2. Түркі тілдерінің жүйелік ерекшеліктері
Дүние жүзі тілдерінің ішінде түркі тілдерінің орны ерекше екендігі жөнінде көптеген танымал тұлғалар айтқаны белгілі. Солардың ішінде Н.Трубецкойдың мына сөзін келтіруге болады: «Алтай типті таза жалғамалы (агглютинативті) тілдерде фонемалар үнемді қолданылады, сөз түбірлері өзгермейді және міндетті түрде сөз басында орналасатындықтан, айқын бөлініп тұрады, негізінен бір мағыналы болып келетін жұрнақтары мен жалғаулары тұрақты орындарда жұмсалатындықтан, оларды, флективті тілдермен салыстырғанда, техникалық жағынан анағұрлым жетілген құрал деп санауға болады».Начало формы
Конец формы
Түркі тілдерінің санын әр зерттеуші әртүрлі анықтайды. КСРО ҒА 1966 ж. шығарылған ұжымдық монографияда 23 тірі тіл; А.А.Реформатскийдіңоқу құралында 25 тірі және 7 өлі тіл; Н.А.Баскаковтыңмонографиясында 27 тірі және 12 өлі тіл көрсетілген. 1997 жылы Ресей Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында «Языки мира» сериясымен шығарылған «Тюркские языки» атты монографияда 39 тірі, 15 өлі түркі тілі аталған.
Ғалымдар құрып бара жатқан тілдер қатарына мына тілдерді жатқызып жүр: долган, кумандин, тофалар, тубалар, тува-тоджы, челкан, чулым, шор.
Шетел зерттеушілеріЛ.Уальд пенЕ.Слэйв түркі тобындағы тілдерді шығыс және батыс тілдері деп екі бұтаққа бөледі:
Ататүркі негіз-тіл
/ \
Б атыс-түркі бұтағыШығыс түркі бұтағы
бұлғароғызқыпшаққарлұқ (тува-хакас якут)
«Тілдер атласының» авторы («Introduction to Altaic Linguistics») Николас Поп түркі тобын 5 топшаға бөледі:
Якут (саха);
Солтүстік-шығыснемесетува-хакас топшасы: тува, қарағас, хакас, ұйғыр-урян, шор, чулым, туба;
Солтүстік-батыснемесе қыпшақ топшасы: алтай, башқұрт, қарақалпақ, қабардин-балқар, қарайым, қазақ, қырғыз, құмық, ноғай, Еділ, Сібір, Қырым, Добруджы аймақтарындағы татар тілі;
Достарыңызбен бөлісу: |