1-СОӨЖ тақырыбы:
1.Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
2. Түркі тілдерінің жіктелуі
Тапсырмалар: реферат дайындау
Есеп беру түрі: реферат қорғау.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Қыпшақ тобы
2. Фонетикалық ерекшеліктері
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992
2. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М., 1986
3. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971
4. Қайдаров Ә., М.Оразов. Түркология кіріспе. Алматы., 1985
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы., 1994
6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999
7. Өмірәлиев Қ. Көне түркі әдеби ескерткіштері туралы зерттеулер. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2010
8. Наджип Э.Н. Историко-сравнительный словарь тюркских языков. Книга 1. – М.: Наука, 1979.
Екінші апта
№2 дәрістің тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясы
Қарастырылатын мәселелер:
1.Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында мәлімет
2. Батыс ғұн тілі: бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлық тобы.
3. Шығыс ғұн тілі: ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы
2. Түркі тілдерінің жүйелік ерекшеліктері
3. Түркі тілдерінің Қыпшақ тобына жататын тілдердің жүйелік ерекшеліктері (фонетикалық, морфологиялық және ішінара лексикалық жүйелер бойынша)
Терминдер мен анықтамалар.
Тілдік норма – ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті, бәрі де қолданылатын тілдік амалдардың (сөз қолдану, сөйлем құрау т.б.) жиынтығы. Тілдік норма негізінен әдеби тілдің барысында жүйеге түседі, орнығып сіңісті болады. Тілді нормалау – тіл мәдениетін арттырудың шарасы.
Дәріс тезистері.
Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселелердің бірі – түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықтарды анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингвистер үшін ғана емес, сондай – ақ, әдебиетшілер, тарихшылар, этногрофтер үшін де өте маңызды мәселе.
Классификация - тілдерді ортақ белгілері бойынша топтастыру.
Түркі тілдерінің классификациялау – шешімі қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. Сондықтан да түркі тілдерінің классификация лау осы түркі тілдерінің тарихымен тығыз байланысты.
А.Н.Самойлович (1880-1938) – белгілі орыс кеңес түркітанушысы. 1922 жылы Петроградтағы Шығыс тілдері институтын бітірген. 1925 жылдан КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1929 жылдан академигі, 1934 жылдан КСРО Ғылым академиясы жанындағы Шығыстану институтының директоры. А. Н. Самойлович өз дәуірінің талантты, білгір түркітанушыларының бірі блып есептеледі. Ол түркі тілдері бойынша 300-ге жуық ғылыми мақала жазған адам. Ол түркі тілдерін 6-топқа бөліп қарастырды.
1. Бұлғар не чуваш тобы
2. Ұйғыр не солтүстік-шығыс тобы
3. Қыпшақ не слтүстік-батыс тобы
4. Шағатай не оңтүстік-шығыс тобы.
5. Қыпшақ-түркімен не орта тобы.
6. Түркімен не оңтүстік-батыс тобы.
А. Н. Самойловичтің бұл классификациясында көптеген бөлулердің бүгінгі көзқараспен ұштасып жатқандығы байқалады.
Әрине, кез келген дауыссыз мұндай позицияда қолданыла алмайды. А.М.Шербак «сына» ретінде қолданылатын дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді.р, ш, с, й не сына дыбыстардың қолданылуы көне түркі тілдерінде кездеседі.Осы тілде жіңішке дауыстыдан басталған сөздердің құрамында жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы айтылған. Қазіргі тілдердің ішінде бұл жүйені одан гөрі дамытқан тіл – қарашай тілі. Көне түркі сілінде й сынасының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа ( бірсыпыра алтай тілінде умутқа, умуқта), йыра (қашу, ыра қашу). Қарашай тілінде :йешік (елік), йер (әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шенінде ерін дауыстылардың алдыңда да айтылады: сйоз;гагауз тілінде : йем (ем, емшек ем),йең ( ең, ең алды), Қақақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы е, о, ө дыбысының алдынан естіледі. Исына дыбысы басқа түркі тілдерде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тіліндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуын айту керек.Мысалы: түркі тілінде йазмайыныз ( жазбаңыз) йаз – ма- й- ының, бабайы ( әкесі –баба-й-ы ) т.б. Бұған қоса, осы тілдерде осы шақ есімше тұлғасы – йор түрінде й – мен айтылатындығын қосу керек. Осындай із ескі түркі (орта ғасыр) тілінде болған сайрайур (саиранды) – сайра – й – ур, сөйлейур (сөйлейді) – сөйлей- үр т.б. р, ш, дыбыстарының сына ретінде қолданылуы. Көбіне топтау сан есімнің құрамында, түбір мен қосымша шегінде екі дауыстының арасында (дауыстыға аяқталған түбір мен дауыстыдан байланысатын қосымша арасында ) болады: орта түркі тілдерде іккірер ( екуден), алтырар ( алтаудан), татар тілінде – ікішер ( екуден) Ұйғыр тілінде –р дыбысы дауыстыға аяқталған сөзге тәуелдік жалғау жағынан айтылады: тихо –р – ум (тауығым), дүниуы ( дүниесі). С дыбысының сына ретінде қолданылуы түбір мен жалғаудың арасы. Бұл көбінесе, қазақ тіліндегі сияқты, тәуелдіктің III жағынан кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |