Бағдарламасындағы ait/abt 4339 «Әскери информациялық технология»



бет8/40
Дата23.11.2023
өлшемі0.9 Mb.
#484208
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Ә инфо Тех ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

2. Мақсаты мен міндеттері: Қашықтан білім беру деген термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін жүзеге асыру
3. Лекция мазмұны
Қашықтан білім беру деген термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,
істеп жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің мәнін тереңірек ашар болсақ қашықтан білім беру ісі оныжүзеге асыру бағытындағы әдістер мен тәсілдерді жете меңгеруге талпынғаннан көрі осындаймүмкіндіктер болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін түсінуден тұратынын байқауға болады.1995 жылы Ресейдің жоғары оқу орындары жөніндегі мемлекеттік комитетінде зерттеліп бекітілген оқытудың бірегей жүйесін құру туралы негізгі концепция бойынша қашықтан білім беру дегеніміз - белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны деп атауға болады. Қашықтан оқыту үздіксіз білім беру тәсілінің бірі болып саналады. Ол білім жетілдіруге арналған ақпараттармен қамтамасыз ету тұрғысынан алынғанда әрбір адамның білім алып, керекті мәліметтерден хабардар болуы жөніндегі құқын орындайтын негізгі мүмкіндік рөлін атқарады. Білім беруді оқу жүйесіне берілген анықтаманың ішінде А.А. Андреевтің еңбегінде
атап өтілген халықаралық экономика және құқық инстуты ұсынған нұсқасы көңіл аударуға тұрарлық деп айтуға болады. Онда қашықтан білім беру оқытудың қоғамдағы интегралдық түрлерінің қатарына жатқызылған. Білім берудің бұл тәсілі ақпараттық технологияларды және оқу материалдарын шәкірттер санасынан ұғынықты етіп жеткізіп, оларға оқу бағдарламасын өз беттерімен оқып үйренуге, оқушылармен оқытушыларды өзара сұхбаттасу арқылы пікір алмасуына және оларды техникалық құралдарды кеңінен қолдана білуге машықтандыруға бағытталған. Оған қоса оқу процесі уақыттан тәуелсіз «кез келген шақта», нақты білім беру мекемесіне орналасуына қарамастан жүргізіле береді. Осындай ерекшеліктеріне қарай қашықтан білім берудің бірегей жүйесін құру мен оны дамыту бағытындағы басты мақсаты мектеп оқушыларына, студенттерге азаматтық және әскери мамандық иелеріне өз еліміздегі және шетелдердегі шәкірттерге олардың қалаулары бойынша кез келген оқу орнынан білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Ол білім берудің дәстүрлі түрлеріне, қарағанда, оқуға жұмсалатын шығын мөлшерін 2 - 3 есеге қысқарту есебінен халықтың осы жаңа тәсілімен оқуына кеңінен жол аша отырып, оқыту сапасын анағұрлым жақсарта түсуді де қамтамаыз ете алады. Дүниежүзіндегі қашықтан білім берудің өркен жаюы. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде шетелдердегі білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр.
Яғни оқытушы әрбір студентпен жеке – жеке сөйлесіп, сабақтың қоспаларында жазылған
материалдарды түсіндіреді. Осыған орай, ДТО тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы
оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүзінде жұмыс істей білуі шарт. ҚО тәсілімен оқытатын оқытушылар және осы істе басқа да мүдделі адамдарға мына төмендегідей міндеттер жүктеледі: - оқытушының компьютерлік сауатты жоғары болуын қамтамасыз ету;
- қашықтан оқытудағы алда тұрған мақсаттар мен міндеттер, оның алдағы уақытта ақпараттық
технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы түсіндіруі:
- қашықтан оқыту технологиясымен таныстыруы;
- оқытушының ақпараттық құралдарымен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы;
- оқытушының осы курс бойынша ақпараттық құралдарымен жұмыс істеуге дағдылануы,
оның консультациялық кеңес берудегі, оқушыларымен сұхбат өткізудегі ақпарат берудегі,
яғни оқу процесін тіркеудегі мүмкіндіктері;
- оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру,
атап айтқанда тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға (жүйедегі мәліметтер базасын) дағдылануын қалыптастыруы;
- жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндауы;
- оқу процесін ҚО шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау оқытушының ролін тек
білімге «түсініктеме беруші» деп қарастырмай, ашық, икемді де бейімді болып келетін
қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу процесіндегі үйлестіруші деп қабылдау.
Қашықтан оқыту ісін Қазақстанда ұйымдастыру негіздері. Қашықтан оқыту жүйесін (ҚО)
техникалық тұрғыда қазіргі замандағы телекоммуникациялық жүйелермен техникалық
құралдарды пайдалану тұрғысында және әкімшілік-ұйымдастырушылық тұрғыда ҚО – дың мемлекеттік (респбуликалық) орталығын, аймақтық – салалық және ақпараттық орталықтарын құру және осындай орталық басқа оқу орындарында да құру тұрғысынан алып қарағанда, қашықтан оқыту жүйесі көп деңгейлі болып келеді.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жүйесі ұйымдастырылып, сол
жұмыстарды жүргізудің әдістемелік (методологиялық) негіздері жаңа ғана қалыптасып келеді. Білім және Ғылым Министрлігі Алматының кейбір жоғары оқу орындарында
қашықтан оқыту түрін жүргізу мақсатында эксперименттер өткізіп жатыр. Қазақ ұлттық
техникалық университетінде мұнайшы инженерлерді даярлауда барлық пәндерден
электрондық оқулықтар жасалып, олар Алматы мен мұнайлы өңір арасында қашықтан оқытуісін жүзеге асыруда. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінде шет тілдерді игеру үшін электрондық оқулықтар жасалып компьютерлік кітапхана іске қосылған. Соңында, қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі алдындағы жауапты міндет. Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім берудің қамтитын, қашықтан білім беру жүйесін дұрыс түсінсек, оның бағытын дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп сенеміз. Қашықтан оқыту жүйелері тек білім берудің ұлттық жүйелерінде ғана дамып қана қоймай, кәсіпкерлік саласында дайындық жүргізуге бағыт алған коммерциялық компаниялар тарапынан да қолдау тауып, өрістей түсуде. Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілімен жүргізілетін жоғары білім беру жөніндегі бағдарламалардың төрттен бір бөлігі кәсіпкерлік саласын қамтиды. Осындай бағдарламалардың ішінде бакалавр, магистр дәрежелерін алу жолындағы мамандарды дайындау туралы бағдарламалар саны басымырақ. Бұл күндері NTU және EuroPace корпорацияларын есептемегеннің өзінде де тек IBM фирмасының ішкі спутниктік қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру электрондық жүйелері жоғары білім беру ісіндегі аса маңызды бөлім болып табылады. Жекеше корпоративті компаниялар білім беру желілерін қашықтан оқыту ісіне кең пайдаланып келеді, олардың қатарында General Motors, J.C. Penney, Ford, Walmart, Federal Exprass және басқалары бар. Осы оқыту жүйелері университеттерде құрылған қашықтан оқыту жүйелерінен саны жағынан да, күрделілік пен кең таралуы жағынан да анағұрлым артық болып саналады.
Қазіргі заманғы техникалық құралдардың көмегімен білім беру ақпараттық
технологияларды игерудің көп тараған тәсілдерінің бірінен саналады. Осының дәстүрлі
тәсілдерден айырмашылығы қандай? Егер терең білім алу – ең басты бағыт дейтін болсақ, онда қашықтан оқыту жоғары технологияларды қолданып оқытудағы аспаптық құралдардың ішіндегі ең күшті компоненті бола алады. Жалпы қашықтан оқыту деген сөзге әлі онша көп мән берілмей келеді. Оның басты себебі бұл топ оқытудың өте көп салаларында пайдаланып, оның тек бір саладағы орнына онша көп маңыз берілмейді. Дәстүрлі түрде бұрыннан қолданылып келе жатқан
аудиторияларда өткізілетін сабақтар оқытушының басқаруымен өткізілетін болса, қазіргі
кезде оның орнына компьютерлендірілген электрондық оқу құралдарын пайдалану әдістері кеңінен қолданылып келеді. (Computer-Based Training). Қазіргі кезде оқу материалдарын сыныптағы жергілікті компьютер желілері арқылы немесе Интернет жүйелері бойынша алуға болады. Интерактивті түрде компьютерде оқытудың саналуан түрлері бар, оның бұрынғыға қарағанда мүмкіндіктері де өте мол. Осындай мүмкіндіктер қатарында оқу курсын виртуалды аудитория (Web) көмегіне сүйене отырып, дыбыспен оқыту бөлмелерінде өзіңе ұнайтын мұғалімнің дәрісін тыңдай отырып жүргізуге болады. Оған қоса бір бірінен қашықта орналасқан оқытушы мен оқушы арасында компьютер арқылы сұхбат жүргізу арқылы, электрондық пошта байланысын пайдалана отырып, алыстан пікірталас өткізіп, аудиобайланыс, теледидар арқылы көрсетілімдік конференцияларға қатысу көмегімен білім алу жолдарын кеңейтуге мүмкіндіктер ашылды. Интерактивті зертханалардағы эмуляторлармен жұмыс істеу, нақты уақыт аралығында оқу курсының материалдарын жаңарту жолымен білім алу, т.с.с. мүмкіндіктері бар синхронды және асинхронды категорияларға жіктелетін оқыту түрлері етек алып келеді. Қашықтан оқыту тәсілі екі негізгі топқа бөлінеді. Оның алғашқы синхронды тәсілі бойынша оқытушылар мен студенттер белгілі бір уақытта арнайы бір аудиторияларда отырып, түрлі аспаптық әдістермен алыстан ақпараттар алуды, бір бірімен сұхбаттасуды, сұрақтарға жауап беруді жүзеге асырады. Ал асинхронды тәсіл бойынша студент өзінің оқу уақытын, мерзімін, жиілігін өзі белгілеп отырады. Ол мұнда ақпараттар жинақтайтын, оны алыстан жылдам жеткізетін сан алуан компьютерлік және телекоммуникациялық құралдар түрлерімен жұмыс істей алуы тиіс. Студенттер аудиториялық жоспарға немесе бағдарламаға сай өзіне берілген тапсырманы орындап, қашықтан оқытушыға тест тапсырып, оның бағасын алады. Қашықтан оқыту ісі көпшілік арасында кеңінен тарап әйгілі болған сайын, осы істің салыстырмалы түрдегі анағұрлым ыңғайлы тәсілдерінің құндылығы жөніндегі пікірталастар толастамауда. Білім беру ісіндегі жаңа, әрі маңызды болып табылатын ақпараттық және желілік технологияларды пайдалану тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылай отырып, қашықтан оқыту әдісінің болашағы зор екенін тағы да баса айтқымыз келеді. Сондықтан қашықтан оқыту бағдарламаларының дұрыс критерийлерін тауып оларды реттеу қажет деп санаймын. Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде ғылыми – техникалық прогрестің дамуы және оның қоғамға әсер етуі білім беру жүйесіне айтарлықтай құрылымдық өзгерістер әкелді. Шетелдік тәжірибелер мәліметі бойынша (2002ж.) әрбір жұмыс істейтін адам өз тіршілігі үшін ең аз дегенде жоғары білімді қажет етеді екен. Студенттердің мұндай тегін күндізгі бөлімде оқыту ең бай деген мемлекеттің өзінің бюджеті көтермейді. Сол себепті соңғы оң жылдықта дәстүрлі емес технологиялар бойынша оқитындардың саны күндізгі бөлім студеттері санынан артық бола түсуі кездейсоқтық емес. Жоғары және үзіліссіз білім беру қажеттілігінің өсуіне орай интернационалдық білім беру құрылымының әр түрлері мен мақсаттарын құру тенденциялары күшейе түсуде. Білім беруді
интернационализациялау процесі тек мазмұны жағынан ғана емес, оқыту әдістемесі,
ұйымдастыру формасы бойынша дамуда. Сондықтан қазіргі заманғы технологиялық
жетістіктер арасында қашықтан оқыту әдістемесі жетекші орын атқарады. Қазіргі кезде
әлемде телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып қашықтан оқыту жүйесінде айтарлықтай бай тәжірибе жинақталған. Компьютерлік желілер жүйелері мен тікелей теледидарлық хабарламалар жүйесі маңызды орынды алады. Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманға сипаты психолог, педагогтар мен білім
беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті
мамандарды тәрбиелеуді талап етеді:
- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;
- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және
оларды шешу жолдарын іздей алатын;
- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;
- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын.
Жоғарыда келтірілген мәселелерден мынандай тұжырымдар жасауға болады:
1. Оқыту мен білім беруде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны біріктіруге
арналған оқу бағыттарын дамыту;
2. Неғұрлым жақсы технология пайдаланушыларын дайындау кепілі ретінде
оқытушылардың екпінділігін арттыру;
3. Жаңа технологияны қолдануды сапалы түрде талдау;
4. Университеттер арасында және университетке бөлімдермен (гимназия, колледж,
бакалавр т.б) кіреді.
Оқыту тәжірибесінің негігі сипаттамалары жеке қабілеттілікті арттыру, сынмен талдау,
шығармашылық түрде ойлай білу, студенттерге білім алудағы қабілеттіліктерін дамытуға
жәрдемдесіп алуға дайындауға арналуы қажет. Келешекте білім беру мемлекеттік бақылаудан
босап, жеке мекемелер шеңберінде дамитын болады. Бұл оқуға төленетін бағаның арзандап,
сапасын арттыруға және оқытуды түрлендіруге мүмкіндік береді. Яғни, білім беруде
ренессанс болады деп күтілуде. Технологияның дамуы жаңа типтегі (ауқымды, виртуалды,
қашықтан оқыту т.б.) оқу орындарының пайда болуына әкеледі, оқытушылардан оқу
жоспарының сапасы мен студенттер қажеттілігін есепке алуды талап етіледі. Жоғары білімді дамытудың барлық сатыларындағы басты мәселелердің бірі қашықтан оқыту болып табылады. Қашықтан оқыту білім беру процесінде ең алдыңғы қатарлы дәстүрлі
және инновациялық әдістемелер, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқыту құрал жабдықтары қолданылатын технология болып табылады. Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту гуманистік принциптерге сай келеді, жетіспеушілік салдарынан, географиялық, әлеуметтік қорғалмаған, білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі жоқ немесе кәсіби не жеке іспен қолы бос емес болғанына қарамастан ешкім де оқу мүмкіндігінен айырылмайды. Қашықтан оқыту қоғамды ақпараттандыру және білім беру обьективті процесінің жалғасы ретінде басқа оқыту түрлерінің жақсы жерлерін пайдалана отырып, анағұрлым болашағы бар, синтетикалық, гуманистік, интегралды білім алу формасы ретінде XXI ғасырға аяқ басты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет