БАҒдарламасының жарғысы №1 дана №1-басылым Енгізілген күні: 2015 ж. 18 ақпан Астана Мазмұны



бет2/10
Дата24.04.2016
өлшемі3.89 Mb.
#79063
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Белгілер мен қысқартулар





1

ЕҰ

Еншілес ұйым.

2

АТ

Ақпараттық технологиялар.

3

Қоғам

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC» акционерлік қоғамы.

4

Жарғы

«KEGOC» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасы жарғысы.

5

Филиалдар

«KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы», «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдары.

6

Қор

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

7

ARIS

ARIS базасындағы бағдарламалық өнімдер (Architecture of Integrated Information Systems ағылшын тілінен қысқарту).

8

CBTO

Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор (Chief Business Transformation Officer).

9

CHRO

Адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директор (Chief Human Resources Officer).

10

MSPP

Microsoft Project Professional бағдарламасы.

11

MSPS

Microsoft Project Server серверлік қосымшасы.

12

RACI

Жауапкершілік матрицасы (R – Responsible (орындайды), А – Accountable (жауапкершілікте болады), C – Consult before doing (орындағанға дейін кеңес береді), I – Inform after doing (орындалғаннан кейін хабарлайды).

13

OHI

Ұйымның жұмыс істеу қаблетінің индексі (Organization Health Index).




  1. Кіріспе және қолданылу саласы

Осы құжат – «KEGOC» АҚ трансформациялау» бағдарламасы Жарғысы «KEGOC» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) туралы негізгі мәліметтерді қамтиды. Осы құжаттың міндеті барлық қатысушылардың Бағдарлама туралы бірыңғай көзқарасын қалыптастыру.

Бағдарлама Жарғысы Бағдарламаны базалық басшылыққа алатын құжат болып табылады және Бағдарламаның функционалдық және ұйымдастыру шеңберін, жұмыстардың мазмұны мен нәтижелерін, Бағдарламаны басқарудың ұйымдық құрылымын, Бағдарламаға қатысушылардың міндеттерін анықтайды.

Жарғы Қоғам Басқармасы оны бекіткеннен кейін күшіне енеді және Бағдарлама аяқталғанға дейін қолданылады. Бағдарламаға қатысушылар Жарғымен белгіленген қағидалар мен рәсімдерді ұстанады. Осы Жарғымен белгіленген регламенттер Бағдарламаға барлық қатысушылардың орындауы үшін міндетті.



  1. Бағдарламаның мақсаттары

Трансформациялау жөніндегі басшылықта көрсетілген Қордың ұсынымдарына сәйкес келесі мақсаттар Бағдарламаны орындау үшін негіз болып табылады:



  1. бизнес-процестер мен құрылымдарды оңтайландыру, Қор шеңберінде стандарттау, озық іс-тәжірибелерді қолдану, Қоғамның тиімсіз процестерін анықтау мен жою. Операциялық қызмет үшін осы заманғы әдіснамалық базаны құру Қоғамның ықпалдасуы мен басқарылуын (стандарттық процестер, ақпараттық жүйелер, деректер (мәндердің жиынтығы) және бизнес-ролдер) қамтамасыз етеді;

  2. әрбір бизнес-процесте тиімділік көрсеткіштерін енгізу арқылы қызметтің тиімділігін арттыру және операциялық және басқарудың жоғары деңгейінде жүйелі өлшеулерді (есептілікті) жүргізу. Қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне негізделген есептіліктің оңтайлы жүйесін құру;

  3. біртұтас ақпараттық кеңістікті және біріктірілген басқару жүйесін жетілдіру. Озық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, бизнес-процестерді автоматтандыру. Бизнес-процестерге қатысушы - құрылымдық бөлімшелер, филиалдар мен ЕҰ арасында ақпараттық өзара әрекет жасауды қамтамасыз ететін біртұтас қағидаттардың, біртұтас деректердің негізінде және жалпы ережелер бойынша жұмыс істейтін біртұтас тікелей бір-біріне ықпалы бар шешімдерді құру;

  4. ұдайы жақсартылатын, епті, икемді және жаңашыл корпоративтік мәдениетті құру. Трансформациялау процесіне персоналды тарту, өзгерістерге тарту мәдениетін ұштастыру;



  1. Бағдарламаның табыс факторлары

Бағдарламаны іске асырудың келесі табыс факторлары алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі өлшемдері болып табылады:




  • барлық мүдделі тараптардың Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін түсіне білуі;

  • Бағдарламаның бұл АТ жобасы емес - бұл құрамдас бөліктері бар/АТ-ға қолдау көрсететін Қор бастамасы екенін ұғыну;

  • Бағдарламаны Қоғамның және Қордың топ-менеджментінің ашық түрде қолдауы;

  • Бағдарламаны жүзеге асыруға Демеушінің белсенді түрде қатысуы;

  • Бағдарлама командасының Қордың функционалдық құрылымдарымен өзара тығыз әрекет жасауы;

  • Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Команданың құрамында жұмыс істеу үшін жоғары көшбасшылық қасиеті бар негізгі қызметкерлерді бөлу және оларды барынша тарту;

  • Бағдарламаны барлық қажетті ресурстармен және аспаптармен қамтамасыз ету;

  • өзгерістерге барлық бағыттағы қызметтің, құрылымдық бөлімшелердің, филиалдар мен ЕҰ қызметкерлері тобын тарту;

  • ішкі міндеттерді құру және білім берудің тиімділігін қамтамасыз ету;

  • компанияларда трансформациялау бағдарламасын басқару жөніндегі жетекші әлемдік іс-тәжірибелердің салыстырмалы көлемі мен құрамын пайдалану;

  • өзгерістерді іске асыру және басқаруда сыннан өткен әдістерді пайдалану;

  • жұмыстар көлемін басқарудың қатаң ережелері;

  • өзгерістерден экономикалық тиімділікті алудың жолы;

  • серіктестіктер мен мердігерлерді мұқияттылықпен іріктеу және оларды кәсіби басқару;

  • жұмыстағы ашық тәсілдер мен жаңа технологиялар бойынша ашықтық.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет