұмыс жасады:

1. Жазуы жоқ халық үшін жазу жасау;

2. Өз жазуы бар халық үшін латын қарпіне көшу;

3. Түркі жазуын реформалау.

1926 жылы наурыз айында 1-Бүкілодақтық түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латынға көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне ҚазАКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынов қарсы болды. Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.

Араб алфавитін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдану - ұлттық мәдениетті күйретеді деп мәлімдеді. Олар Қазақстанда еуропалықтарға тән жаңа алфавитке көшу әлі пісіп-жетілген жоқ деп есептеді.

Алайда Кеңес елі басшылары республика өкілдерінің пікірімен есептеспеді. Жаңа алфавит жасау жөнінде комиссия құрылып, ол 1928 жылы күзде латын негізінде қазақ алфавитінің жобасын ұсынды. Латын графикасы, еуропалық жазу жүйесі сияқты елдегі түркі тілдес халықтардың ұлттық сезіміне бейтараптық әкелді. Себебі ол кезде орыс алфавитін тану отаршылдықтың бір белгісі ретінде қабылдануы мүмкін еді. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады. Сөйтіп, латын араб алфавитін ығыстырып шығарды.

1940 жылы латын қарпі орысшамен ауыстырылды. Осы жылы кириллица негізінде жаңа қазақ алфавитінің жобасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмысты өз кезінде Ы.Алтынсарин бастаған болатын. Жоғарғы Кеңестің 1940 ж. 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізінде жаңа алфавитке көшіру туралы» заң қабылданды.

Ең бастысы 1928 жылдан бастап мал басының күрт азаюы байқалып, мал шаруашылығында үрейлі жағдай қалыптасты. Мал басы кемуінің себептері әр түрлі еді: 1929-1930 жылдардың қысындағы мал басы бір бөлігінің жұтқа ұшырауы, астық тапшылығы салдарынан етті тұтыну мөлшерінің өсуі, астық дайындауды орындау қажеттіліктерінен туған малдың сатылу көлемінің ұлғаюы, жылдан-жылға ет дайындау жоспарының өсуі, бай-кулактардың малды қыру сияқты шараларының орын алуы, қоғамдастырылған малдардың жем-жөппен толық қамтамасыз етілмеуі салдарынан едәуір бөлігінің шетінеуі т.б. Кеңес мемлекетінің осындай солақай саясатының салдарынан ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал болса, 1933 жылғы 1 қаңтардың қарсаңында небәрі 4,5 млн. бас мал ғана қалды. Сөйтіп мал басы толықтай шығынға ұшырады

20- 30 жылдардағы Қазақ жзушыларының шығармалары социаличстік реализмге сай келмеді деп қудалауға ұшырады. Солардың бірі Мағжан Жұмабаев, Ж.Аймауытов.

Саяси лирика шығармаларын жазған Міржақып Дулатов

ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Қазақстандағы қасірет. Асығыс жүргізілген отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде тұрақты баспаналар мен мал қоралар және жемшөп жетіспеді. Қыс айларында жүздеген киіз үйлерден көшелер жасап, оған кеңес өкіметінін «көреген басшыларының» есімдерін беру жаппай сипат алды. Жемшөпсіз бір жерге шоғырланған мал жаппай қырыла бастады. Ұжымдастыру барысында, сонымен бірге көптеген адамдар өздерінің адал малын ортақ қазанға салғаннан гөрі сойып тастағанды жөн көрді. Осы жылдары бүкіл ел көлеміндегі ауыл шаруашылық өнімдерін қамтамасыз ету жөніндегі қиыншылықтарға байланысты ет пен астыққа салық мөлшері де бірнеше есе өсті. Салық жинау зорлық-зомбылықпен, күштеп тартып алумен қатар жүргізілді. Тіпті, қыс айларында қосымша жүн салығы енгізіліп қой қырқымы жүргізілді, осының нәтижесінде мыңдаған қойлар суықтан қырғынға ұшырады.

Бұрынғы Кеңестер Одағындағы тоталитарлық жүйенің де өзіндік қалыптасу ерекшеліктері болды. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің ерекшеліктеріне келетін болсақ: КСРО – ғы он бес одақтас республиканың бірі болған Қазақстанда да осы жүйе орнықты, дәлірек айтсақ орнықтырылды. Коммунистік партия мүшелері идеялық жағынан біркелкі, саяси мәселелер жөніндегі көзқарастары, ой-пікірлері бір жерде тоғысып жатуы тиіс болды. Партия мүшелерінің бәрі тең кұқықты болған жоқ. Партия мүшелерінің тең құқықтығы партия құжаттарында айтылғанмен , төменгілер партияның жоғарғы органдарындағы көсемдерінің көзқарасын ұғынып істі жалғастыру дәстүрлі қалыптастырылды. Партияның басшылық рөлі алғашқыда социализм құрудағы қажеттіліктен туындаса, уақыт өте келе билікті толық қолға алған соң тоталитарлық жүйенің асыра сілтеулерін ақтап қалуға қажет болды. Төңкерістен кейін орнаған билік – жұмысшы мен шаруалар табының билігі деп ұрандалғанымен, шын мәнісінде партиялық билік орнады. Лениннің көзі тірісінде негізі қаланған тоталитарлы бюрократтық жүйені Сталин толық орнатты. Ол Ленин орнатқан партиялық билікті сақтап қалды. Ленин іліміне қосқан Сталиннің жаңалығы партия мүшелері арасындағы “идеялық бірлік” мәселесі болды. Партия мүшелері арасындағы “идеялық бірлік” бұлжымас заңға айналды. Бұл идея қоғамдық – саяси өмірді ғана емес қоғамның барлық саласын оның ішінде рухани мәдени өмірді, ғылым – білімді қоса қамтыды. “Басқа бағытта ойлаушылармен” ымырасыз күрес жүргізіліп, соңы саяси қуғын – сүргіндерге ұласты. Идеялық бірлік коммунистік жаңашылдық емес, қайта қоғамға құрылған қақпан болды. Партияның идеялық бірлігі – жеке дара биліктің негізін салып берді. Идеяны тудыратын шығармашылық тұлға біреу /яғни көсем – Д.М./, алайда ол идея тұтас партия атынан ықпал етті. Ал, “көсемнің” ақыл – ой деңгейіне үңіліп қарау, пікір айту күнә саналады. Қазақстандағы қоғамдық – саяси ахуал орталықтағы атқарылып жатқан іс – әрекеттің көшірмесі болды. Оны жүзеге асырған Қазақстандағы партия жендеті Ф.Голощекин болатын. Шынайы демократиядан алшақ тұрған тоталитарлық жүйе мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатуға ұмтылды. Халық саяси биліктен шеттетілді. Қарапайым халықтың саяси санасында билік басындағылар мен халықтың “бірлігі”, “ынтымағы” деген жалған қағида қалыптасқандықтан, бұқара саяси биліктен қалай аласталғанын аңдамай да қалды. Мемлекет экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, дін және адамдардың жеке өмірі мен іс-әрекетіне толық бақылауын орнатты.

Қоғамдық қатынастарға, адам құқығына шектеулер қойылды. Мемлекеттік билік бюрократтық тәсілді қалыптастырды. Жоғарғы орындағылар өз ара “құпия” іс-әрекетке көшіп, халық олардың шынайы қызметінен бей хабар болады. Мұрағат қойнауынан Сталин мен Голощекин, Голощекин мен Қазақстанның әр аймағындағы партия белсенділері арасындағы “құпия” құжаттарды көптеп кездестіруге болады. Басқарудың негізгі әдістері: күштеу, зорлық – зомбылық, террор түрінде болды. үстемдік еткен бір партиялық жүйе оппозициялық бағыттағы ой-пікірлерге тыйым салды. Азаматтардың құқығы мен еркіндігі деклоративті сипатта, яғни қағаз бетіне жазылғанмен іс жүзінде шектеулер қойылды немесе орындалмады. Экономика саласында ірі меншік иесі мемлекет болып табылды, жеке меншікке тыйым салынды. Азаматтардың ой еркіндігіне шектеулер қойылып, бір идеологияға бағындырылды. Мемлекеттің қуғын – сүргіндерді ұйымдастырушы органдары жұмысына қоғамның басқа мүшелері араластырылмады. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам белгілері болмады. Мемлекеттік билік халықтың ой-пікірін ескермей, демократиялық механизмдерге, талаптарға қарама-қайшы іс-әрекеттерге барады.

Сонымен бұрынғы Кеңестер Одағында оның ішінде Қазақстанда да тоталитарлық жүйенің орнауына патшалық билік кезінде де алғы шартар болды. В.Ленин оның теориялық негізін жасап, авторитарлы қоғамды қалыптастырып кетті. И.Сталин билігі кезінде тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе толық орнады. Тоталитарлық жүйе Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін өмір сүрді. Бұл жүйеге коммунистік партияның басында болған барлық “көсемдер” қызмет етті. /Толығырақ қараңыз: Д.Махат Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: орнауы және кейбір ерекшеліктері //Қазақ тарихы 2004 - №3/



1921-1925 жылдары Қазақстанда Кеңестер жүзеге асырған экономикалық саясат қарама-қайшылықты болды. Төңкерістің алғашқы жылдары ұлттық аймақтарға, алыс аудандарға көмек көрсету жөнінде көп айтылғанмен, орнығып келе жатқан жаңа жүйе бар мүмкіндіктерді Мәскеу қаласы мен Ресейдің егінді аудандарында Кеңес билігін нығайтуға жұмылдырылды. Ұлттық аудандар мемлекеттің шет аймақтары саналды да, орыс емес ұлттардың мұң-мұқтажына сөз жүзінде болмаса, іс жүзінде айтарлықтай көңіл бөлінбеді. 20 жылдары КСРО -–да социализм орнату доктринасын іс жүзіне асыру басталды. Ол негізгі үш бағытты қамтыды: индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріс.

1920 жылы халық шаруашылығының барлық саласын машиналы техникаға енгізудің кешенді бағдарламасын жасау ойластырылды. И.Сталин ВКП (б)-нің 1925 жылы желтоқсан айында өткен 14 съезінде партияның басты бағыты елді индустрияландыру деп жариялады. Шет елдерден алынатын машина және құрал жабдықтар орнына өз өнімдерін шығару, ауыр және жеңіл өнеркәсіп деңгейін көтеру, қала мен ауылда қол еңбегінің орнына технианы пайдалану жайы қарастырыла бастады. Капиталистік елдердің қоршауында отырып, социализмді бір елде жеңіске жеткізу маңызды мақсат болып табылады. Индустрияландыру басталғанда Қазақстандағы барлық өнімнің 84,5% -ы ауылдан алынды, халықтың 90% ауылда тұрды. Одақтың орталық органдары индустрияландыру бағытының басынан-ақ Қазақстандағы өнеркәсіп өндіруді шикізаттық бағыт деп белгіледі. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында табиғи ресурстарды зерттейтін арнайы экспедициялар Қазақстанның барлық аймағында дерлік зерттеулер жүргізді. 1928-1929 жылдары республикада 50 геологиялық барлау партиясы жұмыс жүргізсе, 1931 жылы олардың саны 140-қа жетті.

Қазақстандағы ең ірі құрылыс Түркістан-Сібір темір жолы болды. Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын 1 445 км-ге созылатын темір жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталып, 1930 жылы 30 сәуірде жоспарланған мерзімнен 17 ай бұрын бітті. Бұл кезеңнің ірі құрылыстары: Шымкент қорғасын заводы, Балқаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары, сондай-ақ Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттарының, ¤скемен қорғасын-мырыш заводының, Шымкентте, Ақтөбеде химия өнеркәсібі орталықтарының құрылысы басталды. Электр қуатын өндіру ұлғайтылды: Қарағанды ЦЭС-і, Ульба ГЭС-і, Балқаш мыс қорыту ТЭЦ-і-осы кезеңнің екпінді құрылыстары саналды. Эмбі мұнай ауданы өркендеді. Қазақстан түсті металл өндіру саласы бойынша Одақтағы екінші орынды, мұнай өндіруде үшінші орынды иеленді. Қарағанды Одақтағы үшінші көмір базасын айналды. Индустрияландыру жылдары тамақ өнеркәсібі орталықтары ашылды: Семей еткомбинаты, Гурьев балық консервілеу зауыты, Алматы жеміс консервілеу заводы, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауытта. Индустрияландыру өз нәтижелерін де бере бастады. Бірқатар елді мекендер қала деңгейіне көтерілді. Олар: Қарағанды, Риддер, Балқаш және басқа. 1926 жылы Қазақстанда 44 қала және қала түріндегі елді мекендер болса, 1939 жылы олардың саны 81 –ге жетті. Соған сәйкес халық саны да 8,2-ден 27,7%-ға өсті.

Индустрияландырудың келеңсіз жақтары да кездесті. Индустрияландыру өте үлкен қаражатты қажет етті. Қазақстан одақтағы шикізат өндіруге бағытталған республика болды. Дайын өнім шығару жағы ескерілмеді. Қазақстанға миграциялық тасқын ұлғайды. Қазақстан халқының саны миграциялық процесс салдарынан 1,8 млн. адамға өсті. 20-30 жылдардағы аштық салдарынан жергілікті халық 1939 жылы 38 % - ға дейін кеміді. Қазақстандағы индустрияландыру туралы өзінің ұтымды пікірлерін ортаға салған Смағұл Сәдуақасовтың “Большевик” журналындағы “Ұлттар және ұлт адамдары” мақаласындағы ой-пікірлері ескерусіз қалдырылды. Смағұл Сәдуақасов бағытын, бірінші хатшы Ф.Голощекин және оның төңірегіндегі партия функционерлері сынға алып, Сәдуақасовтың өзі қуғын-сүргінге ұшыратты.

1927 жылы желтоқсанда өткен ВКП (б)-ның ХУ съезді ұжымдастыру бағытын ұсынды. Партия шешімі бойынша өте қысқа мерзім ішінде, 1932 жылдың көктеміне дейін елдің ауыл шаруашылығы ұжымдасқан колхоздарға айналуы тиіс болды. Ұжымдастыру барысында жергілікті халық ерекшеліктері ескерілмей, күштеу әдістері қолданылды. 1928 жылы Қазақстанда ұжымдасқан шаруашылық саны 2% ғана болса, 1930 жылдың 1 сәуірінде 50,5%-ды, 1931 жылдың қазанында 65%-ды құрады. Орал, Петропавл округтерінде шаруашылықтың 70%-ға жуығын қамтыды. Ұжымдастыру шаралары бай-құлақтарды тап ретінде жоюмен қатар жүргізілді. 1928 жылы 27 қыркүйекте ОАК мен ХКК-нің “Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу” жөнінде декрет қабылдады.

Қазақстандағы ұжымдастыру 4 кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс болды: 1) 1929 ж. мамыр – 1930 ж. наурыз ұжымдастыруды жеделдете жүргізу; 2) 1930 ж. наурыз – 1932 ж. тамыз ұжымдасқан шаруашылықтарға әр түрлі тәжірибелік шаралар жасауды аяқтау; 3) 1932 ж. қыркүйек – 1934 ж. қараша шаруашылықта ТОЗ-ын пайдалану; 4) 1934 ж. желтоқсан – 1938 ж. желтоқсан ТОЗ-ын қайта құру, ауыл шаруашылық артелдеріне айналдыру.

Кеңес үкіметі мәдениет саласында да стратегиялық бағытты белгіледі. Олар: атеизм, жаңа элитаны қалыптастыру, дәстүрлі дамудан бас тарту бағыты болды. Жаңа мемлекет пен партиялық аппарат бұл бағытты жүзеге асыру үшін рухани мәдени саланы, оқу-ағарту саласын реформалауды қажет деп тапты, науқаншыл шаралар жүргізді.

ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңына қарай КСРО-да тоталитарлық жүйе орнықты. Ол билік басындағылардың озбыр саясатынан көрінді, 1929 ж. 6 қарашада Бүкіл Одақтық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің шешімімен еңбекпен түзеу лагерлері құрылды. 1940 жылы ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь болса, 1954 жылы 64-ке жетті. Тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтыды. Жоғарыда аталған тоталитаризмнің негізгі белгілерінің бәрі дерлік Қазақстанның қоғамдық – саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени өмірін қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет