сипаттамасы. Ауызекі, жазбаша сөйлеудің және қарым-қатынастың
тілдік құралдарының ауытқуларын жіктеу.
4-тақырып. Дамудың ауытқулары: көру және есту.
Психологиялық аспект
Көрудің ауытқулары: зағиптар,
көздері көрмей қалғандар,
көздері нашар көретіндер. Ауытқу түрлері. Көру ауытқуларының
патогенетикалық негіздері. Зағип балаларды сипаттау. Көздері нашар
көретін балаларды сипаттау.
Естудің ауытқулары: саңыраулар, керең болып қалғандар, есту
қабілеттері нашар адамдар. Есту ауытқуларының түрлері. Есту
ауытқуларының патогенетикалық негіздері.
Есту ауытқулары бар
балаларды сипаттау. Есту ауытқуларын жіктеу.
5-тақырып. Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен
баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект
«Ақыл-ой кемістігі» ұғымы. Даму ауытқуының патогенетикалық
негізі. Ақыл-ой кемістігінің түрлері: деменция және олигофрения.
Олигофренияның көріну деңгейлері: дебилділік, имбецилділік,
идиотия. Ақыл-ойы кем балаларды сипаттау. Олигфренияның
формаларын жіктеу.
«Психикалық дамудың бөгелуі» ұғымы.
Психикалық дамуы
баяулаған балаларды сипаттау. БПД жіктеу. Психикалық дамудың
бөгелуі мен ақыл-ой кемістігі арасындағы ұқсастық және
айырмашылық.
6-тақырып.
Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу
аппаратының бұзылуы. Психологиялық аспект
Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. Бала ми жұлын
параличі (БЦП). Бала ми жұлын параличінің патогенетикалық
негіздері. Ми жұлын параличі бар балаларды сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: